Отырар тарихы



І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
1. Отырар тарихы
2. Отырар апаты
3. Отырар.Қаратау мәдениеті
4. Отырар медресесі
5. Отырар мемлекеттік археологиялық қорық музейі
6. Қазіргі уақытта Отырар . бесбұрыш тәріздес төбе.
7. Отырар ауданы
8. Тұран ойпаты
9. Отырар геологиясы
10. Тарихи мұра . Отырар
Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Отырар (Тұрарбанд, Тұрар, Тарбанд, Фараб) – ортағасырлық қала орны. Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Темір т. ж. ст-нан солтүстік-батысқа қарай 7 км жерде орналасқан. Отырар 8 ғ-дың басынан Тарбанд (Трабан) деген атаумен белгілі. Бұл атау Күлтегін және Білге қаған құрметіне арналған көне түркі жазбаларда кездеседі. 8 ғ-дағы араб географы Якут “Тарбанд, Тұрар, Тұрарбанд пен Отырар – бір қала” деп жазады. Араб тарихшысы Табаридің Отырар патшасын әл-Мамун халифтың жауларының бірі деп атағанына қарағанда, Отырар 9 ғ-дың өзінде-ақ ірі қала болған. 10 ғ. жазбаларында Кедер деген орт. қаласы бар Фараб аймағы аталады.
Ал Фараб Кедерден көне қала екені әл-Мақдисидің (10 ғ-дың аяғы) еңбегінде жазылған. Оның айтуынша, бас қала аймақ есімімен Фараб аталған. 10 ғ-дан кейін Кедер тарихи және геогр. жазбаларда аталмайды, оның орнына астана да, аймақ та Фараб делінген. Отырар 5 – 15 ғ-ларда Арал бойындағы көшпелі тайпалармен сауда жасайтын Иран мен Орт. Азиядан Сібірге, Моңғолияға және Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, қалада сол кезде әлемдегі аса ірі кітапхана және көптеген мешіт-медреселер болған.
1218 ж. Хорезмшаһ Мұхаммедтің Отырардағы билеушісі Қайырханның әмірімен Шыңғыс хан керуенінің саудагерлері өлтіріледі. Бұл Шыңғыс ханның Орт. Азияға шапқыншылық жасауына сылтау болды. Тарихи әдебиеттерде бұл қырғын “Отырар апаты” деген атпен белгілі. 1219 ж. күзде моңғол әскерлері Отырарға жетті. Моңғол шапқыншылығы салдарынан Отырар қиратылып, қала тұрғындары қырғынға ұшырады. Бірақ 1219 жылғы апаттан кейін Отырар қайта жанданды.
1255 ж. армян саяхатшысы Отырарды Сырдария бойындағы ірі қалалар қатарында атайды. Отырар дүниежүз. саудада бұрынғысынша делдалдық рөл атқарды.
Қала туралы 1320 ж. Флоренция көпесі Пеголоттидің Азов т-нен Қиыр Шығысқа дейінгі сауда жолы туралы жазбаларында да баса айтылған.
14 ғ-да Ақ Орда хандары мұнда медреселер, ханакалар, мешіттер, кеңселер салдырды.
14 ғ-дың аяғында Отырар Әмір Темір мемлекетінің құрамына кірді. Әмір Темір мұнда бірнеше рет болып, Шығыс жорығына дайындығы қызған кезде (1405) осында қайтыс болды. Әмір Темір мирас-қорлары мен Шайбани әулетінің қазақ хандарымен күресі барысында Отырар тағдыры тағы да сынға түсті.
16 ғ-дың 2-жартысынан бастап қала қазақтардың билігіне біржолата көшіп, шамамен 18 ғ-дың басына дейін болған.
Отырарда археол. қазба жұмыстары кең көлемде 1969 ж. Қазақстан ҒА-ның К.Ақышев басқарған Отырар археол. экспед. ұйымдастырылғаннан кейін басталды.
1. Бернштам А.Н., Древний Отрар, “Изв. АН КазССР”, Серия археологии, 1951, ғ 108; Акишев К.А., Байпаков К.М., Древний Отрар, А.-А., 1972; Ежелгі Отрар, А., 1997. К. Байпақов
2. Машанов А., Әл-Фараби, А., 1970.
3. "Қазақ Энциклопедиясы"
4. Kramers J.H. Otrar // Enziklopaedie dis Islam III, – Leiden-Leipzig, 1936, – H. 1095.
5. Агеева Е.И., Пацевич Г.И. Из истории оседлых поселений и городов Южного Казахстана // ТИИАЭ, т. V. – Алма–Ата: Издательство Академии наук Казахской ССР, 1958. –Т. V. – С. 3-215.
6. Марғұлан Ә.Х. Отырар қаласының орнында // Білім және еңбек. –1961. - №4. – 6-7-бб.
7. Акишев К.А, Байпаков К.М, Ерзакович Л.Б. Древний Отрар. – Алма–Ата: Наука, 1972. – 214 с.
8. Савельева Т.В., Костина Д.М. Отрар, Отрарский оазис и Южный Казахстан. Проблемные исследования Южно-Казахстанской комплексной археологической экспедиции. - Алма-Ата, 1986. - С. 44.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
1. Отырар тарихы
2. Отырар апаты
3. Отырар-Қаратау мәдениеті
4. Отырар медресесі
5. Отырар мемлекеттік археологиялық қорық музейі
6. Қазіргі уақытта Отырар – бесбұрыш тәріздес төбе.
7. Отырар ауданы
8. Тұран ойпаты
9. Отырар геологиясы
10. Тарихи мұра - Отырар
Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Отырар тарихы

Отырар (Тұрарбанд, Тұрар, Тарбанд, Фараб) – ортағасырлық қала орны.
Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Темір т. ж. ст-нан солтүстік-
батысқа қарай 7 км жерде орналасқан. Отырар 8 ғ-дың басынан Тарбанд
(Трабан) деген атаумен белгілі. Бұл атау Күлтегін және Білге қаған
құрметіне арналған көне түркі жазбаларда кездеседі. 8 ғ-дағы араб географы
Якут “Тарбанд, Тұрар, Тұрарбанд пен Отырар – бір қала” деп жазады. Араб
тарихшысы Табаридің Отырар патшасын әл-Мамун халифтың жауларының бірі деп
атағанына қарағанда, Отырар 9 ғ-дың өзінде-ақ ірі қала болған. 10 ғ.
жазбаларында Кедер деген орт. қаласы бар Фараб аймағы аталады.

Ал Фараб Кедерден көне қала екені әл-Мақдисидің (10 ғ-дың аяғы)
еңбегінде жазылған. Оның айтуынша, бас қала аймақ есімімен Фараб аталған.
10 ғ-дан кейін Кедер тарихи және геогр. жазбаларда аталмайды, оның орнына
астана да, аймақ та Фараб делінген. Отырар 5 – 15 ғ-ларда Арал бойындағы
көшпелі тайпалармен сауда жасайтын Иран мен Орт. Азиядан Сібірге,
Моңғолияға және Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды.
Кейбір зерттеушілердің пікірінше, қалада сол кезде әлемдегі аса ірі
кітапхана және көптеген мешіт-медреселер болған.

Отырар апаты
1218 ж. Хорезмшаһ Мұхаммедтің Отырардағы билеушісі Қайырханның әмірімен
Шыңғыс хан керуенінің саудагерлері өлтіріледі. Бұл Шыңғыс ханның Орт.
Азияға шапқыншылық жасауына сылтау болды. Тарихи әдебиеттерде бұл қырғын
“Отырар апаты” деген атпен белгілі. 1219 ж. күзде моңғол әскерлері Отырарға
жетті. Моңғол шапқыншылығы салдарынан Отырар қиратылып, қала тұрғындары
қырғынға ұшырады. Бірақ 1219 жылғы апаттан кейін Отырар қайта жанданды.
1255 ж. армян саяхатшысы Отырарды Сырдария бойындағы ірі қалалар
қатарында атайды. Отырар дүниежүз. саудада бұрынғысынша делдалдық рөл
атқарды.
Қала туралы 1320 ж. Флоренция көпесі Пеголоттидің Азов т-нен Қиыр
Шығысқа дейінгі сауда жолы туралы жазбаларында да баса айтылған.
14 ғ-да Ақ Орда хандары мұнда медреселер, ханакалар, мешіттер, кеңселер
салдырды.
14 ғ-дың аяғында Отырар Әмір Темір мемлекетінің құрамына кірді. Әмір
Темір мұнда бірнеше рет болып, Шығыс жорығына дайындығы қызған кезде (1405)
осында қайтыс болды. Әмір Темір мирас-қорлары мен Шайбани әулетінің қазақ
хандарымен күресі барысында Отырар тағдыры тағы да сынға түсті.
16 ғ-дың 2-жартысынан бастап қала қазақтардың билігіне біржолата көшіп,
шамамен 18 ғ-дың басына дейін болған.
Отырарда археол. қазба жұмыстары кең көлемде 1969 ж. Қазақстан ҒА-ның
К.Ақышев басқарған Отырар археол. экспед. ұйымдастырылғаннан кейін
басталды.

Отырар-Қаратау мәдениеті
Отырар-Қаратау мәдениеті – Оңтүстік Қазақстан өлкелерін мекендеген
қаңлы тайпаларының көне мәдениеті (б.з.б. 1-мыңжылдықтың соңы).
Ескерткіштердің негізгі тараған аумағы Сырдарияның орта ағысын қамтиды.
Қалалар мен қоныстар, зираттар жақсы зерттелген. Олардың аса ірі шоғырлану
орт. Отырар шұраты; Арыс өз-нің солт. жағасында Мардан, Мардан-Күйік,
Қостөбе, Шаштөбе, Сейтмантөбе, Ақайтөбе, Шөлтөбе, т.б. ірі қалалары болған.

Отырар медресесі
Отырар медресесі – Отырар қаласында болған ортағасырлық діни оқу орны.
8 ғ-дың аяғында құрылып, моңғол шапқыншылығына дейін жұмыс істеген.
Медреседе жан-жақтан білім іздеп келген шәкірттер 10 жыл бойы тәрбиеленді.
Оларға бесінге дейін сабақ берілсе, бесіннен кейін медресе жұмысына салынды
(аула сыпыру, ас пісіру, бау-бақша суару, т.б.). Ал екіндіден кейін
шәкірттер өз жұмыстарымен айналысты. О. м-нде алғашқы 5 жылда сол заманғы
әлемдік үш тіл: түркі-қыпшақ, парсы, араб тілдері оқытылды. 5 жылдан кейін
шәкірттерге діни сабақтармен қатар астрономия, геометрия, музыка, т.б.
ілімдер бойынша жан-жақты білім берілді. Тіпті бұрнағы заманда жойылып
кеткен әліппелер (мыс., Финикия әліппесі) үйретілді. О. м-нде ғұлама ғалым
Әбу Наср әл-Фараби оқыған.

Отырар мемлекеттік археологиялық қорық музейі
Отырар мемлекеттік археологиялық қорық музейі, 1967 ж. Оңт. Қазақстан
облысы Отырар ауданы Темір станциясында ашылған. Алғашқыда мектеп музейі,
1973 жылдан бастап аудандық музей қызметін атқарса, 1979 ж. О. м. а. қ. м.
болып құрылды. Музейдің негізгі мақсаты Отырар өңіріндегі археол., архит.
ескерткіштерді қорғау, ғыл.-зерттеу, мәдени-ағартушылық жұмыстармен
айналысу. О. м. а. қ. м. құрамына Отырар қ., Арыстан баб кесенесі және осы
өңірдегі барлық ежелгі қала орындары, қорғандар, суландыру жүйелері,
шеберханалар енеді және бұлар көрермендерге экспозиц. қызмет атқарады.
Музейде бірнеше бөлімдер және кітапхана жұмыс істейді. 1993 ж. музей
қарамағына 110 тарихи ескерткіш бекітіліп берілді, қорғау аймағы 11547 га
болып ұлғайды. Қазіргі кезде Отырар өңірінде 160-тан астам тарихи-мәдени
ескерткіш бар.

Қазіргі уақытта Отырар – бесбұрыш тәріздес төбе.
Өлшемдері: оңт. жағы – 380 м, оңт.-батысы – 145 м, батысы – 400 м,
солт.-шығысы – 380 м және шығысы – 350 м. Төбенің ең биік жері іргесінен 18
м. Жалпы аум. 200 га. Қала дуалмен қоршалған. Оның солт.-шығыс және шығыс
жақтағы құрылыстары жақсы сақталған. Негізгі төбені айналдыра қазған
орлардың орны бар. Қаланың үш қақпасы болған. Орт. қақпа оңт. жағына
орналасқан. Археол. қазба жұмыстары қала орнындағы мәдени қабаттарды
анықтап, олардың қай уақытта болғанын, құрылыс орындарын кезеңге бөліп,
талдау жасауға мүмкіндік берді. Қаланың мәдени қабаты 16 м. Ол 7 мәдени
қабаттан тұрады.
1-қабаттан (б.з. 1 – 6 ғ-лары) зат (қолдан жасалған құмыра сынықтары)
аз табылды;
2-қабаттың (7 – 8 ғ-лар) қалыңд. 3 м-ге жуық;
3-қабаттан (қалыңды. 1 м-дей, 9 – 10 ғ-лар) қабырғалары шикі кірпіштен
(42×22× ×10 см) қаланған тұрғын үйлердің орны, қола білезіктер мен
алқалардың жұрнақтары, темір бұйымдардың сынықтары, шарап құятын ыдыстар
табылды;
4-қабатқа (қалыңд. 1,5 м, 11 – 13 ғ-дың басы) қайта жоспарланып
салынған құрылыстар тән, сонымен бірге бұл қабаттан семсердің сынығы, қола
сақина, шыны ыдыстардың сынықтары, әр түрлі шыныдан жасалған алқалар, т.б.
заттар алынды;
5-қабаттан (қалыңд. 1,5 м, 13 – 14 ғ-лар) қабырғасы күйдірілген
кірпішпен (24×24×4 см) қаланған құрылыстардың орны, іргесінен тандырдың,
шаруашылыққа арналған шұңқырлардың, зат қоймасының (одан темір пышақ, ер-
тұман әбзелінің қалдықтары, темір ине, қола алқалар, т.б. заттар табылды)
қалдықтары ашылды;
6-қабаттан (қалыңд. 1,5 м, 15 – 16 ғ-лар) қырлы темір пышақ,
зергерлердің сүйектен жасалған балғасы, ат мүсіні, т.б. заттар іріктеп
алынды; *7-қабатының қалыңд. 0,7 – 0,8 м (17 – 18 ғ-лар). Бұл қабат қаланың
құлдырап, төмендей бастаған кезеңіне жатады.
1971 – 74 ж. аралығында Отырар аумағының бестен бір бөлігі (4 га ш.)
аршылды. Бойлық және ендік бағытымен салынған көшелердің болғаны анықталды.
Көшелердің ені 2 – 3,5 м. Көшелер аралығында салынып бітпеген алаңдар
немесе аулалар бар. Мұндағы тұрғын үйлер біртектес, біріне-бірі өте жақын
салынған бір, екі немесе үш бөлмелі, ал көп бөлмелі үйлер сирек кездеседі.
Жалғыз немесе орт. бөлменің көл. 20 – 35 м2. Қабырғалары шикі кірпіштен
(30×20×9 см, 27×1×6×7 см) жалпағынан және еңістеу етіліп қырынан қаланған.
Қысы қатаң жерлерде кірпішті бұлайша қырынан қалау төбесі қалың топырақпен
жабылған үйлерге тән тәсіл. Мұндай тәсіл Қазақстанның оңт-ндегі тұрғын
үйлер құрылысында қазір де кездеседі. Үй ішіне еден арасына биікт. 20 – 30
см үй жылытатын тандыр салынған. Тандырдың от жағатын бөлігі күйдірілген
кірпішпен жабылған және түтін шығатын мойны қабырғаға жапсырыла салынған.
От жағатын бөлігінің асты шұңқыр. Оның едені мен қабырғалары күйдірілген
кірпішпен немесе оның сынықтарымен қапталған. Осы жерден тас диірмен және
оның сынықтары, әр түрлі тас келсаптар шықты, сондай-ақ бөлмелер ішінен
қыштан жасалған астық сақтайтын хұмдар мен құмыралар, ұралар, шаруашылыққа
арналған шұңқырлар кездеседі. Көп бөлмелі үйлерге қос тандыр салынған. Олар
үйлердің әр бұрышына орналастырылған, түтін шығатын ортақ мұржасы бар.
Аршылған құрылыс кешендері 16 – 18 ғ-ларға жатады. Бұлардың осы кезеңге
жататындығын нумизмат. материалдар (120-ға жуық тиындар) дәлелдеп береді.
Осы кезеңде өрт болғандығы байқалады, кейбір бөлмелерде өрт іздері
сақталған. Ыдыстардың түбінде тамғалы белгілер салынған. Ыдыстарды
күйдіргенге дейін салынған мұндай белгілер оның тек түбінде ғана емес,
төменгі бөлігінде де кездеседі. Бұлар қазақтың керей және қыпшақ руларының
таңбаларына сәйкес келеді. Отырарда археол. қазба жұмыстары әлі де жүріп
жатыр

Отырар ауданы
Отырар ауданы – Оңт. Қазақстан обл-ның батысында орналасқан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ортағасырлық Отырар: тарихи-археологиялық деректер негізінде
Отырар өңірінде жүрген археологиялық экспедициялар
Мен білетін тарихи қалалар құпиясы
ОТЫРАР ЖӘНЕ ЖІБЕК ЖОЛЫ
Отырардың заттық мәдениеті
Қазақстан териториясындағы ежелгі ақша сарайлары: ақша соғу,ақша бірлігі, таралымы
Тараздың қысқаша тарихы
Отырарда жүргізген жұмыстары нәтижесінде
Ортағасырлардағы ақша айналысы. Отырар теңгелері
Көне қала отырар
Пәндер