Халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру жолдары (Қызылорда облысы материалдары бойынша)



1 КІРІСПЕ
2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
3 ҚОРЫТЫНДЫ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адам капиталын дамыту үшiн лайықты еңбекке қол жетiмдiлiктi ұлғайтудың ерекше маңызы бар.
Мемлекет басшысы бiрнеше мәрте атап көрсеткенiндей, жұмыспен қамту саясаты кедейлiктi еңсеру мен адамдардың әл-ауқатын арттыруда ең негізгі құрал болып отыр.
Елбасының тапсырмасымен еліміздің еңбек нарығындағы қалыптасқан жағдайды оң шешуге, индустриялық саясатты жүзеге асыру үшін еңбек әлеуетін тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін бұрын - соңды болмаған «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы әзірленді. Жалпы бұл бағдарлама халық арасында жақсы қабылданып, экономиканың өрлеуіне, оң жетістіктерге жетуіне әсерін тигізуде.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 27 қаңтар 2012 жылғы Қазақстан халқына арнаған «Әлеуметтік –экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында бірінші басымдық – Қазақстандықтардың жұмысқа тартылуы болып белгіленді.
Жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметінің негізгі әлеуметтік басымдықтарының бірі болып табылады. Жұмыспен лайықты қамтуды қамтамасыз ету – халықты әлеуметтік қорғаудың негізі, адам ресурстары әлеуетін дамыту және іске асырудың маңызды шарты, қоғамдық байлықтың артуы мен өмір сүру сапасын жақсартудың басты құралы.
Еңбек нарығын реттеудің әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-инфрақұрылымдық қызмет ету тетіктерін жетілдіру, облыс тұрғындарын жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғаудың белсенді формасы ретінде жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау, қоғамдық бағдарлама жасау негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отыр, ол өз кезегінде ғылыми тұрғыдан зерттеуді талап етеді.
Еліміз күннен-күнге қарыштап дамып, биік арман мақсаттар мен мұраттарға қол жеткізіп келеді. Алайда, жұмыссыз адамдардың санының көбеюі - басты проблема күйінде қалып отыр.
Нарықтық қатынастардың дамуы жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсынысты реттеу, еңбек қатынастары жүйесін реформалау мен жұмыс орындарының сапалық сипаттамаларының артуы, кәсіби білім беру жүйесінің жаңа экономикалық жағдайға бейімделуімен байланысты еңбек нарығында туындайтын мәселелерді зерттеуді көздейді.
Мәселенің зерттелу дәрежесі. Экономика ғылымында еңбек нарығы, еңбек ресурстарын тиімді пайдалану, жұмыссыздық, халықты жұмыспен қамтуды зерттеу маңызды орын алады.
Зерттеу барысында келтірілген теориялық және әдістемелік тұжырымдар мен қорытындылар еңбек нарығын, оның ішінде еңбек ресурстарының жұмыспен қамтылуы мен жұмыссыздығы проблемаларын қарастыратын ғалымдардың ғылыми еңбектері негізінде құрылады.
Жұмыспен қамту, жұмыссыздық мәселесі экономикалық ғылымның көрнекті өкілдері К.Маркс, Т.Мальтус, Д.Кейнс, А.Пигу, М.Фридман, А. Мармас, Д.М.Кемие, О.Филлипс, А.Оукен, П.Самуэльсон сияқты ғалымдардың зерттеулеріне негіз болған.
Еңбек нарығы, тұрғындарды жұмыспен қамту, еңбек ресурстары және оның сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелерін талдауда шетелдік ғалымдар В.С.Буланов, А.О.Котляр, И.К.Заславский, Б.Д.Бреев, В.Н.Якимов, С.Г.Ковалев, А.И.Тучков, А.А.Никифорова еңбектері және отандық Я.Ә.Әубәкіров, Ө.Қ.Шеденов, Б.Л.Тәтібеков, О.Сәбден, Сансызбаева Х.Н, Б.С.Досманбетов, Ф.М.Днишев, М.К.Мелдаханова, Т.И.Есполов, А.Қошанов, Ю.К.Шокаманов, Ұ.Р.Бекмұханбетова сияқты зерттеушілердің еңбектерінің маңызы зор.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Магистрлік жұмыстың мақсаты - еңбек нарығында халықты жұмыспен қамтуды теориялық-әдіснамалық тұрғыда анықтау және оны мемлекеттік реттеуді жетілдіру жолдарын дәлелдеу болып табылады.
Алға қойған мақсатқа сәйкес төмендегідей міндеттерді шешу қажеттілігі айқындалады:
- еңбек нарығы, еңбекке сұраныс пен ұсыныс, жұмыссыздық, халықты жұмыспен қамту мәселелерінің теориялық-әдістемелік негіздерін нақтылау;
- Қызылорда облысы бойынша еңбек нарығының жағдайын зерттеу;
- өңірдегі өмір сүріп отырған халық арасында жұмыссыздық себептері, жұмыспен қамтылу мәселесі туралы көзқарастарын айқындау мақсатымен социологиялық пікір алмасулар жүргізу;
- өңірдегі еңбек нарығын реттеу үшін маңызды факторларды анықтау;
- еңбек нарығындағы сұраныс мен ұсынысты талдай отырып, жүзеге асыруға тиісті бағыттар мен атқарылатын іс әрекеттерді тұжырымдау.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ӘӨЖ 331.57( 574.54): 331.108 ( 574.54) Қолжазба
құқығында

КУАНГАЛИЕВ БЕРИКБОЛ КОЖАХМЕТОВИЧ

ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ (ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ МАТЕРИАЛДАРЫ
БОЙЫНША)

6М051000- Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша
экономика және бизнес магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған
диссертацияның

Рефераты

Қызылорда, 2012

Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университетінде орындалды

Ғылыми жетекші: экономика ғылымдарының кандидаты
Умирзакова М.А.



Ресми оппонент: экономика ғылымдарының кандидаты
Серікбаева С.Ғ.



Диссертация 2012 жылы маусымның ____ күні сағат ________ Қорқыт Ата
атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде экономика және бизнес
магистрі академиялық дәрежесін алу үшін диссертациялық кеңестің
мәжілісінде қорғалады. Мекен-жайы 120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би
көшесі, 29А, 408 к.

Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университетінің кітапханасында танысуға болады.

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адам капиталын дамыту үшiн лайықты
еңбекке қол жетiмдiлiктi ұлғайтудың ерекше маңызы бар.
Мемлекет басшысы бiрнеше мәрте атап көрсеткенiндей, жұмыспен қамту
саясаты кедейлiктi еңсеру мен адамдардың әл-ауқатын арттыруда ең негізгі
құрал болып отыр.
Елбасының тапсырмасымен еліміздің еңбек нарығындағы қалыптасқан
жағдайды оң шешуге, индустриялық саясатты жүзеге асыру үшін еңбек әлеуетін
тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін бұрын - соңды болмаған Жұмыспен қамту
- 2020 бағдарламасы әзірленді. Жалпы бұл бағдарлама халық арасында жақсы
қабылданып, экономиканың өрлеуіне, оң жетістіктерге жетуіне әсерін
тигізуде.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 27 қаңтар 2012
жылғы Қазақстан халқына арнаған Әлеуметтік –экономикалық жаңғырту –
Қазақстан дамуының басты бағыты атты Жолдауында бірінші басымдық –
Қазақстандықтардың жұмысқа тартылуы болып белгіленді.
Жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу Қазақстан Республикасының
Үкіметі қызметінің негізгі әлеуметтік басымдықтарының бірі болып табылады.
Жұмыспен лайықты қамтуды қамтамасыз ету – халықты әлеуметтік қорғаудың
негізі, адам ресурстары әлеуетін дамыту және іске асырудың маңызды шарты,
қоғамдық байлықтың артуы мен өмір сүру сапасын жақсартудың басты құралы.
Еңбек нарығын реттеудің әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-
инфрақұрылымдық қызмет ету тетіктерін жетілдіру, облыс тұрғындарын жұмыспен
қамту, әлеуметтік қорғаудың белсенді формасы ретінде жұмыссыздарды кәсіби
даярлау және қайта даярлау, қоғамдық бағдарлама жасау негізгі өзекті
мәселелердің бірі болып отыр, ол өз кезегінде ғылыми тұрғыдан зерттеуді
талап етеді.
Еліміз күннен-күнге қарыштап дамып, биік арман мақсаттар мен мұраттарға
қол жеткізіп келеді. Алайда, жұмыссыз адамдардың санының көбеюі - басты
проблема күйінде қалып отыр.
Нарықтық қатынастардың дамуы жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсынысты
реттеу, еңбек қатынастары жүйесін реформалау мен жұмыс орындарының сапалық
сипаттамаларының артуы, кәсіби білім беру жүйесінің жаңа экономикалық
жағдайға бейімделуімен байланысты еңбек нарығында туындайтын мәселелерді
зерттеуді көздейді.
Мәселенің зерттелу дәрежесі. Экономика ғылымында еңбек нарығы, еңбек
ресурстарын тиімді пайдалану, жұмыссыздық, халықты жұмыспен қамтуды
зерттеу маңызды орын алады.
Зерттеу барысында келтірілген теориялық және әдістемелік тұжырымдар мен
қорытындылар еңбек нарығын, оның ішінде еңбек ресурстарының жұмыспен
қамтылуы мен жұмыссыздығы проблемаларын қарастыратын ғалымдардың ғылыми
еңбектері негізінде құрылады.
Жұмыспен қамту, жұмыссыздық мәселесі экономикалық ғылымның көрнекті
өкілдері К.Маркс, Т.Мальтус, Д.Кейнс, А.Пигу, М.Фридман, А. Мармас,
Д.М.Кемие, О.Филлипс, А.Оукен, П.Самуэльсон сияқты ғалымдардың
зерттеулеріне негіз болған.
Еңбек нарығы, тұрғындарды жұмыспен қамту, еңбек ресурстары және оның
сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелерін талдауда шетелдік
ғалымдар В.С.Буланов, А.О.Котляр, И.К.Заславский, Б.Д.Бреев, В.Н.Якимов,
С.Г.Ковалев, А.И.Тучков, А.А.Никифорова еңбектері және отандық
Я.Ә.Әубәкіров, Ө.Қ.Шеденов, Б.Л.Тәтібеков, О.Сәбден, Сансызбаева Х.Н,
Б.С.Досманбетов, Ф.М.Днишев, М.К.Мелдаханова, Т.И.Есполов, А.Қошанов,
Ю.К.Шокаманов, Ұ.Р.Бекмұханбетова сияқты зерттеушілердің еңбектерінің
маңызы зор.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Магистрлік жұмыстың мақсаты - еңбек
нарығында халықты жұмыспен қамтуды теориялық-әдіснамалық тұрғыда анықтау
және оны мемлекеттік реттеуді жетілдіру жолдарын дәлелдеу болып табылады.
Алға қойған мақсатқа сәйкес төмендегідей міндеттерді шешу қажеттілігі
айқындалады:
- еңбек нарығы, еңбекке сұраныс пен ұсыныс, жұмыссыздық, халықты
жұмыспен қамту мәселелерінің теориялық-әдістемелік негіздерін нақтылау;
- Қызылорда облысы бойынша еңбек нарығының жағдайын зерттеу;
- өңірдегі өмір сүріп отырған халық арасында жұмыссыздық себептері,
жұмыспен қамтылу мәселесі туралы көзқарастарын айқындау мақсатымен
социологиялық пікір алмасулар жүргізу;
- өңірдегі еңбек нарығын реттеу үшін маңызды факторларды анықтау;
- еңбек нарығындағы сұраныс мен ұсынысты талдай отырып, жүзеге асыруға
тиісті бағыттар мен атқарылатын іс әрекеттерді тұжырымдау.
Зерттеу пәні - халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру мен реттеуде
қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық қатынастар жиынтығы.
Зерттеу нысаны – нарықтық экономика жағдайында Қызылорда облысында
халықты жұмыспен қамту мәселелері.
Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері. Зерттеудің теориялық
негізін отандық және шетелдік ғалым-экономистердің зерттеу еңбектері мен
Қазақстан Республикасының заңдары, Ел басының әр жылдағы Қазақстан халқына
Жолдаулары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары және басқа да ресми
деректер пайдаланылды.
Негізгі теориялық тұжырымдарды анықтауда логикалық және тарихи тұтастық
қағидасы, жүйелік талдау мен болжау, экономикалық-статистикалық
салыстыру, экономикалық-математикалық үлгілеу, құрылымдық, әлеуметтік және
т.б. әдістер пайдаланылды.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар.
- жұмыспен қамту, еңбек нарығы ұғымдарына теориялық тұрғыдан
берілген анықтама;
- Қызылорда облысы бойынша халықты жұмыспен қамтудың бағыттары
анықталды;
- өңірдегі жастардың жұмыспен қамтылуын талдау нәтижесінде оларға әсерін
тигізетін факторлар негізделді;
- халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру тетіктері ұсынылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Зерттеу барысында ғылыми жаңалық ретінде
мынадай нәтижелер алынды:
- теориялық-әдіснамалық деңгейде нарықтық экономикада халықты жұмыспен
қамтудың бағыттары мен басымдылықтары зерттелді;
- әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан еңбек нарығының мазмұны нақтыланды;
- Қызылорда облысындағы еңбек нарығына талдау жасалынып, Жұмыспен
қамту-2020 бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстар анықталды;
- өңірдегі жастардың жұмыспен қамтылу мәселелерін талдау негізінде
жастар дамуына үлес қоса алатын, қоғамдық құрылымның әртүрлі саласын
қамтитын 15 жас пен 29 жас аралығындағы Қызылорда облысы жастары арасында
сауалнама жүргізіліп, оның нәтижелері бірқатар белгілері бойынша жіктеліп,
өңірде халықты жұмыспен қамтуды жетілдіруге қатысты тұжырымдар негізделді;
- еңбек нарығын заман талабына сай мемлекеттік реттеу жөнінде ұсыныстар
жасақталды;
- жастардың еңбек нарығында сұранысқа ие болатын мамандықты дұрыс
таңдау үшін Мамандық таңдау үлгісі сараланды;
- халықты жұмыспен қамтуда кәсіби бағдар беруді ұйымдастыру
шаралары ұсынылды.
Жұмыстың тәжірибелік құндылығы. Магистрлік жұмыста келтірілген
зерттеулер нәтижелері мен ұсыныстарды өңірлік еңбек нарығын мемлекеттік
реттеуде және халықтың жұмыспен қамту мәселелерін жүзеге асыруда,
мемлекеттік немесе аймақтық даму бағдарламаларын даярлауда пайдалануға
болады.
Зерттеу нәтижелерінің мақұлдануы (апробациясы). Магистрлік жұмыс Қорқыт
Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Экономикалық теория және
мемлекеттік басқару кафедрасының кеңейтілген мәжілісінде талқыланды.
Зерттеу жұмысының негізгі тұжырымдары келесі халықаралық және
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндалған: 20 жыл:
экономикалық өрлеу және тәуелсіздік туы атты облыстық ғылыми-тәжірибелік
конференция (Қызылорда, 2012); Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университетінің 75 жылдығына орай жас ғалымдардың еңбектерінің жинағы
(Қызылорда, 2012); международная научно-практическая конференция
Приоритеты индустриально - инновационного развития Приаральского региона
(Қызылорда, 2012).
Зерттеу нәтижелері Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және
әлеуметтік бағдарламалар басқармасының кешенді жұмыс жоспарын жасақтауда,
жұмыспен қамту қызметінің жұмысын жақсартуға және жұмыспен қамту саясатын
жүргізудің тиімділігін арттыруда қолданылды.
Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері Экономикалық теория және
Экономиканы мемлекеттік реттеу курстары бойынша дәріс оқуда және
арнайы курстарға пайдалануға болады. Жүргізілген зерттеудің негізгі
нәтижелерін оқу процесінің әдістемелік қамтамасыз етудің әзірлемесінде, ЖОО
студенттері және практикадағы қызметкерлері үшін де пайдаланылды.
Зерттеу нәтижелерінің жарияланымы. Магистрлік жұмыс тақырыбы бойынша
жалпы көлемі – 1,25 шартты баспа табақ 4 ғылыми еңбек жарияланған, оның
ішінде, 1 мақала ҚР БҒМ білім және ғылым саласын бақылау комитеті ұсынған
ғылыми басылымда, халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларда 3
мақала бар.
Магистрлік жұмыстың көлемі мен құрылымы кіріспе, үш тараудан,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Жалпы көлемі - 96 бет (оның ішінде 9 кесте және 27 суретті қамтиды).

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Халықты жұмыспен қамтуды зерттеудің теориялық-әдістемелік негіздері.
Жұмыспен қамтамасыз ету адам әлеуетін сақтау мен дамытудың негізгі
факторлары болып табылады. Сондықтан мемлекеттің жұмыспен қамту саласындағы
саясатын өңдеу мен жүзеге асыру-әсіресе нарықтық экономикада өте маңызды
әрі күрделі мәселе.
Жұмыспен қамту саясатында жұмысбастылықтың әлеуметтік және
эконономикалық тұрғыдағы мәнін анықтап алу керек.
Әлеуметтік тұрғыдан жұмысбастылықтың мынадай түрлері бар: жалпы білім
беретін және арнайы оқу орындарында оқу, әскер қатарындағы қызметі, үй
шаруашылығы, балаларды тәрбиелеу, қарттар мен ауруларды бағып күту,
қоғамдық ұйымдардың жұмысына қатысу.
Экономикалық тұрғыдан жұмысбастылық - тұрғындардың қоғамдық өнімді
немесе ұлттық табысты өндірудегі қызметі, ал қоғамдық өндірісте - жұмыс
істеуге жарамды немесе ынталы адамдарға жұмыс тауып беру жаппай
жұмысбастылыққа алып келеді.
Жұмыспен қамтудың классикалық теориясы еңбекке сұраныс және еңбекке
ұсыныс қызметін құруға, оны жетілген бәсеке жағдайында пайдалануды ұсынды.
Сонымен, жұмыспен қамту жөнінде Д.Кейнс жасаған теория нарықтық
экономикада толық жұмыспен қамтуға кепілдік беретін, еңбек нарығының өзін-
өзі реттейтін механизмнің болмауы, тауардың сұранысы мен ұсынысының тепе-
теңдігіне инфляция мен жаппай жұмыссыздықтың айтарлықтай жоғарғы деңгейінде
де қол жеткізу, мемлекет жұмыспен қамтуды қолдау, процент нормасын реттеуге
ықпалын күшейту мақсатында экономикаға қажет инвестицияны жұмсау, жиынтық
сұранысты оның ішінде жұмыс күшіне сұранысты ынталандыру арқылы белсенді
макроэкономикалық саясат өткізу сынды қағидаларға сүйенеді.
Жұмыспен қамту мәселелері қолда бар еңбек потенциалын сақтауды,
көбейтуді және тиімді пайдалануды көздейтін қазақстан экономикасы үшін
өзекті болып отыр. Онсыз Қазақстанның нарықтық реформалау жолымен ары қарай
жылжуы және оны елдің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі алғышарты болып,
өндірістің нәтижесіне мүдделі және тұрақты жұмыспен қамтылған, жоғары
білікті икемді жұмыс күші табылатын, халықаралық экономикалық қатынастар
жүйесіне толыққанды интеграциялау (біріктіру)мүмкін емес.
Біздің пікірімізше, халықты жұмыспен қамту - бұл адамдардың жеке,
ұжымдық және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған және
табыс әкелетін қызметі.
Жұмыспен қамтудың мемлекеттік қызметі халықты жұмыспен қамту
мәселелерін шешуді, үйлестіруді, жұмыс күшіне ұсыныс пен сұранысты реттеуді
қаматамасыз етуге бағтталған, жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруға
ықпал етуге,олардың кәсіби даярлығын ұйымдастыру және жұмыссыздарға
әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған ерекше мемлекеттік органдардың
құрылымы болып табылады.Жұмыспен қамту қызметі заңмен тікелей көрсетілген
жария биліктің мекемесі ретінде жұмыс істейді,және жұмыс іздеушілерге
мемлекеттік қызметтің әмбебап жеткізушісі ретінде қарастырылады.
Нарықтық экономика жүйесінде еңбек нарығы анықтамасына ерекше көніл
бөлініп келеді. Еңбек нарығы мәселелеріне теориялық көзқарастардың болуы
өте маңызды.
Біздің көзқарасымыз бойынша еңбек нарығы - еңбек қызметін ұйымдастыру
саласы және нарықтық экономиканың еңбекке сұраныс және еңбекке ұсыныс
заңдары негiзiнде қызмет етуiн қамтамасыз етедi.
Еңбек нарығы мен оның мәні төмендегідей тұжырымдар жасауға мүмкіндік
береді:
- еңбек нарығы жұмыс күшінің ұсынысы мен сұранысының тиімді
тенгерімділігі мен еңбекті тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін
әлеуметтік-экономикалық қоғамдық қатынастардың жиынтығы;
- еңбек қатынастарының нарықтық қағидаларына көшуі нақты болып
келеді, себебі еңбек сипатының өзгеруі әкімшілік құқықтық
мәжбүрлеу шараларымен емес, экономикалық мүдделермен байланысты
болып келеді. Меншік қатынасының өзгеруі мен оның жекелеген
нысандарын бекіту жағдайында әрбір тұлғаның еңбек күші меншік
ретінде қарастырылады;
- еңбек нарығының арқасында адамдардың қоғамдық мүдделерді ескере
отырып, олардың қалауы мен мүмкіндіктеріне сәйкес кәсіп тандауға,
қызмет саласы мен жұмыс жасау орнын тандауға мүмкіндік болады.
- еңбек нарығы жеке кірістерді, олардың жұмысшылардың
жетіспеушілігі мен біліктілігін ескере отырып, қажетті деңгейін
реттейтін нарықтық тетік болып табылады.
Мемлекет, жұмыспен қамту саласында түрлі шешімдер қабылдау және әр түрлі
заңдар әзірлеу арқылы әлеуметтік-экономикалық және демографиялық саясатты
жүргізе отырып, тиімді түрде халықты жұмыспен қамтуды басқаруға тырысуда.
Халықты жұмыспен қамтуды басқару, бір жағынан, маңызды мәселе- еңбек
құқығын жүзеге асыруда мақсатты бағытталған болса, екінші жағынан,
әлеуметтік-еңбек қатынастары жүйесін қамтамасыз етуде кешенді бағытталған
болуы тиіс.
Халықты жұмыспен қамтуды басқарудың мынадай әдістері бар:
• экономикалық әдістер (несиелеу және салық салу жеңілдіктері,
кәсіпкерлікті ынталандырудың бюджеттік саясаты жұмыс орындарын құру және
сақтау, кадрларды қайта оқыту);
• ұйымдастырушы әдістер (жұмысқа тұрғызу және жұмысбастылық қызметін
құру, ақпараттық жүйелер, кадрларды даярлау және қайта даярлау);
• әкімшілік- заңдық әдістер (еңбек келісім-шарттарын рәсімдеу шарттары,
жұмыс уақытының ұзақтығы, еңбек өмірін реттеу).
Нарықтық экономика жағдайында мемлекет еңбек нарығын басқаруды жүзеге
асырады. Мемлекеттің еңбек нарығын басқару органдарына: Қазақстан
Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, еңбек
биржасы, жергілікті жердегі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы, жұмыспен қамту орталықтары жатқызылады.
2. Қазақстан Республикасында халықты жұмыспен қамтудың қазіргі
жағдайына талдау. Қазіргі кезде әлемдік қаржы дағдарысының Қазақстан
экономикасына тигізе бастаған әсері халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз
етуді өзекті мәселелердің біріне шығарып отыр. Осыған орай, елімізде
еңбек нарығының қалыптасуы мен дамуын қарастыру маңызды болып табылады.
Мәліметтерге келсек, 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан
халқының саны 16,4 млн адамға жетсе, оның 48 пайыздан астамы еңбекпен
қамтылған. Соның ішінде жалпы халық санындағы жалдамалы жұмысшылардың үлесі
- 31,7 пайызды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар - 16,5 пайызды құрайды. 2015
жылға қарай аталған бағдарламамен 1,5 млн халықты қамту жоспарланған. Соның
арқасында еліміздегі кедейшілік деңгейін 6 пайызға төмендетіп, жұмыссыздық
көрсеткішін 5,5 пайыздан асырмау міндеті қойылып отыр. ҚР Статистика
агенттігінің мәліметі бойынша, республикадағы жұмыссыздықтың қазіргі
деңгейі де 5,5 пайыздың шамасында.
2011 жылғы IV тоқсанда 15 және одан жоғары жастағы экономикалық
тұрғыдан белсенді халықтың саны 8,9 млн. адамды құрады, бұл 2010 жылғы
тиісті кезеңге қарағанда 3,4%-ға көп. Республика экономикасында 8,4 млн.
адам жұмыспен қамтылды немесе 15 және одан жоғары жастағы халықтың 67,9%.
Өткен жылғы IV тоқсанмен салыстырғанда олардың саны 287,7 мың адамға (3,5%-
ға) артты.
Егер 1996-199жылдар аралығында жұмыспен қамтылғандар санының 1,8% -ға
төмендеу қарқынының баяулағаны байқалса, ал 2000 жылдан бастап –жұмыспен
қамтудың қамтудың ұдай артып келе жатқандығы байқалды. 2007 жылы 15 және
одан жоғары жастағы халықтың экономикалық белсенділігінің деңгейі (2001ж.-
62,9%) 70,4% -ды құрады.Жұмыспен қамтылғандардың арасында ерлер 3922,8мың
адамды (51,4%), әйелдер – 3708,3 мың адамды (48,6%) құрады. Соңғы жылдары
құрылыста, білім беруде, мемлекеттік басқаруда, денсаулық сақтау мен
әлеуметтік қызмет көрсетуде, тау-кен өнеркәсібінде жұмыс істейтіндердің
санының жылдам өсуіне байланысты халықтың экономикалық қызмет түрлері
бойынша жұмыспен қамтылуда. Жұмыспен қамтылған халықтың жартысы халыққа
қызмет көрсетумен айналысады.
Қазақстанның тұрақты экономикалық өсуі еңбек нарығының құрылымында
едәуір өзгерістер, сондай-ақ білікті қызметкерлерге сұраныстың табиғи
артуын туындатты. Мемлекет экономиканың базалық салаларын (тау-кен
өнеркәсібі, мұнай-газ өнеркәсібі, құрылыс), өңдеуші өнеркәсіпті (машина
жасау, мұнай-химия өнеркәсібі, құрылыс материалдары өндірісі), сондай-ақ
сервистік секторда, (туризм, әлеуметтік қамсыздандыру, қызмет көрсету)
кадрлық қамтамасыз етуде өсіп отырған қажеттілікті бастан өткеруде.
Осыған орай, Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығын зерттеуде
аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары ескерілу керек.
Аймақтағы еңбек нарығының сұранысына қажетті мамандар дайындау жұмыстары
жандандырылып, іске асырылу қажет.
Біздің пікірімізше, жұмыс күшінің, ең алдымен, білікті қызметкерлердің
тапшылығы еңбек ресурстары сапасының төмендігімен және өндіріс пен оқыту
арасында нақты байланыстың болмауымен байланысты.
Жұмыспен қамтудың өсімінің жаңа мүмкіндіктері үдемелі индустриялық-
инновациялық дамуға өтуге жол ашады. Үдемелі индустриялық-инновациялық
дамудың мемлекеттік бағдарламасын асыру: бір жағынан, жаңа жұмыс орнын
құруды болжайды, алайда екінші жағынан, жұмысшылардан заманауи талаптарға
сәйкес тиісті кәсіптік біліктілігінің болуын талап етеді.
Қызылорда облысы Тұран ойпатының жазық алқабында орналасқан,
шығысында Қаратау сілемдері, Солтүстік-батысында Қарақұм, ал оңтүстік
батысында Қызылқұммен шектеседі.
Облыс аумағы 226,0 мың шаршы км, немесе республика аумағының 8,3 % -ын
құрайды. Облыс халқы (2010 жылдың 1 желтоқсанына) – 698,3 мың адам немесе
республика халқының 4,1% -ы.

Кесте 1 - Экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны

№ Атауы  Көрсеткіштер Айырмасы
+ (өсу),
- (төмендеу)
2010 жыл 2011 жыл
1 Экономикалық белсенді халық 320,4 353,9 33,4
саны, мың. Адам
2 Жұмыспен қамтылған халық, 302,2 334,8 32,6
мың.адам
- Жалдамалы жұмыссыздар, 178,6 209,7 31,1
мың.адам
- Өз бетінше жұмыспен 123,6 125,1 1,5
қамтылғандар, мың.адам
3 Жұмыссыздар барлығы, мың.адам 18,2 19,0 0,8
4 Жалпы жұмыссыздық деңгейі, % 5,7 5,4 - 0,3
Ескерту- Қызылорда облысының статистика басқармасы мәліметтері негізінде
автордың құрастыруы

Қызылорда облысы бойынша экономикалық белсенді халық саны 353,9 мың
адамды құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 33,4 мың адамға
көбейген. Облыс экономикасында жұмыспен қамтылған халық саны 334,8 мың
адам, оның ішінде өз бетінше жұмыспен қамтылғаны – 125,1 мың адам,
жалдамалы жұмысшылар – 209,7 мың адам. Жұмыссыздар саны – 19,0 мың адам.
Жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,4 пайызды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 0,3
пайыздык пунктке төмендеген.
Соңғы бірнеше жылда облыста макроэкономикалық көрсеткіштер өзгерісінің
оң динамикасын қамтамасыз ететін қолайлы экономикалық ахуал қалыптасты,
сонымен бірге, өндірістің өсуімен қоса халық кірісінің ұлғаюына қол
жеткіздік. Қызылорда облысы үдемелі және әртараптандырылған экономикалық
құрылымымен сипатталады.
Қызылорда облысы бәсекеге қабілетті әлеуетті құрайтын бай ресурстарға
ие. Бұған бірінші кезекте облыс тұрғындарының 47,4% пайызын құрайтын еңбек
етуге қабілетті тұрғындарын жатқызамыз. Табиғи қазба байлықтары: мұнай,
уран, ас тұзы, әк, шынытас құмы, сондай-ақ, темір және полиметалл
кендерінің молдығымен ерекшеленеді.
Өңірде мырыштың - 15,1%, қорғасынның - 9,6%, мұнай, газ,
конденсаттардың - 4,7%, уранның -13,7%, жер асты суларының -3,4% қорлары
бар. Қызылорда облысы ас тұзы, шынытас құмы, бақша, балық өнімдерінің ірі
өндірушісі әрі жеткізушісі болып табылады, сондай-ақ, сапалы күріш өсіретін
жалғыз өңір болып саналады. Республикалық өндірістің жалпы көлемінде облыс
үлесіне күріш өндіру-90%, ас тұзы-70%- дан келеді.

Ескерту- Қызылорда облысының статистика басқармасы мәліметтері негізінде
автордың құрастыруы

Сурет 1 - Экономиканың салалары бойынша құрылған жаңа жұмыс орындары
Облыста 10003 жаңа жұмыс орындары құрылды, бұл бағдарлама көрсеткішінің
(8985) 111,3 пайызын құрайды. Жаңа жұмыс орындары өнеркәсіпте - 1629,
құрылыста – 276, шағын кәсіпкерлікте - 1496, білім және денсаулықта – 1160,
ауыл шаруашылығында – 1350, саудада - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбекке сұрныс көлемі жалақы көлеміне кері байланыста
Еңбек нарығы және халықты жұмыспен қамту
Дағдарыс жағдайындағы халықты жұмыспен қамтуды реттеу
Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек нарығын реттеу және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру бойынша ғылыми тәжірибелік ұсыныстар жасау
Ескерту нарығын үлгісі реттеу үлгісі
Жұмыспен қамту бағдарламасындағы жұмыспен қамтудың көрсеткіштері
Қазақстан Республикасының еңбек нарығы
Қазақстанда халықты жұмыспен қамту саласындағы әлеуметтік-саяси жұмыстар
Жұмыспен қамтуды құқықтық реттеу
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық деңгейінің өсу себептері
Пәндер