КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



1 КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Өнім бәсекелестігі . өндірістік тиімділіктің арттыру негізі
1.2 Нарық жағдайындағы кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігінің мәні мен маңызы
1.3 Кәсіпорынның және өнімнің бәсеке қабілеттілігін бағалаудағы әдістемелік негіздері
Адам пайда болғаннан бері ерте заманнан бастап адамдар арасында үнемі айырбас жүріп отырған. Баста айырбас басқа затқа қалай жетсек екен деген оймен жасалынатын болса кейіннен тауарлық, шаруашылық дамыған соң базарлар пайда бола бастады.
Қазіргі таңда нарық ұйымдастырылған компьютерлермен басқарылатын формада жүргізіледі. Бірақ, барлық уақыттарда, нарық сатушы мен сатып алушы арасындағы жер, бірақтан әр қайсысы өзінің пайдасын ойлайды.
Сонымен қатар сатушы немесе сатьш алушы болып екі жақта бола алады, ол бөлек адамдар және де мемлекеттік мекемелер болуы мүмін.
Қазіргі экономика — бұл үлкен нарық жүйесі, оларды алып сатар классификациясы бойынша қарастыруға болады. Бәсекелестік типімен және аймақтық көрсеткіштермен тағы басқа алыпсатар объектілері бойынша тауар нарығы, ақпарат және қызмет, жұмыс күші және ссудалық капитал. Бәсекелестік түpiнe қарай нарықтың бостығы және жетілмеген бәсекелестік байқалады. Аймақтық көрсеткіштер бойынша маңындағы, ұлттық және әлемдік нарықта. Бірақтан, әрбір нарық нақты тәуелдігіне қарамастан үш негізгі элементке қарайды: баға, сұраныс және ұсыныс. Әрбір элементті қысқаша талдап шығайық [11].
Баға — бүл өндірушіге қажетті өндіріс көлемінің өзгеруін қадағалап отыруға қажет. Бағаның өзгеруі өндіру технологиясының өзгеруіне және осы бөлімде өнім тұтынылады.
Сұраныс — бұл нарықта тауарға деген сұраныс, ол көлемі мен анықталады. Тұтынушылар осы тауып жатқан табысымен байланысты сатып алу қабілеттілігі.
Ұсыным — бұл тауар көлемі. Нарықта белгілі бағамен сатылатын тауар. Сұраным мен ұсыным қиылысқан жағдайда нарықта баға тербелісі пайда болады, тербеліске қарап баға қалыптасады, осы сұраным мен ұсыным арқылы нарықта тепе-теңдік ұсталып тұрады.
Осыған орай нарық бұрьнда қалыптасқан деп айтсақ пайда болған, ғылымдар осы нарықты зерттеген. Баға, ұсыным, сұраным және бәсекелестік баяғыдан ойластырьш жатқан экономистер,ғалымдар, олар: Ж.Б.Сэн, У.Джевоне, К.Марке, А.Смит, Дж.Кейне, П. Самуэльсон және тағы басқалары айналысқан. Бұлардың ғылыми зерттеулері сұраным мен ұсыным механизмі бәсекелестік жағдайда барлық тауарда қалай жүреді деген сұраққа жауап берген, сұраным мен ұсыным тең болған жағдайда бағалар қалай қалыптасады деген. Өздерінің еңбектерінде әйгілі экономистер мен ғалымдар заңдылықтарды ашты, бәсекелестікті зерттемек бұрын осы заңдылықтарға сүйеніп отыруы қажет.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
1 КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Өнім бәсекелестігі - өндірістік тиімділіктің арттыру негізі

Адам пайда болғаннан бері ерте заманнан бастап адамдар арасында үнемі
айырбас жүріп отырған. Баста айырбас басқа затқа қалай жетсек екен деген
оймен жасалынатын болса кейіннен тауарлық, шаруашылық дамыған соң базарлар
пайда бола бастады.
Қазіргі таңда нарық ұйымдастырылған компьютерлермен басқарылатын
формада жүргізіледі. Бірақ, барлық уақыттарда, нарық сатушы мен сатып алушы
арасындағы жер, бірақтан әр қайсысы өзінің пайдасын ойлайды.
Сонымен қатар сатушы немесе сатьш алушы болып екі жақта бола алады, ол
бөлек адамдар және де мемлекеттік мекемелер болуы мүмін.
Қазіргі экономика — бұл үлкен нарық жүйесі, оларды алып сатар
классификациясы бойынша қарастыруға болады. Бәсекелестік типімен және
аймақтық көрсеткіштермен тағы басқа алыпсатар объектілері бойынша тауар
нарығы, ақпарат және қызмет, жұмыс күші және ссудалық капитал. Бәсекелестік
түpiнe қарай нарықтың бостығы және жетілмеген бәсекелестік байқалады.
Аймақтық көрсеткіштер бойынша маңындағы, ұлттық және әлемдік нарықта.
Бірақтан, әрбір нарық нақты тәуелдігіне қарамастан үш негізгі элементке
қарайды: баға, сұраныс және ұсыныс. Әрбір элементті қысқаша талдап шығайық
[11].
Баға — бүл өндірушіге қажетті өндіріс көлемінің өзгеруін қадағалап
отыруға қажет. Бағаның өзгеруі өндіру технологиясының өзгеруіне және осы
бөлімде өнім тұтынылады.
Сұраныс — бұл нарықта тауарға деген сұраныс, ол көлемі мен анықталады.
Тұтынушылар осы тауып жатқан табысымен байланысты сатып алу қабілеттілігі.
Ұсыным — бұл тауар көлемі. Нарықта белгілі бағамен сатылатын тауар.
Сұраным мен ұсыным қиылысқан жағдайда нарықта баға тербелісі пайда болады,
тербеліске қарап баға қалыптасады, осы сұраным мен ұсыным арқылы нарықта
тепе-теңдік ұсталып тұрады.
Осыған орай нарық бұрьнда қалыптасқан деп айтсақ пайда болған, ғылымдар
осы нарықты зерттеген. Баға, ұсыным, сұраным және бәсекелестік баяғыдан
ойластырьш жатқан экономистер,ғалымдар, олар: Ж.Б.Сэн, У.Джевоне, К.Марке,
А.Смит, Дж.Кейне, П. Самуэльсон және тағы басқалары айналысқан. Бұлардың
ғылыми зерттеулері сұраным мен ұсыным механизмі бәсекелестік жағдайда
барлық тауарда қалай жүреді деген сұраққа жауап берген, сұраным мен ұсыным
тең болған жағдайда бағалар қалай қалыптасады деген. Өздерінің еңбектерінде
әйгілі экономистер мен ғалымдар заңдылықтарды ашты, бәсекелестікті
зерттемек бұрын осы заңдылықтарға сүйеніп отыруы қажет. Заңдылықтар
бұрыннан қазірге дейін өздерінің күшінде.
Нарықтағы тауар бағасына, көлеміне байланысты оның сұрынысы анықталады,
осыған байланысты келесі келісімдер пайда болады: егер баға жоғары болса,
онда оған сатып алушылар азаяды, ал неғұрлым тауар бағасы төмен болса онда
тауарды сатып алушылар көбейеді. Баға көтерілген сайын сұранымның азя беру
барлық тауар түріне әсер етеді. Себебін анықтау қиын емес. Олар
тұтынушыларды табыстылығының көлемімен анықталады. Егер тауар бағасы жоғары
болса оны тек табыстары жақсы тұтынушылар ғана ала алады. Тауардың әр
түскен сайын сол тауарға сұраныс кебейе береді. Тағыда төмендесе
тұтынушылар оны тағыда сатып алуы мүмкін әзірше тұтынушылар өздерінін
қажеттілігін қынағаттандырғанша.
Енді нарық жағдайын сатушылар жағынан қарастырайық. Нарықта тауарды
ұсыну заңын қарастырайық. Тауарды ұсыну көлемі бағаға байланысы былай
өзгеруі мүмкін: баға жоғары болған сайы сол тауар түрін ұсынушылар көбейіп
кетеді.
Ал бағасы төмен болған сайын керісінше жүреді. Ұсыным жоғары болса
сонымен қатар бағасы өссе, онда заңдылық бойынша ол белгілі бір шекке дейін
тұрақтанады. Шектің негізгі анықталу көзі ол сатушымен сатып алушы
арасындағы қиылысты айтамыз, қашан тұтынушылар қажетті тауарды сол бағаға
алғысы келгенде және сатушы сол тауарды ұсына алуы.
Егер осы тауарға баға өсе берсе өндіруші бұл тауардың көлемін өндіруді
азайтуға тypa келеді. Әйтпесе тауардың өтімі төмендеп кетеді. Бұл нүкте,
осы шек, осы нүктеде тұтынушылар сатып алады, ал ұсынушылар сатады, осы
көрсеткіш бағалық тепе-теңдікті береді. Осы нүктеден баға артьш кетсе онда
ұсынушылар артып кетеді, ал баға төмендеп кетсе оған сұраныс көбейіп кетеді
және ол тауардың ұсынысын азайтып жібереді. Бағаның тепе-теңдікте болғаны
сатылатын тауар көлемін нақтырақ айтуға болады.
Ал, біз енді анықтадық ұсыныс және сұраныс заңының қалай нарықта
жүретіндігін. Ал қосатын нәрсе бағаның тепе-тендігі нарықта үнемі болып
тұрмайды.
Бағаның арғы не бергі жағына өтуі келесі төртінші элементпен нарықта
көрсетіледі — жаңа тауар түрінің пайда болуы, бәсекелестік.
Келесі қорытындыларды келістірсек. Тауарлы шаруашылық жағдайында
жұртшылық өндіруде реттеуші роль атқарады. Нарық заңдарына байланысты
өндіргші құрылымда анықталған тауар түріне келесі қажеттілік сұрақтары
шешіледі: не және қанша көлемде өндіру қажет. Қандай техналогиялар, қалай
өндіреді, ол өндірілген тауарға деген қызығушылық оның барлығын нарық өзі
анықтайды.
Қанша тауар өндірілуі қажет, әрбір халықтардың арасында әртүрлі
табыстылығымен қандай жолдармен таратылу керектігін нарық өзі реттейді.
Бірақтан осыларға қарамастан нарық ортасы болып тұтынушылар табылады,
өйткені тұтынушы ғана сол тауарды сатып алуға ниет білдіреді.
Нарықта баға тепе-тендігі жайлы жоғарыда айтылып кетті. Сұраным мен
ұсыным арасындағы тепе-теңдік нарықта аздап бір жерлерде кездеседі.
Тауардың бір түрлерінде нарықта бағаның ойнауы көбінесе бәсекелестіктер
арқылы пайда болады. Бұндайда тұтынушылардың талғамы ғана емес, сонымен
қатар бәсәкелестіктердің әсері де бар.
Бәсекелестік нарықтың топтастырылуы бойынша екі түрге бөлінеді:

• бос дамыған бәсекелестік нарықта тұтынушылар мен сатушылардың
құқықтары тең;
• дамымаған нарықта таза монополиясы бар және
олигаполиялық монополистік бәсеке;
Келтірілген топтастырулар бойынша біз келесі шешімдер қабылдай аламыз —
дамыған нарықта қысқа уақытта сұраныс пен ұсыныс тербелістері жылдам
өзгеріп отырады, соның нәтижесінде нарықта тұрақсыздық пайда болады.
Бос нарық — бұл бір абстракты құбылыс, тамаша бейне деп айтсақ болады.
Бірақ бұраннан бері келе жатқан адамдардың тежірибелері бойынша барлығы бір
текті болып тұра бермейді. Дамыған нарықты қарастырғанда, ойлауымыз бойынша
біз нарықты жалпы зерттейміз. Бос нарық дегеніміз, ол кәсіпкер нарықтағы
болып жатқан барлық құбылыстарды бақылап отырады және ресурстарының бір
саладан басқа салаға бекетсіз етуі болады.
Дамыған нарықта қайта дамымаған бәсекелестік көп болады деп айтылады.
Себебі өндірушілер өздерінің өнімін қандай босада жолмен еткізуі болып
табылады. Шын айтса да, өтірік айтса да. Талдап келгеңде бізде нарықта
дамыған бәсекелестікті қарап ойша дамымаған бәсекелістікті ойластырсақ
қайда тұтынушылар мен сатушылардың құқықтары тең емес [12].
Нарықтағы дамымаған бәсекелестікті жақсы түсіну үшін нарықтағы
кұрылымдық топтастыру бойынша түсінеміз. Бұл талдау бойынша біз дамыған
және дамымаған бәсекелестікті бәлістіруге болады.

Кесте 1 - Бәсекелестік формалары мен нарықтық құрылымы

Бәсекелестік Бәсекелестік формасын анықтайтын Бағаға жүргізілетін
формасы белгілері. бақылау дәрежесі.
Дамыған Берілген тауардың бір түрін Бағаға бақылаудың
көптеген кәсіпорындардың өндіріуі. жоқтығы
Өндірілетін тауар түрінің ұқсастығы.
Сала аралық капиталға шектеудің
жоқтығы. Толық ақпараттар,
тұтынушылар мен өндірушілердің
дамуын білу.
Дамымаған Өнімнің бір ғана түрі, және бір ғанаФирма өте жоғары
таза монополия фирма өндіреді. бақылау жүргізу
Дуаполия Бір өнімді өндіруші фирмалар екеу. Баға аздап бақылау
жүргізу
Олигаполия Бір өнімді өндіруде сандары көбірек Бағаға аздап бақылау
фирмалар. Бір текті тауарлар түрі жүргізу
өндіріледі.
Монопольді Өндірушілер көп, тауар түрлері көп. Бағаға өте төмен
бақылау жүргізу

Шын өмірде дамыған немесе дамымаған бәсекелестік жоқ. Өзінің
еңбегінде П. Самуэлъсон, шын нарық. Америка. Африка не Азия болсада
дамымаған бәсекелестікті монополист [3].
Талдау жасағанда монополия деген терминге де назар аудару керек. Бұл
моно - біреу, полия - стамын деген сөз. Шын тәжірибеде монополиялық
нарық мүлдем табылмас деп айтсақ болады.
Сөйтіп келе дамыған бәсекелестік таза монополия деген ұғым теория
бойышпа екі логикалық ақырғы шекке әкеледі. Өмірде таза монополия немесе
дамымаған бәсекелестік деген болмайды. Нарык өзінде осы элементтерді өзінде
біріктіреді және осы мен біз нарықтың механизмін үйренуге жол ашады.
Таза монополия деген абстракті түсінік бойынша келесі бейне бойынша
көрсетіледі:
• Монополист — осы тауар түрін бір ғана адам сатады.
• Монополист - өзі сияқты өнімдермен қарым қатынасқа түседі. Егер
монополист бағаны төмендетсе, онда тұтынуылар сол тауар түрін көбірек
сатып алады.
Бұл жерде екі тенденция байқалады. Дамыған бесекелестікте өндірген
тауарға монополист болса да өндіруіші тауардың бағасына әсер ете алмайды.
Өйткені баға тұтынушылардың қалаулары бойынша қалыптасады. Дамымаған
бәсекелестік жағдай болғанда өндіруші кішкене ғана бөлігімен бағаның
қалыптасуына әсер ете алады. Дамымаған бәсекелестікте бағаны қалыптастыру
көлемін анықтауда бағаның дамымаған бесекелестікте анықталады. Бірақ
барлығын біріктіретін элементтер — ол өндіруші әлі мононополист бола отырып
өзіне не ғұрлым көп пайда әкелетіндей бағаны қалышастыруды ойластырады.
Бірақ бұл кезде өндіруші сұраныс тенденциясының кемуін ұстай алмайды. Осы
мен қатар монополист біледі, не ғұрлым бағаны төмендетсе оның тауары өте
бастайды. Бұл тағы да бір рет дәлелдеп отыр, монополситтің бағаға ие емес
екендігі. Өйткені артты бәсекелестердің пайда болуы мүмкін екендігін
айтады.
Олигаполиялық нарық екіге бөлінеді:
1) үлкен көлемді өндіріс, бір салада бір текті өнім өндіру;
2) бірнеше сатушы диффернциалданған тауар түрін сату.
Монопольді және дифференциалданған бәсекелестік нарықта сатып алушы
анықталған бір тауар түріне қызығушылығын байқау: оны қызықтыратын белгілі
бір тауар түрі, сапасы, қорапталуы, саудалык маркасы, қызмет көрсету
дережесі және тағы басқа. Дифференциаланған өндіруде өнімнің бір тектігі
жойылады, өйткені тұтынушыларға барлық жағдайлар жасалады.
Біртекті және бертекті емес бәсекелестікте өнімнің шарттарын
салыстырайық. Дамыған бәсекелестікте фирма өнімнің біртекті тауарға
сұранысы абсалютті икемді болъш келеді. Тауарға бағгасын көтеріп өнім бір
түрін де сата алмайды. Ал түсіріп қанша болса да сатады. Себебі егер
нарықта тауардың бірнеше түрі бола тұрып біреуінің бағасы жоғары болса онда
ол барып арзанын сатып алады. Басқаша айтқанда нарықта кәсіпорынның тауары
бәсекеге басқа тауарлармен түседі. Себеп негізгі болып өндірілетін тауардын
нарықта өтуі және кәсіпорынға максималды пайда әкелу болып табылады.
Басқа жағдай біртекті емес тауарларға жүргізіледі. Бұл жағдайда бағаға
күшейтілген монопольді бақылау жүргзіледі. Бұл дегеніміз дифференцияда
тауарға баға көтерілуі мүмкін, егер сатылу көлемі сол қалпы қалды. (икемсіз
сұраныс).
Жоғарыда барлық айтылып кеткенде келесі шешімдерге келуге болады,
дифференциалданған бағада бәсекелестікте қару болып саналмайды. Ал,
монополиялық бәсекелестікте сатылу көлемі фирманың қойылған бағасымен ғана
емес және де оның таратуда жұмсалған шығындармен беріледі (таратуға кеткен
ұсталымдар).
Нарық жағдайында, дамыған не дамымаған бәсекелестікте фирма максималды
пайда табуға ұмтылады. Бірақ бұл жерде қызықты жағдайлар болады: дамыған
фирма өзінің тауарының қаншауьш болса да сатады, бірақ бағаға мүлдем
өзгеріс жасай алмайды. Фирма — дамымаған бәсекелестік, тауарға бағаны
көтере отырып оның сұранысын төмендетеді, сонымен бірге сатылу көлемін
төмендетіп соңында пайданың төмендеуіне әкеледі.
Өйстіп келе біз негізгі сұраққа келдік: дамыған және дамымаған
нарықтағы бәсекеде фирма қандай шаралар қолдану қажет ? Кәсшорынның әлсіз
және күшті жақтары қазіргі нарықта күрес жүргізуі ? Осылар және басқада
сұрақтар фирманың бәсекелестік жақтарын қарастырамыз.

2. Нарық жағдайындағы кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігінің мәні мен маңызы

Біздің республикамыз да әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына
кіруді стратегиялық мақсат етіп қойды. Осыған байланысты шаруашылық
субъектілерінің нарықта тиімді әрекет етіп, шетелдік компаниялармен
бәсекелік күреске түсуге дайын болуы аса өзекті мәселе. Ауыл шаруашылық
кешеніндегі осы бағыттағы қиыншылықтар да мал шаруашылығы өнімдерінің
бәсекеге қабілеттілігі мәселесін зерттеуге күш жұмсауды талап етеді.
Өйткені нарық тұтынушы – патша деген қағидамен жұмыс істейді, сондықтан
тұтынушының талаптарын орындап, қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып ғана
жетістікке жетуге болады.
Экономикалық энциклопедияда бәсеке, бәсекеге қабілеттілік терминдеріне
мынадай анықтама беріледі:
1) Тауарлар мен қызметтерді өндірушілердің пайданы жоғарылату
мүмкіндігі үшін күресі.
2) Нарықта көптеген өндірушілер мен сатып алушылардың болуы
және олардың нарыққа еркін кіріп, одан еркін шығу
мүмкіндігі.
Соңғы уақыттардағы бәсекелестік артықшылықтардың құралу үрдісінің
беталыстары белгілі зерттеуші М. Портердің еңбектерінде зерттелген:
Бәсекелестік стратегия саланың құрылымы мен оның өзгеру үрдісін жан-жақты
талдауға негізделеді. Экономиканың кез-келген саласында, оның ішкі немесе
сыртқы нарықтарда әрекет етуіне байланыссыз бәсекенің мәні бес күш арқылы
көрінеді:
жаңа бәсекелестердің келу қаупі;
субститут-тауарлар немесе қызметтердің пайда болу қаупі;
жабдықтаушылардың саудаласу қабілеті;
сатып алушылардың саудаласу қабілеті;
бар бәсекелестердің өзара бәсекелесуі.
Осы бес күштің әрқайсысының мәні саладан салаға қарай өзгеріп, ақыр
аяғы салалардың пайдалылығын анықтайды [4].
Макконел К., Брю С. зерттеулерінде бәсекенің міндетті шарты нарықта
кез-келген нақты өнімнің сатушылары және сатып алушылары көп болуы керек
және сатушылар мен сатып алушылар үшін қай нарықта болсын жұмыс істеу
немесе нарықтан кету еркіндігі болуы керек [5].
Нарықтық экономиканың түсіндірме сөздігінде Бәсеке – нарықта әрекет
етуші кәсіпорындардың арасындағы сатып алушылардың әр түрлі қажеттіліктерін
қанағаттандыра отырып өз өнімін жақсы өткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету
мақсатындағы бақталастық, күрес. Әлемдік нарықта тауар өндірушілердің қатаң
бәсекесі орын алған. Сыртқы нарықтарда жетістікке жету үшін ұсынылатын
отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату талап етіледі. Ал
импорт жағдайында шетелдік сатушылардың бәсекелестігі сатып алудың тиімді
шарттарына қол жеткізуге мүмкіндік береді [6 ].
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі дегеніміз оны нақты нарықта, нақты
уақыт мерзімінде сәтті сату мүмкіндігі деп анықталады. Ал кәсіпорынның
немесе фирманың бәсекеге қабілеттілігі – бәсекеге қабілетті өнім өндіру
немесе қызмет көрсету арқылы нақты нарықта (өткізу аймағында), нақты уақыт
аралығында сәтті әрекет ету қабілеті [7].
Тауардың бәсекеге қабілеттілігі – тауардың нарық талабына, яғни оның
сапалық, техникалық, эстетикалық сипаттамаларының және коммерциялық өткізу
жағдайының тұтынушылар талабына сай келуін бейнелейтін экономикалық
категория [8].
Әр анықтаманы алып қарасақ та олар бір-біріне қарама-қайшы келмейді,
керісінше бірін –бірі толықтырады. Бірақ оның әр қайсысын толық деп айтуға
болмайды. Талдау нәтижесі бойынша бәсекенің мынадай анықтаушы белгілерін
атап көрсетуге болады.
1) бәсеке – шаруашылық жүргізудің нарықтық әдісінің
фундаменті, өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің құрылуының
негізіне нарық субъектілерінің арасындағы өзара қарым-
қатынастың нышаны мен сипаты ықпал етеді;
2) бәсеке – өнімнің техникалық, экономикалық, маркетингтік
көрсеткіштеріне оны жобалаудан бастап соңғы тұтынушыға
жеткенге дейінгі кезеңдердің барлығында ықпал етеді.
3) бәсеке – даму мен өсудің қозғаушы күші, мақсат таңдаудың,
сол мақсатқа жету жолындағы ізденістің, жетістікке
ұмтылудың ықпалшысы.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі – өнімнің қарастырылып отырған кезеңдегі
нарық талаптарына сәйкес болу қабілеті. Бәсекеге қабілеттілік өнімнің
белгілі уақыт сәтінде салыстырмалы бағамен нақты нарықта өтуі үшін қажет
және жеткілікті тұтынымдық қасиеттерінің жиынтығы арқылы анықталады.
Тұтынымдық қасиеттер – тауардың тұтынушы талабын қанағаттандыруға
бағытталған сипаттамалары. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз
етудің мақсаты оны нарықта тиімді өткізу арқылы жоғары деңгейде пайда алу
болып табылады.
Қандай да бір өндірістің бәсекеге қабілеттілігін дамыту үшін саланың
ерекшеліктерін, оған әсер ететін факторларды зерттеу керек. Бәсекеге
қабілеттілік факторларын зерттеп, олардың сәтті әрекет ету жағдайларын
анықтаған соң барып, кәсіпорын өзінің даму стартегиясын жасай алады. Күш-
жігерін неғұрлым бәсекелік артықшылықтарды дамытуға, қайтарымы мол бағытқа
жұмылдырады.
Өнімнің нарықтағы бәсекеге қабілеттілігіне ықпал ететін факторлардың
маңыздылары:
– Әлуетті тұтынушы үшін тауардың пайдалылығы. Тауардың пайдалылығы –
оның тұтынымдық құны немесе тұтынушының талаптарын қанағаттандыру
қабілеті;
– Тауардың бағасы. Пайдалылығы бірдей екі немесе одан да көп тауардың
ішінде сатып алушының бағасы арзан тауарға ықылас білдіретіні анық.
Бұл жерде сатып алушының әлеуметтік мәртебесін қолдау үшін сатып
алынатын мәртебелік тауарлар есепке алынбайды, өйткені ондай
тауарларды сатып алуда сатып алушы үшін баға шешуші роль атқармайды;
– Өнімнің жаңашылдығы. Бұл өнімге тұтынушы үшін маңызды, нарықтағы
басқа тауарлардан ерекшелендіретін жаңашылдық енгізуді білдіреді.
Мысалы, құс өнімдерінің жаңа ассортиментін енгізу, өнімнің орама
дизайнын өзгерту.
Нарықтағы кез-келген тауар онда қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру
дәрежесіне қарай тексеруден өтеді: әр сатып алушы өзінің жеке
қажеттіліктерін неғұрлым толық қанағаттандыратын тауарды сатып алады, ал
сатып алушылардың жиынтығы бәсекелес тауарлармен салыстырғанда қоғамдық
қажеттіліктерге неғұрлым толық сәйкес келетін тауарды сатып алады.
Сондықтан өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бәсекелестердің өнімдерін өзара
салыстыра отырып ғана анықтауға болады.
Бәсеке бәсекелік артықшылықтармен тығыз байланысты. Ол бәсеке туындап
дамыған кезде пайда болады. Отандық нарықта бәсеке кең сипат алған сайын
бәсекелік артықшылықтар компанияның нарықтағы жетістігінің аса маңызды күші
болып табылады. Олардың ерекшеліктері мен құрылу механизмдері бәсекеге
қабілеттілікті қамтамасыз ететін негіз болып саналады. Бәсекелік
артықшылықтар кәсіпорын қызметінің бәсекелестерден экономикалық,
техникалық, маркетингтік, ұйымдық сфераларында асып түсуінен көрінеді. Оны
қосымша пайда, рентабелділіктің жоғары деңгейі, нарық үлесі, сату көлемі
сияқты экономикалық көрсеткіштермен өлшеуге болады. Яғни бәсекелік
артықшылықтар – өнімнің өзіндік құнының төмен болуының, тауарлар
дифференциациясының жоғары болуының, нарықты ұтымды сегменттеудің,
жаңашылдықтар енгізудің, нарық талаптарына жедел жауап қайтарудың нәтижесі.
Сонымен қатар экономикалық өсуді көрсететін еңбек өнімділігінің жоғары
болуы, персоналдың жоғары біліктілігі, өндірілетін өнімнің жоғары сапасы,
басқару шеберлігі, басқарудың әр түрлі деңгейлеріндегі стратегиялық ойлау
да бәсекелік артықшылықтар береді. Бәсекелік артықшылықтар абсолютті емес,
қатысты сипатқа ие, өйткені оны экономикалық тиімділікке ықпал ететін
сипаттамаларды салыстыра отырып ғана анықтауға болады. Сонымен бірге
бәсекелік артықшылықтардың қатысты сипаты оның нақты жағдайлар мен
себептерге тәуелділігінен де көрінеді. Мысалы, бағасы бойынша артықшылыққа
ие тауар бір географиялық аймақта бәсекеге қабілетті болғанымен келесі
аймақта керісінше болуы мүмкін, немесе нарықта сәтсіздікке ұшыраған тауар
белгілі бір мерзім өткеннен кейін негізгі бәсекелестің нарықтан кетуі
себебінен, сәтті маркетингтік шараларды жүзеге асыру әсерінен қайтадан
сұранысқа ие болуы мүмкін. Бұдан кез-келген компанияның бәсекелік
артықшылықтары әмбебап сипатта болмайтынын көреміз. Сондықтан оны талдауда
нақты нарықтық жағдайлар есепке алынуы керек. Бәсекелік артықшылықтардың
тағы бір сипаттамасы олардың әркелкі факторлардың ықпалында болуында.
Бәсекелік артықшылыққа қол жеткізу үшін кешенді шаралар керек. Бір
факторлар бәсекелік артықшылықтарды арттыру мен қатар кемітуі де мүмкін.
Мысалы, жаңа технологияны қолдану арқылы өнімнің сапасы, дизайны тұрғысынан
артықшылықтарға жеткенмен өнімнің өзіндік құны жоғарылап соның салдарынан
сұраныс төмендеуі мүмкін. Сондықтан бәсекелік артықшылықтарды зерттеуде
неғұрлым маңызды факторларды есепке алатын жүйелі жол қажет. Бәсекелік
артықшылықтарды әр түрлі критерийлерге байланысты жіктеуге болады [9 ]
Жіктеудің аса маңызды критерийі бәсекелік артықшылықтың қайнар көзін
анықтайтын жағдай, оған байланысты бәсекелік артықшылықтардың он түрі бар.
Олар:
1. Экономикалық факторларға негізделген бәсекелік
артықшылықтар келесілермен анықталады:
– компания әрекет ететін нарықтардың жалпы экономикалық жағдайының
жақсы болуы;
– зерттеліп отырған тауар сферасындағы инвестициялық, несиелік,
салықтық және кедендік мөлшерлемелер облысында мемлекеттің
ынталандыру саясатының болуы;
– сұранысты ынталандырушы объективті факторлардың болуы: нарық
сиымдылығының жоғары болуы, баға өзгерісіне сатып алушылардың аса
сезімтал болмауы, сұраныстың мерзімділігінің төмен болуы, ауыстырушы-
тауарлардың болмауы және т.б.;
– өзіндік құнның төмен болуы;
– кәсіпорынның тәжірибелілігі;
– кәсіпорынының экономикалық әлуеті;
– қаржыландыру көздерін табу және оны тиімді қолдану.
2. Нормативтік-құқықтық актілерге негізделген бәсекелік
артықшылықтарға үкімет тарапынан болатын әр түрлі
жеңілдіктерді жатқызамыз.
3. Құрылымдық сипаттағы бәсекелік артықшылықтар компанияның
өндіріс және өткізу үрдістерінің жоғары деңгейде
біріктірілуімен анықталады. Бұл жерде біріктірудің кері,
алға немесе көлденең түрлері қолданылуы мүмкін. Сонымен
қатар құрылымдық сипаттағы артықшылықтарға нарықтың бос
сегменттерін жылдам қамту мүмкіндіктері де жатады.
4. Әкімшілік шаралардан туындаған бәсекелік артықшылықтар
өндірушілер қызметіне шек қойылуына байланысты. Олардың
қатарына мемлекеттік және жергілікті органдардың
шектеулері, патенттер мен лицензиялар беру, кәсіпорынды
тіркеу тәртібінің күрделілігі және тағы басқалар жатады.
5. Нарық инфрақұрылымының даму деңгейімен анықталатын
бәсекелік артықшылықтар:
– қажетті коммуникация құралдарының дамуы;
– Қазақстан аймақтарындағы еңбек, капитал, технология нарықтарының
ұйымшылдығы мен ашықтығы;
– дистрибуторлық тораптың, соның ішінде бөлшек және көтерме сауданың
дамуы, кеңестік, ақпараттық, лизингтік және басқа да қызмет түрлерін
көрсетудің дамуы;
– фирмааралық кооперацияның дамуы;
6. Техникалық (технологиялық) бәсекелік артықшылықтар саладағы
қолданбалы ғылым мен техника деңгейінің жоғары болуымен,
құрал-жабдықтар мен машиналардың арнайы техникалық
сипаттамаларымен, шикізат пен материалдардың технологиялық
артықшылықтарымен, өнімнің техникалық параметрлерімен
анықталады.
7. Жақсы ақпараттандырылу арқылы анықталатын бәсекелік
артықшылықтар сатушы, сатып алушы, жарнама қызметі, нарық
инфрақұрылымы туралы ақпарат базасының кең болуына
негізделеді. Бәсекелік күрес жүргізуде ақпараттың болмауы
немесе жалған ақпарат үлкен кедергі болып табылады.
8. Географиялық факторларға негізделген бәсекелік
артықшылықтар кәсіпорынның географиялық жағынан тиімді
орналасуы мен нарықтың географиялық шекараларынан үнемді
түрде өтуіне байланысты анықталады.
9. Демографиялық факторларға негізделген бәсекелік
артықшылықтар нарықтың мақсатты сегментіндегі демографиялық
өзгерістер және оның сұраныс құрылымы мен көлеміне жағымды
ықпал етуі, тұрғындардың мақсатты тобының санының өсуі,
жастық-жыныстық құрамының өзгеруі және білім мен кәсіби
деңгейдегі өзгерістер нәтижесінде құрылады.
10. Құқықтық емес сипаттағы бәсекелік артықшылықтар теріс
пиғылды бәсеке, криминалдық іс-әрекеттерден болады.
Кәсіпорынның бәсеке параметрлеріне байланысты тауарлардың барлық
өмірлік циклын шешуші төрт кезеңге бөлуге болады. Олар:
– енгізу кезеңі;
– арту кезеңі;
– жетілу кезеңі;
– тоқырау кезеңі.

Кесте 2 - Кәсіпорынның тауардың өмірлік циклының кезеңдері бойынша
бәсекеге қабілеттілігі

Көрсеткіштер Енгізу Арту Жетілу Тоқырау
Сатылған өнімнің Баяу Тез Баяу Азаяды
өсуі
Пайда Жоқ Арту Азаяды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштері
Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру туралы
Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін жетілдіру жолдары
Нарық талабына сай мал шаруашылығы өнімдерінің өндіріс тиімділігі
Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігі туралы
Кәсіпорынның бәсекелік артықшылығы және бәсекеге қабілеттілігі
Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін бағалаудың эдістемелік негіздері
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың әдістемелік негіздері
Ақсай нан НБК ЖШС-нің технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі
Пәндер