«Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеу»
Кіріспе
1. Валюталық реттеудің экономикалық мәні.
1.1 Валюталық нарық ұғымы және оның түрлері
1.2 Валюталық реттеу механизмі
1.3 Валюталық режимнің дамуы және оған сипаттама
2. Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеу.
2.1 Қазақстан Республикасындағы валюталық айырбас бағамы
2.2 Валюталық реттеудің және бақылаудың мақсаты және әдістері
2.3 Валюталық бақылау және оның Қазақстан Республикасында ұйымдастырылуы
3. Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеуді жетілдіру жолдары және оның даму перспективасы.
3.1 Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеуді заңнамалық негізде ұйымдастыру
3.2 Халықаралық валюталық қатынастарды реттеу, валюталық саясат және халықаралық есеп айырысу баланстары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Елдердің әлемдік шаруашылыққа интеграциялануы ақша капиталының бір бөлігінің ұлттық ақшадан шетел валютасына және керісінше айналуын туындатады. Ол халықаралық валюта, есеп айырысу және несие, қаржы қатынастарында жүзеге асады. Осы қатынастардын қалыптасуында валюталық реттеу маңызды роль атқарады.
Дипломдық жұмыстың өзектiлiгi елiмiздiң әлемдiк нарықта алдынғы қатарлы елдер санатына қосылуы үшiн iшкi экономикалық өсумен қатар, халықаралық экономикалық қатынастарымыз дамып, соның iшiнде өзектi саласы халықаралық валюталық қатынастардың дамуы елiмiз үшiн маңызды. Өйткенi, бiздiң экономикамызда теңге еркiн айналысқа шыққандықтан, әлемдегi валюта өзгерiстерi бiзге де әсер етедi.
Сондықтан, мен дипломдық жұмысымның тақырыбын «Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеу» деп алдым.
Дипломдық жұмыс үш бөлiмнен тұрады: бiрiншi бөлiмде валюталық нарық ұғымы мен оның түрлері, валюталық реттеу механизмі және валюталық режимнің дамуы туралы қарастырдым.
Сәйкесiнше, еркін қалқымалы айырбас бағамының Қазақстан Республикасына өтуінің объективті алғы шарттары қарастырылады. Ары қарай халықаралық валюталық қатынастарды реттеу, ұлттық валюталарды айырбастау қабiлетi, валюта бағамы және оның ұлттық экономикаға әсерi, сонымен қатар халықаралық және аймақтық валюта-несие , қаржы ұйымдары туралы кеңiнен баяндалады.
Бұл дипломдық жұмысымды жазудағы негiзгi мақсатым мен мiндеттерiм мыналар:
• Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеуді жетілдіру жолдары қалай жүзеге асады деген сұраққа жауап іздеу;
• «Валюталық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын қарастыру;
• Қазақстан Республикасындағы валюталық жүйенiң қалыптасуы мен қазiргi жағдайын қарастыру т.б.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Валюталық реттеудің экономикалық мәні.
1.1 Валюталық нарық ұғымы және оның
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Валюталық реттеу
механизмі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
20
1.3 Валюталық режимнің дамуы және оған сипаттама
... ... ... ... ... ... ... .30
2. Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеу.
2.1 Қазақстан Республикасындағы валюталық айырбас
бағамы ... ... ... ... 39
2.2 Валюталық реттеудің және бақылаудың мақсаты және
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 49
2.3 Валюталық бақылау және оның Қазақстан Республикасында
ұйымдастырылуы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... 64
3. Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеуді жетілдіру жолдары және
оның даму перспективасы.
3.1 Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеуді заңнамалық негізде
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ..73
3.2 Халықаралық валюталық қатынастарды реттеу, валюталық саясат және
халықаралық есеп айырысу
баланстары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 75
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..84
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..87
Кiрiспе
Елдердің әлемдік шаруашылыққа интеграциялануы ақша капиталының
бір бөлігінің ұлттық ақшадан шетел валютасына және керісінше айналуын
туындатады. Ол халықаралық валюта, есеп айырысу және несие, қаржы
қатынастарында жүзеге асады. Осы қатынастардын қалыптасуында валюталық
реттеу маңызды роль атқарады.
Дипломдық жұмыстың өзектiлiгi елiмiздiң әлемдiк нарықта алдынғы
қатарлы елдер санатына қосылуы үшiн iшкi экономикалық өсумен қатар,
халықаралық экономикалық қатынастарымыз дамып, соның iшiнде өзектi саласы
халықаралық валюталық қатынастардың дамуы елiмiз үшiн маңызды. Өйткенi,
бiздiң экономикамызда теңге еркiн айналысқа шыққандықтан, әлемдегi валюта
өзгерiстерi бiзге де әсер етедi.
Сондықтан, мен дипломдық жұмысымның тақырыбын Қазақстан
Республикасындағы валюталық реттеу деп алдым.
Дипломдық жұмыс үш бөлiмнен тұрады: бiрiншi бөлiмде валюталық нарық
ұғымы мен оның түрлері, валюталық реттеу механизмі және валюталық режимнің
дамуы туралы қарастырдым.
Сәйкесiнше, еркін қалқымалы айырбас бағамының Қазақстан
Республикасына өтуінің объективті алғы шарттары қарастырылады. Ары қарай
халықаралық валюталық қатынастарды реттеу, ұлттық валюталарды айырбастау
қабiлетi, валюта бағамы және оның ұлттық экономикаға әсерi, сонымен қатар
халықаралық және аймақтық валюта-несие , қаржы ұйымдары туралы кеңiнен
баяндалады.
Бұл дипломдық жұмысымды жазудағы негiзгi мақсатым мен мiндеттерiм
мыналар:
• Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеуді жетілдіру жолдары
қалай жүзеге асады деген сұраққа жауап іздеу;
• Валюталық реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңдарын
қарастыру;
• Қазақстан Республикасындағы валюталық жүйенiң қалыптасуы мен қазiргi
жағдайын қарастыру т.б.
Зерттеу объектісі негізінде валюталық реттеу және бақылау органы
ретіндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің қызметі, валюталық нарық
динамикасы, валюталық реттеу объектісі мен субъектісі шарты алынады.
Диплом жұмысын жазуда теориялық-әдiстемелiк негiз ретiнде шетел, Ресей
және Қазақстанның алдыңғы қатарлы ғалым экономистерiнiң “Банк iсi” жайлы
ғылыми еңбектерi мен монологтары, Қазақстан Республикасының “Валюталық
реттеу туралы” заңы және Ұлттық банктiң нормативтiк құжаттары қолданылды.
Диплом жұмысының мақсаты валюталық реттеу жэне бақылау жағдайын талдау
негізінде оның Қазақстан Республикасының экономикасына тигізетін әсерін
жэне артықшылықтарын көрсету болып табылады.
Қазіргі уақытта, еліміздің қаржы жүйесінің құрамдас бөлігі болып
табылатын Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және бақылау механизмі
қалыптасқан. Экономикалық қиыншылықтарға қарсы қолданылатын шаралар
ретіндегі валюталық реттеу механизмі республикамыздың егемендік алуымен
бірге пайда болып, әлі күнге дейін өзінің өзектілігін жоғалтқан жоқ. Бұл
валюталық нарықтың құрылуы мен дамуымен байланысты болатын тәуекелдердің
сақталуымен дәлелденеді.
Диплом жұмысын жазу барысында валюталық құндылықтарды пайдалануға
байланысты операцияларды лицензиялау ережесі қолданылды. Бұл жұмыста мен
Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және бақылау қызментінің
механизмін жеткілікті дәрежеде қарастыруға, валюталық реттеу жэне
субъектілерін, агенттерін, валюталық реттеу сұрақтарын қарастырудағы Ұлттық
Банктің негізгі мақсаттары мен мәселелерін, сонымен қатар валюталық
операцияларды реттеудің негізгі эдістерін толық ашып көрсетуге тырыстым.

1. Валюталық нарық ұғымы мен оның түрлері.
Валюталық нарық көпшіліктің пікіріне сүйенсек, дүние жүзіндегі ең
ескі, ірі және кең тараған қаржы нарығы болып табылады. Валюталық нарық, ол-
бір елдің валютасы мен екінші елдің валютасын белгілі бір номиналдық бағам
бойынша айырбастау жұмыстары жүргізілетін айрықша нарық. “Валюталық бағам”
термині қолданылғанда екі ел валютасына қатысты бағаны немесе бір елдің
ақша бірлігінің көрсеткіші болып табылатын келесі бір елдің валютасын
айқындайтын номиналдық валюталық бағам туралы cөз болып отырғаны белгілі.
Шетел валютасының құны ұлттық ақша бірлігінде өссе, ол ұлттық
валютаның құнсыздануы деген сөз, және де керісінше, шетел валютасының құны
ұлттық ақша бірлігіңде төмендесе, ол- ұлттық валюта құнының өсуі.
Валюталық нарықта сатылатын ақша активтерінің басым бөлігі бір-бірімен
сауда жүргізетін ірі банктерден қайтарып алынатын депозит түріне ие. Тек
нарықтың мардымсыз бөлігі ғана нақты ақша айырбасына ие. Жекелеген
жағдайларда банкаралық валюталық нарықта валюталық бағамның негізгі
котировкалары жүзеге асырылады.
Еліміздің ішіндегі ақша ағымының қозғалысына қызмет ететін ұлттық
валюталық нарықтар тауарлардың, қызмет көрсету мен капиталдың халықаралық
қозғалысымен байланысты валюталық операциялар мен есептіліктер жүргізілетін
дүниежүзілік валюталық нарыққа теңелген. Дүйсенбіден жұмаға дейін тәулік
бойы қызмет ететін дүниежүзілік валюталық нарық телефон, компьютер желісі,
телеграф, телекс секілді қазіргі заманғы коммуникация құралдарының
көмегімен барлық ұлттық валюталық нарықтарды байланыстырып тұрады.
Валюталық нарық операциялардың кең ауқымдылығымен және олардың ұзақ
мерзімді аралықтарда жүзеге асырылатындығымен ерекшелінеді.
Валюталық нарықта орталық және коммерциялық банктер, валюталық
биржалар, брокерлік агенттіктер, қаржы институттары мен халықаралық
корпорациялар қатысады. Валюталық нарықтың негізгі қатысушылары - өз
портфельдерін, шетел активтерінің есебінен толтырып қана қоймай, сонымен
қатар экспортер, импортер ретіңде сыртқы нарыққа шығатын фирмалардың атынан
валюталық істерін жүргізетін коммерциялық банктер болып табылады. Әр елдің
қызмет көрсету мен тауарларды экспортқа шығару, импорттау бойынша валюталык
жұмыстары ұлттық валюта құнын анықтаудың негізін құрайды.
Өз елінен тыс жерлерде жүрген саяхатшылар, шетел экономикасына капитал
салатын жеке инвесторлар секілді валюталық нарықтың жекелеген қатысушылары
банктер мен банктік емес қаржы институттарының қызметін пайдаланады.
Банктер шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныс арасында делдалдық
қызметтер атқарады. Банктің валюталық бөлімінің негізгі жұмысы клиенттерге,
активтері мен капиталдарын бір валютадан екінші валютаға ауыстыруды
қамтамасыз ету. Бұл конверсия “ақшалай шарт жасау” немесе “мерзімге шарт
жасау” түрінде болуы мүмкін. Банктің бұл саладағы іс-әрекеті дүние жүзілік
нарықтық орталықтарда бәсекелестік валюта құнының бір жүйелі диапазонын
жасау тенденциясынан сырт қала алмайды.
Егер, бір мезгілде бір қаржы орталығында нарықтық баға орташа бағадан
тым алшақ кетсе, тұрақтылық осы жағдайдан пайда көру процесін атқаратын
арбитраж арқылы орнатылады. Демек, валюталық бизнес ақша жүйесіңде маңызды
реттеуші ретінде қызмет атқарады.
Әдетте, жалпы ұлттық маңызы бар ірі банктердің, соңдай-ақ, жергілікті
бизнестің халыкаралық есептілікте қызмет ететін бірқатар жергілікті
банктердің білікті диллерлері жұмыс істейтін валюталық бөлімдері болады.
Ал, тек өз клиенттерінің нұсқаулықтарын орындап, өз есебінен бизнеспен
айналысатын банктер валюталық маманның қызметіне мұқтаж емес. Бұл жағдайда
мұндай банктерге жалпы істің мән-жайын білетін қызметкері болса жетіп
жатыр. Өйткені олардың міндеті, клиент пен басқа банктің арасындағы
делдалдыққа және клиенттің нұсқаулықтарын кәсіби деңгейде орындауға ғана
әкеп соғады.
Валюталық нарыққа, сондай-ақ, ішкі сауда операцияларын жүзеге асыратын
фирмалар қатысады. Олар, шетелдік валютаға сұраныс және ұсыныс жасайды,
сондай-ақ, бос валюталық калдықтарды қысқа мерзімді депозиттерге берумен
айналысады. Бұл жағдайда, мұндай ұйымдар валюталық нарықпен тікелей жұмыс
істей алмайды. Сондықтан конверсиялық депозиттік операцияларды коммерциялық
банктер арқылы жүзеге асырады.
Валюталық нарық ең алдымен, экспортты-импортты операциялардың есептік
және валюталы-несиелік қызмет көрсетуін қамтамасыз етеді, соңдай-ақ, ұлттық
экономикадан тысқары капиталды инвестициялаумен байланысты валюталық
операцияларды атқарады.
Бұдан басқа валюталық нарық валюталарды қауіптен сақтандыру
мүмкіңдіктерін ұсынады. Мұндай сақтандыру кезінде экономикалық агенттер,
капиталға теріс әсерін тигізуі мүмкін болатын валюталық бағамның құбылуымен
байланысты қауіпті азайту мақсатында шетел валютасымен таза міндеттерден
құтылуға тырысады, яғни осы валютадағы активтер мен пассивтер арасындағы
балансты орнатуға тырысады.
Жоғарыда айтылғандармен қатар, валюталық нарық валюталық алып-
сатарлықтарды жүзеге асыру, яғни валютаның болашақтағы бағасына әсер етуге
мүмкіндік береді. Шетел валютасындағы алып-сатарлық операциялардың жалпы
ережесі - ұлттық және шетел валюталарындағы депозиттер бойынша пайыздық
бағам айырмашылығының жоғарғы шегінен валютаның құны қаншалықты
құлдырауымен байланысты болуында. Дегенмен, алып-сатарлық операциялар
валюталық бағамдағы мүмкін өзгерістерді нарық қатысушылары әділ болжай
білген жағдайда ғана пайда әкеледі.
Валюталық нарықтардың ең ірісінің бірі - спот нарығы немесе валютаны
жедел жеткізу (екі жұмыс қүнінің ішінде) нарығы болып табылады.
Экономикалық агенттер сондай-ақ валюталық жедел қызметін қолдана алады.
Жедел валюталық шарттарға форвардты, фьючерсті шарттар, валюталық опциондар
жатады.
Форвардты секілді фьючерсті шарттар да болашақта белгіленген бір құны
келісілген валюталық бағам бойынша белгілі мөлшердегі валютаны
айырбастаудағы екі тарап арасындағы келісім-шартты білдіреді. Екі шартта
орындалуға міндетті. Олардың арасындағы айырмашылық - форвардты шарт
биржадан тыс жасалса, фьючерсті - валюта құнын ашық дауыспен ұсыну арқылы
белгілі ережелерді сақтау барысында тек қана валюталық биржаларда алынады
және сатылады. Іс-жүзінде көбінесе фьючерсті шарт валютаны нақты берумен
аяқталмайды, ал форвардты шарт кезінде оқиғалардың 95%-да міндеттер
орындалады.
Жедел валюталық бағам келісім-шарт пен сыйақының немесе дисконттың
жасалу кезіндегі спот бағамынан сол кездегі пайыздық мөлшерлемемен
байланысты құралады. Жоғары пайыздық мөлшерлемесі бар валюта форвардты
нарықта дисконтпен валютаға қарағанда төмен пайыздық мөлшерлемемен сатылады
және керісінше.
Валютамен және валюталық деривативтермен (негізінде акция, облигация,
валюта секілді жай қаржылық құралдар жатқан қаржылық құралдармен) сауда
жасау барлық жерде жүргізіледі, әсіресе, дүниежүзілік қаржылық
орталықтарда. Валюта айырбастаудағы операциялардың барлық түрлерін
қарастырсақ, бірінші орында Лондон тұр. Ал, валюта айырбастаудағы ең кең
тараған фьючерстермен сауда жасау операциясы бойынша бірінші орын Чикагоға
тиесілі .
Халықаралық тәжірбиеде пайыздық мөлшерлемедегі-айырмашылықтармен
қатар, Лондон нарығындағы банкаралық депозиттер пайызы, яғни ЛИБОР
мөлшерлемесі қолданылады. Форвардты валюталық бағам мен спот бағамының
арасындағы айырмашылық мына формула бойынша шығарылады:
Еs * (iВ - іА) *t100*360
мұндағы: Еs - спот бағамы;
iВ, iА - шетелдік және ұлттық валютадағы пайыз мөлшерлемесі;
t - Форвард мерзімі (құнмен).
Халықаралық несиелеу сондай-ақ, импорт шетел валютасына сұраныс және
ұлттық валютаға ұсыныс туғыза алатынын айта кетуіміз керек. Экспорт шетел
валютасына ұсыныс және шетелде сол елдің валютасына сұраныс туғыза алады.
Осылайша экспорт елге импортқа төлеуге қажетті шетел валютасын “табуға”
мүмкіндік береді.
Жедел валюталық нарық валюталық қауіптен сақтандырумен қатар,
валютамен спекуляция жасауға мүмкіндік береді. Сол немесе басқа валютаның
бағамы валюталық нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың өзара әсерімен анықталады.
Бағамы тг долл
Сызба № 1
Валюталық нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың өзара әсері.
Долларға деген сұраныс қисығы теріс ауытқулар көрсетуде. Доллар бағамы
өскен сайын импортерлер тарапынан долларға деген сұраныс төмендеуде.
Өйткені, американдық тауарлар қазақстандықтар үшін қымбатқа түседі.
Доллардың ұсыныс қисығы оң ауытқулар көрсетуде. Доллар бағамы өскен сайын,
қазақстандық тауарларға деген сұраныс та өсуде. Өйткені, олар шетелдіктерге
арзан түсіп тұр, ММ және ЕЕ қисықтары екі елдегі сұраныстардың тұрақты
көлемі мен баға деңгейі үшін құралатынын айта кетуіміз керек. Валюталық
бағамның екі қарама-қарсы жүйесі бар - валюталық бағамның еркін жүру жүйесі
және белгіленген жүйесі. Бірқалыпты валюталық бағам бірқатар факторлар
әсерінен өзгеруі мүмкін. Осылайша, елдің тауарына ішкі әлемнің сұранысының
өсуі осы елдің валютасына деген сұранысты да айтарлықтай өсіреді. Сонымен
қатар, елдің валюта бағамының деңгейімен шетел валютасынан сұраныстар
көбеюші еді (қисық ЕЕ бұл жағдайда оң жаққа орналасады). Нетижесінде елдің
валютасының құны көтеріледі. Отандық тауарлардан асып, шетелдік тауарларды
тұтынуға көшу валюта бағамының деңгейінде шетел валютасының көтерілуіне
әкеледі (қисық ММ бұл жағдайда оң жаққа орналасады). Ал, бұл ұлттық
валютаның құнсыздануына әкеледі. Валюта бағамының белгіленген жүйесінде
валюта деңгейінің өзгермеуін Орталық банк өз міндетіне алады. Валюта
бағамының шығынының орнын Орталық банк толықтырып отырады. Ол банк долларды
ұлттық валютаға айырбастау арқылы валюталық интервенция жүргізеді. Егер,
Орталық банк белгіленген валюта бағамын ұзақ мерзім ішінде қолдануға
қажетті резервтері жеткіліксіз болған жағдайында, ол ерте ме, кеш пе,
ұлттық валюта кұнының өсуін (ревальвация) және құлдырауын (девальвация)
ресми түрде жариялайды. Валюталық резервтердің төмен деңгейі Орталық банк
үшін үлкен мәселені туындатады. Бұл жағдай алып-сатарларға белгілі болса,
осы валюталық нарықта қалыптасқан тұрақсыз жағдайды пайдаланып, олар ұлттық
валютаны шетел валютасына тез арада айырбастай бастайды. Ондағы мақсаттары
- девальвация туындаған жағдайда өзіне тиімді валюталық бағаммен ауыстыру.
Ұлттық валютаға деген осындай алып-сатарлық шабуылдардың қорытындысында
Орталық банк өзінің қорындағы шетел валютасының резервтерін бірден жоғалтып
алуы мүмкін, сондықтан да, Орталық банк мұндай жағдайларда өзінің валюталық
резервін (қорын) сақтауы қажет. Ол алдын-ала валютаның құнын түсіріп, алып-
сатарлық шабуылдың алдын-алуы немесе икемді валюталық нарық жүйесіне өтуі
қажет.
Валюталық сұраныстың оралымдылығы мен ұсынымдар - сұраныс көлемі
арақатынасындағы өзгерістер және валюта бағамының пайыздық өзгерісіндегі
валюталық ұсыныстар. Тәжірибе жүзінде жеңілдікті мөлшерлеу үшін әдетте,
арналық жеңілдікті қолданады. Мұнда, валюта бағамы мен көлеміндегі орташа
көрсеткіштердің аралығындағы нәтиженің өзгерісін көрсетеді.
Бір мемлекеттің валютасына сұраныстары, оның өзге мемлекетке деген
ұсынысы болып табылады. Импортқа және шетелдік активтерге сұраныс арқылы
анықталатын кез-келген елдегі валютаға деген сұраныстың параметрін білу -
оның ұсынысының параметрін анықтауға жеткілікті. Ұлттық экспортқа деген
өзге елдердің сұраныстарының оралымдылығы және ұлттық сұраныстың шетелдік
импортқа деген сұранысы маңызды параметр болып табылады. Бұл бізге,
нарықтық құнсызданудың немесе алдын-ала жоспарланған девальвацияның
нәтижесінде ұлттық валютаның құнының құлдырауы сауда балансын жақсартуға
мүмкіндік бере ме, әлде жоқ па осы жайында ой таразылауға жағдай туғызады.
Бұл феноменге бірден үш экономисттің назары ауды -Альфред Маршалл,
Абба Лернен және Дж-Робинсон. Олардың жорамалдары келесідейі:
• Сауда балансы экспортпен импорттың жай айырымын құрайды да,
капиталдың халықаралық қозғалысы шеткерілейді. Сондықтан шетел
валютасына ағымдағы сұраныс пен ұсыныс тек импортқа сұранныс
және экспорттан түсетін кіріспен анықталады.
• Резиденттің шетел тауарының сұранысына, сондай-ақ олардың
экспортқа шығаратын тауарға ұсынысы ұлттық валюта аркылы
белгіленетін құнына байланысты. Резидент еместердің экспортқа
шығаратын тауарға ұсынысы және оның импортқа сұранысы тек шетел
валютасының құнына тәуелді.
• Шетел валютасына ұсыныс шексіз оралымды деп саналады: Әрбір
валюталық құнның өзгерісі валюталық ұсыныстың айтарлықтай өсуіне
немесе төмендеуіне әкеледі - ұсыныстың графигі көлденең сызықты
болып келеді.
Бастапқы сауда балансының құны нөлге тең деп саналады, яғни экономика
тепе - теңдік жағдайында тұр.
Осы жорамалдарды қадағалау барысында ұлттық валютаның құнсыздануы
сауда балансын жақсартуға мүмкіндік береді. Егер Маршал-Лерненді ұстанатын
болсақ, ұлттық экспорттары импорт және шетел сұраныстары ұлттық сұраныстың
оралымдылық мағынасының абсалютті шамасы бірліктен жоғары болса, ұлттық
валютаның құнсыздануы сауда балансының жақсаруына мүмкіндік туғызады:
Гх=Ріm (2)
Мұндағы: Гх - экспортағы сұраныстың оралымдығы.
Ріm - импорттағы сұраныстың оралымдығы.
Егер экспорттың оралымдығы бірден артық болса, онда бұл девальвация
шетел валютасындағы кірістерді өзгеріссіз қалдырады деген сөз. Осы арқылы
екінші және үшінші жорамалдарды жояды. Аналогиялық жол бойынша импорттық
оралымдылығы бірліктен артық болса, немесе экспорттың да, импорттың да
оралымдылығы 0,5 артық болса, бәрібір девальвация сауда балансының
жақсаруына әкеледі. Елдегі экспорт пен импорттың оралымдылық соммасы
бірліктен аз болған жағдайда, девальвация сауда балансының жағдайын
төмендетеді.
Маршал-Лерненнің шарты валюталық нарықтағы тұрақтылық шарты болып
табылады. Валюталық нарық мынадай жағдайда тұрақты болып табылады: егер,
сұраныс пен ұсынысқа оларды тербелу жағдайымен тепе-теңдік деңгейіне
әкелетін ортаға тартқыш күштер әсер етсе. Сұраныс пен ұсынысқа тербелу
жағдайында дисбалансты тереңдететін ортадан тепкіш күштер әсер еткен
жағдайда, валюталық нарық тұрақсыз болып саналады.
Ұлттық валютаның нағыз құны төмендесе, валюталық нарықтағы
тұрақтылыққа карамастан, сауда балансы уақытша нашарлауы мүмкін.
Менің көзқарасым бойынша, Қазақстанның валюталық нарығы ұлттық
экономикадағы бір қарқынмен дамып жатқан сала деп қарастыруға болады. Ол
теңге енбей тұрып, яғни бұрыңғы СССР, кейінгі ТМД елдерінің рубльдік топқа
біріккен тұсында қалыптасып, дами бастады. Ішкі саудадағы мемлекеттік
монополияның шеткерілеуі, арнайы тіркеусіз ішкі экономикада қызмет
жургізуге, заңды тұлғаларға мүмкіндік берілуі, сондай-ақ заңды және жеке
тұлғаларға белгілі бір банктердің қатысуынсыз валюталық операциялар
жургізуге шек қойылмауы 1992 жылы бас кезіндегі валюталық нарықтың дамуына
қарқын берді. Қазақстан Республикасында ұйымдасқан ішкі валюталық нарықтың
жұмыс істеуі 1993 жылы басталды. Бұл кезеңде республикадағы валюталық
биржада алғашқы саудалап сату жүргізіле бастаған.
Жеке валютасы ретінде өзге мемлекеттің ақша бірлігін қолдануы
Қазақстанның валюталық нарығының тарлығын танытты, сондықтан теңгенің
енгізілуі қаржылық нарықтағы аталмыш сектордың дамуына жаңа қарқын
бергендей болды. Қазақстандағы негізгі валюталық операциялар Алматыда
жүргізіледі, ең маңыздысы Қазақстандық қор биржасында Қазақстандағы
валюталық нарықтың инфрақұрылымының дамуы белгілі бір деңгейге көтерілді.
Ішкі валюталық нарық өзіне үш сегментті қосады:
• Біршіден, ұйымдасқан биржалық нарық:
• Екшіден, биржадан тыс банкаралық валюталық нарық:
• Үшіншіден, қолма-қол шетел валюталық нарық.
Егер, ұйымдасқан биржалық нарықтың дамуы жөнінде айтатын болсақ,
теңгенің енгізілген сәтінен бастап Қазақстандағы саудалап сату банкаралық
валюталық биржада жүргізілді. Ол 1993 жылдың 17 қарашасында Казақстан
Республикасының Ұлттық Банкінің және 23 қазақстандық коммерциялық
банктердің шешімімен құрылды, бұған дейін Казақстан Республикасының Ұлттық
Банкінің құрылымдық бөлігі болып табылатын Қазақстан Республикасының
Валюталық биржасы өмір сүрді. Жаңа биржаның міндеті - ішкі валюталық
нарықты дамыта отырып, ұлттық валютаны - қазақстандық теңгені енгізу. Биржа
құрылғаннан кейін бастапқы екі жылда тек шетел валюталарымен саудалап
сатуды ұйымдастырумен ғана айналысты. Одан кейін бағалы қағаздар нарығында
биржалық қызметтің дамуы басталды және биржаның пайда болуы нәтижесінде
“қорлық” (фондтық) деген сөз пайда болды. Бұл атау 1996 жылы шілдеде
“Қазақстандық қор биржасы” деген атқа өзгертілді. Бұл өзін-өзі басқаратын
бірлестік қаржылық нарықтың 54 мамандандырылған мүшелерін біріктірді және
елдің қаржы нарығының көтерілуіне кең көлемде мүмкіндік туғызды. 1997
жылдың басында Қазакстанда үш қор биржасы болды: ЦАФБ, КАSЕ және МКФБ.
Олардың екеуі кейіннен бірігіп кетті де, ал ЦАФБ-ң лицензиясын алып қойды.
Біріккен биржалық кордың құрамынан мамандандырылған Алматылық қаржылық
құралдар биржасы бөлініп шықты. Бұл қорда шетел валютасы және фьючерстік
келісімдер бойынша саудалап сату жүргізілді. Басты атап көрсететін нәрсе,
Қазақстан Рөспубликасында "Қазақстан Республикасының кейбір акционерлік
қоғамдар сұрағын карастыратын заңды актілерге өзгертулер мен толықтырулар
енгізу" туралы заң І998 жылдың 10 шілдесінде қабылданды. Бұл норма қор
биржасына сауданы тек бағалы қағаздармен ғана емес, сонымен қатар басқа да
қаржылық құралдармен шешуге мүмкіндік берді. Бұл 1999 жылы көктемде КАSЕ
пен “Алматы құралдарының қаржылық биржасы” ЖАҚ-ның бірігуіне әкеледі
(АFІNЕХ өз уақытында КАSЕ-ден бөлініп шыққан). Валюталық нарықтың биржалық
сегментінің динамикалық дамуын қорытындылай келе, екі негізгі кезеңді бөліп
қарауға болады: 1995 ж. үшінші тоқсанның қалыптасу сәтінен басталған
қарқынды экстенсивті өсу және саудалап сату көлемінің бірте-бірте
төмендеуі. Көптеген аналитикалық мақалада көрсетілгендей 1995 жыл
макроэкономикалық тұрақтылық жылы болды. Ақшаның жылдам құнсыздануы 1994
жылы – 125,8%-дан 1995ж- 60,3%-ра төмендеді. Теңгеге деген сенім АҚШ
долларының құнының төмендеуінен кейін арта түсті. АҚШ доллары 1994 жылы
754,9%-дан 1995 жылы 17,9%-ра төмендеді.
1995 жылы биржалық сегмент өз дамуының шыңына жетті деуге болады.
Негізгі институтционалды валюталық келісімдердің көпшілігі КМВФБ арқылы
жүзеге асқандықтан, бұл республикадағы негізгі валюталық нарық статусын
алды. Осылайша валюталық биржадағы сауда эквиваленттен өсті. 1994 жылы
1,522 млн. АҚШ доллары 1995 жылы 2,547 млн. долларға айналды, сонымен қатар
АҚШ доллары бойынша өсім 80,90%-ра, неміс маркасымен -4,69 есеге (яғни
369%) және ресей рубль бойынша 75,2%-ға өсті.
Банк пен заңды тұлғалардың айырбас орындары валюталық нарықтың
ажырамас бөлігі болып табылады. 1994 жыл барысында ішкі қолма-қол нарығы
қарқынды экстенсивті даму стадиясынан өтті, 1994-1995 жылдарда айырбас
пункттерінің саны күрт өсті.
1995 жылғы валюталық нарықтың дамуының маңызды қорытындысы етіп, оның
ымырлануын атауға болады. Оның мәні 10 маусымдағы 30%-ға төмендеумен және 4
тамызда экспорттық валюталық түсімнің міндетті сатылуын жоққа шығарумен
байланысты. 1995 жылы жүзеге асырылған валюталық нарықтары өзін-өзі басқару
белгілері осындай қадам жасауға алып келді. Ішкі қолма-қол емес валюталық
нарықтағы келісімдер ішінен доминант рольді АҚШ долларымен жасалған “спот”
келісімі алады, оның артынан неміс маркалары да жүргізілген.
Кесте № 1.
Iшкi валюталық нарықтағы операциялар
KASE ББВРВМВР KASE ББВРВМВР KASE ББВРВМВР
Сауда Резидент-баСауда Резидент-баСауда Резидент-бан
көлемi нктер көлемi нктер көлемi ктер жасаған
жасаған жасаған мәлiме
мәлiме мәлiме көлемi
көлемi көлемi
1993 34 - - - 21 -
1994 1002 - - - 520 -
1995 1813 - - - 734 -
1996 1257 46 - - 152 13
1997 1125 1623 - - - 383
1998 1311 2750 - - - 102
1999 2117 1984 2075 34109 - 466
2000 1729 3206 720 10852 - 651
2001 1952 3648 65 18186 86 1024
2002 2945 4238 265 63459 98 876
1999 - -
I 240 577 - 1513 - 48
II 590 412 - 7997 - 187
III 730 443 1080 10373 - 100
IV 557 551 995 14226 - 131
2000 - -
I 342 731 570 2089 - 80
II 401 694 130 2067 - 162
III 497 727 20 1736 - 160
IV 489 1054 - 4960 - 249
2002 -
I 404 854 - 2370 20 123
II 432 1011 - 4953 18 212
III 441 886 25 3632 26 310
IV 675 897 60 7231 22 378
2003 -
I 440 996 265 6030 48 148
II 645 861 - 10321 21 164
III 687 1064 - 37789 17 87
IV 1173 1317 - 9091 13 477
2004 -
2004 306 419 - 2165 - 71
02.04606 427 460 3893 14 86
1996 ж. 8 шілдесінен бастап КФБ Ресейдегі қаржылық нарықтағы тұрақсыз
және кризистік жагдайларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
Тверьуниверсам Банкінің құлдырауына байланысты Ресей рубльінің бағасын
белгілеуді тоқтатты. Осыған, байланысты 1996 ж. шілдесінен бастап Ресей
рублімен сауда жүргізу тек биржалық нарықтан тыс жерлерде жүзеге асты.
Биржалық саудадағы валюталық құрылымды қарастыра келе мынандай
мәселені атау қажет, бұл оның артындағы шетел валютасына тұрған
клиенттердің фактілік кызығушылығын көрсетеді. Биржалық саудаға түсетін
негізгі валюталар: АҚШ доллары, ресей рублі және еуро.
Биржалық валюталық нарықта доминанттық рольді АҚШ доллары алады (83,6%-
дан 99,6%) КАSЕ-гі жалпы сауда көлемінде доллар үлесінің тұрақты көтеріңкі
тенденциясы сақталды.
Меніңше, валюталық нарықтың АҚШ долларына деген осынша күшті
моновалюталык бағытта болуы көптеген жағдайда жалпы Қазақстан
Республикасының экономикасына және валюталық жүйенің дамуына кесірін
тигізуі мүмкін. 1995 ж. орта кезеңінен бастап, валюталық биржадан
капиталдың қайту тенденциясы нақты қадағаланып келеді.
1996 жылы шетел валютасымен негізгі келісімдердің көпшілігі биржадан
тыс валюталық нарықта жүзеге асты. 1996 жылы ол АҚШ долларындағы биржаны
орта есеппен 2 есеге басып озды. Ресей рубльімен саудалап сату екі сегмент
бойынша да 1996 жылдың алғашкы 6 айында ғана жүргізілді және биржадан тыс
төлемде алғашқы жарты жылдық биржаны орта есеппен 4,5 есеге өсірді.
1996 жылдың 8 шілдесінде жоғары жақтың көрсетуі бойынша ресей
рубілімен сату тек биржадан тыс нарықта да жүргізіледі.
1.2 Валюталық реттеу механизмі
Нарықтық экономика жағдайында валюталық қатынастарды нарықтық және
мемлекеттік реттеу жүзеге асырылынады. Валюталық нарықта валютаға деген
сұраныс пен ұсыныс және оның бағамдық қатынасы қалыптасады. Ол өз
кезегінде, мемлекеттік және нарықтық реттеу белгілі деңгейде жүзеге
асырылмаған жағдайда теріс нәтижеге алып келеді. Нарықтық реттеу сұраныс
пен ұсыныс, баға заңына тәуелді болып келеді. Валюталық нарықтағы
бәсекелестік жағдайда осы заңдардың іс-әрекеті валюта айырбасының қатысты
эквиваленттілігін, тауар, көрсетілетін қызмет, капитал қозғалысымен
байланысты халықаралық қаржы ағынының әлемдік шаруашылыққа деген
қажеттілігінің сәйкес келуін қамтамасыз етеді. Осы арқылы нарық валюталық
операциялар жағдайының ақпарат көзі ретінде қызмет атқарады.
Бірақ, мемлекет валюталық қатынасқа бұрыннан араласып келеді - алдымен
жанама түрде, кейіннен оның әлемдік шаруашылықта алатын орнының маңызды
екенін ескере отырып тікелей араласатын болды. Бағамдық айырма мен
валютаның күйзеліске ұшырауы ұлттық және әлемдік экономикаға теріс әсерін
тигізеді.
Нарықтық және мемлекеттік реттеу бір-бірін толықтырып отырады.
Біріншісі, бәсекеге негізделе отырып, даму ынтасын туғызса, ал екіншісі
валюталық қатынастарды нарықтық реттеудің нәтижесінде болатын жарымсыз
нәтижелерді түзетуге бағытталған. Осы екі реттеуіш арасындағы шекара нақты
бір жағдайдағы пайда мен шығын арқылы анықталады.
Ел экономикасында күйзеліс болған уақытта мемлекеттік реттеуіш
қолданылады, яғни мемлекет валюталық саясатты жүргізу шараларын қатаңдата
түседі. Валюталық режимді либерализациялау жағдайында нарықтық
реттеуіш қолданылады да, ал мемлекет бақылау функциясын жүзеге асырады.
Жоғарыда айтылғандардан, валюталық қатынастарды нарықтық және
мемлекеттік реттеу бір-бірін толықтырып отыратын категория екенін көруге
болады. Әрқайсысының алатын орны ұлттық валюта нарығы мен мемлекетте болып
жатқан экономикалық процесс жағдайына байланысты өзгеріп отырады.
Валюталық реттеу - валюталық саясатты іске асыратын құрал болып
табылады. Валюталық саясаттың бағыттары мен формалары елдің валюталы-
экономикалық жағдайымен, әлемдік шаруашылықтың эволюциясымен анықталады.
Бірінші кезекке валюталық саясаттың нақты мәселелері қойылады: валюталық
күйзелісті жеңіп шығу және валюталық тұрақтылықты камтамасыз ету; валюталық
шектеулер, валютаның конвертациялануы, валюталық операцияларды
либерализациялау.
Валюталық реттеу мемлекеттің валюталық құндылықтармен жасалынатын
мәмілелердің тәртібін және есеп айырысуларды регламенттеуте бағытталған
қызметі болып табылады. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың келесідей
құқықтық шараларға бағытталған кешенін білдіреді:
1. валюталық реттеу органдарының, валюталық бақылау органдары мен
агенттерінің қызметін құруға және қамтамасыз етуге;
2. ішкі валюталық нарықтары валюталық құндылықтармен жасалынатын
операциялардың жүргізілу тәртібін, валюталық құндылықтарды шет елге шығару
тәртібін, шет елдік инвестицияларды жүзеге асыру режимін белгілеу және іске
асыру;
3. валюталық құндылыққа деген мүліктік құқықты қорғауды қамтамасыз
ету;
4. әлемдік есеп айырысуларды регламенттеу;
5. елдің әлемдік нарықпен қарым-қатынасының жеткілікті деңгейде болуын
қамтамасыз ету;
6. ұлттық валюта бағамының және төлем балансының тұрақтылығын
қамтамасыз ету.
Валюталық реттеудің мақсаты - ағымдағы валюталық операцияларды жүргізу
кезінде болатын төлем балансының дисбалансын қысқарту, ағымдағы операциялар
бойынша валютаның конвертациялануын қамтамасыз ету.
Төлем балансы өз кезегінде халықаралық операциялардың баланстық шотын
білдіреді - белгілі бір уақыт аралығында мемлекеттің шет елге төлеген
валюталық сомасымен шет елден түскен соманың арақатынасы. Ол келесідей
бөлімдерден тұрады: ағымдағы операциялар шоты, капитал және қаржы
қозғалысымен байланысты шот.
Төлем балансы мемлекеттік реттеудің бұрыннан келе жатқан,
объектілерінің бірі болып табылады. Бұл келесідей себептермен
негізделінеді:
➢ төлем балансына, бір елдегі ұзақ және ірі тапшылықтың және
басқа елдегі активті сальдоның артық болуы кезіндегі тепе-
теңсіздік тән. Халықаралық есеп айырысу балансының тұрақсыз
болуы валюта бағамының динамикасына, капитал миграциясына,
экономика жағдайына әсерін тигізеді; төлем балансын бағалық
реттеу арқылы түзетудің стихиялы механизмі өте әлсіз және
төлем балансын реттеу мемлекеттің өте кешенді жағаласуын
қажет етеді;
➢ шаруашылық байланыстың ғаламдануы жағдайындағы төлем балансы
экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесінде маңызды орын алады.
Төлем балансын реттеудің материалдық негізі болып келесілер табылады:
1. ресми алтын-валюталы резерв;
2. мемлекеттік бюджет арқылы бөлінетін ұлттық табыс;
3. мемлекеттің халықаралық экономикалық қатынастарға капитал, несие,
кепіл болушы, қарыз алушы ретінде қатысуы;
4. нормативті актілер және валюталық бақылау органдарының көмегі
арқылы сыртқы экономикалық операцияларды регламентациялау.
Төлем балансын реттеу кезінде мынадай сұрақ туындайды: қандай елдер
оны түзету шараларын қолдануы қажет? Бюджет тапшылығына ұшыраған елдер үшін
төлем балансын түзету өте қомақты мәселе болып табылады.
Төлем балансын мемлекеттік реттеу - бұл, төлем балансының негізгі
баптарын құруға, сондай-ақ қалыптасқан сальдоны жабуға бағытталған
мемлекеттің экономикалық, оның ішінде валюталық, ақша-несие және қаржылық
іс-шараларының жиынтығы. Төлем балансын реттеудің түрлі әдістері
қолданылады.
Төлем балансы тапшылыққа ұшыраған елдерде экспортты ынталандыру, тауар
импортын ұстап тұру, шет ел капиталын тарту, капиталды сыртқа шығаруды
шектеу мақсатында келесідей іс-шаралар қолданылады:
Девальвация. Ұлттық валюта бағамын төмендету экспортты ынталандыруға
және тауар импортын ұстап тұруға бағытталған. Төлем балансын реттеудегі
девальвацияның алатын рөлі оны жүргізу кезіндегі нақты шарттарға және қаржы
саясатына байланысты болады. Ол тауар экспортын тек бәсекеге қабілетті
тауарлар мен қызметтердің экспорттық потенциалы болған кезде және де
әлемдік нарықта қолайлы жағдай болған уақытта ғана ынталандырады. Импортты
қымбаттата отырып, девальвация отандық тауарлар өндірісі шығындарының
өсуіне, елдегі бағаның өсуіне алып келуі мүмкін. Ойлаған мақсатқа жету үшін
девальвация мөлшері жағынан жеткілікті болуы қажет. Себебі, ол валюталық
нарықтары спекуляцияның көбеюіне жол береді, өйткені валюталық бағамды
қайталап қарастыру мүмкіндігі сақталынады. Сонымен бірге, девальвация
мөлшерінің шектен тым асып кетуі басқа валюта бағамының төмендеуіне алып
келеді, ал бұл кезде өз валютасын девальвациялаған ел есептеген бәскелестік
артықшылықтан айырылады. Кейбір елдер, жасырын девальвация ретінде, екі
жақты валюта нарығы формасындағы көпжақты валюталық бағамды тәжірбиеде
қолдануда. Қалқымалы бағам режимін енгізу төлем балансын түзетуге
көмектеспеді. Девальвацияның тиімділігін қамтамасыз ету үшін көптеген
елдер, әсіресе дамушы, дифференциалданған баж және экспорт пен импортқа
субсидиялар белгіледі.
Дефляциялық саясат, ішкі сұранысты, бюджет шығындарын шектеуге
бағытталған. Оның негізгі құралдарының бірі болып қаржылық және ақша-несие
шаралары табылады (бюджет тапшылығының төмендеуі, орталық банктің есеп
мөлшерлемесінің өзгеруі (дисконттық саясат), несиелік шектеулер).
Валюталық шектеулер. Экспортерлердің шет ел валюталық түсімдерін жабу,
импортерлерге шет ел валютасын сатуды лицензиялау, капитал экспортын шектей
отырып және оның ағынын ынталандыру арқылы төлем балансының тапшылығын
жоюға бағытталған.
Қаржылық және ақша-несие саясаты. Төлем балансының тапшылығын
төмендету үшін экспортерлерге арналған бюджеттік субсидиялар, импорттық
баждарды протекционды жоғарлату, елге капиталдың ағуын көбейту мақсатында,
бағалы қағаздардың шет ел иемденушілері төлейтін пайыздарға салық салуды
алып тастау, ақша-несие саясаты қолданылады.
Төлем балансына мемлекеттің әсер етуінің арнайы шаралары оның негізгі
баптарын құру - сауда балансы, “көрінбейтін” операциялар, капитал
қозғалысы.
Экспортты ынталандыру әдісі кешенді түрде қолданыс табуда. Ол өзіне
экспортерлерді қолдаудың валюталық, несиелік қаржылық ұйымдық формаларын
кіргізеді.
Жоғарыда қарастырылған қаржылық, несиелік валюталық және т.б.
әдістерін, сондай-ақ валюта ревальвациясын импортты кеңейтуге және тауар
экспортын ұстап тұруға, капитал экспортын ұлғайту мен капитал импортын
шектеуге қолданылады.
Әдетте, екі қарама-қарсы кешенді іс-шараларға негізделген төлем
балансын өтемдік реттеу қолданылады: рестрикционды және экспансионды.
Мемлекет реттеуді тек қана жеке баптарға ғана жүргізбейді, сондай-ақ төлем
балансының сальдосында реттейді.
Төлем балансының тапшылығын жоюдың ақырғы құралы болып субсидия және
көмек формасындағы шет елдік көмек табылады.
Төлем балансының активті сальдосын мемлекет өзінің сыртқы қарыздарын
жабу үшін, шет ел мемлекеттеріне несие ұсыну үшін, алтын-валюта резервін
көбейту үшін қолданады.
Валюталық реттеу механизмінің маңызды элементтерінің бірі болып валюта
бағамы табылады, себебі, халықаралық экономикалық қатынастың дамуы әртүрлі
елдің валютасының құндық арақатынасын өлшеуді талап етеді. Валюта бағамы
мыналар үшін қажет:
тауарды, көрсетілетін қызметті сату кезінде, капитал және ақша
айналысы кезінде валютаны өзара келісе отырып айырбастау үшін;
әлемдік және ұлттық нарық бағаларын, сонымен бірге ұлттық және шет
ел валютасында берілген әр елдің құндық көрсеткіштерін салыстыру үшін;
фирмалар мен банктердің шет ел валютасындағы шоттарын кезең аралық
бағалау үшін.
Валюта бағамы - бұл, әр түрлі мемлекеттердің ақша өлшемдерінің
арақатынасы, яғни басқа елдің ақша өлшемімен көрсетілген бір елдің ақша
өлшемінің бағасы.
Валюта бағамына әсер ететін факторларды атап кетуге болады:
тұтынушылар талғамының өзгеруі:
инфляция қарқыны:
төлем балансының жағдайы:
пайыз мөлшерінің деңгейі;
валюта нарығының қызметі және алып-сатарлық валюталы операциялар;
еуро нарықта және халықаралық есеп айырысуларда белгілі бір валютаны
пайдалану деңгейі;
ұлттық және әлемдік нарықта валютаға деген сенім деңгейі. Осыған
байланысты, валюта бағамының қалыптасуы - көп факторлы процесс.
Валюта бағамының маңызды бағыты болып тиімді нақты айырбас бағамы
табылады. Бұл жерде макроэкономикалық тепе-теңдікке сәйкес келетін айырбас
бағамы туралы, яғни сыртқы және ішкі баланс арасындағы сәйкестікті
қамтамасыз ететін бағам туралы айтылады. Тіркелген бағам кезінде төлем
балансының тепе-тең болуы мүмкін емес. Реттелетін қалқымалы бағамды сыртқы
тепе-теңдікке жету үшін қолданады. Ал, ішкі жағдайға бюджеттік-салықтық
шаралар қолданылады.
Тиімді валюта бағамы өз кезегінде, белгілі бір кезең аралығындағы
бірнеше валютаға қатысты бір валюта бағамының орташа салмағының өзгеруін
анықтайтын индексті білдіреді. Ең алғаш рет тиімді валюта бағамы деген
түсінік қалқымалы валюта бағамы түсінігі арқылы пайда болды.
Орталық банк үш жылғы кезең аралығындағы ұлттық валютаның нақты тиімді
бағамын – Real effective exchage rate (REER) есептеуді қажет деп санайды.
Айырбас бағамының өзгеру индексін есептеу әдістемесі кезең бойынша
жүргізілінеді:
1.базалық кезеңмен салыстырғандағы есептік кезеңдегі ұлттық валютаның
айырбас бағамының өзгеру индексін есептеу:
Si = Sit Sio мұндағы:
Si – шет ел валютасы бірлігінде берілген есептік кезеңдегі ұлттық
валютаның айырбас бағамының өзгеруі;
Sit - есептік кезеңдегі ұлттық валюта бағамы;
Sі° - кезеңдегі ұлттық валюта бағамы;
2. Номиналды тиімді айырбас бағамының индексі - NЕЕR есептеу:
NЕЕR = 100*Пі (Si)w
мұндағы: Пі - туынды, W - республика тауар айналымындағы елдің үлес
салмағы.
3. Нақты тиімді айырбас бағамының индексін - RЕЕR есептеу:
RЕЕR= Пi [NЕЕR* (РdРif)], мұндағы:
Ріf - і-еліндегі баға деңгейі;
Рd - қарастырып отырған елдің ИПЦ.
Индекстің өсуі ұлттық валютаның басқа да саудаласатын елдердің
валютасымен салыстырғанда қымбаттауын көрсетеді. Индекстің өсуі немесе
төмендеуі басқа ел валютасына қатысты ұлттық валютаның қымбаттауын немесе
арзандауын көрсетеді.
Валюта бағамын реттеуші әдістің бір түрі болып валюталық интервенция
табылады.
Халықаралық валюта қорының валюта бағамын реттеуге қатысты қойылатын
талаптары келесідей:
1) Валюта бағамын төлем балансын реттеу кезінде туындайтын
қиыншылықтарға қарсы немесе белігілі бір артықшылықтар алу мақсатында
қолданбау қажет;
2) Халықаралық валюта қорына мүше басқа да елдермен қатар ұлттық
валюта бағамының алып-сатарлық құбылуына қарсы тұру үшін валюталық нарықта
интервенцияны жүзеге асыру.
Валюталық интервенция мынадай үш нәтижеге алып келуі мүмкін:
1. валюта бағамының өзгеруіне;
2. валюта резервінің диверсификациясына;
3. ақша массасының өзгеруіне.
Валюталық интервенция тиімділігінің критерйлері:
“бағыт критерийінің мәні мынада, егер валюта бағамының қозғалысы
интервенция бағытымен сәйкес келсе, онда интервенция тиімді деп саналады;
“түзету” критерийі валюта бағамының құбылуын тузетумен байланысты.
Бұл интервенция орталық банктен көрсетілетін трендтің өсуін баяулатқан
кезде тиімді болады;
“айналым” критерийі, бұл кезде тек 1-ші критерий орындалған кезде
ғана емес, сондай-ақ алдыңғы кезеңдегі валюта бағамының құбылуы толығымен
жойылған кезде тиімді деп саналады.
Интервенцияны жанама және тікелей деп екі түрге бөлуге болады. Жанама
интервенция – қаржы құралдарының мерзімін, көлемін, табыстылығын пайдалану.
Тікелей интервенция - орталық банктің ресми бағамын, капитал ағынын реттеу.
Ақырғы объектілерді реттеуді оптимизациялау үшін орталық банк
валюталық реттеудің кезең аралық объектілерін - резиденттер мен резидент
еместер жүргізетін валюталық операциялар деп бөледі.
Валюталық реттеуді ұйымдастырудың негізгі қағидалары:
аймақтық;
экономикалық анықтылық;
валюталык операциялардың негізділігі;
валюталық операцияларды жүргізу кезіндегі банктердің монополиялығы;
резиденттердің шет елде авуарды иемдену құқығын шектеу;
мерзімді операцияларды бақылау:
банктің валюталық позициясын бақылау;
валюталық операцияларды категорияларға бөлу;
алып сатарлық операциялармен айналысуға тиым салу.
Қазақстан туралы айтатын болсақ, 2003 жылдың сыртқы экономикалық
қызметінің қорытындысы Қазақстанның сыртқы позициясын одан әрі күшейтудің
қажет екенін көрсетеді.
2003 жыл қазақстандық экономиканың қалыптасуының тағы бір кезеңі
болды. Әлемдік экономикадағы жағымсыз тенденциялардың өсуі жағдайында,
энергетика тауарларына деген сұраныстың сақталуы және жыл бойы оған деген
бағаның өсуі экспорттың жоғарғы көрсеткішіне жетуін және Қазақстанның
сыртқы позициясының біршама күшеюін қамтамасыз етті. Мұнайға деген әлемдік
бағаның өсуі жыл бойына созылды. Жалпы алғанда, 2003 жылғы Қазақстанның
экспортка шығаратын негізгі тауарларына деген әлемдік баға индексі (кеден
статистикасы тіркеген экспорттың 82%) 2002 жылға қарағанда 2,4%-ке өсті.
Бағаның өсуі тенденциясы Қазақстан импорттайтын тауарларға да тән
болды. Экспортқа деген сыртқы бағаның өзгеру қатынасының импортқа деген
сыртқы бағаның өзгеруіне қатынасы арқылы есептелінетін сауда шартының
орташа жылдық индексі 1,9%-ға өсті.
Есептік жыл ішіндегі баға конъюнктурасының өзгеруі экспорт құнының
2002 жылғы деңгейге жетуіне әсер етті. Дайын өнімнің сыртқы өндірісінің
дамуы ішкі тұтыну нарығының динамикалық өсу жағдайында импорттың өсуін
ұстап тұрды.
Инфляцияның жеткілікті деңгейі мен теңгенің айырбас бағамының тұрақты
динамикасы экспортқа шығарылатын тауарлардың және де ішкі нарыққа арналып
шығарылатын тауарлардың бәсеке қабілеттілігін сақтауға мүмкіндік туғызды.
2003 жылы теңгенің АҚШ долларына катысты биржалық бағамының төмендеуі 3,25%-
ды құрады, ал 2003 жылдың желтоқсан айына есептелген нақты тиімді айырбас
бағамының индексі (RЕЕR) 2002 жылдың желтоқсан айына қарағанда 7,3%-ға
төмен болды.
2003 жылдың аяғындағы республиканың ресми халықаралық резервтері, оның
ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорының қаражаттарын қосқанда 5
млрд. долларға бағаланды. Сауда балансының оң сальдосы 2420 млн. долларды
құрады, ол 2002 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,8 есеге жоғары болды.
Төртінші тоқсанның қорытындысы бойынша 1018 млн. долларға тіркелген таза
тауар экспортының көрсеткіші 1995 жылдан бері Қазақстанның төлем балансында
тіркелген тоқсандық көрсеткіштердің ішіндегілердің ең жоғарғысы болып
табылды. Ал, жалпы алғанда жыл бойғы сауда балансының оң сальдосы 2000
жылғы нәтижеге жетті.
Экономикалық дамудың тұрақтылығы және валюта нарығының тепе-теңдігі
Қазақстандағы валюта режимін либерализациялау бойынша қолданылатын
шараларға алып келеді. Қорытындылай келе, валюталық реттеу экономикалық өсу
тұрақтылығын қамтамасыз етуде қолданылатын маңызды құралдардың бірі болып

Валюталық бағам режимінің ең басты сұрағы әрқашанда қалқымалы және
тіркелген бағамды таңдау болып табылған. XX ғасырда ешбір ел валюта жүйесін
құруда бұл варианттардың ешқайсысында қолданған жоқ. Оның элеменеттері, әр
елдің валюта бағамын анықтау саясатында белгілі бір деңгейде қолданыс
тапқан. Әдетте, орталық банк мемлекеттің экономикалық саясатының әр түрлі
үш мәселелер арасындағы тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік беретін және оған
қайшы келмейтін ұлттық ақша бірлігі сияқты валюта бағамы режимін қолдануды
қалайды. Біріншіден, валюта бағамы режимі ішкі ақша-несие және бюджеттік
саясатты жүргізу кезінде шектеу қоймауы қажет. Екіншіден, валюта бағамы
елдің сыртқы экономикалық байланысының дамуына біршама жағдай жасауы қажет.
Үшіншіден, валюта бағамы режимі инфляцияға қарсы саясатпен сәйкес келуі
қажет.
Жоғарыда аталған мәселелердің тіркелген бағам кезінде жүзеге асуы
мүмкін емес, себебі икемді экономикалық саясатты жүргізу белгілі деңгейде
ұлттық валюта бағамын қолдау міндетімен шектелген. Қалқымалы режим жағдайы
кезіндегі бағамның күйзелуі сыртқы саудаға және жұмыстылыққа теріс әсерін
тигізеді. Сонымен бірге, ұлттық экономика импортталатын инфляция үшін ашық
болып қалады. Осыған байланысты, менің ойымша тіркелген және қалқымалы
бағамдардың әрқайсысының артықшылықтарын бөлек топтау дұрыс болады.
Теориялық негіз жағынан валюта бағамы режимінің тұрақтылығы және өмір
сүру қабілеттігі, айырбас бағамының үш негізгі мәселені қалай дұрыс шешуіне
байланысты болады. Біріншіден, валюта бағамының режимі, әлемдік бағаның
немесе экспортқа шығарылатын тауарға деген сұраныстың кенеттен төмендеуі
сияқты жағдайлар туындаған кезде ұлттық экспортқа қатысты бағаға түзету
жасауға мүмкіндік туғызуы қажет. Екіншіден, валюта бағамының режимі ақша-
несие саясатына сай келуі керек және оның жалпы бағыттарына қайшы келмеуі
қажет. Үшіншіден, елдің валюта бағамының режимі нарықтық алып-сатарларға
қарсы тұратын механизмдерді қарастыруы қажет.
Бірінші мәселе - сыртқы сауда бағасына қатысты түзетулер жасау
мүмкіндігі - ол, қалқымалы бағам режимі шеңберінде тиімді түрде іске асады:
мысалы, экспортқа деген бағаның кенеттен төмендеуі кезінде, сауда
балансының теріс сальдосы, экспортқа деген баға төмендеген уақыттың өзінде
экспорттың тиімділігін сақтап отыруға мүмкіндік беретін бағамның
төмендеуіне алып келеді. Тіркелген ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz