«Ахмадия» немесе «Қадияния» діни ағымы (Пәтуалар)


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

«Ахмадия» немесе «Қадияния» діни ағымы (Пәтуалар)

http://kattani.kz/wp-content/uploads/2011/01/Mirza_Ghulam_Ahmad.jpg Қадияни тобы адасқан ағымдардан саналады. Көпшілік оларды білмегендіктен мұсылман деп ойлайды. Негізінде олай емес, сондықтан бұл қандай ағым екендігі туралы айта кетелік?

Қадиянилік 1900 жылда Үндістанда отарлаған ағылшындардың жоспары бойынша отаршыларға қарсы ислам атымен көтеріліске шығармау, мұсылмандарды діннен алыстату мақсатында пайда болған діни әрекет, туындысы.

Бұл діни әрекет басшылыққа таңдалған Мырза Қулам Ахмад (суретте) Қадиянийдің (1839-1908 ж. ) атымен аталады. Ол Үндістанның Пәнжап өлкесіндегі Қадиян деген елді мекенде дүниеге келген.

Оның ата-бабалары діні мен отанына жасаған қиянаттарымен, отаршыларға шынайы қызметпен танымал. Ол жастайынан ағылшындардың қолында өсті. Құран оқуды, араб және парсы тілдерін, кейіннен и логика және философия пәндерін оқып, әкесінен әкімшілік істерінде қоса үйренді. Ол «Изалет әл-Ауһам», «Ижаз Ахмади», «Барахин Ахмадия», «Ануар әл-Ислам», «Ижаз әл-Масих», «Ат-таблиғ» атты өз бағытына икемдеп жазылған кітаптардың авторы. Ғұлам Ахмад өзі туралы еңбектерінде һижри ХІҮ ғасырдың реформаторы, Алланың оған бір жамағат құруына әмір еткендігі, Алла Тағала оның мұсылмандардың күткен Масихі және Махдиі ретінде жібергендігі, мұсылман және христиандар үшін бірдей кришна аватар екендігі туралы айтылады. Слндай-ақ, онда исрайылдықтар Иса өлді деп ойлап жерлегеннен кейін өзіне келіп, жаралаларын «мархами Иса» деген дәрімен өз-өзін емдеп, дінді үгіттеу және жоғалған Исрайылдың он қойын іздеуге Кашмирға бет алады-мыс. Кашмирде 120 жасқа жетіп өлген екен. Сринагарда жерленіпті. Ақырзаманға таяу келуі тиіс деп күтілген Иса бин Мариям (ғ. с. ) емес, жаратылысы мен түрі соған ұқсаған Мұхаммед (с. ғ. с. ) үмметінің бірі. Ол мұсылмандардың күткен Масихі, әрі Махдиі-міс.

Ғұлам Ахмадтың өзі туралы жорамалдары өзінен кейінгі шәкірттерін екіге айырып, араларында қақтығыстар туғысды. Мысалы: Қадиян тобы оның шынайы түрде пайғамбарлығын, Лахур тобы Ғұлам Ахметтің реформатор, әрі Иса Масих пен Махди екендігін ғана мойындайды. Ғұлам Ахмед дүние салғаннан кейін орнына Хаким Нуриддин сайланып, ол Иса Масихтің бірінші халифасы болып саналды. Ағылшындар оған патшасы киетін тәж кигізді. Ол «Фасл әл-Хитаб» атты кітабының авторы.

Қадиянилардың Лахурдағы басшысы Мұхаммед Али Құран кәрімді қадияний масхабы бойынша ағылшын тіліне аударды. «Қадияния» деген журналдың ең алғашқы сандарын жарыққа шығарды. Оның «Хақиқат әл-Ихтилаф», «Ан-Нубууат фил-Исләм» және басқа да кітаптары бар.

Мұхаммел Садық деген кісі қаниянилықтардың мухфтиі міндетін атқарған. Ол «Хатим әл-Набийн» атты кітап жазған. Қадиянилардың танымал басшыларының бірі Башир Ахмад Ғулам. «Сиратул-Махди», «Калиматул-Фасл» деген кітаптардың авторы.

Қадиянилардың сенімі бойынша, Мырза Ахмад Ғұлам Қадияний имам Махди және Масих, яғни Иса пайғамбар. Бұл мүлдем дұрыс емес. Олардың сенімі бойынша Алла тағала ораза ұстайды, намаз оқиды, ұйықтайды, оянады, жазады, тіпті қол қояды, адасады т. б Алла бұлардан пәк.

Қадиянилардың сенімі бойынша олардың құдайы - ағылшын. Оған уаһи ағылшын тілінде жеткізіледі. Мұхаммед соңғы пайғамбар емес, Алла әрқашан пайғамбар жіберіп тұрады. Пайғамбарлардың ең абзалы Ахмад Қадияний. Жәбірейіл (ғ. с. ) періште Ғұлам Ахмадқа Құран сияқты уаһи алып түсуші. Ғұлам Ахмадқа түскен кітаптан басқа Құран жоқ. Оның тәлімдерінен, өсиеттерінен басқа хадис жоқ. Ғұлам Ахмадтан басқа пайғамбар жоқ. Оларға түскен кітаптардың аты - «Китабул-мубин». Қадиянилар өздерін жеке бір дін және шариғат иелері деп біледі. Ғұлам Ахмадты шәкірттері Мұхаммед (с. ғ. с. ) пайғамбардың сахабалары сияқты дейді. Олар үшін Қадиян елді мекені Меккеден және Мадинадан да артық. Қадиян Мекке тәрізді харам саналады. Қадиянилықтардың құбыласы және қажылық орны да сол. Олардың сенімі бойынша жиһад парыз емес. Отанды қорғау деген түсініктен мақұрым. Дүние жүзі ағылшындарға бағынуға тиіс. Ахмадилықтың қабылдамаған әрбір мұсылманды кәпір санайды. Сондай-ақ ахмадияларғақызын әйелдікке бермеген кәпір. Арақ ішу, героин сияқты мас ететін нәрселерді қолдануға, сатуға, сатып алуға рұқсат етеді.

Ежелден ислам өлкесі болып келгенҮндістан бұл түрдегі исламға қайшы топтың исламның сатымен шығуна бей-жай қарамады. Қадияниларға қарсы мақалалар, кітаптар жазылды, пәтуарлар шықты. Олар Ғұлам Ахмадты жазған еңбектерінен ислам дінін арашалап, қатты қорғады.

Қазіргі кезде барлық мұсылман елдерінде Ахмади мұсылман ағымдарына жатқызбайды. Мысалы Пәкістанда ахмадиялардың лидері Мырза Насыр Ахмад пен шайх муфти Махмуд арасында ғылыми бәсеке өткен. Отыз сағатқа созылған бәсекеде ахмадиялықтардың лидерінен бірде-бір дәйекті жауап алынбағандықтан, бұл топ кәпір саналып, Пәкістанда ағым мүшелерінің өздерін мұсылман деп санауға тиым салынған. Ислам әлеміндегі «Рабита әл-аләм әл-исләм» лигасы 1974 жылы Ахмадия тобын «ислам дінінің жауы» деп жариялап, қадиянилар туралы төмендегідей пәтуалар шығарған: қадиянилық мұсылмандықтан жат, оларға қыз беруге, одан қыз алуға болмайды. Олардың сойған малының етін жеуге болмайды және біреуі қайтыс болса, мұсылмандардың зиратына көмуге, қажылыққа қадамдарын аттатпауға шешім қабылданды.

Оларға қарсы мұндай іс-әрекеттен кейін олар өздерінің негізгі атауларын жасырып, Қадияни емес, Ахмадий, Ғуламий, Миразий есімдермен шығуға әрекеттенді.

Қазіргі таңда ағым өз қозғалысы туралы ағылшын тілінде шығарылатын журналдары арқылы жариялап тұрады. Олардың орталығы Лондонда. Өкілдері Батыс мемлекеттерімен қатар Африка елдерінде, АҚШ-та, Үндістан, Пәкістанда да кездеседі. ТМД-ның кейбір елдері сияқты қадиянилар тобы бізде де ресми түрде тіркеуден өтіп алған. Олар өздерін Ахмадия тобы, мұсылманбыз деп таныстырады. Көбінесе өздерін кәсіпкер, саудагер, қайырымдылық қорының өкілдері ретінде санайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Діни бостандықтың қоғамдық өмірге әсері
Сәләфи ағымы
Тәуелсіздіктен бұрынғы ислам дінінің ахуалы
А- Қадиянилік және оған баратын жол
Қазіргі дәстүрден тыс діни ағымдар және діни экстремизм
Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан Республикасындағы діни ахуал
Діни таным және жат ағымдар
Қазақстандағы дін және мемлекет қатынастары
Қазақстандағы баптизм дінінің таралуы
Хазреті Әлидің халифалығы заманында шыққан адасқан топ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz