Мектепке дейінгі білім беру жүйесі


Лекция тезистері.
1-лекция тақырыбы: Мектепке дейінгі білімнің жалпы мәселелері
Лекция жоспары:
1. Курстың міндеті және мазмұны 2. Мектепке дейінгі білімнің қазіргі стратегиялық басылымдары 3. Білім беру жүйесінің парадигмасы
1. Курстың міндеті және мазмұны
Қазақстан Республикасында білім мазмұнын ізгілендіру тенденцияларын айқындай отырып, соңғы жылдардағы мектепке дейінгі ұйымдардағы білім мазмұнын жүзеге асыру барысына байланысты ғылыми зерттеулерге талдау жасай келе, білім беру құрылымы мен мазмұны жаңаша бағыт ала бастағанадығы байқалады. Ақпараттар ағымы дәуірінде білім мазмұны тез ескіріп, үнемі жаңартуды және оқу материалдарын берудің әдіс-тәсілдерін жаңартуды талап етеді. Бұл білім беру саласындағы шешімін табуда кезек күттірмейтін негізгі мәелелердің бірі. Білім мазмұны оқу материалдарының мазмұнына ғана емес оны балаға жеткізудің тиімді әдіс-тәсілдері мен формаларына және тәрбиелеу мен білім беруде баланың ақыл-ойының дамуына тікелей де жанама да әсер ететіндей сипатының болуымен маңызды болмақ.
Білім беру мазмұнының сипатын жеке тұлға бойында саналы өзгеріс болған жағдайда көруге болады. Жеке тұлғаның өзгеру динамикасы дегеніміз-субьектінің санасы мен қасиетіндегі елеулі өзгерістер. Бұл мәселе тұрғысында В. С. Леднев білім алушылардың бірлескен іс-әрекетінің мазмұнына көңіл аудару теориясын негізге алу керек деп санайды. Білім беру мазмұны шынайы педагогикалық өлшем бойынша, негізінен, нақты оқу процесін игерумен байланысты. Жалпы білім беру мазмұнының жобасын құрастырғанда оның ұстанымдары мен технологияларын меңгерту қажеттілік екенін басшылыққа алған дұрыс. Оның негізгі құрылымдық ұстанымын әртүрлі деңгейде қалыптастыру барысында теориялық мазмұнының негізі болып табылатын пәннің оқу материалдарымен, педагогикалық іс-әрекет, білім алушының тұлға ретінде бейнесімен сәйкес болуы қадағаланады. Жалпы білім беру мазмұнының ізгілендіру ұстанымы ең алдымен, білім алушылардың жалпы адамзаттық мәдениетті белсенді шығармашылық және практикалық тұрғыдан игерулеріне жағдай жасауға тікелей байланысты. Білім мазмұнының негізгі компоненттері жоғарыда айтылған мәдениет түрлерін қалыптастыруға тікелей байланысты. Білім беру мазмұнының тұжырымдамасындағы мақсат ізгілік тұрғысынан ойлануға, әлеуметтік тәжірибенің барлық құрылымдық бөліктерінде педагогикалық бейімделуге сай келеді. Білім алушылардың дүниетанымын қалыптастыруға және қазіргі қоғамдық жағдайды ескере отырып, жеке тұлғаның ізгілік мәдениетінің негізгі компонентін: өмірде өзін-өзі анықтау мәдениеті, экономикалық және еңбек мәдениеті, саяси және құқықтық мәдениеті, интеллектуалдық, адамгершілік, экологиялық, көркемдік және дене мәдениеті, имандылық мәдениеті, отбасы және қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға байланысты. Жалпы білім беру мазмұны оның негізгі компоненттеріне байланысты, яғни жалпы адамзаттық мәдениетпен кіріктіріледі.
Жоғарыда аталған ғалымдар еңбектерін зерделей келе, олар өз еңбектерінде білім беруді ізгілендіру идеясына сәйкес білім мазмұнын анықтаудың мәні «жеке тұлғаға бағытталған»-деп түйіндейді. Осыған орай, білім мазмұны-ол білім алушылардың оқылатын пәндер бойынша меңгерген білім, білік, дағдылары деген тұжырымға тоқталдық.
Аталған пікірге орай балалар тек, білім мазмұнын игеріп қана қоймайды, олардың жеке тұлғалық сапалары: өз ісіне жауапкершілікпен қарау, өз елінің, жерінің тағдыры толғандыру, қоршаған ортаны қорғау, әділетсіздікке төзбеу және қиындықты, кездескен кедергілерді жеңе білуге деген шыдамдылығы қалыптасады. Авторлар білім мазмұнын педагогикалық бейімделген әлеуметтік тәжірибе деп қарастырып, оның құрылымдық ерекшелігін төрт түрлі элементтен тұрады деп есептейді. Олар: - білім - нәтижеге жетудегі танымдық іс-әрекет ретінде қарастырылуы; (табиғат, қоғам, техника, іс-әрекеттің тәсілдері және ойлау туралы) ;
- үлгі бойынша белгілі іс-әрекеттің жүзеге асырылуы (интеллектуалдық және тәжірибелік білік пен дағды) ;
- шығармашылық іс-әрекет - бұл кездескен жағдаяттар мен іс-әрекет барысында дәстүрден тыс шешім қабылдай білуі (экспериментке қатысу, көркемдік және техникалық шығармашылық жұмысқа қатысу) ;
- тұлғалық бағдар негізінде эмоционалдық-құндылық қатынастардың жүзеге асырылуы (қоршаған ортаға, адамдарға, өзіне-өзі, моральдық нормаларға, әлемдік дүниетанымдық көзқарастарға) ;
Білім мазмұнының бұл элементтері бір-бірімен тығыз байланысты қарастырылады. Сондай-ақ, бұл элементтерді меңгеруде жас ұрпақ тек оны орындаушы ретінде ғана қарамай, әлеуметтік тәжірибе тұрғысынан өздігінен әрекет етуге, шығармашылыққа және сол жүйеге өз үлесін қосып ықпал ете білуге тиіс. Осыған орай, енді біз білім мазмұнының құрылымын қарастырып көрейік. Білім мазмұны ол үш біртұтас үдерісті сипаттайды. Біріншіден, өткен аға ұрпақтың тәжірибесін меңгеру, екіншіден, жеке тұлғаның тәрбиесіндегі типтік сапаларды ескеру, үшіншіден, адамның ақыл-ой және дене дамуының ерекшеліктеріне баса назар аудару. Мұндағы жетекші іс-әрекеттің түрі оқыту, білім берудің ең жақын уақыттағы және тікелей қатысты мақсаты-тәжірибені меңгеру. Білім мазмұнының құрылымы, ол қоғам талаптарынан туындап, ғылым мен техниканың дамуына, тарихи кезеңдердегі әлеуметтік экономикалық жағдайларға байланысты анықталады. Дегенмен де, қоғам талаптарының ең басты, маңызды бөлігі, білім мазмұнының философиялық негізі болуында және адамның қоғамдағы орны мен ролі білім беру мақсатымен тығыз байланысты қарастырылуында. Бұл білім беру теориясының тамырын терең философиялық ой түйіндерден алатындығында жатыр. Білім берудің классикалық теориясының дидактикалық көзқарастарында мақсат, міндеттер, білім беру мазмұны, оқулықтың ролі және мұғалім жайында анықтамалар берілген. Мұнда, білім мазмұны білім көздері-деп түсіндіріледі.
Білім беру тарихы қоғамның дамуының нақты дәуірімен тікелей байланысты. Біріншіден, білім беру мақсаты мен міндеттері қоғамның сұраныстарымен анықталады. Екіншіден, қоғамның даму жағдайы білім беру жағдайына да байланысты. Білім беру-елдің әлеуметтік-экономикалық және рухани тұрақты дамуын, тұлға мен қоғамның адамгершілік, интеллектуалдық, эстетикалық, дене жағдайларын үнемі жетілдіруді қамтамасыз ету мақсатында жас ұрпаққа білімді, мәдениетті жеткізу және жетілдіру, сақтауға бағытталған қоғам, мемлекет қызығушылығындағы оқыту мен тәрбиелеу үдерісі. Білім беру мен ғылым интеллектуалдық жетекшілікке ие болуы тиіс. Оқытудың теориясы мен тәжірибесінде оқу-тәрбие үдерісі туралы жиі айтылады. Шындығында білім беру көпқырлы. Ол балалардың дамуы, олардың тәрбиешімен, бір-бірімен, сыртқы әлеммен өзара әрекеті, оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру шарттары, реттеу нормалары, әлеуметтік факторлар және т. б. қамтиды. Осы орайда, зерттеу барысында білім беру үдерісін неғұрлым тиімді құруға мүмкіндік беретін білім мазмұнын жаңартудың әдіснамалық негіздерін қарастыруға баса назар аудардық. Оқыту мен білім беру теориясының әдіснамасы ретінде ғылыми негіздеменің Э. Г. Юдин төрт деңгейін анықтады:
- философиялық-ғылыми таным процедураларын ұйымдастырудың негізгі нормативтерімен байланысты;
- жалпы ғылыми-қолданылатын тұрғылардың мәнін көрсетеді (жүйелілік, әрекеттік, аксиологиялық, герменевтикалық және т. б. )
- нақты ғылыми-аталған әрекет аумағының негізгі қағидалары мен заңдылықтарына бағдарлауды ұйғарады;
- нақты зерттеу деңгейі-танымдық міндеттері адекватты қойылған жеке әдістемені сұрыптау логикасын анықтайды;
Әдіснаманың бұл төрт деңгейі белгілі бір өзара бағынуға тәуелді күрделі жүйені құрайды. Әдіснама әрекетті ұйымдастыру туралы ілім ретінде ғылыми білімге негізделеді.
Әдіснама ғылымда ұзақ уақыт зерттеу әдістері туралы ілім ретінде қарастырылады. Бұндай түсінік зерттеу әдістерінің мүмкіндіктерін талдаумен шектеледі. Педагогикада әдіснамаға кең тараған, тұрақты жалпылауға қарағанда абстракцияның неғұрлым жоғары сатысында тұрған барлық теориялық құрылымдар жатқызылды. Сөйтіп, педагогикада дәстүрлі дидактика, тәрбие теориясы, мектептану т. б. жалпылау деңгейі бойынша барлығын педагогика әдіснамасына жатқыза бастады.
Педагогикада әдіснаманы «Педагогикалық шынайылықты тану мен қайта түрлендіру принциптері, формалары мен процедуралары туралы ілім», кең мағынада әдіснама-нақты ғылымда танымның ғылыми әдістер жиынтығы немесе ғылыми әдіс туралы ілім (В. И. Журавлев) деп түсіндіреді.
Әдіснаманың өзара байланысты иерархиясы бар: ғылым әдіснамасы, педагогика әдіснамасы, дидактика әдіснамасы, білім беру әрекетінің әдіснамасы, білім беру мазмұнының әдіснамасы және т. б. Педагогикалық әдіснаманы зерттеуші ғалым В. В. Краевский: әдіснама құрамына педагогиканың өзінің теориясының проблемасын жатқызады, яғни педагогикалық білім түрлері, оның басқа ғылымдармен байланысы, ең алдымен психологиямен, мектеп тәжірибесінде дидактикалық білімді қолдану мәселелері деп есептейді. Ол бір жағынан әдіснама пәннің өрісін кеңейтсе, екінші жағынан педагогика әдіснамасына берген анықтамасында тарылтады.
«Педагогика әдіснамасы пәні педагогикалық ғылымда педагогикалық шынайылық пен оның көрінісінің арасындағы қатынас» деп тұжырымдайды.
М. А. Данилов ұсынған анықтамада: «Педагогика әдіснамасы педагогикалық теорияның бастапқы ережелері, негіздеу мен құрылым туралы, дамыған қоғам жағдайында үздіксіз өзгеріп тұратын педагогикалық шынайылықты дұрыс көрсететін білімді алу тәсілдері мен принциптері туралы білім жүйесі» деп тұжырымдайды.
В. И. Загвязинский берген анықтама бойынша: «Педагогика әдіснамасы ғылыми-техникалық зерттеудің бастапқы (негізгі) ережелері, құрылымы, функциялары мен әдістері туралы ілім» болып табылады.
Әдіснамаға берілген анықтамаларды талдай келе А. М. Новиков «Әдіснама -әрекетті ұйымдастыру туралы ілім» - дейді. Әрекетті ұйымдастыру-логикалық құрылымның нақты анықталған сипаттамалары мен оны жүзеге асыру процесін тұтас жүйеге келтіруді білдіреді. Логикалық құрылымға субъект, объект, пән, формалар, құралдар, әрекет әдістері, оның нәтижесі сияқты компоненттер жатады. Бұл құрылымға қатысты әрекеттің сыртқы сипаты: ерекшеліктер, қағидалар, шарттар, нормалар.
Заманауи ғылымда әдіснама ғылыми-танымдық әрекет құрылым принциптері, формалары, тәсілдері туралы ілім. Ғылым әдіснамасы зерттеу компоненттеріне сипаттама береді. Оның объектісі, талдау пәні, зерттеу міндеттері, шешуге қажетті зерттеу құралдарының жиынтығы, сонымен қатар зерттеу міндеттерін шешу процесінде қозғалыс бірізділігі туралы түсінік қалыптастырады. Бұдан педагогикадағы әдіснаманы педагогикалық таным мен шынайылықтың қайта түрленуі туралы теориялық ережелер жиынтығы деп қарастыруға болады.
Г. П. Щедриков әдіснаманы әрекетті ұйымдастыру туралы ілім ретінде қарастыра отырып, заманауи үш негізгі функциясын бөліп көрсетті: - философиялық-психологиялық әрекет теориясы;
- зерттеу әдістері жүйесі немесе күрделі жүйелерді жобалау, іздеу, жоспарлау мен проблемаларды жоюға арналған өзгерістерді жүзеге асыру;
- ғылымтану, ғылым теориясы;
Ең алдымен әдіснамаға гнесеология (таным теориясы) мен семиотика (белгілер туралы ғылым) сияқты ғылымтанудың бөлімдерінің қатысы бар. Әдіснама әрекетті ұйымдастыру туралы ілім ретінде қарастырылғандықтан, алдымен әрекет туралы негізгі ұғымдарға тоқталуды жөн көрдік. Әрекет адамның қоршаған шынайылықпен белсенді өзара әрекеті ретінде қарастырылады, белсенді өзара әрекеті барысында адам объектіге мақсатты бағытталған ықпал жасайтын, сөйтіп, өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыратын субъект болады. Фундаменталды білім беру объектісін тану процесі мен оны тану нәтижелері таным субъектісінің даралығына, оның қабілеттеріне, даму деңгейіне, қолданылған таным әдістеріне байланысты. Ғылыми ортада әрекет психологиялық (А. Н. Леонтьев) және әдіснамалық (Г. П. Щедровицкий) тұрғыдан қарастырылады. Г. П. Щедровицкий әрекеттің жүйелі-құрылымдық талдауын жасай келе, әрекеттің құрылым екені туралы қорытынды жасайды. Бұл құрылым ерекше механизмдер көмегімен жүзеге асырылатын, дамудың ерекше заңына енетін түрлі сипаттағы элементтерден тұрады.
Әдіснамалық ғылымдар арнасы аясында философия ғылымы өзіндік ерекшелігімен айқындалады. Себебі, философия қазіргі заманның ең көкейкесті мәселесі-адам, оның қоғамға енуі мен адамзат қоғамының дамуының ізгілікті бағыт алуын қарастыратын іргелі ғылымдардың бірі. Қоғам ілгері басқан сайын қай ғылым саласы болмасын өзінің зерттеу нысаны мен субьектісін жаңаша қарастырумен байланыстырады. Ал бұл, ғылымдардың әдіснамалық негізін білуді және қазіргі дүниежүзілік ғылыми танымның құралдары мен амалдарын жетілдіре түсуді қажетсінеді. Осыған орай, педагогика ғылымының әдіснамасы, біріншіден, жалпы әдіснама ғылымынан туындайды, екіншіден, қоғамдық ғылыми жүйенің даму тенденциясын оқып үйренумен және зерттеумен байланысты, үшіншіден, педагогикалық, тарихи педагогикалық құбылыстардың жағдайларын туралы теориялық қағидалармен, олардың зерттеу әдістерін қарастырады, төртіншіден, жаңадан алынған білімдерді оқу - тәрбие үдерісінде тәжірибеге ендірумен анықталады.
бүгінігі таңда өркениетті елдердің қатарына қосылу бағытында білім беру сипаты мен шарттарына сәйкес білім мазмұнын өзгерту мен жаңартуда бірқатар басты тенденциялар анықталды. Олардың біршамасы қазірдің өзінде Қазақстандағы білім беру аясындағы реформаларға байланысты білім мазмұнын жаңартуда өз орнын алуда. Білім берудің «адамды сақтау» қызметі, яғни бірінші кезекте балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау мен нығайту институты болып қалыптасуы; білім берудің іргелендірілуі, ақпараттандырылуы, экологияландырылуы және білім беру ортасының рөлі арттырылуы қажет деп тұжырым жасаймыз.
Қазақстан Республикасында білім мазмұнын ізгілендіру тенденцияларын айқындай отырып, соңғы жылдардағы мектепке дейінгі ұйымдардағы білім мазмұнын жүзеге асыру барысына байланысты ғылыми зерттеулерге талдау жасай келе, білім беру құрылымы және мазмұны жаңаша бағыт ала бастағанадығы байқалады. Бұл мәселенің түйінін келесі тармақшада әлемдік білім беру мен Қазақстандағы мектепке дейінгі білім мазмұнының дамуы мен қалыптасуын салыстыра қарастыратын боламыз.
Әдіснама ұғымының негізгі мәні туралы мәліметтер бұрыннан ғылыми зерттеу жұмыстарында жетекші орын иеленіп, бүгінгі күнге дейін барлық ғылым саласындағы, соның ішінде педагогикалық зерттеулердегі негізгі маңыздылығын ескеріп, біздің зерттеуіміздің әдіснамалық тұрғыларының мазмұнын аша түсуді жөн көрдік. Ғылыми зерттеу жұмыстарында жетекші орын иеленіп, бүгінгі күнге дейін барлық ғылым саласындағы, соның ішінде педагогикалық зерттеулердегі маңыздылығын ескере отырып, зерттеу жұмысының әдіснамалық негіздерін төмендегідей: жүйелілік, жеке түлгалық, мазмұндық, әлеуметтік, іс-әрекеттік, аксеологиялық және акпараттық тұрғыдан қарастырылды.
2. Мектепке дейінгі білімнің қазіргі стратегиялық басылымдары
1990-1995 жылдарда жүргізетін ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарына сәйкес төмендегідей тақырыптарда:
І. «Қазақ балабақшасында балаларды тәрбиелеу, білім беру мазмұнын жетілдіру»; (Сәтімбекова М. С)
2. «Мектепке дейінгі жаста баланың тілін дамыту әдістемесі» (Баймұратова Б. Б) 3. «Мектепке дейінгі жастағы сауат ашу мәселелері» (Дүкенбаева Г. Х) 4. «Бейнелеу өнеріне баулу дағдыларын қалыптастырудың әдістемесі» (Жұмабекова Ф. Н)
- «Балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыру негіздері» (Бәтібаева С. Г)
- «Көркем әдебиет арқылы балаларды адамгершілікке тәрбиелеу» (Әмірова
Ә. С)
7. «Мектеп жасына дейінгі балаларды отбасында тәрбиелеу мәселелері».
(Өтебаева Г. К)
8. «Шағын құрамды қазақ балабақшаларында тәрбиелеу, білім беру жұмысын
ұйымдастыру ерекшеліктері»; (Дүкенбаева Г. Х т. б. ) зерттеулер жүргізу
ұйғарылды.
Аталған ғылыми тақырыптар мектепке дейінгі ұйымдардағы білім мазмұнын жаңарту мақсатында «Қазақ балабақшаларында оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру тұжырымдамасын» осыған сәйкес лаборатория қызметкерлері ұлттық құндылыққа негізделіп, этнопедагогика материалдары молынан пайдаланылып, эксперименттік «Балбөбек» бағдарламасын, «Бөбектерге байғазы» хрестоматиялық жинақ және оқу-әдістемелік құралдар, дидактикалық материалдар кешенін жасап, эксперименттік балабақшаларда байқаудан өткізді. 1996ж РБК нен басылып, кейіннен аталған еңбектер Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде бекітіліп жаппай тәжірибеге енгізілді. «Балбөбек» бағдарламасы, «Бөбектерге байғазы» жинағы, «Отбасында және балабақшада баланы мектепке дайындау» бағдарламасы, «Отбасында және балабақшада баланы мектепке дайындау бағдарламасының әдістемелік нұсқауы», «Отбасында баланы тәрбиелеу», «Қағазбен жұмыс жасау», «Математикалық қызықты тапсырмалар» т. б еңбектер 2000 жылы Шартарап баспасынан жарық көрді. 2006 ж «Балбөбек» бағдарламасының өңделген, толықтырылған нұсқасы қайта басылымда жарияланды. Жаңадан жасалған бағдарламада көзделген басты мәселе - балабақшада тәрбиелеу мен білім беруді кіріктіре жүргізу яғни бұрынғы дәстүр бойынша жеке пән ретінде өткізілетін тәрбие жұмыстарын кіріктіре жүргізу арқылы апталық жүктемені азайту, балалардың денсаулығын нығайту, өз беттерімен дербес еңбек әрекетін жасай білуге үйрету, шығармашылықпен, ізденіс жасай білуге баулу. Ізгілікке, мейірімділікке тәрбиелеу, еңбекке баулу басты назарда ұстанылды.
Лаборатория бойынша п. ғ. к, доцент Б. Баймұратованың ғылыми жетекшілік жасауымен аспиранттар Ә. С. Әмірова «Мектепке дейінгі ересек балаларды қазақ балалар әдебиеті арқылы адамгершілікке тәрбиелеу» 1994 ж, А. Б. Бақреденова 1995 ж «Орыс тілді қазақ балаларын ана тілінде сөйлеуге үйрету әдістері», «Сәндік-қолданбалы өнер негізінде баланың көркемдік талғамын қалыптастыру» Ф. Н. Жұмабекова 1998ж, С. Ғ. Бәтібаева «Қазастанда қазақ балабақшаларының қалыптасуы мен дамуы» (2004ж), Ш. С. Сапарбаева «Ұлттық салт-дәстүр негізінде балаларды еңбекке тәрбиелеудің ғылыми педагогикалық негіздері», 2005 ж атты тақырыптарда диссертациялық жұмыстарын қорғады. Бұл зерттеулер қазақ балабақшаларында тәрбиелеу мен білім беру үдерісін жетілдіруде маңызды еңбектер болуымен құнды.
Республикадағы мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруді дамыту бағытында 2000 ж Ы. Алтынсарин атындағы білім академиясының жанынан «Мектепке дейінгі тәрбие» институты ашылды. (Директоры п, ғ. д С. Ғ. Ғаббасов, директордың орынбасары және ғалым хатшы Ф. Н. Жұмабекова) . Институт құрамында үш лаборатория: «Мектепке дейінгі тәрбие» (лаборатория меңгерушісі п. ғ. к, доцент Сәтімбекова М. С), «Отбасы лабораториясы» (меңгерушісі п. ғ. к Базарбаева Р. Б), «Мектепалды лабораториясы» (п. ғ. к, доцент Татаурова Н. Л) құрылып жұмыс жасады. Аталған институт өзі жұмыс жасаған кезеңде мектепке дейінгі тәрбие мәселесіне қомақты үлес қосып, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиенің мемлекеттік стандартының жобасы, Балбөбек бағдарламасы мен оқу әдістемелік кешендері т. б жиырмадан астам оқу-әдістемелік құралдар дайындап, отбасы тәрбиесі мәселелесіне байланысты зерттеулер жүргізді.
2005 ж желтоқсан айында Астана қаласынан «Мектепке дейінгі балалық шақ» орталығы құрылды. (Директоры С. М. Бейсенбаева, кейінен Ж. Ғ. Нұрмағамбетова, Б. А. Арзанбаева т. б болды) . Аталған институт және құрылған орталықтардағы зерттеу жұмыстары мектепке дейінгі білім беру мазмұнын әр қырынан қарастырып білім мазмұнын жаңартуға айтарлықтай үлес қосқанымен, білім мазмұнының құрылымын анықтау және оны жүйелеуде теориялық, әдіснамалық, тәжірибелік тұрғыда зерделенуі жеткіліксіз болды. Осы мәселені шешу бағытында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік стандарты қайта дайындалып оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етудің жолдары қарстырылды.
Жоғарыда Қазақстанда мектепке дейінгі ұйымдардағы білім мазмұнының дамуы мен қалыптасуының қазіргі кезеңдегі жай-күйін саралай келе, білім берудің әлеуметтік бақылау қызметін жүзеге асыратын үздіксіз білім берудің алғашқы сатыларының маңызы зор екендігі айқындалды. Бұл кезеңде жеке тұлғаның толыққанды қалыптасуының іргетасы қаланады. Қазақстанда мекепалды дайындыққа арналған арнайы орындар саны 1993 жылдан 1998 жылға дейін 3, 5 есе азайған. Қазір 127 мың 5-6 жасар балалардың 63 пайызы ғана қамтамасыз етілген, 22 мың бала кезекте тұр. Балабақшаларда 1 ден 6 жасқа дейінгі балдырғандардың 19, 1 пайызы ғана қамтылған. Өтпелі кезеңдегі тереңдеген дағдарыс мектепке дейінгі білім беру сапасын нашарлатып жіберді. Мектепке дейінгі ұйымдарды арнайы мамандармен қамтамасыз ету мүмкіндіктері төмендеп кетті. Оның басты себебі, әлеуметтік және экономикалық дағдарыстардың ықпалы болуында.
Қолданысқа енгізілген «Білім туралы» жаңа Заңда әлемнің көптеген елдерімен тығыз байланыс орнатып, саяси экономикалық және ғылыми мәдени қарым қатынастарымызды едәуір тереңдете түстік Қазіргі күн сайын жаңарып жатқан қоғамда өзгелермен иық тірестіріп қатар тұрып, батыспен байыпты сұхбат құрып, шығыспен шынайы қатынас орнатып, түстіктегі жұрттармен тең сөйлесе алатын іргелі ел болуымыз білікті мамандарға тәуелді екендігі мәлім. Ал білікті маман дайындау - білім берудің моделіне, құқықтық базасына тікелей байланысты. Осы орайда, жоғары мектепте тәрбиеші педагог мамандар дайындау мәселесі білім мазмұнын жетілдірудің алғашқы ірге тасы болмақ. Ал бүгінгідей әлемдік қауымдастықтан тәуелсіз Қазақстан тұлғасы биіктеп, ғылыми -техникалық прогресс қарыштап дамыған тұста біздің еліміз үшін сапалы білім, саналы тәрбие мен қатар білікті мамандар даярлау мәселесі заман талабынан туындап отыр. Білім беру саласындағы осы іргелі мемелекеттік саясатта білім беруді бұдан әрі жетілдіру мен дамытудың басты жолы ретінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту - баланың жас шамасын және өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, оның жеке адам ретінде қалыптасуы мен дамуына жағдай жасайтын
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz