ІV Иван реформалары


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

І Тарау ІV Иван реформалары.

1. 1 ІV Иванның ішкі реформалары, нәтижелері.

1. 2 ІV Иванның Ресей жерлерін кеңейту саясаты.

ІІ Тарау ІV Иван сыртқы саясаты.

2. 1 ІV Иванның жүргізген соғыстары, жеңістері, жеңілістері.

2. 2 ІV Иванның билігінің соңғы жылдары.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе

ІV Иван тұсында Ресейдің дамуы біркелкі болмады. ІV Иван көптеген ішкі және сыртқы саясатта қателіктерге бой ұрды, өзінің ерекше қатігездігімен аты шықты. Ресей феодалдық жолмен дамып, саяси бытыраңқы мемлекет дәрежесінен толық айрылмады. Бірақ осыларға қарамастан ІV Иван патша тұсында Ресей Европа мемлекеттерінің ішінде өзіндік орын ала бастады. ІV Иванның патшалық таққа отыруының өзі халықаралық дәрежедегі бір оқиға болды. Себебі ІV Иван патша тәжін шіркеу басшысы Метрополит Макраидің қолынан алды. Ал бұған дейін Ресейде патшалар алтын орданың хандарының атына айналып, олар князьдер деп аталатын.

Патша титулын алған ІV Иван Батыс Европа императорларымен тең жағдайға қойылды. ІV Иван тұсында Ресейдегі феодалдық бытыраңқылық жойылып, территориялар жаулап алулардың және дипломатияның нәтижесінде кеңейді. Мысалы, ІІІ Иван тұсында Ресейдің жер көлемі 430 мың шаршы километр болса, ІV Иван тұсында 5 млн 400 мың шаршы километр болды. ІV Иван кезінде Англиямен сауда қарым-қатынас орнады(1533 ж. ), Мәскеуде алғашқы типография құрылды. ресейдің барлық аймақтарына бірдей сот заңдары қабылданды (1550ж. ) .

ІV Иван тұсында ішкі саясатта көптеген реформалар жүргізіп, Ресей орталықтандырылған мемлекетке айналдырылды. Осы патша кезінде Қазан және Астрахань хандықтары жаулап алынды, Сібірді жаулау басталды, Қырым татарларының шабуылдарына тойтарыс берілді. Әрине сыртқы саясатта ІV Иван бірқатар жеңілістерге де ұшырады. Мысалы, 1558-1583 жылдардағы Балтық теңізіне шығу үшін болған Ливон соғысында Ресей жеңіліске ұшырады. ІV Иван бірқатар жеңілістерден кейін ішкі саясатта боярларға және саудагерлерге қысымды күшейтті, шаруалардан алынатын салық және олардың жұмыс тәуелділігі күшейтілді. Бірақ соған қарамастан Ресей тарихында ІV Иван мемлекеттің орталықтандыруына нығайуына үлкен үлес қосқан патша ретінде енді.

Ресейдің белгілі патшаларының бірі ІV Иван тұсында Ресей Европа елдері мойындаған мемлекетке айналды. ІV Иван феодалдық даму жолынан бас тартпаса да Ресейді алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарларына шығаруға көп үлес қосты. ІV Иванның ішкі саясаттағы реформалары мемлекеттік басқару жүйесін, сот жүйесін, білім беру жүйесін т. с. с. реттеп жүйелі түрде даму жолына қойды.

ІV Иванның билік ету жылдарының соңғы кезеңі сәтсіз болды. Ресейдің Оңтүстік аймақтары Қырым татарларының шапқыншылықтарынан зардап шекті. Польша және Литва әскерлері Полоцк, Соколь, Усвять, Велижь, Велики Луки сияқты қалаларды басып алып оларды аяусыз тонады. Құрқақшылық Швеция, Польшаның саяси экономикалық блокадасы аштық пен аурулардың көбеюіне алып келді. Ресейдің көптеген жерлері қаңырап бос қалды. Бірақ соған қарамастан Ресей қысқа уақыттың ішінде тіктеліп, өзінің бұрыңғы қуатын қалпына ғана келтіріп қойған жоқ, қайта күшейе түсіп, екі ғасырдың ішінде империяға айналды.

І Тарау ІV Иван реформалары.

1. 1 ІV Иванның ішкі реформалары, нәтижелері.

Осылайша ХVІ ғасырдағы Россияда феодалдық бытыраңкылықтың көптеген сарқыншақтары сақталып тұрды. Елдің біріккендігіне қарамастан, іс жүзінде ол көп-ке дейік жеке-жеке жерлерге белініп, бытырап жатты. Феодалдық аристократтар, ақсүйектер мен дін иелері зор күштердің иесі болып қала берді.

Қалалар және сауда. XVI ғасырда қалалар бірте-бірте ұлғая. бастады. Кейбір қалалар XVI ғасырда өте ірі орталықтарға айналды. Москвада 100 мыңдай халық тұрды, олардың ішінде қолөнершілер көп еді. Новгород тұрғындары 25 мыңнан асты.

Ірі қалаларда қолөнер өндірісі барған сайын жетіле түсті. Өндірілген өнімнің кейбір бөлігі рынокқа да шығарылды. Бірақ, бұл кұбылыстың айқын көрініс алғаны.

Қорғаныс үшін елдің оңтүстігіндегі және шығысындағы шеткері аймақтарда бірнеше ондаған бекініс-қалалар салынды. Кейінірек олардың көбі қолөнер мен сауда орталығына айналды, ал алғашында бұл қалалар тек әскери қызметтегі адамдардың -- дворяндардың, зеңбірекшілердің, атқыштардың ғана конысы болатын.

XVI ғасырда елдің түрлі жерлері мен аймақтары арасында сауда байланыстары дамыды. Саудада дін иелері мен ақсүйек-феодалдардың, көпестер пен қолөнершілердін, ролі басым болды.

Сыртқы сауда істері үшін шығыс елдеріне апаратын Волга су жолы үлкен мәнге ие болды. Смоленск, Новгород арқылы Батыс елдерімен сауда байланысы жүргізілді. Россия шетел рыноктарына қымбат бағалы аң терілерін, кендір, бал, балауыз шығарды, ал сырттан қару-жарақ, металл, шұға, жібек, шарап, қымбат бұйымдар, металл ақшалар әкелді. Металл ақшаларды Россияда қайта құятын (өзіндегі күміс пен алтынның қорлары әлі белгісіз еді) . Елдін, экономикасын дамыту үшін әлемнің, теңіз жолдарына шығу қажет болды. Бұл әсіресе XVI ғасырдағы ұлы географиялық жаңалықтарға байланысты ерекше маңызды мәнге ие болған еді.

Бірақ Россия бұл су жолдарынан қашықта жатты. Көрші феодалдық мемлекеттер Россияның, басқа европалық елдермен сауда және мәдени байланыстарын дамытуына кедергі жасап бакты.

Мұндай байланыстар 1553 жылы Ақ теңіз арқылы Россияға ағылшын Ченслердің кораблі келгеннен кейін ұлғайды. Ағылшын көпестері Россияға теңіз арқылы үнемі келіп-кетіп жүрді. Ағылшынның (Москвалық деп аталған) сауда компаниясы Россиямен сауда жасау үшін көп жеңілдіктер алды. 1584 жылы Архангельскінің негізі салынды, ол Батыс Европа елдерімен сауда қатынасындағы орталыққа айналды. Бірақ ол елдің ішкі аймақтарынан қашықта жатты, ал Ақ теңіздегі кеме қатынасы жылына үш-төрт-ак ай жұмыс істейтін.

Сондықтан да басқа европалық елдермен сауда және мәдени байланысы дамыту үшін Россия теңіз портына мұқтаж еді. Мұндай портты Балтық теңізіне салуға болатын, бірақ оны жауласып отырған көршілер Россия үшін жабық ұстады.

Феодал шонжарлардың өкімет билігіне таласы. Ұлы князь III Василий өлгеннен кейін ақсүйек феодалдар өкімет билігіне таласты күшейте түсті. Таққа сөз жүзінде үш жасар IV Иван (1533-1584) ие болды да, іс жүзінде мемлекетті шешесі Елена Глинская мен онмң кеңесшілері басқарды. Ұлы князьдық билікке шонжарлардың әр түрлі қастандық әрекеттері болып жатты. Бірақ 1538 жылдың басында Елена Глинская кенеттен қайтыс болды (шетелдіктер оны у беріп өлтірген деп жазды) . Өкімет басына өзара бәсекеге түскен боярлар топтары бірінен соң бірі келді. Бұл дәуірде мемлекеттік басқару жүйесі құлдырады, жергілікті жерлерде ел үстінен күнелтушілер халыкқа зорлық-зомбылығын мейлінше күшейте түсті.

IV Иванның патшалық құруының басталуы бұрыннан жиналып, қалыптасып қалған тап қайшылықтар ашықтан-ашық шиелінесе түсумен тұспа-тұс келді. 1547 жылы шілдеде Москвада орасан зор өрт болды, қала түгелдей өртеніп кетті. Мыңдаған адам отқа өртеніп түтінге шашалып өлді. Жас патша тұсында «Таңдаулы Рада» атты өкімет құрылды. Боярлардың үстемдегіне қарсы наразылықтан дворяндар тарапынан реформаға қажеттілік бар еді. Пересветов мықты патша билігін қолдап, тұрақты әскердің болуын қалады. «Таңдаулы Рада» әртүрлі феодалдық таптан түрды. Басшысы Алексей Адашев дворян, шіркеу қызметкері Макарий, сарай шырақшысы Сильвестр және князь Курбский болды. 1549 жылы Москвада болған жиында, Дворяндар бояр наместниктердің билігі (сотынан) азат етілгенін жариялады. 1550 жылы «Судебник» жарық көрді. Онда боярлардың билігі соттағы сияқты басшылықта да шектелді. 1555-1556 жылдары жергілікті басқаруда губалық старостат және земстволыққа дворяндар тарапынан сайланды. Шіркеудің жаңа жерлерді сатып алуы тоқтатылды. Боярлар билігі тұсында тартып алынған жерлер мемлекетке берілді. 1550 жылы турақты әскер құрылып, ол патшаның бақылауында болды.

Патшаның төңiрегiндегi үкiмет таңдаулы Рада /1549-1560/ деп аталып, олар орталық және жергiлiктi әкiмшiлiктерде бiрқатар реформалар жүргiздi. Ондағы А. Ф. Адашевтi священик Сильвестер, митранолит Мекаримов, Куроскийдi Иван IV сайлады.

1548 жылы бiрiншi земский соборға шақырылды. Бұл бояр думасынан, дiн басылары мен феодалдардық уәкiлдерiнен тұратын сасловиелiк жиын болды. Онда реформалар жүргiзу мен жаңа судебник қабылдау қаралды. 1550 жылы жаңа судебник қабылданды. Ол бұрынғысынан ретке келтiрiлiп жөндеулер енгiзiлген едi. Поместниктер мен болыстардың праволарын шектеп, пара алғаны үшiн жаза қолдану жөнiнде айтылып талқыланды. 1555 жылы шiркеулiк соборда бытыраңқылық кезiндегi қасиеттi дәстүрлер реттелiп, патшаның наразылығын тудыртан дiн басыларының адамгершiлiк тәртiп мәселелерi қаралды / арақ iшулерiне тиым салынды/

Орталық билiктерде өзгертулер болды. Бұрынғы екi басқару органдарының орнына / мемлекеттiк сарай және қазына / бiр жүйелiк приказдар құрылды. Оның iшiнде жермен айналысатын поместный приказ, сыртқы саясатпен айналысатын Посольский приказ, қылмыстiкi - розбойный, әскери iспен разрядный, стрелецкий, арыздар мен бақылаумен Челобытный приказдықтар айналысты. / оны Адишев басқарды/

50 жылдары жергiлiктi басқару системасы да қайта ұйымдастырылды. Губалық / губа - кiрме, шығанақтың бiр түрi/ реформа нәтижесiнде / 30 ж басталған / қылмыстар жөнiндегi iс болыстар құзырынан алынып губалық старосталардың құзырына берiлдi / старосталарды уездiк дворяндар сайлады / 1558 жылы губалық старосталар уезд бастықтары болды. Земстволық реформа негiзiнен солтүстiк аудандарда және қалаларда жүргiзiлiп, онда бай шаруалардан земствалық старосталар сайланып, олар соттық және салық жинау жұмыстарымен айналысты. Бұл iс шаралар басқарудың сапасын арттырып қана қоймай, сасловиелiк өкiлдiк монархияның қалыптасуына алып келдi.

Әскери реформада үлкен маңызға ие болды. Ол бойынша әрбiр 150 десятинасы бар феодалдар қаруланған бiр әскер беруi тиiс болды.

Ақша бiрлiгi / рубль бүкiл мемлекеттiк ақша бiрлiгiне айналды / салмақ және өлшем бiрлiгi енгiзiлдi . Салық реформасы бойынша салық көлемi өстi.

Осылайша ХVI Қ 40 ж соңы 50 басында Ресейде бұрын болмаған реформалар сериясы жүргiзiлдi. Ол бойынша басқаруды орталықтандырудың сапасын арттырып, Ресейдiң мемлекеттiк аппаратын қалыптастырды / бұған дейiн ұлы князьдық басқару белгiсi болған. Сыртқы саясат осы реформаның нәтижесiнде қалыптасып едi.

Алайда, 1560 жылы Таңдаулы рада тарқатылды. Сильвестер қуылды. Адашев Москвадан қуылып, одан кейiн түрмеге қамалды. Үкiметтiң құлауы реформалар саясатын террорға өтуге бет бұрудың бастамасы едi. Бұл Иван IV осы кезден бастап былай қарайғы басқаруды сипаттап, опричнинамен байланыстылығын айтты.

Тарихшылар осы уақытқа дейiн жағдайдың бұлай күрт өзгерiп кетуiне нақты жауап бере алмады. 1560 жылы әйелi Ренестасия Романованың өлiмi Таңдаулы радамен қатынасының соңғы уақыттарда өзгере бастауы, ең батысы көп үмiт күттiрген Ливон соғысындағы жеңілiс те әсер еткен болуы мүмкiн .

1564 жылы декабрде патша өзiнiң төңiрегiндегi Сивтасымен және қазынамен Тронца - Сержев монастырына келедi. Александровск слободасына тоқтап, 3 январьда 1565 жылы Москваға екi хат жiбередi. Бiрiнде қызметтегi адамдардың боярлардан шiркеу ирархтарының сатқындық iстерiне төзе алмағандықтан тақты тастаймын деп, екiншiсiнде қаланың төменгi халқына ешқандай өкпесiнiң жоқтығын жазады. Халық боярлардан патшаның қайтып келтiрiлуiн талап еттi. Иванға келген боярлар мен дiн иелерiнiң делегациясына патшаға опеле / жазалау / құқұғын кедергiсiз берудi талап еттi.

Мемлекет екiге бөлiндi : Опричина / оприч сөзiне - кроме остальной земли / және земшина жерi пайда болды. әрқайсысында өз басқару мекемесi, бояр думасы әскерi болды.

Опричинаға енгiзiлген боярларға, дворяндарға опричиналық уездерден жер берiлдi. Земствалықтарды земства жерiне орналастырды . Опричина жер иелiктерiн қайта бөлiске салғызды / жер иелерi арасында / және жалпылық террор жүргiзiлдi. Алқашқыда террор аристократтарға, кейiннен қоғамның барлық басқа қабаттарына қарсы бағытталды . / Әсiресе қалаларға / Нәтижесiнде 34 боярдан / Боярлар думасын / опричина кезiнде 15 -i өлтiрiлдi. / 3 еуi күшпен манахтыққа өткiзiлдi. / 9 окольничих / төменгi думалық шендегiлер / 4 өлтiрiлдi. Адамдарды ашық түрде қатыгездiкпен, серизммен жазалау кезi жайылып кеттi . Адамдарды бөлшектеп бөлу / буындарымен бөлу, баяу отта қуыру, қайнаған сумен күйдiрiу т. б жүргiзiлдi. 1568 жылы /70 жылы террор өзiнiң шарықтау шегiне жеттi, патша Новгородты сатқын деп күманданып, онда 10 айға созылған қанға боялған жазалау саясатын, тонаумен қатар жүргiздi . Бұл кезде деректерге қарағанда 10-15 мың адам қайтыс болған . Жол жөнекей Тверде, Торжеде, Псковта, Новгородтық деревняларда да жазалау саясаттарын жүргiздi. Новгородтық жорықтан соң жазалау опричинаның өзiнiң iшiнде өлтiрулер басталды .

Опричина кезiнде қаза тапқандардың жалпы саны белгiсiз / бұл кезде Ресейдiң тұрғындарының жалпы саны 6-8 млн аралығында, қала халқы 200-300 мың едi. /

Иван ІV үкiметiнiң негiзiн опричина әскерi құрды. Алғашқыда олардың сан 4-6 мың аралығында болды . Эмблемасы иттiң басы және сыпырғы едi, бұл патшаның жауларын Эризут /өлтiрiп / және қалғанын сыпырып тастау деген белгi болатын .

Опричина әскерiнiң әскери қабiлетi әлсiз едi, олар Қырым татарларына қарсы тұра алмады. Сондықтан 1572 жылы опричина тоқтатылды.

Опричинаның әлеуметтiк негiзi және салдары проблемасын зерттеулер бұрыннан талқылануда ХХ ғ. С. Ф . Платоновтың опричинаға берген концепциясы үстемдiк еттi. Ол опричинаны князьдық - боярлық аристрократтармен күрес формасы ретiнде қарайды. Опричинаның нәтижесiнде ескi ақсүйектердiң қуаты әлсiреп, жаңа поместелiк дворяндардың беделi өстi дейдi. Алайда С. Б. Веселовский, А. А . Зимин, В. Б. Кобриндер опричина феодалдық жершiлiктiң құрылымын өзгерткен жоқ дейдi. Оның ролi узельдiк жүйенiң қалдықтарын жоюмен ғана шектелдi дейдi. Сондай-ақреакциялық боярларды прогрессивтi дворяндарға қарама - қарсы қоюы да сын көтермедi.

Опричина антибоярлық саясат емес едi. Оричинаның iшiнде аристократиялық рулардың өкiлдерi көп болды.

Елдiң күйзелуi, шаруалардың крепостниктерге айналуы тездетiлдi. Сондай-ақ опричина дворяндардың жағдайына да әсер еттi. В. Б. Кобрин "Звершилась превнещение русских дворян В холопов самодержавие " деп жазды.

1550 жылдардағы реформалар Ресей мемлекетін әскери күш жағынан дамытты. Бұл IV Иванға сыртқы саясатта батыл әрекеттерге баруға жол ашты. 1502 жылы Алтын Орданың құлауымен пайда болған ұсақ хандықтар бірнеше рет орыс жерлеріне шабуыл жасады. Әсіресе Қазан хаңдығы Ресейдің орталық қалаларына жорық жасап тонаумен айналысты. 1552 жылы орыс әскерлері Қазан қаласын, одан кейін 1556 жылы Астрахань қаласын басып алды. Бұл хандықтардың алынуымен 300 жылдық Татар-моңғол езгісі жойылды. Солтүстік Кавказдан Сібірге дейінгі жерлер Ресейге қарады. Башқұрттар, Ноғай хандығы өз еріктерімен бодандықты қабылдады. IV Иван бірнеше рет Қырымға қарсы сәтті жорықтар ұйымдастырды. Осы жорықтардан кейін қырым хандығының шабуылы тоқтатылды.

Тағы бір Ресейдің сыртқы саясатындағы ең басты әрекет Балтық теңізіне шығуы болды. Ресейге осы кезде басты бөгет Ливон ордені болды. Кез келген орта ғасырлық мемлекет үшін теңіз жолдары маңызды транспорт көзі болды. 1558 жыяы IV Иван солтүстік батысқа жорық жасап, Ливон соғысын бастады. Алғашқы кезде соғыс Ресей үшін сәтті болды. Кейіннен Ливондықтарға Швед, Поляк, Литва, Дания, әскерлері көмекке келді. Ресей әскерлері 1563 жылы Полоцк қапасын алды. Ірі әскери шығындар елдің ішкі жағдайына әсер етті. Феодалдық аристократая. IV Иванның саясатына наразылық білдіріп, қиыншылықтарды патшаға-қарсы пайдаланған «Таңдаупы Рада» өкіметі тарап, IV Иван сенімді шағын кісілермен басқаруға мәжбүр болды. Ірі боярлар Литваға кетіп отырды. 1564 жылы князь Курский де сатылып кетті. Курский өз хатында "сенімді боярларды жазықсыз қинап, жазалауымыз дұрыс емес , - деді. IV Иван жауап ретінде, Біз өзіміздің «Мы свойх холопов жаловать и казнит вольны . . . » - деді.

Ішкі княздік боярлы оппозицияның шиеленісін шешу үшін бір шара керек болды Ол «Опричнина» саясаты еді.

IV Иван «Өзінің опричнина» саясатын ендіріп 1565 жылы билікке қайтадан келді. Бұл бойынша бүкіл жер опричнинаға және земщинаға бөлінді. Опричнинаны патшаның ерекше приказды аппараты және әскері басқарды, ал земщинаны боярлар думасы басқарды. Опричнинаға ең қолайлы, таңцаулы жерлер ғана емес, соңымен қатар әскери стратегиялық жағынан ерекше маңызды территориялар да алынды. Замосковский өлкесі мен Новгород, Псков, жерінің едәуір бөлігі опричнинаға өтті. Опричнина князь-боярлардың жер иелену тәртібін елеулі түрде бұзды. Сонымен қатар опричнина патшаның қолындағы қуатты әскери жазалау ұйымы болды. (Опричнина әскери жазалау ұйымы болды) . Опричнина әскерлерінің мекемесін құру үшін земщинаға 100 мың сом мелшеріндегі орасан зор салық салып, IV Иван жартылай монахтық, жартылай сарбаздық өзіндік сипаттағы орден құрды. Ол орден жер мен ақша түріндегі жалақыны аямай жұмсауы және оның патшаға сөзсіз бағынуы негізінде құрылған опричнина терроры бояр шонжарларын ғана емес сонымен қатар халық бұқарасының да қарсылығы күшпен басып отырудың әрекеті болатын. Опричина феодалдық бытыраңқылык, қалдықтарына да, халықтың антифеодалдық қозғалысына да қарсы бағытталды. Ол бір орталыққа бағынған самодержавиялық мемлекет формасындағы феодалдық құрылысты нығайтуды мақсат етті.

Көп ұзамай-ақ опричнинаға көптеген ірі-ірі феодалдар кірді. Өйткені олар өздерін құртып жіберуден ооы тәсілмен құтылғысы келді.

Опричнина Ливон соғысында жеңіп шығуына әсер ете алмады. 1569 жылы Люблин үндестігі бойынша Литва мен Польша, Речь Посполитая болып бір мемлекетке біріккеннен кейіи, Ресей жауларының күші артып жағдай қиындай түсті. 1572 жылы IV Иван опричнаны жойғаны былай тұрсын тіпті осы сөзді айтуға тиым салды. Бұл сөзді айтқан адамды өлім жазасына кесті. Земщина опричнаға бірігіп бір өкіметке бағынды.

1578 жылы орыс әскерлері бірқатар жеңіліске ұшырады. 1579 жылы Шведтер, Новгород жеріне басып кірді, ал Польшаның жаңа королі Стефан Баторий Полоцкіні, алып қойды. Ливон соғысындағы сәтсіздік Ресей экономикасына неғұрлым күшті жаумен болған күрес ұзақ уақыт болған соғыста төтеп бере алмағандықтан экономика нашарлады. Бұл сәтсіздік халықаралық оқиғалардың Ресей үшін қолайсыз дамуының, сондай-ақ күш қуатын опричнина ойсыратып кеткен Ресей мемлекетінің шиелініскен ішкі күресінің нәтижесі болды. Швециямем уақытша бітім жасалғаннан кейін бір жылдан соң 1584 жылы IV Иван қайтыс болды. Ресейдің Сібірге кіру мақсаты Европа державаларының мұхиттың арғы жағындағы елдерге еніп, ондағы қымбат бағалы байлықтарды тонауды мақсат етті. Сібір хандығы 1552 жылы Қазан қандығы жойылғаннан кейін Ресей мемлекетінің көршісі болды және Орта Азиялық хандарға қарсы күресте қамқоршы болуын өтінді. Бірақ, 1570 жылы Ресей мемлекетінің әлсіреуіне байланысты Сібір хандары орыстардың иелігіндегі жерлерге шабуыл жасай бастады. Олардың жолында Строганов-көпестерінің бекіністері бар болатын. Бұл кезде Строгамов қымбат бағалы аң терілерін сатып алу үшін Батыс Сібірге өз экспидицияларын жібере бастады. Ал 1574 жылы олар Ертісте бекініс салу үшін және Бұқараға сауда жолын ашуды қамтамасыз ету үшін Тобыл бойындағы жерлерге иелік етуге право берген патша грамотасын алған болатын. Бұл жорықтар Ермак Тимофеевичтің казактар дружинасының басшылығымен болды. Ермак Ертіске жетіп, осы кезде кескілескен шайқастан кейін Сібір хандығының астанасы Қашлықты алып, Көшім ханды қуып шықты. Екі жақ алма кезек жеңіп отырған бірнеше жылғы күрестен кейін Сібір хандығы біржола талқандалды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаһарлы Иванның билік еткен уақытындағы жарқын реформалары
Ресейдегі И. Грозный және Ұлы Петр
X ғасырлардағы Ежелгі Славяндар шаруашылығы
ПЕТРДІҢ РЕФОРМАЛАРЫ КЕЗІНДЕГІ РЕСЕЙДЕГІ ФАРМАЦИЯ
Софьяға таққа ұмтылмасқа
Ресей тарихы көне заманнан бүгінге дейін
Ежелгі және орта ғасырлардағы Русь (ІХ ғ.-ХҮІ ғ. басы)
XVII-XIX ғғ. аралығындағы Ресей империясы
Қосалқы тарихи пәндер пәнінен оқу-әдістемелік нұсқау
«Ресей және кеңес мемлекетінің тарихы» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz