Ауа райына жүргізілген метеорологиялық бақылаулардың қорытындыларын өңдеу



Кіріспе
I тарау Талдықорған өңірінің климатының жалпы ерекшеліктері
1.1.Талдықорған өңірінің географиялық орны. Агроклиматтық тұрғыдан
зерттелуі
1.2.Талдықорған өңірінің климатының қалыптасуына әсер ететін
факторлар.
1.3 Талдықорған өңірінің аумағындағы ауа температурасы мен
атмосфералық жауын.шашынның таралу заңдылықтары
II тарау Талдықорған өңірінің климаттық аудандарының ерекшеліктері
2.1. Алакөл ойысы климат ауданы.
2.2. Іле ойысы климат ауданы
2.3. Жетісу Алатауы таулы климат ауданы
Қорытынды...
Пайдаланған әдебиетер тізімі
Жұмыстың өзектілігі студенттердің география пәнінен жүйелі білім алып қызығушылығын арттыруға, дүниетанымын қалыптастырып, ой өрісін кеңейтуде, табиғаттағы заңдылықтарды ашуға мүмкіндік беретін өлкетану жұмыстарының бірі метеорологиялық аланыңда жүргізілетін ауа райына бақылау жұмыстары болып табылады.
Метеорологиялық бақылаулардың барысында жинақталған сандық деректерге талдау жасау арқылы жергілікті жердің микроклиматының қалыптасуына әсер ететін адиобаттық (сырттан енетін ауа массаларының қатысынсыз жергілікті жер бетінің жылынып суынуы) және адвекциялық (сырттан енетін ауа ағынының есебінен жер бетінің жылынып суынуы) факторларды анықтауға мүмкіндік береді.
Бітіру жұмысының өзектілігіне ауа райына жүргізілген метеорологиялық бақылаулардың қорытындыларын өңдеу арқылы олардың нәтижелерін болашақта облысымыздағы ауыл шаруашылығы мен Ірі өндірістерді тиімді ұйымдастырудың ұзақ мерзімді жоспарын жасауға, табиғаттағы тепе-теңдік сақталуын, Ірі өндірістердің ауаға бөлетін улы газдарының қоршаған ортаға тигізетін кері әсерін анықтауға мүмкіндік берумен өзекті.
Көп жылдық метеорологиялық бақылауларға талдау жасай отырып, соңғы елу жылда облыс аумағында климаттың біртіндеп аридтене бастағанын аңғардық. Сонымен, бітіру жұмысының өзектілігі аталған мәселелердің қазіргі география ғылымдары үшін маңыздылығымен және аймақтық зерттеулер аясын кеңейту қажеттілігімен анықталды.
1. Питулина Н.М., Каймулдаева К.М. Климатические волны температуры воздуха в горах юго восточного Казахстана за последние 100 лет УДК 551 524 77
2. Сонда
3. Алдарбаева Д.К. Жоңғар өлкесі туралы // Биология, география және химия. 1997 №5 20-23 бб.
4. Панова Е.Н. Некоторые особенности структуры циркуляционных эпох М., 1987
5. Панова Е.Н. О границах эпох циркуляции М., 1978
6. Байдал М.Х. Эпохальные особенности атмосферной циркуляции и связанные с ними явления М., 1959
7. Жетісудың экологиялық жағдайы: проблемалары және шешу жолдары атты тақырыпта өткен студенттердің аймақтық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары Т., 2004
8. Чупахин В.М. Физическая география Казахстана А., Мектеп 1968
9. Гвоздецкий Н.А., Михайлов Н.Н. Физическая география СССР М.,: Высшая школаБ 1987
10.Гвоздецкий Н.А., Казахстан., М.,: Высшая школа 1971
11.Алисов Б.П. Климат СССР М., Высшая школа 1975
12. Шубаев Н.А. Общее землеведение М., 1977
13. Большой географический атлас Казахстана 1 часть
14. Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды А.,1991
15. Ахаев С.Т. Экология Жетысу А., 2003
16. Сагимбаев Г.К. Экология и экономика А., 1997
17. Бловтың С.В. Охрана окружающей среды М., 1991
18. Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы А., 1997
19. Қеженбаев С., Махмудов С. Табиғат қорғау А.,1992
20. Хромов С.П. Метеорология и климатология Л., 1969
21. Покровская Т.В. Синоптико-климатические долгосрочные прогнозы погоды Л., 1969
22. Бориченков С.П. Климат и деятельность человека М.,1982
23. Бонов А.Д. Прогноз летних циклонов №20-22 солнечной активности М., 1967
24. Природные ресурсы Или-Балхашского региона А., 1990
25. Критерии оценки загрязнения окружающей среды тяжелыми металлами // НИИ гигиены и профзаболеваний Минздрав РК А., 1998
26. Сагимбаев Г. Экология негіздері А., 1995
27. Баяшев Ә. Қышқыл жаңбырлар және олардың қоршаған ортаға әсері Атамекен 2003
28. Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы А., 1988
29. Дамо Р. Основы экологии М., 1975
30. Лаптев И.Д. Экологиялық проблемалар М., 1978
31. Ливчак Н.Д. Охрана окружафщей среды М., 1988
32. Тетюрев В.Н. О наблюдениях в природе М., 1971
33. Новиков Ю.В. Экология окружающая среда и человек М., 1998
34. Лавров С.Б. Глобальная проблема современности Санкт-Петербург 1995
35. СССР-дің беткі су ресурстары 13 том 2 басылым
36. Географический энциклопедический словарь М., 1989
37. Атлас СССР М., 1983
38. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау А., 2002

Мазмұны
Кіріспе
I тарау Талдықорған өңірінің климатының жалпы ерекшеліктері
1.1.Талдықорған өңірінің географиялық орны. Агроклиматтық тұрғыдан
зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
1.2.Талдықорған өңірінің климатының қалыптасуына әсер ететін
факторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..
1.3 Талдықорған өңірінің аумағындағы ауа температурасы мен
атмосфералық жауын-шашынның таралу заңдылықтары ... ... ... ... ...
II тарау Талдықорған өңірінің климаттық аудандарының ерекшеліктері
2.1. Алакөл ойысы климат ауданы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Іле ойысы климат ауданы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3. Жетісу Алатауы таулы климат ауданы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
Пайдаланған әдебиетер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі студенттердің география пәнінен жүйелі білім алып
қызығушылығын арттыруға, дүниетанымын қалыптастырып, ой өрісін кеңейтуде,
табиғаттағы заңдылықтарды ашуға мүмкіндік беретін өлкетану жұмыстарының
бірі метеорологиялық аланыңда жүргізілетін ауа райына бақылау жұмыстары
болып табылады.
Метеорологиялық бақылаулардың барысында жинақталған сандық деректерге
талдау жасау арқылы жергілікті жердің микроклиматының қалыптасуына әсер
ететін адиобаттық (сырттан енетін ауа массаларының қатысынсыз жергілікті
жер бетінің жылынып суынуы) және адвекциялық (сырттан енетін ауа ағынының
есебінен жер бетінің жылынып суынуы) факторларды анықтауға мүмкіндік
береді.
Бітіру жұмысының өзектілігіне ауа райына жүргізілген метеорологиялық
бақылаулардың қорытындыларын өңдеу арқылы олардың нәтижелерін болашақта
облысымыздағы ауыл шаруашылығы мен Ірі өндірістерді тиімді ұйымдастырудың
ұзақ мерзімді жоспарын жасауға, табиғаттағы тепе-теңдік сақталуын, Ірі
өндірістердің ауаға бөлетін улы газдарының қоршаған ортаға тигізетін кері
әсерін анықтауға мүмкіндік берумен өзекті.
Көп жылдық метеорологиялық бақылауларға талдау жасай отырып, соңғы елу
жылда облыс аумағында климаттың біртіндеп аридтене бастағанын аңғардық.
Сонымен, бітіру жұмысының өзектілігі аталған мәселелердің қазіргі география
ғылымдары үшін маңыздылығымен және аймақтық зерттеулер аясын кеңейту
қажеттілігімен анықталды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті бітіру жұмысының мақсаты – Талдықорған
қаласы мен аудан орталықтарындағы тұрақты жүргізілген метеорологиялық
бақылаулардың деректеріне талдау жасай отырып, Алматы облысының климатының
ерекшеліктерін. Осы мақсатты басшылыққа ала отырып, төмендегідей
мәселелерді шешуді міндетімізге алдық:
- Ауа райының негізгі элементтерінің арнайы журналға түсіру арқылы жыл
маусымдарындағы жауын-шашын мен ауа температурасының, атмосфералық
қысымның, салыстырмалы ылғалдылықтың ауытқуына талдау жасау арқылы
күнделікті жүргізілген метеорологиялық бақылаулардың деректерін бір
жүйеге келтіріп климаттық кестелер мен локальді диаграммалар құрудың
жолдарын үйрену;
-Облыс аумағындағы метеорологиялық бекеттер мен ғылыми көпшілік
әдебиеттердегі деректеріне сүйене отырып Талдықорған
өңірінің
климаттық карталарын жасау;
-Жиналған деректерді бір жүйеге келтіре отырып география курстарын
жергілікті жерге негіздей отырып оқыту мақсатында нақты
өлкетану
деректері ретінде пайдалану;
-Ауа райының негізгі элементтерінің қасиеттерінің негізгі
сандық
көрсеткіштерін анықтайтын барометр, аниометр, гигрометр, флюгердің
құрылысымен танысу арқылы ауа райының белгілі бір уақыттағы күйін
анықтаудың жолын үйрену;
- Метеорологиялық приборлардың деректеріне сүйене отырып ауа райның
күнтізбесін құрудың әдістерін меңгеру;
- Метеорорлогиялық деректерге талдау жасай отырып ауа райының өзгеру
себептерін анықтаудың жолдарын үйрену;
-Ауа райының күнтізбесінің ғылыми көпшілік әдебиеттердің
деректерін
пайдалана отырып білімімізді тереңдету.
Бітіру жұмысының деректік негізі: бітіру жұмысының негізгі дерек көзі
ретінде күнделікті жүргізілген метеорологиялық бақылаулардың қорытындылары
қолданылды. Күнделікті ауа райын бақылауға флюгер, аниометр, максимальді
және минимальді термометр, барометр, гигрометр, жауын-шашын өлшеуіш
пайдаланылды.
Теориялық негіді ретінде С.П.Хромовтың Метеорология и климатология,
А.П.Шубаевтың Общее землеведение, В.М. Чупахиннің Физическая география
оқулығы, В.И.Фурсовтың Экологические проблемы окружающей среды,
С.Т.Ахаевтың Экология Жетысу, Г.К.Сагимбаевтың Экологія и экономика,
С.В.Бловтың Охрана окружающей среды және Қазқстанның үлкен географиялық
атласы пайдаланылды.
Бітіру жұмысының әдістемесі:Талдықорған өңірінің климаттық қалыптасу
заңдылықтарын зерттеуді әр түрлі әдіс-тәсілдерін пайдалану қажеттігін
анықтап берді. Бітіру жұмысын жазу барысында бақылау, қажетті сандық
деректерді жинау, талдау, жинақталған ақпараттарды камералық өңдеу,
салыстыру әдістері қолданылып, басқа авторлардың жүргізген зерттеулердің
нәтижелері талданды.
Мерзімдік шегі бітіру жұмысы 2004 жыл мен 2006 жыл аралығын қамтиды. Осы
уақыт аралығында жұмыс университеттің география алаңы мен қаланың
метеорологиялық бақылау бекетінде күнделікті әр үш сағат сайын жүргізіліп
отырды.
Ғылыми жаңалығы бұл еңбек көп жылдық метеорологиялық бақылаулардың
деректерін салыстыра отырып табиғаттағы температураның артуы мен климаттың
аридтенуінің арасындағы бір ізді себе-салдарлы корреяциялық байланысты
ғылыми тұрғыда көрсетуге талпыныс жасалған.
Қолданбалы негізі жұмысты мектептерде география сабақтарында, жоғарғы оқу
орындарында, арнаулы курстар оқуда, өлкетанудан іргелі еңбектер жазуда
пайдалануға болады.
Жұмыстың құрылымы бітіру жұмысы кіріспеден, негізгі мәселелерді қамтитын үш
тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімімен тұрады.

I – тарау. Талдықорған өңірінің климатының жалпы ерекшеліктері
1. Талдықорған өңірінің физикалық географиялық орны. Агроклиматтық
тұрғыдан зерттелу тарихы
Талдықорған өңірінің аумағы солтүстігінде Балқаш климатөлі арқылы
Сарыарқаның оңтүстік сілемдерімен (Шолақ, Қызыл-саяқ, Қоскеліншек
Қызылтас, Табақкен-татар, Қараүңгір, т.б.). солттүстік - шығысында
Тарбағатай жотасымен, Барлық Майлы тауларымен (Алакөл қазаншұңқырымен
бөлінген), шығысында Жетісу (Жоңғар) қақпасы. Борохоро жоталары арқылы
Қытаймен, оңтүстік-шығысында солтүстік Іле ойысымен шектеседі..
Тарихи деректемелер мен зерттеулерде Жетісу атын құрайтын өзен туралы
әр түрлі пікір бар. А.Гейнс бұлардың қатарына Лепсі, Басқан, Сарқан, Ақсу,
Бүйен, Қаратал және Көксу өзендерін жатқызса.
А.Влангали Басқан, Сарқан өзендерінің орнына солтүстік-шығыстағы
Аягөз, оңтүстік - шығыстағы Іле өзендерін атайды. В.Бартольдтың
айтуынша, алғашқыда жергілікті халық Жетісу деп Іледен солтүстікке
қарай созылған аймақты атаған, оған Лепсі, Басқан, Ақсу Бүйен,
Қызылағаш, Қаратал, Көксу өзендері енген. Ал, 19 ғасырда Жетісу
Іленің оңтүстігіне қарай созылған таулы аймақ деген ұғым қалыптасып, оған
Тянь-Шанның солтүстік-батыс және аудандары да қосылатын болған.
Зерттеуші Г.Д.Романовский 1878ж. Жетісу (Жоңғар) Алатауының
Тарбағатай жотасының және Алакөл бассейнінің геологиялық құрылысын
тексерді. 1886 жылы Хан Тәңірі шыңына экспедицияны жасақтау ісі тау-кен
инженері И.В.Игнатьевке, ал ботаникалық зерттеулерге жетекшілік ету
А.Н.Красновқа жүктеледі. Осы сапар барысында ол жолшыбай Балқаш
төңірегіндегі құмды топырақты далалық жерлердің, одан әрі таулы аймақтардың
өсімдіктерін салыстыра зерттеуге міндетті болды. Балқаштың оңтүстігі
қапталы мен Іленің төменгі сағасындағы шөлді, далалы алқаптың ботаникасы
бұрын зерттелмеген еді. Әсіресе, Тауқұм өңірін Іленің төменгі сағасы мен
Жетісу Алатауын ботаникалық география үшін өте маңызды зерттеу аймағы
деді. Өйткені мұндағы өзендер мен көлдер мұз дәуірінен кейінгі кезеңдерде
пайда болып, құрғап кеткен немесе әлі де кеуіп үлгермеген тұнба шөгінділер
сол кезде көп болатын. Сонымен қатар Краснов жаратылысы әр түрлі топырақтар
мен оларда есетін өсімдіктер арасындағы байланысты қадағалап, физикалық-
географиялық өзгерісін әсіресе, мұз басқан жерлердегі өсімдіктердің ахуалын
зерттеу міндеті де жүктелді. Белгілі географ ғалым П.П.Семенов Жетісу
өлкесін аралап, Лепсі, Ақсу, Басқан, Қаратал, Бүйен. Көксу және т.б.
өзендерді сипаттап жазды. Ол Қапал мен Арасан маңында Жетісу Алатауына
шығып Қату тауына Алакөлге сапар шекті. Әрқашан мұнартып, көкшіл тартып
туратын Қату жотасынан ол мүсәтір мен күкірт тауып, жер астында тас
көмірдің қоры мол екенін мәлімдеді. Семенов бұл өңірді жүйелі, терең
зерттеген жоқ Тек Іле Алатауының маңайын неғүрлым толық әрі ыждағаттылықпен
зерттеді.
"Жер жәннаты" - Жетісу өлкесінің географиялық нысандары мен табиғи
байлығын ғылыми тұрғыдан зерделеп, жүйелі түрде сипаттама беру үрдісінде
қазақтан шыққан әмбебап ғалым Ш.Уәлихановтың еңбегі ерекше. Ол генерал
Гасфорттың орталық және оңтүстік-шығыс Қазақстанды аралаған сапарына
қатысты. Омбы қаласынан Семейге барар жолда Шоқан өз бетімен Жетісу
(Жоңғар) қакпасына, Алакөлге саяхат (1856-57ж.) жасайды. Сол ғылыми
сапардың нәтижелері "Іленің арғы бетіндегі өлкенің географиялык очеркі".
"Жоңғар очерктері". т.б еңбектерінде жан-жақты баяндалған. Уәлихановтың өзі
зерттеген аймақтың табиғаты мен физикалық-географиялық ерекшеліктерін ғана
емес, сонымен қатар жергілікті тұрғындарын, олардың әдет-ғұрпы мен салт-
санасын, рухани жәдігерліктерін танып-білуге құштар болды. Өзі аралаған
Жоңғар, Жетісу, Іле өлкесінің зерттелу деңгейіне ден қойып, олардың
физикалық-географиялық сипатына қатысты орыс ғалымдары елемей кеткен немесе
аңғармаған тұстарын тың ері нақты деректермен толықтырды. Әсіресе,
зерттеген аймақтардың географиялық шекараларын мейлінше дәл белгілеуге
ұмтылған. Мәселен, ол Іле өзеннің шекараларын "Іле мен Күнгей Алатауының
қар басқан жоталары арасында ұзыннан-ұзақ созылып жатқан "алқап" ретінде
сипаттап, "алқаптың" батысқа қарай кеңейе түсетінін" атап көрсетті. Сондай-
ақ, Уәлихановтың еңбектерінде Жетісу (Жоңғар) Алатауының, Солтүстік жөне
Ішкі Тянь Шанның өзен торлары жөнінде аса маңызды мағлұмат береді. "Ыстық
көлге сапар күнделігінде" ол Жетісу өлкесіндегі Аягөз, Ақсу, Лепсі, Іле,
Шілік, Шарын, т.б. өзендер жөнінде көптеген қызықты деректер келтіреді.
Жалпылама баяндаумен қатар, өзендердің геолық құрылымын, алаптарының
жаратылысын ағу бағытын анықтап климатын және өзендер мен жануарлар
дүниесін сипаттап жазды.
1902-04 жылы Тянь-Шань мен Жоңғар өлкесін зерттеген В.Сапожников
экспедициясының қорытындылары да отандық ғылым тарихында маңызды орын
алады.
Оның алғашқы экспедициясы Іле Алатауын, Тянь-Шаньдағы Сарыжаз
өзеннің бастауын және Жетісу Алатауын зерттеді.
Сапожников Арғанаты қыратына, Балқаш климатына Кіші және Үлкен
Алматы өзендерінің алабына саяхат жасады. Хан Тәңірі шыңының биіктігін
өлшеп, Байынқол өзенің алабы арқылы Жаркент қаласына барды, одан әрі
шекарадағы Қорғас өзенің алабынан өтіп, Көксу аңғары арқылы Қапалға шықты.
Экспедиция жол-жөнекей Қора, Ақсу, Бүйен өзенінде және олардың
мұздықтарында болды.
Белгілі ғалым И В Мушкетовтың 1887 жылы 28 мамырда Іле Алатауының
солтүстік етегінде, Верный қаласының маңында болған күшті жер сілкінісінің
зардаптарын зерттеп, ғылыми есеп жазды. Оның бұл мақаласы жер сілкіну
құбылысын заманауи әдістерімен саралап, байлам түйген тұңғыш еңбек болды.
Кеңес өкіметі жылдарында Алматы облысы аумағының табиғатын зерттеу
Ісі КСРО Ғылым академиясының, Қазақ Республикасы Ғылым академиясының ғылыми-
зерттеу жұмыстарымен тығыз байланысты болып, жүйелі де кешенді түрде жүзеге
асырылды.
Талдықорған өңірінің агроклиматтық тұрғыдан зерттелуі. Талдықорған өңірінің
климатының ерекшеліктері көрініс тапқан жұмыстарды үш топқа
бөлуге болады:
1. Кеңес үкіметінің аймақтандыру жұмыстары. Бұған бүкіл климаттық
аудандастыруы жатады (Алисов, Берг, Григорьев және Будыко) және
маман бойынша жұмыстар яғни агроклиматтық аймақтандыру (Семеников,
Сопожникова, Шашко).
2. Анықталған аймақ бойынша аудандастыру (Бабушкин).
3. Бүкіл Қазақстанның климаттық аудандастыруына арналған. Оларды екіге
бөліп қарауға болады. Жалпы климаттық ааудандастыру (Понамарев,
Борлук. Кузнецов) және агроклиматтық аудандастыру.
Кеңес үкіметінің жалпы климаттық аймақтандыруы бойынша монографиялар
арасындағы ірі совет климатологы Б.П.Алисовтікі
болды ол аймақтандырудың ерекшелігі ретінде атмосфералық
циркуляцияны алды. Алисов бойынша Талдықорған өңірінің орта
Азия континенталды шөлді және таулы климат ауданына кіреді.
Таулы климаттық аудандарда ол орманды және таулы
аудандарды бөледі. Бұл сызба-нұсқаның ерекшелігі климаттық түзілуін
қарастырады. Сипаттамалардың жетіспеуі әртүрлі климат арасында
шекера жүргізуді қиындатады және ірі көһлемді атмосфера циркуляциясындағы
жағдай мен жер бедеріне байланысты.
Л.С.Берг өзінің Кеңес үкіметінің климаттық аудандастыру сызба-
нұсқасында әртүрлі метеорологиялық элементердің үйлесімі айқын байқалады.
Талдықорған өңірінің екі климаттық ауданда орналасқан. Олар –қоңыржай
шөлді және таулы аудандар. Бұл сызба-нұсқада климаттың шығу тегі талдауы,
жергілікті климат жағдай мен климаттынық ландшафтылық - географиялық
аймақпен байланысы сипатталмаған.
А.А.Григорьев және М.Н.Будыко КСРО климаттың метеорологиялық
көрсеткіштерімен және географиялық аймақпен байланысы бойынша жасады.
Авторлар жер бетіндегі температура изомерін, құрғақшылық индексін, қыс
қатаудығы климат көрсеткіші және суық ылғалдын жылдық климатөрсеткіші
пайдаланды. Бұл бойынша Талдықорған өңірінің азық бөлігі екі аймақта
орналасқан. Солтүстігі - құрғақ жылы аймақ қатаң және аз қарлы қыс, ал
оңтүстігі - құрғақ жылы салыстырмалы жылы қыс

Кейінірек А.Г. Кузнецов Талдықорған өңірінің климатының
аудандастыруын жасады. Жазықты аумақтарын үш климатттық ауданға бөледі.
Олардың шекарасы табиғат зоналарының шекарасына сәйкес келді.Тауалды
жазықтарындағы Іле, Өсек,Қаратал, Көксу, Ақсу, Сарқан Лепсі, Тентек
өзендерінің аңғарларындағы суармалы егістіктерде бау-бақша, жүзім, қант
қызылшасы, күріш дақылдары өсіріледі.
Көксу, Ақсу, Сарқан, Лепсі, Тентек, Жаманты өзендерінің аңғарларында
қант қызылшасы, сарымсақ, күріш, көкеніс-картоп майлы және
жаздық, күздік бидайлар, мал азықтық дақылдар өсіріледі. Тау алды, төбелі
жазықтары мен таулы даланың топырағындагы тәсіл егістіктерде жаздық және
күздік бидай, жаздық арпа өсіріледі Тау алды белдеуіндегі жайылымдар мен
шабындықтар етті-жүнді, етті-сүтті мал шаруашылығын дамытуға қолайлы орта
биіктіктегі таулы дала мен биік таулы субальпілік және альпілік шалғындар
жазығы жайылым ретінде қолданылады. Облыстың солтүстігіндегі құмды және
сазды шөлдері Шу-Іле таулары қысқы жайылым ретінде қолданылады.

1.2.Талдықорған өңірінің климатының қалыптасуына әсер ететін
факторлар
Талдықорған өңірінің солтүстік бөлігінін құмды және жазық оңтүстігі мен
шығысы қатты тілімденген. Таулы болуы климатынын алуан түрлі болуына әсер
етеді. Талдықорған өңірінің климаты негізінен шұғыл континенттінде
Алатауымен Жетісу жотасының тауалды жазықтарында ылғал жеткілікті. Жазы
соншалықты ыстық емес, қысы жұмсақ жазықтарының климаты температураның
тәуліктік және жылдық ауытқуының жоғарылығы мен ерекшеленеді. Қысы суық,
жазы ыстық әрі құрғақ Ең суық ай қаңтарда облыс аумағының солтүстігінде
температура - 8°С, - 15°С арасында, оңтүстігінде - 3,5°С, - 14,5°С
аралығында ауытқиды. Ең ыстық ай шілде де солтүстіпнде орташа тәуліктік
температура +25°С оңтүстігінде тауалды және таулы аудандарында +24 С
аралығында ауытқиды. Таулы аудандарда қыста температура
инверсиясы дамиды. Қыста жылы ауа биікке көтерілуіне байланысты 400 метр
биіктіктеп Үштөбеде - 5°С болғанда, 800 метр биіктіктеп Талдығорғанда
қаласында ауа температурасы 0, -1С дейін көтеріледі. Температурада
инверсиясы тау беткейлерінде 3000 метр биіктікке дейін байқалады
Жазықтарға қарағанда 1500-200 метр биіктікте температура біршама жылы
болады. Қыстағы ең төменгі аудандарына - 22-41°С дейін төмендейді. Облыс
аумағындағы ауа температурасының абсолют минимумі 50-52 С абсолют максимум
құмды жазықтарда 45°С. Абсолют максимум мен минимумның температура
айырмасы 90-95°С, 0°С жоғары температура байқалатын жылы кезеңнің ұзақтығы
247 күн. + 10 С жоғары Аязсыз күндердің ұзақтығы 40. - 190, топырақ
бетінде 120-145 күн. Жоғарыдағы көрсеткіштер жазықтықтарға тән.
Географиялық орнының ерекшеліктеріне байланысты аязсыз күндердің
ұзақтығы ауытқып отырады. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері
солтүстігінде 125 мм, оңтүстіпнде таулы аймақтарда 900 мм аралығында
ауытқиды. Жауын-шашынның көп бөлігі оң және теріс радиация балансы бір-
бірімен алмасатын көктем мен күзде түседі.
Өңірдің оңтүстігінде шөлді аймақтарда вегетациялық кезең көктемде
және күзде болады. Шөлдерде көктемгі кезеңде 20-70 мм. күзде 15-40 мм дейін
жауын-шашын түседі. Кей жылдары жауын-шашынның мөлшері 1 мм-ден артық.
жылдық орташа мөлшері 135 мм-ге жетеді. Желдің жылдық орташа жылдамдығы 1,5-
3,5 мсек, тауларда жергілікті таулы-аңғарлық желдермен фендар соғады Қыста
құрылықтың қатты сууына байланысты Қытай Халық Республикасының аумағындағы
жан-жағын тау қоршаған. Ебінүр Қазан шұңқырынан жоңғар қақпасы арқылы
солтүстік батысқа бағытталып Ебі желі Балқаш Алакөл ойысында Сайқан желі
соғады. Көктемде Алакөл ойысында Жоңғар қақпасына бағытталып қыбыла желі
соғады. Ебі мен қыбыла Алакөл және Ебінүр ойыстарының қысым мен
температурасы теңелген кезеңі жазда тоқтайды Қар жамылғысы онша қалың емес,
солтүстігінде 15-25 сантиметр тау алды жазықтарында 20-90 сантиметр биік
таулы аймақтарда 2,5-3 м-ге дейін жетеді. Таулы аудандарда тұрақты қар
жамылғысы 6 ай сақталады.
Талдықорған өңірінің солтүстік-шығыс бөлігінің территориясының климат
жағдайлары әртүрлілігімен ерекшеленеді. Мұнда климаттың біртекті еңістігіне
ең басты жер бедеріиің әртүрлілігі - кең жазық ойпаң жері және таулы
территориясы әртүрлі абсолюттік биіктіктерімен, әрдайым шамданып өзгерген
климаты бір-біріне өте жақын арақашықтықта. Жазықтың тау бөктерінің
бөліпнің территориясына географиялық жағдайы басты себеп, климаттың таулы
территориясы- вертикалды зоналы екені заңды.
Р.И Аболин Кеңестік Орта - Азияға бөлуді вегетацияндық-
температуралық белдеуде жүргізіп суреттеуге территорияга жеті
климат белдеу қойды. Автор өзінің бөлуінде бұрын белгілі-тергеу
қойған, барлық заңнан шыққан вертикальді зоналық тау
абсолюттік биіктігі 100 м көтерілген сайын ауа температурасы 0,5-
0,6 төмендеиді.
Бұл жерде айта кетер жай. Р.И.Аболиннің мәліметтерін қолданып Жоңғар
Алатуының тау жүйесі өте қиындығын көреміз
Биік таулы Жоңғардың климаты абсолюттік биіктіп 2500- 4500 м жатқақ
жоғары белдеуі арктикалық төменгі альпілі сияқты ерекшелінеді.
Д.Қошқаров, А.Жуков және К.Станюков Теріскей Алатауы және Ақшарақ
жотасы абсолюттік биіктігі 3600 м. арсында жатқан Биік таулы Тянь-Шаньға
обсерваториялық мәліметтер келтіреді
Орташа жылдық температурасы -7°. Жаз айларының абсолюттік
минимумдары төмен: маусымда -13°, шілдеде -9,5°, тамызда -19,5°. Орта
жылдық атмосфералық жауын-шашын 315,9 мм. Ортаңғы салыстырмалы ортаңғы
ылғалдылық 63%. Булану өте аз: 1 тамызда 1933ж., 1 тамыз 1934ж., жалпы саны
161 мм тең Жоңғар Алатауының оңтүстік баурайы, солтүстік баурайы климатқа
қарағанда едәуір жылы. Батыс баурайы оңтүстік климатына жақындайды, ал
шығысы - солтүстікке.
Жетісу Алатауының климатының ерекшелігі төрт жылдық метеостанциялық
бақылаулар жүргізілген. Минимальдық жылдық температура -9,7° көтерілмейді.
максимальдық + 10,6° көтерілмейді. Жылы кезеңдік уақыттың орташа ауа
температурасы 6,4° суықтық -7°.
Жетісу Алатауының солтүстік бөлігі таулы - қырлы зонасы 1500-750 м.,
оңтүстікте - 2500 - 1500 м. абсолюттік биіктікте жатыр Таулы- қырлы зонасы
(1500-750 м.) сурет территорияның орташа ауа температурасы 4,5-7,6°
шамасында. Мұнда үлкен континентальді климат.
Көптеген ерекшеліктер 30° те жылы және өте суық. Жылдың айларының
арасында температурасы бақыланады.
Минимальдық және максимальдық температура амплитуда 80°жетті.
Таулы-қырлы зонасының бөлігі, Жетісу Алатауының баурайының ауданында
созылып жатқан батыс және оңтүстік батыстан кезектесіп соққан желдер. 1-сі
орташа жылдамдықта 1-3 мсек 2-2,4 мсек. Оңтүстік сілемі аталған
басымдылық желдер солтүстік-шығыстан орташа жылдамдықпен 2-4 мсек қарай
қозғалады. Дала алқабы оңтүстік Жоңғар Алатауында орналасқан солтүстік -
шығыс желі орташа жылдамдығы 1-3 мсек.Орта жылдық жауын-шашын таулы-қырлы
зонасында 331-588 мм тербеледі.
Егер тау жотасы немесе тау баурайының жазығына көлденең тартылған
ылғалды жел көп жауын-шашын желді жағы ық жағына қарағанда алады.Таулы-
қырлы зонада қар жамылған жамылғы қарашаның
басында қойылады және территорияның көбірек бөлігі жалғасатын уақыты
сәуір басында, үлкен абсолюттік биіктігі (Қосағаш, Қоғалы аудандары) -
екінші онкүндікке дейін ұсталынады. Қарлы жамылғының орташа қозғалысы 19-59
см тербеледі.
Көктемде және жазда топырақта ылғал және жылу дала шөптері шығуға
жеткілікті, бірақ жаз аяғында далада ылғал жетіспеушілік және дала шөптері
қоңырқайланып және күйіп кету бастауы байқалады.
Шөлді зона Балқаш - Алакөлінің ойпатын Жетісу Алатауының аласа тау
баурайының облыстық бөліп және іле ойпатын қамтиды.
Оның биіктік шекарасы облыстың солтүстік бөліп 350 - 750 м. және
оңтүстік 450 - 1500 м. абсолюттік биіктігі қамтамасыз етіледі.
Шөлді зонаның климаты шөлділігі және абсолюттік
континенталды жыдық амплитудалық температурасы 82° жететіндігінен
ерекшеленеді. Зонаның орташа ауа температурасы 5,4 9,2 тербеледі, төменгі
ауа температурасы солтүстікте (Булытөбе), ең жоғарғы оңтүстікте
(Борохудзир) бақыланады. Орташа айлық ауа температурасы өте жылы ай 23,3-
23,9 дейін жылу, ал суық 86-16,2 аяз өзгереді.
Температуралық уақытта шөлді зона ыстық әлем көп эффективті
температурасы ауыл - шаруашылық жылы сүигіш мәдениеттері; 2677-3190°дейін
барады.
Шөлді зонада көктемгі уақытта суық 14 - 24 сәуірге деиін созылып. Ал
күзгі суықтың қыркүйек айының соңында басталады.
Мұндай жағдайда суықсыз кезең 152 - 179 күнге созылып ауыл-
шаруашылық мәдениеттігіне өте қолайлы кез болып саналады
Шөл зоналық солтүстік бөлігінде солтүстік-шығыс
оңтүстік-шығыс желі 3-5 мсек алмасады. Оңтүстік - шыгыс желі
өте құрғақ, қуаты, күшті.
Шөлді зонаның батыс және оңтүстік бөлігінің көпі
солтүстік - шығысқа ауысады.
Орташа жылдық атмосфералық жауын - шашындар шәлді зонада 128-216 мм
шамасында тербеледі.
Шөлді зонада қарлы жамылғы солтүстік бөлігінде қарамң 1
оңтүстікте басталады, ал оңтүстікте желтоқсанда және сәуірде
барлық қар ериді.
Қортындылай келе көпшілік ерекше шөлді зонада климаты жоғары ау
температурасы вегетациялық кезең болады

1.3.Талдықорған өңірінің аумағындағы ауа температурасы мен
атмосфера црикуляциясы
Жазда шілде, тамыз айларында жер бетінің қатты қызуына байланысты
аудан аумағында бұлтсыз ашық ауа райы қалыптасады. Оған Тұран ойпатының
құмды шөлдерінің үстінде қалыптасатын тропиктік континентті ауа массалары
әсер етеді.
Құмды шөлдердің үстіндегі қызған ауаның биікке көтерілуінен болатын
температуралық депрессияның әсерінен (төменгі қысым) 3000 м биіктіктегі
тропосфераның төменгі қабатында ауаның қуатты ағының тудырады. Осыған орай
Талдықорған өңірінің солтүстігі мен орталығында ашық бұлтсыз ауа райы
қалыптасады. Табиғи кедергілердің болмауына байланысты жазда енген полярлық
және арктикалық ауа массалары тропиктік ауа массаларына енгенде
трансформациялануына байланысты жазықтарда жауын-шашын түзілмейді.
Артикалық және полярлық ауа массалары таудың етегінен биікке көтерілгенде
салқындап конденсацияланып жауын-шашын түзіледі. Сондықтан оңтүстіктегі
таулардан солтүстікке қозғалған сайын жауын-шашын біртіндеп азая бастайды.
Қыста облыс аумағындағы ауа райының қалыптасу қасиеттерін әртүрлі ауа
массалары айқындайды. Көп жылдық метерологиялық бақылаулардың деректеріне
талдау жасайтын болсақ қыста қоңыржай (полярлық) және арктикалық ауа
массалары жетекші орын алады. Облыс аумағына қоңыржай континенті немесе
Атлант мүхитынан енетін ылғалды жылы ауа массалары енгенде қаңтар мен
ақпанның температурасы +3° +5°С дейін көтеріледі. Қоңыржай жылы ауа
массаларының облыс аумағына енуі 1995 жылдан бастап 28 желтоқсан мен 5
қаңтар аралығында байқалып жүр. Оған климаттық кестелер мен диаграммалардың
көрсеткіштері дәлелдейді.
Кей жылдары қысқа тән емес найзағай ойнау, жаңбыр жауу қүбылыстары да
байқалады. Қоңыржай ауа массаларының қалыптасуы қыста түрақты болмайды.
Желтоқсан, қаңтар, ақпан айларының ауа температураларының тәуліктік
ауытқуына талдау жасайтын болсақ қоңыржай және арктикалық ауа массалары
бірін бірі алмастырып отыратынын анықтауға болады. Қоңыржай ауа массалары
енгенде ауа температурасы 0°-4°С дейін көтеріліп жауын-шашынды құбылмалы
ауа райы қалыптасады. Атмосфералық қысым төмендеп ауаның салыстырмалы
ылғадылығы артады. Температураның тәуліктік ауытқуының амшштудасы 4°-6°С
аспайды.
Жауын-шашын жауып өткен соң қоңыржай ауа массаларын арктикалық ауа
массалары ығыстырғанда температура -20°С дейін төмендеп, атмосфералық қысым
артады. Аязды ашық ауа райы қалыптасады. Салыстырмалы ылғалдылық
төмендейді. Қатты аязды күндер 3—4 күнге созылады. Содан кейін температура
біртіндеп көтеріледі. Арктикалық ауа массалары әсер еткенде температура
ауытқуының тәуліктік амплетудасының артатынын байқадық. Қыста қар жауып
өткеннен кейін температураның күрт төмендеуін таза қардың бетінің
альбедосының (шағылған радиацияның мөлшерінің) жоғары болуымен түсіндіруге
болады. Себебі жаңа жауған қардың беті келіп түскен күн сәулесінің 85-90%
шағылыстырады.
Оң және теріс радиациялық баланстардың бірін-бірі ауыстыруына
байланысты көктем мен күзде облыс өңірінде циклон әрекеттері күшейіп
қүбылмалы түрақсыз ауа райы қалыптасады. Қазақстанның оңтүстік батысынан
тропиктік ауа массалары енгенде сәуірде ауа температурасы 20°-25°С дейін
көтеріледі. Арктикалық ауа массалары полярлық ауа массаларын ығыстырғанда
температура 0°С дейін төмендейді. Үсік жүреді. Арктикалық ауа массаларының
ену үрдісі жыл сайын түрақты түрде сәуірдің бірінші он күндігінде кей
жылдары сирек жағдайда сәуірде жүретін үсік жеміс жидектің өнімділігін
төмендетеді. Жылы және салқын ауа массаларының араласуынан атмосфералық
фронттар қалыптасып жауын-шашын мол түседі. Кей жылдары көктемде түрақты
жоғары қысымды антициклондар қалыптасқанда ашық ауа райы қалыптасып жауын-
шашын түзілмей қүргақшылық болады. Көктемде ылғалды қызған ауаның
конвекциялық (тік жоғары бағытталған) ағынының әсерінен тау бөлшектеріне
бүлт түзіліп мол жауын-шашын түседі.
(1- қосымша)
Қыркүйек айынан бастап оң радиациялық балансты теріс радиациялық
баланс алмастыруына байланысты температура біртіндеп төмендеп қүбылмалы ауа-
райы қалыптасады. Жауын-шашынның мөлшері артады. Оны күз айларының
климаттық кестесінің деректері дәлелдейді.
Атмосфералық жауын-шашынның таралуы.Климаттық кестелер мен диаграммалардың
деректеріне талдау жасайтын болсақ ауаның салыстырмалы ылғалдылығы ауа
температурасы мен ауа массаларына тікелей байланыста болатындығын
дәлелдейді. Көктем мен күзде циклон әрекетінің күшеюіне байланысты ауадағы
су буының мөлшері артады, қыстың ашық аязды және жаздың ыстық ашық күндері
салыстырмалы ылғалдылық 30-35% дейін төмендейді. Ауадағы ылғалдың
жеткіліксіздігі облыстың оңтүстігіндегі биік таулы аудандардан солтүстігіне
қарай біртіндеп артады. Ылғалдық жеткіліксіз жаздың ашық аптапты ыстық
күндері аңызақ желдер топырақты кептіріп ауыл шаруашылық дақылдарын жабайы
өсімдіктерін күйдіріп жібереді.
Бұлттылық облыстың оңтүстігінен солтүстігіне қарай біртіндеп кемиді.
Бір тәулік ішіндегі бүлттылық түн ортасымен таң алдына
қарағанда күндіз, кешке қарай жоғары болады. Жауын-шашынның орташа мөлшері:
1. теңіз деңгейінен 2100 м биіктіктегі Аманбөктерде 600-800 мм;
2. теңіз деңгейінен 795 м биіктіктегі Сарқан қаласындағы ылғалды жылдары
450 мм, құрғақшыл жылдары 250 мм;
3. теңіз деңгейінен 351 м биіктіктегі Лепсі кентінде 150 мм;
Циклон әрекетінің күшеюіне байланысты жауын-шашынның көп мөлшері
күзде түседі. Жауын-шашының көп мөлшері 70-75% жылдың жылы мезгілінде, 25-
30% қыста қар түрінде түседі. Қардың көп жылдық орташа қалындығы биік таулы
аймақтарда 80-100 см, аласа таулы аймақтар мен тау алды жазықтарында 10-15
см аспайды.
Көп жылдық метеорологиялық бақылаулардың деректеріне сүйенсек ауа
температурасы 0°С жоғары жылы кезеңнің үзақтығы жазықтарда 220-230 күн,
таулы аймақтарда 210-215 күн, аязсыз кезең 125-180 күнге созылады.Кей
жылдары жауын-шашын мен температураның көп жылдық орташа мөлшерінен
ауытқулар болып түрады. Оған 1993-94 жж аязды қыс, оған жауын-шашын шектен
тыс мол түскен 1969, 1993-1994 жылғы қатты аязды қалың қарлы қыс. 1973-
1975, 1997 жылғы қатты қуаңшылыққа үласқан жылдар мысал бола алады. Ылғалды
және құрғақшылық жылдарындағы көп айлық орташа температура мен жауын-шашын
көрсеткіштерінің диаграммасы.
Облысымыздың көлемі онша ірі болмағанымен агроклиматтық жағдайы
алуан түрлі. Жылы мен жарықтың ылғалдық таралу ерекшеліктеріне
қарай 4 агроклиматтық ауданга бөлуге болады:
1. Климаты шұғыл континентті жылдық температурасының айырмасы өте жоғары
жауын-шашын 100-150 мм аспайтын ылғалдану коэффиценті 0,2-0,3 құрайтын
шөлді аймақ. Бұл аймақта түсетін жауын-шашыннан буланудың мөлшері 6-7
есе артық. Балқаш манындағы ауданның солтүстік бөлігін қамтитын шөлді
аймақ. Бүл аймақта қаңтардың орташа температурасы -15-16°С. Шілденің
орташа температурасы +25°С шамасында +10°С жоғары температуралы кезең
173-180 күнге созылады. Түрақты қар 90-120 күн жатады, орташа
қалындығы 10-15 см аспайды, кей жылдары 25 см жетуі мүмкін.
2. Талдықорған өңірінің орталық бөлігіндегі Қарабөгет, Көктерек,
Көкөзек, Қарауылтөбе, Бақалы аудандарының аумағын қамтитын құрғақ
қоңыржай ыстық агроклиматтық аудан. Климатының ерекшелігі 1
агроклиматтық ауданға ұқсас. +10°С жоғары кезеңнің ұзақтығы
173 - 180 күн жауын-шашынның мөлшері 240 мм астам. Ылғалдану
коэффиценті 0,3 -0,5 тең. Бұл жерде техникалық астық, көкөніс басқада
дақылдарды өсіруге жылу жеткілікті агротехникалық мол өнім алуға
барлық агротехникалық шараларды сақтаған жағдайда суалмалы егістіктен
мол өнім алуға болады.
3. Агроклиматтық ауданға Сарқан қалалық Алмалы, Қойлық ауылдық
округтерінің аумағын қамтитын тау алды қүрғақ далалы
шөлейтті аймақтар жатады. Бұл аймақта ылғалдану коэффиценті 0,5-0,7
тең. Жауын-шашынның мөлшері 250-400 мм шамасында ауытқиды. +10°С
жоғары температуралы мерзімнің ұзақтығы 163-173 күн, түрақты қар
жататын кезең 95-140 күнге созылады. Қардың қалыңдығы 25-70 см дейін
жетеді. Қаңтардың орташа температурасы -7-9°Сшамасында; шілденің
орташа температурасы 20-22°С шамасында. Көптеген ауылшаруашылық
дақылдарын өсіруге қолайлы. Бұл агроклиматтық ауданнан солтүстіктен
оңтүстікке таулардағы биіктік белдеулер бастау алады.
4. Агроклиматтық ауданға Талдықорған өңірінің таулы ауданы жатады.
Ылғалдану коэфициенті 0,7 жоғары, 10°С жоғары температура мерзімі 110-
163 күнге дейін созылады. Қаңтардың орташа температурасы -11 -13°С.
Жерінің көп бөлігі теңіз деңгейінен
1000 м биікте жатқандықтан жауын жеткілікті. 4000-6000мм биік
бөлігінде оданда көп түседі. Тәлім егістіктен мол өнім алуға болады.
Көп бөлігі жазғы жайылым, шабындық ретінде пайдаланылады. Омарта
шаруашылығын дамытуға қолайлы. Ауа райының қолайсыз құбылыстары.
Көктайгақ-қыстың күні жылы ауа массаларының суық ауа массаларын
ығыстыруынан күннің күрт жылынып кетеді. Ал суық арктикалық ауа
массаларының жылы ауа массаларын ығыстыруынан күн күрт суып, қатты аяздың
әсерінен көктайғақтар болып тұрады. Бұл құбылыс жол қатынасымен тебіндеп
жойылатын мал шаруашылығына, егістікке зор зиянын тигізеді.
Үскірік. Көктемде, күзде жылы ауа массаларын салқын арктикалық
массалардың ығыстыруынан үскірік жүреді. Бұл кей жылдары мамыр айының
ортасында байқалады.
Бұршақ. Жер бетінің әртүрлі бөлігінде ауатемпературасы өте жоғары
болған жағдайда қызған ауа жаңбырлы бұлттарды өте биікке алып кетеді.
Ауадағы су тамшылары ірі мүз түйіршіктеріне айналады. Мұз түйіршіктері жер
бетіне ерімей түскеннен бұршақ түзіледі. Жаздың күні жауған бұршақтар
егіс алқаптарының өнімділігін төмендетіп, ауыл шаруашылығына үлкен зиян
шектіреді.
Дауылдар. Жылдың әртүрлі маусымдарында температура мен қысым
айырмашылығынан болатын қарлы борандар, шаңды дауылдар, Сойқан, Ебі желдері
ауданымыздың орталығы мен солтүстігінде жиі болып тұрады.
Аңызақ желдер. Жаз айларында ыстық, құрғақ тропиктік ауа массаларының
еніп кетуінен болатын аңызақ желдер ауданымыздың ауыл шаруашылығына орасан
зор нұсқан келтіріп, егіс алқаптарын күйдіріп жібереді.
Қарастырылып отырған аймақтың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
География курсы бойынша пайдаланылатын оқу-құрал жабдықтарының түрлеріне талдау жасау
Қазгидромет
Қорадағы ешкілер мазасызданса ауа райы қолайсыз болудың белгісі
География курсы бойынша оқу–құрал жабдықтарының түрлеріне талдау жасау
Метеорологияның даму тарихы туралы
Ауа райы және климат
«Қазгидромет» кәсіпорны және кәсіпорынды метрологиялық қамтамасыз етудің мәні
Қазақстандағы атмосфералық ауа ластануының мониторингі
Атмосфераның қасиеті
Мс және амс мәліметтері бойынша, ауа температурасына салыстыру
Пәндер