«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы»


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

1. Негізгі бөлім

1. 1. Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» жаңа заңнамасы.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» жаңа заңнамасы

Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі 26 желтоқсан 2011 жылы қабылданып, 18 қаңтар 2012 жылдан бастап қолданысқа енгізілді. Қазақстан Республикасының 17. 12. 1998 жылғы «Неке және отбасы туралы» Заңының күші жойылды.

Кодекс 17 бөлім, 33 тарау, 283 баптан тұрады.

Жаңа Кодексте азаматтық хал актілерін тіркеу тәртібінде, тіркеу мерзімінде, тіркеуге ұсынылатын құжаттарда біршама жаңалықтар бар. Кодексте бірнеше жаңа ұғымдарға арнаулы түсініктер берілген. Ол ұғымдардың кейбіріне тоқталсақ - аккредиттеу - бұл Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының бала асырап алу жөніндегі агенттіктердің өз қызметін жүзеге асыру құқығын ресми тануы;

- бала асырап алу жөніндегі агенттіктер - өз мемлекетінің аумағында балаларды асырап алу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және осы Кодексте белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында осындай қызметті жүзеге асыру үшін аккредиттелген коммерциялық емес шетелдік ұйымдар;

- қиын өмір жағдайындағы бала - қалыптасқан жағдайлар салдарынан өмір тіршілігі бұзылған және осы мән-жайларды өз бетінше немесе отбасының көмегімен еңсере алмайтын бала;

-жекжаттық - ерлі-зайыптылардың бірінің екінші жұбайының жақын туыстарына қатысы.

- суррогат ана - суррогат ана болу шартына сәйкес тапсырыс берушілер үшін қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологиялар қолданылғаннан кейін құрсақ көтеретін және бала туатын әйел.

Керісінше, бұрын айтылып жүрген «азаматтық неке» ұғымы заңнамада мүлде кездеспейді, заң жүзінде танылмайды. Бұрынғы АХАЖ (азаматтық хал актілерін жазу) - ЗАГС (запись актов гражданского состояния) органдары жаңа Кодекске сәйкес АХАТ (азаматтық хал актілерін тіркеу) - РАГС (регистрация актов гражданского состояния) болып аталады.

Кодекстегі оң өзгерістердің бірі - бұрынғы «Неке және отбасы туралы» ҚР Заңында некеге тұрғысы келетіндер өзінің не жұбайының немесе ата-анасының тұрғылықты жері бойынша ғана өтініш бере алса, қазіргі

жағдайда отбасын құруды мақсат еткендер еліміздің кез-келген аумағында некеге отыра алады. Және қазақстандық азаматтар некелерін тіркетуге электрондық формада өтініш беру мүмкіндігіне ие болып отыр.

Бұрынғы Заңның

- ерлі-зайыптылардың бірі басқа некеде тұрса;

- жақын туыстар болса;

- бала асырап алушылар мен асырап алынған балалар арасында;

- сот шешімі арқылы психикалық ауруы бар, ақыл-есі кемдігі салдарынан әрекетке қабылетсіз деп танылған адамдар араларында неке қиылуға жол берілмейтін бабы, бір жынысты адамдардың және асырап алушылардың балалары мен асырап алынған балалардың арасында неке қиылмайтындығымен толықтырылған. Сондай-ақ, неке қию кезінде ерлі-зайыптылар өз тілектері бойынша өз тегіне екінші жұбайдың тегін қосып ала алады, қосылатын тек некеге дейінгі тегінен кейін сызықша арқылы жазылады. Неке қиюды мемлекеттік тіркеу кезінде тегі өзгерген жағдайда азамат 1 ай мерзімде жеке басын куәландыратын құжаттарды ауыстыруға міндетті.

Заңдағы назар аударатын ерекшеліктердің бірі - нәресте дүниеге келгенде оның тууын тіркеу үшін тек емдеу мекемесі берген туу туралы медициналық куәлік немесе туу фактісін анықтау туралы сот шешімі негіз болып табылады. Бұрынғы заң бойынша баланың дүниеге келуін екі куә растай алатын болса, қазір ана үйде босанған жағдайда, туу туралы медициналық анықтаманы анасының жеке басын куаландыратын құжаттарына сәйкес ол өтініш жасаған медициналық мекеменің қызметкері ресімдейді.

Туумен бірге қайтыс болуды тіркеуге де куәлардың айғағы бұдан былай негіз бола алмайды.

Кодекс бойынша туу туралы акт жазбасында баланың туған жері болып тууды мемлекеттік тіркеу кезінде қабылданған Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігінің атауына сәйкес баланың нақты туған жерінің атауы көрсетіледі. Мысалы, бала Астанада туса, тууы Ақтоғай ауданының ӘБ АХАЖ қызметінде тіркелсе - баланың туған жері болып - Астана қаласы жазылады.

Кодекстің 63 бабы бойынша балаға қосарланған ат беріледі, бірақ ол екі аттан аспауы керек, қосарланған ат сызықшасыз бөлек жазылады. Мысалы, Мырза Ахмет, Әбіл Мансұр, Ай Ару.

Балаға берілетін туу туралы куәлікте баланың ата-аналарының ұлты жазылатын болды. (Орайы келгенде айта кететін жайт, биылғы жылдың 01 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің 15. 12. 2009 жылғы №2121 қаулысымен бекітілген «Ресми құжаттарға апостиль қою», «Азаматтық хал актілерін тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес тууды тіркеуге және апостиль қоюға өтініштер Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы тапсырылуда)

Егер бұрынғы Заңда баланың ата-анасы бір-бірімен некеге тұрмаса тууды жазу кітабында баланың әкесінің тегі - анасының тегі бойынша жазылатын, жаңа Кодексте баланың әкесі туралы мәліметті анасының тілегі бойынша жазбауға да болады.

Сол сияқты, дәлелді себептермен адамның аты, әкесінің аты немесе тегі ауыстырылғанда, өзгерту жасалып отырған адамның өзіне қатысты жасалған туу туралы акт жазбасына ғана өзгеріс енгізіледі. Басқа жазбаларға өзгерістер енгізу жүргізілмейді. Атын, әкесінің атын, тегін өзгерту жүргізілгенін растау үшін өзгерісті тіркеген АХАЖ органы белгіленген үлгідегі атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы куәлік береді.

Кодексте қайтыс болуды тіркейтін бес күндік, жеті күндік мерзім алынып тасталды.

Заңнамада балалардың құқықтары кеңейтіліп, бала асырап алудың шарттарына елеулі өзгерістер енгізілген, мысалы, 92-бап бойынша, бала асырап алушының жасы 45-тен аспауы керек. Балаларды асырап алу бұдан былай асырап алу жөніндегі агенттіктер арқылы ғана жүзеге асырылады, бұл агенттіктер балалар құқықтарын қорғау саласындағы құзырлы органдардан аккредитациядан өтуі тиіс. Бала асырап алу алдымен баланың туыстарына, Қазақстан Республикасының азаматтарына, содан соң Қазақстан Республикасымен тең деңгейдегі халықаралық міндеттемелері бар елдің азаматтарына ғана рұқсат етіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Неке - отбасы қатынастарын құқықтық реттеу
Қазақстан респулаксының неке жане отбасы заңы
Қазақстан Республикасының неке туралы жалпы түсінік
Некені тоқтану мәселелері
Сот шешімін талдау
Қазақстан Республикасында сот және сот әділдігі
Неке, отбасы қатынастарының құқығы
Отбасылық құқықтық қатынастардың түсінігі мен түрлері
Ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынастың теориялық негіздері
Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша некеге тұруды құқықтық реттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz