Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу ережесі



1. Жалпы ережелер
2. Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын
әзірлеу тәртібі
3 Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының картасы (ОЖБ картасы)
4 Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының картасынан үзінді көшірме
Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы №1132 «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері», 2005 жылғы 20 шілдедегі №750 «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу ережесiн бекiту туралы» 2005 жылғы 20 шілдедегі №754, «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» қаулыларына сәйкес әзірленген және мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларын әзірлеудің тәртібін белгілейді.
2. Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы (бұдан әрі – ОЖБ) – мүгедекті оңалту шараларының нақты көлемін, түрлері мен мерзімдерін айқындайтын құжат.
ОЖБ организмнiң бұзылған және жоғалтқан функцияларын қалпына келтiруге және (немесе) олардың орнын толтыруға бағытталған медициналық, әлеуметтiк және кәсiптiк оңалту шараларын қамтитын оңалту iс-шаралары кешенiн айқындайды.
ОЖБ жүргізілген сарапшылық-оңалту диагностикасының нәтижесіне және мүгедектің оңалту іс-шараларын жүргізуге мұқтаждығына байланысты әзірленеді.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің
2004 жылғы 7 желтоқсандағы № 286-ө бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Мүгедектерді оңалту жүйесін жетілдіру мақсатында бұйырамын:
1. Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу ережесін бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрінің 2004 жылғы 7 желтоқсандағы №286-ө бұйрығына (Нормативтік
құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3317 тіркелген) мынадай
өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүгедекті оңалтудың жеке
бағдарламасын әзірлеу ережесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда
жазылсын.
2. Әлеуметтік көмек департаменті (Қ.А.Манабаева) осы бұйрықтың
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және
оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ә.Б.Нүсіповаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр Г.ӘБДІҚАЛЫҚОВА.

Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2011 жылғы 21 қаңтардағы
№ 17-ө бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2004 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 286-ө бұйрығымен
бекітілген

Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу
ережесі

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі
Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы, 2002
жылғы 11 шілдедегі Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-
педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы заңдарына, Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы №1132 Қазақстан Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері, 2005 жылғы 20
шілдедегі №750 Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу ережесiн бекiту
туралы 2005 жылғы 20 шілдедегі №754, Мүгедектердi оңалтудың кейбiр
мәселелерi туралы қаулыларына сәйкес әзірленген және мүгедектерді
оңалтудың жеке бағдарламаларын әзірлеудің тәртібін белгілейді.
2. Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы (бұдан әрі – ОЖБ) – мүгедекті
оңалту шараларының нақты көлемін, түрлері мен мерзімдерін айқындайтын
құжат.
ОЖБ организмнiң бұзылған және жоғалтқан функцияларын қалпына келтiруге
және (немесе) олардың орнын толтыруға бағытталған медициналық, әлеуметтiк
және кәсiптiк оңалту шараларын қамтитын оңалту iс-шаралары кешенiн
айқындайды.
ОЖБ жүргізілген сарапшылық-оңалту диагностикасының нәтижесіне және
мүгедектің оңалту іс-шараларын жүргізуге мұқтаждығына байланысты
әзірленеді.

2. Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын
әзірлеу тәртібі

3. ОЖБ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық бөлімшесі
(бұдан әрі – аумақтық бөлімше) медициналық ұйымдардың, жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар органдары мен оңалту іс-шараларын жүзеге асыратын
қызметкерлерін тарта отырып (қажет болған жағдайда) мүгедекті куәландырған
күнінен бастап он жұмыс күні ішінде әзірлейді.
4. ОЖБ мүгедектің (немесе оның заңды өкілінің) өтініші негізінде,
мынадай құжаттардың:
1) жеке басын куәландыратын құжат көшірмесінің, он алты жасқа дейінгі
мүгедек бала үшін – туу туалы куәліктің көшірмесінің және салыстыру үшін
түпнұсқасының;
2) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі және салыстыру үшін
түпнұсқасы не мекенжай анықтамасы не селолық немесе ауылдық әкімдердің
анықтамасы. Адамның түзеу мекемесінде немесе тергеу изоляторында болу
фактісін растайтын анықтама (еркін үлгіде);
3) 088у нысаны немесе медициналық ұйымының дәрігерлік-консультациялық
комиссиясының (бұдан әрі – ДКК) қорытындысының (мүгедектігі куәландыру
мерзімінсіз белгіленген жағдайларда немесе ОЖБ түзеткен жағдайда);
4) мүгедектігін растайтын анықтама көшірмесінің және салыстыру үшін
түпнұсқасының (мүгедектігі куәландыру мерзімінсіз белгіленген жағдайларда
немесе он алты жасқа толғанға дейін);
5) динамикалық тексерілуді талдау үшін амбулаториялық науқастың
медициналық картасының;
6) әлеуметтік жеке код беру туралы куәлік көшірмесінің және салыстыру
үшін түпнұсқасының;
7) ОЖБ кәсіптік бөлігін әзірлеу үшін:
– еңбек қызметі туралы мәліметтің (еңбек қызметін растайтын құжаттың
көшірмесі);
– еңбек сипаты мен еңбек жағдайын өзгертуге мұқтаж мүгедектер үшін
өндірістегі еңбектің сипаты мен еңбек жағдайы туралы мәліметтің;
8) он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар үшін тәрбиелеудің, білім
берудің түрлері мен нысандарын айқындау үшін көрсетілімдерді белгілеген
жағдайда – психологиялық-медициналық-педагогик алық консультация
қорытындысының ұсынылуымен әзірленеді.
5. ОЖБ әзірлеу мынадай кезеңдерден тұрады:
1) оңалту-сараптамалық диагностика жүргізу;
2) оңалту іс-шараларының түрлерін, шарттарын, көлемі мен орындау
мерзімдерін айқындау.
6. Оңалту-сараптамалық диагностика – клиникалық болжамның, оңалту
әлеуетінің, оңалту болжамының бағасы.
Клиникалық болжам – клиникалық-функционалдық деректерді, аурудың
этиология, патогенез және ағымының ерекшеліктерін, тіршілік-тынысының
шектелуіне әкеп соқтырған жарақаттар мен кемістіктердің салдарын талдауға,
тиімді емдеу мүмкіндіктеріне негізделген аурудың, жарақаттар мен
кемістіктердің даму және аяқталу болжамы.
Клиникалық болжам былайша бағаланады:
1) қолайлы – организмнің бұзылған функцияларының және тіршілік-тынысы
шектелуінің толық сауығуы (толығымен қалпына келуі) немесе орнының
толтырылуы;
2) біршама қолайлы – аурудың, жарақаттың немесе кемістіктің қалған
белгілері сақталған толық емделмеу, организмнің бұзылған функцияларының
және тіршілік-тынысы шектелуінің бәсеңдеуі, тұрақтануы немесе ішінара орны
толтырылуы;
3) қолайсыз – денсаулық күйін тұрақтандыру, патологиялық процестің
өршуін тоқтату және организм функцияларының бұзылу дәрежесін және тіршілік-
тынысының шектелуін төмендету мүмкіндігінің болмауы;
4) күмәнді – аурудың, жарақаттану немесе кемістік салдарының
түсініксіз ағымы.
Оңалту әлеуеті – денсаулық күйінің (толық саулықтан функциялардың
айқын білініп бұзылуына дейін), тіршілік-тынысының (қалыптысынан әрекет
етуге, оның ішінде еңбек қызметін атқаруға қабілетсіздікке дейін) және
әлеуметтік жағдайының (қалыптысынан өзге адамдарға толығымен тәуелді болуға
дейін) сипаттамасын талдауға негізделетін биологиялық, психофизиологиялық
және әлеуметтік-орта факторларының кешені.
Оңалту әлеуеті былайша бағаланады:
1) жоғары – денсаулықтың, тіршілік-тынысындағы шектеулердің, еңбекке
қабілеттігі мен әлеуметтік мәртебесінің толығымен қалпына келтірілуі (толық
оңалту);
2) қанағаттанарлық – организм функцияларының шамалы білініп бұзылуы,
тіршілік-тынысы санаттарын шектелген көлемде немесе техникалық көмекші
(орнын толтырушы) құралдар арқылы орындау, әлеуметтік қолдауға мұқтаждық;
3) төмен – организм функциялары бұзылушылығының айқын білінуі,
тіршілік-тынысы санаттарының көпшілігін едәуір шектеулермен орындау,
мүгедектің әлеуметтік қолдауға үнемі мұқтаж болуы;
4) оңалту әлеуетінің болмауы – организм функцияларының өте айқын
бұзылуы, негізгі қызмет түрлерінің орнын толтыруға немесе өзіндігінен
орындауға мүмкіндіктің болмауы, өзгелердің күтіміне мұқтаж болу.
Оңалту болжамы – оңалту әлеуетін іске асырудың болжамды ықтималдығы
және мүгедектің қоғамға кірігуінің болжамды деңгейі.
Оңалту болжамы былайша бағаланады:
1) қолайлы – организмнің бұзылған функциялары мен тіршілік-тынысындағы
шектеулер санаттарын толық қалпына келтіру, мүгедектің қоғамға толығымен
кірігу мүмкіндігі;
2) біршама қолайлы – организмнің бұзылған функциялары мен тіршілік-
тынысының шектелуі санаттарын ішінара қалпына келтіру мүмкіндігі, олардың
шектелу дәрежесінің төмендеуі немесе тұрақтануы, мүгедектің кірігу және
толық әлеуметтік қолдаудан ішінара әлеуметтік қолдауға өту қабілетінің
кеңеюі;
3) күмәнді – болжамның анық болмауы;
4) қолайсыз – организмнің бұзылған функцияларын және тіршілік-тынысы
санаттарын қалпына келтіру немесе орнын толтыру мүмкіндігінің болмауы.
Оңалту-сараптамалық қорытындыда мүгедектің оңалту іс-шараларына
мұқтаждығы қысқаша негізделеді.
Оңалту-сараптамалық қорытындының мазмұны мен құрылымы клиникалық
болжамға, оңалту әлеуетіне және оңалту болжамына қарай айқындалады.
7. ОЖБ әрбір оңалту іс-шарасының іске асырылу мерзімін көрсете отырып,
мүгедектіктің белгіленген мерзіміне әзірленеді.
Аумақтық бөлімше орындалған оңалту іс-шараларының тиімділігін, сапасы
мен толықтығын бағалау және ОЖБ уақтылы түзету мақсатында мүгедектік
куәландыру мерзімінсіз белгіленген адамдар үшін динамикалық бақылау күнін
белгілейді.
Оңалту іс-шараларының орындалмауының себептеріне байланысты,
көрсетілімі болған кезде аумақтық бөлімше оңалтудың медициналық жәненемесе
әлеуметтік жәненемесе кәсіптік бөліктері бойынша қосымша іс-шараларды
әзірлейді немесе оңалту іс-шараларын одан әрі жүргізудің қажеттігі мен
тиімділігі туралы мәселені шешеді.
8. ОЖБ:
1) ОЖБ картасынан (1-қосымша);
2) ОЖБ картасынан үзінді көшірмеден (2-қосымша);
3) ОЖБ медициналық бөлігінен (3-қосымша);
4) ОЖБ әлеуметтік бөлігінен (4-қосымша);
5) ОЖБ кәсіптік бөлігінен (5-қосымша);
6) өндірістегі еңбек сипаты мен еңбек жағдайы туралы мәліметтерден (6-
қосымша) тұрады.
ОЖБ медициналық жәненемесе әлеуметтік жәненемесе кәсіптік бөліктері
жүргізілген оңалту-сараптамалық диагностиканың нәтижелеріне және организм
функцияларының тұрақты бұзылуымен денсаулығының бұзылуы салдарынан
туындаған мүгедектің тыныс-тіршілігі шектелуінің толық немесе ішінара орнын
толтыруға бағытталған оңалту іс-шараларын жүргізуге мұқтаждығына байланысты
әзірленеді.
9. ОЖБ медициналық бөлігі медициналық ұйымдардың 088у нысанда
көрсетілген оңалту іс-шаралары жоспарының негізінде, ал мүгедектігі қайта
куәландыру мерзімінсіз белгіленген жәненемесе ОЖБ түзетуге мұқтаж
адамдарға медициналық ұйымның ДКК қорытындысында көрсетілген ұйғарымдардың
негізінде әзірленеді.
10. ОЖБ әлеуметтік бөлігі 088у нысанда көрсетілген, жүргізілген
оңалту-сараптама диагностикасы нәтижелерінің немесе медициналық ұйымның ДКК
қорытындысы негізінде әзірленеді.
11. ОЖБ кәсіптік бөлігі жүргізілген оңалту-сараптама диагностикасы
нәтижелерінің негізінде әзірленеді.
Мүгедек балалар үшін ОЖБ кәсіптік бөлігі олардың психикалық жай-күйі,
интеллектуалдық даму ерекшеліктерін, ойын әрекетіне, білім алуға, қарым-
қатынасқа, еңбек қызметі дағдыларын игеруге және орындауға ықтимал
мүмкіндіктерін ескере отырып әзірленеді.
Жұмыс істейтін мүгедектерге оңалтудың кәсіптік бөлігі еңбек қызметі
туралы мәліметтер және өндірістегі еңбектің сипаты мен еңбек жағдайлары
туралы мәліметтер ескеріле отырып әзірленеді.
12. Куәландырылатын адамның деректері мүгедектерді есепке алу
жүйесінің орталықтандырылған деректер банкіне (бұдан әрі – МОДБ)
енгізіледі, мұнда ОЖБ қалыптастырылып, кейіннен басылып шығарылады.
Басылып шығарылған ОЖБ оны әзірлеген бас маман және аумақтық
бөлімшенің бастығы қол қояды, куәландыру үшін мөртабанмен расталады.
13. ОЖБ картасы медициналық-әлеуметтік сараптама актісіне тігіледі.
14. ОЖБ картасынан үзінді көшірме:
– мүгедекке (немесе оның заңды өкіліне) беріледі;
– мүгедекті кешенді оңалту мақсатында амбулаторлық науқастың
медициналық картасына тігіледі.
15. ОЖБ бекітілген медициналық, әлеуметтік және кәсіптік бөліктері 3
жұмыс күні ішінде:
1) ОЖБ медициналық бөлігі (3-қосымша) – тұрғылықты жері бойынша
медициналық ұйымға жәненемесе қызметкер зардап шеккен ұйымға (мекемеге);
2) ОЖБ кәсіптік бөлігі (4, 5-қосымшалар) – жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар органына жәненемесе қызметкер зардап шеккен
ұйымға жолданады
16. Оңалту шараларын өткізу кезінде оңалту шараларын жүзеге асырудың
жеке-даралығы, дәйектілігі, кешенділігі, сабақтастығы және үзіліссіздігі,
жүргізілген оңалту шараларын динамикалық бақылау және олардың тиімділігін
бақылау қамтамасыз етіледі.
17. Медициналық оңалтуды медициналық ұйымдары жүргізеді.
18. Әлеуметтік оңалтуды халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің ұйымдары,
арнаулы білім беру ұйымдары (психологиялық-медициналық-педагогик алық
консультациялар, оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзеу
кабинеттері) жүргізеді.
19. Кәсіптік оңалтуды халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің ұйымдары
және білім беру ұйымдары жүргізеді.
20. Жүргізілген оңалту іс-шараларының аяқталуына орай ОЖБ медициналық,
әлеуметтік және кәсіптік бөліктеріне ОЖБ орындалуына жауапты басшысы қол
қояды, мөртаңбалармен расталады және аумақтық бөлімшеге қайтарылады.
ОЖБ әлеуметтік және кәсіптік бөліктерінің орындалғаны туралы
деректерді халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің ұйымдары МОДБ енгізеді. ОЖБ
медициналық бөлігінің орындалғаны туралы деректер және жұмыстағы мертігу
және кәсіптік ауру салдарынан болған мүгедектің ОЖБ әлеуметтік және
кәсіптік бөліктерінің орындалғаны туралы деректерді МОДБ аумақтық
бөлімшелер енгізеді.
21. Оңалтудың жүргізілген медициналық, әлеуметтік және кәсіптік
бөліктерінің тиімділігін бағалауды аумақтық бөлімше мүгедекті кезекті қайта
куәландыру кезінде немесе оны динамикалық бақылау тәртібімен жүзеге
асырады.
22. ОЖБ іске асырылуы туралы қорытындыны аумақтық бөлімше оңалтудың
жүргізілген медициналық, әлеуметтік және кәсіптік бөліктерінің тиімділігін
бағалаудың негізінде алқалық талқылаудан кейін шығарады, оны аумақтық
бөлімшенің бастығы бекітеді және куәландыру үшін мөртабанмен расталады.

Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын
әзірлеу ережесіне
1-қосымша

Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының картасы (ОЖБ картасы)
20___ жылғы ___ ___________ № ______ медициналық-әлеуметтік сараптама
актісіне
№ ____ карта 20____ жылғы ___ ___________

1. Т.А.Ә. ___________________________________ ________ Туған жылы, айы,
күні________________________
2. Тұрғылықты мекенжайы
___________________________________ _____________________________________
3. ОЖБ бірінші рет, қайта жасалды (қалыптастыру, түзеу)
___________________________________ ___________
4. Мүгедектік санаты (тобы, себебі)
___________________________________ _____________________________
5. Мүгедектік _____ _________ ____________ дейінгі мерзімге белгіленді
6. Клиникалық болжам: (қолайлы, біршама қолайлы, қолайсыз, күмәнді)
7. Оңалту әлеуеті: (жоғары, қанағаттанарлық, төмен, оңалту әлеуетінің
болмауы)
8. Оңалту болжамы: (қолайлы, біршама қолайлы, күмәнді, қолайсыз)
9. Диагноз
___________________________________ _________________________________________
__________
10. Оңалту-сараптама қорытындысы:
- оңалтудың медициналық бөлігі:
іс-шаралар ___________________ әзірлеу күні _____ж. ____ _______ іске асыру
мерзімі _____ж. ____ _______
іс-шаралар ___________________ әзірлеу күні _____ж. ____ _______ іске асыру
мерзімі _____ж. ____ _______

- оңалтудың әлеуметтік бөлігі:
іс-шаралар ___________________ әзірлеу күні _____ж. ____ _______ іске асыру
мерзімі _____ж. ____ _______
іс-шаралар ___________________ әзірлеу күні _____ж. ____ _______ іске асыру
мерзімі _____ж. ____ _______

- оңалтудың кәсіптік бөлігі:
іс-шаралар ___________________ әзірлеу күні _____ж. ____ _______ іске асыру
мерзімі _____ж. ____ _______
іс-шаралар ___________________ әзірлеу күні _____ж. ____ _______ іске асыру
мерзімі _____ж. ____ _______

11. Динамикалық бақылау күні _____ж. ____ _______
Қорытынды (деректер МОДҚ-ға енгізіледі)
___________________________________ _______________________
___________________________________ _________________________________________
____________________
(динамикалық бақылау күні, қолы)
12. Тұжырымдары:
1) оңалту әлеуетінің жеткен нәтижесіне сәйкестілік дәрежесі бойынша
(астын сызу): толық іске асырылды, жартылай, іске асырылмады;
2) мүгедектік динамикасы бойынша (астын сызу): толық, жартылай оңалту,
тұрақты мүгедектік, мүгедектіктің ауырлауы.

Т.А.Ә. ___________________________________ _________
______________
ОЖБ әзірлеген аумақтық бөлімшенің бас маманы (қолы)

Т.А.Ә. ___________________________________ _________
______________
аумақтық бөлімшенің бастығы (қолы)

Аумақтық бөлімшенің мөртабаны

Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын
әзірлеу ережесіне
2-қосымша
Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының картасынан үзінді көшірме
(мүгедектің немесе оның заңды өкілінің қолына беріледі)
20____ жылғы ___ ___________ № ______ медициналық-әлеуметтік сараптама
актісіне
№ ____ карта 20____ жылғы ___ ___________
1. Т.А.Ә. ___________________________________ ________ Туған жылы, айы,
күні________________________
2. Тұрғылықты мекенжайы
___________________________________ _____________________________________
3. ОЖБ бірінші рет, қайта жасалды (қалыптастыру, түзеу)
___________________________________ ___________
4. Мүгедектік санаты (тобы, себебі)
___________________________________ _____________________________
5. Мүгедектік _____ _________ ____________ дейінгі мерзімге белгіленді
6. Диагноз ___________________________________ __________________________
_________________________
7. Оңалту-сараптама қорытындысы:
- оңалтудың медициналық бөлігі:
іс-шаралар ___________________ әзірлеу күні _____ж. ____ _______ іске асыру
мерзімі _____ж. ____ _______
іс-шаралар ___________________ әзірлеу күні _____ж. ____ _______ іске асыру
мерзімі _____ж. ____ _______

- оңалтудың әлеуметтік бөлігі:
іс-шаралар ___________________ әзірлеу күні _____ж. ____ _______ іске асыру
мерзімі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жас мүгедек адамдардың әлеуметтік жағдайы және оларды қорғау
Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнамасы
Әлемдегі мүгедектермен әлеуметтік жұмыс жағдайын талдау
Студенттің өндірістік тәжірибе кезіндегі міндеттері
МҮГЕДЕКТЕРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Арнайы педагогиканың ғылыми негіздері
Мүгедектермен әлеуметтік жұмыс
Мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың әлеуметтік шаралары
Қазақстан Республикасында кедейшілік деңгейін төмендетудің жолдары
Жас мүгедектермен әлеуметтік жұмыс
Пәндер