ҚОЖА АХМЕТ ИАССАУИ ҰСТАЗЫ АРЫСТАН БАБ


Кез келген ілімді танып білуде оны тудырған заман мен оны берген орта зерттеу нысанасына айналуы тиіс. Осы тұрғыдан иассауитану ғылымы үшін Арыстан Баб жөніндегі деректер аса құнды. Оларды жинау, талдау арқылы ұлы ойшыл нәр алған рухани көздерді анықтауға жол ашылмақ. ғылыми әдебиетте Арыстан Баб жайындағы мағлұматтар аз. К. Г. Залеман, Ә. Диваев, В. В. Бартольд, М. Е. Массон, А. А. Семенов1, Дж. Тримингэм, 2 И. Меликофф3 еңбектерінде Арыстан Бабтың Қожа Ахмет Иассауиге ұстаздық еткені бір сөзбен ғана аталып өтеді. Ә. Муминовтың пікірініне, Арыстан Баб Отырардағы мубайидийа ілімін ұстаушылар кауымының рухани жетекшісі болған. 4 Ал мубаййидийа бағыты сол кезден алдыңғы қатарлы ілімдердің бірі болыпты. Оның негіздерінен ғулама ғалым Әбу Наср ел-Фараби де сусындағаны қазір далелденғп отыр. Арыстан Баб ислам дінінен басқа отыз үш дін негіздерін білгені жөніндегі халық аңызының хабары оның терең энциклопедиялық білім иеа болғанын аңғартады.
Молла Муса Сайрамидің «Тарих-и аминийа» еңбегінде XVI ғасырдың ханы Әбілғазы Убайдаллах куәландырған Арыстан Бабты Әзірет Әліден тарататын шежіре келтіреді: Әлі-имам Мухаммед Ханафийа - Абд ал-Фаттах Баб - Абд ал-Жаббар Баб - Абд ар-Рахман Баб -Абд ар-Рахим Баб - Абд ал-Жалил Баб -Абд ал-Карим Баб - Ысқақ Баб- Исма'ил Баб-Омар Баб-Осман Баб-Ифтихар Баб-Махмуд Баб-Илйас Баб-Арыстан
1 Залеман К. Г. Легенда про Хаким-Ата/ Известия императорской Академии наук. 1898. Т. ІХ, №2, 126;
2 Диваев А. Из области киргизских верований. Баксы как лекарь и колдун. Казань, 1899, 5;
3 Бартольд В. В. Соч., Т. 5. М., 1968, 18. 112 Тримингэм Дж. Суфийские ордены в исламе. М., 1989, 54.
4 Муминов А. К. Новые направления в изучении истории братства йасавийа. Общественные науки в Узбекистане. 1993. №11-12, 36.
Баб' О. Муминов муны Арыстан бабтың ататегі деп танымайды. Шығыстанушының пікірініне, бұл Отырардың бас әулиесіне Мухаммедтің өсиеті, ілімі кімдер арқылы жеткенін көрсететін тізім (силсила) .
Арыстан Баб есімі Қожа Ахметтің «Диуани Хикметінде» жиі аталады. Өлең жолдарынан Арыстан Бабтың ұстаздық қызметі айқын байқалады. Бірініні хикметте «Жеті жаста Арыстан Бабама бердім сәлем» деп К-Ахметтің ұстазымен алғаш кезіккен уақытын көрсетеді. Және бұл кездесу ақын өмірінде шешуші болғанын екініні хикметтегі мына жолдар байқатады:
«Жеті жасымда Арыстан Бабам іздеп таптым.
Көре сала пердемен бүркеп жаптым,
Биһамди-л-Лахи таныдым деп ізімді сүйді.
Сол себептен алпыс үште жерге кірдім»
Тәрбие, оқудың кейбір қырларын «Арыстан Бабам ислам дінін баян қылды»2 (екініні хикмет), «Мың бір зігар үйретіп, мейірбандық жасады» (тоқсаныніны хикмет) деген сөздерден танығандай боламыз.
«Арыстан Бабам айтты», «Арыстан Бабам сөздері естіңз, тәбәррәк»3 деген жолдар жиі қайталанатын тоқсаныніны хикмет Арыстан Баб өсиеттерінен тұрады десе де болады. Оның бірініні бөлігі құдай жолына түскен шәкірттер қандай болуы тиіс деген сауалға ұстаздың берген жауабы сияқты. Онда дүние мен мансап үшін күтілетін жамандық пен қиянат атаулының бәрінен қаш деген уағыз айтылып, талапкерге хақ жолынан айныма деген үндеу орын алған. Хикметте «кісі малын жейтіндерді», «айла қылатындарды», «иманын, дінін бергендерді» әшкерелейді, нысапшылдың, қанағт-рақым дәріптеледі.
Осыдан Арыстан Бабтың кейбір зерттеушілер жазғандай, әдеттегі сауат ашатын мектеп дәрежесіндегі мұғалім емес екенін аңғаруға болады. «Диуани Хикмет» бізге Арыстан Бабтың тәлім-тәрбиесінің мазмуны софылық, адамның рухани жағынан жетілу жолы екенін көрсетіп тұр.
Арыстан Бабты кейбір аңыздарда Салман Парсы деп таныстырады. Бұл пікірдің негізсіз екенін қолымызда бар материалдармен Арыстан Баб кесенесі жайындағы зерттеуімізде көрсеткен болатынбыз.
Ибраһим Шайх Пен Қожа Ахмет Иассауи Жайындағы Аңыз-Әңгімелер.
Ысқақ Бабтың урпақтарының бірі Ибраһим шайхтан екі бала болады. Бірінің аты Қожа Ахмет Иассауи, екіншісінң аты Садр шайх. Міне осы екі бала тұралы мынадай аңыз-әңгіме бар.
Бірде Қожа Ахмет Иассауи Сайрамда (Испиджаб) тұрған кезінде үйден далага шықса, атасы Ибраһим шайх шұқшиып жер шұқып отыр екен. «Ата, не істеп отырсыз?» - деп сүрағанда: - «Е, балам, егістікті жекелеп отырмын» - деп жауап береді. «Ой, ата-ай, соған да уақыт жұмсап, әуре боласыз ба, бір ауыз сөзбен бітрмесіз бе?» - дейді. «Ондай қолымнан келмейді, қолыңнан келсе, жасай ғой», - дейді. Сонда жас Қожа Ахмет тұрып: «Жегенің жерге қал, бөтенің бетке шық», -деген екен.
Дәрет алып келген атасы қайран қалып: «Е, балам, екі қошқардың басы бір казанға сыймайды дегендей, енді бұл жерден не сен, не мен кетуім керек», - депті. Сонда Қожа Ахмет тұрып: «Сіз жасыңыз келген ағасыз, мен жаспын, мен кетейін», - деген екен. Сонымен, ақ түйеге мініп, жүріп кетеді Сондағы ойы - осы ақ түйе қай жерге барып шөксе, сол жерге қоныс тебу. Сейтіп, ақ түйе шөккен осы Түркістан жері оның мекен-жайына айналады. Арада біраз уақыт өтеді. Бір күндері Қожа Ахмет ата-анасына сәлем беріп қайту үшін Сайрамға келеді. Дем алып, тыныстаған соң, атасы сөз қозғап: «Иа, қарағым, қайда болдың, қай жерге қоныс тептің?»
- деп сауал береді. Сонда ол: «Ақ түйем Тұрінстан шаһарына шөкті», - деп жауап берген екен. Сол жер мына қазіргі Қожа Ахмет Иассауи ғимараты жайласқан жер. Сонда атасы тұрып: «Балам, сен сол жердің халқымен сұхбаттастың ба, не байқадың?» дегенде, «Иә, ата, сухбаттастым, бәрін де білемін, бірақ соны біле тұра, мен сол жерге қоныс тебуге бел байладым», -деп жауап береді. Баласын сынамақ болған Ибраһим шайх: «Иә, не байқадың, айтшы», - дегенде, жас Қожа Ахмет былай жауап берген екен: «Ол жердің халқы арқаңнан қағып тұрады, аяғыңнан шалып тұрады». Сонда мұны естіген атасы, баласының зеректігіне риза болып: «Иа, балам, дұрыс айтасың, бірақ соны біле тұрып, неге қоныс тептің?» дегенде: «Жақсыны жолға салу оңай, жаманды да жолға салып көрейін», - деген екен.
Қожа Ахмет 63 жастан кейін хилуетке кірген және қалған өмірін сонда өткізгені белгілі. Көп мәліметтерге қарағанда, ол жуз жиырма бес жыл өмір сүрген болса, соның ішінде алпыс екі жыл өмірін сол жер астында хилуетте өткізген. Себебі, «Мен пайғамбардан артық емеспін, соның ізбасарымын, сол себепті мен алпыс үштен кейін жер астына кіруім керек», - деп ойлаған. Екінші жағынан
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz