Қанжығалы Бөгенбай


Бөгенбай батыр
Уикипедия - ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Бөгенбай батыр
Сырдария өзенінің жағасында
Абылай хан тұсындағы батыр, атақты қолбасшы. Қазақ жауынгерлері арасында зор беделге ие болған, сондықтан оны халық Қанжығалы Бөгенбай деп атап кеткен. Сырдария өзенінің жағасында дүниеге келіпті
Оның атасы - Әлдекүн, әкесі Ақша қанжығалы руы ішінде белгілі адамдар болған. Әз Тәуке хан оның әкесіне 80 мың сарбаздан тұратын әскерге қолбасшы болуды сеніп тапсырған. Ол сонымен қатар өнерлі адам болған. Ұсталық өнермен айналысып, соғыс қару-жарақтарын жасаған. Бойында ақындық, айтыскерлік өнері де болған. Әкесінің өнері баласына дарыған. Бала кезінен қазақ даласыныңшешендік өнерін бойына сіңіріп өскен ол жігіт шағында ауылдарға барып, ру арасындағы дауларды шешіп, билердің құрылтайларына қатысқан. Өзіне жақын адамдардан топ құрып, кейін елде "Қанжығалының қырық батыры" деп аталып кеткен. Батырлығы мен қолбасшылық дарыны арқасында Бөгенбай үлкен құрметке бөленіп, ерлігі ел аузында аңызға айналып кетті. Бөгенбайдың қалмақтармен және қытай өскерлерімен болған қиян-кескі шайқастарда көрсеткен қайраты сол кездегі жорық жырауларының толғауларында мәңгі өшпес өлең тілімен өрнектеліп қалды.
Мазмұны
[жасыру]
- 1 Жоңғар соғысында атқарған ролі
- 2 Қытай әскерлеріне қарсы әрекеттері
- 3 Пайдаланған әдебиет
- 4 Тағы қараңыз
Жоңғар соғысында атқарған ролі
Өмірден көргені көп, қазақтың жүздері мен батырларын таныған, заңды жөне қазақ-жоңғарлар арасындағы қиын жағдайды ғана емес жоңғарларға қарсы әскери өрекеттердің тарихын да жақсы білетін Тәуке хан елді билеп тұрған кезде 1710жылы Қарақұмда қазақ жүздерінің Төле, Қазыбек және Әйтеке билер қатысқан жиыны өтіп, билермен бірге халық жасағы өкілі ретінде Бөгенбай батыр да сайланған. Бөгенбай батырға мұндай сенімділік танытуға оның бүкіл қазақ даласына тараған әскери қолбасшылық өнері мен 1710 жылғы Сары-Кеңгір өзені жағасында болған жоңғар ноянымен болған шайқастағы ерлігі себеп болды. Съезде қаралған басты мәселе Жоңғар хандығымен арадағы қатынас болды. Кейбіреулер руларды ғана емес жүздердің басын біріктіріп, жоңғарларға қарсы шығып, оларды қуып шығу керек десе, екінші біреулері жоңғар хандығы жағына шығу керек дегенді айтты. Көп пікірталастан кейінгі шешуші кез келгенде ортаға ашулы, қайсар Бөгенбай батыр шығады. Ақсақалдардың алдына шыққан ол семсерін аяғының астына тастап, көйлеғін айырып, кеудесін ашып жіберіп: "Жауымыздан есемізді қайтарамыз, тоналған жайлауымызды, тұтқындалған балаларымызды көріп қарап отыра алмаймыз, өлсек қолымызға кару алып өлеміз. Қыпшақ даласының батырлары қай кезеңде бастарын төмен түсірғен? Мен қолымды жауымның қанына бояған кезде сақалыма әлі ақ түспеген еді! Қазіргі келімсектердің зорлығына қалай шыдаймын. Біз әлі жүйрік аттардан кенде емеспіз. Әлі қорамсақта өткір ұшты садағымыз бар" , - деді. Бөгенбай батырдың бұл сөзі жоңғар мәселесін шешудің шегі болды. Бұл сөзден кейін ешқайсысы ашық шығып сөйлей алмады. Қазақ жасағының басшысы болып Бөгенбай сайланды.
Бөгенбай батырдың есімімен 1730 жылы көктемде Балқаш көлінің маңында қазақ пен қалмақтардың арасында болған шешушіАңырақай шайқасы да тығыз байланысты. Бөгенбай, Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Жәнібек, Малайсары сияқты атақты батырлар бастаған қазақ қолдары мен жасақтары қалмақ әскерлеріне екінші рет күйрете соққы берді. Майдан даласында мыңдаған қалмақ әскерлері қаза тапты. Көбі қырылып, жаралы болып, жаны шықпай жатқан жау әскерінің аңыраған дауысы бірнеше күн даланы басына көтерді. Бұл жер кейін "Аңырақай" деп аталып кеткен. Аңырақайда аяусыз соққыға душар болған Шуно-Дабо басқарған қалмақ әскерлері Ӏле өзенінің бойымен шығысқа қарай қашуға мәжбүр болған. Жеңісті баянды етіп, жауды өкшелей қуып, қазақ жерлерін азат ету жорығына жиналған үш жүздің әскер жасақтарының Шымкентке таяу Ордабасы деген жерде жиыны өтіп, онда қазақ әскерлерінің қолбасшысы болып, Әбілқайыр және Бөгенбай батыр сайланады. Олардың басшылығымен қалмақ әскерлеріне үсті-үстіне соққы берілген. Осындай шайқастардың бірінде Бөгенбай батырмен жекпе-жекте қалмақтың қолбасшысы Шуно-Дабо қаза табады. Бұл оқиға жау әскерлерінің рухын түсіріп жіберген екен. 1725-1727 жылдары Бөгенбай батыр Абылай ханмен бірге қазақ қолын басқарып, осы ұрыс нәтижесінде ойсырай жеңілген онсан қалмақ әскеріТүркістан мен Саураннан Жоңғар Алатауының арғы жағына қуылған болатын.
Қытай әскерлеріне қарсы әрекеттері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz