«Өсімдік жасушасының қасиеті»


Тақырыбы: «Өсімдік жасушасының қасиеті»
Мақсаты: жасушаның физикалық жағдайын, плазмалемма және тонопластың құрылысын, жасуша қабырғасын және оның химиялық өзгерістерін оқу.
Дәріс жоспары:
- Цитоплазманың химиялық құрамы.
- Цитоплазманың физикалық жағдайы.
- Цитоплазманың қозғалуы.
- Плазмолемма және тонопласт.
- Пластидтер және олардың түрлері.
- Жасуша қабырғасының химиялық құрамы.
Дәріс тезистері
Плазмолемма - цитоплазманы жасушаның қабықшасынан бөліп тұратын мембрана. Ол клетка қабықшасына тығыз жабысып тұрады. Кейде плазмалемма түкті болып келеді, немесе терең қатпарлар түзеді. Плазмолемма жасушаның сыртқы ортамен зат алмасуын реттейді де, заттардың синтезделуіне қатысады.
Тонопласт- цитоплазманың вакуольден бөліп тұрады. Оның атқаратын қызметі плазмалеммамен бірдей.
Гиалоплазма - каллоидті ерітінді түріндегі тұтас сұйықтық, оның ішінде органеллалар орналасады. Егер жасушаның ортасында бір ғана вакуоль болса, онда гиалоплазма белсенді түрде жасуша қабықшасының ұзына бойымен бір бағытта айналып қозғалады. Ал вакуольдері бірнешеу болса, онда гиалоплазма орталық вакуольдерді кесіп өтетін цитоплазманың сілімдерінің бойымен әртүрлі бағытта шашырап қозғалады. Гиалоплазманың қозғалу жылдамдығы температураға, жарықтың қарқындылығына оттегімен қамтамасыз етілуіне және басқа факторларға байланысты болады. Қозғалған кезде гиалоплазма өзімен бірге органеллаларды қозғалысқа келтіреді.
Гиалоплазманың атқаратын қызметі:
- органеллалардың өзара қатынасын қамтамасыз етеді;
- зат алмасуға қатысады;
- заттарды тасымалдауға қатысады;
- тітіркенуді сездіреді және т. б.
Сферосомалар - дөңгелек, сырты жылтыр денешік, ол өсімдік майларының синтезделетін және жиналатын орталығы. Олар ЭПР шетінен бөлініп шығады. Сферосомалардың сыртында орналасқан мембраналары май тамшыларының жиналуына байланысты редукцияға ұшырайды, одан тек сыртқы қабат ғана қалады.
Пластидтер - тек өсімдіктерге тән органоидтар. Түсіне қарай пластидтерді үшке бөледі:
- жасыл түсті - хлоропластар;
- сары, қызғыш, қызыл түсті - хромопластар;
- түссіз - лейкопластар.
Хлоропластардың пішіні көп жағдайда линза тәрізді болады. Олардың диаметрі 4-6 мкм, ал қалыңдығы 1-3 мкм-ден айпайды.
Пластидтердің сыртында екі қабат мембранасы болады. Хлоропластардың ішінде строма деп аталатын құрамдар орналасады. Олар арқылы паралелль орналасқан мембраналардың системасы өтіп жатады. Мембраналар жалпақ қапшық тәрізді болады, оларды тилакоидтар немесе ламеллар деп атайды. Тилакоидтардың бір бөлігінің формасыдиск тәрізді болады. Оларды граналар деп атайды. Стромада ДНҚ-ның молекулалары, рибосомалар, пластоглобулалар деп аталатын, липидтердің тамшылары, крахмал дәндері және басқада қосымша заттар болады.
Хлоропластарда жасыл пигмент хлорофилл, каратиноидтар тобына жататын пигменттерден каротин (қызғыш түсті) және ксантофилл (сары түсті) болады. Хлорофилде ораганикалық емес заттардан күннің энергиясы қатысуымен крахмал түзіледі.
Оны фотосинтездік немесе алғашқы крахмал деп атайды. Ферменттердің көмегімен фотосинтетикалық крахмал қантқа айналады, және глюкоза түрінде жапырақтан органдардың түзілуіне қажетті заттар ретінде тасымалданады, немесе артық қор заты ретінде жиналады.
Лейкопластарда пигменттер болмайды, олар хлоропластардан кіші. Лейкопластар күннің жарығы түспейтін ұлпаларынан және органдардың жасушаларында, тамырларында, түйнектерінде, дәндерінде және басқаларда кездеседі.
Лейкопластардың нашар дамыған стромасында ДНҚ-ның, рибосомалардың, пластоглобулдердің молекулалары болады.
Лейкопластардың атқаратын қызмет: артық қоректік заттарды (крахмалды, ақуызды, майды) синтездеу және жинау болып таылады. Крахмал жинайтын лейкопластарды амилопластар деп атйды. Оларда крахмал дәндері пайда болады.
Хромопластарда - каратиноидтар тобына жататын түсі қызғыш сары, сары пигменттері болады. Хромопластардың мөлшері кіші, формасы глобулярлы, фибриллярлы (түтікше тәрізді) және кристалл типті болады.
Хромопластар өсімдіктердің гүлінің күлте жапырақшаларында, піскен жемістерінде, күзгі жапырақшаларында болады. Биологиялық маңызы: тозаңдануға қажетті жәндіктерді шақырады, және осы өсімдіктердің дәндерін таратуға қажетті жануарларды шақырады.
Пластидтердің түрлері бір-біріне ауысып отырады. Тек хромопластар басқа пластидтерге айналмайды.
Протопласт өнімдерінің көпшілігі вакуольдің және цитоплазманың құрамына кіреді. Протопластан тыс жиналады, жасуша қаңқасының негізі түзіледі. Эргастикалық заттарды бөледі: физиологиялық белсенді, қорлық, экскреторлық және жасуша қабықшасының құрамына кіретін заттарға.
Вакуоль - бұл жасуша шырынына толы қуыс, ол цитоплазмадан тонопласт арқылы бөлініп тұрады. Вакуоль ЭПТ-дің локальдік кеңістігінен пайда болады, онда жасуша шырыны жиналады. Жақсы жетілген жасушалардың ортаңғы бөлігін алып жататын бір үлкен вакуоль және цитолплазманың жасуша қабықшасына жақын жататын бөлігінде шашыраңқы орналасқан көптеген ұсақ вакуольдер болады. Егер ядро жасушаның ортасында орналасса, онда оны қоршағанцитоплазма жасушаның қабықшаға жақын жатқан қабаты мен жіпшелері (тяждары) арқылы байланысады. Жасуша шырыны дегеніміз, протопластан бөлініп шығатын әртүрлі органикалық емес және органикалық байланыстардың судағы ерітіндесі. Жасуша шырынының реакциясының әдетте қышқылдығы төмен, немесе бейтарап, сиректеу сілтілі болып келеді. Жасуша шырынының химиялық құрамы органикалық және органикалық емес заттардан тұрады.
Ораникалық заттар: азотты заттар амин қышқылдары (аспарагин трионин, лейцин және т. б. ), ақуыздар, алколоидтар, моносахаридтер, дисахаридтер, полисахаридтер және т. б.
Органикалық емес заттар: нитраттар, хлоридтер, фосфоаттар.
Бұл заттардың біреулері қорлық, екіншілері - экскреторлық, яғни зат алмасудың соңғы өнімдері болып табылады.
Экскреторлы заттар.
Жасуша шырынының ресми тіркелген компоненттерінің біріне қымыздық қышқылы кальцийдің кристалдары жатады (СаС2О4) . Қымыздық қышқылы жасушаның тіршілік-әрекетінің зиянды өнімдерінің бірі болып келеді. Негізінен қартайған, тіршіліг тоқтатуға жақын жасушаларда, формалары әртүрлі жекеленген кристалл түрінде, біріккен кристалдар түрінде, жиналған рафидтер түрінде жиналады. Әдетте друздар қос жарнақты өсімдіктерде, ал рафидтер дара жарнақты өсімдіктерде жиналады.
Артық қор заттары - деп уақытша шығарылып тасталған заттарды айтады. Олар өсімдіктердің вегетативті денесін түзуге немесе энергетикалық материал түрінде әртүрлі тіршілік процесстеріне жұмсалады. Олар вакуольде, немесе цитоплазмада жиналады. Вакуольде қор заттар ерітінділер түрінде, ал цитоплазмада ресми тіркелген қосымша заттар түрінде болады: алейрон, крахмал дәндері, май тамшылары кристалл түрінде.
Алейрон дәндері . Бұл қорлық ақуыздың түйіршіктері, олар әдетте пісіп жетілген дәндердің қорлық ұлпаларының жасушаларында пайда болады. Дәндер пісіп жетілген кездеоде ұсақ вакуольдерде ақуыз жиналады. Дәндер піскен кезде вакуольдер суын жоғалтады да алейрон дәндеріне айналады.
Алейрон дәндері дөңгелекб болып келед, олардың диаметрі 202-20 мкм-дің арасында ауытқып отырады. Сыртынан олар мембранамен қапталған.
Крахмал дәндері. Өсімдіктің аса қажетті қорлық заттарының бірі. Барлық органдардың жасушаларында кездеседі: әсіресе олар өсімдіктің дәндерінде және түрі өзгерген жерасты сабақтарында көптеп жиналады. Крахмал дәндері тек пластидтерде ғана түзіледі. Ферменттердің көмегімен алғашқы крахмалдар қантқа айналады және глюкоза түрінде жапырақтан өсімдіктердің басқа органдарына тасымалданады. Қанттың екінші рет қантқа айналуы амилопласттарда жүреді.
Шыны май тамшылары. Формасы сфера тәрізді, олар цитоплазмада жиналады. Шыны майының тамшылары барлық органдардың жасушаларында кездеседі, әсіресе дәндер мен жемістер оған аса бай болады.
Жасуша қабықшасы.
Өсімдіктер жасушасының жануарлар жасушасынан айырмашылығы, олардың жақсы жетілген қатты қабықшасы болады. Жасуша қабықшаларының жиынтығы өсімдікке мықтылық беретін, оның қаңқасын түзеді. Көп жағдай да протопластқа қарағанда ұзақ сақталады, соған байланысты типті өлі жасушалардың өзі әртүрлі қызметтер атқаруын тақтатпайды.
Алғашқы қабықша жасуша бөлінуінің нәтижесінде пайда болады. Пектинді заттардан, гемицеллюлозалар және целлюлозадан және көп мөлшерде судан тұрады. Жасушалық табақшаға әрбір жас табақша жасушаның протопласты алғашқы қабықшаны бөліп отырады.
Қабықшаның түзілуі және оның өсуі Гольджи комплексінің және плазмалеманың тіршілік әрекетіне байланысты болады.
Екінші реттік қабықша. Алғашқы қабықшаның іш жағынан жаңа қабаттардың түзілуінің нәтижесінде пайда болады. Бұл жағдайда қабықша қалыңдап өседі, ал жасуша қуысының көлемі кішірейеді. Әсіресе екнші реттік қабықша арқаулық қызмет атқаратын жасушаларда қалың болады. Бойымен су жүретін жасушаларда екінші реттік қабықша сақиналар, спиральдер тәрізді бөлініп отырады, немесе қалыңдығы тегіс болмайды.
Екінші реттік қабықша негізінен целлюлозадан (90 %-ке дейін) және гемицеллюлозадан тұрады. Пектинді заттар мен судың мөлшері аз болады.
Целлюлозаның молекуласының параллель орналасуы, қабықшаның ішкі құрылысының жұқа жүйесін түзеді. Бірнеше ондаған жіп тәрізді молекулалар бірігіп, мицеллелар түзеді, олардан микрофибрилдер пайда болады.
Микрофибрилдер қабықшаның негізгі құрылыстық бірлігі болып табылады. Диаметрі 10-30 нм-ге тең, ал ұзындығы 0, 4-0, 5 мкм-ден аспайтын талшықтар немесе табақшалар.
Микрофибрилдер фибрилдерге бірігеді. Фибриллдер дегеніміз -талшықтар немесе табақшалар.
Целлюлозадан тұратын қабықшалар майысқақ және берік болады. Көп жағдайда алғашқы және соңғы қабықшасының матриксінде және орталық табақшасында лигнин жиналады. Бұл майысқақтылықтың жойылуына, қаттылықтың артуына, өткізгіштік қабылетінің төмендеуіне әкеліп соғады. Мұндай қабықшаларды сүректенген (ағаштанған) деп атайды. Бұлар арқаулық деп аталады.
Орталық табақша жасушаларды өзара байланыстырып тұрады. Ортаңғы табақшаның бұзылуын және жасушалардың ажырауын мацерация деп атайды. Бұл табиғи жағдайда жемістер өте пісіп кеткен кездерде, жапырақтардың түсер алдында, олардың сағақтарында және басқа уақыттарда болатын жағдай.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz