Балхаш көл


Балхаш көл

Экология проблемаларын терең зерттеу ғылымдар жүйсінде ең беделді орын алатынына күмән келтіруге болмайды. Бұл проблемалар адамзатқа өзін қоршаған ортамен одақтасып табиғаттың сырын, өзіндік ара қатынасын зерттеп, оның жандүниедеге болған әсерін сезіп байқап, мүмкін болатын экологиялық зардаптардың мөлшерін, таралған аумағын, экономикаға келтірер зиянын, жер бетіндегі тірі тіршілікке тигізетін қолайсыз құбылыстарын аңғарып біліп, оған қарсы пәрменді күрес жүргізу үлкен мәселе. Табиғатты қорғау мемлекет тің басты міндеті, адамзаттың абзал ісі. Туған табиғатты сүю өз Отанына деген шын сүйіспеншіліктің белгісі.

Ғылым мен техниканың ғарыштап өсуі, өндіріс орындарының географиялық аумақтарда алдын-ала зерттемей, талғамсыз орналасуы, ядролық, бактериялогиялық, химиялық, ракеталық сынақтарды өткізілуі, үлкен қалалардағы урбанизация мәселелерінің күрделенуі, ауылдың жерлердегі жер - суының эррозияға ұшырып жатуы үлкен проблема екені анық. Қазіргі Қазақстандағы экологияның жағдай төмен, тіршілік өмірге қауіпті деуге болады. Мәскеу профессоры «Химия қауіпсіздігі» одағының президенті Лев Федорович айтуынша:« Ресей мен Қазақстан ең бір ластанған экологиялық аймаққа жатады деді».

Совет заманында Қазақстан жерінде асығыс, сұрапыл, сапасыз жүргізілген әртүрлі индустриялды-аграрлы реформалар кесірінен, су - жер және өзге ресурстарды дұрыс пайдаланбаудың, Қазақстан жерінде әр-түрлі ядролық, биологиялық қарудың әскери және өзге де мақсатта жүргізілген сынақтары нәтижесінде қазіргі Қазақстанның экологиясы өте қауіпті жағдайда. Соған мысал ретінде «Тың жерді игеру» желеуімен жүргізілген қате реформаның нәтижесінде Қазақстандағы миллиондаған гектар жер эррозияға ұшырады ( бұның нәтижесінде тек экологиялық емес демографиялық проблемалар асқынып кетті ), батыстың капиталистік елдерімен болған қарсыластықтың нәтижесінде, әскери қару - жарақ жасау жарысында ( гонка вооружений ) Семей полигонында және өзге де Қазақ жеріндегі жүргізілген ядролық сынақтар нәтижесінде, сынақтардан кейінгі болған радиацияның әсері жергілікті тұрғындар үшін ғаламат қайғы-қасіретке айналды. Ал су проблемалары сол кездегі және қазіргі уақыттағы су ресурстарын дұрыс қолданбау, өзен суларының мөлшерден тым көп, ретсіз алынуының нәтижесінде пайда болды. Соған мысал ретінде Арал теңізі мен қазіргі Балхаш көлінің проблемаларын алсақ болады.

Балқаш экологиясы - Балқаш көлі алабындағы табиғи ресурстарды (әсіресе, су қорларын) тиімсіз пайдаланудың нәтижесінде Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағында 20 ғасырдың аяғында қалыптасқан табиғи, әлеуметтік және экономикалық жағдай. Оны негізгі 2 себеп тудырды. Ішкі себеп - Қапшағай су электр стансасының салынуына байланысты (1970) Іле өзені арнасының бөгелуі. Оған дейін Балқаш көлінің экологиялық тепе-теңдігін көлге құятын өзендер суы мен көл айдынынан буланған ылғал мөлшерінің тұрақтылығы қамтамасыз ететін. Жыл сайын көл алабындағы 15, 0 км³ су қорының 11, 9 км³-і (80%) Іле өз-мен келсе, қалған 3, 0 км³ су көлдің батыс бөлігінен шығыс бөлігіне ығысады. 1970 -1985 жылдардағы Балқаш көліне құятын өзендер суының жалпы ағымы 14, 9 км³-ден 11, 8 км³-ге кеміді, яғни көл жылына шамамен 3, 0 км³ су жоғалтып отырды. Көл алабынан алынатын су мөлшері жылына 7, 0 - 8, 0 км³-ге дейін өсті, оның 6, 5 км³ суы егін суғаруға, Қапшағай және басқа да бөгендерді толтыруға жұмсалды. Булануға кететін шығыны жылына 2, 0 км³-ге жетті. Осы себептерден 1970 жылдан су деңгейі күрт төмендеді. 1986 жылдың аяғында көл деңгейінің абсолют биіктігі 340, 54 м болды. Көл деңгейінің құлдырау жылдамдығы жылына 15, 6 см-ге жетті, бұл көрсеткіш 1908 - 1946 жылдардағы төмендеу жылдамдығынан (9, 2 см/жыл) біршама жоғары. Іле өзені атырауындағы батпақты-сулы алаптардың 2/3 бөлігі қысқарды. Қапшағай СЭС-і іске қосылған соң, тасқын су шығымы 1600 - 1800 м³/с-тан 700 - 800 м³/с-қа дейін төмендеді. Электр стансасы қажетіне байланысты су ағымы жылдам өзгеретін (0 - 1000 м³/с) болды. СЭС-тен төмен қарай өзен тасындылары (судағы қатты заттар) тоқтап, олар толығымен Қапшағай бөгенінде шөгетін болды. 1986 жылдың аяғында Балқаш көліне құятын Іле өзенінің тармақтарынан Шұбарқұнан, Иір, Базарбай және Қалғаніле ғана қалды. Су шығымының 90%-ы тек Иір тармағымен қосылған Қоғалы тармағына жинақталып, бір арнаға айналды. Кезінде суы арнасына сыймай жататын Жиделі тармағы шөгіндіге тола бастады. Көлдің оңтүстік жағалауындағы балықтардың уылдырық шашу аймағы түгелдей жойылып, атыраудағы 15 көл жүйелерінен тек 4 - 5-еуі ғана қалды. Осының салдарынан жыл сайын ауланатын балық мөлшері 17 - 18 мың тоннадан 10 - 11 мың тоннаға дейін төмендеп, балық сапасы да нашарлады. Мысалы, бұрын негізінен сазан ауланатын болса, кейін ауланатын балықтың 90%-ын табан, жайын, көксерке, т. б. құрады. Ал аты әйгілі көкбас, Балқаш қарабалығы 1970 жылдан бері кездеспейтін болды. 1980 жылдан бастап көлдегі балықтар судағы пестицидтер мөлшерінің көбеюінен жаппай фибриалды саркома (қатерлі ісік жаралары) кеселімен ауыра бастады. Көл суының минералдығы күрт өсті. Балқаш металлургия кәсіпорындарының өндіріс қалдықтарының әсерінен суда ауыр металдар (мыс, мырыш, қорғасын, кадмий, т. б. ) мен күкірт оксидтерінің мөлшері көбейді. Балқаш алабынан атмосфераға түсетін әр түрлі газдардың көлемі жылына 250 мың тоннаға жетті. Бұл газдар көл бетінен буланған ылғалмен қосылып, жерге қайтадан қышқыл жаңбыр болып жауады. Жауын-шашынның минералдығы 3 еседен астам өсті. Құрғап қалған аумақтардан көтерілген шаң-тозаңның әсері биік таулы аймақтардағы мұздықтардың еріп, ұсақтануына әкелді. Мысалы, 1974 жылдан бері Іле Алатауындағы аум

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Іле – Балхаш бассейіндегі кәсіптік маңызы бар балық түрлерінің биологиялық сипаттамасы
Балқаш көлінің бассейініне физикалық-географиялық сипатама
Балхаш көлінің даму тарихы мен экологиялық жағдайы
ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТ ПРОЦЕСІ
Балқаш көлінің экологиялық мәселелері
Микробалдырлардың түрлік құрамын анықтау
Өндірістік шығарындылардың Балқаш көліне тигізетін әсері
Қапшағай су қоймасында мекендейтін тыран балығының биологиялық сипаттамасы және кәсіпшілік маңызы
Балхаш көлі «табиғи парадокс» және оның құрып кету қаупі
Қазақстанның су қоймалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz