Ас - адамның арқауы


Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

АС - АДАМНЫҢ АРҚАУЫ

Адамның бүкіл өмірі тамақтанумен байланысты. Жаңа туған нәрестенің бірінші кимылы тіршілік көзіне - ана сының мамасына ұмтылады. Ана сүтінен бала неғұрлым сіңімді түрде өзінің дамуы мен өсуіне қажетті нәрсенің бәрін алады.

Барлық жастағы балалар үшін тиімді тамақтану мәселелеріне қамқорлықпен қараған жөн, бұның организмнің ойдағыдай дамуы үшін елеулі маңызы бар. Ересек адамның кейде бірден анықтауға болмайтын әр түрлі ауруларының бастапқы себептерін бұрынғы өткен өмірінен іздеуге тура келетіні кездейсоқ емес.

Өсіп келе жатқан организм сыртқы ортаның жағдайларына барған сайын көбірек талаптар коя бастайды: халықтың сандық құрамы емес, сапалык, құрамы да өзгереді. Организмнің күрделі құрылымын қалыптастыру үшін энергия мен кұрылыс материалының жалғыз ғана көзі та мақ болып табылады. Сондықтан организмнің жекелеген тамақтық заттар жөніндегі қажеті туралы айтпастан бұрын адамның денесі қандай негізгі заттардан құралғанын анықтап алған жөн.

Тамақ адамның денесіне жиналатын белоктарды, майларды, углеводтарды, минералды тұздарды, т. б. құрау үшін қажетті материал береді. Осы заттардың бәрі тіршілік процесінде организмде синтезделіп қана қоймай, сонымен бірге ыдырап жатады.

Сонымен, адамның өз ғұмыры ішіндегі жейтін тамағының мөлшері өз денесінің салмағынан әлденеше есе асып түседі. Осынша көп мөлшерде тамақтық заттардың желінуі алмасу процестерінің өте күштілігіне байланысты. Тіршілік қызметі үшін ең маңызды белоктардың алмасу шапшаңдығы қандай? Ол жануарлар дүниесінің жекелеген өкілдері үшін әр түрлі мысалы, ересек адамның денесіндегі барлық белоктың жартысын жаңғырту үшін 80 күндей керек болса, егеукұйрықтың соншалық белогын, жаңғыртуға 17 күн жетеді.

Азық - туліктің қандай түрі және қаншалықты мөлшері организмнің физиологиялық қажеттілігін қамтамасыз ететін тамақ рационына сәйкес келеді? Бұлорайда «ана азық-түліктен мына тамақты жасап іш», - деп кесіп-пішіп айтатын қағида жоқ. Адам организміне керегі кеспе де, борщ та, манты да емес, оған керегі: белоктар, амин қышқылдары, майлар, май қышқылдары, углеводтар, витаминдер, тұздар мен микроэлементтер. Жоғарыда біз айтып өткен дені сау ересек адамға лайықталған тамақ формуласында жетпіске жуық қоректік заттар бар. Осы жайды ескерген жөн.

Ана сәбиін қалай қоректендіретінін есімізге түсірейікші. Әдетте, ол нәрестесін қалай болса солай, кез келген уақытта емес, сағатқа қарап емізеді. Сөйтіп, бөбегін режимге үйретеді. Соның нәтижесінде баланын. бойында уақытқа деген шартты рефлекс пайда болады, яғни өзін емізетін белгілі сағаттарда қарын сөлдерін бөліп шығара бастайды. Нәресте дәл осы сел бөлінген кезде емсе, емген сүті жақсы қорытылады. Бала есейе келе анасы оны мезгілінде тамақтандыруды умыта бастайды, режимді бұзады, жұмыста жүреді, бала өзіменөзі қалады. Тамақты кейде ішеді, кейде ішпейді. Балаға қауіп осы арада туады. Күні бойы шала қоректенген сәби анасы келген кезде қомағайланып, артық тамақ-танады. Емшектегі баласына аратұра қосымша тамақ беретін аналар да бар. Көшеде, автобуста, дүкенде нан жеп, кәмпит сорып жүрген балалар да аз емес. Осылай беймезгіл, режимді бұзып, көрінген жерде тамақтану салдарынан домаланып семіріп кеткен балаларды да жиі кездестіреміз.

Енді тамақты қалай ішу керек деген тағы бір маңызды мәселеге көшейік. Тамақты қарныңыз ашқан кезде ішкеніңіз жөн. Өкінішке орай, тойып, тамақ кеңірдегіне келгенше іше беретін адамдар да бар. Мұндай жағдайда қарын сөлі қажетінен артық, 3-4 есе көп бөлінеді, артық ішкен астың қарынға түсіретін қы-сымы молаяды. Соның салдарынан мешкей адамнын.

Көп жағдайда біз дастарқан жасауға, астың түріне, пісіне жете мән бере бермейміз. Өкінішті-ақ. Өйткені әсем безендіріп жасаған дастарқан мен астың тұрі, иісі асқазан сөлінің бөлінуін ынталандырады, соның нәтижесінде тамақ ішер сәтте ас қорыту жүйесі іске кірісіп даяр тұрады. Сондықтан да бойға белоктар мен майлар, углеводтар жақсы сіңеді. Сол себептен әзір асты дастарқанға қазанмен, табамен әкеліп қоя салмай, әркімге жеке тәрелкеге құйып, бетіне көк пияз, петрушка, укроп, сельдерей, салат жапырақтарын т. б. салып берген жөн.

Біздің денсаулығымыз бен өміріміз молшылық болуын, ағыл-тегіл заман тууын күтіп отырмайды. Біз күн сайын медицинада көрсетілгендей дұрыс тамақтануға тиіспіз. Молшылық пен ағыл-тегіл болатын, азық-түліктін, түр-түрі көбейетін ертеңгі күнге дейін денсаулығымызды бұзып алсақ, онда бұл молшылық біздің денсаулығымызды қйтарып бере алмайды, ондай молшылықтан да бізге пайда шамалы болмақ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда халал өндірісінің дамуы
Қазақ ұлттық тағам атауларының этимологиясы
Тағамдық заттардың қызметі
70 орынды мейрамхананың көкөніс цехының есебі
Абай мұраларындағы отбасы тәрбиесі идеялары
Ұлы педагог өсиетіне сипаттама
ҚР білім беру жүйесінде дене шынықтыру пәнінің теориялық негіздер
Тамақтану гигиенасы жайында
Үш байлық
Тыйым сөздердің жалпы сипаты, олардың ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz