Салқам Жәңгір



1 Салқам Жәңгір хан
2 Салқам Жәңгір хан
3 Абылай ханның өмірі . жас ұрпаққа өнеге
Жәңгір хан, Салқам Жәңгір (1608 - 1680) – Қазақ хандығының ханы, Есім ханның баласы. Ол әкесінің тірі кезінде-ақ Қазақ хандығының шеткі ұлыстарын, нағашы атасы Әбдірақым хан билейтін Тұрфанмен шекаралас жерлерін басқарып жүрді. Жәңгір хан жоңғар қазақ жеріне тынымсыз шабуыл жасап тұрған аса қиын кезеңде билік жүргізді. Бұл кезең қазақ-қалмақ ара-қатынасындағы аумалы-төкпелі, текетірес жылдар болатын. 1620 жылы қазақтың Есім сұлтаны, қалмақтың Алтын ханы, Шолай тайшы үшеуі ойраттарға қарсы одақ құрды. Алтын хан Қарақұлдың елін шауып, бала-шағасын тұтқындайды. 12 жасар Жәңгір хан осы кезде қалмақ елінде қазақ елшілігінің құрамында барды. Төрт жыл өткен соң қазақ сұлтаны Есім мен шорастың тайшысы Қарақұл бірігіп, Ресей иелене бастаған Тары бекінісіне шабуыл жасады. Осы сәтті пайдаланған ойраттың Байбағыс пен Далай тайшылары Есім сұлтанның еліне тиіседі, бірақ жеңіліс табады. Осы кездегі ұрыстарда жас Жәңгір хан өзінің қолбасшылық қабілетін байқатты. 1635 жылы қазақ елінің солтүстігінде көшіп жүрген Жәңгір ханның еліне Далай тайшы, Ғужи тайшы, Тәуірхожа тайшы бастаған қарақалмақтар шабуыл жасады. Жәңгір хан айналасындағы адамдармен қалмақтардың қолына түсіп, жеті жылдай тұтқында болды. Қалмақтар оны «лама» болсын деген ниетпен Тибетке жібере жаздады. Қалмақтардың әскери тактикасын молынан игерген Жәңгір ханды Батыр қонтайшының Өргесіне келген орыс елшісі Ремезов көріп, онымен тілдеседі. Кейін Жәңгір хан біраз серіктерімен еліне оралып, Қазақ хандығының билігін қолына алды. 1643 жылдың жазында қазақ қолын басқарған Жәңгір мен Жоңғар қолын басқарған Батыр қонтайшы арасында Орбұлақ шайқасы өтті. Осы шайқаста бар жоғы алты жүз қазақ қолы жоңғардың 50 мың қолына төтеп берді. Орбұлақ шайқасында Жәңгір мылтықпен қаруланған 300 адамды тау ішіндегі тар өзекке ор қазып бекінуге, ал екінші жартысын жоңғарлар тар өзектегі орға жеткенше таудың арғы бетіне жасырына тұруға бұйырды. Оның ойлағаны айнымай келіп, Батыр қонтайшы қаймықпай қорғанған ор-бекініске шабуыл жасайды, сол сәтте Жәңгір жауға ту сыртынан лап қойып, білтелі мылтықтарынан оқ жаудырды. Осы кезде Самарқаннан алшын Жалаңтөс баһадүр 20 мың қолмен көмекке келіп, 10 мыңнан аса адамынан айырылып күйрей жеңілген жоңғарлар кері шегінді. Осы шайқас Жәңгір ханның даңқын шартарапқа жеткізді. Жәңгір хан жоңғар билеушілеріне қарсы күресте моңғолдардың жәрдеміне сүйенуге де күш салып, тату көршілік қатынаста болу мақсатымен оларға екі рет елшілік жіберді. Елшілікті хан балалары Тәуке мен Аппақ сұлтандар басқарып барды. Оқыс оқиға тоғыз жылдан кейін Жәңгір ханды ауыр жарақатқа душар етті. Астындағы атының аяғы суырдың ініне кіріп кетуі, Жәңгір ханның қалмақтың жас батыры, Цецен ханның ұлы Ғалдаманың сілтеген шоқпарын бойына дарытуына себепші болды.
1. Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009
2. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Салқам Жәңгір хан
Жәңгір хан, Салқам Жәңгір (1608 - 1680) – Қазақ хандығының ханы, Есім
ханның баласы. Ол әкесінің тірі кезінде-ақ Қазақ хандығының шеткі
ұлыстарын, нағашы атасы Әбдірақым хан билейтін Тұрфанмен шекаралас жерлерін
басқарып жүрді. Жәңгір хан жоңғар қазақ жеріне тынымсыз шабуыл жасап тұрған
аса қиын кезеңде билік жүргізді. Бұл кезең қазақ-қалмақ ара-қатынасындағы
аумалы-төкпелі, текетірес жылдар болатын. 1620 жылы қазақтың Есім сұлтаны,
қалмақтың Алтын ханы, Шолай тайшы үшеуі ойраттарға қарсы одақ құрды. Алтын
хан Қарақұлдың елін шауып, бала-шағасын тұтқындайды. 12 жасар Жәңгір хан
осы кезде қалмақ елінде қазақ елшілігінің құрамында барды. Төрт жыл өткен
соң қазақ сұлтаны Есім мен шорастың тайшысы Қарақұл бірігіп, Ресей иелене
бастаған Тары бекінісіне шабуыл жасады. Осы сәтті пайдаланған ойраттың
Байбағыс пен Далай тайшылары Есім сұлтанның еліне тиіседі, бірақ жеңіліс
табады. Осы кездегі ұрыстарда жас Жәңгір хан өзінің қолбасшылық қабілетін
байқатты. 1635 жылы қазақ елінің солтүстігінде көшіп жүрген Жәңгір ханның
еліне Далай тайшы, Ғужи тайшы, Тәуірхожа тайшы бастаған қарақалмақтар
шабуыл жасады. Жәңгір хан айналасындағы адамдармен қалмақтардың қолына
түсіп, жеті жылдай тұтқында болды. Қалмақтар оны лама болсын деген
ниетпен Тибетке жібере жаздады. Қалмақтардың әскери тактикасын молынан
игерген Жәңгір ханды Батыр қонтайшының Өргесіне келген орыс елшісі Ремезов
көріп, онымен тілдеседі. Кейін Жәңгір хан біраз серіктерімен еліне оралып,
Қазақ хандығының билігін қолына алды. 1643 жылдың жазында қазақ қолын
басқарған Жәңгір мен Жоңғар қолын басқарған Батыр қонтайшы арасында Орбұлақ
шайқасы өтті. Осы шайқаста бар жоғы алты жүз қазақ қолы жоңғардың 50 мың
қолына төтеп берді. Орбұлақ шайқасында Жәңгір мылтықпен қаруланған 300
адамды тау ішіндегі тар өзекке ор қазып бекінуге, ал екінші жартысын
жоңғарлар тар өзектегі орға жеткенше таудың арғы бетіне жасырына тұруға
бұйырды. Оның ойлағаны айнымай келіп, Батыр қонтайшы қаймықпай қорғанған ор-
бекініске шабуыл жасайды, сол сәтте Жәңгір жауға ту сыртынан лап қойып,
білтелі мылтықтарынан оқ жаудырды. Осы кезде Самарқаннан алшын Жалаңтөс
баһадүр 20 мың қолмен көмекке келіп, 10 мыңнан аса адамынан айырылып күйрей
жеңілген жоңғарлар кері шегінді. Осы шайқас Жәңгір ханның даңқын шартарапқа
жеткізді. Жәңгір хан жоңғар билеушілеріне қарсы күресте моңғолдардың
жәрдеміне сүйенуге де күш салып, тату көршілік қатынаста болу мақсатымен
оларға екі рет елшілік жіберді. Елшілікті хан балалары Тәуке мен Аппақ
сұлтандар басқарып барды. Оқыс оқиға тоғыз жылдан кейін Жәңгір ханды ауыр
жарақатқа душар етті. Астындағы атының аяғы суырдың ініне кіріп кетуі,
Жәңгір ханның қалмақтың жас батыры, Цецен ханның ұлы Ғалдаманың сілтеген
шоқпарын бойына дарытуына себепші болды. Осы жекпе-жекте мертіккен Жәңгір
хан жиырма жыл сал болып жатып, өмірден қамкөңіл өтті. Қазақтардың Салқам
Жәңгір деп атауы осыдан. 1680 жылы әкесінің орнын басқан Тәуке хан тұсында
Қазақ елі едәуір есін жиды. Бұған қонтайшының екінші әйелі, 1635 жылы
Жәңгір ханмен бірге қалмақтарға тұтқынға түскен Ақтайлақ бидің қызы Жұмақас
көп септігін тигізеді. Жұмақас өзінің Сенге мен Ғалдан Бошақты сынды
балаларына нағашыларының еліне маза беруді өтінеді. Балалары анасының бұл
өтінішін жерге тастаған жоқ. Жәңгір ханның тұсында, оның баласы Тәуке
ханның заманында Қазақ елі жарты ғасырдай тыныштау, бейбіт өмір сүрді деуге
болады. Жәңгір ханның денесі Түркістанда, Қожа Ахмет Ясауи мешітіне таяу
жерге жерленіп, басына кесене тұрғызылған. Бірақ аталмыш кесене
сақталмаған. Дереккөздері: Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 3 том Түркістан
халықаралық энциклопедиясы 

Салқам Жәңгір хан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Басқа мағыналар үшін, Жәңгір-Керей хан деген бетті қараңыз.
Салқам Жәңгір хан
Қазақ ханы

1643 — 1652
Ізашары: Әз-Жәнібек хан
Ізбасары: Батыр хан
 
Дүниеге келуі: белгісіз
Қайтыс болуы: 1652 жыл
Жерленді: Түркістан
Әкесі: Есім хан
Балалары: Батыр хан, Тәуке
хан, Қайып хан

Салқам Жәңгір — туған жылы белгісіз, 1652 жылы қайтыс болған. Есім
ханның ұлы. Ол хан тағына Есім хан өлген соң отырды. Жәңгір хан бойы аласа,
бірақ мол денелі кісі екен. Сондықтан да халық оны "Салқам Жәңгір" атап
кеткен. Оның тұсында Батыр қонтайшы басқарып отырған жоңғар-ойраттардың
күшеюі байқалды. Олар Қазақ хандығына үздіксіз шабуыл жасап тұрды.

Жәңгір ханның билік еткен жылдары жоңғар феодалдарының қазақ жерін
жаулап алуға жасаған үздіксіз жорықтар кезеңіне сай келеді. Кейбір
мәліметтерге сәйкес, Жәңгір ханның ордасы Түркістанға таяу маңда
орналасыпты. Жәңгір хан Бұхар хандығымен одақтастық келісімге келіп, жоңғар
басқыншыларына қарсы күрес жүргізді. Сонымен бірге, ол қырғыздармен де
осындай қарым-қатынас орнатуға ұмтылды. Мұның бәрі жоңғар шабуылынан
қорғану мақсатынан туып еді. Дәл осы кезеңде қазақ хандығы мен ойрат
жоңғарлары арасындағы қарулы қақтығыстар жиілей түсті. Екі жақтың басшылары
көшіп-қонуға жайлы жерлер және Сырдария өзені бойындағы сауда орталықтары
үшін күрес жүргізді. Сол кезеңдегі тарихи мәліметтер бойынша, Жәңгір хан
тұсында қазақтар мен ойрат жоңғарлары арасында үш ірі шайқас болған:

▪ бірінші шайқас — 1635 жылы
▪ екіншісі — 1643-1644 жылдары
▪ үшіншісі — 1652 жылы
1635 жылғы шайқаста қазақ әскерлеріне Батыр қонтайшы бастаған жер
қайысқан қалың қол қарсы тұрды. Бұл ұрыстың нақты нәтижелері жөнінде
мәліметтер жоқ, бірақ шайқас кезінде Жәңгір ханның тұтқынға түсіп, біраз
уақыттан соң қашып құтылғаны туралы деректер кездеседі. Сол кезден бастап
Жәңгір хан жоңғарларға үнемі шабуыл жасап тұрады.

Екінші ірі шайқас 1643 жылы қыста Батыр қонтайшының қазақ жеріне шабуыл
жасауынан басталады. Жоңғарлар Жетісу өңірінің үлкен бөлігін жаулап алып,
он мыңға жуық адамды тұтқынға түсіреді. Жәңгір ханға көмекке 20 мың
сарбазымен Самарқан билеушісі Жалаң төс Баһадүр келеді. Жалаңтөс
Баһадүр қолының көмегі арқасында Жәңгір хан бұл шайқаста жеңіске
жетеді. Батыр қонтайшы шегінуге мәжбүр болады. Жеңіліске ұшыраған жоңғарлар
бұл ұрыста он мыңға жуық адамынан айырылады. Сақталып қалған тарихи
мәліметтер бойынша, бұл шайқаста Жәңгір хан зор қолбасшылық дарын мен
әскери шеберлік таныта білген.

Жәңгір хан жоңғарларға қарсы күресте моғолдар жағынан көмек алу үшін
біраз әрекет етті. Олармен тату көршілік қарым-қатынас орнату үшін екі рет
елші жіберді. Бұл дипломатиялық тапсырма Жәңгір ханның ұлдары Тәуке мен
Апақ сұлтандарға жүктелді.

1643-1644 жылдардағы шайқаста толық жеңілмеген жоңғарлар болашақта
болатын соғысқа мұқият дайындала бастады. Жоңғар қонтайшысы 1643-1644
жылдардағы жеңілістен кейін бытыраған иеліктерін біріктіріп, Сібірдегі орыс
қалаларынан қару-жарақтар және оқ-дәрілер сатып алады.

1652 жылы қазақтар мен жоңғарлар арасындағы үшінші ірі шайқаста қазақ
әскерлері жеңіліске ұшырап, Жәңгір хан қаза табады.

Абылай ханның өмірі – жас ұрпаққа өнеге

Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті
мемлекет қайраткері, арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ ордасының
негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң еңсегей бойлы ер Есім хан, Салқам
Жәңгір хан. Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Жәңгір ханның Уәлибақы,
Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда
Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның
қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ
келмейтін батыр болып, қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан көркем Уәли
туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған)
ақтабан шұбырынды жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді.
Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған
Сабалақ деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да
бағады. Бұл, Ш.Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13 жасар кезі болса
керек. Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ
даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатын, ел билеу
қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана тойтарыс
бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса бала кезінен
көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте
араласуына себепші болды. Бұқар, Үмбетей жыраулардың, т.б. ауыз әдебиетінің
ірі өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда, Абылай жиырма жасында қан майданда
ерлігімен танылған. Бұқардың Абылайға Сен жиырма жасқа жеткен соң, Алтын
тұғыр үстінде Ақ сұңқар құстай түледің деуі осының дәлелі. Қай жылы туса
да, 1730-33 жылдар аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт
Әбілмансұр жекпе-жекке шығып, қалмақтың бас батыры, қоңтажы Қалдан Сереннің
жақын туысы (кейбір деректерде күйеу баласы) Шарышты өлтіреді.
Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансұр
жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең
беделді әміршілердің біріне айналады. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі
ұмытылып, Абылай атанады.
Абылайдың жиырма жасы қай жылға сәйкес келуіне байланысты, қай шайқасқа
қатысқаны туралы болжам айтуға болады. Бұл, әрине, Абылай қатысқан алғашқы
соғыс емес. Ел әңгімелері, тарихи жырлар Сабалақ әуелде Бөгенбай
жасақтарының құрамында жорық-жортуылдарға қатысқанын айғақтайды. Аңырақай
шайқасына қатыспады дегеннің өзінде де, Абылайдың 1730-33ж. Болған бір ірі
шайқасқа қатысқаны дау тудырмайды. Тарихи деректерден Орта жүз жасақтары
мен жоңғарлардың арасында 1730 жылы да, 1731 жылы да бірнеше үлкен ұрыстар
болғаны белгілі. 1732 жылы жоңғарлардың 7 мыңнан астам әскері Орта жүздің
шығыс шетіндегі ауылдарына шабуыл жасап, тегеурінді тойтарысқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының 15 жылдығы
Қазақ хандарың билеген жылдары
Салқам Жәңгір хан
Қазақ хандығының жылнамасы
Жалаңтөс пен Жәңгір
Қазақ хандары мен билері
Жәңгiр ханның тұлғалық бейнесі
Әз Тәуке хан
Қазақ Хандығының Шежіресі
Жәңгір хан тұсындағы Қазақ хандығы
Пәндер