Алматы облысының көлік инфрақұрылымы мен коммуникациясының қазіргі жағдайы мен келешектегі даму жобалары мен олардың негізгі болашақ экономикалық, сондай-ақ саяси тенденцияларын анализдеу


Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Жұмыстың мақсаты. Тақырыптың зерттеу мақсаты Алматы облысының көлік инфрақұрылымы мен коммуникациясының қазіргі жағдайы мен келешектегі даму жобалары мен олардың негізгі болашақ экономикалық, сондай-ақ саяси тенденцияларын анализдеу болып табылады.

Жұмыстың міндеті:

  • Көлік түрлерінің қазіргі жағдайын талдауАлматы облысының территориясындағы транзиттің экономикалық мүмкіндіктерін талдау. Алматы облысының алдағы уақыттағы жобаланған транзиттік көлік жолдарының болашақтағы мүмкіндіктері мен жаңа бағыттарын талдау.

Жұмыстың зерттеу нысаны. Көлік пен байланыс өндірістің жалпы жағдайын жасай отырып, инфрақұрылым салаларының ішінде маңызды қызмет атқаратындардың бірі. Көлік - бұл адамдарды және жүктерді тасымалдау үрдісін қамтамасыз ететін жол қатынасындағы техникалық құрылғылар мен құрылыстардың жиынтығы. Көлік қажеттілігі бойынша - өнеркәсіптік көлік, қолданыстағы жеке көлік болып бөлінсе, ал тасымалдау сипаты бойынша жүк және жолаушылар көлігі болып бөлінеді.

Жолаушыларға қызмет көрсететін көліктің экономикалық және әлеуметтік рөлі тасымалдауда адамдардың сұраныстарын қанағаттандыру арқылы жолаушыларды, олардың қол жүктерін және багаждарын тасымалдау қызметтерін көрсету болып табылады. Жолаушыларға көліктік қызмет көрсету барысында туындайтын экономикалық қатынастардың ерекшелігі тасымалдау қызметтеріндегі халықтың сұраныстарын міндетті түрде есепке алумен түсіндіріледі. Халыққа көліктік қызмет көрсетуді жүзеге асыру адамдардың тұрмысын жақсарту бойынша кешенді мәселенің құрамдас бөлігі болып табылады.

Байланыс - бұл ақпараттарды таратуға арналған әртүрлі коммуникациялар. Байланыс түрлеріне: пошта байланысы, сым байланысын (телефон, телеграф, факсималды) қоса алғанда, электр байланыс (жердегі және ғарыштық), радиобайланыс, оптикалық байланыс және басқалар жатады.

Инфрақұрылымның маңызды құрамдас бөліктерінің бірі болып табылатын көлік және коммуникация салаларының елдің бәсекелестікке қабілеттілігін арттырудағы орны зор.

«Қазақстан - 2030» даму Стратегиясының маңызды мәселелерінің бірі әлемдік нарықта отандық көлік-коммуникациялық кешеннің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету және еліміздің аумағы арқылы сауда ағымдарын арттыру болып табылады [1] .

Отандық тауарлардың, қызметтердің және экономиканың бәсекеге қабілеттілік кепілі - мемлекеттік көлік және транзиттік саясатқа сәйкес келетін жоғары технологиялық көлік инфрақұрылымы.

Егеменді еліміздің дамуы мен бүкіл әлемдік ауқымда танымал мемлекетіміздің бірден-бір жетекші саласы көлік-коммуникация кешені. Оның негізгі себебі аталған саланың үкімет қабылдаған ел экономикасына маңызды бағдарламаларды жүзеге асыруға мүмкіндік бере алатын рөлі. Инфрақұрылымның осы саласының әлемдік деңгейге сәйкесімділігі еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы маңызды факторы болып табылады. Оларсыз Қазақстан мен Орта Азияның индустриясын дамыту, табиғат байлықтарын шаруашылық айналымына игеру, шалғай аудандардағы жаңа ашылған пайдалы кең қазбаларын пайдалану мүмкін емес.

Қазақстан Республикасының әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылу Стратегиясындағы Қазақстанның жедел экономикалық дамуы үшін үлкен жетістікті қамтамасыз ету артықшылығында Президент Н. Ә. Назарбаев: «Ірі көлік инфрақұрылымдық объектілердің айналасына шағын және орташа жобалар арқылы икемді, жоғары технологиялық қалпына келтірілген объектілерді құру және дамыту қажет. Осылайша Орталық Азиядағы біздің көшбасшы бағыттарын қамтамасыз ету үшін аймақтық нарыққа бәсекелес көлік желісін ендіруді ұйымдастыруға мүмкін болады», - деп баса атап көрсетті. Осыған байланысты, көлік-коммуникациялық кешен Қазақстан Республикасындағы басым сапалы көлік қызметтеріне деген сұраныстарды толық қанағаттандырумен тығыз байланысты [1] .

Қазақстан Республикасында көліктің даму басымдылығы Еуропалық және Азия континенттерінің торабындағы геосаяси жағдаймен анықталады. Бұл өнімдерді кеңінен эспортқа шығару, импорттау және басқа елдердің жүктерімен және жолаушыларын өткізуден болатын экономикалық пайдаларды қолдану үшін көлік мүмкіндіктерінің артуына ықпал етеді.

Көлік, басқа инфрақұрылымдық салалармен қатар, әлеуметтік, экономикалық, сыртқы саяси мақсаттарға жетудің маңызды құралы бола отырып, қоғамның тіршілік етуінің негізгі жағдайын қамтамасыз етеді. Көлік - жүктерді және адамдарды тасымалдайтын сала ғана емес, сонымен қатар, ең алдымен, тіршілік ету және шаруашылық жағдайын түрлендіретін салааралық жүйе. Көліктің тарихи дамуы, көбінесе Қазақстанның экономикалық және кеңістіктік дамуын алдын ала анықтай отырып, оның тұтастығын және халықаралық әсерін нығайтуға ықпал етті.

Ұлттық экономиканы дамыту шегінде көлік бірқатар стратегиялық мәселелердің іске асырылуын қамтамасыз етуге көмектеседі. Алдымен, бұл жолаушыларды тасымалдаудағы халықтың және экономиканың сұраныстарын қанағаттандыру. Тұрақты жолаушылардың тасымалынсыз әртүрлі салалардағы кәсіпорындардың жұмыс істеуі және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру мүмкін емес екендігі белгілі. Жолаушыларды тасымалдау қызметі нәтижесінде халықтың кеңістіктік орналасу сұранысын қанағаттандыру мүмкін болады. Ол өндірістік процеске қажетті жағдай жасайды. Сәйкесінше, жолаушыларды тасымалдау өзінің мүмкіндіктері арқылы экономиканың қызмет ету үрдісін жеделдетеді және оның тиімділігіне тікелей әсер етеді. Бұдан көліктің әлеуметтік, жалпы экономикалық және салааралық әмбебаптылығын көруге болады.

1 АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯСЫНЫҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ

1. 1 Алматы облысының құрлық көлігі

Аумағы 224, 0 мың км 2 (ел аумағының 8, 2 %) және 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1692, 7 мың халқы бар Алматы облысы еліміздің ең ірі өңірлерінің бірі болып табылады.

Алматы облысының жерін басып өтетін теміржолдың ұзындығы - 242 км. Автомобиль жолының жалпы ұзындығы - 5000 км-ге жетеді. Маңызды автомобиль жолдары: Алматы - Нарынқол, Алматы - Семей - Өскемен, Алматы - Ташкент, Алматы - Астана. Балқаш көлі мен Іле өзенінде кеме қатынасы дамыған. Алматы - әуе қатынасының ірі торабы. Ол әуе жолы арқылы Мәскеу, Санкт-Петербург, Ташкент қалаларын байланыстырады. Халықаралық әуе жолы арқылы Алматы - Дели, Алматы - Анкара, Алматы - Нюрнберг, Алматы - Стамбұл қалаларымен байланыс қалыптасқан. Сондай-ақ Түрксіб, Ақтоғай - Достық, Көксу - Текелі теміржол тармақтары бар [2] .

Көлік инфрақұрылымы бірнеше салалардан тұрады, оны 1- суреттен көре аламыз.

Сурет 1. Көлік саласының инфрақұрылымы

Бұл аталған әрбір көлік түрінің қызмет көрсетуінде өзіндік ерекшеліктері бар. Тасымалданатын жүктердің және тасымалдау қашықтықтарының алыстығына байланысты әрбір көлік түрі өзіне пайдалы түрде қолданылады. Жоғарыда көрсетілген көлік түрлері жүктер мен жолаушыларды тасымалдау нарығында өзара бәсекелес. Мысалы, құбыр мен темір жол көліктері мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдауда бір-бірімен бәсекелессе, темір жол мен автомобиль көліктері - су көлігімен тасымалдауды қоса алғанда, жүктердің барлық тізбектемесі (көлемді үйілетін жүктерден басқа) және жолаушыларды тасымалдау бойынша бәсекелеседі [3] .

Облыс Қытай Халық Республикасымен және Қырғыз Республикасымен шекаралас жатқандықтан, қазіргі кезеңде Алматы облысын дамытудың басты мәселелері өңірдің транзиттік әлеуетін дамыту және маңызды халықаралық экономикалық ынтымақтастық аймағы ретінде шекаралық аумақтардың рөлін өңір арқылы өтетін көлік бағыттарын, сондай-ақ шекаралық сауда орталықтары инфрақұрылымын дамыту жолымен күшейту болып табылады.

Облыс аумағында «Батыс Қытай - Батыс Еуропа» жобасы шеңберінде халықаралық көліктік-коммуникациялық дәліздер - Достық-Алматы және Қорғас-Алматы бағытындағы елдің Оңтүстік көліктік дәлізі дамытылып жатыр.

Орталық Азия республикаларының экспорттық-импорттық операциялары облыстың үш елді-мекені - Қытай Халықтық Республикасымен шекаралас орналасқан Достық, Қорғас және Көлжат бойынша жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметін қамтамасыз ету мақсатында оның көліктік және сервис-сауда-өндірістік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шаралар жүзеге асырылуда. «Көліктік логистика» кластерін қалыптастыру шеңберінде Іле ауданындағы Первомайск және Өтеген батыр кенттерінде көліктік-логистикалық кешен құрылған.

Сонымен бірге, Алматы облысында жалпы құны 22, 7 млрд. АҚШ долларына татитын экономикалық мәні зор 6 инфрақұрылымдық инвестициялық макрожоба іске асырылып жатыр. Олар мыналар:

1) Қуаттылығы 300 МВт болатын Шарын өзеніндегі Мойнак ГЭС құрылысы;

2) Қуаттылығы 2600 МВт болатын Балқаш ЖЭС құрылысы;

3) Қуаттылығы жылына 40 млрд. м 3 болатын Қазақстан-Қытай газ құбыры магистралінің құрылысы;

4) Ұзындығы 370, 9 км болатын Алматы-Қорғас автожолын қайта құру;

5) Ұзындығы 298, 4 км болатын Қорғас-Жетыген теміржол линиясының құрылысы;

6) Жылына 10 млн. адам келетін «Жаңа Іле» туристтік орталығын жасау;

Осы жобаларды жүзеге асыру облыстың өндірістік, мамандық (кадрлық), ғылыми және мәдени потенциалын қолдану мүмкіндіктерін жоғарылатуға жағдай жасайды. Алдыңғы қатарлардан болып сауда, транспорт, коммунальды шаруашылық, байланыс, көңіл көтеру индустриясы, туризм және басқа да қызметтер дамиды. Бұл салалардың қарқынды дамуы сонымен қатар өндірістік саладағы шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсету, халықты жұмыспен қамту мәселесін толығымен шешеді. Облыстағы осы жобалардың іске асырылуы бүкіл елдің гүлденуі мен дамуына үлкен үлесін тигізеді [4] .

1. 1. 1 Темір жол көлігі

Қазіргі темір жол көлігі үлкен қаржылық-экономикалық және техникалық ұйымдастырушылық күрделі сипатта жұмыс істеп тұрған ерекше саласы. Темір жол көлігі климат жағдайына, жыл мен тәулік уақытына қарамастан жүк және жолаушыларды тасымалдау тұрақтылығымен; жоғары өткізу мен тасымалдау қабілетімен; жүк тасымалдаудағы салыстырмалы төмен құнымен; үлкен көлемдегі жүктерді алыс және орта қашықтыққа тасымалдаудағы жоғары тиімділікпен ерекшеленеді.

Нарықтық жағдайда темір жол көлігін дамыту тұжырымы төмен шығындармен жолаушыларды және жүктерді тасымалдауда экономика сұраныстарын мейлінше қанағаттандыруды, үш негізгі көрсеткіштерден құралатын көлік қызметтерінің қажетті сапасын қамтамасыз етуді қарастырады:

  • жолаушылар үшін қозғалыс қауіпсіздігі және жүктердің сақталуы; жеткізу жылдамдығы; сервис деңгейі.

Темір жолдың тұрақты әрі бірқалыпты жұмысынан көбінесе жұмысшылар мен қызметшілерді қаладағы кәсіпорындарға жеткізуге және ірі компаниялар мен фирмалардың кірістерін қалыптастыруға ықпал етеді. Қазіргі жағдайдағы темір жол көлігінің міндеті аз шығындармен жүктерді және жолаушыларды тасымалдауға деген экономикалық мұқтаждықтарды қанағаттандыру болып табылады. Олай болса, темір жол көлігі аймақаралық және республикалық байланыстағы халықтың маңызды бөлігінің қозғалысы бойынша мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық мәселені шешеді.

Осыған байланысты темір жол көлігінің рөлі келесі түрде сипатталатын қызметтермен қорытындыланады:

  • әлеуметтік мекемелердің (туризм, спорт, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым және тағы басқалар) рұқсаты арқылы халықтың өмір сүру деңгейін арттыру; тұрақты жүйе түзетін байланыстарды жүзеге асыру; халықтың әлеуметтік мобильдігін арттыру және олардың тәжірибемен, білімдерімен, мәдениетімен алмасуын кеңейту; қала сыртындағы елді мекендерге қатынау мүмкіндігін және ыңғайлылығын кеңейту;

- көші-қон және еңбек процестерін жүзеге асыру үшін көлік қызметтерін ұсыну [3] .

Темір жол көлігі қызметін дамытпайынша кез-келген мемлекет экономикасының өрістеп кете алмайтыны мәлім. Алдыңғы кезекте бұл сала кәсіпорындар мен тұрғындардың көлік қызметіне деген мұқтажын тұрақты қамтамасыз етуге бағытталып отыр. Темір жол көлігі еліміз экономикасында жалпы тасымалдауға бейімділігімен анықталады. Жыл бойына күндіз-түні жұмыс істейді, сәйкесінше, бұл түрлі климаттық аймақтары бар Қазақстан Республикасы үшін өте маңызды. Темір жол көлігінің қызметтері Қазақстандағы аймақтардың және ірі қалалардың тіршілігін қамтамасыз етуде үлкен мәні бар.

Темір жол көліктерінсіз қалаларды және өнеркәсіп объектілерін салу, жаңа жерлерді игеру мүмкін емес. Сондай-ақ, төтенше жағдайларда (жер сілкінісінде, су тасқынында), халықты көшіру кезінде және апат аймағына түскен материалдық құндылықтарды тасымалдауда темір жол көлігі шешуші қызмет атқарады. Сондықтан Республикалық деңгейде темір жол көлігін дамытуға басты көңіл аударылған.

Темір жол көлігінің қызметтерін дамытудың негізгі мақсаттары:

  • багаждарды, жүк багаждарын, жүктерді және жолаушыларды тасымалдаудағы халықтың және экономиканың сұраныстарын үздіксіз және сапалы қамтамасыз ету; поездар қозғалысының қауіпсіздігін және тасымалданатын багаждың, жүк багажының сақталуын қамтамасыз ету; саланың тұрақты дамуды одан әрі қамтамасыз ететін сапалы жаңа техникалық деңгейге ауысуы; баламалы көлік коридоры бойынша тасымалдау бәсекелестігін тұрақты күшейту жағдайларында қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру; темір жол көлігінің жұмыс істеу бойынша экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Президенттің Жолдауында Трансазия темір жолы магистралі бойынша халықаралық тасымалды қамтамасыз етуде Достық станциясын дамытуға ерекше мән берілген [5] .

Достық-Алашанқай халықаралық шекаралық өткелі «Трансазия темір жолы магистралінің негізгі пункті» және Шығыс-Батыс (ТРАСЕКА, солтүстік дәліз, Оңтүстік дәліз) көлік дәліздерін дамытуда басымды болып табылады. Соңғы жылдары ірі, заман талабына сай, техникалық жабдықталған көліктік-логистикалық терминал түріндегі Достық өткелін дамыту жөніндегі бірнеше жобаға бастамашылық етілген. Қазіргі кезде Достық станциясында жүктерді өңдеу жөніндегі өндірісі жоғары терминалдар кешені бар. Оған тез бұзылатын, төгіліп-шашылатын жүктерді, көлемді жүк контейнерлерін, астықты қайта тиеу жөніндегі терминалдар кіреді. Ені әртүрлі колеяға вагондарды ауыстырып отыру пункті жұмыс істейді. Достық-Ақтоғай темір жолы учаскесін бұдан былай да жаңарту, өткелдің тиеп түсіру және өткізу мүмкіндігін 25 млн. тоннаға дейін ұлғайту көзделуде. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 шілдеде инфрақұрылымды кеңейту мен қайта жаңартуды, жаңа техникалық құралдар сатып алуды, технологиялық процесті жетілдіруді, Достық кентінде әлеуметтік-тұрмыстық объектілер салуды көздейтін «Достық станциясы мен «Ақтоғай-Достық» темір жолы учаскесін дамыту жөніндегі 2006-2011 жылдарға арналған бұдан былайғы шаралар туралы» № 674 қаулысы қабылданды [6] .

Достық бекетін дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, өңір қажеттілігін қамтамасыз ету және транзитті контейнерлік жүктерді өңдеу, Достық теміржол өткелінің өткізу мүмкіндігін кеңейту үшін Достық шекаралас өткелінің базасында ірі көліктік-логистикалық орталық құру қарастырылған. Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 сәуірдегі № 86 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Көлік стратегиясына сәйкес көліктік-логистикалық орталық арқылы транзитті жүк тасымалы үлесін ұлғайта отырып, халықаралық көліктік дәліздерінің белсенді әрекет ететін көліктік-логистикалық торабы ретінде Достық шекаралас өткелін одан әрі дамыту жоспарланған [6] .

Онымен қоса, Талдықорған қаласында да 100 жолаушыға арналған жаңа темiр жол вокзалын салу, жолаушыларды Көксу станциясына жеткiзу, әрi қарай Алматы және Шығыс Қазақстан бағыттарына жiберу үшiн тепловоздар мен тiркемелi жолаушылар вагонын сатып алу жұмыстары қолға алынуда. Алматы облысының Әкімшілігінің 2005 жалдың 24 қаңтарындағы №19 Қаулысымен Мемелекеттік шаруашылықты жүргізу құқығы бар «Бекет-Сервис» коммунальды кәсіпорны құрылды, және оның балансының құрамына 8 темiржол станциясы қабылданған, олар:

- Қарасай ауданындағы -Шамалған;

- Іле ауданындағы -Боралдай, Жетіген;

- Алакөл ауданындағы - Достық, Жайпақ, Бескөл;

- Қаратал ауданындағы -Үштөбе;

- Талдықорған қаласындағы -Талдықорған.

Жалпы ауданы 2556 шаршы метр, мекемені жалға алу жөніндегі келіссөздер 34 арендаторлармен жүргізілген.

2009 жылдың бірінші жарты жылдығында «Бекет-Сервис» МКК жалпы сомасы 16 640 мың теңгені қамтитын қызмет көрсеткен, соның ішінде:

- қызмет көрсету мекемелерін жалға беруден - 10658 мың теңге;

- сумен жабдықтау бойынша көрсетілген қызметтерден - 5982 мың теңге.

Бүгінде Казақстанда электрлендіріген жолдардың ұзындығы 4400 км-ден астам, мұның өзі 14 мың км пайдаланудағы темір жолдардың 31, 7 проценті Алматы облысы темір жолында 1000 км-ден астам жол электрлендірілген, бұл жалпы пайдаланылатын жол ұзындығының 24 проценті 1990 жылы 12 қыркүйекте Қытай мен КСРО-ны жалғастырған болат магистралы бұдан отыз жылдан астам уақыт ілгеріде Достық жолы деп аталған болатын (шекаралық өткелде Алматы облысы теміржолының Дружба станциясы-Үрімші темір жолының Алашанқай станциясы) . Ал 1992 жылғы 20 шілдеден Алматы мен Үрімші арасында тұрақты қатынайтын жолаушы қатынасы ашылды. Жаңа халықаралық өткелдің тұрақты жұмыс істеуі континет аралық екі темір жол магистралінің қалыптасқаны туралы айтуға мүмкіндік береді, мүның өзі Азия мемлекеттерін бір-бірімен және оларды Еуропа мемлекеттерімен ең төте жолмен жалғастырады [7] .

Тәуелсіздік жылдарында бірқатар жобалар жүзеге асырылды, оның бірі: Халықаралық Экономикалық Ынтымақтастық қорымен жүзеге асырылған « теміржол көлігі қуаттылығының дамуы». Оны жүзеге асыру Достық және Ақтоғай станциялары арасындағы инфрақұрылымды жақсартуға, Қазақстан мен Қытай арасындағы қатынастағы теміржол қуаттылығын арттыруға, Алматы жөндеу депосындағы қуаттылықтарын өсіруге мүмкіндік береді. Теміржол телімдерін құру және жаңарту, республикадағы аумақаралық тасымалдарды жолдардың ұлттық желісі шекараларында ең қысқа бағыт бойынша жүзеге асыру мүмкіндігін құруға жағдай туғызды. Бұл желілер жалпы теміржол саласы мен шаруашылық кешен жұмысының тиімділігін арттырады. Теміржол көлігін электрлендіру қарқынды дамуда. Құрлықаралық магистралдардың орталық және солтүстік дәліздеріне Ақтоғай-Достық учаскесінің озекті буын екені даусыз. Сондықган осы учаскені шұғыл дамыту мен нығайтуды талап етеді. 1992 жылдан бері Достық - Алашанқай халықаралық өткелі тұрақты жұмыс істей бастады. Азия-Тынық мүхит аймағы, Еуропа, Таяу және Ортае Шығыс елдерін байланыстыратын Ақтоғай-Достық желісі жаңа құрлықаралық маршруттар жүйесінің шын мәніндегі "алтын буынына" айналды.

Соңғы жылдары жүк тасымалдау ауқымы едәуір артып, қазір осы қарқынды үдете түсуге болатынына көз жетіп отыр.

Қазірдің өзінде Қытайдан контейнерлермен жүк тасымалдау карқыны жедел артып келеді. Алдағы уақытта осы желі бойынша тасымалданатын транзиттік жүктердің 50 пайызға дейіні Казақстанның экспорт-импорт жүктері болмақ. Бұл болжам республикамыздың Азия елдерімен экономикалық байланыстары жедел дамыған жағдайда экспортты арттыруға кұрылған экономикалық стратегиялық негізгі принциптерін ескере отырып жасалған. Сонымен қатар ТМД-ның басқа мемлекеттері де Оңтүстік-Шығыс-Азияға бет бұрады деп күту керек. Демек, құрамы жүк тасымалы жолға қойылып оның құрамы ішнара өзгереді деп есептеуге де болады.

Президент Н. Ә. Назарбаев өзінің Казақстан халқына жолдауында "Достық станциясын дамытуды және Достық-Ақтоғай учаскесін күшейтуді аяқтап, оның жүк тасымалдау мүмкіндігін жылына 10 миллион тоннаға дейін жеткізу керек" - деген еді [8] .

1. 1. 2 Автомобиль жолы

Автомобиль көлігі коммуникацияның жылжымалы, әмбебап құралы болып табылады және еліміздің көлік жүйесі үшін маңызды. Алысты жақын еткен көлік - ғасыр күретамыры десек, қара жолдың тұлпары - автомобиль көлігінің болашағы тіптен зор.

Автомобиль көлігі темір жол көлігімен салыстырғанда ең көп таралумен және қол жету мүмкіндігімен; жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудың жоғары жылдамдықпен және маневрлігімен (икемділігімен) ; жүкпен ешқандай қосымша аралық операциялар жасаусыз, тасымалды «есіктен есікке дейін» орындау мүмкіндігімен; қысқа қашықтықтарға іс жүзінде баламасыз қызмет көрсетулер ұсынумен (қала ішіндегі және қала маңындағы тасымалдар, ауылдық жерлердегі тасымалдар) ; салыстырмалы түрдегі жоғары емес капитал сыйымдылығымен сипатталады [9] .

1- ші кестеде республика бойынша және оған сәйкес Алматы облысы бойынша автомобиль жолдарының ұзындығы көрсетілген.

Автокөлік саласы негізгі қызмет ету аясы автокөлік құралдары мен инфрақұрылымды пайдалану арқылы жолаушыларды, жүктер мен багаждарды, пошталарды тасымалдауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру болып табылатын маңызды саланың бірі, сондай-ақ қапитал сыйымдылығы жоғары көлік инфрақұрлымының маңызды элементі.

Кесте 1

2008 жыл бойынша автомобиль жолдарының ұзындығы*

:
Жалпы: Жалпы
Республикалық маңызы бары: Республикалық маңызы бары
Облыстық маңызы бары: Облыстық маңызы бары
Аудандық маңызы бары: Аудандық маңызы бары
: Қазақстан Республикасы
Жалпы: 93 612
Республикалық маңызы бары: 23 503
Облыстық маңызы бары: 30 317
Аудандық маңызы бары: 39 792
: Алматы облысы
Жалпы: 9 617
Республикалық маңызы бары: 2 664
Облыстық маңызы бары: 3 364
Аудандық маңызы бары: 3 589
: *Ескерту - ҚР статистикалық агенттігінің мәліметтері негізінде автор дайындаған

Мың км.

Оның қалыпты қызметінің қандай да бір бағытының ауытқуы тұрғындардан айқын байқалады. Шаруашылықтар арасындағы тұрақсыздықтар шарттарында, төлемеу дағдарысында, 1991 жылдан 2000 жылға дейінгі аралықта бағалар мен тарифтердің айтарлықтай көтерілуі, жүк тасымалдаудың көлемі жағынан автомобиль көлігімен тасымалдаудың төмендеуі байқалады. Ал, 2000 жылдан бастап жалпы жүк жіберудегі көпшілік қолданыстағы автомобиль көлігі қызметінің өсуі байқалады. Жолаушыларды автокөлікпен тасымалдауды ұйымдастыруға мынадай негізгі талаптар тән: жолаушыларды мейлінше аз уақыт ішінде жеткізу, барлық жол бойында жылжымалы құрамның нақты қозғалысы, көлік құралдарын сапалы пайдалану, ең аз шығынмен жолаушыларды тасымалдаудың толық қауіпсіздігі мен жоғары мәдениеті.

Қазақстанда жолаушыларды автокөлікпен тасымалдау нарығын көлік құралдарының түрлері бойынша үш ірі топқа бөлуге болады: жолаушыларды автобустармен, маршрут таксилермен және жеңіл автокөліктермен тасымалдау нарықтары.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Iскерлiк туризмнiң қалыптасуы
Автокөлік жолдары
Ақтау қаласының туристік-рекреациялық ресурстары
Қазақстан Республикасындағы моноқалалардың әлеуметтікэкономикалық дамуының аймақтық ерекшеліктері
Алматы облысының туризм индустриясының даму жағдайын айқындау
Дағдарыс жағдайында ұйымда персоналды дамыту
Алматы қаласын және Алматы облысын экономикалық ұстанымдаудың 2015 жылға дейінгі ұзақ мерзімді тұжырымдамасы
Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау
Ресейлік Transaero әуе тасымалдау компаниясы
Қазақстан Республикасының аймақты дамытудың теориялық және әдістемелік аспектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz