Коммерциялық банктердің мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялары



Жоспар

Кіріспе

І бөлім Бағалы қағаздар түсінігі мәні.
1.1Бағалы қағаздар нарығының қызметі және
оның маңызы.
1.2 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар
нарығының пайда болуы.
1.3 Бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары.

ІІ бөлім Коммерциялық банктердің мемлекеттік бағалы қағаздармен жүргізетін операциялары.
2.1 Бағалы қағаздар нарығында банктің атқаратың қызмет
түрлері.
2.2 Коммерциялық банктердің акция, облигация
шығару тәртібі.
2.3 Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен
инвестициялық операциясы.

ІІІ.бөлім Қазақстан қор нарығындағы екінші деңгейлі банктер.

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе.
90-шы жылдардың экономикалық тәжірбиесі дәлелдегеніндей шаруашылықты жетілдірудің нарықтық әдістерін қалпына келтірудің және одан әрі дамытудың басты құралы- бағалы қағаздар екені ақиқат. Бағалы қағаздар ақша түріндегі капитал да, заттай капиталға да меншік құқын бекітіп тек бағалы қағаздар арқылы ғана мемлекеттік меншікті акционерлік қоғамдардың, яғни жекеменшік иелері- халықтын меншігіне айналдыруы мүмкін. Бағалы қағаздар нарығы өзіне тән қаржы институттары жүйесі қалыптасып, оларда экономикалық өрістеудің қаржы көздері қалыптасып жатыр.
Қазақстан Республикасының мемлекеті бағалы қағаздар нарығын құру және одан әрі өрістеу мақсатында қажетті шаралар жасауда. Қазақстан Республикасындағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің Ұлттық бағдарламасы бағалы қағаздар нарығының негізгі элементерін құру процесін жеделдетті. Мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдар түрінде қайта құру олардың инвестиция тартудың ең бір тиімді механизімдерінің бірі-акция шығаруды пайдалану мүмкіндігін ашты. Бағалы қағаздар нарығының механизімі экономиканың барлық субъектілеріне инвестиция көздерін алу мүмкіндігі туды. Акция шығару осы ресурстарды шектеусіз алуға мүмкіндік туғызса, ал облигация шығару ақша ресурстарын, оларды банктерден алудан гөрі, тиімдік жағдайда алуға мүмкіндік берді. Мемлекет бюджет кемшілігін толтыру мақсатында да ақша белгілерін эмисияламай, мемлекеттік бағалы қағаздар шығарумен шұғылданады.
Коммерциялық банктер бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздар эмитенті ретінде қатыса алады. Олар акция және облигациялармен қатар вексельдер, депозиттік және жинақтаушы сертификаттар және тағы басқа бағалы қағаздарды шығара алады. Сонымен қатар инвестор ретінде, олар бағалы қағаздарды өз атынан және өз есебінен сатып ала алады. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары ретінде, брокерлік және дилерлік сонымен қатар депозитарлық және сенімділік қызметін жүзеге асырыды.
Банктің акциясы мен облигациясы біздің Қазақстан Республикасында жоғарғы қажеттілікке ие емес, жалпы әлемнің қаржы нарығында жоғарғы орын алса да, біздің елімізде бағалы қағаздар нарығы әлі де даму үстінде.Нарыққа жаңа вексельдік бағдарламалардың енуіне коммерциялық банктер айтарлықтай үлес қосуда. Бұл жерде көбінесе коммерциялық банктердің бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметі туралы жазылды.
Менің курс жұмысымның мақсаты коммерциялық банктердің мемлекеттік бағалы қағаздармен жүргізетін операциялары және бағалы қағаздарды шығару жағдайлары және коммерциялық банктердің бағалы қағазар нарығындағы қызметі қарастырылған.
Бұл мақсаттарға жет үшін мен келесідей жағдайларды қарастырдым:
Бағалы қағаздар нарығының мәні мен мазмұны, түсінігі;
Бағалы қағаздар түрлері және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары;
Комерциялық банктердің Мемлекеттік бағалы қағаздармен жүргізетін операциялары
Бағалы қағаздар нарығындағы банктік қызметтің түрлері
Коммерциялық банктердің бағалы қағаздар эммиссы:
-Комерциялық банктердің Акция облигация шығару тәртібі
-Комерциялық банктредің бағалы қағаздармен жүргізетін инвестициялық операциясы
Қазақстан Республикасы қор нарығындағы екінші деңгейдегі банктер
1. «Қазақстан Ұлттық Банк туралы» заң 1995 жыл 30 наурыз;

2. «Қазақстандағы Банктер және банк қызметі туралы» заң 1995 жылы 31 тамыз;2005 жыл 1ақпан толықтырулар.

3. «Акционерлік қоғам туралы» заң 2003 жыл 13мамыр;

4. «Бағалы қағаздар туралы» заң 2003 жыл 2 шілде;

5. Мақыш.С. «Коммерциялық банктер» 2004 жыл;

6. Ефремов И.А. «Операций коммерческих банков с ценными бумагами» Москва: Ист-сервис. 1995 г

7. Көшенова Б.А «Бағалы қағаздар нарығы» Алматы: Экономика баспасы,1999ж.

8. Көшенова Б.А «Ақша Несие Банктер» Алматы: Экономика баспасы,1999ж

9. Глобалды Интернет жүйесінен алынған мағұлматтар.www.KazReff.ru

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Коммерциялық банктердің мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялары

Жоспар
Кіріспе

І бөлім Бағалы қағаздар түсінігі мәні.

1.1Бағалы қағаздар нарығының қызметі және
оның маңызы.

1.2 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар
нарығының пайда болуы.

1.3 Бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары.

ІІ бөлім Коммерциялық банктердің мемлекеттік бағалы қағаздармен жүргізетін
операциялары.

2.1 Бағалы қағаздар нарығында банктің атқаратың қызмет
түрлері.

2.2 Коммерциялық банктердің акция, облигация
шығару тәртібі.

2.3 Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен
инвестициялық операциясы.

ІІІ-бөлім Қазақстан қор нарығындағы екінші деңгейлі банктер.
Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер.

Кіріспе.
90-шы жылдардың экономикалық тәжірбиесі дәлелдегеніндей шаруашылықты
жетілдірудің нарықтық әдістерін қалпына келтірудің және одан әрі дамытудың
басты құралы- бағалы қағаздар екені ақиқат. Бағалы қағаздар ақша түріндегі
капитал да, заттай капиталға да меншік құқын бекітіп тек бағалы қағаздар
арқылы ғана мемлекеттік меншікті акционерлік қоғамдардың, яғни жекеменшік
иелері- халықтын меншігіне айналдыруы мүмкін. Бағалы қағаздар нарығы өзіне
тән қаржы институттары жүйесі қалыптасып, оларда экономикалық өрістеудің
қаржы көздері қалыптасып жатыр.
Қазақстан Республикасының мемлекеті бағалы қағаздар нарығын құру және одан
әрі өрістеу мақсатында қажетті шаралар жасауда. Қазақстан Республикасындағы
меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің Ұлттық бағдарламасы
бағалы қағаздар нарығының негізгі элементерін құру процесін жеделдетті.
Мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдар түрінде қайта құру олардың
инвестиция тартудың ең бір тиімді механизімдерінің бірі-акция шығаруды
пайдалану мүмкіндігін ашты. Бағалы қағаздар нарығының механизімі
экономиканың барлық субъектілеріне инвестиция көздерін алу мүмкіндігі туды.
Акция шығару осы ресурстарды шектеусіз алуға мүмкіндік туғызса, ал
облигация шығару ақша ресурстарын, оларды банктерден алудан гөрі, тиімдік
жағдайда алуға мүмкіндік берді. Мемлекет бюджет кемшілігін толтыру
мақсатында да ақша белгілерін эмисияламай, мемлекеттік бағалы қағаздар
шығарумен шұғылданады.
Коммерциялық банктер бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздар эмитенті
ретінде қатыса алады. Олар акция және облигациялармен қатар вексельдер,
депозиттік және жинақтаушы сертификаттар және тағы басқа бағалы қағаздарды
шығара алады. Сонымен қатар инвестор ретінде, олар бағалы қағаздарды өз
атынан және өз есебінен сатып ала алады. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби
қатысушылары ретінде, брокерлік және дилерлік сонымен қатар депозитарлық
және сенімділік қызметін жүзеге асырыды.
Банктің акциясы мен облигациясы біздің Қазақстан Республикасында жоғарғы
қажеттілікке ие емес, жалпы әлемнің қаржы нарығында жоғарғы орын алса да,
біздің елімізде бағалы қағаздар нарығы әлі де даму үстінде.Нарыққа жаңа
вексельдік бағдарламалардың енуіне коммерциялық банктер айтарлықтай үлес
қосуда. Бұл жерде көбінесе коммерциялық банктердің бағалы қағаздар
нарығындағы кәсіби қызметі туралы жазылды.
Менің курс жұмысымның мақсаты коммерциялық банктердің мемлекеттік бағалы
қағаздармен жүргізетін операциялары және бағалы қағаздарды шығару
жағдайлары және коммерциялық банктердің бағалы қағазар нарығындағы қызметі
қарастырылған.
Бұл мақсаттарға жет үшін мен келесідей жағдайларды қарастырдым:
Бағалы қағаздар нарығының мәні мен мазмұны, түсінігі;
Бағалы қағаздар түрлері және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары;
Комерциялық банктердің Мемлекеттік бағалы қағаздармен жүргізетін
операциялары
Бағалы қағаздар нарығындағы банктік қызметтің түрлері
Коммерциялық банктердің бағалы қағаздар эммиссы:
-Комерциялық банктердің Акция облигация шығару тәртібі
-Комерциялық банктредің бағалы қағаздармен жүргізетін
инвестициялық операциясы
Қазақстан Республикасы қор нарығындағы екінші деңгейдегі банктер

І бөлім Бағалы қағаздар нарығының мәні,түрлері

1.1 Бағалы қағаздар нарығының қызметі және
оның маңызы.

Бағалы қағаздар нарығы басқа нарықтардан өзінің айрықша тауармен
өзгешеленеді. Ол өзгеше тауар- бағалы қағаздар. Олар біріншіден-меншік
белгісі , екіншіден , қарыз міндеттемесі , яғни олар боинша табыс алу құқы
және табыс төлеу міндеттемесі пайда болады. Бұдан бұрын айтқанымыздай, бұл
тауарды өз құны аз болсада, ұте жоғары нарық бағасымен сатуға болады.
Бағалы қағаздардың көрсетілген құны (номиналы ) өте төмен болғанымен,
мысалы, өндіріс кәсәпорнына жұмсалған нақты капиталдың белгілі-бір мөлшерін
көрсетеді. Егер бағалы қағаздарға нарықтық сұраныс оның ұсынысынан жоғары
болса, онда оның бағасы көрсетілген құннан жоғары болады. Бұндай нарықтық
бығаның номиналдан ауытқуы, бағалы қағаздардың жалған капитал екенің
көрсетеді.
Жалған капитал- нақты капиталдың қарыз белгісі, яғни өндірістік капиталдың
оқшауланып шыққан бір бөлігі.
Бағалы қағаздар ақша капиталының немесе басқа материалды құндылықтардың
орнына жүретін символы болғандықтан оны “қордың құндылықтары” деп те
атайды. Сонымен қатар, бағалы қағаздар қордың инструменті немесе құралы
болып табылады. Себебі тек сол құралды пайдаланып, нақты құндылықтарға қол
жеткізуге немесе сол құндылықтар бір субъектілерден екіншіге ауысуына
болады. Сонымен бағалы қағаздар нарығы капитал нарығының, яғни ақша және
басқа материалдық құндылықтардың нақты ұызметін көрсетеді.
Бағалы қағаздар нарығы нарықтық экономикада күтпеген кездейсоқ болатын
процестердің реттеушісі. Бұл алдымен капиталды инвестициялау процесіне
қатысады. Капиталды инвестициялау дегеніміз оның капиталға мұқтаж өндіріс
салаларына құйылу, ал артық болған уақытта сол саладан қайта алынады.
Капиталдың бұндай айнлыс механизімі мынадан түсінікті. Мысалы: кейбір
тауарларға немесе қызмет түрлеріне сұраныс өссе, онда соған сәйкес бағасы
да өседі. Демек, оларды өндіруден пайда да өседі, сондықтан басқа
салалардың өнміне сұраныс азайып, олардың экономикалық тиімділігін
кеміп,ондағы капитал өніміне сұраныс өсіп тұрған салаларға құйылады. Бағалы
қағаздар осы механизімінің қызметін қамтамасыз ететін құрал. Олар уақытша
бос капиталды сату- сатып алу арқылы тиімді өндіріске бағыттап отырады.
Нарықтық экономиканың тәжірбиесінде капитал еңалдымен қоғамға шын мәнінде
қажетті өндіріске орналасады. Нәтижесінде қоғамдық өндірістің ең үйлесімді
құрлымы пайда болып, тапшылықсыз экономика қалыптасады: қоғамдық өндіріс
негізіен қоғамдық сұранысқа сай болады. Бұл өркендеген нарық экономикасының
басты жетістігі. Біздің еліміздегі Мемлекеттік жоспарлау комитеті басқарған
орталықтанған- жоспарлы экономика 70-жыл бойы қоғамның кедергісіз өсуін
қамтамасыз ете алмады. Ал нарықтық қатынастарды дамыту-қоғамдық
экономиканың шарақтап өркендеуіне жеткізетіні ақиқатшындық.
Кәсіпорынның қосымша капиталға мұқтаждығы көптеген жағдайларға байланысты.
Олардың бастылары- негізгі қорды құру және ескі қорларды жаңарту, айналыс
құралдарын олықтыру. Бұл мұқтаждықтар нарық конъюктурасына тікелей
байланысты. Сонымен қатар конъюктураның өзгеруі белгілі- бір уақыт арасында
болып тұрады. Сондықтан кәсіпорын қажетті қаражатты белгілі-бір уақытта,
яғни нарық конъюктурасының өздеріне қолайлы кезінде алғаны жөн. Қазақстан
Республикасының әзір бұндай жағдайы қалыптасқан жоқ. Себебі, банктік несие
әрі қымбат,әрі шектелген, ал бағалы қағаздар нарығы жаңадан қалыптасу
кезінде.
Экономиккасы дамыған мемлекеттерде бағалы қағаздар көмегімен қосымша
капитал алу аңағұрлым жеңіл. Акция жіне облигация сияқты бағалы қағаздар
шығаруға және олрды тіркеуге 2 жеті, эмиссиялық проспектісін шығарып және
нарыққа қатысушылрдың оларды талқылауына 2-4 жеті, оларды сатып алу-сатуға
және есепайырысуға 2-3 жеті уақыт кетеді екен. Қорытындысында 1,5-2 ай
ішінде эмитент өзіне қажетті капиталды жинап, оны басқару құқына ие береді.
Сонымен бағалы қағаздар нарығы –экономикалық өрлеуді көп жағдайда
қаржыландыратын ең онай және ең қолайлы қаржы көзі.

1.2 Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар
нарығының пайда болуы.
Бағалы қағаздар нарығының кейбір элементтері 20-шы жылдары КСРО-да жаңа
экономикалық саясат кезінде болған. Ал қазіргі егемен Қазақстанда бағалы
қағаздар нарығының алғашқы нұсқалары Кеңес Одағы заңдарының негізінде 90-
шы жылдардың басынан бастап пайда бола бастады. Елде дамыған бағалы қағазар
нарығы қалыптасуы үшін оның құрамдас бөліктері болуы қажет. Оларға мыналар
жатады:
Сұраныс пен ұсыныс;
Делдалдар мен басқа да қатысушылар;
Нарықтық инфроқұрлым яғни коммерциялық банктер, қор биржалары,
инвестициялық институттар және сол сияқтылары;
Нарықты реттейтін және өзін-өзі реттейтән жүйелер.
Нарықтың осы құрамдас бөліктері қазіргі уақытта негізінен құрылып болды.Бұл
жөнінде елімізде экономикалық жүйені реформалауды тереңдету жолында
қабылданған Қазақстанда мемлекеттік меншікті жекеменшіктендіру Ұлттық
бағдарламасы бағалы қағаздар нарығының негізгі субьектілері- акционерлік
қоғамдардың құрылуын тездетуде шешуші роль атқарады.
Дегенмен,Қазақстан экономикасының дағдарысы жағдайында толыққанды бағалы
қағаздар нарығы болуы мүмкін емес.Бағалы қағаздар нарығының даму деңгейі
көп жағдайында халықтың әл-ауқатына байланысты.Себебі бағалы қағаздарға
сұраныс халықтың тұрмысын айқындайды.Сондықтан халықтың табысының өсуі-
Қазақстанда бағалы қағаздар нарығы дамуының басты шарты.
Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының құрылымы және бағалы қағаздардың
өтімдісі қандай?Республикада қалыптасқан жағдай сипаттағанындай бағалы
қағаздардың ең көлемдісі және ең өтімдісі мемлекеттік қарыз
міндеттемелері.Мемлекеттік қарыз міндеттемелері нарығының ерекшелігі оған
қатысушыларға байланысты:
Біріншіден, мемлекеттік бағалы қағаздардың эмитенті- Қаржы Министірлігі;
Екіншіден, Ұлттық банк-оның (Қаржы Министірлігі) қаржы агенті сонымен бірге
мемлекеттік бағалы қағаздардың дилері. Бағалы қағаздар нарығына бұл
қатысушылар мемлекеттік бағалы қағаздары шығару мен оларды айналымға
түсіру шарттарын анықтаушылар.
Мемлекеттік бағалы қағаздар:
Мемлекеттік қазаналық вексельдер;
Мемлекеттік қазаналық облигациялар;
Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталары;
Жекеменшіктендіру купондары.
Мемлекеттік қазыналық вексельдері мен мемлекеттік қазыналық облигацияларды
ішкі мемлекеттік қарыз мөлшерінде мемлекеттік бюджетті қаржыландыру
мақсатында Қаржы Министірлігі шығарады. Ал қысқа мерзімді ноталарды банк
жүйесінің бірқалыпты жұмысын қамтиамасыз ететін қаржы қорын толтыру
мақсатында Ұлттық банк шығарады. Жекешелендіру купондары аукцион арқылы
сатылған мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіруге пайдаланады, ал оның
көптеген мөлшері жеке адамдар қолында осы күнге дейін сақтауда.
Кәсіпорындар банкротқа ұшырап, жұмыс істемей тұрған кездегі
жекеменшіктендіру купондарының орнына берген акциялар оны иемденушілерге
әлі дивиденд түсіре қойған жоқ.

1.3 Бағалы қағаздар нарығының кәсіби
қатысушылары
Бағалы қағаздар нарығының жұмысын қамтамасыз етіп, оның міндеттерін
атқаратын кәсіби мамандар, яғни делдалдар. Ол жұмыс баға белгілеу үшін және
қажетті хабарларды тарататын компьютерлік техниканы қажет етеді. Ол үшін
қазіргі уақытқа сай нарыққы әдейі дайындалған кәсіби мамандар қажет.
Олардың жалпы экономикалық, техникалық және кейбір күтпеген жағдайды
шешетін психологиялық дайындықтары болу керек. Сонымен бірге бағалы
қағаздар нарығы кәсіби мамандарының тәжірбиесінің маңызы мен олардың
сезімталдығы да болуы да тиіс.
Бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары:
Брокерлер- делдал ретінде келісімге қатынасатын адамдар. Брокер келсім
жасасатын әрбір жақты табыстыруды көздейді. Брокер өкіл емес, ешбір жақтың
шарттық қатынастарына қатыспайды, ол жекелеген тапсырмалар негізінде жұмыс
істейді. Брокерге әрбір жеке келсімді жасасуға арнаулы өкілеттілік
беріледі. Ол тек сол өкілеттілк шегінде әрикет етуге міндетті.
Дилерлер- өз капиталымен келсім жасайтын делдалдар.
Осы мамандармен қатар бағалы қағаздар нарығына банк қызметкерлері,
инвестициялық қорлардың қызметкерлері және нарық қызметін реттейтін ереже-
нормалар шығаратын мемлекеттік органдар мен заң қызметкерлері қатысады.
Бағалы қағаздар нарығындағы брокерлер құқықтық тұлға ретінде тіркелген
маманданған фирма қызметкерлері. Батыс Еуропа мамлекеттерінде олар не жеке
фирмалар, не акционерлік қоғам ретінде құрылады. Жаңа егеен мемлекеттерде
олар жауапкершілігі шектеулі серіктестік мекемесі болып құрылған. Салық
төлеуден жеңілдік алу мақсатында кіші кәсіпорын ретінде тіркелгендіктен
олардың жарғылық қоры өте аз. Дегенімен, бұл фирмалар өз капиталымен
қарызға алған капиталын өсіру мақсатында клиенттер санын көбейтуге
тырысады.
Құрлымы жөнінен брокерлік фирма дирекция, әкімшілік бөлім, кеңес беретін
бөлім, бағалы қағаздарды сату бөлімі және хабарлама- техникалық бөлімнен
тұрады. Шамамен фирмада 15-20 адам жұмыс істейді
Брокерлік фирманың құрлымы

Дирекция

Брокерлік фирманың қызмет аясына мына міндетер кіреді:
Консалтинг(кеңес беру);
Бағалы қағаздарды бірінші және екінші нарыққа орналастыру ;
Инвестициялық қорларды құру және оны басқару.
Бұдан басқа брокерлер ақша нарығында бірсыпыра ерккше қызмет көрсетеді,
атап айтқанда банктік несие алушыларға делдалдық жасау және мәмілені
қамсыздандыру, оның ішінде биржалық келсімді сақтандыру.
Брокерлер өз қызметінде мына түпкі бастамаларды басшылыққа алады:
Клиент брокерлік фирмамен шарт жасағанда барлық тапсырма бойынша келсімге
келеді, оның ішінде бағалы қағаздары қайдан сатып алу жөнінде (қор
биржасынан ба, әлде биржадан тыс нарықтан ба);
Брокер клиенттің белгіленген сомасы шегінде әрикет жасайды. Бірақ алған
тапсырма көлемінде бағалы қағаздарды таңдауда өз құқын пайдаланады;
Брокер тапсырманы орындағаны туралы шартта көрсетілген уақытта клиентке
хабарлама беріп және бағалы қағаздарды сатудан түскен қаржыны (өзне
делдалдық үшін сыйақы қалдырып) клиенттің есепшотына аударады;
Брокер мәмілені ерекше кітапқа тіркеу қажет. Ол жөнінде клиент көшірме
талап етуге құқығы бар;
Клиент брокерге мәміледегі барлық тапсырмаларды тоқтатуға үкім бере алады.
Сонымен бірге, брокерлік фирма мен клиент арасындағы келсім алғашқыда
ауызша болса,ол кейін жазбаша құжатта көрсетіліп , заңды үшіне енеді.
Брокерлік фирма өз клиенттерінен тапсырма алғанда олардан кепілдік беруді
талап етеді (әсіресе клиент сатып алушы болса). Кепілдік ретінде мыналар
берілуі мүмкін:
Мәміледегі бүкіл сомаға вексель;
Мәміленің кемі 25%-тін немесе 100%-тін құрайтын сома брокердің шотына
түсірілуі керек;
Брокердің атына ағымдағы шот ашылу мүмкін;
Бокерге сақтандыру полисі және т.б кепілдіктер.
Осылар жөнінде брокерлік фирма клиентке хабарлап отыру қажет. Сонымен
қатар, брокерлік фирма клиентке несие беріп, бүкіл операцияларды өз
есебінен жүргізу мүмкін. Бұл жағдайда брокерлік фирмананың табысына
делдалдық үшін сыйақы, несие үшін процент және тәуекел үшін ақы кіреді. Бұл
жағдайда брокерлік фирма тек делдалдық өызмет шегінен шығып, олардың іс-
әрикеті дилерлік фирманың қызметіне ұқсайды.
Диллер – олар да делдалдар. Олардың брокерлерден айырмашылығы шарт
жасасқанда өз капиталын жұмсайды. Бағалы қағаздар операциясына маманданған
дилерлерді жауапкешілігі шектеулі дилер деп атайды. Олардың бағалы
қағаздарды сатып алу-сатуға тәуекелмен шығарған шығыны, эмитенттер мен
инвесторлардың шығынынан әлдеқайда аз. Себебі сатып алу-сату аз уақыт
аралығында болады.
Дилерлердің атқаратын қызметі:
Бағалы қағаздарды шығару, олардың курсы және сапасы туралы хабар тарату;
Клиенттердің тапсырмасын орындау;
Бағалы қағаздар нарығындағы өзгерістерді бақылап отыру. Егер бағалы
қағаздарды сату- сатып алу баяуласа, онда бағалы қағаздардың курсын
тұрақтандыру мақсатында дилерлер өз есебінен операция жүргізеді;
Сатып алушылар мен сатушыларды бір-біріне кездестіріп, бағалы қағаздар
нарығының жұмысын жолға қлюға себепші болады. Олар нарықтын шапшаңдатушысы
(катализаторы) ретінде жұмыс істейді.
Бағалы қағаздар нарығында дилерлердің қызметі брокердің қызметінен өзінің
кең көлемділігімен ерекшеленетінің атап өткен жөн. Дилерлік фирмалардың
алғашқы өзінің бірсыпыра капиталы болады, кейінен олар делдалдық сыйақымен
және инвестициядан түскен пайдамен үнемі толтырылып отырады.
Қорыта айтқанда, бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары көбеюде. Тек
олардың бібірімен байланысты қызметі ғана нарықтын тұрақты қызметін және
бағалы қағаздардың өтімділігін қамтамасыз етеді.

ІІ бөлім Коммерциялық банктердің мемлекеттік бағалы қағаздармен жүргізетін
операциялары.

2.1 Бағалы қағаздар нарығында банктің атқаратын
қызмет түрлері.
Бағалы қағаздар нарығында коммерциялық банктер: бағалы қағаздардың
эмитенті, бағалы қағаздармен операцияларда делдал ретінде және де бағалы
қағаздарды өз есебінен сатып алып, инвестор бола алады.
Коммерциялық банктермен шығарылатын бағалы қағаздарды екі негізгі топқа
бөлсе болады:
Акция және облигациялар;
Жинақтау және депозиттік сертификаттар, вексельдер.
Коммерциялық банктер өздерінің акцияларын шығарғанда, қаржы-несиелік қоғам
ретінде емес, акционерлік қоғам ретінде қарастырылады.
Вексельдерді шығарып, оған қызмет көрсетіп, сонымен қатар жинақы және
депозиттік сертификаттарға қызмет көрсету арқылы коммерциялық банктер
өзінің негізгі функциясын- акшаны шоғырландыруды және төлемге қажетті
қаржыны мөлшерін құрып, банк өтімділігін қамтамасыз етеді.
Бағалы қағаздармен операцияларда коммерциялық банктер делдал ретінде, акция
шығарған мекеменің тапсырысы бойынша оны сату, қайта сату, сақтау, одан
дивидед алумен айналысып, коммисиялық сыйақылар алады. Сонымен қатар,
коммисиялық бастамаларға сүйеніп коммерциялық банктер облигация және басқа
да бағалы қағаздарды шығарған мекемелермен келсім бойынша өздеріне сату,
қайта сату және олардан пайда алу мүмкіндігіне ие болады.
Коммерциялық банктер қарыз алушылардан бағалы қағаздарды берілген
судалардың кепілі ретінде алуы мүмкін. Бағалы қағаздардан пайда алу
несиелік келсім шартта белгіленеді, бұл келсім шарт қарыз алушы мен банк
арасында келсіледі.
Соңғы жылдары коммерциялық банктер мемлекеттік бағалы қағаздар нарығына
белсенді қатысуда.
Аталған бағалы қағаздармен операцияларға қоса, коммерциялық банктер
депозитари ретінде, акциялар және басқа да бағалы қағаздарға есеп жүргізе
алады және акционерлер реесторын жүргізеді.
Коммерциялық банктердің бағалы қағаздар нарығындағы қызметі жалпы банктік
лицензия бойынша жүзеге асады.
Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен операцияларын төмендегідей
топтастыруға болады:
Банктердің бағалы қағаздармен жеке мәмілелері:
Инвестициялық;
Саудалық;
Банктердің кепілдік операциялары.
Банктердің бағалы қағаздармен жеке мәмілелері банктің атынан және банктің
өз есебінен жүзеге асады. Банктердің бағалы қағаздармен жеке мәмілелері
инвестициялық және саудалық операцияларға бөлінеді.
Пайда табу мақсатында банк өз қаражаттарын бағалы қағаздарға жұмсауына
болады. Осы жол несиелеуге қарағанда әлде-қайда ұтымды болып табылады.
Банктердің инвестициялау объектісі ретінде- тұрақты пайыздық бағалы
қағаздар болып табылады. Бағалы қағаздар банктердің өтімділік резервінің
түрі, сондықтан бағалы қағаздарды инвестициялауда оның сенімділігіне көп
назар аударылады. Банктердің инвестициясының интенсивтілігі тұрақты
пайыздық бағалы қағаздарына және банк клиентерінің несиелік ресурстарына,
пайыздық мөлшерінің динамикасының болжамына байланысты болып келеді. Егер
пайыздық мөлшерлеменің төмендеуі болжаланатын болса, онда банк үшін ең
тиімдісі қаржыны тұрақты бағалы қағаздарға жұмсау. Керсінше, егер пайыздық
мөлшерлеменің жоғарлауы болжанатын болса, онда банк тұрақты пайыздық бағалы
қағаздарды сатып алуды тоқтатып өздерінің бағалы қағаздарын мүмкіндігінше
сатуы керек.
Банк тәуелсіз судагер ролінде бағалы қағаздарды өз қоржынына сатып алып оны
сатуды жүзеге асырады. Банктің көздеген мақсаты- сауда операцияларын
орындау, яғни бір бағалы қағазға әртүрлі биржаларда бағамдардың түрлілігі
арқасында пайда табу болып табылады. Осы операциялардың жеделдігі бағалы
қағаздардың бағамдарын тұрақтандырады. Клиенттердің бағалы қағаздармен
мәмілелері банкте өткізілетін болса, онда мұндай мәмілелерді тура деп
атайды.
Коммерциялық банктер инвестициялық компания ретінде үшінші беттерге бағалы
қағаздарды орналастыруға кепілдік бере алады. Мұны инвестициялық
компанияның тәуекеді сақтандыру немесе бағалы қағаздарды орналастыратын
эмиссиялық консорциум ретінде қарастырамыз.
Бағалы қағаздардың эмиссиясы болған жағдайда кепіл болған банктер
инвестициялық компания (бағалы қағаздарды орналастырады) алдында барлық
міндеттемелерді орындайды. Егер акциялық немесе облигациялық қарызды толық
орналастырмаса оны өз есебінен алдын ала келісілген бағамен алады.
Қарызды немесе акцияны толық орналастырса банктер тәуекел үшін сыйақы және
комиссия алады.
Мысалы: А банкі инвестициялық компания ретінде XV мекемесінің
облигациясын орналастыруға барлық жауапкершілікті өзіне жүктейді. Б банкі
осы облигациялық қарыздың кепілі ретінде қарастырылады. Егер қарыз
орналастырылмаса Б банкі А орналастырылған облигацияларды алдын ала
келсілген бағамен кабылдайды . кепілдік операцялар банктің эмиссиялық
қызметімен байланысты болмаса, бір банкпен немесе банктік консорциум мен
жүзеге асырылуы мүмкін. Банктердің өзара қатынастарын (кепілдік консорциум
шегінде) көп жақты келсім бойынша анықтайды.
Банктің мемлекеттік бағалы қағаздармен жүргізетін операциялары
Банктердің инвестициялық операциясы бағалы қағаздармен жасалатын
операцияларды сипаттайды .Банктің инвестициялық операция жүргізетін бағалы
қағаздары екі топқа бөлінеді : Қор (акция,Облигация ) және Комерциялық
бағалы қағаздар( комерциялық вексельдер, чек, кепілдік күәліктер).
Қор бағалы қағаздарының өзін екі негізгі топқа бөледі:
1) Мемлекеттің бағалы қағаздары;
2) Мемлекеттік емес (корпоративтік) бағалы қағаздар.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттің бағалы қағаздарын өзіндік сипатына
қарай төмендегідегі кестеден көруге болады:

ҚР -дағы мемлекеттің бағалы қағаздарының сипаты

Түрі Шығару мақсаты Орналастыру Айналыс Наминал құны
тәсілі мерзімі
1 2 3 4 5
Ұлттық банктің Айналыстағы ақшаАукционсату 7 күннен 90 100 теңге
қысқа массасын реттеу күнге дейін
мерзімдінотасы
Ұлттық банктің Еркін өзгермелі Ноталар 35 күн 100 АҚШ
арнайы валюталық валюта бағамына портфелін доллары
нотасы өтуге байланыстыжинақтаушы
жинақтаушы Зейнетақы
зейнет ақы қорларымен
қорларының айырбастау
активтерін
қорғау
Арнайы валюталық Жинақтаушы Мемлекеттік 5 жыл 100 АҚШ
мемлекеттікоблигацизейнет ақы облигацияларп доллары
ялар(АВМЕКАМ) қорларының ортфелін
активтерін жинақтаушызей
қорғау нет ақы
қорларымен
айырбастау
Мемлекеттің арнайы Ұлттық банкке 10 жыл 1000теңге
қазыналық Үкіметтің
міндеттемесі қарызын Қайта
(МЕАКАМ) рәсімдеу
Мемлекеттің қысқа Республикалық Аукцион 3,6,9, және 100 АҚШ
мерзімді қазыналық бюджеттің 12 ай доллары
валюталық ағымдағы
міндеттемесі тапшылығын
(МЕКАВМ) қаржыландыру
Мемлекеттің Республикалық Аукцион 3 ай және 1000 теңге
индексацияланатынқабюджеттің одан жоғары
зыналық ағымдағы
міндеттемесі тапшылығын
(МЕИКАМ) қаржыландыру
Мемлекеттің орта Республикалық Аукцион 2 және 3 жыл 1000 Теңге
мерзімді қазыналық бюджеттің
міндеттемесі ағымдағы
(МЕОКАМ) тапшылығын
қаржыландыру
Мемлекеттің қысқа Республикалық Аукцион 3,6,9, және 1000 теңге
мерзімді қазыналық бюджеттің 12 ай
міндеттемесі ағымдағы
(МЕККАМ) тапшылығын
қаржыландыру
Мемлекеттік ішкі Республикалық Жазылу 364 күн 1000 теңге
займдық ұлттық бюджеттің жолымен
жинақ ағымдағы
облигациялары(ұжо) тапшылығын
қаржыландыру

Мемлекеттің бағалы қағаздары табыстылығына қарай 3 түрге бөлінеді:
• Дисконттық , мұндай бағалы қағаздар алғашқы нарықта инвесторларға
жеңілдіктермен (номиналдық құнынан төменгі бағамен) сатылып,
номиналдық құны бойынша өтеледі.
Мысалы, 91 күнге шығарылған, номиналдық құны 100 теңге тұратын дисконттық
бағалы қағазды 75 теңгеге сатып алсаңыз, онда одан мынадай табыс аласыз:

100-75=25 теңге немесе
25 теңге (бастапқы салынған инвестиция) х 100% = 33,3%

Сонымен қатар, егер 91 күнге салсаңыз, онда бір күндік табыс:
33,3%:91 күн=0.3659% құрайды. Демек, бір жылдық табыс: 0,3659% х 364
күн=133.19 тең.
• Купондық, яғни номиналдық құнына пайызбен бейнеленген табыс әкелетін
бағалы қағаздар. Купон мерзіміне қарай жылына 2 не 4 ретке дейін
төленелді.
• Аралас, яғни купон және дисконт түрінде қатар табыс әкелетін бағалы
қағаз. Бұл жағдайда инвестор-банктің табысы екі көзден: дисконт
түріндегі және купон мөлшерлемесі түріндегі табыстардан құралады.
Бүгінгі таңда ҚР-дағыекінші деңгейлі банктердің инвестициялық
операцияларға бағытталған активтерінің басым бөлігі мемлекеттің бағалы
қағаздарға жұмсалып отырғаны жасырын емес. Себебі, мұндай бағалы
қағаздарға салған активтер : біріншіден, өтімді яғни банк ондағы
қаражатты тез арада қолма-қол ақшаға айналдыра алады, екіншіден, олардан
алатын табыс төмен болғанымен тәуекел төмен немесе жоқ деседе болады.
Сонымен қатар активтерінің бір бөлігін өтімді корпоративтік
бағалықағаздарға орналастыруға болады. Корпоративтік бағалы қағаздарға
мыналар жатады:

• Акциялар;
• Облигациялар;
• Депозиттік және жинақ сертификаттары;
• Ипотекалық куәліктер;
• Депозитарлық қолғаттар.
2.2 Коммерциялық банктердің акцияны, облигацияны шығару
және тіркеу тәртібі
Коммерциялық банктер акцияларды өздерінің жарғылық капиталын қалыптастыру
мақсатында, ал егер ол акционерлік қоғам ретінде кейінен инвестор ретінде
жарғылық капиталды көбейту мақсатында қалыптастырады.
Барлық бағалы қағаздар инвесторлар санына, шығару көлеміне қарамастан
міндетті түрде Ұлттық Банкте мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс.
Қазақстанның заңнамасына сайкес банктермен шығарылған акциялар атаулы және
ұсынушылық болуы мүмкін. Егер мүліктік құқықты іске асыру оны иемденумен
байланысты болса, эмитентті есепке алу кітәптарында акция иесінің атын
тіркеу қажет. Акцияның иесі ауысқан жағдайда реестртірге керекті
мәліметтерді енгізу керек. Акцияның номиналды бағасы теңгеде беріледі.
Банктің барлық акциялары реттік санына және шығару уақытына қарамастан егер
ол акционерлер жиналысында дауыс құқығын ие болса бірдей номиналды бағаға
бағаланады. Бұл талап артықшылығы бар акцияға да қатысты болады, егер осы
акциялардың дауыс құқығы болса.
Акционерлік банкті ашқан жағдайда немесе оны пайлықтан акционерлікке
акционерлікке айландырғанда барлық акциялар банктің қатысушылары арасында
бөлінуі тиіс. Егер банктің пайлықтан акционерлікке ауысуы жарғылық
капиталдың ұлғаюымен қатар жүретін болса, онда ұлғаю тек қатысушылардың
қосымша төлемдері арқылы жүзеге асып, банктің жарғылық капиталы басқа
қорлардың қапиталдандыру арқасында ұлғайып қатысушылар арасында бөлінеді.
Алғаш акцины шығару жалпы ереже бойынша эмиссияның бағдарын сол кезде
тіркемей тек акцияны тіркейді.
Акцияның алғашқы шығарылымы эмиссияның бағдарымен бірге тіркеледі, егер бір
уақытта келесі екі жағдай орындалатын болса:
Егер бағалы қағаздың орналасу көлемі құрылтайшылар арасында өтсе және
олардың саны 500 ден асатын болса;
Егер эмиссияның жалпы көлемі 50 мың төменгі жалақы мөлшерінен (бағалы
қағаздарды шығару туралы қабылданған күнінде) асатын болса;
Банктің алғашқы шығарылымы түгелдей жай атаулы акциядан тұруы қажет.
Артықшылығы бар акция бұл кезде шығарылмайды, үйткені банк алғашқы жылы осы
акцияға белгіленген түрде дивиденд төлеуге мүмкіндігі болмайды.

Жарғылық капиталды ұлғайту үшін акционерлік банк акция шығаруды, тек барлық
акционерлердің бұрын шығарылған акциялады толық төлегеннен кейін жүзеге
асырады. Акцияны қайта шығаруды кезінде тіркеу эмиссияның бағдарын
тіркеумен бірге жүреді.
Акцияны қайта шығару кезінде тіркеу эмиссияның бағдарын тіркеусіз тек
келесі екі жағдац орындаланын болса жүзеге асады:
Эмиссияның жалпы көлемі 50 мың төменгі жалақы мөлшерінен аспайтын болса
(шешім қабылданан күні).
Банк шығарымды бітіргеннен кейін 500 ден аса акционері болса;
Жарғылық капитал ұлғайғаннан кейін жай және артықшылығы бар акцияларды
шығаруға болады. Банктің артықшылығы бар акциясы әртүлі номиналды бағаға ие
болуы мүмкін, егер ол банктің дауыс беру құқығы бар артықшылығы бар
акциялардың жарғылық іс қағаздарға қайшы келмесе.
Банкпен акция шығару шарасы әртүрлі болуы мүмкін ол бағалы қағаздарды шығуы
эмиссясының бағдарын тіркеу, тіркемеуіне байланысты. Егер бағалы қағаздарды
тіркеу эмиссияның бағдарын тіркеусіз өтетін болса, онда бұл процедура
келесідей кезендермен сипатталады:
Эмитенттің шығарылым туралы шешім қабылдауы;
Бағалы қағаздарды шығарылымын тіркеу;
Бағалы қағаздарды тіркеу;
Шығарлымның нәтижелерін тіркеу.
Егер бағалы қағаздарды тіркеу эмиссияның поспектісін тіркеумен өтетін
болса, онда бұл процедура келесідей этаптарға ие болады:
Эмитенттің шығарылымы туралы шешім қабылдауы;
Эмиссияның поспектісін дайындау;
Бағалы қағаздарды және эмиссияның бағдарын тіркеу;
Эмиссия бағдарының басылымын шығару және бұқаралық ақпарат құралдарына
бағалы қағаздардың шығарлымы туралы хабар беру;
Бағалы қағаздарды сатып-өткізу;
Шығарылым нәтижелерін тіркеу;
Шығарылым нәтижелерін баспасөзде жариялау.
Бағалы қағаздарды шығару шешімі банктің тиісті органында қабылданады. Бұл
орган заңнамаға сәйкес және банктің жарғылық іс қағаздарына сәйкес шешім
қабылдау тиіс. Банк акционерлерінің бас қосуы басшылар кеңесінде жылдық
жиналыс арасында акция шығаруға, олардың көлемін анықтауға құқық беруі
мүмкін. Осы кезде басшылар кеңесі жылдық жиналыста акционерлерге жарғылық
капиталдың өсуі туралы мәліметтер береді. Шығарылым туралы шешімде:
өткізілетің шараның жалпы тәтібі, әдістері, көздері және мерзімі туралы
мәліметтер болуы қажет.
Эмиссияның проспектісін банк басшыларымен дайындалып, басшылар төрағасының,
бас бухгалтердің қолы қойылғаннан кейін тігіліп, парақтары нумерацияланып,
банктің мөрі қойылады. Эмиссияның бағдары тәуелсіз аудиторлық фирмамен
куәландірілуі керек:
а) Келесіде акция шығарған кезде;
б) Акцияны алғашқы рет шығарғанда, егер банк пайлықтан акционерлікке
айналдырылса;
Эмиссияның проспектісінде болуы керек:
а) Эмитент туралы негізгі мәліметтер;
б) Эмитенттің қаржылық жағдайы туралы мәлімет;
в) Бағалы қағаздарды шығару туралы мәлімен.
Эмитент туралы негізгі мәліметтер бөлімінде келесідей мәліметтер
беріледі:
Эмитенттің заңды тұлға ретіндегі статусы;
Заңдық және пошталық мекен жайы;
Банктің акция шығару туралы шешім қабылдау кезіндегі барлық акционерлердің
тізімі (жалпы ,барлық дауыстын 5 %-нен төмен емес болуы қажет);
Банкті басқарудың органдарының құрамының мүшелерінің тізімі (жарғылық
капиталдағы үлесін көрсетумен);
Банк –эмитенттің 5%-тен астам үлес салмағы бар мекемелердің, банктердің,
фирмалардың және кәсіпорындардың тізімі;
Эмитенттің өндірістік, банктік, қаржылық топтарға, холдингтарға,
концерндерге, ассоцияларға, қоғамдық кәсіподақтарға мүшелігі;
Тауарлық, валюталық, қор биржаларына мүшелігі;
Барлық бөлімшелердің және банк-эмитенттің өкілдігінің тізімін.
Эмитенттің қаржылық жағдайы туралы мәліметте келесідей ақпарат болуы керек:
Соңғы үш қаржылық жылдың бухгалтерлік балансы,егер фирманың ашылғанына үш
жыл болмаса,онда ашылғаннан бастап әр жылдың балансы. Аудиторлық
тексеріспен нақтыланған бухгалтерлік баланс;
Бағалы қағаз шығару туралы шешім қабылданғанға дейінгі кварталдың балансы
аудиторлық тексеріспен нақтылануы туралы құжат;
Банк мүлігінің қысқаша тізімі және оның жұмысының негізгі түрлері;
Табысты қолдану туралы толық есеп;
Валюталық табыс және шығын бойынша (әр валюта түріне бөлек) тенгелік есеп;
Резервті қордың жарғылық іс-қағаздар бойынша өлшемі және шешім қабылданған
күнге резевті қордың соммасы;
Салық төлеу бойынша уақыты өтіп кеткен берешек көлемі;
Несие берушіге берешек туралы есеп берудің соңғы күн бойынша мәлімет;
Қаржыны капиталға салуға бағыты туралы мәлімет;
Банкке жүктелген әкімшілік және экономикалық рұқсат етілген санкциялар;
Жарғылық капитал туралы мәлімет (жалпы көлемі,төленген бөлігі,жарғылық
капиталдың акцияға бөлінуі,бұрын шығарылған акция саны,олардың
номиналы,акция иелерінің құқықтары);
Дивиденд төлеудің шарттары;
Банктің бағалы қағаз шығаруы туралы есебі;
Бағалы қағаздарды шығару туралы мәлеметтерде келесідей ақпарат болуы керек:
Бағалы қағаздар шығару туралы жалпылама мәлеметтер;
Бағалы қағаздарды таратумен айналысатын мекемелер туралы мәліметтер;
Диведенд төлеу туралы және оның көлемін анықтау туралы мәлімет;
Бағалы қағаздардан түсетінинвестицияның пайдалығы туралы есеп айырылысу
туралы мәлімет;
Өздерінің бағалы қағаздарын шығаруды тіркеу үшін банк-эмитент Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банксіне келесідей құжаттарды тапсырады:
Тіркеуге өтініш;
Эмиссияның проспектісін (егер бағалы қағаздарды шығару эмиссияның бағдарын
тіркеумен қатар жүретін болса).

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банксі мынандай жағдайларға байланысты
бағалы қағаздарды тіркеуден бас тартады:
Тіркеу құжаттарының толық еместігі;
Банк-эмитенттің ҚР бағалы қағаздар туралы заңға сайкес, бағалы
қағаздардың құрлуы мен рәсімделу және оларды тіркеу ережесінің бұзылуы;
Бекітілген құжаттардағы ақпараттардың сенімсіз болуынан;
Банктердің экономикалық нормативтердің орындамауы, яғни уақыт мерзімінің
сақталмауы.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк акцияларды шығаруға рұқсат етеді,
егер коммерциялық банктердің экономикалық көрсеткіштері дұрыс және тиянақты
жасалса. Бұл жағдайда банк- эмитент экономикалық нормативтерді және
ұйымдастырылған шараларды орындағаны үшін түсініктеме береді.
Акцияны шығаратын банк құрылған күннен бастап 3 жыл мерзімінде шығынсыз
жұмыс істеу керек. Қайта құрылған банктер үшін шығындарды өтеу, яғни
есептеу және кепіл беру арқылы өз жұмысын жалғастыра алады.
Жоғарыда айтылған банк-эмитенттерінен мемлеет тарапынан санкция қолдануды
қажет етеді. Банк-эмитенттер уақытынан өтіп кеткен қарыздар, яғни бюджетке
төленетін салықтар мен несие бойынша қарыздары болмауы керек. Бағалы
қағаздарды бекітуден бас тарту басқа сипаттамаларды қолдамайды.
Акция шығарылымын бекіткенде оларға арнайы мемлекеттік бекітілген номер
тағайымдалынады. Егер банк бір мезгілде акциялардың бірнеше түрлерін
шығарса, онда оларға жалғыз бекітілген құжаттарды рәсімдеу жүргізіледі.
Бірақ акцияларының әр түрінің өзінің реттік саны немее номері болады. Егер
банктер акцияны қайта шығарса келесі параметерлер қарастырылады, қайта
шығарылған жаңа акциялардың мемлекетін бекітілген реттік саны немесе номері
сақталады. Банк-эмитент эмиссиясының анықтамалығын бекіту кезінде оны жеке
брошурамен жариялайды, ол потенцалды сатып алушыларға ақпарат ретінде
таратады. Бір мезетте банк акциясының сатылу туралы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің операциялары мен қызметтері
Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен инвестициялық операциясы
Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен жүргізетін операциялары
Коммерциялық банктердің инвестициялық операцияларын зерттеу
Сбербанк АҚ және Қазақстанның қор нарығы:мәселелері, қазіргі кезеңде даму болашағы
Екінші деңгейлі банктердің бағалы қағаздармен жасайтын операцияларын эмиссиялық операциялар
Банктердің инвестициялық қызмет жүйесі
Коммерциялық банктің ұйымдастыру құрылымы
Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі
Мемлекеттік бағалы қағаздар эмитенті
Пәндер