Жетісу алатауының солтүстік бөлігінің физикалық-географиялық орны


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
- Tapay . Сарқан өзені алабының қазіргі кездегі физикалық географиялық жағдайына сипаттама
І - тарау. Сарқан өзені бастау алатын Жетісу Алатауының
солтүстік-орталық бөлігінің табиғатының ерекшеліктері
1. 1. Сарқан өзені алабының географиялық орны. Жер
бедерінің ерекшеліктері . . . 6
1. 2. Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық жотасының
геотектоникалық құрылысы . . .
1. 3. Сарқан өзенінің алабында сел әрекетінің жүруіне
әсерететін факторлар . . .
ІІ-тapay. Сарқанд өзені алабындағы сел құбылыстары
2. 1. Аумақтың геоморфологиялық құрылымының сел
құбылыстарына тигізетін әсері . . .
2. 2. Сарқанд өзені алабындағы селдік құбылыстарының туу
себептері . . .
2. 3. Селдердің түзілуіне Гидрометорологиялық жағдайлардың
әсері . . .
Қорытынды . . . 52
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 54
Кіріспе.
Соңғы кезде таулы айшақтардың және солтүстік Жоңғар Алатауның тау алды беткейі зонасымен оның орталық боіндегі (Саркан өзені алқабы) селдің пайда болу жағдайларын кешенді түрде зерттеу қажеттілігіне байланісты және сел процестерінің қоршаған ортаға әері қарқындызерттелуде. Осы процестердің негізі әрекетімен бұзу сипаты ең қауіпті табиғат құбылысы.
Осы соңғы 30-40 жылдарда субрешондардың ішіндегі өзінің ең көп энергиясы жөніндегі ең ірі сел тасқыны Текелі өзені алқабы (1950 ж), жарылған мұздардың селдері Сарқан өзені алқабында ( 1982 ж), Ақсу өзені алқабында (1970 ж және 1978 ж) болғаны белгілі. Осындай қауіпті табиғат құбылысы қоршаған ортаға, ауыл шаруашылығына, транспорт жолдарына көп зиянның тигізді. Осындай көптеген мысалдар Қазақстанның басқа да таулы аймақтарында да кездеседі. Сондықтан қазіргі кезде осындай селге қарсы мәселелер біздің елімізде мемлекетік маңызды тапсырма деңгейінде көтерілуде. Осы жөнінде Қазақстан Республикасының министірлер кабинетінде арнайы қаулы қабылданған.
Осы қарастырып отырған ауданның табиғи процестерін зерттеу сі және одан қорғану жөнінде ғылыми зерттеулерде бірден бір өзекті аспект болып отыр. Бітіру жұмысында Сарканд өзен алқабының орографиясындағы селдік құбылысы негізгі геоморфологиялық ерекшегектері.
Бітіру жұмысының мақсаты:
- Сарқан өзені бастау алатын Жетісу Алатауының солтүстік бөлігінің физикалық-географиялық орнының мен геологиялық құрылысының ерекшеліктеріне сай қазіргі мұз басулардың сел әрекетіне тигізетін әсерін;
- климатының сел әрекетіне тигізетін әсерін;
- Сел әрекетінің жер бедерін түзудегі алатын орынын анықтау.
Бітіру жұмысын жоғарыда аталған мақсаттарға сай төменгі міндеттерді шешуді көздейді:
-Жетісу Алатауының физикалық-географиялық орынының ерекшеліктері мен геологиялық-геоморфологиялық тұрғыдан зерттелуін;
-. Жетісу Алатауының солтүстік бөлігінің тентоникалық құрылысы
мен орографиясын;
-сел әрекетіне гидрометеорологиялық факторлардың тигізетін
эсерін;
Сарқанд өзені алабындағы сел құбылысы мен . Сел тасқынынан қорғану шараларын анықтау.
Бітіру жұмысының практикалық маңызы;
Бітіру жұмысын жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, орта мектептің мұғалімдерімен оқушылары білім көзі ретінде қолдана алады.
- Бітіру жұмысының құрылымы мен мазмұны;
Бітіру жұмысы кіріспеде екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші тараудаСарқан өзені бастау алатын Жетісу Алатауының солтүстік бөлігінің физикалық-географиялық орыны, геолотектоникалық құрылысы мен геологиялық-геоморфолгиялық тұрғыдан зерттелу тарихы қарастырылған. Екінші тарауда Сарқан өзені алабындағы сел әрекеті мен оның туу себептпрі қарастырылған.
І - тарау. Сарқан өзені бастау алатын Жетісу Алатауының
солтүстік-орталық бөлігінің табиғатының ерекшеліктері
2. 1. Сарқан өзені алабының географиялық орны, жер бедерінің
ерекшеліктер.
Солтүстік Жоңғар Алатауы субендік бойынша екі ірі жоталарға бөлінген. Солтүстік және Оңтүстік, оларды Көксу өзені бөліп тұр . Бұл жоталарды ойпаттар да бөліп тұр, солтүстік батысқа қарай Балқаш депресиясына айналған. Солтүстік шығысында Алакөл ойпаты қоршаған. Сарқанд таундағы ең биік нүкте 4464 м-м Тянь-Шань шыңы орналасқан. Солтүстік жотаның шығыстағы биіктік белгісі 2500 м, батысы бірте-бірте аласара береді ( 1300 м) . Солтүстік жоңғар Алатауы ендік бойынша созылған таулы жүйелер, аласа таулар, орташа таулар, ойпаттар болып сатыланып орналаскан. Бірінші тау алды массивіне кіретіндерге Мыңшуңқыр ( 3900 м ), Қаратау ( 3500 м ), Сарқанд ( 4464 м ), Басқантау ( 4442 м) . Мұнда муздану аймағы кең көлемде дамыған, қазіргі кезде осы ауданда 1370 шамадай мұздықтар бар, жалпы алаңның аумағы 0, 1 млн. га. асады. /1/
Ең ірі мұздықтар Лепсі, Үлкен және Кіші Басқан, Қаратал, Көксу өзендері бастауларынды орын алады. Мүнда әр түрлі түптегі мұздықтар кездеседі ( қар, трог, аспалы) .
Одан кейінгі сатыға орташа таулар кіреді. Жельді- Қарағай (2962 м), Ақшағанақ ( 2980 м), Баян жүрек (2076 м ) . Мұнда құз жар тастар, тасты қорымдармен, лесспен жамылған. Орташа тауларды қатты тілімдеген кертпелітермен жиектелген. Көлге айналған ежелгі қарлар кездеседі.
Абсолюттік биіктігі 1000-2000 м -ге дейін болатын аласа таулы массив Қоңыртау, осы сатының бангты шығыстан солтүстік шығысқа қарай тау алды тізбектеріне: Алтай, Ешкіөлмес, Тамғалы, Текелі, Сармақты т. б. жоталары кіреді. Осы тау алды массивінің әр түрлі релеф типтеріне; тізбекті, тізбекті-күмбез тәрізді, тізбекті-жөнді, конус тәрізділері кіреді. Мұнда ежелгі пенеплен көтерілулері дамыған.
Осы таулы аймақты тау асуы және тауетегі жазықтықтары қорша-ған. Тау алдында екі терраса сатылары айқын көрінеді. Жоғарғы саты прилавкасының ені 3-15 км-ге, абсолюттік биіктігі 1200-1800 м-ге орналасқан. Төменгі прилавканнің ені 1-3 км-ге, абсолюттік биіктігі 900-1200 м. Жоғары прилавка жыралармен, өзен аңғарлармен тілімденген, төменгі прилавкада қазіргі кездегі антропогендік рельеф пішіндеріне террассаланған беткей, платина, карьерлер т. Б. Кіреді. Осы соңғы сапаны тау аралық ойпаттар қоршалған-Лепсі, Айдаусай, Құрышбел, батыс бөлігінде Қапал-Арасан ойпаттары жатыр, абсолюттік биіктігі 300-500 м-ге дейін. Солтүстік жота бекейлерінде беттік тегістелді жақсы дамыған. Жаңғар Алатауының шығысында ірі ығысуларымен-Жаңғар жарылуымен жиектелген. /2/
Сарқан өзені Жетісу Алатауының ең биік солтүстік-орталық бөлігінен бастау алатындықтан сел әрекетін тудыратын мұздықтардың басым бөлігі шоғырланған. Бұл жерде таулы жоталардың биік бөліктері қар сызығынан жоғары, яғни 4000-4500 метрге дейін жерлерде кездеседі. Өзен бастау алатын Жетісу Алатауының бұл бөлігі нің құрылысы күрделі. Биік таулы орталық бөлікте 2 негізгі суайрық жота - Солтүстік және Оңтүстік жоталар болып бөлінеді. Олар биік таулы ойыстармен ажыратылады. Сарқан тау жүйесі 4400-4500 метрге көтеріледі. Сол жерде Жетісу Алатауының ең биік нүктесі Семенов Тянь-Шанский нүктесі (4560м) орналасқан. Шығысында Солтүстік жотаның көтерілген ауданында (Сарқан, Тентек өзен аңғарларында) көлемі 305км., биік таулы үстірт сақталған. Ол полигонға дейін денудациялық ауданның бөлшегі болып табылады. Үстірттің 1100 метр тереңдікте Басқан, Лепсі, Тентек өзендерінің бастауы орналасқан. Үстірттің қабатты солтүстігінде Лепсі ойысына террасалық тектоникалық иін биіктігі 1200 метр қиып жатыр. Үстірттен батысқа қарай солтүстік жотаның етегінде Айдаусай ойысы жатыр. Солтүстігінен Желді Қарағай, Ақшақас, Көкжота (3100м) тауларымен шектелген. Үстірттен шығысқа қарай Сарыбұқтыр (2000м) және оның шығыс жалғасы Ақшық ойысы (1400м) солтүстіктегі жотасы Тастау, Аудаусай ойысы батыс жалғасы Күрүмбел және Қапал-Арасан ойысы болып табылады. Олар 1000 және 2000 метр биіктікте орналасқан. Солтүстік шығысында Қапал Арасан ойысы жергілікті жерде Аманбұқтыр деп аталады. Қапал Арасан Теректі және Аманбұқтыр ойыстары Қоңыртау, Қырықкөл, Марқатау тауларының өтпелі сатыларымен шектеседі. Таулардың биіктіктері 1500-2100 метр Балқаш маңы ойыстарда, Сарқан маңындағы кемердің биіктігі 1100 метр, ал батысында Қызылағаш ауылы маңында 400 метрге жетеді. Биік таулы үстірттен солтүстікте 1000 метр биіктікте Екіаша және Лепсі ойыстары орналасқан. Олар 1100 метр биіктіктегі өткелмен ажыратылған. Лепсі ойысының солтүстік шығыс жалғасы Голубевск ойысы 1400 метр биіктікте орналасқан. /3/
Ойыс солтүстіктен Шатырбай, Ешкіөлмес, Үшқайық тауларымен шектеседі. Олардың биіктіктері 1400-2000 метр. Оның етегінде 900-1000 метр биіктікте Константиновск құламасы бар. Шығыста 200 метр биігірек Карат құламасы, одан шығыста 2000-2400 метр биіктікте Көксуат опырмалы ойысы, ал солтүстігінде Күнгей (3000м) жотасымен шектеседі. Күнгей жотасының солтүстігіндегі жарлары Бесбақан тауының атымен аталады. Қора Алмалы жотасы Арқарлық және т. б. ( биіктігі 2000-2500м) ал солтүстік шығыста біраз көтерілген аудан жабықтау (2900м) . Осыған байланысты Жетісу Алатауының солтүстіктегі рельефінің баспалдақ тәріздес екені аңғарылады. Әрбір тау жүйесі Солтүстік суайрық жотасынан бастап тау жүйелері солтүстігінде, ал шығыс массив жүйесі батысында биігірек. Солтүстікке қарай құламалардың биіктігі және беті төмендеп отырады. Негізгі жоталардың тегістелуі мәңгі қар қапасында 3500-4000 метр биіктікте сақталған. Жоңғардың солтүстік бөлігінің жоталарының бәрінде полеогенге дейінгі денудациялық жазықтар бар. Көптеген жерлерде 3000 метр биіктікте (Тастау жотасы) палеоген-неогенің қалдықтары жатыр. Солтүстік жотаның суайрығының қасында мұздармен бұзылған немесе шайылған және төбесі жартылай мұзданған мореналар орналасқан. Іле ойысының солтүстігіндегі Қарашоқы тауларында 6-7км жерде флювиальді қойтасты-малтатасты жыныстар жатыр. Константиновск ойысынан солтүстік шығысқа қарай Бесбақан тауларында қойтасты - малтатасты қалдықтардың астында 15 метрге дейін жерде палеоген-неоген жыныстары сақталған. /4/
Альпі биік таулы рельефі Солтүстік жотада 3000 метр биіктікте көлемді жерді алып жатыр. Рельеф интенсивті эрозияланған үшкір опырмалы ойыста пайда болған күрделі тайғақ жарлары бар. Мұзды формалардың рельефі дамыған, яғни қарлы, соңғы мұзбасулардың мореналары, мұзды өзендер көптеген жазықтар, мұздықты иілген жазықтар кездеседі. Бірақ осы мұздар арасында да денудациялық жазықтардың фрагменттері көрінеді.
Орташа таулы аймақ - негізгі жоталардың тау сілемі немесе 2000-3000 м биіктікте негізгі жоталар орналасқан. Орташа таулы рельеф ауданының дамуы қатты эрозияланудың әсерінен бөлшектелген.
Таулардың тектоникалық бұзылған жерлеріндегі жарлар жарықталған. Орташа тауларда ежелгі мұзбасулардың іздері аз.
Аласа таулар тау жүйесінің батысында ежелгі денудациялық жазықтар бөлшегі көлемді ауданды алып жатыр. Тау массивтері тілімделген. Аласа тауларда көп жерлерде қойтасты-малтатасты және ормантипті саздақтар сақталған. Тауалды негізінен оңтүстікте Өзен торлары Жетісу Алатауының жауын-шашын мөлшеріне байланысты жақсы Кейбір өзендер (Тастау, Айдаусай, Теректі) тауаралық құламалардан ағады, солтүстік ойыстардың тектоникалық тігістерін пайдаланады. Жазықтардың өзен тоғаларында түйіскен жерлерде 400 метрге дейінгі терең каньондар түзілген, оның жоғарғы жағындағы жарларда терассалар, терассалық жазықтар бөлшегі сақталған. /5/
Палеозой жынысының жергілікті көтерілулерімен коньон қалыптасты. Аккумулятивті циклдар эрозиялық циклдармен үзіледі, аккумулятивті, кей жерлерде мүсінді терассалар қалыптасқан. Терассалардың биіктігі бірнеше метрден 180 метрге дейін тауаралық жоталарда, ал тауалдында 300 метрге дейін жетеді. Терассалар оңтүстік жорлардың өзен аңғарларында жақсы дамыған. Солтүстік - орталық жотадан Ақсу, Басқан, Сарқан өзендері бастау алады аталған өжзендер тау мұздықтарынан басталатындықтан сел әрекетінің қаупі жоғары.
Таудан тауалды жазықтарына шыққанда өзендер жақсы шырынды қалыптастырады, өзендердің шеткі аймақтары аяқталмаған күрделі және сатылы болып келеді. Таудан шыққанда өзеннің құлауы ұлғаяды, сарқырама және жайылмасы пайда болған. Тауда өзендердің құламасы орташа 100 м, Ағыны қатты өзендерде - 115 м, Сарқанда -130, Лепсіде- 109 м.
Тауаралық жоталардың түйісуінен құлау 30-8 м/км-ге дейін азаяды, өзеннің тауалды жотасына шыққанда оларда теңескен күйде болады, ол жерде құлау 6-1, 6 м/км болады. Өзендердің көбі биік таулардан бастау алады мұздық және қар суымен қоректенеді, көктемгі - жазғы тасқыны бар. Су жинайтын ауданы көптеген өзендерде 3000 км² жетеді (Сарқан 3300 км²) . Тасу кезінде су шығыны 10-20 есе өседі. Тентек өзенінің орташа айлық су шығыны қаңтарда 9-15 м³/с, тасқын кезінде 200-360м³/с өседі.
Аймақтың бөлшектелуі биіктік климат зонасының әртүрлі ландшафтысының қалыптасуы нәтижесінде мәңгі қар зонасына ауысады. Жалаңашталу интенсивті эрозия аймағында байқалады.
Сарқан өзені бастау алатын Солтүстік-Орталық жотасының геологиялық-геоморфологиялық тұрғыдан зерттелуі. Сарқан өзені бастау алатын Жетісу Алатауының солтүстік-орталық жотасын алғашқы зерттеу жұмыстары ХІХ ғасырдың екінші жартысында А. И. Шренком (1840), А. Влангали (1851), И. В. Мушкетов (1874), Г. Д. Романов (1879) және Р. Закржевсктердің (1892) аумақтың жекелеген бөліктеріне маршруттық зерттеу сапарларын жасағаннан кейін басталды. И. В. Мушкетовтың еңбегінде бірінші рет Жетісу Алатауының аса ежелгі құрылымы-гнейсті метаморфтық қабаты мен кристаллды тақтатастары мен бірқатар пайдалы қазбалардың пайда болуы ( темір, мыс, қорғасын) туралы қысқаша сипаттама берілді. /6/
1906 жылы А. К. Мейстер Сарқан, Басқан және Лепсі өзендерінің алаптарының төменгі таскөмір кезеңіне жататын фаунаны және таскөмірдің пайда болуын анықтады. 1906-1910 жылдар аралығында Жетісу Алатауының солтүстік бөлігін В. А. Обручев (1915) зерттеу жүргізді. Оның еңбегі Жетісу Алатауының кеңестік бөлігінің геологиялық құрылысының ерекшелігін және жер бедерінің қалыптасуы туралы дұрыс түсінік қалыптастыруға көп мүмкіндік туғызды.
1916 жылы Н. Г. Кассин басқарған (1927), И. Горький, П. А. Грюша, М. Ф. Крутиков, В. А. Николаев, К. Б. Терлец және А. А. Шильниковтардың атқарған еңбектері, Жетісу Алатауының солтүстік бөлігінің тектоникасын, осы аумақтың палеогеографиясын зерттеді.
Ұлы Қазан революциясынан кейін Жетісу Алатауының солтүстік-орталық жотасының геологиялық зерттелуі Түрксібті салумен байланысты болды. С. В. Калесник (1933) Жетісу Алатауының Солтүстік жотасынан, Басқан және Тастыбұлақ өзендер бастауларынан гнейстер мен гранитті-гнейстерді анықтап, сипаттама берді. Ф. А. Макаренко (1936) Ақсу және Биен өзендерінің алабынан жоғарғы силур фаунасын анықтады және жоғарғы силур кезеңінің конгломератынан (жұмыртас) малтатас гнейстерінің жұмырланғанын кездестірді. /7/
Б. К. Терлецкий (1934) ортадевондық фаунаны анықтады және Қызылағаш өзен бассейндегі құмтасты - тақтатасты қабатты девон кезеңіне жатқызды.
1934-1935 жылдары А. К. Жерденко, С. Н. Колова және С. С. Ларка басшылығымен Жетісу жотасының шығыс бөлігіне зерттеу-түсіру жұмыстары жүргізілді. Сарқан, Басқан және Лепсі өзендерінің алабынан вольфрам, висмут, полиметалл кендерінің қалыптасқандығы анықталды.
1940 жылы М. М. Юдичевтің «Жоңғар Алатауы» атты монографиясы жарияланды. Бұл еңбегінде автор сол кезеңдегі шөгінділер туралы материалды да енгізді және стратиграфияға, тектоникаға, вулканизмге, ауданның жалпы тарихи даму заңдылығына нақты сипаттама берді, сондай-ақ генезистік пайда болу және кейінгі геологиялық зерттеу жұмыстары туралы да айтты.
Ұлы Отан соғысы жылдары полиметалл және сирек кездесетін металлдардың кен орындарын зерттеу Жетісу жотасының барлық бөлігінде жүргізілді. Оңтүстік жотада А. С. Осипов Солтүстікке - Н. М. Колпаков пен Е. В. Орлов (1941), П. П. Зотов (1941), Г. Н. Ионова (1945) зерттеу жұмыстарын жүргізді. Жамантас және Қызыл-Тентек кен орындары құрылыс материалына ұсынылды. Іле даласында мұнай мәселесін байланысты геологиялық және геофизикалық жұмыстарды (Костенко, Волин, Мордвилко, Проводников және т. б. 1942) жүргізді. /8/
1951-1955 жылдары Жетісу Алатауының солтүстік-орталық жотасында А. И. Семенов пен Г. В. Нехорошев жұмыс істеді. Олар жоғарғы полеозой стратиграфиялық схемасын толықтырды және аумақтың тектоникасы мен пайдалы қазбаларын зерттеді. Осы жұмыс негізінде 1954 жылы А. И. Семенов аумақтың геологиялық даму тарихымен металлогендік дамуын қарастырды, сондай-ақ бірінші рет аумақтың интрузивті кешені мен рудаминералды формацияның шөгінді және вулканогендік формациясы деп бөлді. Бүкіл регионды ол құрлымдық-металлогендік зона қатарына бөлді және қазбалардың жекелеген түрлерін зерттеуге ұсыныс берді.
1953-1956 жылдары Н. А. Афаничев пен А. Е. Савичев (1958) ЖетісуАлатауының солтүстік-орталық жотасының жалпы стратиграфиялық сызбасын жасады, құрылымдық-фацияльды зонаға және зона алдына бөлді сондай-ақ Солтүстік Жетісу жотасының геологиялық даму кезеңінің негізін қарастырды.
1954 жылы С. Е. Майрин, В. Г. Севестянов және П. П. Тихонов Жетісу жотасының Оңтүстік жотасынан силур түзілімін, карбон және пермь дәуірінің барлық үш бөлігін анықтады. 1955 жылы Сары-Өзек ауданынан С. Е. Майрин мен П. П. Тихонов бірінші рет төменгі вулканогенді түзілімді флораны Г. П. Радченконың зерттеуімен бөліп қарастырды. /9/
Сарқан -Басқан өзендерінің алабындағы сел әрекетін анықтау бағытында П. А. Черкасов бастаған гляциолог ғалымдар кешенді зерттеулер жүргізді. Л. К. Диденко-Кислицина, Е. П. Кислицин және т. б. (1965-1958) кайназой түзілімін бөлді және Жетісу Алатауының қазіргі тектоникалық жағдайын бірнеше қырларын және жер бедерінің қалыптасуын нақтылады.
1962-1963 жылдары Қ. И. Сәтпаев атындағы геология ғылым институты және Оңтүстік Қазақстан геолгиялық басқарушылығы Жетісу Алатауының геофизикалық зерттеу материалдарына есеп беру барысында геологиялық және металлогендік мәліметтер дайындады. Осы жұмыстың нәтижесі басты жұмыстың негізгісі болып саналады.
1. 2. Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық жотасының
геотектоникалық құрылысы
Жетісу жотасының геологиялық дамуының күрделі әрі ұзаққа созылған үрдісі, оның территориялық құрылымының біртекті еместігін көрсетеді. Жетісу жотасы толықтай Қазақ қатпарлы облысына жатады. Оның оңтүстік бөлігі каледонның консолидерленген массиві, ал солтүстігі Жетісу-Балқаштың герцин қатпарлы жүйесінің элементі болып табылады. Реглонда үш түрлі қасиетті құрылымдық кешендер анықталған: жеке геосинклинальдық, орогендік, постгеосинклинальдық.
Жеке геосинклинальдық құрылымдық кешеннің құрамына геосинклинальдық ерте және орта даму кезеңін көрсететін төменгі және орта құрылымдық баспалдақ кіреді және оған қатпарлықтың түзу сызықтық типі тән.
Орогендік құрылымдық кешеннің құрамына орогендік даму кезеңінде қалыптасқан қатпарлы жүйеден кейінгі әлсіз дислазиренген мезозойдың және кайнозойдың қалыпты түзілістерімен аралас болып келеді. Жетісу жотасының жеке геосинклинальдық және орогендік кешендерін қамтитын эпигерциндік фундаментіне Солтүстік Жетісу жотасы, Орталық Жетісу жотасы және Оңтүстік Жетісу жотасының антиклинорийлері жатады. /10/
Постгеосинклинальдық құрылым кешені тауалды және тауаралық иіндерде (кешендерде) дамыған (Солтүстік Жетісу жотасының синклинорий ұзақ уақыт) Іле, Оңтүстік Балқаштың, Жетісу алды, Алакөл т. б. Солтүстік Жетісу жотасының синклинорийі ұзақ уақыт дамыған Солтүстік Жетісу жотасының терең иінді ойысының орынында қалыптасты, сонымен қатар Тастау және Сарқан құрылымдық формациондық зона территориясын қамтиды. Онда шамамен девон және төменгі таскөмір түзілімі ашық жатыр. Синклинорийдің қатпарлы құрылымдары бір мезгілде қалыптаспаған.
Сарқандық құрылым-формациондық зонадағы олардың пайда болуы жоғары девондық - төменгі таскөмірлік қатпарлықта қалыптасқан. Сондай-ақ осы уақытта Тастау құрылымының негізгі элементтері орта карбонның басында басталған негізгі қатпарлықта қалыптасқан.
Олардың ішінде Буланбай, Жанжүрек, Күнгей, Тастау синклиналі, Үйгентас антиклинальдері ерекшеленеді. Ірі қатпарлықтар ондаған шақырымға созылады. Мысалы Күнгей синклинальнің ұзындығы шамамен 60 км, ал Жанжүрек қатпарлығы одан әрі Тамшылы тауы арқылы Кетті-Байбурлы тауында 110 км-ге созылды. Қатпарлардың ені ондаған шақырымға жетеді, кейде 5-10 ақырымнан аспайды. Қатпарлардың көп бөлігі түсу бұрышы 45-0º, көбінес 60-70º түзу симетриялы. /11/ Ірі қатпарлықтар ұсақ қатпарлықтармен араласқан және тектоникалық бұзылу әрекеті көп бөлігінде қатпарлы құрылымының осіне сай немесе олардың үшкір бұрыштарымен өтеді.
Тастаулық зонада негізінен орта құрылымдық баспалдақ дамыған. Синклинальдың ядросы төменгі таскөмірде пайда болып қалыптасқан. Ал антиклинальдер Тастау тас топшасының төменгі түзілім бөлігінде немесе ядросынан төменгі девон эйфельдік ярус жыныстары анықталған.
Орта құралымдық қатпарлық жынысының жалпы тарауына қарамастан төмен жағына қарағанда жоғарғы горизондтары біршама әлсіз дислоцириенген. Оларда неғұрлым брахи қатпарлық форманың сипаты пайда бола бастаған және құлама бұрышының жынысы неғұрлым көп.
Сарқан зонасына ендік бағыты шамамен 250 шақырым арақашықтықтағы ірі Сарқан синклиналі тән. Оның қанаттары төменгі құрылымдық қатпарлығында пайда болған (төменгі девон-эйфельдік ярус), ал ядросы живеттік түзілім (орта құрылымдық қатпарлық) . Сарқан синклиналі ұсақ қатпарлы қатпарлықпен түзілген. Кең талданған түзу қатпарлы симетриялы, көлбеулі жиі қатпарлықтар ірі құламалы қанатты болып келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz