Темперамент ұғымы



1 . Темперамент
2 Темперамент туралы жалпы ұғым
Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл-қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады. Темперамент – организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе жоғары нерв қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс. Темперамент
адамның жалпы қозғалысынан да (мәселен біреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, енді біреулер жай қимылдап, асықпай істейді), психиканың күші мен тереңдігінен де (мәселен, біреу өжет, алғыр болса, екінші біреу керісінше, сылбыр, өнегесіз болады), адамның көңіл-күйінің ерекшелектерінен де (салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз, т.б.) эмоция сезімдерінен де (біреу сабырлы, екінші біреу күйгелек т.б.) жақсы байқалып отырады. Темперамент туралы алғашқы ой-пікірлер ғылымда өте ерте кездің өзінде-ақ айтыла бастады. Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гиппократтың (б.э.д. 460-356) еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған. Гиппократтың ойынша, түрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесінде төрт түрлі сұйық заттарға байланысты болмақ. Олар: денені жылытып тұратын-қан, салқындататын -шырын, құрғататын-бауырдағы сары өт және оған дымқылдық беретін қара өт. Осы төрт түрлі сұйықтың араласуының пропорциясын грекше “красис” деп атаған. Ал латын тілінде кейін бұл терминді темпераментум деп атап кеткен.
Сөйтіп, Гиппократ және оның шәкірттері адамдағы темперамент-тердің әр түрлігі организмдегі осы төрт түрлі сұйық заттың бір-бірінен аз-көптігіне байланысты деп түсінген. Мәселен, организмде қанның пропорциясы артық болса, ол сангвиникалық (латынша “сангинус” – қан), ал шырын басым болса (грекше “флегма” -шырын), флегматик темперамент деп; ал организмде қара өт басым болса меланхолик (грекше “мелай-холе” – қара өт), организмде сары өт басым болса, холерик ( холе-өт) темпераменті деп аталған.
Гиппократ организмдегі сұйықтардың бірінен екіншісінің басым болуы кейбір аурулардың шығу тарихын түсіндіруге де жарайды дейді, ол мидың ролін түсіне білдіуоны бездердің бірі деп санады. Бұл -адамның жеке ерекшеліктерін жаралыстық ғылыми зерттеудің алғашқы қадамы еді.
Рим дәрігері Гален (129-199) темпераменттің санын он үшке жеткізді. Гален организмде жылылық неғұрлым басым болса, адамның темпераменті күшті болатынын, денесі салқын болса, темпераменті баяулайтынын айтты. Бұл секілді түсініктердің прогрессивтік маңызы зор. Өйткені адамның тәнін зерттеу, тәжірбиеге көңіл аудара бастау – сол кезде кең жайылған, жан тәнге байланыссыз нәрсе дейтін теріс пікірге берілген үлкен соққы еді.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Темперамент
Декабрь 21, 2011 · Психология
Темперамент. Темперамент туралы жалпы ұғым: Темперамент- нерв жүйесінің
тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі.

Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл-қозғалысынан, жалпы
белсенділігінен жақсы байқалады. Темперамент – организмнің физиологиялық
өзгешеліктерімен, әсіресе жоғары нерв қызметінің тума қасиеттерімен шарттас
психикалық құбылыс. Темперамент
адамның жалпы қозғалысынан да (мәселен біреулер шапшаң қозғалады, тез
қимылдайды, енді біреулер жай қимылдап, асықпай істейді), психиканың күші
мен тереңдігінен де (мәселен, біреу өжет, алғыр болса, екінші біреу
керісінше, сылбыр, өнегесіз болады), адамның көңіл-күйінің ерекшелектерінен
де (салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз, т.б.) эмоция сезімдерінен де (біреу
сабырлы, екінші біреу күйгелек т.б.) жақсы байқалып отырады. Темперамент
туралы алғашқы ой-пікірлер ғылымда өте ерте кездің өзінде-ақ айтыла
бастады. Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гиппократтың (б.э.д. 460-
356) еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған. Гиппократтың ойынша,
түрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесінде төрт түрлі сұйық
заттарға байланысты болмақ. Олар: денені жылытып тұратын-қан, салқындататын
-шырын, құрғататын-бауырдағы сары өт және оған дымқылдық беретін қара өт.
Осы төрт түрлі сұйықтың араласуының пропорциясын грекше “красис” деп
атаған. Ал латын тілінде кейін бұл терминді темпераментум деп атап кеткен.

Сөйтіп, Гиппократ және оның шәкірттері адамдағы темперамент-тердің әр
түрлігі организмдегі осы төрт түрлі сұйық заттың бір-бірінен аз-көптігіне
байланысты деп түсінген. Мәселен, организмде қанның пропорциясы артық
болса, ол сангвиникалық (латынша “сангинус” – қан), ал шырын басым болса
(грекше “флегма” -шырын), флегматик темперамент деп; ал организмде қара өт
басым болса меланхолик (грекше “мелай-холе” – қара өт), организмде сары өт
басым болса, холерик ( холе-өт) темпераменті деп аталған.

Гиппократ организмдегі сұйықтардың бірінен екіншісінің басым болуы кейбір
аурулардың шығу тарихын түсіндіруге де жарайды дейді, ол мидың ролін түсіне
білдіуоны бездердің бірі деп санады. Бұл -адамның жеке ерекшеліктерін
жаралыстық ғылыми зерттеудің алғашқы қадамы еді.

Рим дәрігері Гален (129-199) темпераменттің санын он үшке жеткізді. Гален
организмде жылылық неғұрлым басым болса, адамның темпераменті күшті
болатынын, денесі салқын болса, темпераменті баяулайтынын айтты. Бұл
секілді түсініктердің прогрессивтік маңызы зор. Өйткені адамның тәнін
зерттеу, тәжірбиеге көңіл аудара бастау – сол кезде кең жайылған, жан тәнге
байланыссыз нәрсе дейтін теріс пікірге берілген үлкен соққы еді.

Орта ғасырдағы ғалымдар темпераменті организмдегі химиялық заттардың
құрамына байланысты түсіндіруге тырысты. Кейіннен темперамент организмнің
түрліше физиологиялық өзгешеліктеріне, атап айтқанда қан жолы жүйесінің
құрлысына, зат алмасуға, ішкі секреция бездеріне т.б. байланысты деген
пікірлер де тарады. Неміс философы И. Кант (1724-1804) өзінің
“Антропология” деген еңбегінде темпераментін төрт түрі туралы толық
психологиялық сипаттама берді. Бірақ ол темперамент пен мінез ұғымдарын бір-
біріне балама ретінде (бұлай деп ұғыну қате) қарастырды.

Темперамент туралы ілімдер XIX ғасырдың аяқ кезінде де кең өріс алды.
Мәселен, неміс анатомы Гейне темпераментердің түрліше болуы нерв жүйесінің
тонусына байланысты десе, орыс антропологы Зеланд Н.Л. (1833-1902) ми
қабықтасындағы молекулярлық қозғалыстың жылдамдығы мен бір-гелкілігіне
байланысты деді.

Көрнекі орыс педагогы П.Ф. Лесгафт (1837-1909) темпераменттерді қан
сауыттарының жуандығы мен кеңдігіне байланысты деп тұжырымдады.

Темпераменттердің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәйекті етіп
түсіндірген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке тұлға мінезі мен темпераменті
Тұлғаның даралық психологиялық ерекшеліктері
Индивидуалды айырмашылық психологиясы
Оқушы темпераменті түрлері және онымен санасу
Темперамент және жеке тұлға
Темпераментпен байланысты жүйке жүйесінің үшінші қасиеті - жүйке процестерінің қозғалғыштығы
Индивид ­биологиялық түр өкілі, жеке тірі пенде
Қабілет анықтамасы
Психикалық құбылыстарды жіктеу
Мотивацияның психологиялық теорияларына шолу
Пәндер