Ауыл мектебі оқушыларының экологиялық тәрбиесін қалыптастыру


Қазақстан Республкасы Білім және ғылым министрлігі
А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Утембаева Айгерім
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Ауыл мектебі оқушыларының экологиялық тәрбиесін қалыптастыру
050103-мамандығы бойынша - «Педагогика және психология»
2010
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
«Қорғауға жіберілді»
«Жалпы педагогика және этнопедагогика»
кафедрасының меңгерушісі, п. ғ. к.
Г. А. Кайбульдаева
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Ауыл мектебі оқушыларының экологиялық тәрбиесін қалыптастыру
050103-мамандығы бойынша - «Педагогика және психология»
Орындаған: Утембаева А.
Ғылыми жетекшісі
аға оқытушы: Исахова Ш.
2010
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
I АУЫЛ МЕКТЕБІ ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . .
1. 1 Ауыл мектебі оқушыларының экологиялық тәрбиесін қалыптастырудың сипаты . . .
1. 2 Ауыл мектебі оқушыларына этномәдени құндылықтар арқылы экологиялық тәрбие берудің мәні . . .
II АУЫЛ МЕКТЕБІ ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2. 1 Ауыл мектебі оқушыларының экологиялық тәрбиесін қалыптастырудың мазмұны . . . 36
2. 2 Ауыл мектебі оқушыларының экологиялық тәрбиесін қалыптастырудың әдіс-тәсілдері . . . 45
Қорытынды . . . 65
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 67
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Елімізде болып жатқан саяси-әлеуметтік, мәдени-этникалық, экономикалық өзгерістерге байланысты әлеуметтік және материалдық құндылықтарды жасауда жан-жақты үйлесімді дамыған, Отанның, туған жерінің табиғатын қорғау, өз алдына жауапты шешімдер қабылдай алатын әр істе белсенді шығармашылық әрекет жасауға қабілетті тұлғаны қалыптастыру көкейкесті мәселе болып отыр. Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасында, экологиялық білім беру жүйесінің мақсатында» . . . ұзақ мерзімдік орнықты даму мүмкіншілігі қамтамасыз ететін қоғамның қоршаған ортамен қарым-қатынасының үйлесімділігі, мекемелердің ғылыми негізгі әрекет жүйесіне бағытталған жаңаша ойлау мен дүниеге жаңа көз қарасты қалыптастыру» - деп көрсеткен [1] .
Тұжырымдаманы негізге алсақ, экологиялық сауатсыздық, табиғат заңдарын білмеу, біле тұра олармен санаспау, бүгінгі экологиялық дағдарыстың негізгі себебі болып отырғаны бәрімізге аян.
2003 жылы «Ауыл мектебі» бағдарламасы қабылданып, ауыл мәдениетін көтеру үшін пәрменді іс-шаралар белгіленді. Бағдарлама ауыл білімінің сапасын жоғарылатуға мүмкіндік беріп, оқу тәрбие үрдісін ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуімен байланысты болады.
Бұл жөнінде 2003 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында» және 2004 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында» атап көрсетілген.
Экологиялық білім берудің теориялық негіздері орыстың табиғат зерттеушілері әрі көрнекті педагог ағартушылары В. Белинский, А. Герцен, Н. Чернышевскийдің есімдерімен тығыз байланысты. Одан соң А. Бекетов, К. Тимирязев, Д. Кайгородов, т. б. ғалымдар табиғатты зерттеу мен қорғау туралы мәселелерді көтерді [2] .
Келешек ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыра отырып, жаңа заманның көкірегі ояу, ұлттық сана-сезімі жоғары саналы азаматты тәрбиелеу ұзақ әрі күрделі процесс болып табылады. Сондықтан бұл мәселе бүгінгі таңда өткір қойылып, өз шешімін табуды қажет етіп отыр. Аталмыш мәселені шешуде көптеген ғалымдар өз үлестерін қосқан.
Қазақтың біртуар данышпандары А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, Ш. Уалиханов, Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов т. б. еңбектерінде табиғат пен адам өмірінің тіршілігін ажырамайтын, бөліп қарастыруға келмейтін біртұтас дүние ретінде қарастырған.
Шағын жинақталған мектептердегі оқыту процесін ұйымдастыру мәселесі қазақ тілінде жазылған Ж. Аймауытовтың «Комплекспен оқыту жолдары» атты кітабында айтылған. Ал ғалым-әдіскер Ғ. Бегалиев шағын жинақталған ауыл мектептерінің өзіндік ерекшеліктерін ашып көрсетеді.
Зерттеушілер назарынан ауыл мектептерінің жеке проблемалары да тыс қалмауда. Нарықтық экономикаға бейімделу мәселелерін С. Хозе, В. А. Яковлев көтерсе, агротехникалық білім мен біліктілікті қалыптастыру қажеттілігі жөнінде Л. Бохан, Э. Д. Гусева, Л. З. Красновский, Н. Б. Османова, ауыл мектептеріндегі сабақ тиімділігін арттыру (З. Бейсенбаев), осы үлгідегі мектептер үшін мұғалімдер дайындау (Ғ. З. Әділғазинов), жазбаша шығармашылыққа негізделген тіл дамыту әдістемесін жасау (Н. М. Сламбекова) мәселелері жеке дербес объект ретінде қарастырылған.
Көптеген авторлардың еңбектерінде білім берудің неғұрлым маңызды бөлігі ретінде оқушыларға экологиялық тәрбие берумен байланысты аспект атап көрсетіледі (М. А. Лигай, Г. Ф. Суворова, Г. С. Петрищева) .
Қарастырылып отырған проблеманың ғылыми тұрғыдан дамып, қалыптасуына қазақстандық ғалымдардың да қосқан үлесі ерекше. Әсіресе Ә. С. Бейсенова, Н. С. Сарыбеков, К. Ж. Жүнісова, Ж. Ж. Жатқанбаев, Ә. Б. Бірмағанбетов, К. А. Сарманов, М. Н. Сарыбеков, А. Болтаев, Ж. Б. Шілдебаев, Б. В. Мұқанов, К. А. Аймағанбетова, М. Ж. Жапбасбаев, Е. А. Ахметов, С. Орынбеков, Ү. Ә. Есназарова, Д. Жангельдина, В. М. Назаренко, К. Ж. Бұзаубақова, С. Қоңырова т. б. еңбектері экологиялық білім мен тәрбие беру проблемасының әртүрлі аспектілеріне арналған [3] .
Сонда да болса жүргізілген талдаулардың нәтижесінде және қазіргі мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарын зерттеудің қорытындысында ауыл мектебі оқушыларына экологиялық тәрбие беру мәселесі ғалымдар назарынан әзірше шет қалып отырғанына көзіміз жетті. Ғылыми ізденістердің санқырлылығына қарамастан педагогикалық әдебиеттерде ауыл оқушыларында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға деген кешенді қадам байқалмайды. Дегенмен де XXI ғасырда проблеманы философиялық тұрғыдан ұғыну (В. С. Библер, Б. С. Гершунский), адам мәдениетін қалыптастыру мәселесін өткір проблема етіп қояды. Жалпы мәдениеттің маңызды бөлігі болып табылатын экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ауылды жерлерде белгілі бір жағдайлар бар. Бұл туралы 1999 жылы Ы. Алтынсарин атындағы Қазақтың білім Академиясында қабылданған экологиялық білім бағдарламасының «Экологиялық білім беруді ұйымдастыру және басқару» деп аталатын бөлімінде аймақтық және жергілікті деңгейде экологиялық білім беру жүйесін жасау керек деп атап көрсетілген, бірақ әлі күнге дейін оны қалыптастырудың ғылыми негізі жасалынбаған.
Оның үстіне ауыл мектептерінің тәжірибесін, ауыл өмірін зерттеп, талдау да ауыл мектебі оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беруде қала мектептерімен салыстырғанда айырмашылық бар екенін, кемшіліктер де жеткілікті екенін, ауыл мектебі мұғалімдері экологиялық білім мен тәрбие беруде жергілікті жердің ерекшеліктерін ескере бермейтіні, тіпті ауыл мектептерінде экология пәні жүрмейтіндігіне көзіміз жетті, бұл бір жағынан болса, екінші жағынан ауылда тұратын ұлт өкілдерінің дені қазақтар. Егер жоғарыдағы аталған экологиялық білім бағдарламасын негізге алатын болсақ, онда әртүрлі ұлт өкілдерінің экологиялық бағыттағы салт-дәстүрлерін, экологиялық бағытпен қарым-қатынасын ескере отырып, саясаттан тыс экологиялық мінез-құлқының қалыптасуына жәрдемдесу керек делінген, қазіргі кезде бұл да ескерусіз қалып отырған жағдайдың бірі. Осылардың бәрі ауыл мектебі оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беруде өзіндік ерекшеліктері бар екендігін көрсетіп, ғылым мен шын реалды өмірде қайшылықтар болуына байланысты, қайшылықтардың шешімін табу мақсатында, ауыл мектебінің оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беруде аймақтың және жергілікті жердің ерекшеліктерін ескеретін болсақ, яғни біріншіден табиғаты, климаты, экологиясы және ауыл шаруашылығы, екіншіден ауылда тұратын ұлт өкілдерінің дені қазақтар болғандықтан, табиғатты қорғап, аялауда саясаттан тыс қазақи мінез-құлық қалыптастыруға негіз болатын ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып «Ауыл мектебі оқушыларының экологиялық тәрбиесін қалыптастыру» деп зерттеу жұмысымыздың тақырыбын алдық.
Зерттеу мақсаты: Ауыл мектебі оқушыларының экологиялық дүниетанымын қалыптастыру үрдісін теориялық тұрғыда негіздеп, әдістемесін жасау.
Зерттеу міндеттері:
- Ауыл мектебі оқушыларының экологиялық тәрбиесін қалыптастырудың сипаттамасына шолу жасау;
- Ауыл мектебі оқушыларына экологиялық тәрбие берудің мәнін айқындау;
- Ауыл мектебі оқушыларының экологиялық тәрбиесін қалыптастырудың мазмұнын анықтау;
- Ауыл мектебі оқушыларының экологиялық тәрбиесін қалыптастырудың жолдарын қарастыру.
Зерттеу нысаны: Ауыл мектептері оқушыларының экологиялық мәдениеті.
Зерттеу пәні: Ауыл мектебі оқушыларының экологиялық тәрбиесін қалыптастыру үдерісі.
Зерттеудің әдістері: зерттеу мәселесі бойынша философиялық, педагогикалық, психологиялық және әдістемелік еңбектеріне, Қазақстан Республикасының ресми материалдарына, тұжырымдамалар мен бағдарламаларға теориялық тұрғыдан талдау жасау, ауыл мектептеріндегі оқу-тәрбие үрдісін бақылау;
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Заңдары, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаулары және басқа да құжаттар мен ресми материалдар, педагогтар мен психологтар еңбектері, зерттеу тақырыбына сәйкес оқу-әдістемелік құралдар, ғылыми-педагогикалық басылымдар, журналдар материалдары, озат педагог-тәрбиешілердің озық тәжірибелері басшылыққа алынды.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I
АУЫЛ МЕКТЕБІ ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Ауыл мектебі оқушыларының экологиялық тәрбиесін қалыптастырудың сипаты
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында және 2030 жылы Қазақстан экологиясы қандай болу керек екенін меңзеп «2030 жылғы Қазақстан ауасы таза, мөлдір сулы, жасыл желекті елге айналуы тиіс. Өндіріс қалдықтары мен радиация бұдан былай біздің үйлеріміз бен бақтарымызға енбейтін болады. Біздің балаларымыз бен балаларымыздың балалары кінәрәтсіз жағдайда толыққанды өмір сүретін болады» - деп атап көрсеткен болатын [4] . Бұл мақсатқа жету үшін жас ұрпақ табиғатты қорғаудың ғылыми негізін игеріп, меңгеруі қажет.
Жалпы үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі 1970 жылы БҰҰ деңгейінде ұйымдастырылған (ЮНЕСКО) «Адам және биосфера» деп аталған бағдарламаны қабылдаудан басталады [5] . Онда алғаш рет халықаралық деңгейде табиғат ресурстарын қорғау және оны тиімді пайдалану туралы бағдарлама жасалып, экологиялық тұрғыдан кең сипатталған болатын. Ал 1971 жылы Швейцарияда Еуропалық конференция өткізіліп, онда айнала қоршаған табиғи орта және табиғат қорғау мәселелері қарастырылды. 1972 жылы Стокгольмде қоршаған ортаны қорғау жөнінде көпшілікке білім беру туралы конференция болды. 1977 жылы Тбилиси қаласында өткен БҰҰ жанындағы ЮНЕСКО және ЮНЕП ұйымдары экологиялық білім беру туралы 40-тан астам шешімдер қабылдап, оның ғаламдық стратегиялық жоспарларын бекітті. Экологиялық білім берудің одан әрі даму кезеңдері атақты Найроби (1982ж), Беч (1983ж), Мәскеу (1987ж) т. б. қалаларда өткен конференцияларда жалғасын тапқаны мәлім.
1998 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасында үздіксіз экологиялық білім және тәрбие берудің ұлттық бағдарламасында»: «Қоғамның іргелі құрылымынан қолдау тапқан экологиялық білім мен насихат қана жаңа адамды - XXI ғасырдың азаматын қалыптастырады және аса күрделі, әрі шиеленіскен әлеуметтік-экологиялық жағдайда іс-әрекет жасауға үйретеді», - делінген [6] .
Қазақстан Республикасында экологиялық білім берудің тұжырымдамалық негізіне өркениетті елдің өзін-өзі қолдап тұрақты дамуының тұжырымы жатады. Бұл тұжырымның негізі Біріккен Ұлттар Ұйымы ұйымдастырған қоршаған орта және даму «РИО-92» конференциясында қабылданды [7] . Тұрақты дамудың негізгі ережелерін Біріккен Ұлттар Ұйымы комиссиясы әзірлеп, оны 1993 жылы Сан-Францискода Біріккен Ұлттар Ұйымы мемлекеттері басшыларының бас қосқан конференциясында мақұлдады.
Үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құрудың мақсаты - ғылыми және тәжірибелік білімнің бірлігі негізінде оқушылардың экологиялық көзқарасын қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарайтын құндылықты, мінез-құлықты, іс-әрекетті қамтамасыз ету.
Егер оқушыларға жалпы экологиялық білім мен тәрбие берудің тарихи даму жағдайына назар салсақ экологиялық білім берудің теориялық негіздері орыстың табиғат зерттеушілері әрі көрнекті педагог ағартушылары В. Белинский, А. Герцен, Н. Чернышевскийдің есімдерімен тығыз байланысты. Одан соң А. Бекетов, К. Тимирязев, Д. Кайгородов т. б. ғалымдар табиғатты зерттеу мен қорғау туралы мәселелерді көтерді.
XX ғасырдың орта шенінде педагогтар В. Натали, Н. Верзилин, В. Корсунская т. б. экологиялық білім беруді география, биология пәндерімен байланыстыра отырып оқытуды ұсынған.
1947 жылдардың өзінде-ақ көпшілікке экологиялық білім беру бұрынғы КСРО бойынша оқу жүйесіне енгізіле бастады. Мәселен, 1947 жылы Белоруссия мемлекеттік университетінде алғаш рет экология кафедрасы ашылды. Одақтың көптеген оқу орындарында (Қазан, Мәскеу, Санкт-Петербург т. б. ) «Биосфера», «Экология», «Табиғат қорғау» сияқты экологиялық курстар оқу жоспарларына енгізіліп, оқытыла бастады. Осы тұрғыда көрнекті педагог-ғалымдар И. Зверев, С. Дрябь, Н. Суравегина, А. Захлебный тағы басқалар халықтық оқу жүйесіне экологиялық білім берудің сан қырлы теориялық-тәжірибелік негіздерін ұсынды.
Эколог ғалым А. К. Бродский, білімнің барлық салалары сияқты экология да үздіксіз дамып келді, бірақ ол бұдан бұрын бірде тез, бірде баяу дамып, ғылыми мәнге ие болмады. Егер тарихқа жүгінетін болсақ, экология дербес ғылым ретінде шамамен 1900-шы жылдардан бастап қолданыла бастайды. «Экология» терминін 1869 жылы неміс биологы Эрнест Геккель ұсынған болатын. Экология сөзбе-сөз аударғанда тіршілік мекені туралы ғылым дегенді білдіреді. Эрнест Геккель «Экология деп, біз табиғат экономикасына қатысты барлық білімдерді-жануарлардың оны қоршаған органикалық және органикалық емес ортамен, әсіресе оның өзімен тікелей немесе жанама қатысатын жануарлармен және өсімдіктермен өзара ынтымақтастық немесе қастастық әрекеттерінің бар жиынтығын зерттеуді түсінеміз» - деген анықтама берген [8] . Экология ғылымына берілген көптеген анықтамалар бар. Мысалы, ағылшын экологы Ч. Элтон «Экология - бұл ғылыми-табиғи тарих, жан-жануарлардың экономикасы мен социологиясына байланысты» - десе, америка ғалымы Х. Б. Одум «Экология табиғаттың структурасы мен функциясын зерттейтін сала» - дейді.
Отандық экологтардың бірі А. С. Данилевский: «Экология экологиялық жүйелердің құрылымы мен қызметі туралы және олардың гомеостазисін қамтамасыз етуші механизмдер туралы ғылым» деп анықтама берген.
Атақты эколог И. Д. Зверев «Экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты оқушылардың қоршаған ортаға жауапкершілік пен іскерлік қатынасын қалыптастыруды қамтамасыз ететін ғылыми білімдер, көзқарастар мен сенімдер жүйесін қалыптастыру» - деп көрсетеді [9] .
Ал үлкен Қазақ кеңес энциклопедиялық сөздігінде: «Экология - өсімдік пен жан-жануарлар организмдерінің қарым-қатынасы мен олардың құратын қоғамдастықтарының өзара және қоршаған ортамен байланысы» - деген анықтама берілген [10] .
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде «Экологиялық білім беру деп жеке адамның ғылыми-білімдер жүйесі мен практикалық іскерлігін, өзін-өзі ұстау, қызмет істеуге байланысты бағдар алатын игіліктерін, қоршаған әлеуметтік табиғи ортаға жауапкершілігін қалыптастыратын, білім, тәрбие беру, дамытудың үздіксіз процесі» - делінген [11] . Экология түсінігі өте ауқымды, сондықтан қай қырына баса мән берілуіне қарай, оның анықтамаларының тұжырымдалуы да өзгеріп отырады. Жалпы алғанда эколог-ғалымдардың экологиялық білім беру мәселесі туралы түсініктерінде бір-бірінен кереғар алшақтық байқалмайды.
Дегенмен осы заманғы зерттеушілердің басым көпшілігі экология-организмдердің тіршілік ету жағдайларын және организмдер мен олардың тіршілік ету ортасы арасындағы өзара байланыстарды зерттейтін ғылым деп есептейді.
Сонымен, «экология» гректің oikos- үй (тұрақ, тұрғылықты жер, баспана) және logos - ғылым деген сөздерінің қосындысынан құралған. Бұл сөздердің дәлме-дәл мағынасы экология - «өз үйіңдегі» организмдер туралы ғылым дегенді білдіреді, яғни «организмдер мен қоршаған орта арасындағы жиынтықты» немесе олардың бір-бірімен байланысының сипаттамасына ерекше баса назар аударатын ғылым екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде көптеген зерттеушілерге тән ортақ пікір - ол тірі организмдер мен қоршаған ортаның қатыстылығын оқып-үйрететін немесе тірі организмдердің ортадағы өмір сүру шарттарының жағдайын, бір-бірімен өзара қарым-қатынастық байланысын зерттейтін ғылым деп санайтындығында.
Кез-келген ғылым саласы сияқты, экологияның екі аспектісі бар (1-сурет) . Оның бірі - таным шеңберін кеңейту, яғни табиғат дамуының заңдылықтарын ашу және оларды түсіндіру.
Екіншісі - жинақталған білімдерді қоршаған ортаға қатысты проблемаларды шешу үшін қолдану. Экология маңызының барған сайын артуын-практикалық маңызы бар бірден-бір ірі мәселе табиғаттың жанды және жансыз компоненттері арасындағы байланыстарды ескермей шешілмейтіндігімен түсіндіруге болады.
1-сурет. Экология аспектісі
Экологияның тәжірибелік нәтижесі ең алдымен табиғатты пайдалану мәселелерін шешуден көрінеді. Тек экология ғана табиғат ресурстарын пайдаланудың ғылыми негіздерін құрай алады. Бұл ретте, табиғи процсстердің негізінде жатқан заңдылықтарды ескермеу табиғат пен адам арасындағы елеулі қайшылықтарға әкеліп соқтыратынын айта кеткен жөн.
Американ экологы Р. Риклефс: «Табиғатқа келтірілген нұқсанды түзетудің ешқандай көпе-көрінеу жатқан әдістері жоқ екені айдан анық, сонымен қатар қоршаған ортаға деген келеңсіз көзқарасы үшін адамға тағылатын кінә да, өзендерге шайынды суларды төгу, егістіктерге пестицидтер бүрку, аңшылардың найзасы мен мылтығы, автомашиналардан шығатын түтін, қала іргесінің шексіз кеңеюі сияқты белгілі фактілерден құралмауы тиіс. Адамға табиғат экономикасы негізінде жатқан заңдарға тиесілі дәрежеде көңіл бөлмегендігі үшін айып тағылуы тиіс», - деп жазады [12] .
Экология организмге әсер ететін сыртқы орта факторларының үш тобын - абиотикалық, биотикалық және антропогендік факторларды зерттейді. Табиғат қорғау болса, үшінші факторды ғана, адамның қоршаған ортаға әсерін қарастырады. Қазіргі кезде қоғам өзінің табиғатқа көрсетер ықпалының дәрежесі жағынан геологиялық күшке айналып отыр. Қоршаған ортадағы келеңсі көріністер, табиғатпен қарым-қатынастағы шаруашылықты жүргізудегі білімсіздік, дөрекілік, мәдениетсіздік өзінің шарықтау шегіне жетіп XXI ғасырға аяқ басқан тарихи кезеңде экологиялық мәселенің адамзат үшін қауіпі туындауда. Көптеген ғылыми мәліметтерге қарағанда, қоршаған ортаға әсер ететін факторлардың ішінде екі факторды ерекше атап керсетуге болады: жер бетіндегі халықтың өсуі және адамның іс-әрекеті. Адам әрекеті мен мінез-құлқының қоршаған ортадағы бағыт-бағдарының жоғары деңгейдегі реттеушісі - сана. Ол адамның мақсатты, міндетті іс-әрекетін жүзеге асырудан, оның шығармашылық ойлау жүйесі мен білімінен, қызметінен көрініс табады. Осыған орай жас ұрпақтардың бойына табиғат тағдырына деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру, экологиялық білім мен тәрбие беру, оны ғылыми түрде талдап шешу - педагогика ғылымының алдындағы негізгі міндеттердің бірі.
Эколог-ғалымдардың пікіріне қарағанда, экологиялық білім мен тәрбие беру өзіне кешенді зерттеулерді талап етеді: біріншіден, табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыру үшін көпшілікке біртұтас ғылыми білім жүйесін беру; екіншіден, тұлғаның дүниеге, табиғатқа деген гуманистік көзқарасын тәрбиелеу; үшіншіден, экологиялық мәдениетті дамыту; төртіншіден, қоршаған ортаны қорғауда белсенді бағытты ұстау және алған білімді тәжірибе жүзінде іске асыру.
Экологиялық тәрбиенің бағыт-бағдарын, оның әдістемелік жүйелерін айқындаған қазақстандық педагог-ғалымдар Ә. Бейсенова, Н. Сарыбеков, Н. Нұғыманов, Е. Мамбетқазиев, Р. Басекеева, К. Жүнісова, Э. Тұрдықұлов, М. Сарыбеков, Ж. Жатқанбаев, Ж. Б. Шілдебаев, Б. Қилыбаева т. б. есімдерін ерекше атауға болады.
Оқушыларды табиғат қорғауға тәрбиелеудің педагогикалық негіздері жайында алғаш рет көлемді еңбек жазып, оны мектеп өміріне еңгізген белгілі ғалым, педагогика ғылымының докторы М. Сарыбеков. Ол өзінің еңбектерінде оқушыларды табиғат қорғауға тәрбиелеудің қоғамдық пайдалы және өнімді еңбектеріне жан-жақты аңықтама береді. Бірінші рет педагогикалық тұрғыдан табиғат қорғау ғылымын экологиялық білім берудің негізінде сипаттап жазды.
Сонымен бірге Ә. С. Бейсенованың «Жоғары оқу орындарында және жалпы орта білім беретін мектептердің экологиялық білім беру концепциясы» [13], Н. Сарыбековтың «Төменгі сынып оқушыларын табиғат қорғауға тәрбиелеу методикасы» [14], А. А. Сотникованың «Болашақ мамандарға экологиялық білім берудің адамгершілік аспектісін қалыптастырудағы дайындығы», Ө. Танабаевтың «Әдебиет пәні арқылы сабақ және сыныптан тыс жұмыстарда жоғарғы сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беру жолдары», А. Болтаевтың «Пән аралық байланыс арқылы экологиялық білім мен тәрбие беруде жауапкершілік қатынасын қалыптастыру» атты еңбектерін ерекше атап өтуге болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz