Тауар – ақша қатынасы жағдайында табиғатты пайдалану



КІРІСПЕ
1 Экология ғылымының қалыптасу
кезеңдері және құрылымы
2 Тауар . ақша қатынасы жағдайында табиғатты пайдалану және меншік қатынастары
ҚОРЫТЫНДЫ
Қолданған әдебиеттер тізімі
Экология – биология ғылымының негізінде XIX ғасырдың орта шенінде айқындала бастағанымен оның өз деңгейіне көтерілуі XIX ғасырдың аяғымен XX-ғасырдың басы болып саналады. Десе де, алғашқы экологиялық зерттеулердің элементтерін біз көне дәуір оқымыстылары Эмпедокл, Гиппократ, Аристотель, Теофоаст еңбектерінен көреміз. Табиғат құбылыстарын зерттеушілер өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіндегі морфологиялық, физиологиялық бейімдеушіліктерді оның қоршаған табиғи ортасына тәуелді екендігі шеңберінде экологиялық тұрғыдан қарастырады. Экология ғылымының қалыптасуын негізгі 3 кезеңге бөліп қарастыруға болады.
I кезең. Биоэкологиялық зерттеулердің жаппай сипат алу кезеңі. Бұл кезең XVIII ғасырдың аяқ шенін қамтиды. Мәселен, К.Ленин (1707-1788), Ж.Ламарк (1744-1825), А.Декандоль (1806-1893), П.С.Паллас (1741-1811), И.И.Лепехин (1740-1802), А.Гумбольд (1769-1859), К.Ф.Рулье (1814-1858), Н.А.Северцов (1827-1885), Н.А.Бекетов (1825-1902), Ч.Дарвин (1809-1882), К.Мебиус (1825-1908), Э.Геккель (1834-1919), Е.Варминг (1841-1924), В.В.Докучаев (1846-1903), т.б. табиғат зерттеуші биологтар, систематиктер, географтар өздерінің еңбектерінде экологиялық сипаттағы ғылыми –зерттеулер жүргізіп, экология ғылымының дамуына өз үлестерін қосты. Осы тұстардағы жарық көрген Ж.Б.Ламарктың “Жануарлар мен өсімдіктер эволюциясы”, А.Декандольдың “Ботаникалық география”, К.Ф.Рульенің “Жануарлар экологиясы”, А.Н.Бекетовтың “Өсімдіктер географиясы”, Ч.Дарвиннің “Түрлердің шығу тегі”, В.Докучаевтің “Ландшафтар мен табиғат зоналары туралы ілімі”, т.б. еңбектер экология ғалымының негізін қалаған еді. Ал, неміс зерттеушісі – дарвинист Э.Геккель 1866 жылы “Экология” терминін алғаш рет ғылымға енгізсе, Е.Варминг оны 1895 жылы ботаникаға енгізеді.
1.Нұршайықова.Г.Т, Шестак.В.Л Стандарттау, сертификаттау. Өскемен 2005 жыл.
Сауырбаева.Б.С, Реутова .Г.А, Умарова.Т.А, Стандарттау сертификаттау техникалық өлшеулер Өскемен 2004 жыл.
Нұрбаева.Н.А, Экология Өскемен 2004 жыл.
Ақпанова.А.С, Өнеркәсіптік экология Өскемен 2005 жыл.
Нысанбаев.С.Н, Маркетинг негіздері оқулық Алматы 2002 жыл.
Нұрахметов.Б. Қазаұстан Республикасының кеден ісі. Алматы 2000 жыл.
Сертификаттау (оқулық) Алматы 2000 жыл.
Нұржанова.Б.Т. Қайыржанова.Б.Т. Кеден ісі. Астана 2003 жыл.
Ә.С.Бейсенова Ж.Б.Шілдебаева Г.З.Сауытбаева Экология оқулық.
Алматы 2001 жыл.
10.Жақашев Д.С. Кеден органдарының құқықтық мәртебесі теориясы мен
практикасының мәселелері. Алматы 2003 жыл.
11.Мадиярова Д.М Қалдыбаева.А.Е, Текенов.Ұ.А, Есімбаева.С.О. Кеден
ісін ұйымдастыру және басқару. Алматы 2000 жыл.
12.Қазақстан Республикасының Кеден Кодексі (Ресми мәтін) Алматы 2003-
жыл.
13.Е.М.Үпішев, С.Мұқаұлы. Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны
қорғау. Алматты 2006-жыл.
14.Байгішев.М. Халқаралық экономикалық оқулық. Алматы 1998- жыл.
15.Сахариев.С. Әлем экономикасы оқулық. Алматы 2005-жыл.
16.Әубәкіров.Ғ. Сертификаттау,стандарттау және өнім сапасын басқару.
Алматы 1996-жыл.
17.Сағадиев.А.Смағұлов. Сертификаттау. Алматы 2000-жыл.
18. Мадиярова.Д.М. Сыртқы экономикалық саясат және экономикалық
Қауіпсіздік. Алматы 2000-жыл.
19.Бердюгинг Кеден бақылауды жетілдіру. Алматы 1997-жыл.
20.Тілемісов.Н. Ел келбеті кеденнен көрінеді. Өскемен 2001-жыл.

СОДЕРЖАНИЕ

Экология ғылымының қалыптасу 1
кезеңдері және құрылымы 1
Тауар – ақша қатынасы жағдайында табиғатты пайдалану және меншік қатынастары 5
КІРІСПЕ 1 10
ҚОРЫТЫНДЫ 12
Қолданған әдебиеттер тізімі. 13



Экология ғылымының қалыптасу
кезеңдері және құрылымы
Экология – биология ғылымының негізінде XIX ғасырдың орта шенінде айқындала бастағанымен оның өз деңгейіне көтерілуі XIX ғасырдың аяғымен XX-ғасырдың басы болып саналады. Десе де, алғашқы экологиялық зерттеулердің элементтерін біз көне дәуір оқымыстылары Эмпедокл, Гиппократ, Аристотель, Теофоаст еңбектерінен көреміз. Табиғат құбылыстарын зерттеушілер өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіндегі морфологиялық, физиологиялық бейімдеушіліктерді оның қоршаған табиғи ортасына тәуелді екендігі шеңберінде экологиялық тұрғыдан қарастырады. Экология ғылымының қалыптасуын негізгі 3 кезеңге бөліп қарастыруға болады.
I кезең. Биоэкологиялық зерттеулердің жаппай сипат алу кезеңі. Бұл кезең XVIII ғасырдың аяқ шенін қамтиды. Мәселен, К.Ленин (1707-1788), Ж.Ламарк (1744-1825), А.Декандоль (1806-1893), П.С.Паллас (1741-1811), И.И.Лепехин (1740-1802), А.Гумбольд (1769-1859), К.Ф.Рулье (1814-1858), Н.А.Северцов (1827-1885), Н.А.Бекетов (1825-1902), Ч.Дарвин (1809-1882), К.Мебиус (1825-1908), Э.Геккель (1834-1919), Е.Варминг (1841-1924), В.В.Докучаев (1846-1903), т.б. табиғат зерттеуші биологтар, систематиктер, географтар өздерінің еңбектерінде экологиялық сипаттағы ғылыми –зерттеулер жүргізіп, экология ғылымының дамуына өз үлестерін қосты. Осы тұстардағы жарық көрген Ж.Б.Ламарктың “Жануарлар мен өсімдіктер эволюциясы”, А.Декандольдың “Ботаникалық география”, К.Ф.Рульенің “Жануарлар экологиясы”, А.Н.Бекетовтың “Өсімдіктер географиясы”, Ч.Дарвиннің “Түрлердің шығу тегі”, В.Докучаевтің “Ландшафтар мен табиғат зоналары туралы ілімі”, т.б. еңбектер экология ғалымының негізін қалаған еді. Ал, неміс зерттеушісі – дарвинист Э.Геккель 1866 жылы “Экология” терминін алғаш рет ғылымға енгізсе, Е.Варминг оны 1895 жылы ботаникаға енгізеді.

II кезең. Экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасу және даму кезеңі. Бұл кезең Э.геккель, Е.Варминг, К.Мебиус, т.б. шетелдік табиғат зерттеушілерімен қатар орыс ғалымдарының есімдерімен байланысты, XIX ғасырдың басы мен XX ғасырдың 70-80 жылдарын қамтиды. Атап айтқанда Мәскеу университетінің ғалымдары Н.А.Северцов, М.А.Мензбир, Б.М.Житков, Д.Н.Кашкаров, Н.П.Наумов, А.Н.Формазов, НүИ.Калабухов, т.б. жан-жақты экологиялық зерттеулерді жүргізсе, сол сияқты Қазан универ-ситетінде Н.Ф.Леваковский, С.И.Коржинский, А.Я.Гордягин, Г.И. Панфильев, П.Н. Крылов, т.б. өсімдіктер экологиясын зерттеп дамыта түсті.
Әсіресе, осы кезеңдердегі Г.Ф. Морозовтың Орман туралы ілімі, Д.Н.Кашкаровтың Орта және бірлестіктер, Жануарлар экологиясының негіздері, ағылшын А. Тенслидің “Экожүйелер туралы ілімі”, орыс ботанигі В.Н. Сукачевтың “Биоценоз”, В.И.Вернадскийдің “Биосфера туралы ілімі”, т.б. ғалымдардың еңбектері экология ғылымының негізін қалаған болатын. Бұдан әрі экология ғылымы жеке ғылым деңгейіне көтеріліп, өзінің зерттеу салаларын, мақсат пен міндеттерін айқындай түсті.
Экология ғылымы жіктеле бастады. Оны біз су организмдерінің экологиясы (Л.А. Зенкеевич, Г.Г. Винберг, Г.В. Никольский, Б.Г. Ноганзян), топырақтағы организмдер эколагиясы (М.С.Гиляров), насекомдар экологиясы (И.В. Кожанчиков, Г.Я. Бей-Биенко, В.В. Яхонтов, Г.А. Викторов), паразитологиялық экология негізін салушылар (В.В. Догель, Е.Н. Павловский, В.Н. Беклемишев), сүтқоректі, құс және бауырымен жорғалаушылар экологиясы (А.Т. Банников, Н.И. Калабухов, Н.П. Наумов, А.Н. Формозов, Г.А. Новиков, С.С. Шварц ), өсімдіктер экологиясы (В.Н.Сукачев,Б.А. Келлер, П.Д. Ярошенко), деп танимыз. Осы түстарда жоғарыдағы ғалымдардың экология ғылымының әр түрлі салалары бойынша теориялық фундаментальды

ғылыми еңбектері жарық көрді. Мәселен, А.П. Шенниковтың “Өсімдіктер экологиясы” (1950), Б.Г. Иоганзеннің “Экология
Негіздері” (1959), Н.Б. Наумовтың “жануарлар экологиясы” (1963), т.б. еңбектері қазірге дайін маңызын жойған жоқ.
Осы орайда, Белоруссия ғалымдарының еңбектері ерекше аталуы тиіс. Атап айтқанда, ғалымдар: В.А. Плющевский-Плющик, П.Ф.Соловьев, А.И. Радкевич, С.В. Шостик, П.Жуков, И.К. Лопатин, Л.С. Долбин, В.В. Адамов, Б.И. Якушев, Г.А. Новиков, Г.Г. Винберг, Л.М. Сущени, Л.В. Камлюк, т.б. өз кезегінде экология ғылымын дамытуда шоқтығы биік тұрды.
Экология ғылымының салалары бойынша көп жылғы ғылыми – зерттеу жұмыстарының негізінде монографиялар, оқу құралдары, анықтамалар жарық көре бастады. Отандық ғалымдардың еңбектерімен қатар шетелдік
экологтар А. Пирсаның “Жануарлар экологиясы” (1926), Ч. Элтонның “Жануарлар экологиясы” (1934), Шелфорд пен Ф.Клементтің “Биология” (1939), Ю. Одумның “Экология және экология негіздері” (1975, 1986), Р.Риклефстін “Жалпы экология негіздері” (1979), Ф.Рамаданың “Қолданбалы экология негіздері” (1981), Н.Чернова мен А.Былованың “Экология” (1988), В.А. Радкевичтің “Экология” (1977), Н.Ф. Реймерстің “Экология” (1944), т.б. еңбектері соңғы жылдары жарық-көрген құнды еңбектер қатарына жатады.
III кезең. Экология ғылымының өрлеу кезеңі. Қазіргі заманғы экология – бүкіл әлемдік ғылымдар мен әлеуметтік, экономикалық жағдайлар және проблемаларды қамтитын деңгейге жетіп отыр. Осыған орай, экология ғылымының қолданбалы және адам экологиясы бағыттары дами түсуде.
Экологияның жаңа салалары бойынша теориялық және практикалық зерттеулер жүргізілуде. Олардың қатарына: А.М. Гиляровтың “Популциялық

экология” (1990), М. Захарченконың “Экологияның қазіргі проблемалары “,(1955), Н. Реймерстің “Экология” (1994), В.В. Глуховтың “Экологияның экономикалық негіздері” (1995), Ф. Мотузконның “Экология негіздері” (1994), С. Боголюбовтың “Экология және право” (1989), Ю. А. Израильдің
“Экологиялық мониторинг” (1995), Н. Реймерстің “Экологияландыру” (1993),
Г. Сидеренконың “Экология ның қазіргі заманғы проблемалары“ (1989), В.Вронскийдің “Қолданбалы экология “ (1996), С. Тлеубергеновтың “Адавм экологиясы” (1996), С. Дрябо мен В. Ясвиннің “Экологиялық педогогика және психология” (1996), В. Хелсенің “Философия және экология” (1993), т.б. еңбектерді жатқызуға болады.

Тауар – ақша қатынасы жағдайында табиғатты пайдалану және меншік қатынастары

Тауар-ақша қатынастарының дамуы және еңбек бөлінісі адамдардың табиғатты пайдалану сипатын өзгертті. Табиғи заттар мен күштер бұрынғыдай тікелей адамдардың тіршілік жағдайы болып табылмайды. Олардың орнын қолдан жасалған заттар, бұйымдар және басқа жағдайлар басты. Егер бұрын табиғат заңдылықтары қоғамның өндірісті қалыптастырса, енді қоғамдық өндірістің, айырбас пен бөлудің және тұтынудың заңдылықтары адамдар арасындағы қатынастарға, тіпті табиғи құбылыстарға әсер ете бастады.
Табиғат ресурстарын тұтыну айырбас арқылы болады, ал ол адамдар мен адамдар арасындағы ғана емес, адамдар мен табиғат арасындағы айырбасты тудырады. Тауар қатынастарына дейін адамдар табиғаттан тек өзіне керегін ғана алып, өзінің қажетін қанағаттандырады. Тауар қатынастары дамығанда қатынас желісі ұзарып бірнеше тізбекке бөлінеді. Тауар өндірушілер қазір табиғаттан өзінің ғана қажетін алып қоймайды, айырбасқа тауар өндіру үшін алады. Өндіріс кезінде, яғни табиғат пен тікелей қатынас кезінде табиғаттан қанша зат, қуат алу шегін білмейді.
Ол тек айырбас пен тұтыну соңында ғана белгілі болады. Тауардың пайдалылығы жеке тұтынушының қажетіне шектелмейді қоғамдық қажеттілікпен өлшенеді. Тауар айырбасына өндірушілер, тұтынушылармен қатар, оны тасымалдаушылар, сақтаушылар, саудагерлер, араласады және халықаралық еңбек бөлінісі нәтижесінде көптеген елдердің тауар өндірушілері мен тұтынушылары қатысады. Бір сөзбен айтқанда, тауар айырбасы бүкіл

қоғамдық сипатқа ие болады. Оған экономикалық саясат, халықаралық сауда, кеден саясаты және т.б. әсер етеді.
Егер бұрын адамдардың табиғатты пайдалану табиғи қажеттіліктерге байланысты болса, енді әлеуметтікке айналды және адамдардың табиғатқа тәуелділігі көмескіленіп, қоғамдық өндіріс алдыңғы орынға шықты.
Табиғат ресурстарын айырбас арқылы тұтыну оларды сарқылтуға экологиялық тоқырауға әкелетін ең негізгі себеп. Өзінің көптеген қажеттерін қамтамасыз ету үшін қоғамдық айырбасқа қатысуға мәжбүр болады. Жеке табиғат ресурсын сарқылтып, оған теріс әсер етіп жатқанын сезген күннің өзінде, ондай әрекетін тоқтата алмайды. Өйткені өзінің қажеттерін өндірген тауарын сату арқылы ғана қанағаттандыра алады. Сөйтіп тауар-ақша қатынастары табиғат ресурстарын тұтынуды арттыруға себеп болады, яғни экологиялық тоқыраудың алғышарты жасалады.
Тауар-ақша қатынасы адамды табиғаттан оқшаулатады, енді қанша табиғат ресурсын пайдалану қажет екенін өзі шешпейді, адамның табиғатпен қатынасын оның еркінен тыс адамдар құрған әлеуметтік орта реттейді. Әлеуметтік орта адамдар мен табиғаттың және адамдардың өзара қатынастарын реттейді. Адамдар құрған өндірістік және әлеуметтік қатынастар тауар өндіруді ұлғайту үшін орманды жоюға, жерді тоздыруға, суды, ауаны ластауға мәжбүр етеді.
Индустриалдың қоғамда табиғатты зат, қуат алмасуы едәуір өзгерістерге ұшырады. Бұрын адам экожүйенің құрамдас бөлігі ретінде табиғатта айналымға қосылатын, енді ол айналымға жаңа заттар, қуат қосатын күшке айналды. Өнеркәсіп табиғи ортадан аса көп мөлшерде заттар қуат алады және табиғи ортаға көптеген қалдықтар шығарады. Олардың кейбіреулері табиғи ортада ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Корпоративтік қаржының мағынасы мен мәні және көрсеткіштері
Экологиялық құқық негізінің түсінігі, пәні, жүйесі
Экономика және оның қоғам өміріндегі орны
Жер рентасы
Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық мәні мен оның обьектілері
Экономикалык теория бойынша дәрістер
Дәрістер жинағы. (Экономика.)
Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану қоғамның экономикалық даму барысын жетілдірудің міндетті шарты
Өндірістің экономикалық мәні
Экономикалық жүйелер, ұғымы, типтері және салыстырмалы сипаттамасы. Сұраныс және ұсыныс икемділігі оның түрлері
Пәндер