Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша конкурсқа баяндамалар



1. Сүт өнімдеріне байланысты қазақтың ұлттық тағамдар атауларының этнолингвистикалық сипаты
2. Ым, ишараттар жүйесі: балалар мен ересектер ишараттарының қолданылуы
3. Мақал.мәтелдердің мағыналық.құрылымдық топтары
4. Ғылыми зерттеуді қолдану туралы құжаттар жиынтығы (ия, жоқ): жоқ
Лингвистикалық сөздіктерде паралингвистикаға беріліп жүрген анықтамалар бірізді, бір-біріне ұқсас болып келеді. Г.В. Колшанский паралингвистика туралы: “Под парадвижения, сопровождающие речевое высказывание и несущие к его содержанию дополнительную информацию лингвистическими явлениями понимаются свойства звуковой фонаций, а так же мимика, жесты и другие выразительные движения, сопровождающие речевое высказывание и несущие к его содержанию дополнительную информацию”, – дейді [1, с. 33].
Ал кинесика дене қимылдарының семиотикасын зерттеп, тексеретін пән десек, онда бейвербалды емес дене қимылдары осы атаудың аясында қарастырылған болар еді.
Кинесика да, паратілдік құралдар да, бұлар табиғи тілдік элементтер қатарына жатпайды. Бірақ, қалай болғанда да, бұлардың бәрі сөйленіс кезінде іске қосылатын сөйленістің көмекші амалдары.
Көмекші амалдар екіншілік деңгейлі коммуникативтік жүйені құрайды. Бірақ олар шығу тегіне қарамастан тіл арқылы түсіндіріледі, тілдік жүйе оларды керегіне жаратады, тіл оларды жарыққа шығарады, сөйтіп барып тіл оларды декодтайды, мән-мағынасын ашып береді, түсіндіреді, түсінісуге мүмкіндік туғызады.
Дегенмен де, ым мен ишараттардың бәрі бірдей, бірқалыпты, біртекті емес, олар бір-бірінен функциясы, қолданыс аясы, білдіретін мағынасы, контексті қажетсінуі немесе қажетсінбеуі жағынан, стиль түрлерінде жиі кездесуіне қарай және әлеуметтік топтардың қолданысына қарай ерекшеленеді.
1 Колшанский Г.В. Паралингвистика. – М.: Наука, 1974. – 81 с.
2 Крейдлин Г.Е. Невербальная семиотика: Язык тела и естественный язык. – М.: Новое литературное обозрение, 2002. – 592 с.
3 Бейсембаева С.Б. Невербальные компоненты коммуникации в казахском языке: Дис. канд. филол. наук: 10.02.02. – Алматы: КазНУ, 2003. – 119 с.
4 Нұрсұлтанқызы Ж. О. Бөкеев шығармаларындағы бейвербалды амалдар: Филол. ғыл. канд. дис.: 10.02.02. – Алматы, 2004. – 140 б.
5 Ешимов М.П. Ым семантикасы: универсалды және ұлттық табиғаты: Филол. ғыл. канд. дис.: 10.02.02. – Алматы, 2004. – 127 б.
6 Момынова Б. Лидерлер имиджін қалыптастырудағы бейвербалды элементтер мен бағалауыштық лексиканың рөлі // Тілтаным. – 2003. – №1. – 14-20 бб.
7 Николаева Т.М. Интерференция языковых и неязыковых коммуникативных средств в человеческом общении. – М.: Высшая школа, 1973. – 79 с.
8 Галичев А.И. Кинесический и проксемический компоненты речевого общения. – М.: Наука, 1987. – 122 с.
9 Қобыланова А. Қазақ сөз этикеті. – Алматы: Жоғары Аттестациялық Комиссияның баспа орталығы. – 2001. – 119 б.
10 Галичев А.И. Кинесический и проксемический компоненты речевого общения. – М.: Наука, 1987. – 246 с.
11 Хайдеметс М. Пространственный фактор в межличностных отношениях // Человек, среда, пространство. – Тарту: Изд. Тартусского унив., 1979. – С. 120-135.
12 Бгажноков Б.Х. Очерки этнографии адыгов. – Нальчик: Эльбрус, 1983. – 229 с.
13 Татубаев С.С. Жесты как компоненты искусства. – Алматы: Наука, 1979. – 109 с.
14 Галичев А.И. Кинесический и проксемический компоненты речевого общения. – М.: Наука, 1987. – 122 с.
15 Сатенова С. Қазақ тіліндегі қос тағанды фразеологизмдердің тілдік және поэтикалық табиғаты: Филол. ғыл. д-ры дис.: 10.02.02. – Алматы: А. Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты, 1997. – 260 б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Тақырыбы:
Сүт өнімдеріне байланысты қазақтың ұлттық тағамдар атауларының
этнолингвистикалық сипаты

Баяндамашы:

Ғылыми жетекшісі:

Орындаған:
Тобы:

Түркістан 2012
2 қосымша

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша конкурсқа баяндамалары
ұсынылған автор мен ғылыми жетекшісі туралы

МАҒЛҰМАТ

АВТОР

1.Тегі: Аманбай
2.Аты: Айдын
3.Әкесінің аты: Мұқтарқызы
4.Курсы: 2-курс
5.Мекен-жайы: ОҚО, Түркістан ауданы,Құмтүйін ауылы,
П. Рақымжанов көшесі № 1

ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШI:

1. Тегi: Молдашева
2. Аты: Ақзия
3. Әкесiнiң аты: Абсаламқызы
4. Қызметі: аға оқытушы
5. Мекен-жайы Түркiстан қаласы, Жангельдин № 189

Ғылым және халықаралық қатынастар
ісі жөніндегі вице-президент, профессор: Т. Раимбердиев

Жұмыс авторы:
Аманбай Айдын

Ғылыми жетекшi:
Аға оқытушы, ф.ғ.к. А.Молдашева

Аманбай Айдын " Сүт өнімдеріне байланысты қазақтың ұлттық тағамдар
атауларының этнолингвистикалық сипаты " атты ғылыми жұмысына

СЫН-ПIКIР
Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының 2-курс
студенті А. Айдынның "Сүт өнімдеріне байланысты қазақтың ұлттық тағамдар
атауларының этнолингвистикалық сипаты " тақырыбында жазылған баяндамасы
ғылыми ізденіспен жазылған еңбек деуге болады. Тіл білімінде стилистикалық
қате түрлері мәселесі көптен зерттеу нысанына айналған. Қазақ тіл білімінде
соңғы уақытта біршама зерттеле бастады. Студент ғылыми әдебиеттерді
тиімді пайдаланып, саралап, өз бетінше ізденіс жасап, өзінше ой түюге
талаптанған. Көп еңбектенгендігі ғылымға бейімділігі байқалады. А.Айдын
ғылыми жұмысын талап деңгейінде орындап шыққан деп ойлаймын. Респубикалық
ғылыми конкурсқа ұсынуға әбден болады деп есептеймін.

Рецензент:
Қазақ тілі кафедрасының
аға оқытушысы, п.ғ.к.: З.
Жұматаева

Аманбай Айдынның " Сүт өнімдеріне байланысты қазақтың ұлттық тағамдар
атауларының этнолингвистикалық сипаты " атты ғылыми жұмысына
ғылыми жетекшi пiкiрi

2-курс студенті Аманбай Айдын студенттердің университетішілік ХХ ғылыми-
теориялық конференциясында баяндама жасап, ынталандырумен марапатталды.
Стилистикалық қате белгілі бір сөйлеу жағдайына сай келмейтін,
стилистикалық нормадан ауытқу салдарынан болатын қатенің түрі. Осы
тұрғыдан зерттеу жүргізу бүгінде өзекті мәселелер қатарынан көрінуде.
Студент П. Ақжігітова тілдегі лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық
бірліктердің жазба тілде орнымен қолдану жолдарын, тілде кездесетін
стилистикалық қателерді болдырмау жолдарын жүйелі түрде көрсете алған.
Ғылыми әдебиеттерге талдау жасап, негізгі тұжырымға жете алған.
Қорыта айтқанда, П. Ақжігітованың зерттеу жұмысы ғылыми талапқа сай
жазылған. Көп еңбектенгені байқалады.

Ғылыми жетекші:
Қазақ тілі кафедрасының
аға оқытушы оқытушысы, ф.ғ.к. С. Мағжан

1-қосымша
Ғылыми жұмыс туралы аннотация

1. Аты: " Сүт өнімдеріне байланысты қазақтың ұлттық тағамдар атауларының
этнолингвистикалық сипаты "
2. Ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекеттік рубрикаторы: филология
3. ЖОО: Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
4. Жұмыстың аяқталған уақыты: 06122012 ж.
5. Жұмыстың көлемі: 22 бет
6. Қосымша саны:
7. Иллюстрация саны: 4
8. Кесте саны:
9. Пайдаланған әдебиеттер: 34

Жұмыстың сипаттамасы:
1. Сүт өнімдеріне байланысты қазақтың ұлттық тағамдар атауларының
этнолингвистикалық сипатын анықтап зерттеу
2. Зерттеуде пайдаланылған әдістер: салыстыру, талдау, жүйелеу әдістері,
3. Ғылыми зерттеудің негізгі нәтижелері (ғылыми, тәжірибелік): ғылыми
4. Ғылыми зерттеуді қолдану туралы құжаттар жиынтығы (ия, жоқ): жоқ

Автор қолтаңбасы:

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Филология факультеті
Қазақ тілі кафедрасы

Тақырыбы: Ым, ишараттар жүйесі: балалар мен ересектер ишараттарының
қолданылуы

Баяндамашы: Н. Ибрагимова

Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., аға оқытушы С. Мағжан

Орындаған: Н. Ибрагимова
Тобы:
ФҚӘ- 611

Түркістан 2009
2 қосымша

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша конкурсқа баяндамалары
ұсынылған автор мен ғылыми жетекшісі туралы

МАҒЛҰМАТ

АВТОР

1.Тегі: Ибрагимова
2.Аты: Наргиза
3.Әкесінің аты: Фахриддинқызы
4.Курсы: 3-курс
5.Мекен-жайы: Түркістан қаласы, Бірлік ауылы

ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШI:

1. Тегi: Мағжан
2. Аты: Сәуле
3. Әкесiнiң аты: Мағжанқызы
4. Қызметі: аға оқытушы
5. Мекен-жайы Түркiстан қаласы, Гауһар ана № 44

Ғылым және халықаралық қатынастар
ісі жөніндегі вице-президент, профессор: Т. Раимбердиев

Жұмыс авторы:
Н. Ибрагимова

Ғылыми жетекшi:
аға оқытушы, ф.ғ.к. С. Мағжан

1-қосымша
Ғылыми жұмыс туралы аннотация

1. Аты: "Ым, ишараттар жүйесі: балалар мен ересектер ишараттарының
қолданылуы"
2. Ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекеттік рубрикаторы: филология
3. ЖОО: Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
4. Жұмыстың аяқталған уақыты: 10022008 ж.
5. Жұмыстың көлемі: 28 бет
6. Қосымша саны:
7. Иллюстрация саны:
8. Кесте саны: 1
9. Пайдаланған әдебиеттер: 15

Жұмыстың сипаттамасы:
1. Қазақ тіліндегі бейвербалды амалдарды ересектер мен балалар арасында
қолданылуы
2. Зерттеуде пайдаланылған әдістер: салыстыру, салғастыру әдістері
3. Ғылыми зерттеудің негізгі нәтижелері (ғылыми, тәжірибелік): ғылыми
4. Ғылыми зерттеуді қолдану туралы құжаттар жиынтығы (ия, жоқ): жоқ

Автор қолтаңбасы:

Ибрагимова Наргизаның "Ым, ишараттар жүйесі: балалар мен ересектер
ишараттарының қолданылуы" атты ғылыми жұмысына
сын-пiкiр

Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3-курс студенті Н.
Ибрагимованың Ым, ишараттар жүйесі: балалар мен ересектер ишараттарының
қолданылуы тақырыбында жазылған баяндамасы қазіргі ғылымдағы әлі де
зерттеуді талап ететін өзекті мәселелерді талқылауға арналған деуге әбден
болады. Паралингвистиканың негізгі бірліктері, бейвербалды амалдардың
негізгі түрлері жайлы біршама зерттеулер берген. Студент Н. Ибрагимованың
барысы оның ғылыми тұрғыдан тиімді әдістерді пайдалана отырып, көп ізденіс
жасағандығын, белгілі бір қорытындыға келгендігін көрсетеді. Жұмыс жазуда
ғылыми ғылыми тұжырым жасауға бейімділігі байқалады.
Н. Ибрагимованың ғылыми жұмысын толық аяқталған деп санап,
республикалық ғылыми конкурсқа ұсынуға болады деп есептеймін.

Рецензент:
Қазақ тілі кафедрасының доц.қ.а.: Ш. Қарсыбекова

Ибрагимова Наргизаның "Ым, ишараттар жүйесі: балалар мен ересектер
ишараттарының қолданылуы" атты ғылыми жұмысына
ғылыми жетекшi пiкiрi

3-курс студентi Н. Ибрагимова студенттердің университетішілік ХҮІІ
ғылыми-теориялық конференциясында баяндама жасап, жүлделі орындардың
біріне ие болды.
Нақты бір лексикалық мағынасы болатын ым мен ишараттар тіл-тілдің қай-
қайсысында болмасын кезедеседі. Ым мен ишараттардың функциясы, қолданылу
аясы, білдіретін мағынасы әртүрлі болатындығымен қоса, оларды әлеуметтік
топтардың қолданысына қарай топтастыру мәселесі ғылымда әлі өзекті болып
отыр. Н. Ибрагимова ересектер мен балалар арасында ым мен ишараттың
қолданылу дәрежесін анықтау мақсатында сауалнама жүргізу әдісін пайдалана
отырып, белгілі бір нәтижелерге қол жеткізген. Бейвербалды амалдардың
қолданыс жиілігін коммуниканттардың жас ерекшеліктеріне қарай анықтай
алған. Ғылыми жүргізу барысында ізденімпаздығы байқалады. Әдебиеттерге
талдау жасап, ғылыми дәлелдемелер жасауға ұмтылған.
Қорыта айтқанда, Н. Ибрагимованың зерттеу жұмысы ғылыми талаптарға сай
жазылған. Мазмұнды ой жеткізе алған деп есептеймін.

Ғылыми жетекші:
Қазақ тілі кафедрасының
аға оқытушысы, ф.ғ.к. С.
Мағжан
Ым, ишараттар жүйесі: балалар мен ересектер ишараттарының қолданылуы

Лингвистикалық сөздіктерде паралингвистикаға беріліп жүрген анықтамалар
бірізді, бір-біріне ұқсас болып келеді. Г.В. Колшанский паралингвистика
туралы: “Под парадвижения, сопровождающие речевое высказывание и несущие к
его содержанию дополнительную информацию лингвистическими явлениями
понимаются свойства звуковой фонаций, а так же мимика, жесты и другие
выразительные движения, сопровождающие речевое высказывание и несущие к его
содержанию дополнительную информацию”, – дейді [1, с. 33].
Ал кинесика дене қимылдарының семиотикасын зерттеп, тексеретін пән
десек, онда бейвербалды емес дене қимылдары осы атаудың аясында
қарастырылған болар еді.
Кинесика да, паратілдік құралдар да, бұлар табиғи тілдік элементтер
қатарына жатпайды. Бірақ, қалай болғанда да, бұлардың бәрі сөйленіс кезінде
іске қосылатын сөйленістің көмекші амалдары.
Көмекші амалдар екіншілік деңгейлі коммуникативтік жүйені құрайды. Бірақ
олар шығу тегіне қарамастан тіл арқылы түсіндіріледі, тілдік жүйе оларды
керегіне жаратады, тіл оларды жарыққа шығарады, сөйтіп барып тіл оларды
декодтайды, мән-мағынасын ашып береді, түсіндіреді, түсінісуге мүмкіндік
туғызады.
Дегенмен де, ым мен ишараттардың бәрі бірдей, бірқалыпты, біртекті емес,
олар бір-бірінен функциясы, қолданыс аясы, білдіретін мағынасы, контексті
қажетсінуі немесе қажетсінбеуі жағынан, стиль түрлерінде жиі кездесуіне
қарай және әлеуметтік топтардың қолданысына қарай ерекшеленеді. Сондықтан
да ым мен ишараттардың кейбір семиотикалық типтерінің табиғаты бір-бірінен
өзгеше болып қалыптасқан.
Нақты бір лексикалық мағынасы болатын ым мен ишараттар тіл-тілдің қай-
қайсысында болмасын кездеседі. Ым мен ишараттың мұндай түрлері вербалды
мәтіннің болуын міндетті түрде қажет етпейді, олар вербалды мәтіннен
тәуелсіз түрде қолданысқа түсіп, өзінше жеке өмір сүре алады.
Ал сондай бейвербалды элементтің екінші бір түріне коммуникативтік
процестің әрі қарай өрбуіне әсерін тигізе, тіпті кейде бағыт-бағдарын
анықтап, нұсқайтын ым мен ишараттар жатады. Ым мен ишараттың бұл типтерін
зерттеуші Г. Крейдлин:
1 қалыпқа келтіруші – “устанавливающий”;
2 қолдау түріндегі (қолдаушы) – “поддерживающий”;
3 шегіне жеткізуші (аяқтаушы) – “заверщающий” деген үш түрге бөледі [2,
48 б.].
Бейвербалды элементтердің бәрін түгелдей дерлік мәтінмен бірлікте,
мәтінмен байланыста, мәтінмен ғана ұштастыра қарастыруға болмайды. Олардың
мәтінге тәуелсіз түрлері бар. Олар дербес, лексикалық мағынасы бар толық
мәнді жеке-дара тұрып білдіре алатын атауыш сөздер секілді қызмет атқарады.
Сондай бір мәтіннен тәуелсіз, мәтінге байлаулы болмай келіп, өмір сүре
алатын бейвербалды элементтердің түрін эмблематикалық ишараттар немесе
эмблемалар дейміз.
Эмблематикалық бейвербалды амалдар екі түрге бөлінеді:
а) оның бірінші түріне сөздің аналогы болып келетін ишараттар
жатқызылады: Бас шайқау – Болмайды; Жоқ. Мүмкін емес. Атамаңыз! Айтпаңыз!
Керек емес! Қажеті жоқ! т.б. мағыналарды білдіреді. Бұл жерде сөз атауы
шартты түрде алынып отыр, сөз деп ауыздан шыққан хабар (бірақ сөйлем
дәрежесіндегі емес) ұғынылады.
Бас бармағын шошайту – Жарайсың! Керемет! Өте жақсы! Айтары жоқ!
Дегендей-ақ! Сөз жоқ! Бәрі жақсы! Өте дұрыс! т.б.
ә) ал эмблематикалық бейвербалды амалдың екінші түріне сөйленістің
аналогы (сөйленіспен тең дәрежедегі) бола алатын ишараттар жатады:
Арқадан қағу – Жарайсың, саған өте ризамын! Сенікі дұрыс! Өте жақсы!
Бәрекелді!
Санын алақанымен сарт еткізу – Әттең-ай, өкініште қалдым! Қап, байқамай
қалғаным-ай! Ішім удай ашып барады! Енді қайтсем екен?! Өкініш өзегімді
өртеді-ау! т.б.
Қазақ тілінде осы аталған ым мен ишарат түрлерінің қайсысы көп
қолданылатыны, қазақтың ұлттық ишараттары деп осы түрлердің қайсысын атауға
болатыны бізді қызықтырды. Бірақ оны біз бірте-бірте анықтауға тиістіміз
деп ойлаймыз. Дегенмен, ғалым Б. Момынова мен С. Бейсембаеваның сөздігінде
қамтылған материалдарды негізге ала отырып, мынадай ой түюге болады: қазақ
тілінде сөйленістің аналогы болып келетін эмблематикалық ишараттардың саны
жеке сөздің аналогы болып келетін ишараттарға қарағанда көбірек [4, 133
б.]. Себебі, сөздіктегі материалдар арнайы мақсатты түрде іріктеліп,
теріліп алынбағандықтан, нақты бір мақсаттағы бейвербалды элементтер ғана
жинастырылмаған деп ойлаймыз. Соған қарамастан, материалдардың айтарлықтай
көп мөлшері сөйленістің орнына жұмсалатын бейвербалды элементтер болып
түзілген. Бұл түзіліс өз тарапымыздан қазақ тілінде сөйленістің аналогы
түріндегі бейвербалды амалдардың саны көп деп тұжырым жасауға әкелді.
Кейбір эмблемалық ишараттар сөйленістен бөлек қолданыла алады, олар
дербес, өз алдына жеке, автономды, ал екінші бір түрлері міндетті түрде
дыбыстық сөйленіс немесе парасөйленістік қолдаудың болуын қажетсінеді.
Парасөйленістік қолдау түріндегі бейвербалды құралдарға дауыс қарқыны
(темпі), тембрі (әуезділігі), интонация, дауыстың төмен-жоғарылығы, екпін,
кідіріс, сөз бола алмайтын дыбыс тіркестері, т.б. жатады. Мысалы, сұқ
саусақты ерінге тақау ишараты сөйлеме, сөзді тоқтат, тыныш тұр, үніңді
шығарма деген мағынада жұмсалады. Ал осыған қоса кейде біз сұқ саусақты
ерінге тақап, тсс деген дыбыс шығарамыз. Бұл тсс өз алдына жеке сөз емес,
сонымен бірге бұл аталмыш ишараттың мағынасын да білдірмейді. Ал тсс-тың
өзі жеке тұрғанда да өзіндік мағынасы бар дыбыстардың кешені болып
саналады. Сондықтан мұндай мағыналы дыбыс тіркестерін ишараттық лексемалар
деп атайды. Сөз қылып отырған тсс ишараттық лексема болғандықтан, ол
мағынасы жағынан тыныш немесе сөйлеме дегенді білдіреді. Бұл сұқ саусақты
ерінге тақау мен тсс секілді бейвербалды амалдардың әрқайсысының өздеріне
ғана лайық, өздеріне ғана тән мәнмәтіндері болады.
Ишараттардың екінші бір түрі нұсқаушы ишараттар деп аталады. Регулятор
(реттеуші)-нұсқаушылар сөйленіспен бірге де, сөйленіссіз жеке тұрып та
орындалады. Бұларды атқаратын функциясына қарай фатикалық ым мен ишараттар
деп атайды. Яғни мұндай бейвербалды элементтер атқаратын функциясына қарай
өзге ым мен ишараттардан айрықшаланып тұрады. Ешқандай да бір сөздің немесе
контекстің көмегінсіз-ақ түсінілетін бас шайқау немесе бас изеу осындай
фатикалық ишараттардың қатарына жатады. Мысалы, көзді ашып-жұму фатикалық
ишарат болып табылады. Көзді ашып-жұму келісуді, әлдене туралы айтылған
ойды сөйлеммен тепе-тең дәрежеде білдіріп, ойды нақты жеткізіп береді.
Сұрауға көзді ашып-жұмып жауап беруге болады. Мысалы:
– Сен айтқанды ұқтың ба?
Бала көзін жай ғана ашып-жұмды. Әкесі оның ұққанын түсінді. Қайтып
ештеңені сұрап мазасын алмады.
Бас изеу мен белгілі бір ырғақпен көзді ашып жұму бір-бірінің орнына
жұмсала береді. Мұндайда бас изеудің аналогы көзді ашып-жұму болып келеді.
Осы аталған екі бірдей бейвербалды амалдың білдіретін мағынасы – құптау,
келісу, мақұлдау – көп мағыналы. Мысалы: Халиолла бір жақсы жері, оны-
мұныға мән беріп, сөз теріп жатпайды. Жай ғана басын изеп қойып: – Шоқан
жетер жерінен әлдеқайда асып көрінді. Сонысы көп жаманның қызғанышын
қоздырды ғой, – деп отыр. Бас шайқау мен оң қолды оңды-солды қозғау
ишараттары да бірінің орнына бірі қолданыла алады. Бұл ишараттардың
білдіретін мағыналары – келіспеу, қарсылық білдіру – көп мағыналы.
Мысалы: Әркімдер:
– Сондағы сіздің бір ауыз сөзіңіз шығар ем болған... – деп қолпаш жасап
көріп еді, ол құлжа басын шайқап қойып:
– Жоқ, ол отырса құртады. Жақсылық болмайды, – деп көнбейтін райынан
қайтпады.
Мұндай бірінің орнына бірі жұмсала беретін фатикалық ишараттарға: иекті
көтеру және оң (сол) қабақты керіп, жоғары көтеруді – білдіретін мағынасы
бойынша не немесе не болды? я болмаса не керек?; сұқ саусақпен әлденені
немесе әлдекімді нұсқау мен қабақты жоғары көтеріңкірей кере түсіп, нұсқау
ишаратын жасау – білдіретін мағынасы – анау, іздегенің ана жерде, сұраған
адамың анау тұрған кісі дегенді білдіреді т.б.
Бұл айтылғандардан басқа ым мен ишараттың тағы бір иллюстративті түрі
бар. Иллюстративті ишараттар немесе денелік таңба-белгілер ғалымдардың
айтуынша, белгілі вербалды мәтін болмаса ешқандай мағынаны білдіре алмайды,
олардың жеке-дара өмір сүруге қабілеті де жоқ, икемі де аз және вербалды
контекстен тыс жұмсалмайды.
Иллюстраторлардың негізгі қызметі – вербалды контекстің білдіретін
мағынасын анықтай түсу және сөйлеушінің айтайын деген ойының анығырақ әрі
түсінікті болуына әсер ету мен ойдың тыңдаушыға қаз-қалпында тез
жеткізілуін, жетуін қамтамасыз ету ғана. Көрініп тұрғанындай, жоғарыда сөз
болған ым мен ишараттың регуляторлық және эмблематикалық түрлерінен
иллюстраттар қызметі жағынан да, қолданыс аясы тұрғысынан да бөлекше болып
келеді. Бұлардың қатарына, негізінен алғанда, ұлттық сипаттағы ым мен
ишараттарды жатқызуға болатын секілді. Айталық, орыс тілінде кездесетін
иллюстраттарының бірі ретінде орыс тіл білімін зерттеушілер мына бір
иллюстратты атайды: “Легкое опускание век при произнесении утвердительного
предложения в конце его”, “чуть расширяющиеся глаза в конце обычного
вопроса и раскрытая рука (или:руки) в направлении ладонями вверх и слегка
наклоненная к адресату”.
Қазақ тілінде дәл осыған ұқсас: әлдекімді ұнатпайтындығын білдіргенде
мойнын сәл бір жағына бұрыңқырай түсіп, қиыс қарай бере, көзін төмен
төңкеруді жатқызуға болады. Сонымен бірге: “Последняя мануальная форма
показывает, что жестикулирующий намеревается сразу же вслед за исполнением
данного жеста (или одновременно с ним) ввести в свою речь новую тему
сообщения. В коммуникативном акте этот жест всегда выступает вместе со
словами А теперь... и т.п., причем связь его с этими словами настолько
обязательная, что наличие их в составе иллокутивного независимого речевого
акта в тематической позиции однозначно прогнозирует появление данного жеста
в нормальном реальном общении” [2, с. 54]. Ал қазақ тілінде суреттелген
ишараттан соң тағы да ишарат жасалуы мүмкін. Дәл бұл жерде бас шайқау
немесе күрсіну жүзеге асуы мүмкін, сонан соң келесі әңгіме: Сондықтан... деп
басталуы, я болмаса қалғанын ішіңіз білсін деген мағынаны білдіретін иықты
төмен түсіру, иығын қиқаңдату, алақандарын екі жаққа аша жайып, иығын
қомдау, екі иығын жоғары көтере бере бір сәт осы қалыпта ұстап тұру сияқты
ишараттар жасалады.
Иллюстративті ым мен ишараттар туралы нақты бір нәрсе айту қиын.
Өйткені, кейбір адамдардың өздері ұнатып жиі қолданатын бейвербалды
иллюстраттары болуы әбден мүмкін, сондай-ақ бір ғана иллюстратты әр адам әр
түрлі жылдамдықпен, әр түрлі қарқынмен орындауы мүмкін. Мысалы, кейбіреулер
қолын жай ғана көтеріп, саусағының ұшымен біреуді нұсқаса, екінші адам оны
тезірек, тіпті өте жылдам орындауы мүмкін.
Кейбір адамдар орынды-орынсыз, келсін-келмесін, қисынды-қисынсыз кейбір
ишараттарды сөйленіс кезінде өте жиі қолдана береді көбінесе бұл әдеттенуге
байланысты болуы мүмкін. Мысалы, қайта-қайта, тіпті бей-берекет қолын
сілтей беру, басын қайта-қайта тырнау, қасын кере беру, орынды-орынсыз
басын шайқаумен қатар қолын бей-берекетсіз сілтей беру, мойнын ішіне
тартып, иегін кегжитіп тұрып алу, т.б. Бірақ мұндай иллюстративті ым мен
ишараттардың әр түрлі күйде кездесуі адамның мінезіне, темпераментіне,
шапшаңдығына, мінез-құлқының ерекшелігіне, бойындағы күш-қайраты мен ерік-
жігеріне де қатысты сияқты. Сондықтан да алдында айтып кеткеніміздей, ым
мен ишараттарға таза лингвистикалық талдаулар (ішкі тілдік факторлардың
есебінен) жасау мүмкін болмай қалатын кездер кездесіп жатады. Мұндайда
сыртқы экстралингвистикалық факторларды ескеру аса маңызды болып табылады.
Қай кезде болмасын, адамның қандай топтың өкілі екендігі ымы мен
ишараттарынан, манерасынан байқалып тұрады. Айталық, Қазан төңкерісі
кезінде ақтардың арасына аристократ әйел бейнесінде еніп кеткен қызылдардың
барлаушысы большевик қыз ақтардың қолына түсіп қалғанда, ақ армияның
контрразведкасы оны әшкерелеу үшін мынадай тәсіл қолданады: Қай жағынан
болмасын алдыра қоймаған әккі барлаушы қыздың алдына қант салынған тәрелке
мен ыстық шай әкеледі. Қыз бір түйір қантты алып, тістеп шай іше
бастағанда, оның қызылдардың барлаушысы екенін бірден бетіне басады.
Сөйтсе, аристократтар қантты тек шайға салып, ерітіп ішеді екен, яғни олар
қантты үнемдемейді, ал жай шаруалар мен жұмысшылар бір түйір қантты үнемдей
отырып, бірнеше кесе шай ішеді екен. Сондықтан аристократтар жасайтын
ишараттарды жай қарапайым адамның жасай қоюы екіталай деген қорытындыға
барлаушылар бірден келген. Адамның манерасы, өзін-өзі ұстауы да бейвербалды
амалдарынан анық байқалады дегенде осындай жағдайларды айтуға болады.
Сондықтан әр әлеуметтік топтың өкілдері қолданатын параамалдарының өздеріне
тән өзгешеліктері бар. Бұл бейвербалды амалдардың әлеуметтік сипатына
жатады деп санаймыз. Өз алдына жеке мәселеге жатады.
Паралигвистикалық элементтердің әлеуметтілігі туралы ғалым
С. Сатенованың қос тағанды фразеологизмдердің ішіндегі ең көп
кездесетіндері адамның іс-әрекетін, қимылын бейнелейтін және ішкі жан-
дүниесін, мінезін білдіретін түрлері екенін сипаттап айтатын мына бір
пікірін келтіру қажет: “... адам баласы шыр етіп жерге түскеннен, мезгілі,
ажалы жетіп о дүниеге аттанғанша, өзіне тән мінез-құлқы, психикалық
ерекшеліктері қалыптасып, бірте-бірте уақыт озған сайын жетіле береді.
Әрбір адамзат жайлы осыны айтуға болады, тірі жанның әрқайсысына да тән
табиғи құбылыс. Жас ерекшелігіне қарай мінез-құлқы, жан-дүниесіне орай іс-
әрекет, қимыл-қозғалысы қалыптасады. Мысалы, балғын жас пен ақыл тоқтатқан,
кемеліне келген, өмір тәжірибесі мол кісінің жан дүниесі, сана-сезімі,
мінез-құлқында едәуір өзгешелік бар, сол себепті қимыл-қозғалысы, іс-
әрекеті көпшілік жағдайда жасына, психологиялық ерекшеліктеріне, туа бітті
қасиетіне, болмысына сай болады” [15, 37 б.]. Бұл дәйексөздегі қимыл-
қозғалыс, іс-әрекетті ым, ымдау ишараты деп түсінеміз. Шындығында, адам
болмысы мен туа бітті қасиеттерінің параамалдарды орындауда сезіліп
тұратыны сөзсіз. Ол түгіл қарапайым ғана мысал, бастық пен бағынышты
адамның бейвербалды қимылдары арасында айрықша сипаттары болады.
Иллюстраттардың енді бір қатары мен, сен, ол, біз, олар, сендер сияқты
жіктеу есімдіктері мен анау, мынау, сонау сияқты сілтеу есімдіктерінің
орнына жұмсалады. Яғни бұл сөздерді айтпай-ақ, оларды қолданбастан, қолын
көтере түсіп, алақанын жая қозғау арқылы, сұқ саусағының ұшымен ғана
көрсету арқылы, иегімен нұсқау арқылы, көзінің қиығымен қарау барысында,
осы сөз табының орнына жұмсауға болады. Дәл сол сияқты сөз таптарының
ішінде есімдіктер сөйленіс барысында қолданысқа түсіп жатса, қолмен
жасалатын ишараттардың олармен жарыса, қатарласа орындалатын кездері көп
ұшырасады:
– Көрдің бе?
– Кімді?
Иегімен алдыңғы жақты нұсқады.
Екеуінің көздері ұшырасып қалды. Қыз көзінің қиығымен қабырғадағы
суретке қарай нұсқағандай болды.
Нақты бір сөйленіс элементтерінің нақты бір ым мен ишараттардың көмегіне
сүйенбей айтылмайтын кездері болады. Мысалы, Кім сөйлейді? – деген сауалдан
соң қол көтерген адамға жиналысты жүргізуші:
– Иә, сөйлеңіз! – дегендей иегін көтеріп, басын изейді. Немесе:
Сонан соң оған менсінбей иегін қағып:
– Төрелігің құтты болсын, шырақ, атқа мініп, ел билігін қолыңа алыпсың,
естіп жатырмыз (О. Бөкей).
– Заман сенікі болып тұр-ау, – деді Дархан иегімен нұсқап (О. Бөкей).
– Әкелші! – деді Мәмет, солқылдақты ұстап тұрған келініне емес, Бәтжанға
иек қағып. – Таңсық нәрсе ғой жарықтық, дәмін татайын (Б. Нұржекеев).
Әсіресе, жас балалар: – Жоқ! – дегенде үнемі дерлік, басын шайқайды.
Мұндай мысалдар тілімізде айта берсек, өте көп, олар жиі кездеседі.
Зерттеушілер иллюстраттарды іштей екіге жіктейді:
а) сөйленістің денотативті мазмұнын білдіретін және кейбір нысандарды,
ұғымдарды, әрекеттерді бейнелейтін нақты иллюстраттар (бұлар: дейктикалық
маркерлер, кинетографтар, идеографтар, т.б.);
ә) сөйленістің коммуникативті мазмұнына қарай бейімделген және ишарат
пен ымды жасап тұрған адамның коммуникативті ұстанымын белгілейтін,
көрсететін я болмаса айқындайтын, коммуникатордың жеткізбек болып тұрған
ақпараты, оның адресат туралы, бөтен біреулер мен басқа бір нысандар
жөніндегі бағалауын көрсетіп, бағасын білдіретін аккомпониаторлар
аккомпониатор-ишараттар болып табылады. Бұлар мәтіндік сюжеттің қалыбын
(моделін) қалыптастырады.
Аккомпониаторларға мысал келтірсек, үстелдің үстін алақанның қырымен нық
түрде қатты соғу – ешқандай да кібіртіктеудің болуы мүмкін еместігін,
адамның қабылдаған шешімінің қайтадан өзгермейтіндігін білдіреді. Мысалы:
Бөлімше бастығы алақанымен столды салып қалып:
– Алатай қыстағына сен барасың? – деген (О. Бөкеев).
Аккомпониатор-ишаралардың тіліміздегі мөлшері көп және білдіретін
мағыналары да сан алуан түрлі. Сөйлеуші тарапынан нақты бір нәрсеге қатты
көңіл бөлінуін керек еткен жағдай туындаған кезде жасалатын түрлі
ишараттардың бәрі де аккомпониаторлар деуге әбден болады. Ал енді
аккомпониаторлар сөйленіс барысында қолданылғанда қандай сөйленістермен
бірге жарыса орындалатынына көңіл аударып көрелік. Кейде сұқ саусақты
жоғары көтере түсіп, иықтан жоғары деңгейде ұстап тұрып:
– Міне! Енді қараңыз! – деген сөз және сөз тіркестерін пайдалануға
болатынын байқаймыз. Көңіл аударту керек болғанда, әңгіменің осы тұсының
өте маңызды екенін тыңдаушыға білдіру мақсатында суреттелген (сұқ саусақты
жоғары көтере түсіп, иықтан жоғары деңгейде ұстап тұрып) ишарат жасалады.
Қазақ тіліндегі бейвербалды амалдарды қарастырып жүрген
Ж. Нұрсұлтанқызы тіліміздегі бейвербалды амалдарды О.
Бөкеев шығармаларынан жинастырған материалдарының негізінде екіге бөледі:
а) адамға қатысты тыйым ретінде кездесетін бейвербалды амалдар;
ә) қоғамға қатысты тыйым ретінде кездесетін бейвербалды амалдар
[4, 30 б.].
Әрине, бұл бөлініс негізінен ұлттық бейвербалды амалдардың тобына
байланысты ерекшеліктерді қамтитыны анық, өйткені нақты бір қоғамның өкілі
ретінде зерттеуші өзінің табиғатына сай, туған ортасының бейвербалдық
ерекшеліктері туралы сөз қозғайды.
Ал бейвербалды амалдардың универсалды түрлерінің жұмсалымдық тұрғыдан
қаншалықты кең ауқымда таралғаны мен олардың өрістенуінің деңгейін анықтау
мақсатында зерттеу жұмыстарын жүргізген М. Ешимов олардың универсалды және
ұлттық түрлері болатынына тоқталады [7, 127 б.]. Ал зерттеуші С.
Бейсембаеваның өз зерттеуін негізінен ұлттық ишараттар мен ым түрлерінің
тілдік ерекшеліктеріне арнағаны белгілі [3, 119 б.].
Ғалымдардың пікірінше, бейвербалды амалдардың тез өзгере қалуы, дұрысын
айтқанда, бейвербалды амалдарды белгілі бір ұлт өкілінің басқа бір ұлттың
тіліндегі мағынасымен толық және жетік игеріп кетуі, оңайлыққа түспейтін.
Сондықтан да бейвербалды амалдар негізінен алғанда консервативті болып
келеді деп тұжырым жасауға болады. Ал адамның жат тілдік ортаға түскенде
бейвербалды амалдардың да табиғи тілмен бірге ығысып, бұрынғы мәнінен
айрылып, маңызын біртіндеп жоятынын, біртіндеп, баяу болса да басқа
мағыналы бейвербалды құралдармен орын алмастырып, параамалдардың өзінің
табиғатының өзгере бастайтынын бақылаған орыс тіл білімінің зерттеушілері
мынадай қорытындыға келеді: “Жестовая система, как нам известно, еще более
устойчива, чем языковая. ...Будучи нередко сходными по форме и структуре,
жестовые движения тела вдруг начинают значить для него нечто совершенно
противоположное, а ставшие едва ли не автоматическими мануальная
жестикуляция и выражения лица (например, улыбка, некоторые жесты глаз и
бровей) и казавшиеся прежде естественными и нормальными, теперь часто
привлекают к себе внимание окружающих и воспринимаются ими как странное или
просто аномальное поведение” (Интернет, Паралингвистика сайты).
Коммуникант өзін қай топтың, қай халықтың, қай ұлттың өкілімін деп
есептесе, өзін сол топқа лайық ұстап, этикеттік мазмұны бар тілдік
белгілерді сақтауға тырысады. Ал мұндай шартты рәсім қатаң сақталатын
тұста, ескермеу коммуникантты ол ортадан мүлде бөтен етіп көрсетеді [9, 52
б.]. Дәл осы мәселе ым-ишараттарға да қатысты.
Қазақ халқы өкілдерінің түрлі саяси, тарихи жағдайларға байланысты өз
елінен ауып, Қытайға, Монғол жеріне, т.б. елдерге қоныс аударғанын білеміз.
Шеттен келген қазақтардың ым мен ишараттарын жергілікті қазақтар жасайтын
бейвербалды амалдармен салыстыра отырып, барлап қарағанымызда байқағанымыз,
Қытайдағы отандастарымыздың сөйлескенде үнемі жымиып тұруы, қоштасарда
иіліңкіреп қоштасатындығы, кейбірінің оң қолын кеудесіне қойып барып басын
бір-екі рет июі қазақы ишараттың өзгеріске ұшырауының белгісі секілді
көрінді. Өйткені, қазақы менталитет бойынша кез келген адамға бас иіп
қоштаспайды, тек жасы үлкен және аса сыйлы адамдармен қоштасар сәтте сәл
ғана бас иіп құрмет көрсету ишараты бар. Тіпті бас июден гөрі құшақтасып
қоштасу, қол алысып қоштасу дәстүрге енген. Ғалым ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстары жайлы
Жоғары мектепте шығармашылық орта түзу
Оқушымен байланыс
Академик Ө. А. Байқоңыровтың өмір жолы
Академик Ө.А.Байқоңыров
Реферат құрылымы
Дене шынықтыру және спорт мамандары кәсіби қызметіндегі дене мәдениетінің рөлі
Шымкенттің білім ордалары
Экологиялық мәдениет ұғымына берілген анықтамалар
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бергі жылдар ішінде еліміздің тарихы
Пәндер