Кәсіби дайындықтың кәсіби маңызы


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3-4
Негізгі бөлім
І Кәсіби өзіндік анықталу . . . 5
1. 1. Кәсіби өзіндік анықталудағы өзіндік бағалаудың рөлін зертеу . . . 5-8
1. 2. Профиль алды (кәсіпке дейінгі) оқыту сатысындағы оқушылардың кәсіби ниеттерін (ойларын) дамтудың психологиялық құралдары . . . 8-13
1. 3 Әдістемені өткізу процедурасы мен нәтижелер интерпретациясы . . . 14
ІІ Оқу іс-әрекетіндегі кәсіби даярлық . . . 15
2. 1. Кәсіби дайындықтың тиімділігі . . . 15-22
2. 2. «Кәсібилік» түсінігі «біліктілік» түсінігімен тығыз байланысты . . . 22-27
2. 3. Әскери қызметкерлерді арнайы кәсіби - психологиялық дайындау. . 27-29
Қорытынды . . . 30-31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 32-33
Кіріспе
Жеке адаманың көптеген әлеуметтік іс - әрекет түрлерінің ішінде кәсіби іс - әрекет мәселесі және соған байланысты жеке адамның дамуындағы кәсіби өзіндік анықталу сұрақтары маңызды орын алады. Кез келген кәсіби іс- әрекет белгілі бір талаптар, ниеттер негізінде жүзеге асады. Әрбір кәсіби іс - әрекет - жеке адамның қиындықтарды жеңу қабілеттілігін, әрекеттерді орындауға байланысты жеке бастық кәсіби бағдарды, іскерлікті, кәсіби сана қалыптастыруды, білімділікті, шеберлікті талап етеді. Кәсіби іс- әрекеттің тиімді, жемісті нәтижесіне жетуге жеке бастық қасиеттердің дамуы мәнді сипат алады.
Мектеп бітірушілердің болашақ мамандыққа қатысты психологиялық дайындықтары мен кәсіби өзіндік анықталу механизмдеріне өзіндік бағалаулары әсер ете ме? Осы сұрақтар әрқашан да өз маңыздылығын жоймайды. Жоғары сынып оқушыларының мамандықты тавңдауға саналы қатынастарын қалыптастыруда олардың кәсіби қызығулары мен оқушыларында еңбекке доеген шығармашылық қатынасты орнату, оларға дұрыс психологиялық бағдар беру оқушылардың индьивидуалды - психологиялық жеке бастық деген психологиялық дайындықты қалыптасыру және оқушылардң әлеуметтік - психологиялық кемелдену сипатын негіздеу. Осы жағдайларға байланысты жасөспірімдік кезеңді психологиялық зерттеуде бірнеше маңызды кезеңдерді ескеріп зерттеу керек:
- сенімділіктерді (ғылыми, моральдық, эстетикалық, танымды) зерттеу, яғни жеке адамның мотивациялқ сферасын қалптасыру: жеке адамға әсер ететін сыртқы әсерлерді, әрекетті реттеу мен басқарудың ішкі тәсілдерніне айналдыру немесе олардң интериоризациясы;
- жасөспірімдік кезеңдегі негізгі құндылықтарға бағдарлану мен өмірлік болашақтарды анықтау;
- жасөспірімдердегі жеке бастық әлеуметтік - психологиялық кемелденудің қалыптасуын зерттеу;
- жасөспірімдердің танымдық процестерін зерттеу;
- жасөспірімдердің жеке бастық даму ерекешеліктері мен өзіндік және кәсіби өзіндік анықталудағы өзіндік бағалау ерекшеліктерін, кәсіби қызығулары мен мамандық таңдауға байланысты өзін бағалау ерекшеліктерін, кәсіби қызығулары мен мамандық таңдауға байланысты өзін бағалау сипатын зерттеу.
Осы мәселелерді зерттеу мақсатында жасөспірімдік кезеңдегі өзіндік бағалау, өзіндік сана сезімдер, өмірлік анықталу, мамандық таңдау мен кәсіби өзіндік анықталу сұрақтарын теориялық талдау құралады. Жеке адам дамуындағы кіші балалар мен жеткіншектерге қарағанда жасөспірімдік кезеңге аса көп екпін жасалмайды. Психологиялық зерттеулер көпшілігінде кіші сынып оқушыларымен жеткіншіктерге бағытталған. Осы жасқа тән дамудың қайнар көзі болып табылатын ішкі терең қарама - қайшылықтар, дамуға әсер ететін әлеуметтік - экономикалық, психологиялық әсерлер сияқты жағдайлар нақты өз сипатында ашыла бермейді. Л. С. Выготский көрсеткендей әлеуметтік- мәдени қалыптасу процесі. Жасөспірімдердің социализациясы мен өзіндік анықталу процесінде олардың әрекеттерінің сәтті болу субъективті позицияларының қалыптасуынан, өздерінің меншікті белсенділіктерінен байлансыты болады. Осы позиция және онымен байланысты тәжірбие жоғары сынып оқушыларына мақсатты бағытталған, саналы, белсенді және шеберлікпен мамандықты дұрыс таңдауға және соған психолдогиялық дайындықты қалыптасыруға негіз болды. Басқаша айтсақ кәсіби өзіндік анықталуда оқушылардың белсенділігі іс - әрекет субъектісі ретінде қаншалқыты дайын соған байланысты; және бұл белсенділік өзіндік бағдарланған оқушы, өзіндік анықталу субъектісі ретінде болады. Сондықтан кәсіби өзіндік анықталудың алғашқы сатыларын зерттеуде оқушылардың субъективті белсенділіктерінің қалыптасуын бағалауды зерттеу мәнді болып табылады.
І Кәсіби өзіндік анықталу
1. 1. Кәсіби өзіндік анықталудағы өзіндік бағалаудың рөлін зертеу
Мамандықты таңдауды анықтайтын факторлардың ішінде ең маңыздысы сол берілген еңбек түріне түріне айқын қызығушылықтың болуы (Е. А. Климов, С. Н. Чистякова, В. В. Ярошенко) ; алайда оқушылардың субъективті позициясын түсіну үшін, айқын көрнетін қызығушылық факторы жеткіліксіз. Таңдауға деген қанағаттанушылыққы оқушылардың психологиялық дайындығы да есептіліктер, мүмкін деген қиындықтарды, әлеуметтік қысымдарды, амалсыздықты, қолайсыз эмоциялық күйлерді жеңуге ерік күші сапаларын жеткілікті болу.
Кәсіби өзіндік анықталудға кәсіби бейімділік, позициялар, жасөспірімдердің танымдық түсініктері мен белсенді ркеті, қызығулары, таңдаған мамандықтың кейінгі салдарын ұғыну негіз болады. Осы факторларды анықтау үшін эмпирикалық - эксперименттік зерттеу негізінде әсер етуші ішкі және сыртқы жағдайлард анықтау қажет. Осы жоғарыда айтылған тұжырымдардан бөлек жасөспірімдердің іс - әрекетіндегі ұғынымды психикалық өзіндік реттелу жүйлерінінің қалыптасу деңгейлері де негізгі сұрақтардың бірі. Көптеген зерттеулер көрсеткендей іс - әркет процесінде айқын көрінетін жеке бастық сапаларын жиынтығымен байланысты ұғынылған психологиялық өзіндік реттелудің индивидуалды - типологиялық ерекшеліктерімен кәсіби өзіндік анықталу тығыз байланысты.
Атап айтқанд іс - әрекетті орындаудың барлық сатыларында субъект мақсатты бағытталған, жиынтлық, дамыған өзіндік бақылау, адекватты өзіндік бағалау, информацияларды белсенді іздеуде көп күш жұмылдыру қасиеттеріне нақты сенімділік, мақсатқа жетуде көп күш жұмылдыру сияқты сапалары болуы керек. Басқаша айтсақ іс - әркет барсында ылғида сияқты сапалары болуы керек. Басқаша айтсақ іс - әрекет барысында ылғида «тиімді тәуелсіздікті» көрсете білу ептілігі. Сондықтанда жоғары сынып оқушылары мамандық таңдау мен кәсіби өзіндік анықталуда өз таңдауын оқушылары мамандық таңдау мен кәсіби өзіндік анықталуда өз таңдауын ұғынылған сипатта дұрыс жасауы, жеке басның қалыптасқан индивидуалд сапаларына тікелей байланысты. Тиімді тәуелділікке қатысты жеке бастық сапаларын қалыптастыруды ерте жеткіншек жасының басынан бастау керек.
Зерттеу тақырыбының өзектілігін бекіте түсетін тағы бір маңызды мәселе, кәсіби өзіндік анықталуды - болашақтың мүмкін деген бейнесін құру факторы ретінде үсіну. Жасөспірімдердің алдында өмірлік анықталудың сара жолдары ашылады. Көптеген жасөспірімдер амалсыздан кейбір кездейсоқ ситуациялардан тәуелді мамандық таңдайд. өз жолын таңдауда негізгі жауапкершілікті жасөспірімнің өзі алуы керек. Кейбір жасөспірімдер дайын болмағандықтан оғн отбасы, жақын адамдары, ортасы әсер етіп жауапкершілікті басқалар алады. Кәсіби өзіндік анықталу жеке адам үшін маңызды оқиға, барлық өміріне негіз болады. Психологиялық тұрғыдан мамандықты таңдауға бірнеше жіктемелерді екі белгілердің негізінде ұсынтын зерттеулерді басшылыққа алуға болады;
1) барлық мүмкін деген альтернативалар; 2) оларды салыстыру критериялары. Альтернативасы және критериялар бар таңдау болса, оны қарапайым таңдау; альтернативасы бар, бірақ критериясы жоқ, яғни субъект әлі таңдауы керек, оны - мағыналық таңдау; альтернативасы жоқ немесе сол альтернативасы құрастыру керек, ондай таңдауды жеке бастық немесе экзистенциалды таңдаулар деп атйды. Кәсіби өзіндік анқталуға байланысты таңдау - таңдаудың үшінші түріне жатады. Жоғары сынып оқушысы нені таңдау керек, қалай таңдау керек оны толық біле бермейді. Көптеген мамандықтар туралы білімдері көп болса да, кәсіби анықталу үшін оған алтернатива бола бермейді. Жоғары сынып оқушысы тек өмірлік жолына қатысты белгілі бір мағына алған таңдау ғана оған альтернатива бола алады. Ендеше альтернативаларды құру процесі - мәні жағынан субъект үшін солардың мағынасын құру болып табылады. Субъект толық мәнді таңдау жасау үшін альтернативалар жайлы декватты таңдау үшін ойдағы бейнелерді өмірімен байланыстырып, оның болашағын алдын ала болжай алатындай дағдыларды меңгеру керек. Мұндай жағдайда жоғары сынып оқушыларының танымдық сферасы осы күрделі әрекетті шешуге мүмкіндіктері аса жеткілікті емес. Психикалық дамудағы кәмелдену жасөспірімдерде аяқталмайды, әрі жалғаса береді. Сондықтан да кәсіби анықталу кезеңіне жоғары сынып оқушысы толық дайын емес, мағыналы кемелденген таңдау жасай алмайды, себебі оларды оған сәйкес психологиялық функциялар жеткілікті қалыптаспаған. Сонымен қатар жеке бастық, психодинамикалық қажет деген бейімділіктерді ескерту қажет. Жасөспірімдер мамандықты таңдауда мүмкін деген болашақ варианттарды құрайтын танымдық іс - әрекетті құрастыру біздің зерттеудің негізшгі тірегі.
Біздің зерттеудің негізгі тағы бір сұрағы жоғары сынып оқушыларының өзіндік бағалау ерекшеліктерінің кәсіби анықталуға әсерн агнықтау. Жоғар сынып оқушыларының жоғары интелектуалды дамуында өз жетістіктерін объективті және адекватты бағалау ептілігі мен өзара қатынастың күрделунуін бағалау мен өзіндік бағалауына байланысты. Жасөспірімдерде өзіндік бағалау мен өзіндік бағалауларына байланысты. Жасөспірімдерде өзіндік бағалау жеткілікті дәрежеде кемелденген формада боладды, олардың мазсұндарында иерахиясы тұрақтана бастайды, негізгі звено болашққа бағдарлану, өзін реттеу мен өзіндік анықтаудың қажеттіліктері анықталады. В. Ф. Сафин өзіндік бағалауды өзіндік анықталудағы механизмнің бірі деп саналады, оның пікірінше психологиялық тұрғыдан өзіндік анықталған жеке адам - ол не қажет соны анық ұғынған субъект (мақсаттар, өмірлік жоспарлар, идеалдар) және ол өзі нақты бар адам (өзінің жеке бастық және физикалық қасиеттер) ; өзінің қолынан не келеді (өз қабілеттері, бейімділіктері, мүмкіндіктері) ; қоғам, ата - анасы, бірге оқитын құрбылары одан не күтеді, қоғамдық қатынастарда әрекет жасаушы субъект В. Ф. Сафиннің пікірінше өзіндік анықталудың қозғаушы күштері «керек етем» - «қолымнан келеді» - «бар» - «сен міндеттісің» деген қайшылықтар «мен міндеттімін», «солай жасауым керек» дегенге трансформацияланады. Оның пікірінше өзіндік сана сезімдер мен өзіндік бағалаудың өзіндік анықталудағы көріну формасына - мінез құлықты өзіндік реттеудің ішкі шарты болып табылатн когнитивті аспекті жатады.
В. Ф. Сафин жеке адамның өзіндік анықталуына мына компонеттерді жатқызады: (өзіндік анықталудың жеке формалары) 1) рөлік, 2) кәсіби, 3) отбасы - тұрмыстық сферасындағы өзіндік анықталу, 4) әлеуметтік. Ал В. А. Алексеевтің пікірінше жеткіншектер - ол «басқалар үшін жеке адам», ал жасөспірімдер - «өзі үшін жеке адам» (в. А. Алексеев, 1985) . Э. Эриксон айтқандай жасөспірімдердің индивидуалды дамуның басты міндеті - өзіндік анықталу мен индентификацияны қалыптасрыру, бұл кезеңде реалды «мен» және «идеалды «Меннің» арасындағы айырмашылыққа басқа көзқарас туындайды. Жасөспірім өзінің интелектуалды дамуның арқасында өзін және қоршағандарды дұрыс түсініп, өз тәжірибелерін интеграциялайды. «Мен» бейнесі неғұрлым адекватты бола бастайды (Эриксон Э. 1996) . Жоғары сынып оқушыларының өзіндік бағалауларын зерттейтін зертеулер оқу танымдық іс - әрекет пен қарым қатынастың субъектісі ретінде тұлғаның дамуын ғана ғана емес, әрі олардың кәсіби өзіндік анықталуын да қарастырады. Өзіндік сана сезімдердің когнитивті және эмоциялық - бағалау компонентерінің айырықша бірлігі ретінде өзіндік бағалау кәсіби өзіндік анықталудың өзара байланысқан екі деңгейін бейнелейді - гностикалық және кәсіби жоспар (өзіндік анықтаудың екінші деңгейінің көрсеткіші, яғни мінез - құлықтың, практикалық) . өзіндік анықталу іс - рекеттінің реттеушісі және онда бағдарлаушы (өзіне қатысты бағдарлану) жәнедем беруші (белсенді іс - әрекетке оятушы) функцияларды.
Өзіндік бағалаудың жек адамның күрделі шешімдердің қабылдаудаудағы рөлі жайлы зертеулер өзіндік бағалаудың кәсіби таңдау процесіне әсерін анықтады. О. И. Мешковская мамандық таңдаудағы кәсіби таңдау процесіне өзіндік танымды белсендірудің мүмкіндіктерін зерттей отырып, өзіндік бағалауды өзіндік таным сатыларының бірі деп нақтылады. Біз сондай - ақ А. М. Кухарчуктің пікірімен де толық келісеміз - өз мүмкіндіктерін ұғынулары бойынша кәсіби таңдаудағы өзіндік бағалау процесін белсенді іс - әрекетті болжайтын оқушылардың кәсіби өзіндік анықталуына тәрбиелік ықпал қажет. Кәсіби өзіндік анықталу мен өзіндік бағлауды байланыстырып зерттеген зерттеулерде жеке адамның мазмұнды қасиеттерінің ішінен әр түрлі сапалард көрсетеді. Л. Н. Рожина, А. М. Кухарчук және А. Б. Ценципер: таңдаған мамандыққа жарамдылық; О. П. Мешковская: таңдаған мамандыққа сәйкес келетін жеке бастық сапалар - қызығушылық, қабілет, бейімділік; Н. Ф. Гейман: болашақ мамандыққа қызығулар, икемділік, қабілет, мәселен жолдастарымен өзара қатынасқа жағымды қабілеттілік. Әрине жасөспірім мамандықты таңдай отырып өзінің жеке бастық қасиеттерін адекватты бағалай білуі керек, мәселен, адамдарға қатынас, еңбек пәніне, еңбекке қатынас, танымның өзіндік ерекшелігі, өнегелік - ерік, эмоциялық процестері мен қасиетері.
А. М. Кухарчуктің пікірінше кәсіби өзіндік анықталу - мамандықты тәуелсіз таңдау және талдау нәтижесінде ішкі ресурстарды жүзеге асыру.
1. 2 Профиль алды (кәсіпке дейінгі) оқыту сатысындағы оқушылардың кәсіби ниеттерін (ойларын) дамтудың психологиялық құралдары
Бұл мақалада Л. М. Митинаның тұлғаның кәсіби дамуы жайлы тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып, тоғызыншы сынып оқушыларының кәсіби ниеттерін дамытуға қолданылған психологиялық құралдары сипатталады. Қоолданылған әдістердің өнімділігін гимназияда, кәдімгі калалық және ауылдық мектептерде жүргізілген эксперименттік зерттеулерден байқауға болады.
Негізгі сөздер: тұлғалық-кәсіби даму, оқытудың профиль алды сатысы, кәсіби ниет, коуч-практикум (жаттықтыру сабағы) .
Профиль алды оқу сатысындағы жеткіншектермен жұмыс жасайтын педагог-психологтың алдындағы ең негізгі тапсырма окушылардың мамандық таңдауында адекватты пікір қалыптастыру, кәсіби ниеттерін шынайы қолдана алатындай, мағынасын жете түсінетіндей түсінік беру. Көпшілік жарияланған материалдардың көпшiлiгiндe мәселе Е. А. Климовтың мамандық тандаудың оптимальды жағдайын негізге алатын концептуалды ұстанымына негізделеді: 1) өзінің тілегі есебінен («қалаймын») ; 2) өзінің қабілеті мен мүмкіндігі есебінен («қолымнан келеді») ; 3) коғамның қажеттілігі есебінен (еңбек нарығы) осындай немесе басқа да мамандықтар. Е. А. Климовтың классификациясындағы еңбек пәнінің белгілері бар мамандықтар әлемімен танысу (табиғат, техника, адам, ақпарат, көркемдік образ), сонымен қатар жеке кәсәптік жоспар құру қажет.
Бұл келістің маңызды әpi құрамды белгі - оқушылардың еңбек етулері және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық қайта құрылу уақытындағы өзекті екендігін сынап көрулері.
Кәсіби оқытуға негізделген таңдау жасау мәселесі мектеп жеткіншектерінің өзіндік анықтаулары Е. А. Климовтың теориялық бағытымен шектеліп кана қоймайды, сонымен қоса Л. М. Митинаның тұлғаның кәсіби дамуы туралы тұжырымдамасымен толықтырылады. Тұжырымдамада кәсіби еңбектің 2 негізгі моделі көрсетілген: 1) адаптивті (бейімделген) соңғы қорытындыда маманның стагнациясымен келісетін және 2) кәсіби даму моделі - шығармашыл өзіндік жобалаудың үздіксіз процесі, бұл кәсіби шеберлікке қол жеткізуге әкеледі. Moдeлдepдiң негізгі айырмашылығы адамның өзіндік санасының даму деңгейіне және интегралды жекелік мінездемесіне (бағыттылығына, жетік білушілігіне, икемділігіне) байланысты болуында. Бұл мінездемелер мен инварианттар ic-әрекеттің барлық түрінде керекті психологиялық негіз болып табылады. Жеткіншекке мәлімет анағұрлым жақсы жеткізіліп берілсе, соғұрлым кәсіби жолда ең алғашқы кәсіби ниеті (соғұрлым) жаксы жетіледі. Қосалқы кәсіби дамытуға дайындау үрдісі берілген психологиялық базисті қайта құрудан басталады.
Л. М. Митинаның тұжырымдамасы бойынша педагог-психологтың кәсіпалды оқыту сатысы оқушылардың кәсіби ниетінің дамуына ыңғайластырыла құрылған. Бұл тұрғыдан кәсіби ниет кешенді тұлғалың білім беру өзіндік сананың жоғарғы деңгейде дамуына интегралды жекелік мінездемеге - бағыттылық, терең білушілік, икемділік, өзіндік даму жоспарына сәйкес белгілі әрекетке бару керектігін түсіндіреді.
Педагог-психологқа оқушылардың кәсіби ниетін дамыту технологиясын қолданбас бұрын, олардың бастапқы жағдайын біліп алу керек. Бұл үшін арнайы жасалған анкета қолданылады. Анкета көмегімен сұралушылардың сұрақтарды қаншалықты жетік білетіндігін мамандық таңдауы мен мақсатқа жетуде қандай кедергілер бар екендігі анықталады. Барлық жауаптар талданып, 6 кезеңге бөлінеді:
- Алдын ала ойластырылған кезең (өздерінің кәсіби дамуын нақты ойластырмаған, мақсатқа сәйкес мамандық жолын таңдай бастауы) ;
- жиі, бірақ бекер ойланулар кезеңі («жиі ойланатын, бірақ әлі нақты бip таңдау жасай алмаған») ;
- әртүрлі типтегі кәсіби ниеттер кезеңі (әртүрлі типтегі мамандықтар таңдағандар, мыс: бірмезгілде есепші, туристік агент т. б. ) ;
4) біртиптегі кәсіби ниет кезеңі (біртипті мамандық таңдағандар: мысалы, біруақытты есепші мен экономист маманы болу) ;
- нақты, бірақ дәлелсіз кәсіби ойдағы немесе болашаққа жоспары «күңгірт, айқын емес» (мамандық тандағанымен, өз таңдауын жасамаған) ;
- негізделген кәсіби ниеттер кезеңі (мамандық таңдауда дәлелді түрде өзінің түпкі ойын icкe асыруға психологиялық дайындығына қарай әрекет етед) .
Оқушылармен адекватты анықталған (6 кезеңі) педагог-психологтың мақұлданған қолдауымен белгіленеді. Оларға сыныптың авангарды ретінде сыныптастарын жігерлендіру үшін негізделген кәсіби ниетте ic бастауының өзіндік тәжірибесімен бөлісіп, тілектерін айту ұсынылады.
Келесі этап - оқушылардың кәсіби ниеттерін дамыту мақсатында «Бейімділікті қарсы алу» атты коуч практикум өткізу. (Берілген мәтіндегі коучинг - бұл дамытушы, қолдаушы, шабыттандырушы, жеткіншекке ізденіс процесінде көмектесуші, мақсат қою мен оған жетуге ынталандырушы) .
Коучинг-практикумды өткізу алгоритмі келесідей:
- Барлық қатысып отырғандармен сыныптағыларды таныстыру. Психолог-кәсіби кеңесші сыныпты таныстыру барысында өзінде жинақталған жеткіншектерді жалпығы оның жақсылық жақтарын айтады. Бұл психологиялық құрал басқаларды шабыттандырып, жағымды эмоционалдық әрекет жасауға итермелейді. Бұнымен қоса басталған жұмысты ықыласпен істеуге ынталандырады. Қолайлы орта қалыптасқанда коуч-практикумның негізгі схемасын құруға болады.
- Қатысушылармен біріге отырып кәсіби ниеттің даму моделін құру (оқушьшар үшін бұл моделді кәсіби тұлға жетістігі деп атауға болады) . Процедура жетекші сұрақтардың көмегімен іске асады. Бірітіндеп қадамдап жағымды, шабыттандырушы «шырша» бейнесі пайда болады.
- Жеткіншектердің кәсіби жолындағы бағытын таңдаудағы белсенді ойланулары. Ұсынылған әдістемелер арқылы жеке оптималды бағыт таңдай алады. Соңында болашақта өзіндік жетілуге кепілдемелер беріледі.
- Шешілетін мәселе контексінде жеткіншектің игтегралды тұлғалық сипаты ретінде жете білушілік деңгейін көтеру. Стратегиялық хабардарлық негізінде (оқушы кәсіби өзін-өзі дамыту мәселесін тұтастай түсініп, оны шешуде сауаттылықпен қарайды), бұл кезеңдегі маңыздысы тұлғаның жете білушілігіне назар аударылады («Мен» концепциясы, темперамент, тұлғаның психологиялық типі, экстернальдылық-интерналбдылық, мотивация, ерік, икемділік) . Екпін тұлғаның күшті дамыған жақтарына түсіріледі. Орындалған психологиялық тапсырмалардың негізінде өзі туралы түсінік қалыптасады. Барлық коуч-практикумның ету барысында қатысулар өздерін қызықтыратын кәсіптер туралы кәсіби оқу мекемелерінен, жастарға арналған кәсіби журналдардан және т. б. ақпарат көздерінен нақты ақпараттар ала алады. Оптанттар құру, сезіну, даму, бағалау, кәсіби ниеттің өзгеруіне арналған.
- Мүмкін кедергілер мен оны жеңу тәсілдерін талдау. Ішкі және сыртқы кедергілер сонымен қатар, адамның ойын жүзеге асыруға кедергі келтіретін еліктергіштер талқыланады. Жеткіншектердің алдынан кездесетін барлық қиындықтар қарастырылады. Мақсатқа жетудегі бөгеттер талқыланады. Жүргізуші әрбір талқыланған кедергілерді жеңудегі тәсілдерді кеңейтеді.
- Коуч-практикум қатысушылардың психотехнологиямен қамтамасыздандыратын тұлғалық-кәсіби дамуына негізделген психологиялық өзіндік талдауымен аяқталады. Қортындыда біріккен түрде «Біз бес (он) жыл өткен соң» cypeті салынады.
Коуч-практикумда Л. М. Митинаның дайындық, бағалау, әрекет кезеңдерінен тұратын психотехникасы қолданылады.
Коуч-практикумдагы анықталған алты кезеңнің әрқайсында авторлардың (Л. В. Брендакова) бірімен модификацияланған әдістеме қолданылады. Мысалы, жеткіншектердің болашақ кәсіби жолына бағыт беру мақсатында анкета толтыру ұсынылады. Оптанттарға бірізділікпен білім немесе әрекет аумағы, хобби, ұнамды мектептен тыс сабақтар, оптанттың жақсы және өте жақсы үлгірімі бар оңай игерілетін мектеп пәндері, оку немесе еңбек әрекетіндегі нақты жетістік нәтижесі т. б. анықталады. Анкета арқылы кәсіп таңдаудағы қиыншылықтар байқалады.
Коуч-практикумда кәсіби жобаны жүзеге асыру жолдары қарастырылады. Мұндай тапсырманы шешуде гимназиялықтардың өзі қиналады. Жеткіншектер тестілеуден басқа белсенді оқу формасына жататын әртүрлі психологиялы ойындарды жақсы көреді. Коуч-практикумда оқушыларда өтіліп жатқан пәнмен байланыстырылып сабақта колданылады. Бұл сипаттағандарды жүзеге асыру үшін жалпы білім беретін мектеп жағдайында педагог-психолог сынып жетекшісінің қатысуымен сынып сағаттарында өткізгені дұрыс.
Коуч-практикум индивидуалды консультация берумен салыстырғанда жұмыс тұтас сыныппен жыл бойы өткізіледі, жалпы білім беретін мекеменің оқу үрдісіне ыңғайластыру оңай.
«Бейімділікті қарсы алу» коуч-практикумы 19 сабақтан тұрады (бірден төрке дейінгі сабақтар әртүрлі тақырыптар), өткізгеннен дейін, өткізгеннен кейін де ата-аналар жиналысы болады, жасалған жұмыс нәтижесіне байланысты индивидуалды консультация жасалады. Кәсіби бағыт-бағдар жұмысының қорытындысы педагог-психологқа тапсырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz