Автоматтандырылған ақпараттық жүйе (Глоссарий)



1 Автоматтандырылған тестілеу
2 Ағаштәрізді құрылымы бар веб.сайт
3 Ақпаратты сақтау және iздестiру
4 Бағдарламалық.аппараттық кешен
5 Брандмауэр
6 Гипербайланыс . Гиперсвязь
7 Динамиқалық IP адрес
8 Компилятор
9 Кіріккен қызметтері бар цифрлық желі
10 Қолданбалы бағдарлама интерфейсі
11 Мультимедиа
12 Оқытудың интерактивтілігі
13 Педагогикалық ақпараттық технологиялар
14 Пошталық хабарларды жеткізудің жеңілдетілген хаттамасы
15 Сақиналық желі, сақиналанған желі
16 Ішкі бағдарламаның формальды параметрлері
ААЖ (автоматтандырылған ақпараттық жүйе) – АИС (автоматизированная информационная система) – ақпаратты компьютерлік жинау, өңдеу, топтау, сақтау және формалды қолжетерлік түрде пайдаланушыға ұсыну жүйесі.
Автоматтандырылған тестілеу (компьютерлік тестілеу) – Автоматизированное тестирование (компьютерное тестирование) – тестілеудің арнайы бағдарламалық жүйесі мен онда орналастырылған тестілердің көмегімен оқушылардың білімін тексеру.
Агенттер – Агенты – бір проблемаға, процеске, құбылысқа, оқиғаға әр түрлі көзқарасы бар мамандар.
Ағаштәрізді құрылымы бар веб-сайт (Веб-сайт с древовидной структурой (Tree web site)) – әр түрлі опций жинағы мен сайтта ақпаратты қарап шығуға арналған баптауы бар генеалогиялық ағашқа ұқсас ұйымдастырылған сайт.
Ағынды аудио – Потоковое аудио (Streaming audio) – файл толығымен жүктелместен бұрын браузер арқылы ойнала бастайтын аудио файл.
Ағынды бейне (Потоковое видео (Streaming video)) – сіздердің компьютерлеріңізге клиптің тұтастай жүктелуінің аяқталуын күтпестен оны Интернет бойынша қарап шығуға болатын бейне.
Аймақтық шоғырлағыш – региональный концентратор (Point of Presence (POP)) (точка входа в сети – желіге кіру нүктесі) – желілерге қосу үшін Интернет қызметінің провайдері пайдаланатын аймақтық шоғырлағыш.
Айналдыру жолағы – Полоса прокрутки – қапшықтардың терезелерін басқару элементі. Сырғытпасы бар жолақ болып табылады. Терезедегі мәліметтер жұмыс аймағына сыймаған жағдайда ғана ол экранда бейнеленеді. Терезенің жұмыс аймағынан тыс тұрған қапшықтағы барды қарап шығуға мүмкіндік береді.
Ақпарат – Информация – адамның қоршаған әлем туралы хабар алушылыған айқындайтын мағлұматтар.
Ақпарат – Информация – айналадағы дүние туралы мағлұматтар.
Ақпарат – Информация – объектілер мен құбылыстар, олар туралы бар анықталмағандық дәрежесін азайтатын олардың параметрлері, қасиеттері мен қалып-күйі туралы мағлұматтар.
Ақпарат (жаңалық енгізу тұрғысынан) – Информация – хабарламалар (сигналдар) арқылы берілетін шынайы әлемнің ақиқаттық көрінісі.
Ақпарат – Инфор¬ма¬ция; information) – 1) таңбалар мен сигналдар түрiнде берiлетiн белгiлi бiр объектiлер, құбылыстар немесе жан-жануарлар дұниесi туралы мағлұматтар. 2) есептеу техника¬сында – компьютерге енгiзiлетiн, оның жадында сақта¬лынатын, қажет кезiнде өңделiнетiн және сыртқы ортаға берiлетiн мәлiметтер жиыны.
1. Бауман Я., Бобковский Г. Англо-русский научно-технический словарь. – М., 1998.
2. Е. Балапанов, А Есжанов, Б. Бөрiбаев, Информатика терминдерiнің түсiндiрме сөздiгi, 2000.
3. Ваулина Е.Ю. Толковый словарь пользователя РС. Изд–во "Атон", СПб., 1998.
4. Григорьев В.Л. Англо-русский толковый словарь РС. –М: 1997.
5. Информатика. Русско-английский терминологический словарь. –М., 1992.
6. Қазақ тiлi терминдерiнің салалық ғылыми түсiндiрме сөздiгi: Информатика және компьютерлiк техника, Алматы "Мектеп", Жалпы редакциясын басқарған А.І. Құсайынов, 2002.
7. Лемешко Е., Лемешко Н. Англо–русский толковый словарь новейшей компьютерной терминологии: Ред. Ахметов К. –М., 1998.
8. Першиков В.И., Савинков В.М. Толковый словарь по информатике. –2–изд., доп. –М., 1995.
9. Якубайтис Э.А. Информационные сети и системы. Справочная книга. –М.: Финансы и статистика, 1996.

Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   
ААЖ (автоматтандырылған ақпараттық жүйе) – АИС (автоматизированная
информационная система) – ақпаратты компьютерлік жинау, өңдеу, топтау,
сақтау және формалды қолжетерлік түрде пайдаланушыға ұсыну жүйесі.
Автоматтандырылған тестілеу (компьютерлік тестілеу) – Автоматизированное
тестирование (компьютерное тестирование) – тестілеудің арнайы бағдарламалық
жүйесі мен онда орналастырылған тестілердің көмегімен оқушылардың білімін
тексеру.
Агенттер – Агенты – бір проблемаға, процеске, құбылысқа, оқиғаға әр
түрлі көзқарасы бар мамандар.
Ағаштәрізді құрылымы бар веб-сайт (Веб-сайт с древовидной структурой
(Tree web site)) – әр түрлі опций жинағы мен сайтта ақпаратты қарап шығуға
арналған баптауы бар генеалогиялық ағашқа ұқсас ұйымдастырылған сайт.
Ағынды аудио – Потоковое аудио (Streaming audio) – файл толығымен
жүктелместен бұрын браузер арқылы ойнала бастайтын аудио файл.
Ағынды бейне (Потоковое видео (Streaming video)) – сіздердің
компьютерлеріңізге клиптің тұтастай жүктелуінің аяқталуын күтпестен оны
Интернет бойынша қарап шығуға болатын бейне.
Аймақтық шоғырлағыш – региональный концентратор (Point of Presence (POP))
(точка входа в сети – желіге кіру нүктесі) – желілерге қосу үшін Интернет
қызметінің провайдері пайдаланатын аймақтық шоғырлағыш.
Айналдыру жолағы – Полоса прокрутки – қапшықтардың терезелерін басқару
элементі. Сырғытпасы бар жолақ болып табылады. Терезедегі мәліметтер жұмыс
аймағына сыймаған жағдайда ғана ол экранда бейнеленеді. Терезенің жұмыс
аймағынан тыс тұрған қапшықтағы барды қарап шығуға мүмкіндік береді.
Ақпарат – Информация – адамның қоршаған әлем туралы хабар алушылыған
айқындайтын мағлұматтар.
Ақпарат – Информация – айналадағы дүние туралы мағлұматтар.
Ақпарат – Информация – объектілер мен құбылыстар, олар туралы бар
анықталмағандық дәрежесін азайтатын олардың параметрлері, қасиеттері мен
қалып-күйі туралы мағлұматтар.
Ақпарат (жаңалық енгізу тұрғысынан) – Информация – хабарламалар
(сигналдар) арқылы берілетін шынайы әлемнің ақиқаттық көрінісі.
Ақпарат – Информация; information) – 1) таңбалар мен сигналдар түрiнде
берiлетiн белгiлi бiр объектiлер, құбылыстар немесе жан-жануарлар дұниесi
туралы мағлұматтар. 2) есептеу техникасында – компьютерге енгiзiлетiн, оның
жадында сақталынатын, қажет кезiнде өңделiнетiн және сыртқы ортаға
берiлетiн мәлiметтер жиыны.
Ақпарат берушi (Информатор; informator) –1) қандай да бiр бiлiм немесе
өндірiс саласында ақпараттық қызмет атқаратын маман. 2) пайдаланушыға
автоматтық түрде хабар жеткiзетiн жүйе. 3) қолданбалы бағдарламалар
бумасының құрауышы. Ол берiлген бумамен мәселенi шешу барысы туралы хабар
беруге арналған.
Ақпарат теориясындағы бит – Бит в теории информации – екі тең ықтимал
хабарды ("жаңа"–"ескі", "жұп"–"тақ" және т.б. типті) ажырату үшін қажетті
ақпарат мөлшері. Компьютерлік техникада бит деп мәліметтер мен командаларды
машинаішілік ұсынуға пайдаланылатын "0" және "1" екі таңбаның бірін
сақтауға қажетті компьютер жадының ең аз үлесін айтады.
Ақпаратқа қатынас құру (Доступ к информации; access to information) –
ақпаратпен танысу, оны өңдеу (көшірмесiн алу, жою немесе мағынасына тимей
ақпаратқа өзгерiс енгiзу).
Ақпаратты басқару тiлi (Язык управления информацией; control language
information) – ақпараттық базаға қатынас құруды және мәлiметтердi iздестiру
мен өңдеуге байланысты операцияларды орындауды жасақтайтын ақпараттық
iздестiру тiлi.
Ақпаратты қорғау (Защита информации; protect information) – 1)
мәлiметтерге, бағдарламаларға, аппаратураларға рұқсатсыз қатынас құруға жол
бермеу. 2) мәлiметтер мен бағдарламаларды жоғалтпай, олардың тұтастығын
сақтау. Құрылғылардың электрмен қоректенуi кенет ұзiлген жағдайда да,
ақпараттың дискiге жазылып, тұтас сақталуын қамтамасыз ету.
Ақпаратты өңдеу (Обработки информации; information processing) – 1)
берiлген бағдарлама бойынша мәлiметтермен белгiлi бiр әрекеттердi орындау.
Мұндай әрекеттерге мәлiметтердi iздестiру, сорттау, оларды талдау және
бiрiктiру жатады. 2) алдын ала анықталған мақсатқа жету үшін берiлген
мәлiметтердi (бiр ережеге жинастырылғын нұсқаулар бойынша) түрлендiру
әдiсi.
Ақпаратты өңдеу жүйесi (Система обработки информации; information
processing system) – ақпаратты автоматты түрде өңдеудің аппараттық
бағдарламалық құралдары мен әдiстерiнің жиынтығы.
Ақпаратты сақтау және iздестiру (Сохранение и поиск информации;
information storage and retrieval) – ақпаратты сақтау дегенiмiз келешекте
пайдалану үшін оны қосалқы сақтауыш құрылғы – магниттiк таспаға немесе
магниттiк дискiге жазып алу. Сақтау – ақпаратпен жүзеге асырылатын негiзгi
операциялардың бiрi және бiр шама уақыт аралығы өткеннен кейiн оны қайта
пайдалануға қол жеткiзудi қамтамасыз ететiн негiзгi тәсiл. Ақпаратты
iздестiру дегенiмiз сақталған ақпаратты тауып алу және оны өңдеу мақсатында
жүзеге асырылатын негiзгi операциялардың бiрi.
Ақпаратты сақтау құрылғысы, жинақтағыш – Устройство хранения информации,
накопитель (Storage device) – сіз файлдарды сақтайтын құрылғы, мысалы,
қатқыл дискі, жинақы дискі, таспалық пен оптикалық жетектер.
Ақпаратты тасуыш (Носитель информации; data medium) – өзiне белгiлi бiр
тәсiлмен енгiзiлген кодтаулы ақпаратты Ұзақ уақыт сақтауға қабiлеттi
физикалық дене. Оған магниттiк таспалар, карталар, дискiлер және т.б.
жатады.
Ақпаратты ұсынудың екiлiк формасы (Двоичная форма представления
информации) – кез келген мәлiметтердi (ақпараттарды) тек екi символдың – 0
және 1 тiзбегi арқылы бейнелеу түрi (коды).
Ақпаратты шығарып оқу (Считывание информации) – қандай болса да ақпарат
тасуышта жазылған ақпаратты оқу (шығарып алу). Ақпарат тасуыштың типiне
және сақтау принципiне байланысты ақпаратты шығарып оқуды ақпарат тасуышты
алғашқы қалып-күйге келтiру арқылы немесе өзгерiссiз-ақ iске асыруға
болады. Ақпаратты шығарып оқудың бiрiншi тәсiлiнде ақпарат жойылады да,
қайта шығарып оқу үшін оны алғашқы қалпына келтiру қажет. Ал ақпаратты
шығарып оқудың екiншi тәсiлiнде ақпарат сақталынады. Ақпараты жойылмайтын
шығарып оқуды барлық ақпарат тасуышқа қолдануға болмайтындықтан, арнайы
жинақтағышты (мыс., магниттiк таспаны немесе дискiнi, биакстарды,
трансфлюксорларды) пайдалану талап етiледi.
Ақпараттық iздестiру жүйесi (Информационно-поисковая система; informtion
retrieval system) – форматталған сұраным бойынша мәлiметтердi сақтауға және
iздестiруге арналған бағдарламалық жүйе.
Ақпараттық iздестiру тiлi (Информационно-поисковой язык; informtion
retrieval language) – компьютердің ақпараттық iздестiру жүйесiндегi
құжаттарды немесе олардың үзінділерiн сипаттау үшін арнайы әзiрленген
жасанды тiл; оның көмегімен ақпаратты iздестiру жүйесiнің жадынан
пайдаланушылардың талап-тiлектерiне лайықты ақпаратты iздестiруге
сұраныстар құрастырылады.
Ақпараттық анықтамалық жүйе (Информационно – справочная система;
inguiry system) – айрықша активтi режiмде жұмыс iстейтiн және тұтынушыны
анықтамалық сипаттағы мәлiмдемелермен жасақтайтын автоматтандырылған
ақпараттық жүйе.
Ақпараттық база (Информационная база; information base) –
автоматтандырылған жүйелерде – сыртқы тасуыштарда орналастырылған және
бағдарламалар мен компьютерде жұмыс iстейтiндердің пайдалануына арналған
мәлiметтер жиынтығы. Мыс., мәлiметтер банкiсiнде – ақпараттық база
дегенiмiз ақпараттық ресурстың бөлігi, ал оған мәлiметтер базасы мен оның
сипаттамалары, яғни мәлiметтер туралы ақпарат кiредi.
Ақпараттық байт (Информационный байт; information dyte) – ақпараты бар
байт. Бұл байттардың толтырушы байттардан ерекшелiгi ақпаратты алып келедi.
Ақпараттық банк (Информационный банк; information bank) – ақпаратты
өңдеу мен сақтау мүмкіндiгiн жасақтайтын ақпарат, техника, бағдарлама, тiл
және Ұйымдастыру құралдарының кешенi.
Ақпараттық бит (Информационный бит; data bit) – мәлiметтер битi,
ақпарат әкелетiн бит (толтырушы биттен ерекшелiгi).
Ақпараттық бума (Информационный пакет; information batch) – есептеу
желiлерiнде – мәлiметтердi басқару бағдарламасымен берiлетiн ақпарат
жиымынан тұратын бума.
Ақпараттық білім беру ортасы (АБО) – Информационно–образовательная среда
(ИОС) – бұл Интернет ортасындағы кәсіби мамандықтан (ұсынылатын білім беру
деңгейінен), ұйымдастыру-құқықтық формалардан және оқу мекемелерінің
меншіктілік формаларынан тәуелсіз оқу процесін жүргізудің біртұтас
технологиялық құралдары бар бағдарламалық-телеқатнастық және педагогикалық
кеңістік. Оған тән үш нышанды ерекшелейді: педагогикалық жүйемен қамтамасыз
етілетін ішкі жүйелер: қаржылық, материалдық-техникалық, маркетингтік,
нормативтік-құқықтық; ақпараттық ресурстарды әзірлеуге арналған иерархиялық
әдістер және олармен жұмыс істеу; қашықтықтан педагогикалық іс-әрекетке
интерактивтілік қатынас құруға қызығушылық танытушы, мұндай қатынас құруға
техникалық мүмкіндігі бар және оған шынайы қатынас құруды қабылдаған бөліп
үлестірілген кеңістіктегі субъектілер қоғамдастығы.
Ақпараттық білім беру ортасы (АБО) – Информационно–образовательная среда
(ИОС) – оқу процесін жүргізудің, оны Интернет ортасында оқу мекемелерінің
кез келген санына, олардың кәсіптік мамандануына (ұсынылатын білім
деңгейіне), ұйымдық құқықтық формасы мен меншіктік формасына тәуелсіз түрде
ақпараттық қолдау мен құжаттаудың біртұтас технологиялық құралдары бар
бағдарламалық-телебайланыстылық пен педагогикалық кеңістік.
Ақпараттық есептеу орталығы (Информационно-компьютерный центр;
information computer center) – автоматтандырылған ақпараттық жүйемен
жабдықталған және пайдаланушыларға ақпараттық қызмет көрсететiн, сондай-ақ,
кең ауқымды есептеу мәселелерiн шешетiн есептеу орталығы.
Ақпараттық жасақтама (Информационное обеспечение; information support) –
автоматтандырылған жүйеде пайдаланылатын ақпаратты топтастыру мен кодтау
жүйелерiнiң, құжаттаудың үйлестiрiлген жүйелерi мен ақпарат жиымдарының
бiртұтас жиынтығы. Ол сыртқы және iшкi ақпараттық жасақтама болып екi түрге
бөлінедi.
Ақпараттық желi (Информационная линия; information line) – компьютердің
енгiзу-шығару тұрақты интерфейсiнде – мәлiметтердi арнадан сыртқы
құрылғыларды басқару құрылғысына және одан арнаға жеткiзуге арналған желi
түрi.
Ақпараттық желі – Информационная сеть – мәліметтерді өңдеуге, сақтау мен
жеткізуге арналған желі.
Ақпараттық жиым (Информационный массив; information array) – сақтауыш
құрылғыда сақталатын мәлiметтер жиынтығы.
Ақпараттық жүйе (Информационная система; information system) – қойылған
мақсатқа жету жолында ақпаратты сақтау, өңдеу және басқаларға жеткiзу үшін
пайдаланылатын құралдардың, әдiстердің және адамдардың өзара байланысты
жиынтығы.
Ақпараттық қауіпсіздік – Информационная безопасность – қорғалатын
ақпараттың үш негізгі қасиетін: құпиялығын, тұтастығын, дайындығын сақтау
мақсатында ақпаратқа қатынас құру мен қызметтік биліктерін шектеуді
қамтамасыз ететін жүйелік қызмет.
Ақпараттық қызмет көрсету (Информационное обслуживание; information
service) – ақпаратпен жұмыс iстейтiн мекемелер мен қызметкерлердi қажеттi
мәлiметтермен қамтамасыз ету.
Ақпараттық модель (Информационная модель; information model) – 1)
басқару жүйесiнде – автоматтандырылғын өңдеуге жататын ақпарат айналымының
процесiн параметрлiк ұсыну. 2) қара: Мәлiметтер моделi.
Ақпараттық модуль (Информационный модуль; information module) –
ақпараттық-есептеу процестерiн және олардың есептеу желiсiмен
әрекеттестiгiн сипаттайтын логикалық құрылымның элементi.
Ақпараттық міндет (Информационная задача; information task) –
мәлiметтердi құрастыруға, iздестiруге, таңдауға және оларға өзгерiстер
(жаңарту, қосу, жою, қайта ұйымдастыру) енгiзуге байланысты міндет.
Ақпараттық орган (Информационный орган; information organ (department) –
ақпараттық жұмысты тұрақты түрде жүзеге асыратын мекеме немесе бөлімше.
Мұндай ұйымға ақпараттық орталықтар, ақпараттық институттар, ақпараттық
бөлімдер және т.б. жатады.
Ақпараттық орталық (Информационный центр; information center) – белгiлi
бiр мәселелер бойынша мекемелер мен кәсiпорындарға ақпараттық қызмет
көрсетудi жүзеге асыратын ақпараттық орган.
Ақпараттық өріс (Информационное поле; information field) – есептеу
желiлерiнде – басқару аймағының соңғы битi мен кадрдi тексеру тiзбегiнің
бiрiншi битiнің арасында тұрған биттер тiзбегi.
Ақпараттық ресурстар – Информационные ресурсы – бұл адамзат баласының
идеялары және оларды іске асыру бойынша қайта өндіруге мүмкіндік беретін
формада жинақталған ақпараттар жиынтығы.
Ақпараттық ресурстар – Информационные ресурсы – қалыптасқан идеялар мен
білімдер, әр түрлі мәліметтер, оларды жинақтау әдістері мен құралдары,
ақпарат көздері мен ақпарат тұтынушылар арасындағы алмасатын ақпараттар .
Ақпараттық ресурстар (Информационные ресурсы; information resources) –
кiтапханаларда, мұрағаттарда, ресурстарда, мәлiметтер банкiлерiнде және
басқа да ақпараттық жүйелерде жеке құжаттар немесе олардың жиымдары түрiнде
шоғырланған мәлiметтер жиынтығы.
Ақпараттық сенiмдiлiк (Информационная надежность; information
reliability) – алғашқы мәлiметтерде әр түрлi қателер болған жағдайда
алгоритмнің немесе бағдарламаның өз қызметiн дұрыс орындау қабiлеттiлiгi;
ақпараттық жүйелердің онда сақталған мәлiметтердің тұтастығын жасақтау
қабiлеттiлiгi.
Ақпараттық технология – Информационная технология – бұл ақпаратты өңдеу
үшін адамдардың пайдаланатын әдістері мен құрылғыларының жиынтығы.
Ақпараттық технология – Информационная технология – бұл ақпаратты
пайдаланудың қиын процестерін төмендету мақсатымен ақпаратты жинастыруды,
өңдеуді, сақтауды, таратуды (көлікпен жөнелтуді) және бейнелеуді қамтамасыз
ететін технологиялық тізбекке біріктілілген әдістердің, өндірістік
процестердің және бағдарламалық техникалық құралдардың жиынтығы.
Ақпараттық технологиялар – Информационные технологии – бұл білімдік
ақпаратты сақтау мен өңдеуді, оны білім алушыларға жеткізуді, студенттің
оқытушымен немесе педагогтық бағдарламалық құралдармен интерактивті өзара
әрекетін, сондай-ақ студенттердің білімдерін тестілеуді қамтамасыз ететін
компьютерлік техниканы пайдалануға негізделген аппараттық-бағдарламалық
құралдар.
Ақпараттық технологиялар – Информационные технологии – техникалық және
әлеуметтік процесстерді басқару бойынша адамдардың білімін кеңейтетін және
олардың мүмкіндіктерін дамытатын ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, жеткізу
және ұсыну әдістері мен құралдарының жиынтығы; бұл – адамдар қатысатын
әрекеттер мен қалыпты процедуралардың, есептеуіш машиналардың және
объектілер немесе ақпаратты берілген формада ұсыну және өңдеу процестері
туралы мәліметтердің (ақпараттың) жиынтығы.
Ақпараттық техонология (Информационная технология; information
technology) – 1) объектiнiң, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа
ақпарат алу үшін мәлiметтердi жинау, өңдеу, жеткiзу тәсiлдерi мен
құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс. 2) ақпаратты өңдеу үшін
пайдаланылатын технологиялық элементтердiң, құрылғылардың немесе әдiстердің
жиынтығы.
Ақпараттық ұрлық (Плагиат (Plagiarism)) – басқа адамдар әзірлеген
мәліметтер мен ақпаратты өзінің меншікті шығармасы ретінде көрсетіп
пайдалану.
Ақпараттық іздестіру жүйесі – Информационно-поисковая система –
мәліметтер базасындағы ақпаратты іздестіруге арналған жүйе.
Ақпараттық іс-әрекет (Информационная деятельность; information activity)
– жеке адамдардың, ұжымның немесе ұйымдардың жүйелi түрде жүзеге асыратын
ақпаратты жинау, түрлендiру, сақтау, iздестiру және тарату процестерiнің
жиынтығы.
Ақпараттық-логикалық машина (Информационно–логическая машина; logical
information machine) – күрделі логикалық мәселелердi шешу мен
пайдаланушыларға ақпараттық қызмет етуге арналған автоматтандырылған жүйе.
Мұндай мәселелерге теореманы дәлелдеу, ғылыми бақылаулардың нәтижелерiн
өңдеу, шет ел мәтiндерiн аудару және т.с.с. жатады.
Ақпараттың жинақылығы (Компактность информации; compactness of
information) – ақпаратты Ұсынуда оның мағыналық мазмунын сақтай отырып ең
аз таңбалық көлемдi құрайтын ақпарат қасиетi.
Ақпараттың құндылығы (Ценность информации; information balue) – адамның
мақсат етiп қойған қызметiнің алуан түрлi саласында практикалық пайдалануға
жарамдылығымен анықталатын ақпарат қасиетi.
Алгоритм – нақты мәселені шешуге қажетті әрекеттердің формальданған
тізбегі.
Алдынала тестілеу – Тестирование предварительное – оқыту курсының
(бағдарламасының) басталғанына дейінгі өткізілетін тестілеу. Тестілеудің
мақсаттары оқыту процесіне (қабылдау сынағына) жіберу немесе оқушылардың
бастапқы білім деңгейіне сәйкес жоспар мен бағдарламаға түзету енгізу бола
алады.
Алмастыру буфері – Буфер обмена – қосымшалардың арасында мәліметтерді
алмастыру үшін Windows жүйесі резервтейтін жедел жад аймағы.
Алыстағы оқытушы-кеңесші – Удаленный преподаватель-консультант –
қашықтықтан қатынас құру арқылы өз қызметін атқаратын оқытушы-кеңесші.
Алыстағы пайдаланушы – Удаленный пользователь – алыстағы компьютермен
модем немесе телефон желісі көмегімен байтаныс жасай алатын терминалмен
жұмыс істейтін пайдаланушы.
Альфа-тестілеу – Альфа тестирование – меншікті қызметкерлерінің күшімен
меншікті жабдықта оның дайындаушысымен орындалатын бағдарламаны тестілеу
процесі. Альфа-тестілеудің мақсаты – бағдарлама алгоритмі мен бағдарламалық
кодтың кателіктерін жою. Бета-тестілеуді қараңыз
Аналогтық желі – аналоговая линия (Аnalog line) – телефон желілерінде
пайдаланылатын сөз ауқымының телеқатынастық желісі. Аналог желісі бойынша
компьютерлік байланыс әрбір желінің соңына қосылатын және цифрлық ақпаратты
аналогқа және кері түрлендіретін модем арқылы жүзеге асады.
Анимация – мультипликация әсерін жасайтын экрандағы объектілердің түрін,
формасын, мөлшерін немесе өзара орналасуын өзгерту.
Аппараттық жасақтама – Аппаратное обеспечение – техникалық құрылғылар мен
аспаптардың жиынтығы. Компьютерлік жүйенің қажетті элементі.
Аппараттық жасақтама – Аппаратное обеспечение (Hardware) – Сіздің
желіңізді құратын физикалық жабдық.
Аралас (будан) желі – Гибридная сеть (Hybrid mesh network) – өзіне аз
дегенде құрудың әр түрлі екі топологиясын үйлестіретін желі.
Аралық тестілеу – Тестирование промежуточное – оқыту процесіне түзетулер
енгізу үшін, әдеттегідей, курсты оқып білу барысы бойынша ұйымдастырылатын
тестілеу, өзін өзі тестілеу түрінде жиі ұйымдастырылады.
Архитектура (Architecture) – оның көмегімен желіге кіретін компьютерлер
арасында ақпарат жеткізілетін желіні ұйымдастыру тәсілі.
Архитектура AppleTalk (AppleTalk Architecture) – Apple компьютерлерінің
арасында ақпарат жеткізуді басқару үшін Apple компаниясы дайындаған
архитектура.
Архитектура ARCNet (ARCNet architecture) – ең ескі желілік архитектура.
Архитектура Ethernet (Ethernet architecture) – аса танымал және шығыны ең
аз, өзіне келесі топологияларды – жұлдыз, тізбектей қосу, сақина және
аралас түрлерін – қамтитын желілік архитектура.
Архитектура Token-ring (Token-ring architecture) – ірі мекемелерде жиірек
қолданылатын, бірақ қазіргі сәтте практикалық ескірген архитектура.
Асинхрондық қарым-қатынас – Асинхронное общение – форумдар, хабарландыру
тақталары, электрондық пошта.
Аспаптар тақтасы – Панель инстртрументов – қапшықтар мен қосымшалардың
терезелеріндегі басқару элементі. Батырмалары бар тақта болып табылады. Жиі
пайдаланылатын қомандаларға қатынауды жеңілдетеді.
Аспаптар тақтасы, бағыттаушы тақта – Панель инструментов, навигационная
панель – басқа web-бетке немесе мультимедиа компонентіне гиперсілтеме
қызметін орындайтын пиктограммалар тақтасы.
Аспаптық құралдар – Инструментальные средства – оқытудың виртуальдық
ортасында жаңа бағдарламаны жаңартумен немесе жасаумен байланысты міндетті
атқаратын, ең аз дегенде мәтіндік редакторды, трансляторды, графикалық
редакторды, жүктеуішті, сондай-ақ баптау бағдарламаларын қамтитын
бағдарламалар жинағы.
Ассемблер 1. Арнайы шартты белгілеулердің көмегімен машиналық кодта
жазылған бағдарламаның бастапқы кодын аударатын қызметтік бағдарлама
(компилятор). 2. Мнемоник деп аталатын шартты белгілеулердің көмегімен
процессордың командалар жүйесіне кіретін оның нұсқауларын ұсыну туралы
ережелер мен келісімдердің жүйесі.
Ассемблердің мнемоникалары – Мнемоники ассемблера – процессордың сандық
командаларын адам үшін түсінікті мәтіндік түрде ұсыну үшін қабылданған
шартты белгілер. Әдетте командалардың мәтіндік сипаттамаларының
мнемоникалары ағылшындық қықартулармен өрнектелген. Мысалы: DJNZ =
Decrement and Jump if Not Zero (санды бір бірлікке кішірейту керек және,
егерде ол нөлге тең болмаса, көрсетілген адреске өт).
Атаулардың кеңеюі – Расширение имени – файл атауындағы соңғы нұктеден
кейінгі символдар комбинациясы.
Аудиобейнежүйе – Аудиовидеосистема – мәліметтердің әр алуан типін
өңдейтін жүйе.
Аудиоконференция – желілік технология жүйелерді, қатынастық жүйелерді,
компьютерлік технологияларды немесе телефонды пайдалану арқылы әр түрлі
географиялық нүктелерде тұрған бірнеше адамның дыбыстық қарым–қатынасы.

Аудиоконференция (audioconferencing) – бұл конференцияға қатысушыларды
дыбыстық жалғастыру кезінде болатын телеконференцияның бір түрі. Аудио
конференцияны байланыстың цифрлық та, аналогтық та жүйлерінде ұйымдастыруға
болады. Аудио конференция бір жақты бейне (one-way video), серіктік ТД
үйлесімінде, сондай-ақ селекторлық кеңестер өткізу үшін кеңінен
пайдаланылады.

Аудио-пошта – Аудио-почта – аудио-сигналдарды цифрлық таңбаға және
керісінше түрлендіретін, телефон бойынша дауыстап ақпарат алмасатын, әрі
оларды цифрлық түрде компьютерде сақтауға арналған арнайы құрылғы.
Аутентификация – Аuthentication – пайдаланушының өзі екендігін және оның
жұмыс істеуге заңдылығын анықтайтын қорғау құралы.
Ашық білім беру – Открытое образование – оның білімдік цензасы мен
кезеңдік регламентациясын және жеке курсты оқып білудің ұзақтығын,
білімдерді формальды ету негізінде дамитын бағдарламаларды, оларды
қашықтықтан оқытудың ақпараттық және педагогикалық технологияларын жеткізу
мен тексеруді талдамастан, кез келген ықылас білдірушінің қолы жететін
білім алудың иикемді жүйесі.
Ашық білім беру (АБ) – Открытое образование (ОО) – білім алушының
мақсатты, тексерілетін, қарқынды өзіндік шығармашылық жұмыс істеуін
қамтамасыз ететін білім алу мен білім алуды дамыту жүйесі, бір немесе
бірнеше оқу мекемелерінің орналасу орына, сондай-ақ білім алушының тұрған
жері және оқу орнына тәуелсіз оның бағдарламаны, оқытушыны, оқу графигі мен
формасын таңдау мүмкіндігі, тұлғалық бағыт бойынша бүкіл ғұмыр бойы оқып
білім алу мүмкіндігі.
Ашық білім беру (жүйе) – Открытое образование (система) оқу-әдістемелік,
техникалық, ақпараттық ресурстардың және ашық білім беру қағидаларын іске
асыратын ұйымдастыру шараларының жиынтығы.
Ашық білім беру жүйесі – Система открытого образования – ашық білім беру
қағидаларын іске асыратын дидактикалық, техникалық, ақпараттық және
ұйымдастырушылық баптар жиынтығы.
Ашық білім берудің ақпараттық білім беру ортасы (АБ АБО) –
Информационно–образовательная среда открытого образования (ИОС ОО) – бұл
Интернет ортасындағы кәсіби мамандықтан (ұсынылатын білім беру деңгейінен),
ұйымдастыру-құқықтық формалардан және оқу мекемелерінің меншіктілік
формаларынан тәуелсіз оқу процесін жүргізудің біртұтас технологиялық
құралдары бар бағдарламалық-телеқатынастық және педагогикалық кеңістік. Бұл
орта ашық сипаттамаларға ие: қалыпқа келтірілген және қашықтықтан оқытудың
ашық технологияларын пайдалану; білім беру жүйесінің үлестірілген оқу-
әдістемелік, интеллектуалдық, ақпараттық және материалдық-техникалық
ресуратарына ашық қатынас құруды қамтамасыз ету.
Ашық формалы тестілік тапсырмалар – Тестовые задания открытой формы –
сыналушы негізгі мәтінді, шынайы пікірді алатындай элементпен тиісті
толықтырулар.
Ашылатын тізім – Раскрывающийся список – сұқбаттық трезенің басқару
элементі. Әдетте, тек осы уақытта ғана таңдалынған пункті бар болады, бірақ
таңдаудың басқа нұсқаларын қарап шығуға да, пайдалануға да мүмкіндік
береді..
Әдеби ұрлық – Плагиат (Plagiarism) – басқа адамдар дайындаған мәліметтер
мен ақпаратты пайдалану және бірмезгілде оны өз шығармасы ретінде ұсынуға
талпыну.
Әдістеме – Методика – іс-әрекетті жүзеге асырудың тағайындалған тәсілі.
Ескерту: Көптеген жағдайларда әдістемелер құжатталады (мысалы, сапа
жүйесінің әдістемесі). Қандайда бір әдістеме құжатталған кезде, жазба
әдістеме немесе құжаттық әдістеме деген терминді пайдаланған дұрыс
болады. Жазба немесе құжаттық әдістеме әдетте іс-әрекеттің мақсаты мен
саласын; не және кіммен істелінуі тиістігін; бұл қашан, қайда және қалай
істелінуі тиістігін; қандай материалдар, құжаттар мен жабдықтар пайдалануы
тиістігін; бұл қандай бейнеде бақылануы және тіркелуі тиістігін қамтиды.
Әдістемелік жасақтама – Методическое обеспечение – курсты оқып білу
бойынша әр түрлі тасуыштардағы оқу материалдары, әдістемелік ұсыныстар мен
кеңестер.
Әдістемелік құрал – Методическое пособие – оқу пәнін (оның тарауын,
бөлімін) оқыту әдістемесі бойынша немесе тәрбиелеу әдістемесі бойынша
материалдары бар оқу басылымы.
Әдістемелік нұсқаулар – Методические рекомендации – студенттердің оқу
пәнін өз беттерімен оқып білу мен білімдерін тексеруге дайындау әдістемесі
бойынша материалдары бар оқу-әдістемелік басылым.
Әлеуметтік жобалау – Социальное проектирование (Social engineering) –
әдетте таныс емеске ешкім ашуға болмайтын ақпаратты алу үшін дайындалынған
арнайы ойын.
Әмбебап іздестіру жүйесі – Универсальная поисковая система (General
Purpose Search Engine) – ақпараттың кең спектрін қамтитын іздестіру жүйесі,
мамандандырылмаған ақпаратты іздестіру үшін қолайлы.
Бағдарлағыш – Маршрутизатор (Router) – әр түрлі желілерді қосатын және
желідегі компьютерлердің арасында ақпаратты бағыттайтын немесе бағдарлайтын
желілік жабдық.
Бағдарлама – Программа – командалардың реттелген тізбектілігі.
Бағдарламалық жасақтама – Программное обеспечение – компьютермен жұмыс
істеуде пайдаланылатын бағдарламалық және ақпараттық ресурстардың
(мәліметтердің) жиынтық атауы. Компьютерлік жүйенің қажетті элементі.
Бағдарламалық жасақтаманың жиыны – Конфигурация программного обеспечения
– компьютерлік жүйенің бағдарламалық жасақтамаларының құрамы.
Бағдарламалық-аппараттық кешен – Программно-аппаратный комплекс –
мәселелердің белгілі бір тобын шешуге арналған техникалық құралдар мен
бағдарламалардың жиыны.
Бағдарламаны ассемблирлеу – Ассемблирование программы – арнайы шартты
белгілеулердің (мнемониктің) көмегімен машиналық кодта жазылған
бағдарламаның бастапқы кодын аудару. Бағдарламаны дисассемблерлеумен
салыстырыңыз.
Бағдарламаны баптау – Отладка программы – дайын бағдарламадағы
қателіктерді анықтау (тестілеу), іздеу (оңашалау) және жою процесі.
Бағдарламаны дисассембрлеу – Дисассемблирование программы – арнайы
бағдарламаның – дисассемблердің көмегімен ассемблер мнемонигі түрінде жұмыс
істейтін бағдарламаның машиналық кодын ұсыну операциясы.
Бағдарламаны тестілеу – Тестирование программы – бағдарламада
қарастырылған режімдерде де, қарастырылмаған режімдерде де жұмыс істейтін
бағдарламаны жан-жақты тексеру. Коммерциялық бағдарламаларды дайындау
процесінде альфа-тестілеу мен бета-тecтілеуді айырып таниды.
Базалық оқу орны – Базовое учебное заведение – өзінің оқу жоспары мен
әдістемесі және білімі туралы (барлық талаптар орындалған кезде) құжат
беретін (аттестат, сертификат, куәлік, диплом) білім беру мекемесі.
Байланыс – Связь – ақпаратты және пошта жөнелтулерін қабылдау, жинау,
өңдеу, жинақтау, беру, жеткізу және тарату.
Байланыс желісін бөлу – Выделенные сети связи – ортақ пайдаланылатын,
телеқатынас желісіне шыға алмайтын жеке және заңды тұлғалардың желісі,
пайдаланушыларды осы желінің иесі анықтайды.
Байланыс құралдары – Средства связи – телеқатынас хабарларын немесе
пошталық жөнелтулерді қалыптастыру, өңдеу, жеткізу немесе қабылдау үшін
қолданылатын техникалық құралдар.
Байланыс редакторы – Редактор связей – кітапханадан алынған функциялар
мен процедуралардың объектілік кодын компилятормен әзірленген объектілік
кодқа қосу үшін арналған қызметтік бағдарлама. Байланыс редакторының
істеген жұмысының қорытындысы келешек бағдарламаның атқарылатын коды болып
саналады.
Байланыстың ведомствалық желілері – Ведомственные сети связи – жалпы
пайдаланылатын телеқатынастық желіге шығу мүмкіндігі бар, өндірістік және
арнайы мұқтаждықты қамтамасыз ету үшін құрылған мемлекеттік органның
телеқатынастық желілері.
Байт – 8 бит. Электрондық жатты өлшеудің ең аз бірлігі ретінде де
қарастырылдады.
Бақылау – Контроль – объектінің бір немесе бірнеше сипаттамасына
өлшеулер, сараптамалар, сынаулар немесе бағалаулар жүргізуді қамтитын іс-
әрекет және әрбір осы сипаттамалар бойынша сәйкестікке қол жеткен-
жетпенгендігін анықтау үшін алынған нәтижелерді тағайындалған талаптармен
салыстыру. Ескерту: Анықтама стандарттағы сапаға қолданылады.
Бақылау жұмысы – Контрольная работа – оқытудың белгілі бір кезеңінде
нақты оқу пәнінің белгілі бір тақырыбы бойынша ЖОО-ндағы студенттердің оқу
материалын игеру деңгейін анықтауға бағытталған өзіндік жұмыстардың
түрлерінің бірі.
Бақылау тапсырмасы – Контрольные задания – бұл оқыту процесінде
студенттің білімі мен білігін қалыптастырушылық көрсеткіші бола алатын
белгілі бір нәтижеге межеленген қандайда бір жұмыстың немесе қандайда бір
әрекеттің орындалуына алғышарт.
Бақылау тапсырмаларының жинағы – Сборник контрольных заданий – нақты оқу
пәні немесе оқу пәндерінің кешені бойынша студерттердің білімдері мен
біліктерін тексеруді қамтамасыз ететін типтік тексеру тапсырмаларының
тізімі бар оқулық-практикалық басылым, практикум.
Бақылаушы орган (сертификатау үшін) – Контролирующий орган (для
сертификации) – сертификат бойынша инспекциялайтын қызмет органының
нұсқауымен жүзеге асырылатын орган.
Бас меню – Главное меню – операциялық жүйенің қосымшалары мен қызметтік
іс-әрекетіне тез қатынас құру үшін арналған Windows 9598 операциялық
жүйесінің Жұмыс үстелін басқарудың негізгі элементі. Іске қосу батырмасында
шертіп шақырылады.
Басқару тақтасы – Панель управления – компьютер мен операциялық жүйені
баптау үшін пайдаланылатын жүйе құралдарының таңбашалары бар Windows 9598-
дің арнайы қапшығы.
Басқару элементі – Элемент управления – пайдаланушы параметрлерді беру
үшін арналған сұқбат терезесінің элементі. Сұқбаттық терезелерде басқарудың
стандарттық элементтері де (мысалы, тізімдерді ашатын жалаушалар және
басқалар) және де сирек кездесетін элементер де (түс реңктері және басқа
арнайы элементтер) қатыса алады.
Баспа жүйесі – Издательская система – дайын баспа өнімінің үлгісін
көбейтуге компьютерлік дайындықты қамтамасыз ететін жүйе.
Баспа сервері – Сервер печати (Print server) – баспа процесін басқаратын
және принтер үшін желідегі барлық компьютерден жіберілген тапсырмалардың
барлығын сақтайтын сервер.
Бастапқы код – Исходный код – кәдігімгі мәтіндік редактордың көмегімен
жоғары деңгейлі бағдарламалау тілінде жазылған бағдарлама мәтіні.
Транслятор көмегімен объектілік кодқа (мәшинелік кодқа) түрлендіру үшін
пайдаланылады.
Безендіру – Иллюстрация – объективтік әлемнің заттары, процестері мен
құбылыстары туралы студенттердің нақты түсініктерін қалыптастыруға
мүмкіндік туғызатын бейнелі көрнекілік құрал. Безендіруге жататындар:
фототүсірілімдер, суреттер, нобайлар, сызбалар, жоспарлар, қарталар,
схемалар, графиктер, диаграммалар және т.б.
Бейнеадаптер – Видеоадаптер – монитор экранында ақпаратты бейнелеу үшін
оны дайындауды жүзеге асыратын құрылғы. Кейде бейнеадаптер терминінің
орнына оңайлатылған нұсқаны – бейнеқартаны пайдаланады.
Бейнеконференция – Видеоконференция – қатынастық және компьютерлік
технологиялар жүйесін пайдалану арқылы әр түрлі географиялық нүктелерде
тұрған бірнеше адамның көрінерлік қарым-қатынасы (өзара тілдесіп сөйлесуі).

Бейнеконференция – Видеоконференция – қозғалатын объектілерді пайдаланып
алыста орналасқан пайдаланушылар тобының арасында кеңестер мен пікірсайыс
өткізу әдіснамасы.
Бейнеконференция (videoconferencing) – Видеоконференция – бұл байланыстар
жүйесі мен компьютерлік технологияларды пайдалану арқылы әр түрлі
географиялық нүктелерде тұрған бірнеше адамдардың арасында аудио-көріністік
ақпараттар алмасу кезінде туындайтын телеконференцияның бір түрі
Бейнемәтін – Видеотекст – мәліметтер базасының терминалдарына және
желілер ұсынатын қызмет көрсетуіне қатынаудың желілік қызметі.
Бейнеішкіжүйесі – Видеоподсистемы – бейнеадаптер мен монитордың үйлесімін
сипаттайтын топтық термин.
Бета-тестілеу – Бета-тестирование – тапсырыс берушімен немесе
бағдарламаның ерекшеліктерімен таныс емес қызметкердің күшімен кез келген
жабдықта әлеуетті тұтынушымен орындалатын бағдарламаны тестілеу процесі.
Бета-тестілеудің мақсаты – бағдарлама кодының кез келген компьютер
жүйесінің аппараттық-бағдарламалық үйлесімімен сәйкессіздік себептері
бойынша туындайтын қателіктерді жою. Альфа-mecmілеуді қараңыз.
Бетбелгі – Закладка – білім алушы өзі тағайындайтын және қайта оралуды
жоспарлайтын оқу процесінің орнын анықтау.
Бит – Иә немесе Жоқ логикалық мәнді өрнектейтін және 0 немесе 1
екілік сандармен белгіленетін ақпараттың ең аз бірлігі.
Блок-схема – алгоритмді графикалық ұсыну тәсілі.
Бот (Bot) – сондай-ақ өрмекші (spider) ретінде белгілі. Өрмекшінің
анықтамасын қараңыздар.
Брандмауэр (Firewall) – компьютерді немесе желіні сыртқы қауіптен
қорғауғу арналған бағдарламалық жәненемесе аппараттық жасақтама.
Браузер – web-бетті көрінерлік етуге және гиперсілтеменің көмегімен web
кеңістігі бойынша орын ауыстыруға арналған клиенттік бағдарламалық
жасақтама.
Браузер – алыстағы Интернет серверлерінде орналасқан веб-беттерді
пайдаланушылардың компьютерінде бейнелеуге мүмкіндік беретін бағдарламалық
қосымша. Ең танымал және кең пайдаланылатын браузерлер – Internet Explorer
(IE) және Netscape.
Броузер – Интернетке қосылған, WWW-ның бай ресурсына қатынауды қамтамасыз
ететін компьютердегі бағдарлама (бағдарламалық жасақтама).
Бүкіләлемдік өрмек (Ғалам тор) – Всемирная паутина – World Wide Web (WWW)
– гиперортаға негізделген Интернеттегі ақпаратты ұйымдастыру жүйесі.
Бүкіләлемдік өрмек (Ғалам тор) – Всемирная паутина – World Wide Web (WWW)
– гиперсілтеме тұжырымдамасын іске асыратын және HTTP (Hypertext Transport
Protocol) гипермәтінін жеткізу хаттамасының басқаруымен жұмыс істейтін
Интернет құраушысы (компоненті).
Бүкіләлемдік өрмек (Ғалам тор) – Всемирная паутина – World Wide Web (WWW)
– Всемирная паутина – сөзбе сөз: бүкіләлемдік өрмек (Ғалам тор), қысқаша –
Web – гипермәтін қағидасына негізделген және мүмкін болатын барлық
мультимедиалық ресурстарды (бейне-, аудио, графикалық және т.б.) пайдалана
отырып ақпаратты ұсынуға қабілетті қатынастық жүйе.
Бүкіләлемдік Өрмек (Ғалам тор) – Всемирная паутина (World Wide Web, WWW)
– веб-браузермен қарап шығуға арналған Интернеттегі беттер мен сайттардың
жинағы. Сондай-ақ ол Өрмек немесе веб атауымен де белгілі.
Біліктілік сертификаты – Сертификат компетентности – сертификаттау жұйесі
ережелерінің негізінде жарияланған және аталған тұлға белгілі бір іс-
әрекетті жүзеге асыруға білікті болып саналатынын айғақтайтын құжат.
Білім беретін бағдарлама – Образовательная программа – белгілі бір
деңгейдегі білім мазмұны және бағыттылығы: Жалпы білім беру бағдарламасы –
общеобразовательная программа – тұлғаның ортақ мәдениетін, оның қоғамдағы
өмірге бейімделуін қалыптастыру, кәсіптік білім беру бағдарламаларын саналы
түрде таңдау мен игерудің негізін құру мендеттерін шешуге бағытталған жалпы
білім мазмұны. Кәсіптік білім беру бағдарламасы – Профессиональная
образовательная программа – кәсіптік және жалпы білім деңгейлерін дәйекті
түрде арттыру, мамандарды сәйкес біліктілікке дайындау мендеттерін шешуге
бағытталған кәсіптік білім мазмұны. Кәсіптік-техникалық бағдар –
Профессионально-техническая ориентация – белгілі бір мамандық немесе
мамандықтар тобы бойынша еңбек ету қызметі үшін қажетті практикалық
машықтарды, білімдерді меңгеруге бағытталған білім.
Білім беретін компьютерлік ойындар – Образовательные компьютерные игры –
шет тілдерін үйрену үшін арналған білім беру технологиясының ерекше
формасы, оған компьютерлік есеп кітаптары және тренажерлар да жатады.
Білім беретін өнімдер мен қызметтер – Образовательные продукты и услуги –
оқу процесінде пайдаланылатын проекциялаудың автоматтандырылған
құралдарының көмегімен алынған ақпараттық технологиялар (мәселен,
бейімделінген желілік курс).
Білім беру – Образование – мақсаты қоғам мүшелерін жоғары деңгейлі
адамгершілікке, мәдени және физикалық дамуға, кәсіптік біліктілікке
тәрбиелеу мен оқытудың үзіліссіз процесі.
Білім сапасы – Качество образования – бұл оқушылардың дайындық сапасын
сипаттайтын білімнің белгілі бір стандартты нормаға, білім алушының мақсаты
мен мұқтаждығына сәйкестігі.
Білім сапасы – Качество образования – білім беру жүйелерінің қабылданған
талаптарға, әлеуметтік нормаларға, білім беру стандартына сәйкестігін
(барабарлығын) анықтайтын бірқатар жүйелі әлеуметік қасиеттер мен
сипаттамалар.
Білімдер базасы – База знаний – объектілердің қасиеттері, процесстер мен
құбылыстардың заңдылықтары туралы мәліметтері бар кейбір пән саласына
жататын білімдердің және шешімдер қабылдау үшін осы мәліметтерді берілген
жағдайларда пайдалану ережелерінің ұйымдастырылған жиынтығы.
Білімдерді тестілеу жүйесі – Система тестирования знаний – оқушылардың
білімдерін тексеруді қамтамасыз етуге икемделінген бағдарламалық немесе
аппараттық-бағдарламалық кешен. Көптеген жағдайларда мұндай жүйелерді
пайдалануды екіге бөледі: білімдерді жеке тексеру және өзін өзі тексеру
(сынақ тексеру). Бірқатар жағдайларда жеке жүйені бөлмейді, тестілеудің
жеке бірегей модульдерін желілік курсқа құрамдастырады.
Білімдерін өзі бақылау (өзін өзі тексеру) – Самоконтроль (самопроверка)
знаний – өзін өзі тексеру режімінде білімдерді тестілеу жүйесінің көмегімен
алынған білімдерінің олқылығын көрсететін және өткен материалды түсіну
дәрежесін өзіндік бағалау.
Білімдік ақпарат – Образовательная информация – бұл оқып үйренуші сол
немесе басқа қызметті білікті түрде орындауы үшін оған берілуге қажетті
білім.
Білімдік бағдарлама – Образовательная программа – білім мазмұнының
өзгешелігін және білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшелігін
сипаттайтын білім беретін мекеменің нормативтік-басқарушылық құжаты.
Білімдік грант – Образовательный грант – кәсіптік білім алуға төлеу үшін
білім алушыға тегін берілетін ақшаның мақсатты сомасы.
Білімдік қызмет – Образовательная услуга – Білімдік өнімдерді
қашықтықтан оқытуды пайдаланушының билігіне беретін білім беру ұйымдары
немесе білім саласын көрсететін қызмет.
Білімдік өнімдер – Образовательные продукты – Оқу процесіне енгізу үшін
қалыптастырылған ақпараттық мәліметтердің жиынтығы.
Білімдік ресурстар – Образовательные ресурсы – білім беретін
бағдарламаларды тиімді меңгеруді қамтамасыз ететін ақпараттар көзінің
жиынтығы. Бұл ресурстар қашықтықтан оқытуда үлестірушілікпен сипатталады,
яғни ақпараттар көзі бір бірінен алыста орналасқан болады. Үлестірілген
білім ресурстарына білім алушының қатынас құруы телеқатынастық құралдардың
(бәрінен бұрын Интернет құралдарының) көмегімен қамтамасыз етіледі.
Білімдік технологиялар – Образовательные технологии – бұл білімдік
ақпаратты оның көзінен тұтынушыға жеткізу үшін пайдаланылатын және оны
ұсыну формасына тәуелді дидактикалық әдістер мен тәсілдердің кешені.
Бір рангалы желі – Одноранговая сеть (Peer-to-Peer Network) – тең құқықты
компьютерлерді біріктіретін желі.
Бірдәрежелі желі (Peer-to-Peer Network) – теңқұқықты компьютерлерді
біріктелетін желі.
ВАК-технологиясы (Виртуальдық ақпараттық кеңістіктер технологиясы) – ВИП-
технология (технология виртуальных информационных пространств) – заттық
байланысты ақпараттық компьютерлік бейнеде кәдімгі техноголияның
объектісімен алмастыру үшін графикалық, офистік және желілік
технологияларды білім беретін жаңа әлеуметтік маңызды жүйелермен қосу және
алыстағы клиентпен тікелей өзара әрекеттесу үшін оларды біртұтас логикалық
түрде реттелген ақпараттық жүйемен біріктіру.
Веб-бет – Веб-страница (Web page) – белгілі бір ақпараты бар дербес бет.
Веб-беттердің топтастырылған жинағы веб-сайтты құрайды.
Веб-бет – Веб-страница (Web page) – желіге (Интернет) орналастырылған,
меншікті адресі бар (URL) және браузерге бейнелеуге қол жететін құжат.
Әдетте, мұндай құжат HTML форматында орындалады.
Веб-беттің сыртқы түрін ауыстыру – Подмена внешнего вида веб-страницы
(Web page defacement) – веб-сайттың сыртқы түрі мен ақпаратты өзгерту
мақсатымен оған жасырын қатынау.
Веб-браузер, браузер (Web browser) – мәтінді, графикті және басқа
мультимедиалық бар ақпаратты, мысалы, әуенді, қамти отырып, веб-беттерді
табатын және бейнелейтін бағдарламалық жасақтама.
Веб-краулер (Webcrawler) – спамды жөнелтуге пайдалану және одан әрі
сақтау үшін электрондық поштаның адрестерін іздестіруде Ғалам торды
айналып өтетін бағдарлама.
Веб-сабақтар – Веб-занятия – телеқатынастық құралдардың және Ғалам
тордың басқа мүмкіндіктерінің көмегімен қашықтықтан өткізілетін сабақтар,
семинарлар, іскерлік ойындар, зертханалық жұмыстар, практикумдар және
басқа сабақтардың түрі.
Веб-сайт (Web site) – Бүкіләлемдік өрмектегі дербес веб-беттерден тұратын
ұқсас ақпараттардың тобы.
Веб-сайт (Web site) – жергілікті гиперсілтемелермен байланысқан
құжаттардың (веб-беттердің) жиынтығы.
Веб-форум – Веб-форум – тиісті бағдарлама орнатылған сайттардың бірінде
қалдырылған жазбалардың көмегімен белгілі бір тақырып немесе проблема
бойынша WWW-ті пайдаланушылардың істейтін жұмысының түрі. Чат-сабақтардан
ерекшелігі – аса ұзақ (бірнеше күн) жұмыс істеу мүмкіндігі және өзара
әрекеттің асинхрондық сипаты.
Виртуальдық дәрісхана – Виртуальная аудитория – мұғалімнің және оқу
процесі әкімінің нұсқауларын алу үшін желілік технологиялардың көмегімен
аймақ бойынша таралған студенттерді біріктіру.
Виртуальдық кеңес беру – Виртуальная консультация – берілген тақырып
бойынша онлайн тақырыптық талқылауды (кеңес беруді) қамтамасыз ететін
қашықтықтан оқыту жүйесінің қызметі.
Виртуальдық сынып – Виртуальный класс – тікелей үйрететін жүйе арқылы әр
түрлі бөлмелердегі немесе ғимараттардағы оқушылар тобымен өткізілетін
сабақ.
Виртуальдық университет – Виртуальный университет – дәстүрлі оқу
мекемелерінің атрибуттары (физикалық ғимараттары, сыныптары, зертханалары,
жатақханалары және т.б.) жоқ, әр түрлі буындары (деканаты, кафедрасы және
т.б.) географиялық түрде бөлінген, бірақ ауқымды Интернет желісі немесе
басқа компьютерлік желі арқылы белсенді және табысты түрде өзара
әрекеттесетін білім беру құрылымы; мұндай оқу мекемесінің құрылымы,
әдеттегідей, орталық өкілдіктен, аймақтық (территориялық) орталықтардан
және аймақтық (территориялық) өкілдіктерден тұрады.
Виртуальдық университет (ВУ) – Виртуальный университет (ВУ) – оқу
мақсатындағы қызметтік міндеттің әмбебап жинағы бар виртуальдық
өкілеттілігінің жиынтығын қамтитын аймақтық үлестірілген және
мамандандырылған ақпараттық білімдік ортаның типтік бағдарламалық кешені.
Виртуальдық шындық – Виртуальная реальность – оқып білуге жататын микро
немесе макроәлемдерде өтетін процесстер туралы, немесе шынайы әлемдегі
басқа күрделі процесстер туралы аудиобейнежүйе жасайтын білім алушының
қиялындағы жалған әлем.
Виртуальдық шындық – Виртуальная реальность – өзекті, оқиғалы шындық,
уақыттың осы сәтінде шынайы түрде маңызды болып саналатын болмыстың
қатпары.
Вирус – көбеюге және басқа бағларламаларға жұғуға қабілетті арнайы
компьютерлік бағдарлама. Ол жұққан дискет немесе жұққан файл арқылы
пайдаланушының рұқсатынсыз компьютерге кіре алады. Вирустардың көпшілігі
салмақты зиян келтіруге қабілетті: бағдарламаның жұмыс істеуін баяулатады,
мәліметтерді жояды немесе операциялық жүйені істен шығарады.
Вирус (Virus) – өзін көшірмелейтін және компьютерлер мен желілердің жұмыс
істеуін бұзатын шағын бағдарлама.
Геоақпараттық технологиялар – Геоинформационные технологии – бірінші
кезекте кеңістік талдау әдісін пайдаланатын мәліметтерді ұштастыру мен
біріктірудің жоғары деңгейінде автоматтандырылған басқарудың барлық
мәселелері қағида түрінде шешілетін геоақпараттық жүйені (ГАЖ) құруға
арналған технологиялар.
Гипербайланыс – Гиперсвязь – қандайда бір тәсілмен атап көрсетілген
немесе ерекшеленген сөз немесе сөз тіркесі, егерде оған тышқанмен
тілдессеңіз басқа блокты, құжатты, гиперортаның бетін, гипермәтінді, WWW
ғаламторды, гипермәтіндік жүйені бейнелеуге мүмкіндік береді.
Гипермәтін – Hypertext – гипертекст – өзара байланыс жасайтын кез келген
жерге орналасқан құжаттардың арасындағы байланыс. Ерекшеленген сөзде немесе
сөз тіркесінде тышқанды шерте отырып, пайдаланушы осы тақырып жарияланған
файлдарды тез таба алады.
Гипермәтін – Гипертекст – бірлестік түрда байланыс жасайтын блоктар
түрінде ұсынылған мәтін.
Гипермәтін – Гипертекст – гиперсілтеме көмегімен сондай етіп құрылған
мәтін, ол бір мезгілде мәтіндердің мағыналық бірлігі мен жиынын құра
отырып, мәтіндердің иерархиялық жүйесіне айналады.
Гипермәтін – Гипертекст (Hypertext) – әр түрлі веб-беттердегі немесе
тіпті гиперсілтемелер көмегімен әр түрлі сайттардағы ақпараттарды
байланыстыру тәсілі.
Гипермәтін – Гипертекст (hypertext) – өзара сілтемелермен
(гиперсілтемелермен) байланысқан веб-беттердің жүйесі, сілтемелердің
арқасында бір беттен басқа кез келген бетке немесе беттің бір орнынан
екінші орнына орын ауыстыруға болады. Сілмемелер сөздерді де, графикалық
объектілерді де байланыстыра алады. Гипермәтін қағаздық беттердің
тізбектей байланысқан жинағы ретіндегі оқулық туралы дәстүрлі түсінікті
өзгертеді.
Гипермәтінді жеткізу хаттамасы – протокол передачи гипертекста – HTTP
(Hypertext Transport Protocol) – World Wide Web-те пайдаланылатын желелік
хаттама.
Гипермәтінді жеткізу хаттамасы – протокол передачи гипертекста (Hypertext
Transport Protocol (HTTP)) – желідегі материалдарды ұсыну аспабы. Ол
материалдардың орналасу орындарына тәуелсіз желінің бір ресурсынан екінші
ресурсына өтуге мүмкіндікті қамтамасыз етеді. Бұл гипермәтіндік құжаттарды
жеткізу үшін пайдаланылатын желінің базалық хаттамасы.
Гипермәтінді жеткізу хаттамасы – Протокол передачи гипертекста (Hypertext
transfer protocol, HTTP) – Ғаламтор бойынша ақпаратты жөнелту мен алу үшін
пайдаланылатын хаттама, немесе ережелер жинағы.
Гипермәтіндік ентаңбалау тілі – (Язык гипертекстовой разметки (Hypertext
Markup Language (HTML)) – сөзбе сөз – гипермәтіндерді белгілеу (таңбалау)
тілі. Бұл арнайы командалар-тэгтердің көмегімен компьютерлерде құжаттарды
браузермен біркелкі бейнелеуге мүмкіндік беретін құжаттарды форматтау
ережесі.
Гипермәтіндік ентаңбалау тілі – Язык гипертекстовой разметки (Hypertext
Markup Language (HTML)) – "Ғалам тордың" негізгі "тілі". Веб-беттердің
көпшілігі html (htm)-форматында әзірленген.
Гипермәтіндік ентаңбалау тілі – Язык гипертекстовой разметки (Hypertext
Markup Language (HTML)) – құжаттарды сипаттаудың гипермәтіндік тілі – Web
құжаттарын әзірлеу үшін қолданылатын сценарийлер тілі.
Гипермәтіндік ентаңбалау тілі (Язык гипертекстовой разметки (Hypertext
markup language, HTML)) – веб-беттерді әзірлеу үшін пайдаланылатын
бағдарламалау тілі
Гипермәтіндік жүйе – Гипертекстовая система – электрондық құжаттардың
кітапханасын құруды қамтамасыз ететін құрал.
Гипермедиа (hypermedia) – енжар және белсенді графикалық кескіндері,
дыбысты, бейнені, виртуальдық шындықты қамти отырып, web кеңістігінде
тұратын мультимедиадағы бар ақпарат.
Гиперорта – Гиперсреда – бірлестік түрінде бір бірімен байланыс жасайтын,
салыстырмалы түрде шағын блок түрінде ақпараттың кез келген түрін ұсынатын
технология.
Гиперсілтеме – Гиперссылка – сондай-ақ гипербайланыс, гипер линк немесе
жай – линк қолданылады. Бұл берілген мәтіндегі басқа орынға, сайттағы
(жергілікті сілтеме) немесе желінің басқа ресурсындағы (ауқымды сілтеме)
берілген веб-бетке өтуге арнайы түрде дайындалған нұсқау.
Гиперсілтеме – Гиперссылка – файлдардың немесе бір файлдың үзінділерінің
арасындағы байланыс.
Гиперсілтеме – Гиперссылка (Hyperlink) – сізге веб-беттердің арасында
орын ауыстыруға мүмкіндік беретін веб-сайттағы сілтеме. Гиперсілтеме әдетте
асты сызылған мәтінмен, жиірек көк түспен бейнеленеді.
Гиперсілтеме, гипермәтіндік сілтеме – Гиперссылка, гипертекстовая ссылка
– әдетте түрлі түспен және астын сызумен ерекшеленетін Web-беттердің
элементі. Басқа Web-құжатқа немесе сол электрондық құдаттың басқа бөліміне
тез өту үшін пайдаланылады
Гипермәтін – Гипертекст (Hypertext) – гиперсілтемелердің көмегімен әр
түрлі веб-беттердің немесе тіпті әр түрлі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«ақпараттық жүйелерді жобалау» электрондық оқулықты өңдеу және жобалау
Компьютерлік оқыту бағдарламалары
Электрондық оқу-әдістемелік кешендері
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ ҚҰРАЛЫН ЖАСАУ НЕГІЗДЕРІ
Информатика пәні бойынша электрондық оқыту кешенін дайындау
HTML тілін оқытуға арналған электрондық құралдың құрылымы
Визуалды бағдарламалау ортасының электронды оқулық бағдарламасын құру технологиясы
Информатика пәнін оқытуда қолданылатын электронды оқулықтар
Педагогиканы оқыту үдерісіндегі диагностика мен бақылау
Мехотрониканың және робототехниканың қазіргі заманғы дамуы
Пәндер