Ғылым және дін пәнінің лекциялар жинағы


Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ТАРИХ-ПЕДАГОГИКАФАКУЛЬТЕТІ
ДІНТАНУ ЖӘНЕ ТЕОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
Ғылым және дін пәнінің ЛЕКЦИЯЛАР ЖИНАҒЫ
ТҮРКІСТАН -2013
1 - Лекция тақырыбы: Ғылым және дін түсінігі туралы
Лекция жоспары:
1. Пәннің мақсаты, міндеті
2. Пәннің негізгі обьектісі
3. Қоғамдық сананның формасы ретінде өз арақатынасы, өз ара ықпалы
4. Ғылыми және дін пәндік аумақта негізгі зерттеу әдістері
Лекция мақсаты: Дін мен ғылым арасындағы байланысты философиялық және діні түсініктер негізінде баяандау және бүгінгі таңдағы ролін анықтау.
Лекция мазмұны:
- Ғылымның тақырыбы: әлем және адам арасындағы қатынасты зерттейді.
- дін тақырыбы: алла мен адам арсындағы қатынасты зерттейді. Діни таным негіздері.
Ғылым араб -ілім- білім, тану; лат. scientia - білім - жалпы мағынасы: жүйелік білім мен тәжірибе.
Дін латынша religio - тақуалық, киелілік, табыну, арабша -сенім, наным, илану, табиғаттан, адамнан тыс ғаламат күштергесенетін дүниетанымның бір түрі. Философия және дін өзара тығызбайланыста.
Адамзат өзінің даму тарихы барысында қоршаған әлемді танып-білудің және игерудің бірнеше тәсілдерін меңгерді. Сондай тәсілдердің біріне сөзсіз ғылымды жатқызуға болады. Ғылым - қоғамның рухани мәдениетінің қурамдас бөлігі болып табылады. Адамзат дамуының белгілі бір кезеңінде ғылым дами келе, қоғамдық сананың дербес формасына айналады. Себебі, қоғамдағы сан-салалы мәселелер көп жағдайда ғылымның араласуымен шешіледі. Адам өміріндегі ғылымның орны мен рөлін түсіну осы уақытқа дейін аяқталмаған күрделі процесс. Бұл процесс қиыншылықтар мен қайшылықтардың, талас-тартыстың, күмәнді сұрақтардың, көптеген жаңа мәселелердің пайда болуымен ерекшеленеді.
XX ғасырдың 20-шы жылдарында ғана ғылымның мәні мен ерекшеліктерін, оның даму және қолдану механизмдерін қарастыратын, сонымен қатар, ғылымның білім жүйесі, әрі ерекше әлеуметтік институт ретінде даму заңдылықтарын зерттеуге бағытталған «ғылымтану» атты жаңа пән пайда болды. Ең алдымен, ғылымтанушылардың назар аударған мәселесі - латынша «Sсіеnііа» сөзінің этимологиясы болды, оның мағынасы «білім» дегенді білдіреді. Ал кез келген білімнің ғылым емес екендігі белгілі. Білім - адамзаттың әр қилы тіршілік ету сферасынан: қарапайым өмірден, саясаттан, экономикадан, өнерден тағы басқа жағдайлардан алынады. Ғылым - тәжірибе жүзінде анықталған нақты дәлелдемелер мен логикалық заңдарға сүйенетін қорытындылардың негізінде білім әлемін жасайды. Бул әлемнің субъективті элементі болып саналатын адамзатқа, оның игілікті бағдарына шамалы ғана рөл бөлінеді (бул үшін өнер, мораль, дін бар) . Сондықтан бір-бірін толықтыра отырып, мәдениеттің бұл құрамдас бөліктері табиғат пен адамзат арасында байланыстырушы тізбек болып саналады.
Тарихта мәдениеттің бір сферасының екіншісіне зиянын тигізе оты-рып ерекше бөлініп шығуының мысалдары көп. Ең алдымен бул орта ғасыр мен Жаңа уақыттағы ғылымның, философияның және діннің арақатынасына байланысты. Ортағасырлық ғылым діннің билігінде болғандықтан, антикалық ғылымның жетістіктері ұмытылуға айналып, ғылым бірнеше қадам артқа шегінгені белгілі. Тек қана XIX ғасырда жаратылыстанудың жетістіктеріне байланысты ғылым адамзат пен қоғам дүниетанымында, ие болды. Содан бастап ғылым мен философия арасында осы уақытқа дейін басылмаған дау-дамай басталды, олардың әр қайсысы шындықты айқын көрсету қүқығына ие болғысы келді. Ғылым ешбір шектеусіз барлық сүрақтарға жауап беріп, адамзатты жарқын болашаққа бастауды мақсат етті. Әдетте мұндай болашақ ғылым мен техниканың жетістіктерінен болатын материалдық игілік пен тоқшылықты білдіретін. XX ғасырдың басындағы адамзаттың көп бөлігіне қатысты тіршіліктің төменгі деңгейінде болашаққа деген мундай көзқарас бұқара халық тұрмақ саясаткерлерге де, тіпті ойшылдарға да (философтар, жазушылар, суретшілер) түсініксіз боп қала берді. XX ғасырдың басында фило-софтар мен мәдениеттанушылардың аз бөлігі бүл жолдың апатқа бас-тайтынын ашық айтты. Бұл XX ғасырдың ортасында атом қаруын жасау экологиялық апаттың төнуі арқылы расталды. Соған қарамастан, сциентизм идеологиясының қалдықтары - ғылымның жалғыз ғана құтқарушы екендігіне сену - осы уақытқа дейін сақталып келеді. Ағартушылық қойнауынан дамып, позитивизм философиясында дамыған бундай көзқарас XX ғасырдың екінші жартысында қоғамдық және гуманитарлық пәндерден жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін асыра мақтап көрсетуге көшті. Осы сенім планетаның қазіргі жағдайына, термоядролық апат қаупіне, ең бастысы - мәдениеттің этикалық және эстетикалық көрсеткіштерінің төмендеуіне, технократтық психологияның күшеюіне әкеп соқтырды. Сөз жоқ, ғылым - адамзат мәдениетінің орасан зор жетістігі болып саналады. Ол адамзат өмірін ұрпақтан-ұрпаққа жеңілдетіп, тәуелсіз етеді және материалдық, рухани байлықтың негізіне айналады. Ғылым адамзат мәдениетінің бір сферасы ғана, оның өз ерек-шеліктері мен мақсаттары бар, бүларды басқа түрге қолдан өзгертуге болмайды. Ал ғылым жеке өзі адамзат өркениетінің ең жоғарғы құндылығы бола алмайды, ол - тек адамзат өмір сүруіндегі әр түрлі мәселелерді шешетін бір құрал ғана. Қалыпты, үйлесімді қоғамда ғылымға да, өнерге де, философияға да, дінге де, адамзат мәдениетінің басқа да құрамдас бөліктеріне бір уақытта орын табылады. Жоғарыда айтылған жағдайларға байланысты біз ғылымға нақты анықтама бере аламыз. Ғылым - жаратылыс туралы объективті білім жиынтығы болып саналатын адамзат мәдениетінің бір бөлігі. Бул түсініктің мазмунына сонымен қатар білімді алу процесі мен оларды адамзаттың тәжірибелік өмірінде қолдануының түрлері мен механизмдері кіреді. Объективті жаратылыстың философиялық түсінігі табиғат, қоғам және адамзатты қамтиды. Соған байланысты обьективті жаратылыстың осы үш элементіне білімнің үш сферасы нақты қарастырылады. Жаратылыс сферасына және зерттелетін ақиқат дүниенің түріне байланысты ғылыми білімнің үш бағытын анықтауға болады: жаратылыстану- табиғат туралы білім жүйесі, қоғамтану - қоғамдық емірдің түрлері мен формалары туралы білім жиынтығы, сонымен қатар адам-затты ойлау қабілеті бар жанды зат ретінде қарастыратын ойлау білімдерінің жүйесі.
Бақылау сұрақтары: 1. Дін мен ғылым арасындағы байланыс.
2. Философия мен соцология саласындағы дін мен ғылым орны.
3. Дін мен қоғам түсінігі.
Әдебиеттер:
1. Ахундов М. Д., Баженов Л. Б. Научное и религиозное мироввозрение в системе кульуры. (Опыт полемики) //Физика в системе культуры. -М., 1996.
2. Бюкай М. Коран и современная наука //Наука и религия. -1993. -№10.
3. Валитов Н. Х. Научные подтверждения истин Корана, Библии и Торы. -Уфа: Китап, 1999.
4. Гинзбург В. Религия и наука. Разум и вера. . -2000. -№7. -с. 22-29.
5. Маркова Л. А. Наука и религия: Проблемы границы. -СПб. : Алетейя, 2000.
6. Малиновский Б. Магия, наука и религия: Пер. С англ. -М. : Рефл-бук, 1998.
2 - Лекция тақырыбы:Ғылым мен діндегі дүние бейнелері
Лекция жоспары:
1. Дүние бейнелері обьект туралы адамзат түсінігінің жинақталған үлгісі ретінде
(Көркем, діни, ғылыми, космологиялық)
2. Дүние бейнелерін әлеуметтік -мәдени детерминдеу
3. Шынайылықтың ғылымға дейінгі және ғылымнан тыс бейнелерінің әлемнің ғылыми бейнесімен қатынасы
4. Ойлау тарихында дүниенің ғылыми және діни бейнелері
Лекция мақсаты: Дүние бейнелерін дін және ғылым тұрғысында түсіндіру.
Лекция мазмұны:
Діннің негізгі мәні тылсым құдыреттті күшке сену және бас ию. Ғылым әлемді танып білуді мойындайды. Ол табиғат, қоғам, адам және оның ойымен бейнеленеді. Ғылым барлық танылғын тылсым, құпияларды ғылыми тұжырымдап, талдауға негізделеді. Діни сенім ең алдымен сезімге негізделген. Дүниенің пайда болуына таң қалу т. б. қамтиды. Таң қалу- танымның жемісі емес, қияли-ғажап жемісі.
Табиғат туралы барлық білім жиынтығы жаратылыстану арқылы қалыптасады. Оның қүрылымы табиғат логикасының нақты көрінісі іспетті. Жаратылыс ғылымдарының білім жүйесі орасан зор және әр алуан. Мұнда заттар мен олардың қүрылысы, заттардың қозғалысы мен әрекеттесуі, химиялық элементтер мен қосылыстар, тірі материя мен тіршілік, Жер және Космос туралы білім жүйесі енеді. Жаратылыстанудың осы объектілерінен іргелі ғылыми жаратылыстану бағыттары бастау алады Денелер, олардың қозғалысы, олардың әр түрлі деңгейлердегі пайда болу формалары мен айналымдары физикалық ғылыми білімнің зерттеу объектілері болып табылады. Іргелі сипаты бойынша олар жаратылыстанудың негізіне жатады және басқа да білім салала-рын қамтиды. Химиялық элементтер, олардың қасиеттері, айналымдары мен қосылыстары химиялық білім жүйесінде көрініс табады. Физикалық білім жүйесімен көбірек байланысты болғандықтан, аралық пәндердің тобы - физикалық химия, химиялык, физика т. б. пайда болды. Биологиялық білімдер тіршілік туралы білім тобын қамтиды, олардың зерттеу объектілері клетка мен клеткадан пайда болған бар-лық ағзалар. Биологиялық білімнің негізіне зат, химиялық элементтер туралы білім жатады. Жоғарыда айтылғандай мунда да аралық пәндер, атап айтқанда, биофизика, биохимия т. б. дамиды. Жер Күн жүйесіне енетін бір планета есебінде геологиялық білімдердің зерттеу пәні болып табылады. Олар біздің планетамыздың қурылысы мен дамуын зерттейді.
Басқа ғылымдар тобымен бірлесу арқылы геохимия, геофизика, палеонтология сияқты жаңа салалар пайда болды. Өте ертеден бері дамыған, сонымен қатар ғылымдағы жаңа бағыттардың да қатарына жататын білім жүйелелерінің бір тобы-космологиялық білімдер, олардың зерттеу пэні - Бүкіл әлем. Космоло-гия - космостық объектілердегі жағдайлар мен өзгерістерді зерттейді. Ғылыми білімнің тағы бір іргелі бағыты - қоғамтану. Оның пәні болып қоғамдық қубылыстар мен жүйелер, қурылымдар, жағдайлар процестер табылады, қоғамдық ғылымдар қоғамдық байланыстар мен цатынастардың жеке түрлері мен барлық жиынтығы туралы білім бе-реді. Өзінің сипаты бойынша қоғам туралы ғылыми білімдер сан түрлі, олар жалпы үш бағыт бойынша топтастырылған: зерттеу пәні қоғам болып табылатын әлеуметтік бағыт; халықтың еңбегін, меншіктік қатынасты, қоғамдық өндірісті, айырбасты, таралуды және осыларға негізделген қоғамдық қатынастарды зерттейтін экономикалық бағыт; сонымен бірге мемлекеттік-құқықтық құрылымдарды және қоғамдық жүйелердегі қатынастарды пәні ретінде қарастыратын мемлекеттік-құқықтық білімдер бағыты. Ғылыми білімнің үшінші іргелі бағытын адам және оның ойлау жағдайы туралы ғылыми жүйе құрайды. Адамзат жан-жақты аспектілерде қарастырылып, көптеген ғылым салалары арқылы зерттеледі. Ондай ғылым салаларына - гуманитарлық ғылымдар (психология, логика тағы басқа) және математика жатады. Аталған негізгі ғылыми бағыттармен қатар, ғылымның өзін зер-ттейтін ғылыми салаларды жеке топқа жатқызуға болады. Ғылымның бұл салалары XX ғасырдың 20-шы жылдарында пайда болды және бұл өз бетінше ғылымның адамзат өміріндегі рөлі мен маңызын анықтай алатын дәрежеге көтерілгенін білдіреді. Ғылымтану қазіргі кезде өз бетінше, тез дамып келе жатқан ғылыми пән болып саналады. Ғылым, білімнің қурылысын анықтай келе біз ғылымға толық анықтама бере алатындай мүмкіндікке жеттік. Сонымен, ғылым дегеніміз - арнаулы қоғамдық қызмет нәтижесінде алынып, дамыған және қолдану барысында қоғамның тікелей тәжірибелік күшіне айналған объективті шындықтың динамикалық жүйесі. Ғылыми-білімнің құрылымымен ғылым атқаратын функциялар тығыз байланысты. Олар бірнешеу: 1) түсіндіру - табиғат объектілері мен табиғат құбылыстарының мәнін ашып, түсіндіру; 2) жүйелеу - жиналған фактілік материалдарды сурыптап, бір жүйеге енгізу; 3) суреттеу - қоршаған жағдайдың байланыстары мен қасиеттерін сипаттап көрсету; 4) болжам жасау - дәл қазіргі кезде жүріп жатқан процестердің даму дәрежесін есепке ала отырып, болашаққа болжам жасау; 5) қорытынды жасау - табиғаттағы болып еткен, қазіргі кезде жүріп жатқан және болашақта күтілетін процестерді есепке ала отырып, ғылыми негізде қорытынды жасау; 6) жаңалық ашу - табиғаттың жаңа заңдарын ашу, жаңа ғылыми гипотезалар шығару; 7) өндірістік-тәжірибелік бағыт беру - алған білімді өндірісте, әлеуметтік басқаруда және тағы басқа салаларда қолдану мүмкіндігі; 8) дүниетанымдық - алған білімді әлемнің обьективті картинасымен байланыстыру. Адамзат өз тарихында сипаты бойынша сан алуан білімдерді жи-нақтады, ғылыми білім - сол білімдердің тек бір түрлі ғана болып са-налады. Сондықтан ғылымға қойылатын критерийлерді білу өте қажет. Ғылымилықтың ең басты критерийі - жүйелілік. Ғылыми білім әр қашан белгілі бір жүйе ретінде қарастырылады: бүл жүйенің өзіндік басталу принципі, іргелі түсініктері болады. Сонымен бірге бул жүйеге аталған ғылым үшін зор маңызы бар тәжірибелік фактілер, экспери-менттер, тәжірибелік қорытындылар мен ұсыныстар енеді. Ғылымға қойылатын тағы бір критерий - онымен айналысатын (қоғамда) бір дарынды адамдардың болуы және қажетті материалдар мен технологияның болуы. Ғылымилықтың үшінші критерийі - ғылыми танымның мақсаты. Яғни, мақсатсыз ғылым дамуы мүмкін емес, ғылымның нәтижесі адам-зат игілігіне айналуы шарт. Тағы бір төртінші критерий - рационалдылық (тиімділік) . Зерттеудің әр түрлі (әдістемелерін) тәсілдерін өзгерте отырып, ең тиімді жолын таңдап алу. Ғылымға қойылатын бесінші критерий - зерттеудің тәжірибелік әдістемесін қолдану және ғылымды математикаландыру. Бұл белгілер жаңа уақытта пайда болды және тәжірибемен байланыстыра отырып, ғылымға жаңа сипаттар әкелді.
Нравится SocButtons v1. 5
Бақылау сұрақтары:1. Ғылыми таным ерекшеліктері.
2. Обьекті және субьекті
3. Анализ жіне синтез
Әдебиеттер:
1. Ахундов М. Д., Баженов Л. Б. Научное и религиозное мироввозрение в системе кульуры. (Опыт полемики) //Физика в системе культуры. -М., 1996.
2. Бюкай М. Коран и современная наука //Наука и религия. -1993. -№10.
3. Валитов Н. Х. Научные подтверждения истин Корана, Библии и Торы. -Уфа: Китап, 1999.
4. Гинзбург В. Религия и наука. Разум и вера. . -2000. -№7. -с. 22-29.
5. Маркова Л. А. Наука и религия: Проблемы границы. -СПб. : Алетейя, 2000.
6. Малиновский Б. Магия, наука и религия: Пер. С англ. -М. : Рефл-бук, 1998.
3 - Лекция тақырыбы: Ғылыми және діни методология
Лекция жоспары
1. Ғылыми және діни таным әдістерінің ерекшелігі
2. Ғылым мен діндегі таным мақсаттары
3. Білім мен сенім -ғылым мен діннің проблемалық салалары ретінде
4. Діни және ғылыми білім обьективтілігінің ерекшелігі
Лекция мақсаты: Дін жөніндегі көз қарстарды талдай отырып бүгінгі таңдағы діни сенім құндылығын арттыру
Лекция мазмұны:
Таным өте күрделі, қайшылыққа толы, үзаққа созылатын процесс болғандықтан, оны іске асыру барысында түрлі әдестер мен тәсілдер қолданылатыны өзінен-өзі түсінікті. Кең мағынада әдіс дегеніміз белгілі бір мәселені шешу үшін таңдап алынған жол, қолданылатын айла мен эрекеттер жиынтығы. Ғылыми таным әдістерін қолданудың басты мақсаты - шынайы, ақиқат білімге қол жеткізу. Тағы бір көңіл бөлетін жэйт, зерттеуші ғылыми танысының әдістерін өз қалауы бойынша, қалай болса солай белгілей салмайды. Әдістер зерттелмек болып отырған объектіге тэн ерекшеліктер мен заңдылықтар негізде таңдап алынады. Бүл тұрғыдан алғанда әдістер объективті сипатта болады, сөйте түра олар адамның рухани қызметінің нәтижесі болып табылады және де ол тек адам санасында өмір сүреді. Сондықтан да әдіс объективтілік пен субъективтіліктің диалектикалық бірлігін құрайды.
Дін адам тұрмысының субьективтік жағына мән береді. Әлем мен өзін культтік іс-әрекет арқылы қасиетті діни сезіну арқылы игереді. Адам табиғат әлемін культтер арқылы шолып, бұл көруде әлем мистикалық сезімдерге боялады. Дүниетанудың бұл әдісі сенушінің Жаратушыны өзінің рухани әлемінде, өзінде іздейді. Дін әлемді «қасиетті кітаптар»канон, догма, Пайғамбарлардың айтқандарына сүйеніп түсіндіреді. Сенуші сынау, күмәнданудан аулақ болады. .
Ғылыми танымның әдістері ете көп, әрі сан салалы, себебі танып білудің объектісі болып табылатын материалдық және рухани дүниенің өзі көп түрлі, сан салалы. Дегенмен, ғылыми танымның барлық әдістерін шартты түрде үш топқа бөлуге болады: 1) жалпылама диалектикалық әдіс. Ол болмыстың барлық жақтарын зерттеуге және таным процесінің барлық кезеңдерінде қолданылады;
2) жалпы ғылыми әдістер. Олар ғылымның барлық саласында
пайдаланылғанымен, таным процесінің барлық кезеңінде қолданыла бермейді;
3) жекеше әдістер. Олар нақты қүбылыстарды бір ғылымның шеңберінде
зерттеуге қолданылады. Мәселен, математикалық индукция әдісі - математикада, қоспалардың ыстыққа төзімділігін анықтау әдісі - металлургияда, радиоактивті бөліну әдісі - ғарышты зерттеулерде пайдаланылады.
Материалистік диалектика бүкіл элемді, дүниені біртұтас қарастырып, табиғаттың, қоғамның, адам ақыл-ойының дамуындағы ең жалпылама зандылыктарды зерттейтін бірден-бір ғылым болғандықтан, ғылыми танымның ең жалпылама әдісі рөлін атқарады; оның методологиялық мән-мағынасы жөнінде жоғарыда кысқаша айтылып өткен болатын.
Ғылыми танымның жалпы әдістері мен түрлерін қарастыру үшін танымның эмпириялық және теориялық дэңгейлерін ажыратқан элбетте дұрыс, себебі әр деңгейдің өзіндік ерекшеліктері мен әдістері бар. Эмпирикалық деңгейде таным объектісінің қасиеттері мен қырлары сезімдік қабілет түрғысынан кабылданады. Әрине, ғылым мен тахниканың дамуына байланысты адамның сезімдік танымның көкжиегін элдеқайда кеңейтетін аспаптар, қүралдар, компьютерлер іске қосылып жатқанын айта кеткен артық емес.
Теориялық деңгейде таным объектісінің маңызды байланыстары мен заңдылықтары тәжірибе негізінде алынған біліммен қоса абстрактілі ойлау нәтижесінде тұжырымдалады.
Ғылыми танымның эмпириялык, деңгейінде кең қолданылатын ең қарапайым әдіс - бақылау деп аталады. Оның мэні - зерттеу объектісін белгілі бір мерзім аралығында нысаналы үйымдасқан түрде жүйелі бақылай отырып, ондағы өзгерістерді жіті қадағалау. Мәселен, бидайдың бір сортының өсіп-өну ерекшелігін зерттеу мақсатында көктемгі егістен бастап күздегі жиын-терімге дейінгі аралықта дэн топырақтан көктеп есіп шыкқаннан бастап, астықты орып алғанға дейінгі өзгерістері есепке алынып отырады. Сол негізде тиісті ғылыми қорытындылар жасалады. Келесі әдіс - эксперимент - ғылыми
тәжірибе деп аталады. Оның ерекшелігі - зерттеліп жатқан объектіге адамның, зерттеушінің тікелей әсер етіп, ондағы процестерге араласуы. Зертгеуші объектіні эр түрлі кездейсоқ жағдайлардан оқшаулап алып, бөліп қарауы мүмкін. Қажет болған жағдайда эскпериментті элденеше рет қайталауға да болады.
Осы заманғы кең пайдаланылатын әдістердің бірі - модельдеу. Модельдеу дегеніміз эксперименттің бір түрі, бірақ мұнда объектінің өзі емес, оның орнын басатын модель зертгеледі. Модель (латын тілінен аударғанда үлгі деген ұғымды білдіреді) - зерттелетін объектімен ұқсастық қатынаста болатын, таным процесінде оның орнына пайдаланылатын, нақты өмір сүретін немесе ойша алынатын жүйе, яки құбылыс. Жүртшылыққа ежелден белгілі көз таныс модельдерден географиялық картаны, глобусты, химиядағы қүрылыстық формулаларды т. б. атауға болады.
Ғылыми таным процесінде анализ (талдау, саралау) және синтез (қиыстыру, біріктіру) әдістері үлкен рөл атқарады. Зерттелуге тиіс объектіні ойша түрлі қүрамдас бөліктер мен жақтарға бөліп қарастыруды, сол негізде оның түрлі қасиеттерін, ішкі байланыстарын анықтау әдісін анализ деп атайды. Мәселен, адам ағашты зерттеп білу үшін оның тамырын, діңін, бүл^ақтары мен жапырақтарын, түрін сыртқы сипатын т. б. ойша жіктеп қарайды. Байқап отырғанымыздай таным процесі анализбен шектелмейді. Объектінің эр қүрамдас бөлігін жіктеп қарап, зерттеп алғаннан кейін бастапқы тұтастыққа қайта көшу керек. Бүл синтез әдісі арқылы іске асырылады. Анализ және синтез - адамның күнделікті практикалық іс-әрекеті негізінде өмірге келген әдістер.
Фактілерді анализ жасап талдағаннан соң теориялық синтезге көшу индукциялық әдіс арқылы жүзеге асырылады. Жекелеген тұжырымдар негізінде жалпы қорытынды жасауды индукция әдісі деп атайды. Бүған кереғар әдісті, яғни нэтижеден кері қарай жүріп жеке-жеке түжырымға келуін дедукция дейді.
Бақылау сұрақтары:1. Ғылыми таным ерекшеліктері.
2. Обьекті және субьекті
3. Анализ жіне синтез
Әдебиеттер:
1. Ахундов М. Д., Баженов Л. Б. Научное и религиозное мироввозрение в системе кульуры. (Опыт полемики) //Физика в системе культуры. -М., 1996.
2. Бюкай М. Коран и современная наука //Наука и религия. -1993. -№10.
3. Валитов Н. Х. Научные подтверждения истин Корана, Библии и Торы. -Уфа: Китап, 1999.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz