Мысыр пирамидалары


Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Гуманитарлық ғылымдар факультеті
Тарих кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Мысыр пирамидалары
Қабылдаған:Нұрбетова Г.
Орындаған:Несіпбаев Н.
Тобы:ТАЭ-411.
Түркістан - 2014 ж.
Мысыр пирамидалары! Кімдер тұрғызғаны және не үшін тұрғызылғаны әлі күнге жұмбақ болып келе жатыр. Тек перғауындардың сағанасы үшін салынған деу ақылға сыймайды. Ежелгі грек тарихшысы Геродоттың айтуынша, Мысыр пирамидаларын 100 мың құл 20 жыл бойы салған. Бірақ қазіргі оқымыстылар 100 мың құлдың қазіргідей құрылыс техникасы жоқ ол заманда әрқайсысы 40 тонна тартатын алып тақта тастарды арқанмен сүйреп әкеліп, қолмен көтеріп, асқан дәлдікпен қалауы мүмкін еместігін бірауыздан мойындап отыр. Діндарлар пирамиданы жындар салған десе, оқымыстылардың біраз бөлігі бұл орасан алып құрылысты өзге планетадан келген бөгде ғаламшарлықтардың қолтаңбасы санайды. Ал осы пирамиданың астында не бар? Кейбір оқымыстылар оның астында алып жерасты қала болуы мүмкін деп болжайды. Дәл айтсақ, Мысыр пирамидаларының жұмбағын қызғыштай қорып жатқан Сфинкстың астында жер астына түсетін қақпа болуы мүмкін дейді. Ол жерде ежелгі атлант өркениетінен қалған кітаптар мен техникалар және атланттардың өзінің сүйегі сақтаулы болуы мүмкін екен. Аңыздағы ел Атландида бұдан 15 мың жыл бұрын су астына жұтылған делінеді, кейбір атландықтар ұшатын шарлардың арқасында аман қалып, кейін Мысырға барып пирамида тұрғызған деген сөз бар. Бірақ әл-әзір мысырлықтар пирамиданың астын қазуға ешбір елге рұқсат бермей отыр. Дегенмен соңғы үлгідегі сейсмикалық аса сезімтал приборлар Сфинкстың астында алып бос қуыстың барын сездірген.
«Пирамида» дегенде, көз алдымызға бірден Мысырдың құмды далаларындағы Хеопс және өзге де таңғажайып нысандар елестейдi. Бұған Америка құрлығындағы ежелгі үндістердің ацтек, маия, инек тайпаларының пирамидаларын да қосуға болады. Бұлардың барлығының сыры белгілі болды десек те, түбегейлі құпиясын аша қойған жоқ. Сонымен, пирамида тек Мысырда емес, Африка мен Индонезияда, Мексика мен Тайванда, тіпті Қытайда да бар. Тіпті Бермуд үштағаны астында да пирамида бары анықталып отыр. Ал енді Босниядан, яғни Еуропаның орталығынан ең үлкен саналатын Хеопс пирамидасынан да биік, әрқайсысы 40 тонна тартатын тақта тастан қаланған пирамида табылғаны белгілі. Бұл топырақ астына көміліп қалған пирамида тектес табиғаттың туындысы делінгенмен, онда талай құпия көміліп жатқаны белгілі болып отыр. Мәселен, археологтар оның астынан 10 шақырымға созылып жатқан жерасты туннелін тапқан. Ғалымдар қазір Еуропаның орталығында бұдан 40 мың жыл бұрын өзге бір өркениеттің өмір сүргенін дәлелдеуге тырысып бағуда.
Кейбір оқымыстылардың пирамидаларды бөгде планетадан келгендер тұрғызған дейтінін жоғарыда айттық. Мәселен, Қытайдағы пирамида бар аймақтың императорлары өздерін «көктен темір айдаһар мініп түскен тіршілік иелерінің үрім-бұтағымыз» деп жұртқа айтып отырған. Онымен қоймай, олар «темір айдаһар мінгендер тағы да айналып соғады» деген де ойда болған. Әлі күнге пирамидалардың ішіндегі шырмауы көп шиыр жолдардың құпиясын ешкім аша алмай отыр. Күн сәулесінің түсер жолдарына арналып жасалған тесіктердің дәлдігі бүгінгі заманауи құрал-жабдықпен жарақтанған ғылым үшін таңғаларлық жағдай болып тұр. «Синай шөлінде жатқан пирамидалар осы аймаққа келіп қонатын бөгде жұрттықтар үшін маяктың рөлін атқарған. Пирамидалардың өте дәлдікпен әр аймаққа орналасуының өзі соны көрсетеді» деген де пікірлер бар. Бүгінгі жерден ұшырылып жатқан ғарыш кемелері Мысыр пирамидаларының Марстағы пирамидалармен байланысы бар екенін анықтаған. Мұның өзі адамды өзге бір сыры жұмбақ әлемге жетелейді.
Ғалымдардың арасында пирамиданың айрықша энергетикасына байланысты, ол ежелгі заманда қазіргі электрстансаның, атом реакторының міндетін атқарған деген ұйғарым бар. Жалпы, оқымыстылар бүгінде пирамиданы тек өтіп кеткен тарихқа ғана емес, келер болашаққа қатысты да аса маңызды ақпарат көзі ретінде қарастыруды бастады. Ежелгі Мысыр билеушілері ғарышпен, яғни жетіқат көкпен дәл осы пирамида арқылы байланысып, адамзатты түрлі апаттан сақтандырып, болашақ ұрпаққа қатысты ғажап дәлдікпен болжамдар жасап отырыпты.
ХЕОПС ПИРАМИДАСЫ - дүние жүзіндегі аса ірі пирамидалардың бірі. Бұл пирамиданы перғауын Хеопс (Хуфу) көзі тірісінде өзіне арнап б. з. б. 3-мыңжылдықтың 1-жартысында Гиза қаласы маңындағы Ливия шөлінде салғызған. Кезінде ежелгі мысырлықтар осынау алып кесене-пирамиданы “Хуфу көкжиегі” деп атаған. Хеопс пирамидасының табаны төрт бұрышты болып басталады да, жоғары қарай басқыш тәрізді көтеріліп, көп сатылы құрылыс түрінде тұрғызылған. Ұшар басы сүйірленіп бітетін Хеопс пирамидасының архитектуралық құрылысына сәулетші Хемиун басшылық жасаған. Әйгілі Хеопс пирамидасы құрылысында 120 мың адам 30 жыл бойы жұмыс істеген. Пирамиданың биіктігі 137 м (алғашқы биіктігі 146, 6 м болған), әрбір қабырғасының ұзындығы 230, 38 метр, ал оның алып жатқан алаңы 55 мың м2. Алып құрылысқа пайдаланған тас “асуаннан” (арабша “әс-суан”, яғни “қатты тас” деген ұғымды білдіреді) 2, 5 т текше тас түрінде дайындалған. Хеопя пирамидасына осындай текше тастың 2 млн. 2300-і жұмсалған.
Гизадағы Хеопс пирамадасы. Б. з. б 2560 жылы салынған. Әлемдегі ең ежелгі пирамидалардың бірі
1953 жылы араб ғалымдары осы пирамида маңынан 17 м тереңдікте, мүлде бекітіліп тасталған үлкен зал тапты. Залдан қару-жарақ, асыл бұйымдар және ұзындығы 35 метр желкенді қайық шықты. Ежелгі мысырлықтар тұрғызған пирамидалардың ішіндегі ең үлкені болып табылатын Хеопс пирамидасы адам еңбегінің ғажайып туындысы саналады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz