Клетканың химиялық құрамы туралы түсінік



Негізгі бөлім
Клетканың жалпы құрылысы
Кіріспе
1. Су.
2. Белоктар.
3. Нуклейн қышқылдары.
Қорытынды
Көмірсулар
Қоршаған ортадағы барлық элементтердің іздері тірі жүйеде байқалғанымен тіршілікке қажет элементтердің саны жиырмаға жуық. Клеткадағы олардың концентрациясына сәйкес бұл элементтерді үш категорияға бөледі-негізгі элеметтер, микроэлементтер және ультра-микроэлементтер деп. Түрлі түрдегі элементтердің жалпы жинағы түрліше болды. Кейбір элементтердің универсалдық маңызы болады (сутегі, көміртегі, азот, оттегі, натрий, магний, фосфор, күкірт, кальций, калий және хлор) басқалары бәріне бірдей керек болғанымен түр- лердің көпшілігіне қажет(темір, мыс, марганец, мырыш).
Тірі табиғатқа ғана тән арнаулы элементтер болмайды. Бұл тірі және өлі табиғаттың байланысты екенін және біртұтастығын көрсетеді.Сутегі, көміртегі, оттегі, азот, фосфор, күкірт клетканың органикалық қосылыстарын құрайтын құрылыс бөліктері.Көмірсу мен липидтер сутегінен, көміртегінен және оттегіннен тұрады,белоктар аталған элементтерден басқа азот пен күкірттен, нуклейн қышқылдары азот пен фосфордан тұрады. Сонымен, осы алты элемент тірі материаның басты элементтері. Клеткалар массасының 99% -тің құрайды. Көптеген элементтер әдетте иондар күйінде кездеседі. Мысалы, Na+, Mg2+,PO2-4, SO2-4, CL-, K+, Ca2+, CO2-3, NO-3.
Клеткадағы каттиондар мен аниондардың мөлшері клетканы қоршаған ортадағы олардың мөлшерінен өзге болады. Мысалы, клетка ішінде К+ концентрациясы өте жоғары, ал Na+ төмен. Клетканы қоршаған ортада (қанда, теңіз суында) керісінше, К+өте аз болады, ал Na+ концентрациясы біршама жоғары келеді. Клетка мен қоршаған ортада бейоргани-калық иондардың болуы клетканың дұрыс қызмет істеуіне үлкен маңызы бар. Су мен бейорганикалық заттардан және өте аз концентрацияда кездесетін қосылыстардан басқа клетканың құрамында белоктар, нуклейн қышқылдары, көмірсулар, липидтер болады.
М. Х. Нұрышев.
А. М Нұрышева

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қоршаған ортадағы барлық элементтердің іздері тірі жүйеде
байқалғанымен тіршілікке қажет элементтердің саны жиырмаға жуық. Клеткадағы
олардың концентрациясына сәйкес бұл элементтерді үш категорияға бөледі-
негізгі элеметтер, микроэлементтер және ультра-микроэлементтер деп. Түрлі
түрдегі элементтердің жалпы жинағы түрліше болды. Кейбір элементтердің
универсалдық маңызы болады (сутегі, көміртегі, азот, оттегі, натрий,
магний, фосфор, күкірт, кальций, калий және хлор) басқалары бәріне бірдей
керек болғанымен түр- лердің көпшілігіне қажет(темір, мыс, марганец,
мырыш).
Тірі табиғатқа ғана тән арнаулы элементтер болмайды. Бұл тірі
және өлі табиғаттың байланысты екенін және біртұтастығын көрсетеді.Сутегі,
көміртегі, оттегі, азот, фосфор, күкірт клетканың органикалық қосылыстарын
құрайтын құрылыс бөліктері.Көмірсу мен липидтер сутегінен, көміртегінен
және оттегіннен тұрады,белоктар аталған элементтерден басқа азот пен
күкірттен, нуклейн қышқылдары азот пен фосфордан тұрады. Сонымен, осы алты
элемент тірі материаның басты элементтері. Клеткалар массасының 99% -тің
құрайды. Көптеген элементтер әдетте иондар күйінде кездеседі. Мысалы, Na+,
Mg2+,PO2-4, SO2-4, CL-, K+, Ca2+, CO2-3, NO-3.
Клеткадағы каттиондар мен аниондардың мөлшері клетканы
қоршаған ортадағы олардың мөлшерінен өзге болады. Мысалы, клетка ішінде К+
концентрациясы өте жоғары, ал Na+ төмен. Клетканы қоршаған ортада (қанда,
теңіз суында) керісінше, К+өте аз болады, ал Na+ концентрациясы біршама
жоғары келеді. Клетка мен қоршаған ортада бейоргани-калық иондардың болуы
клетканың дұрыс қызмет істеуіне үлкен маңызы бар. Су мен бейорганикалық
заттардан және өте аз концентрацияда кездесетін қосылыстардан басқа
клетканың құрамында белоктар, нуклейн қышқылдары, көмірсулар, липидтер
болады.
Клетка заттарының ішінде салмағы жағынан су бірінші орында.
Түрлі клетқадағы судың мөлшері түрліше болады. Клеткада судың көп болуы
оның қызметінің дұрыс болуының басты шарты. Мысалы, мидың клеткаларында 80%-
ке жуық су болады, ал май ұлпасының белсенділігі кем клеткаларында 40%-тен
аспайды.Судан айырылған клетканың белсенділігі кемиді. Суының көпшілігінен
айырылған клеткалар барлық тіршілік белгілерінен айырылады. Мұндай хал-
күйді анабиоз деп атайды. Анабиоз күйінде клеткалар ұзақ уақыт болуы
мүмкін. Дымқылданғаннан кейін қайтадан тіршілік күйі қалпына келеді. Су
еріткіш клетка заттардың көпшілігін су ерітіндісі күйінде қабылдайды және
қалдық заттарды клеткадан су ерітіндісі күйінде шығарылады. Клекадағы
реакциялардың көпшілігі су ерітіндісі ретінде ғана жүреді.Су-көптеген
реакцияларға тікелей қатысады.Мысалы, белоктардың, майлардың, көмірсулардың
және басқа заттардың ыдырауы осы заттардың сумен әрекеттесуінің нәтижесінде
жүреді.Мұндай реакцияларды гидролиз реакциясы деп атайды. Организмнің,
ұлпалардың,клеткалардың жылу реттелуін-де су маңызды роль атқарады. Заттар
алмасу реакцияларына да су қажет.Су және оның диссоцациясының өнімдері-
сутегі мен гидроксил иондары-белоктардың, нуклейн қышқыл- дарының,
липидтердің, сол сияқты мембраналар мен басқа клеткалық компоненттердің
биологиялық қасиеттері мен құрылымын анықтаушы маңызды факторлар.
Клеткалардың сыртқы пішіні жағынан түрліше болуы және оның
функциясыда да айырмашылықтың байқалуы белоктарға байланысты. Белоктар-тірі
клетканың негізгі құрамды бөлігі. Белоктардың протеиндері деп те атайды.
Оның бұл аты гректің протос-алғашқы деген ұғымды білдіретін сөзінен шыққан.
Белоктың тіршіліктегі бірінші орындағы маңызын көрсетеді.
Белоктар клетканың басты құрылыс материалы ғана емес, сонымен
бірге клеткада жүретін барлық процестерді реттейді. Коссельдің,
Гофмейстердің және Эмиль Фишердің жұмыстарынан кейін белоктардың
аминқышқылдарынан тұратыны анықталды.
Клеткада белоктардың саны өте көп. Ең кішкене және құрылысы
жабайы бактериядағы түрлі белоктардың саны бір-екі мың, ал адамның
клеткаларында 100-000-ға жетуі мүмкін. Белоктардың малекулалық массасы
бірнеше мыңнан бірнеше миллионға дейін ауытқиды. Табиғи белоктарда жиырма
түрлі аминқышқылдар кездеседі. Клеткаларда басқа органикалық қосылыстарға
қарағанда белоктар көп болады. Клеткалардың жалпы құрғақ массасының 50%-
нен астамы белоктардың үлесіне тиеді. Белоктарда кездесетін
аминқышқылдарының бәрі аминқышқылдар котегориясына жатады. Табиғатта сирек
болса да аминқышқылдарының Д-изомері де кездеседі, бірақ та олар еш уақытта
белоктардың құрамында байқалған жоқ.
Белоктардың екі типі бар,фибриллалық және глобулалық. Ұзын
жіп пішінді макро-малекулалар тобы фибриллалық немесе мембраналық
құрылымдарды құрайды. Глобулалық белоктар клеткаларды құрауда ерекше роль
атқарады.Фибриллалық белоктар әдетте ерімейді. Глобулалық белоктарда
макромалекулалардың топтары көбінесе және немесе жиналып орналасады.
Олардың әрқайсысы құрамында кем дегенде 200 аминқышқылы бар тәртіпсіз
шатасып жатқан жіптерге ұқсайды. Глобулалық белоктардың көпшілігінің
бетінде химиялық белсенді топтар болады. Олар маңызды рөл атқаратын
энзимдер. Протейіндік макромалекулалар липидтермен, көмірсулармен қосылады.
Соны-мен құрылымдық және функционалдық маңызы өте үлкен макромалекулалардың
ком-плекстері қалыптасады.
Гистондар мен протаминдер клеткалық механизмдерде маңызды
рөл атқаратын негізгі протейндер. Суда ерімейтін глобулиндер өте көп. Олар
миозин, тиреоглобулимн, фибрионоген. Глобулиндердің құрамында гликолкол
болады.
Ерімейтін және азды-көпті гидролизденетін
склеропротениендерге коллаген, серицин, жібектің фиброин және элестин
жатады. Белоктармен көмісулардан түзілген заттар гликопротейндердің тобына
кіреді. Мысалы, муцин мен мукополосахаридтер және күрделі белоктар.
Белоктардың алуан түрлі болуы оларға тірі организмде құрылымдық және
метаболизмдік функциялар атқаруға мүмкіншілік береді. Адам организмінде
10000 астам түрлі белоктар бар, олардың бәрі бірдей стандарттық
аминқышқылдарынан құралған. Белоктардағы аминқышқылдарынан құралған.
Белоктардағы аминқышқылдарының кезектесуі оның биологиялық функциясын
анықтайды. Клеткалар мен ұлапларды 170-тен астам түрлі аминқышқылдары
байқалады, бірақта белоктардың құрамында бәрі бірдей кездеспейді. Бұл
аминқышқылдарының көпшілігі белоктарда болатын аминқышқылдарының туындысы
В,Ү және О аминқышқылдары да мәлім. Белоктардың құрамында олардың 26- сы
ғана байқалады, бірақ та 20 аминқышқылы белоктардың әдеттегі компаненттері.
Жануарлар клеткалары аминқышқылдарын синтездей алмайды. Біздің
клекаларымыз өзіне меншікті белоктарды аминқышқылдарынан құрасты-рады.
Белоктар алуан түрлі функциолар атқарады, химиялық
реакциаларды катализатолардың міндетін атқарады, жиырылғыш жүйелердің
құрамына құрылымдық элементтер ретінде кіреді, қоректік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биология сабақтарында цитологиялық білімдерді қолдану әдістемесі
Тірі ағзалар мекен ететін негізгі тіршілік орталары
Клетканың органикалық заттары
Цитология және гистология түсінігі
Клеткаларды сұйық қоректік ортада өсіру
Клетканың зақымдалуы туралы түсінік
Клетка қабығының құрылысы
Цитология лекция тест және бақылау сұрақтары глоссарий оқу құралы
Жасушаның зерттеу әдістері
Тірі жасушаның негізгі құрамдас бөліктеріне сипаттама
Пәндер