Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен байланысы


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе

1. Әлеуметтанудың объектісі және пәні

2. Әлеуметтанудың құрылымы және атқаратын қызметі (функциясы)

3. Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдармен байланысы.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Жоспарға сәйкес тақырыптың бірінші сұрауына жауап беру үшін біз әлеуметтану деген не, ол нені зерттейді, онын объектісі мен пәнін бір-бірінен ажыратып, шатастырмауымыз керек. Әлеуметтану ұғымын XIX ғасырдың ортасында атақты француз әлеуметтанушысы Огюст Конт енгізді. Оның алғашқы мазмұны қоғамтану болатын. Тек қана кейінен, әлеуметтану пәнінің осы ғасыр ішінде бірнеше рет ауысуына байланысты ол өзінің дұрыс, дәл атын тапты. Ендігі жерде біз әлеуметтанудың объектісі мен пәнінің орындарын бір-бірімен алмастырып алудан сақ болуымыз керек. Бұл екі мәселе бір-бірімен тығыз байланысты болғанымен, олардың айырмашылығы бар. Әлеуметтану да басқа ғылымдар сияқты, ең алдымен таным функциясын атқарады. Әлеуметтану қандай да бір деңгейде болмасын, ол әр уақытта жаңа білімнің, көкжисгін кеңейтіп, оның деңгейі мен дәрежесін өсіріп отырады, қоғамның әлеуметтік даму заңдылықтарын, болашағын айтып береді. Әрине, бұл бағытта іргелі және қолданбалы эмпирикалық зерттеу теориялары, тұжырымдамалары оған барынша қызмет етеді. Тарих сияқты, әлеуметтану да екі негізгі мәселемен ұштасады, біріншіден, белгілі әлеуметтік заңдылықтардың болуымен, және, екіншіден, қоғам дамуына ықпал ететін, жеке, дара, қайталанбас құбылыстар мен үрдістердің дамуымен. Құндылықтар мен нормалардың, қатынастардың субъективті-объективті байланыс эволюциясын айқындауға, тек тарих пен әлеуметтанудың бірлескен күші нәтижиесінде ғана жетуі мүмкін.

1. Әлеуметтанудың объектісі және пәні

"'Әлеуметтану" ұғымы латын тілінің "sосіеtаs" қоғам және гректің logos - ілім, ұғым деген сөзінен шығады. Социология, яғни әлеуметтану коғамның пайда болуының, ондағы әлеуметтік байланыс, қатынастардың, алуан түрлі әлеуметтік адам бірліктерінің, үйым, мекемелердің, институттардың, құбылыстардың, процестердің дамуының жалпы зандылыктарын зерттейтін ғылым. Әлеуметтану ұғымын XIX ғасырдың ортасында атақты француз әлеуметтанушысы Огюст Конт еңгізді. Оның алғашқы мазмұны қоғамтану болатын. Тек қана кейінен, әлеуметтану пәнінің осы ғасыр ішінде бірнеше рет ауысуына байланысты ол өзінің дұрыс, дәл атын тапты. Ендігі жерде біз әлеуметтанудың объектісі мен пәнінің орындарын бір-бірімен алмастырып алудан сақ болуымыз керек. Бұл екі мәселе бір-бірімен тығыз байланысты болғанымен, олардың айырмашылығы бар.

Объект дегеніміз - бізді қоршап тұрған объективтік нақтылы өмір. Ол қоғам, адамдар, оның алуан түрлі бірлестері (отбасы, топ, тап, әлеуметтік мекемелер, институттар), тіпті адамның өзі, оның барлық іс-әрекеті, қызметі, санасы, тәртібі, т. б. Бұлар зерттелетін объекті болғаннан кейін субъектіден тәуелсіз, тыс өмір сүреді. Оларды адам өзінің теориялық немесе практикалық мәселелерін шешу арқылы алға қойған мақсатына жету үшін пайдаланады. Осыдан әлеуметтанудың пәні шығады. Әрбір ғылымның пәні зерттеушінің қалауы мен таңдауының негізінде алынған кез келген қоғамдағы құбылыс. Процес немесе көкей кесті мәселенің артықшылығын, қасиеттерін, сапасын логикалық түрғыдан жан-жақты талдау негізінде адамдардың немесе әлеуметтік ұйымдардың бірігіпұйымдасып еңбек етуін, қызмет атқаруын, жұмыс істеуін, жалпы материалдық, рухани іс-әрекеттердің, олардың арасындағы алуан түрлі қатынастардың бір-біріне әрекетін, түрлерін жан-жақты терең танып, білуді әлеуметтанудың пәні деп айтады. Бұл зерттеулердің басты мақсаты - объект, құбылыс, процес және мәселелер арасындағы басты, қажетті, тұрақты, қайталанатын, мәнді, маңызды байланыс, қатынастарды логикалык тұрғыдан зерттеу. Бұл байланыс - қатынастардың сапалық жағынан өзгешелігін көрсету. Әлеуметтану пәнінің байланыс, қатынастар жиынтығы "'әлеуметтік" қоғамның біртұтас жүйесін құрайтын нақтылы ұғымдарға кіреді. Олар әрбір объектіде, құбылыста, процесте ерекше ұйымдастырылған белгілі бір әлеуметтік жүйс ретінде болады. Ал, әлеуметтану пәнінің қалыптасуы объектінің қасиеті мен зерттеушінің алдына қойған мәселслсрінің мақсаты мен сипатына, оның ғылыми білімінің деңгейіне және өз дүние - танымында қолданатын құрал - тәсілдеріне байланысты. Зерттеу пәні әр уақытта зерттеу объектісін қажет етеді, бірақ, оған кірмейді, онымен тең емес, өйткені бір ғана әлеуметтік объект өмірдің алуан түрлі мәселелерін шешу үшін зерттелуі мүмкін. Осыған орай әлеуметтанудың пәні зерттелетін объектінің шекара-сын белгілейді. Сондықтан әлеуметтану пәнінің басты міндеті - әлеуметтік жүйелерді типологизациялау (яғни, ортақ белгілеріне қарай жіктеу, топтау - А. И) .

Бұл мәселе жөнінде әзірше әлеуметтанушылардың арасында белгілі бір ортақ пікір әлі қалыптаспаған. Әлеуметтанудың құрылымына, оның таным, білім деңгейлеріне анықтама беру үшін алдымен "құрылым", "деңгей" деген ұғымдарға анықтама берген жөн. Құрылым дегеніміз - біртұтас әлеуметтік құбылыстар мен процестердің элементтері мен бөліктерінің іштей өзара орналасуын айтамыз. Қандай да бір ғылым болмасын, оның белгілі бір құрылымы болады. Бүл құрылым сол ғылымның қоғамда алдына қойған міндеті мен атқаратын қызметіне байланысты анықталады. Әлеуметтану ғылымы да осындай. Оның құрылымы екі үлкен жағдаймен түсіндіріледі:

Біріншіден, әлеуметтану әлеуметтік өмірді. бейнелеу, түсіндіру, ұғындыру білімдерін қалыптастырып, әлеуметтік зерттеу теориясын, әдістемесін, әдісін, талдау тәсілін жасап, қоғамның даму мәселелерін шешеді. Әлеуметтік өмір туралы әр түрлі деңгейде теориялық корытындылар жасалады.

Екіншіден, әлеуметтану қоғамдық және әлеуметтік құбылыстар мен үдерістерді өзгерту, қайта кұру үшін оларға жоспарлы, әрі тиімді жолдар, құралдар арқылы ықпал етіп әлеуметтік мәселелерді талдап зерттейді. Бұл әлеуметтанудың қолданбалы саласын құрайды.

Сонымен, әлеуметтанудың теориялық және қолданбалы салаларының айырмашылығы олардың зерттейтін объектісі мен зерттеу әдісі арқылы емес, жалпы әлеуметтанудың алдына қойған мақсаты мен міндеті арқылы ғылыми немесе практикалық мәселелерді шешуіне байланысты ажыратылады.

Теориялық немесе фундаменталды әлеуметтану барлық коғамдык, гуманитарлық ғылымдардың ілгері дамуына жол ашады. Ол әлеуметтік зерттеулер арқылы зерттелетін құбылыс пен үдерістер туралы білімнің оның әрі дамуын, жетілуін мақсат етеді. Қолданбалы зерттеулер нақтылы әлеуметтік зерттеулер арқылы теориялық негізгі мәселелерді нақтылап шешуге тырысады. Бұлардың негізінде бағалы, құнды кеңес, нұсқаулар, ұсыныстар, болжаулар жасалады.

Әлеуметтік білім - теория мен практиканың бірлігінде қалыптасады. Теориялық зерттеулер әлеуметтік болмысты, өмірді жалпы және арнаулы бағыттардың деңгейінде түсіндіріп, оның дамуын және қандай қызмет атқаратынын анықтайды. Оның одан әрі даму заңдарының бағытын, көрінісін белгілеп отырады. Ал, эмпирикалық (яғни, практикалық, тәжірибелік) әлеуметтік зерттеулер нақтылы құбылыстар мен процестер туралы жаңа мағлұмат, хабарларды алумен байланысты. Ал, бүл мағлұмат, хабарлар статистикалық талдау, нақты әлеуметтік әдістерді (яғни, сауалнама, сұрыптау, бақылау, құжаттарды талдау, сараптау, үлгілеу, тестілеу, т. б. ) қолдану арқылы іске асырылады. Ал, теориялық зерттеулер абстрактілі философиялық әдістерді (яғни, талдау мен синтез, логикалық пен тарихи, индукция жәме дедукция, абстрактыліден нақтылыққа шығу, т. б. ) арқылы іске асырылады.

Теориялық білім - жан-жақты, әмбебапты, ал, эмпирикалық - ақиқатты, шындықты, белгілеуші білім. Теориялык. білім эмпирикалық білімнің негізіне сүйенеді, ал, эмпирикалық ғылым теориялық білімнен біршама басым болғанымен, ғылымның жоғары даму деңгейін көрсете алмайды. Ғылымның дамуы әр уақытта теориялық білім деңгейінің эмпирикалық білім деңгейінен басым болуын қажет етеді.

Теориялық және қолданбалы әлеуметтану нақтылы әлеуметтік зерттеулерге сүйене отырып, бір-біріне қарсы тұрмайды, олар әр уақытта бірлікте болып, бір-бірінің одан әрі дамуына әсер етеді.

Теориялық әлеуметтану - ол алуан түрлі теория мен тұлсырымдардың жиынтығы. Бұлар қоғамның әлеуметтік дамуын тұжырымдап, оларға терең, жан-жақты түсінік береді.

2. Әлеуметтанудың құрылымы және атқаратын қызметі (функциясы)

Әлеуметтанудың қоғам өмірімен тығьп, жан-жақты байланысы, қатынасы оньң атқаратын қызметінен айкын көрінеді. Әлеуметтану да басқа ғылымдар сияқты, ең алдымен таным функциясын атқарады. Әлеуметтану қандай да бір деңгейде болмасын, ол әр уақытта жаңа білімнің, көкжисгін кеңейтіп, оның деңгейі мен дәрежесін өсіріп отырады, қоғамның әлеуметтік даму заңдылықтарын, болашагын айтып береді. Әрине, бұл бағытта іргелі және қолданбалы эмпирикалық зерттеу теориялары, тұжырымдамалары оған барынша қызмет етеді.

Әлеуметтанудың атқаратын қызметінің бір ерекшелігі мұнда тұжыръш мен іс әр уақытта бірліктс болады. Осыдан барып әлеуметтік теория мен тұжырымдамалар көбіне тәжірибелік мәселелерді шешуге бағытталады. Бұл тұргыдан қарағанда әлеуметтанудың тәжірибелік қызметі алдыңғы; қатарға шығып, атқарылатын қызметтің басқа жаңа түрлер белгіленеді. Нақтылы әлеуметтік құбылыстар мен үдерістердің үстінен әлеуметтік бақылауды күшейтуде жаңа ақпараттардың маңызы зор. Ол болмаса әлеуметтік қысым, әлеуметтік дағдарыс және катаклизмдер көбейіп кетуі мүмкін. Көптеген елдерде атқарушы мекемелер мен билік өкілдері, саяси партиялар және алуан түрлі бірліктер өздерінің мақсаты саясаттарын жүргізуде әлеуметтанудың барлық мүмкіншіліктерін пайдаланып отырады. Бұл тұрғыдан алғанда әлеуметтану әлеуметтік бақылау функциясын атқарады. Әлеуметтанудың тәжірибелік бағыты - оның әлеуметтік құбылыстар мен процестердің болашақ дамуының бағытын анықтауында. Бұл жерде біз әлеуметтанудың болжайтын қызметін байқаймыз. Еліміздің жаңа, нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты болуы мүмкін кері құбылыстар мен апаттардың болашаққа болжам жасап отыру арқылы ғана алдын алуға болады. Мысалы, мынандай мәселелердіболжап шешуде оның маңызы зор, атап айтқанда, жаңа нарықтық қатынастардың еңбекші бұқара халыққа беретін мүмкіншілігінің ауқымы қандай? Әлеуметтік құбылыс пен процестердің дамуындағы оның баламалы түрлері қандай? Баламалы құбылыс пен процестердің оң және теріс жақтарының тиімділік және тиімсіздік арасалмағы мен арақа-тыпастары қандай? т. б. Әлеуметтану қоғамның қай саласында болмасын (экономика, саяси, рухани, т. б. ), әлвуметтік даму жоспарын жасау қызметінатқарады. Ал, аймақтық, аудандық, тіпті еңбек ұжымдарының әлеуметтік жоспарларын жасағанда, ол әлеуметтік зерттеуден алынған жаңа деректерді, фактілерді, кеңес-ұсыныстарды, т. б. кеңінен пайдаланады. Әлеуметтану қоғамда идеологиялық функцияныда атқарады. Нақты әлеуметтік зерттеуден алынған нәтижелер қоғамдағы белгілі бір жік немесе топтардың талап-тілегіне, мұң-мұқтажын шешуге, сөйтіп, олардың белгілі бір әлеуметтік мақсатка жеткізу, сендіру үшін пайдаланылады. Әлеуметтану адамдардың арасындағы қарым-қатынастарды, байланыстарды одан әрі жетілдіріп, олардың сана-сезімдерін, мінез-құлықтарын, тәртібін жақсартады. Сөйтіп ол қоғамдық қатынастарды жетілдіріп, гуманистік (адамгер-шілік) фупкцияны да атқарады.

3. Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдармен байланысы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтану пәнінің институционалдануы, негізгі категориялары
Әлеуметтанудың құрылымы мен қызметі
Әлеуметтану туралы түсінік оның ғылыми маңызы
Социология ғылым ретінде
Әлеуметтану ғылымының объектісі, оның пәні және әдістері
Әлеуметтанудың атқаратын қызметі
Социология ғылымы туралы жалпы түсінік беру
Әлеуметтік ұғым
Әлеуметтану ғылымы жайлы
Әлеуметтану және әлеуметтік философия
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz