Әлеуметтік мобильдік социологиясы


1. Социологиядағы әлеуметтік мобильділікті зерттеу бағыттары.
2. Батыс ғалымдары әлеуметтік мобильділік туралы.
3. ТМД социологтары әлеуметтік мобильділік туралы.
1. Кез-келген әлеуметтік процесті зертеуде түсініктерді анықтау және оны қолданудың маңызы зор. Әлеуметтік мобильділік түсінігін зерттеуде қолданылатын түсініктер әлі де болса жүйелеуде, олардың мазмұнын тексеруді қажет етеді. «Мобильділік» түсінігінің этимологиясы келесі түсініктерде бейнеленген: «қозғалыс», «алға жылжу», «орын ауыстыру».
Әлеуметтік мобильділік социологиялық категория ретінде индивидтің әлеуметтік құрылымдағы өзгерісін белгілейді. «Әлеуметтік мобильділік» түсінігінде стртификациялық құрылым туралы сөз болды, ал әлеуметтік мобильділік ретінде адамның, әлеуметтік топтың бір қабаттан екінші қабатқа орын аустыруы, әлеуметтік баспалдық бойынша жағары не төмен жылжуы есептеледі. Әлеуметтік мобильділік соцологияда функциональдық топқа өтуді білдіреді. Яғни, әлеуметтік мобильділік дегеніміз адамның не әлеуметтік топтың қоғамның әлеуметтік құрылымындағы әлеуметтік жағдайындағы өзгеруіне байланысты жүзеге асатын күрделі әлеуметтік процесс. Бұл категорияның мазмұнына орын ауыстарудың жеделдігі, көлемі, бағыттары, тәсілдері, тенденциялары, әлеуметтік құрылымның қоғамның эканомикалық, саяси, әлеуметтік-мәдени және т. б. өзгерістерімен байланыстылығы мәселелері кіреді.
ІІ. Сорокин әлеуметтік мобильділік туралы.
Әлеуметтік мобильділік түсінігін талдаудың методологиялық негізі П. Сорокиннің әлеуметтік мобильділік теориясы және социологиядағы әлеуметтік- құрылымдық бағыт болып есептеледі.
П. Соркин социологиядағы алғаш рет әлеуметтік мобильділік түсінігінің анықтамасын және оны зерттеу принциптерін негіздеді. Қоғамның әлеуметтік ішкі құрылымын зеріттеу ісінде ол әлеуметтік мобильділіктің өте маңызды екендігін айтады. Бұл проблемаға байланысты П. Соркиннің «Әлеуметтік мобильділік» деген еңбек жазған. Ол әлеуметтік мобильділікті әлеуметтік объектінің бір тұғырдан екіші тұрғыға өтуі, орын ауыстыруы тұрғысынан зерттейді. Әлеуметтік объект ретінде индивид, топ, яғни, адам қызметінің барлық өнімдері көрінеді. Бұндай түсінік индивидтердің орын ауыстыруын кең көлемде түсінілетін мобильділіктің жеке оқиғасы ретінде есептеуге себеп болады. Дегенмен П. Сорокинге сүйенсек, әртүрлі әлеметтік объектілердің мобильділігін ирархияландыруға, оларды шкалада маңыздылық деңгейіне қарай орналастыруға мүмкіндік беретін белгілер жоқ.
«Соцология жүйесі» атты еңбегінде ол орын ауыстыру процесін әлеуметтік қайта топтастыру деп атайды. Әлеуметтік қайта топтастыру дегенде күрделі әлеуметтік агрегаттардың құрлымының өзгеруін ескереміз. Ол мына процестерден көрінеді:
Элементарлық және кумулятивтік топтардың біреуінен екіншісіне осы топтардың көлемінің өзгеруімен бірге жүретін орын ауыстыруы;
Бір әлеуметтік агрегаттағы элементарлық некумулятивтік топтардың біреуінің жойылуы не пайда болуы;
3. Элеметарлық не кумулятивтік сипаттағы топтардың толық жойылуы және оның жаңа гетерогендік топпен ауыстырылуы.
П. Сорокин «мобильділік» түсінігінің көмегімен қоғамның әлеуметтік құрлымының өзгеру процесін толық қамтуға тырысады. Әлеуметтік мобильділіктің жалпы принциптерін такбу үшін ол әртүрлі қоғамдардағы және бір қоғамнің әртүрлі тарихи кезеңіндегі әлеуметтік мобильділігіне салыстырмалы талдау жүргізеді. Өзінің тұжырымдарын дәлелдеу үшін ол жан-жақты статистикалық материалды, тарихи мысалдар келтіреді. П. Сорокин қоғамда әлеуметтік мобильділіктің екі түрі бар екендігін айтады. Бірі-тік мобильділік, екіншісі жоғарыдан төмен қарай түсу, кейде құлдырау. Мобильділіктің екінші түрін П. Сорокин жазықтықта жүзеге асатын мобильділік дейді. Орын ауыстырудың түрлеріне қарай ол әлеуметтік мобильділікті өрлеу не құлдырау бағыттарындағы әлеуметтік мобильділік деп те бөледі.
П. Сорокин әлеуметтік мобильділіктің келесі түрлерін бөліпкөрсетеді:
Тік өрлеу территориялдық
Діни
әлеметтік мобильділік отбасылық
көлденең құлдырау саяси
кәсіби
жеке
топтық
эканомикалық
2. Әлеуметтік мобильділік түсінігін теориялық талдаудың Батыс социологиясында бірнеше бағыттырын бөліп көрсетуге болады:
- Әлеуметтік мобильділікті құрылымдық-функциональдық талдау. П. Сорокиннің, Т. Парсонскийдің, И. Хербердің, Б. Барбердің, М. Болтьенің және т. б. социологтардың еңбектерінде орын алған. Бұл бағыттың өқілдерінде әлеуметтік өкілдерінде әлеуметтік мобильділікті талдау сертификациялыл әдіс пайдалану көп орын алады. Алға жылжуды әлеуметтік мобильділіктің бір түрі ретінде көрсететін талдау Ф. Фюрстенбергтің, Х. Босетскийддің, Г. Циммерманның, Э. Грохлынның еңбектерінде жалғасын тапқан.
- Әлеуметтік мобильділіктің эгалитарық теориялары С. Лепсеттің, Р. Бендикстің және т. б. ғалымдардың еңбектерінде сипатталған. Олар қоғамның индустриалдық дамуының әллеуметтік мобильділік процесіне әсер көрсетеді. Әлеуметтік мобильділіктің әлеуметтік-эвалюциялық теориялары Р. Хаузердің, Ж. Голдтроптың еңбектерінде орын алған.
Батыс социологтары әлеуметтік мобильділікті тар мағанада-иондивидттердің бір әлеуметтік қабаттан екіншісі әлеуметтік қабатқа өтуі бағатында қарастырады.
Б. Барбердің «мобильділік дегеніміз жоғары және төмен топтардың жоғағы не төмен орын ауыстырулары, не салыстырмалы түрде анықталған әлеуметтік ролдерден басқа рольдерге қарай жылжу», -деп есептейді.
К. Больте де мобильділікке осы бағыттағы анықтама береді:”Мобильділік -бір топтан екінші топқа, не бір топтің ішіндегі жыжу ”. Американдық социологияда әлеуметтік мобильділік қоғамның әллеуметтік қөұрлымын зерттеумен тығыз байланыста қарастырылыды. Еңбектегі техналогиялық қайта құрулардың элементтеріне қарай индивидтердің орын ауыстыру процесі қоғамдағы әлеуметтік қабаттардың дамуаның бірден-бір тәсілі ретінде қарастырылады.
Т. Парсонс әлеуметтік мобильділікті бір функциональдық топтан екінші функциональдық топқа өту ретінде қарастыра отырып, құрылымдақ ұйымның 4 деңгейін бөліп көрсетеді: алғашқа; менеджериялдық; институционалдық; социеталдақ. Әр деңгейдің шешуші ерекше белгісі-оның әлеуметтік ролі. Әлеуметтік мобильділік тек жаңа деңгейге өтуге байланысты емес, сонымен бірге әлеуметтік ролдің өзгеруіне алып келеді. “Стратификациялық жүйе ” өзінің тепе-теңдігін және тұрақтылығын сақтауы арқылы жүйе ішіндегі әлеуметтік мобильділіктің қажетті алғы шарты болып табылады. Т. Парсонс бұл жерде сонымен қатар жалпы құрылымдық принцип әрекет етеді, яғни әр жастық топ екіге бөллінеді, олардың бір бөлігі жоғары деңгейге ұмтылады, ал екіншісі бар деңгейіне қанағаттанатынынын атап көрсетеді.
М. Вебер әлеуметтік мобильділіктің жеделдігі таптар арасындағы шекараны орнатудың негізі болып есептеледі. Оның айтуынша таптар осындай қауымдастықтар арасында әлеуметтік мобильділік төмен болған жағдайда ғана қалыптасады.
С. Лепсет пен Г. Зерттерберг әлеуметтік мобильділікті дене еңбегімен айналысатын топтан ой еңбегімен айнылысатын топқа қарай орын ауыстыру ретінде сипаттайды. Олардың ойыншак кең көлемді әлеуметтік мобильділік қоғамның негізгі сипаттамасын көрсетеді. Индустрилдық қоғамның жаңа сапалары әлеуметтік мобильділікотің деңгейін көтереді. С. Лепсет әлеуметтік мобильділікті адамның бойындағы өзгерістермен байланысты зеріттейді. Ол әлеуметтік иерархияның басқа деңгейіне көтерілген адам өзінің достарын өзгертеді, жаңа ұйымдарға қосылады, тұрған жжерін, саяси көзқарасын өзгертеді. С. Лепсет пен Г. Зерттербергтің әлеуметтік мобильділіктуралы концепциясының негізінде қоғамды интегралдық жүйе ретінде түсінетін функционалдық парадигма жатыр. Кез келген қоғом өзінің өмір сүруін сақтап қалуға ұмтылған жерде теңсіздік пайда болады, әртүрлі статустық позициялар қалыптасады. С. Лепсет пен Г. Зерттербергтің айтуларынша, эканомикалық өсуге, өзгерістерге ұмтылған қоғамды әлеуметтік құрылымның және әлеуметтік мобильділікке әсер ететін бірнеше факторларды топтастырып көрсетеді:
- жұмыс орындарының санының өзгеруі. Бұл-эканомиканың динамикалық дамуының салдары. Кәсіпорындар саны өскен сайын қызмет көрсету саласы да жетіле түседі, бұл жаңа мамандықтардың, жұмыс орындарының пайда болуана алып келеді.
- Туу деңгейінің өзгеруі. Индустриалдық қоғамға нуклеарлық отбасына жылжу және бала санының азаюы тән.
- Атадан-балаға мұра болып қалатын статустық позициялардың санының өзгеруі. Қазіргі индустриалық қоғамның көбінде адамның әлеуметтік құрылымының әртүрлі өлшемдеріндегі әлеуметтік позициялардың жиынтығы ретінде көрінетін әлеуметтік статусы мүраға қалмайды, оған бәсеке жағдайында қол жетерді.
- Әртүрлі әлеуметтік топтардың әлеуметтік статустарының өзгеруі. Индустриалдық қоғамда күрделі маманданған, эканомикалық жағынан одан әрі өсуді қамтамасыз ететінеңбектің түрінің беделі жоғары.
- Өмірлік мүмкіндіктердің теңдігін айқындайтын құқықтық және заңдық негіздің өзгеруі. Қазіргі индустриалдық мемлекет халықтың көпшілігінің бақылауындағы құқықтық мемлекетке сүйенеді.
Индустриалдық қоғамның жаңа сапасы әлеуметтік мобильділіктің деңгейін едәуір көтереді. С. Лепсет пен Г. Зеттербергтің айтуынша көлемді мобильділік индустриализация процесін сипаттайды және қазіргі индустриалдық қоғамның негізін бейнелейді. Қазіргі кезде бұл ғалымдардың теориялары сынға ұшырады.
Әлеуметтік мобильділіктің жалпы және ерекше бағыттырын Д. Миллер зерттеген. Ол әлуметтік мобильділіктің түрлерін мобильділктің көлеміне және жұмыстың түрлеріне қарай бөледі және Батыс Европада мобильділіктің дамуының кезеңдерін ұсынады.
Д. Миллер көптеген елдердегі әлеуметтік мобильділіктің дамуына салыстырмалы талдау жасай отырып жүйенің дидимикасы мобильділікпен ғана шектелмейді, екіншіден, мобильділікті зерттеу міндетті түрде өзгерістердің динамикасы арқылы ғана көрсетілуі керек. Д. Миллер мынадай қорытынды жасайды:”Мобильділікті зерттеген ғалымдардың бәрі әлеуметтік мобильділік ретінде қоғамның жалпы өзгергішігін емес, индивиттердің бір әлеуметтік топтан екіншісіне орын ауыстыруы ретінде түсінген ”.
Батыс социологтарында орын ауыстыру процесі қоғамның эканомикалық саяси және әлеуметтік құрылымдарыдағы өзгерістеріне өте сезімтал деген пікір қалыптысқан. Қоғамдағы кез келген өзгеріс әлеуметтік мобильділіктің жеделдігіне, көлеміне, бағытына әсер етеді. Батыс социологтары мобильділіктің саяси мінезбен, кәсіби ролдерді орындаумен, діншілдікпен, демографиялық мінезбен байланысты зерттеуге көп көңіл бөледі.
3. ТМД елдеріндегі әлеуметтік мобильділік мәселесін зеріттеуде үш бағыт айқын көрінуде:
1. Әлеуметтік мобильділік қозғалыс ретінде. (Ю. Вениге, Р. Рывкина, т. б. )
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz