Леонардо да Винчи жайында


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

Кіріспе:

Негізгі бөлім:

1) Өмірбаяны

2) Шығармашылығы

3) Өнертапқыштығы

Қорытынды бөлім:

Леонардо да Винчи (итал. Leonardo da Vinci 15 ақпан 1452, Анкиано - 2 мамыр 1519, Турень, Франция) - италияндық ұлы суретші әрі ғалым, «Әмбебап адам» (лат. homo universale ) - италияндықРенессанс мұратының жарқын үлгісі. Флоренцияның бір аймағындағы Пиеро да Винчи деген нотариус пен диқаншы отбасынан шыққан Катерина деген қыздың баласы, Вероккионың сурет өнері саласындағы шәкірті. Тез арада ұстазын басып озған Леонардо да Винчи бастапқыда Флоренцияда саудагершілікпен айналысады. Артынан княздер сарайларында шығармашылық ірі жоспарлар ұсынып, еш түсіністік таппайды. Әбден көңілі қалған ол 1516 жылы қаңтарда король Франсуа I ұсынысымен Францияға көшіп келіп, ғұмырының соңғы 4 жылын, осы жақта, Клу (Түрендегі) қамалында бастаған істерін аяқтаумен өткізеді. Леонардоның қазіргі біз атап жүрген мәнді тегі болмаған; «да Винчи» «Винчи қалашығынан шыққан» дегенді білдіреді. Оның толық есімі - итал. Leonardo di ser Piero da Vinci , яғни «Леонардо, Винчилік Пиеро мырзаның ұлы».

Да Винчидің философиясы беделдіктің әсерінен бас тартып, тәжірибеге, адамның ақыл-ойының күшіне сену негізінде табиғаттың бірлігін адамзат мәдениетінің өміршеңдігін дәріптеумен ерекшеленеді. Ол осы тұрғыдан ортағасырлық схоластиканы сынға алып, оны софистика сияқты пайдасы жоқ ілім деп есептеді. Жалпы алғанда Да Винчи «философиялық тас» іздестірудің өзі пайда бермейтін іс, себебі табиғат құдайдың заңджылығына емес, өзінің қажеттілік заңына бағынады да, үздіксіз өзгерісте, даму үстінде деп тұжырымдайды. Мысалы, белгілі бір жағдайда су буға, бу мұзға, мұз қайтадан суға айналады.

Да Винчи Әл-Фраби мен Ибн Руштың «екі ұдай ақиқат» теорияларына қарсы болды. Оның ойынша, діни ақиқат деген жоқ, себебі құдайдың өзі де жоқ, шын ақиқат - тек ғылыми ақиқат қана. Ғылымда табысқа жетудің бірден-бір жолы - математика тәсілі мен тәжірибе. Жаллпы ғылыми жетістіктердің құндылығы олардың практикада қолданылуға мүмкіндігінің болуымен айқындалады. Осы тұрғыдан ол механикаға аса зор көңіл бөліп, өзі осы айтылған қағидалар негізінде көптеген инженерлік идеяларды жүзеге асыруға тырысты (парашют, ұшатын қанат, тоқыма станогі т. б. )

Да Винчи алғашқылардың бірі болып сурет өнері саласында сынның мазмұны туралы пікір айтып, эстетикалық талғамның қалыптасуына үлкен әсер етті.

Өмірбаяны

Флоренцияның бір аймағындағы Пиеро да Винчи деген нотариус пен диқаншы отбасынан шыққан Катерина деген қыздың баласы, Вероккионың сурет өнері саласындағы шәкірті. Тез арада ұстазын басып озған Леонардо да Винчи бастапқыда Флоренцияда саудагершілікпен айналысады. Артынан княздер сарайларында шығармашылық ірі жоспарлар ұсынып, еш түсіністік таппайды. Әбден көңілі қалған ол 1516 жылы қаңтарда король Франсуа Iұсынысымен Францияға көшіп келіп, ғұмырының соңғы 4 жылын, осы жақта, Клу (Түрендегі) қамалында бастаған істерін аяқтаумен өткізеді.

Леонардоның қазіргі біз атап жүрген мәнді тегі болмаған; «да Винчи» «Винчи қалашығынан шыққан» дегенді білдіреді. Оның толық есімі - итал. Leonardo di ser Piero da Vinci , яғни «Леонардо, Винчилік Пиеро мырзаның ұлы».

  • 1470 - Леонардо да Винчи Верроккио шеберханасына (Флоренция) көмекші боп кіреді.
  • 1472 - Флоренсия Суретшілер гильдиясының (одағы) мүшесі.
  • 1472-1477 - «Исаның шоқындырылуы», «Ізгі хабар», «Құмырамен бейнеленген Мадонна» туындыларымен жұмыс істейді.
  • 1482 - Миландағы Лодовико Сфорца сарайына шақырылады.
  • 1487 - Құстың ұшуын негізге алып, ұшатын машина - орнитоптерді жасайды.
  • 1488 - «Ақкіс ұстаған келіншек» суреті.
  • 1489 - Бассүйектердің анатомиялық кескіндері.
  • 1490 - «Сазгер портреті» суреті.
  • 1495-1498 - «Жасырын кешкілік» суреті.
  • 1502 - Чезаре Борджаға архитектор әрі әскери инженер ретінде қазметке тұрады.
  • 1503 - Флоренцияға оралады.
  • 1503 - «Мона Лиза» суреті.
  • 1505 - Құстың ұшу сызбанұсқасы.
  • 1506 - Миланға оралып, Франция королі (сол кезде Италия солтүстігін басқарған) Луи XII-ге қызметке тұрады.
  • 1507 - Адам көзінің құрылысын зерттеуі.
  • 1509 - Қасиетті Анна соборында қолтаңба қоюы.
  • 1512 - «Өз портреті»
  • 1512 - Лев X папасының қорғауымен Римге көшеді.
  • 1514-1516 - «Жохан Шоқындырушы» суреті.
  • 1516 - Сарай суретшісі, инженер, сәулетші, және механик ретінде Францияға көшуі.

Шығармашылығы

Леонардо До Винчи «Мона Лиза» суретін салған. Бұл оның ең әйгілі шығармасы. Деректер бойынша суретте 1479 жылы өмір сүрген Лиза атты әйел бейнеленген, ал кейбір деректер бойынша суретте Леонардо До Винчи өзінің әйел келбетіндегі суретін салды деген дерек бар. Оның себебі суреттің аты «Мона Лайза», яғни италиян тілінен аударғанда «Моя леди» дегенді білдіреді.

Сонымен қатар суреттің шын аты «Мона Лиза» емес, «Джоконда» деген дерек шықты. Осындай аталу себеі суретте Франческо Дель Джоконданың әйелі бейнеленуі мүмкін деген болжам бар.

Қазіргі кезде осы сурет өте бағалы болып саналады.

Бұл сурет Парижде, оқ өтпейтін әйнекпен қапталып сақталған. Қазіргі кезде ол 7 миллион доллар шамасында бағаланады.

Көркем өнерді жетік меңгерген мамандар Леонардо да Винчи "Мона Лиза" атты әйгілі суретінде 1479 жылы туылған Лиза Герардиниді кескіндеді деген тұжырымды алға тартып отыр. Бірақ, бұл жерде бір келіспеушілік бар сияқты. Леонардо да Винчидің өмірі мен шығармашылығын зерттеп жүрген тарихшылар басқа пікір білдіріп отыр. Олардың пайымдауынша "Джоконда" суретінде Флоренциядан келген жібек сатушысы Франческо дель Джокондоның жұбайы кескінделген. Сол кезде оның жасы 24-те еді. Джокондо жанұясы екі баланы тәрбиелеген. Әлемге аты мәшһүр суретші неге оны таңдағаны құпия болып тұр. Сонымен қатар, осы оқиғаға қатысты тағы бір пікір ел аузында жүр. Кейбір жылнамашылар Леонардо бұл суретте өзін әйел кейпінде бейнеледі деген пікірді алға тартса керек. Ал суретті "Мона лайза" итальян тілінен аударғанда "менің ханымым" деп аударылғандықтан, осындай атау берген.

Бұл суретті салуға Леонардоның 4 жыл уақыты кетті. Суретке зейін қойып қарасаңыз Мона Лизаның қасы жоқ екендігін байқайсыз. Осыған орай да Винчи перфекционист адам болған деген пікір бар. Дұрыс қас сала алмаған суретші оны өшіріп, қайта салуға мұршасы жетпеген көрінеді. Қандай болғанда сурет өте әдемі болып шықты.

1965 жылы Уго Унгаца атты бір кісі суретке тас лақтырғандықтан, Мона Лизаның сол шынтақ жағындағы сыр бүлініп кетті.

Бір қызығы қазір бұл сурет Париждегі Лувр мұражайының арнайы сол сурет үшін жасалған бөлмеде сақталынып тұр. Оқ өтпейтін шынымен қорғалған суреттің ескіріп кетпеуін қамтамасыз ету үшін арнайы микроклимат қарастырылған. Бұл бөлмені құрастыруға мұражайдың 7 миллион доллардан астам қаражаты жұмсалды.

Жақында жүргізілген зерттеу жұмыстарының қорытындыларына сенетін болсақ, бұл суреттің үш қабаты бар. Шамасы Леонардо бұл суретті бірнеше рет салған көрінеді.

1911 жылы Лувр мұражайының қызметкерінің көзі суретке түсіп, оны ұрлап алған. Мона Лизаны тек екі жылдан кейін тауып, заңды жеріне қайта орнатты.

Өнертапқыштығы

Оның тірі кезінде ел мойындаған туындысы - пистолетке арналған (кілтпен қосылатын) дөңгелек құлып. Бастапқыда сирек қолданылған бұл тетік XVI ғасыр ортасына қарай дворяндар арасында, әсіресе кавалерияда кең тараған. Тіпті лат құрылымында да ізін қалдырған, атап айтсақ, максимиоиандық сауыттарды пистолетпен ату үшін жеңімен бірге қолғап жасай бастады. Дөңгелектік құлпының сәтті шығарылғандығы сонша - ол тіпті XIX ғасырда да қолданыста болды. .

Данышпан адамдардың туындылары уақыт өте мойындалып жататыны сияқты Леонардоның ойлап тапқандарының көбісі кейін толықтырылып, өзгертіле жетілдіріліп, бүгінгі күнге дейін қолданыста болып келді.

Мысалы, Леонардо да Винчи ауаны сығып, құбырлырмен жүргізетін құрал жасаған. Бұны пештерді жағудан …бөлмелерді желдетуге дейін қолданады.

Адамның су астында көп уақыт болу мүмкіндігі Леонардоны да қызықтырған. Бұл одан бұрынғы-соңғы ғалымдарды да қызықтырған болатын. Мысалы, Баттиста Альберти Неми көлі түбінен кейбір Рим кемелерін көтеруді жоспарлаған. Леонардо болса жай жоспарлап қана қоймай, су өткізбейтін теріден жасалатын сүңгуірлер костюмінің жобасын жасады. Костюмнің омырауында сүңгуірдің көтерілуін жеңілдету үшін ауамен толтырылатын, көлем ұлғайтқыш қалтасы болған. Леонардоның сүңгуірі демалу үшін, оның қалпағын су бетінде жүзетін күмбезбен жалғайтын, икемге келетін түтікпен жабдықталған.

Леонардо да Винчидың қазіргі тікұшақтың «атасының» сызбанұсқасын жасағаны да баршаға мәлім. Винтінің ұзындығы сызбаға сәйкес 4, 8 м болуы тиіс делінген. Ғалым жоспарына сәйкес ол металл окантовкасы, полотномен жабылу керек. Винт осьтің айналасында жүрген адамдардың рычагты итеруімен айналдырады. Леонардо өз жұмыстарында: «Егер винт механизмі біркелкі жақсы жасалған болса, яғни, еш айырылыс, тесіксіз және тез айналдырылса, онда ол ауада қолдау тауып биіктеп ұшып кетеді», - деп жазған.

Адамды жүзіп үйретуге керекті маңызды дүние - құтқару дөңгелегі. Леонардоның бұл тапқаны қазіргі кезге дейін еш өзгеріссіз қалды деуге болады.

Жүзу қарқынын үдету үшін ғалым өзіндік қолғап ойластырады, бұл біртіндеп бүгінгі ластыға айналады.

Сену қиын, бірақ Леонардо қазу үшін емес, қазылған заттарды көтеру, тасымалдау үшін …экскаватор ойлап табады. Ғалымлардың пайымдауынша, экскаваторлар Арно өзенінің арнасын өзгерту жобасына керек болған. Ені 18 м, ұзындығы 6 м болатын шұңқыр қазу жоспарланған. Аутордың суреттері қазатын машина мен шұңқыр өлшемдері жайлы ақпарат береді. Штангаларының әрқилы ұзындығы бар көтергіш кран бірнеше қарсысалмақпен екі немесе одан көп деңгейлі экскавацияда қолданыла алатынымен қызық. . Кран жебелері 180°-қа бұрылу аясымен арнаны толықтай қамти алды. Экскаватор рельстерге орнатылып, жұмыс орны өзгерген сайын, орталық рельстегі винттік мехинизм көмегімен алдыға жылжып отырған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ФИЛОСОФИЯНЫҢ ТАРИХИ ТИПТЕРІ
Еуропадағы «қайта өрлеу» өнері
Леонардо да Винчи - итальян кескіндемешісі, мүсінші, архитектор, ғалым әрі инженер
Леонардо да винчи
Солақайлықтың психологиялық-физиологиялық ерекшеліктері
Жоғарғы Ренессанс өнері
Әбу – Насыр Әл - Фарабидің шәкірттері
Леонардо да Винчи өмірі
Қайта өрлеу дәуiрiнiң ұлы шеберлерi
Қайта өрлеу мен Реформация дәуіріндегі саяси- құқықтық ілімдер мен гелиоцентризмнің мемлекет пен қоғамды басқарудағы рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz