Қазақ хандығының құрылуы жөніндегі алғашқы деректер



Кіріспе
I тарау Қазақ хандығының құрылуы.
1.1 “ Қазақ ” этнонимінің пайда болуы
1.2 Қазақ хандығы құрылуының алғышарттары.Керей мен Жәнібек
II Қазақ халқының қалыптасу ерекшеліктері.
2.1 Қазақ хандығы тарихын зерделеудің кезеңдері
2.2 XV ғасырдың соңында қазақ хандығының нығаюы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Тақырыптың өзектілігі. Әрбір халықтың жеке халық болып қалыптасуы үшін көптеген тарихи кезеңдерді басынан өткізуіне тура келеді. Бұл күрделі процесс бір немесе екі ғасырдың ішінде болмайды, халық болу үшін бірнеше ғасырларды керек етеді. Мысалы, Қазақстан жерінде халық болып құрылу процесі алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, одан кейін қола дәуірі мен (б.д.д. II-I м.ж. кезеңі) темір дәуірі (б.д.д. VII-IV) кезеңдермен, немесе бұл кезде өмір сүрген ру-тайпалардың өсіп-өркендеуінен басталады. Олар Қазақстанның ұлан-ғайыр территориясын ежелден мекендеген байырғы (автохонды) тайпалар мен тайпалар бірлестіктерінен құралған.
Орта Азия мен Қазақстанның ерте дәуірдегі кезеңдерін зерттеп жүрген ғалымдардың пікірлеріне қарағанда, біздің жерімізде қола дәуірі (Андрон, Беғазы-Дәндібай мәдениеттері) мен темір дәуірінде өмір сүрген тайпалардың (сақ, сармат т.б.) иран тілдес болғандығы айтылады.
Сондай-ақ, ғалымдардың көрсетуінше бұл кездегі тайпалар антропологиялық жағынан монголоидтық белгілері бар европеидтік нәсілдер екендігі көрсетіледі.
Қазақ халқының бастауы болып табылатын, сақ тайпаларының тікелей жалғасы болып үйсін, қаңлы тайпалары саналады. Оны қытай деректері "Өзі сары, көзі көк, ат жақты сэ (сақ) тайпалары үйсіндердің арасында жүр” – деп көрсетеді.
Қазақ халқының шыққан тегі туралы көптеген аспектілері ішінен өзекті ретінде лингвистикалық және антропологиялық мәселелерін бөлшектеп алған жөн.
Орта Азия мен Қазақстан өңірінде осы екі процестің екеуі де қатар дамып отырған. Қазақстанның ертедегі тарихын екі аумақты кезеңге: үндіеу- ропалық және түріктік кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңде лингвистикалық тіл жағынан Қазақстан тұрғындары үндіеуропалық топтың ежелгі иран тобына кіреді, яғни бұл кез б.з.д. III-I мың жылдықтарды қамтиды.
1. Аяған.Б.Ғ, Әбжанов.Х.М , Исин.А.И , «Қазақ хандығы тарихы» Алматы 2011
2. «Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін» очерк.
3. «Қазақстан тарихы» 2 том
4.Шежіре: қазақтың ру тайпалық құрлымы. А. 1991
5.Шәкәрім. Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. А., 1991.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ хандығының құрылуы жөніндегі алғашқы деректер.Қазақ хандығының
тарихнамасы.
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .2
I тарау Қазақ хандығының құрылуы.
1.1 “ Қазақ ” этнонимінің пайда болуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... 8
1.2 Қазақ хандығы құрылуының алғышарттары.Керей мен
Жәнібек ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...12
II Қазақ халқының қалыптасу ерекшеліктері.
2.1 Қазақ хандығы тарихын зерделеудің кезеңдері ... ... ... ..16
2.2 XV ғасырдың соңында қазақ хандығының нығаюы ... ...18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...22
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 24

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Әрбір халықтың жеке халық болып қалыптасуы үшін
көптеген тарихи кезеңдерді басынан өткізуіне тура келеді. Бұл күрделі
процесс бір немесе екі ғасырдың ішінде болмайды, халық болу үшін бірнеше
ғасырларды керек етеді. Мысалы, Қазақстан жерінде халық болып құрылу
процесі алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, одан кейін қола дәуірі мен (б.д.д.
II-I м.ж. кезеңі) темір дәуірі (б.д.д. VII-IV) кезеңдермен, немесе бұл
кезде өмір сүрген ру-тайпалардың өсіп-өркендеуінен басталады. Олар
Қазақстанның ұлан-ғайыр территориясын ежелден мекендеген байырғы
(автохонды) тайпалар мен тайпалар бірлестіктерінен құралған.
Орта Азия мен Қазақстанның ерте дәуірдегі кезеңдерін зерттеп жүрген
ғалымдардың пікірлеріне қарағанда, біздің жерімізде қола дәуірі (Андрон,
Беғазы-Дәндібай мәдениеттері) мен темір дәуірінде өмір сүрген тайпалардың
(сақ, сармат т.б.) иран тілдес болғандығы айтылады.
Сондай-ақ, ғалымдардың көрсетуінше бұл кездегі тайпалар антропологиялық
жағынан монголоидтық белгілері бар европеидтік нәсілдер екендігі
көрсетіледі.
Қазақ халқының бастауы болып табылатын, сақ тайпаларының тікелей
жалғасы болып үйсін, қаңлы тайпалары саналады. Оны қытай деректері "Өзі
сары, көзі көк, ат жақты сэ (сақ) тайпалары үйсіндердің арасында жүр” – деп
көрсетеді.
Қазақ халқының шыққан тегі туралы көптеген аспектілері ішінен өзекті
ретінде лингвистикалық және антропологиялық мәселелерін бөлшектеп алған
жөн.
Орта Азия мен Қазақстан өңірінде осы екі процестің екеуі де қатар дамып
отырған. Қазақстанның ертедегі тарихын екі аумақты кезеңге: үндіеу- ропалық
және түріктік кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңде лингвистикалық тіл
жағынан Қазақстан тұрғындары үндіеуропалық топтың ежелгі иран тобына
кіреді, яғни бұл кез б.з.д.  III-I мың жылдықтарды қамтиды.
Екінші кезеңде Қазақстан территориясына шығыс жақтан көптеген көшпелі
тайпалардың соның ішінде ғұндардың Батысқа қарай қоныс аударуына
байланысты, сақ және сариат тайпаларының жалғасы – үйсін мен қаңлылар ғұн
тайпаларымен араласып, ассимиляцияға түскен.
Б.з.б. I ғасырда Солтүстік ғұндардың құрамына кірген көптеген түркі
тілдес тайпалардың бір бөлігі Орталық Азиядан Тянь-Шань арқылы өтіп, қаңлы
тайпалық бірлестігімен көрші-қолаң отырды, ғұндардың Қазақстанға өтуінің
екінші толқыны б.з. II  ғасырдың бірінші жартысында орын алды. Бұл кезде
Солтүстік ғұндардың толып жатқан тайпалары Шығыс Қазақстан мен Жетісуға
қоныс аударып VI ғасырға дейін өмір сүрген Юэбань мемлекетін құрды.
Ғұндардың біріктіруші рөлінің арқасында сырттан келген тайпалармен
байырғы тұрғындардың этникалық жақындасуы іске асты.
Сөйтіп, үйсіндер мен қаңлылардың монголоидтық тәсілге өтуі басталды.
Б.з. VI ғасырынан бастап оңтүстік аймақта шығыстан, Алтай, Сібір жақтан
келген түркі тайпаларының басымдылығы байқалды. VI ғасырда Қазақстан жері
түгелдей құдіретті бір тұтас мемлекет – Түркі қағанаты құрамына кірді.
Жазба деректерден алғаш Түрік қағанатының (542 ж.) одан кейін Батыс Түрік
қағанаты (603 ж.) сияқты феодалдық мемлекеттер құрылғандығы белгілі. Одан
кейін Түргеш қағанаты (704-756 жж.), Қарлұқ қағанаты (756-940 жж.), Оғыз
мемлекеті (IX ғ. соңы – XI ғ. басы), Қимақ қағанаты (893 – XI ғ. басы),
Қыпшақ хандығы (XI – 1219 ж.), Қарахан мемлекеті (942-1212 жж.) өмір сүрді.
Осы мемлекеттердің ішінде қазақтардың халық болып қалыптасуына, әсіресе екі
мемлекеттің тарихи рөлі ерекше болған. 1) Қарахан мемлекеті. Бұл
мемлекеттің кезінде халық болып қалыптасу пісіп – жетіліп, қалалық өмір
өркендеп, отырықшылық жанданып, қолөнер дамып, көрші жатқан елдермен сауда
қатынасы артып, жалпы мәдени экономикалық дамуы өскен. Алғаш рет ислам
дінін – мемлекеттік дін ретінде қабылдаған.
Қыпшақ хандығы (XI – XIII) Ертіс пен Еділ арасындағы кең жерді
иемденді. Хандықтың құрылуына байланысты этникалық процестер жаңа даму
кезеңіне аяқ басты. Бұл кезде қазақ тілінің негізі - әдеби қыпшақ тілі
құрылып, сонымен бірге қазақтардың өзіне тән антропологиялық кескіні
қалыптасты. Қазақ этногенезінде қыпшақтар этнос ретінде маңызды рөл
атқарды, "Қазақ” сөзінің шығу тегінің өзі қыпшақтар мекен  еткен аймақтар-
да пайда болды.
Бірақ, осындай сапырылыс кезеңде шығыстан кидандардың (қарақытай-
лардың) шапқыншылығы болып, Қарахан мемлекетінің жағдайы нашарлады. XIII
ғасырдың басында енді дамып келе жатқанда моңғол шапқыншылығы басталды,
сөйтіп халық болып қалыптасу процесі тоқталды. Халық болып қалыптасу
процесі XV ғасырға дейін, немесе 200 жылдай уақытқа кешеуілдейді.
Қазақстан жерінде қаншалықты жойқын шапқыншылықтар болғынымен халық
болып қалыптасудың негізгі шарты тіл бірлігі жойылмады. Керісінше, уақыт
өткен сайын моңғол – шапқыншылығының өздері жергілікті халықтың түркі
тіліне, әдет-ғұрпына, салт-санасына көшіп XIV ғ. толық түркіленіп кетеді.
XIV-XV ғасырларда феодалдық қатынастардың нығаюы негізінде Моғолстан,
Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасында толассыз тоқтамай жүріп жатқан
феодалдық соғыстарға қарамастан, халықтар арасында өзара бірігу, топтасуға
ұмтылу процестері белең алды. Қазақстан- ның ежелгі тайпалары тарихи-
географиялық, экономикалық және саяси жағдайларына байланысты үш негізгі
этникалық шаруашылыққа топқа бөлінді. Олар: Ұлы, Орта және Кіші жүз. Ұлы
жүз Сырдариядан бастап Жетісу жерін түгел жайлайды. Оның құрамына үйсін,
қаңлы, дулат, албан, суан, сіргелі, ысты, ошақты, шапырашты, жалайыр,
шанышқылы, қатаған т.б. ру – тайпалар кіреді. Орта жүз Орталық Қазақстан
аудандары мен Солтүстік – Шығыс Қазақстанның бір бөлігін қоныс етеді. Оның
құрамында қыпшақ, арғын, найман, қоңырат, керей, уақ, тарақты тайпа –
рулары бар. Кіші жүздің мекені – Сырдарияның төменгі жағы, Арал теңізінің
жағалауы, Каспий ойпатының теріскей бөлігі. Оның құрамындағы тайпалар одағы
- Әлімұлы (қаракесек, қарасақал, кете, төртқара, шөмекей, шекті); Байұлы
(адай, алшын, жаппас, алаша, байбақты, беріш, есентемір, қызылқұрт, шеркеш,
ысық, таз, масқар); Жетіру (табын, тама, кердері, жағалбайлы, кереит,
төлеу, рамадан). Жүздердің ұйымдасқан уақыты, қалай құрылғаны әлі жете
зерттелмеген.
Әрбір жүздің тайпалары жалпы шаруашылық мүдделер негізінде топтасқан,
өз шекарасында экономикалық жағынан оқшауланған еді. Олардың тілі,
материалдық тұрмыс мәдениеті жөнінен басқа жүздердің тайпаларынан ешбір
айырмашылығы болған жоқ. XV ғасыр қарсаңында бұл тайпалар түрік тектес
халық болып топтасты да, кейінірек қазақ деген этникалық ортақ атауға ие
болды, сөйтіп халықтың қалыптасу процесі негізінен аяқталады. Бірақ ол
кейбір себептерге байланысты кешеуілдеп барып іске асты. Оған қазақ
халқының этникалық құрамына кірген тайпалардың бірнеше мемлекет құрамына
енгені, кейбір жеке тарихи қалыптасқан бөлшектердің бытыраңқылығы себеп
болды. XIV-XV  ғғ. көпте- ген жұрттың көшіп-қонып, сапырылысуы орын алды.
XV ғ. – II жартысы мен XVI ғ. қазақ халқының негізгі этникалық
территориясын мемлекет етіп біріктіру, халықтың да қалыптасу процесінің
аяқталуын тездетті.

Тарихнамасы. Тарихшылар, әдебиетшілер және тарихқа қызығушылық танытатын
зерттеушілер қазақ халқы атауының шығуы туралы жиі және көп айтады. Белгілі
ғалымдардың көптеген мақалалары Қазақ терминінің шығуын түсіндіруге
арналған.
XX ғасырдын 50-60-жылдарындағы пікірталасқа қатысушылар М. Акынжанов
[2], С.К. Ибрагимов [3], одан кейін В.П. Юдин және тағы басқа
зерттеушілерден кейін ұзақ уақыт тыныштық орнады. Қазақстан тәуелсіздік
алғаннан кейін біздің ғылыми әдебиеттер мен жарияланымдар қазақ
терминінің мәні туралы айта бастады.
Соңғы уақыттарда Т.И. Султановтың және 3. Қинаятұлының, қызықты
зерттеулерін атап өтуге болады.
Қазақ этнонимы орыстардың, қазақтары да көптеген ғалымдардың пiкipi
бойынша туркі-монғолдардан шыққан. Орталык Азиянын, көне ескерткіштерінде
қазақлық (қазақтар) cөзi epiктi, еркін тіршілік кешкен, деген баламалы
ұғым ретінде қолданылады. Мысалы, осы мағынада көп ғасырлар бойы
түсіндipiлiп келгенін ерте ортағасырларда түркі-моңғолдар әзірлеген әдеби
шығармалар куә бола алады.
Қазақ сөзінің шығу тегі жайлы зерттеген орыстың әйгілі гғалымдарының
пікірлеріне тоқталып өтейік.
XIX ғасырдағы В. Даль қазақ-казак сол сияқты гайдук, гайдамак
сөзінің шығу тегі кезу, басы бос кезбе деген мағынаны білдіреді деп
болжам жасаған.Академик H.A. Баскаков түркі славян қарым-қатынастарында сан
алуан байланыстардың болғанын анықтады. Оның болжамынша қазақ-казак cөзi
орыс тіліне көрші түркі тілінен енген. 1395 жылы тұнғыш рет орыс тілінде
жалшы, жұмысшы мағынасында, кейін келе қазақ мағынасында (көшпелілер
шапқыншылығынан қорғайтын әскери, шекаралық күзеттен тұратын) поляк және
украин тілдері арқылы тіркелуі мүмкін дейді. Барлық көрсетілген мағыналар
бip-бipiмeн байланысты және жалпы тәуелсіз адам деген сөз мағынасын
білдіреді. Осы мағынамен қазақ туркі ұлтының - eрiкті тәуелсіз көшпелі
атауы байланысты деп корытындылайды H.A. Баскаков [2].
Қазақ хандығының құрылуы туралы нақты деректі біз Мұхаммед Хайдар
Дулатидің Тарихи – и Рашиди еңбегінен аламыз. Қазіргі күнде
тарихшылар,зерттеушілер қазақ хандығының құрылуы туралы бірнеше болжамдар
келтіреді.Осылардың ішінді ең нақтысы,шындыққа жанасатыны Тарихи – и
Рашиди еңбегңнде көрсетілгеніндей қазақ хандығы 1465-1466 жылдары
құрылған және ал.ғашында Керей мен Жәнібектің басшылығымен құрылған.
А.И.Левшиннің ( 1797-1879) 1832 жылы жарияланған Қырғыз-қазақ, яғни
қырғыз-қайсақ ордасы мен даласының суреттемсі деген енбегінде қазақ
халқының географиясы, тарихы мен этнографиясы жөніңде алғашқы іргелі
монографиялық зерттеу болып табылады. Кітаптың бірінші бөлімінде қазақ
халқы өмірінің табиғи жағдайлары көрсетіліп, екінші бөлімінде ең ерте
заманнан XVIII ғасырдың аяғынадағы қазақтар туралы тарихи мәліметтер
жинақталған. Ерекше бағалы үшінші бөлімінде қазақтардың рулық-тайпалық
құрылысы, тұрмыс салты, әдет-ғұрпы, діни нанымдары, экономикалык және А. И.
Левшин халықтың аталуы туралы өз пікірін келтірген, бұл — ғылымда қазақ
халқы этногенезі проблемасының тұңғыш рет қойылуы.
А. И. Левшиннің енбегін оның замандастарынан жоғары бағаланды, не-
ғұрлым кейінгі зерттеушілер көптеген проблемалар жөнінен соның енбегіне
жүгінеді А. И. Левшиннің шығармасын жаңадан басып шығару 1996 жылы Алматыда
жузеге асырылды.
Мақсаты. Қазақ хандығы жөніндегі тарихи деректерге анықтама беру, қазақ
этнонимінің шығуына мән беру, Керей мен Жәнібектің Әбілхайыр хандығынан
шығып ,қазақ хандығын құруы,хандықтың құрылуының тарихнамасымен таныстыру.
Міндеті. 1. Қазақ хандығының құрылуы.
2. “ Қазақ ” этнонимінің пайда болуы.
3. Қазақ хандығы құрылуының алғышарттары.Керей мен
Жәнібек.
4. Қазақ халқының қалыптасу ерекшеліктері.
5. Қазақ хандығы тарихын зерделеудің кезеңдері.
6. XV ғасырдың соңында қазақ хандығының нығаюы. Туралы
қарастырып барынша мол деректерді жинап, нақтылай бафндау.

I тарау Қазақ хандығының құрылуы.
1.1 “ Қазақ ” этнонимінің пайда болуы.

XV ғ. – II жартысынан бастап, қалыптасқан халық өздерінің көршілері
арасында "қазақ” деген атпен белгілі болған.
Қазақ этнонимінің туу тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеушілердің қызу талас
тақырыбына айналады. Кейбір деректерде бұл термин әлеуметтік мәнінде
қолданылған "қашақ” деген атаудан шықты деп есептейді. Немесе "қазақ” атауы
Жәнібек пен Керей бөлініп көшіп кеткен рулық одақтарды білдіру үшін
бастапқы кезде "өзбек-қазақ”, кейін "қазақ” деп аталған дейді.
"Қазақ” термині 1245 жылы Мамлюк мемлекетіндегі қыпшақтардың ортасында
жазылған ерте қыпшақ жазба ескерткіштерінде (түрік-араб) сөздігінде
кездеседі. Мұнда "қазақ” деген сөз "басы бос – кезбе” деген мағына береді.
Қалай дегенде де "қазақ” этникалық терминінің ғылыми тұрғыдан дәлелденіп,
тұрақты бір шешімі жоқ.
Қазақ этнонимы орыстардың, қазақтары да көптеген ғалымдардың пiкipi
бойынша туркі-монғолдардан шыққан. Орталык Азиянын, көне ескерткіштерінде
қазақлық (қазақтар) cөзi epiктi, еркін тіршілік кешкен, деген баламалы
ұғым ретінде қолданылады. Мысалы, осы мағынада көп ғасырлар бойы
түсіндipiлiп келгенін ерте ортағасырларда түркі-моңғолдар әзірлеген әдеби
шығармалар куә бола алады.
Қазақ сөзінің шығу тегі жайлы зерттеген орыстың әйгілі ғалымдарының
пікірлеріне тоқталып өтейік.
XIX ғасырдағы В. Даль қазақ-казак сол сияқты гайдук, гайдамак
сөзінің шығу тегі кезу, басы бос кезбе деген мағынаны білдіреді деп
болжам жасаған.Академик H.A. Баскаков түркі славян қарым-қатынастарында сан
алуан байланыстардың болғанын анықтады. Оның болжамынша қазақ-казак cөзi
орыс тіліне көрші түркі тілінен енген. 1395 жылы тұнғыш рет орыс тілінде
жалшы, жұмысшы мағынасында, кейін келе қазақ мағынасында (көшпелілер
шапқыншылығынан қорғайтын әскери, шекаралық күзеттен тұратын) поляк және
украин тілдері арқылы тіркелуі мүмкін дейді. Барлық көрсетілген мағыналар
бip-бipiмeн байланысты және жалпы тәуелсіз адам деген сөз мағынасын
білдіреді. Осы мағынамен қазақ туркі ұлтының - eрiкті тәуелсіз көшпелі
атауы байланысты деп корытындылайды H.A. Баскаков .
Т.Ф. Благова қазақ этнонимі мен қазақ терминінің сәйкес келуінің
кездейсоқ eмecтігі туралы жазды. Эділдігіне келетін болсақ, Солтүстік
Кавказда ерте көнеде касогтар атаулы халықтар мекендеген. Олар казipгi
кабардиндердің, черкестер мен абхаздардың арғы аталары болуы мүмкін. Біздің
пайымдауымызша касогтар мен қазақтар терминдерінің арасында осы жағдайда
тек қана фонетикалық ұксастык болған, одан басқа ештеңе жоқ.
Қазақ атауының түп төркіні.
Тарихшы ғалымдардың, пікірінше, қазақ cөзi бастапқыда тек әлеуметтік-
саяси мағынада қолданылған, кейін этникалық атауына айналған.Сонымен,
Қазақ хандығының құрамына кipгeн тайпалардың жауынгер-жасақшылары қазақ
деп аталған,
XV ғасырда орыс деректерінде де турік тілдерінен енген бұл сөз
жауынгер, әскери жасақ, мағынасына ие болған.
Енисей бойындағы кене туркі руникалық ескерткітерінде төмендегідей жазу
ойылған: Уч йетмш йашымқа адырылдым. Егук Қатун йерімке адырылдым. Теңрі
елімке, қазғақым оғлым, не уз оғлым, алты бiң йунтым .
)Аудармасы:Алпыс уш жасымда айрылдым. Егук-Қатун жерімнен айрылдым.Tәңрі
еліме, олжалаушы улым, неткен шебер улым, алты мың, жылқым.
Мұндағы қазғақым оғлым - олжалаушы ұлым тіркесіндегі қазғак cөзi
қазға (н) - олжалау, тауып алу eтicтiгiнeн жасалып,олжалаушы
мағынасына ие болғаны, қазақ, этнонимі мен төркіндес екендігі байқалады.
Сөйтіп, қазақ, этнонимінің түп төpкiнi – көне түркі қазғақ олжалаушы,
олжа түcipyшi, табыс түсіруші, табыскер деген сөз,ортасындағы ғ дыбысы
түciп қалған, салыстырыңыз: бұлғақ - бұлақ,, орғак, - орақ,, тарғак -
тарақ,, қулғак - қулақ,, қазғуқ -қазық.
Қазақ, қырғыз тарихи аңыздарында қазақ сөзінің синонимі - алаш
(алач) этникалык атауы кездеседі. Алаш атауы елді қазақ деп аталмастан
бұрын қолданылған. Алты сан алаш бірлестігі-қыпшақ, найман, қаракесек,
алшын, коңырат, жалайыр тайпаларының одағы
XIII ғасырда Жошының, ұлысына кірген. Махмұд Қашғари
сөздігіндегі көне түрік халадж (халач) тайпасының, атауы, байырғы алаш
елінің, атауы және кiшi жүз алаш тайпасының аты негіздес, төркіндес келеді
деген пiкip көңілге қонымды, әбден дәлелді айтылған.
Байыргы халадж (алаш) елінің, бүгінгі бip сынығы - Ирандағы аз санды (20
мың адамдай) түрңк тңлдес халадж халқы. Халадж тілі көне қалпын сақтап
отыр (хадак- аяк), сондықтан оны әзірбайжан тілінің бip диалектісі емес,
дербес түрік тiлi деп білгеніміз жөн.
XIX ғасыр тарихшылары Н.М. Карамзин [2], В.О. Ключевский және қазақ
халқының ұлы ғалымы Ш. Уәлиханов осы тұжырымдаманы ұстанған. Өйткені
қазақ этнонимі мен қазақтар ұғымы әлеуметтік құбылыс ретінде, Орталық
Азияда көшпелілермен Руське өтті. Еуразияда б.з. V-VI ғасырларында түрік
және славян тайпаларының арасында алғашқы тығыз байланыс орнатылғаны
белгілі. Кейін келе Днепрге қарай бауырлас ағайындары қыпшақтардан ығысқан
көшпелі түріктер, беренділер, печенегтер қоныстанды. Далалықтардың ғылыми
әлeмiндe көшпелілердің құмандармен және түркі тілдес халықтар қыпшақтармен
қатты теңдестіреді.
Ежелгі Русь Шығыспен, соның шінде көрші халықтармен де географиялық
жағынан жақын орналаса отырып, христиандықты кабылдағанға дейін олармен
тілдері мен мәдениеттері жағынан тығыз байланыста болды. Сонымен, қазақ
сөзі мен қазақлық ұғымы түркi тілдес тайпалармен бipгe осылайша Руське
жетті. Ш. Уәлиханов Қырғыз қазақ шежіресі [2] деген енбегінде: қазақтар
Азияда қалыптасып, дамып, орыстарға татарлардан өткеніне ешқандай күмән жоқ
дейді. Татарларда олар ертерек дамуы керек еді. Қырғыздың кең байтақ
даласы, Pycьтeгi Украина icпeттп, бостандық пен байлықты iздеген
батырлардың тоғысатын орны болды - деп жазды.
Н.М. Карамзин де осындай көзқарасты ұстанды. Ол: Василий Темныйдың
заманындағы шежірелер 1444 жылғы Рязань қазақтары туралы, жаңа заманда
қолданылатын ерекше жеңіл әскері жайлы жазған дейді. Қазақтар бip ғана
Украинада емес, олардың аты 1517 жылы белгілі болып кең тараған. Олар Ре-
сейде Батый шапқыншылығынан ертеректе өте алмайтын батпақ пен қамыспен
қоршалған Днепр жағалауын мекендеген түркілep мен беренділерге тиесілі
болды. Қысымшылықтан қашқан көптеген орыстарды өз жағына тарта отырып,
қазақ деген атаумен олармен араласып, бip халықты құрады. Олардың арғы
аталары X ғасырдан бастап Киев аумағын мекендеген орыстар болды - деп
жазады ол.
Орыс қазақтары өзіне түркі, славян тайпаларының қуатты элементін қосып
алған тұрғындардың этнографиялық тобы деп ойлаймыз. Бұл жерде Coлтүстік
Кавказ халықтарының қатысуынсыз тағы болмаған. Сақталған тарихи және
генетикалық жағдайлар қазақтарды ұзақ уақыт бойы орыстардан оқшау ұстауға
мәжбүрледі. Қазақтар өздерін орыстармен тікелей теңдестіргенді жақсы
көрмейтіні тарихтан белгілі М.Я. Шолохов қазақтардың ресейліктерден
epекшілігін атап өтеді. Сондықтан Дон өзеннің, атауы Ресей ғалымдарының
айтуынша түркі түбіріне шыққан, яғни парсылық емес. Ол Қырат, құзды
жағалау деген мағынаны білдіреді. Қазақ, татар, ноғай, башқұрт тілдерінде
дөң сөзі кеңінен таралған және кез келген жердің төбесі, қырат деген
мағынада қолданылады.
Тіпті алғашқы қазақтар сөзі түрік және славян екі субмэдениетінің
қосындысынан шықты деген болжам бар, өйткені, этнонимдердің таңқаларлық
ұқсастығы, қазақтар мен түрік тілдес халықтардың өмір сүру мәдениеті атап
айтар болсақ, жылқыларға деген сүйіспеншілігі, олардың көшіп-қонуға
бейімделіп және де антропологиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М.Х.Дулатидің Тарих и Рашиди еңбегін Қазақстан тарихы курсында қолдану әдісі
Қазақ хандығының құрылуы жайындағы жазба деректер
Қазақ хандығының сыртқы саяси байланыстар
Қазақ хандығы құрылған жылының зерттелу тарихы
Қазақ халқының қалыптасуы мен Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы және оның маңызы
Қазақ хандығы дәуірі
Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы
Қазақ хандығының құрылуына алғышарттар
Қазақ хандығының құрылуы
Пәндер