Дидактикалық ойын



1 Ойын. балалардың негізгі іс.әрекеттерінің бір түрі
2 Ойын. балалар үшін күрделі әрекет
3 Дидактикалық ойынның маңызды жағы
4 Дидактикалық ойындардың мазмұны
5 Дидактикалық ойындардағы негізгі міндет
6 Ойыншықпен ойналатын ойындар
7 Дидактикалық ойындарды математика сабақтарында пайдалану
8 Дүниетану пәні бойынша дидактикалық ойындардың жіктемесі
Дидактикалық ойынның теориясын тереңнен талдаудан оқу-танымдық іс-әрекетті қалыптастыру құралы ретінде зерттеу жұмыстары жұргізілменеген. Сондықтан біздің алдымызда дидактикалық ойындардың мектепке дейінгі білім беруде дидактикалық ойындар арқылы танымдық белсенділігін қалыптастырудағы психологиялық, педагогикалық мүмкіндіктерін, дидактикалық ойындағы оқу тапсырмаларын орындаудағы балалардың әрекетінің сипатын, бірте бірте күрделенетін дидактикалық ойындар жүйесін құру, оларға педагогикалық басшылық жасау әдістемесін дайындау міндеттері қойылады. Бұл міндетерді шешуде оқу-танымдық әрекетте дидактикалық ойындардың міндеттері, оқу үдерісінің түрліше қызметін атқарады, оқытуда орын алады. Сондықтан диактикалық ойындардың жіктелуіне тоқтауды жөн көрдік. Педагогика ғылымында дидактикалық ойындардың жіктелуі нақты емес, ғалымдар өздерінің зерттеу нысанасына байланысты түрліше жүйелегендіктен өзіндік тарихы бар. Дидактикалық ойындарды оқу-тәрбие үдерісіне енгізуді негіздей отырып, белгілі білік, дағдыларын меңгертуге арналған ойын элменттерінің рөлін көрсетеді. Басқа ғалымдар жіктеуге іс-әрекеттің түрткісі негіз болады деді.
Ойын- балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп-өркендей алмайды. Бұл өмірдің заңдылығы. Еңбек үстінде адамның көптеген ерешеліктері дамиды, өмір сүру барсында ол түрлі жолдармен жарыққа шығады. Мысалы үлкендер өздеріне тән үстінде, ойын үстінде көрсетеді.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Дидактикалық ойынның теориясын тереңнен талдаудан оқу-танымдық іс-әрекетті қалыптастыру құралы ретінде зерттеу жұмыстары жұргізілменеген. Сондықтан біздің алдымызда дидактикалық ойындардың мектепке дейінгі білім беруде дидактикалық ойындар арқылы танымдық белсенділігін қалыптастырудағы психологиялық, педагогикалық мүмкіндіктерін, дидактикалық ойындағы оқу тапсырмаларын орындаудағы балалардың әрекетінің сипатын, бірте бірте күрделенетін дидактикалық ойындар жүйесін құру, оларға педагогикалық басшылық жасау әдістемесін дайындау міндеттері қойылады. Бұл міндетерді шешуде оқу-танымдық әрекетте дидактикалық ойындардың міндеттері, оқу үдерісінің түрліше қызметін атқарады, оқытуда орын алады. Сондықтан диактикалық ойындардың жіктелуіне тоқтауды жөн көрдік. Педагогика ғылымында дидактикалық ойындардың жіктелуі нақты емес, ғалымдар өздерінің зерттеу нысанасына байланысты түрліше жүйелегендіктен өзіндік тарихы бар. Дидактикалық ойындарды оқу-тәрбие үдерісіне енгізуді негіздей отырып, белгілі білік, дағдыларын меңгертуге арналған ойын элменттерінің рөлін көрсетеді. Басқа ғалымдар жіктеуге іс-әрекеттің түрткісі негіз болады деді.
Ойын- балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп-өркендей алмайды. Бұл өмірдің заңдылығы. Еңбек үстінде адамның көптеген ерешеліктері дамиды, өмір сүру барсында ол түрлі жолдармен жарыққа шығады. Мысалы үлкендер өздеріне тән үстінде, ойын үстінде көрсетеді.
Ойын- балалар үшін күрделі әрекет. Балалар білімді ойын арқылы білімін шыңдап, ой көрісін кеңейте алады. Ал осының өз мақсаты, жоспары, тәрбиелік мәні, қажетті заттары, ерлешеліктері болады. Сол ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады, психологиалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Баланың жас ерешеліктеріне, зейініне сай, әдейлеп ұйымдастырылған ойындар баланың ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез-құлқы ерік-жігерін қалыптастырады және де қызығушылығын арттырады.
Дидактикалық ойындарды қызметі бойынша оқу-тәрбие үдеріндегі дидактикалық ойынды дидактикалық және сюжеттік, дайындық және шығармашылық ойындар болып жіктеледі. Дегенмен, дидактикалық ойындардың мазмұнына қарай еске түсіру сипатында, кейбіреулері ізденуге, үшіншілері оқушылардың алдына күрделі міндеттер қойып, шығармашылық сипатын көрсетеді. Мектепке дейінгі мекемелер оқу-танымдық іс-әрекетінің шығармашылық сипаты танымдағы дербестік деңгейін, ойын жағдаяттары жоғары жұмысқа қабілеттілік көрсетеді. Дидактикалық ойындардағы оқу міндеттері оның орындалу ережесінің күрделенуі оқу-танымдық іс-әрекеттің құрылымын күрделіндіреді. Мектепке дейінгі білім беруде танымдық іс-әрекеті сипатына қарай мынандай түрлері бөлінген: репродуктивті, ішнара-іздемпаздық, іздемпаздық, рөлдік элементі жоқ шығармашылық, рөлдік элементі жоқ шығармашылық дидактикалық ойындар болып бөлінеді.
Дидактикалық ойындар балалардың білімі еске түсіру, қажетті білік, дағдыны меңгерту мақсатында ұйымдастырылады. Мектепке дейінгі бліім беруде танымдық белсенділік тәрбиешінің басшылығымен және бақылауымен іске асу болған жағдайда дидактикалық ойын репродуктивті болып табылады. Дидактикалық ойынның бұл түрінде міндеттерді үлгі бойынша шешу ұсынылады. Мектепке дейінгі білім беруде танымдық іс-әрекеті белгілі білім, білік, дағдысын бекітуге бағытталады
әртүрлі формасын ұйымдастыруға қатыстыруға мүмкіндік береді. Дидактикалық ойынды қарым-қатынасты ынталандыру үшін енгізу маңызды. Біз дидактикалық ойындар өзінің әртүрлілігіне байланысты балаларға оқу танымдық іс-әрекеттің жеке, топтық, ұжымдық сияқты
Осылайша, қорытындыда пайдаланылатын дидактиалық ойын, эмоциялық көңіл-күй атмосферасын құрды, оқушылардың қарым-қатынас ашық көрінген мақсатқа бағытталуымен, міндетті мотивациялық және табиби саипатымен ерекшеленді. Ойын бекіту кезеңін жұмысты жандандырып жарысқа айналдырды, тәрбиеші түсіндірген материалды есте сақтаумен сәйкестендіріле, белсендіре отырып балалардың танымдық іс-әрекетін дамытты.
Сонымен, балалардың дидактикалық ойындағы оқу тапсырмасын шешуге бағытталған іс-әрекеті, үдеріс ретінде басқаша көтерілуі мүмкін емес. Ойын жағдайында балалардың танымдық іс-әрекетін белсендірудің басты шарты ойын барысында тізбектеле күределенетін дидактикалық ойынды мақсатқа бағыттау енгізу болып табылады. Дидактикалық ойынды күрделендіру олардың оқу тапсырмасын күрделендіру негізінде жүреді. Оқу тапсырмасының қойылымына тәрбиеші логикалық операцияларды енгізеді, ережелер көмегімен балаларға ойындағы әрекеттің тізбектілігін көрсетеді.

Ойын әрекетінен қуаныш сезе отырып, балалар өздерін іс-әрекет субъектісі ретінде көрсетеді, ол дидактикалық ойындағы оқу тапсырмасыны балалардың оқу тапсырмасына айналуына жағдай жасайды. Бұдан дидактикалық ойын балалардың қызығушылығын туғыза отырып, белсенділігін арттырады. Бұдан басқа, дидактикалық ойын дидактикалық құралдар мен оқу-танымдық іс-әркеттің түрінің санына сүйенеді. Білім беруде дидактикалық ойынды кеңінен пайдалану арқылы, тәрбиеші, балаларды оқу-танымдық іс-әркеттің осы түлеріне енгізеді және мүмкін болатын оқу құралдарын дайындауға қатыстырады.
Жоғарыда айтылғандардың барлығы, дидактикалық ойын балалардың оқу-танымдық іс-әркетін қалыптастырудың бір құралы деп тұжырымдауға мүмкіндік береді. Ол әртүрлі дайындықтағы балаларды шаршатпау, қарым-қатынас деңгейін арттыру мен жұмысқа қабілеттілігін көтеруге жағымды әсер етеді.
Әрбір дидактикалық ойынның ойын барысында әрекеттердің ретін және балалардың мінез-құлығын анықтайтын сабақта жұмыс жасауға жағдай жасайтын ережесі болады. Сондықтан дидактикалық ойынның ережесі білім беруде жеке мүмкіндіктерін есепке ала отырып жасалуы тиіс. Бұдан дербестік, табандылық, ойшыл белсенділік, әрбір баланың қанағаттанушылық сезімдері, табысын көру мүмкіншілігіне арналып жағдай жасалады. Сонымен қатар ойынның ережесі өз мінез-құлығын басқару іскерлігіне, ұжымның талаптарына бағынуға тәрбиелейді.
Дидактикалық ойынның маңызды жағы ойынның ережесімен реттеліп отыратын, балалардың танымдық белсенділігіне сәйкес келетін, оларға өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беретін, ойынның мақсатына жету үшін бұрыннан жиналған білім, іскерлік және дағдысын қолданатын ойындық әрекет те болып табылады. Ойындық әрекет міндеттің ауызша шешілуімен орындалып отырады. Мұғалім ойынның жетекшісі ретінде, баланы қажетті дидактикалық арнаға бағыттайды, қажеттілігіне қарай әртүрлі қабылдаулармен белсендіреді, ойынға қызығуын арттырып, артта қалушыларға дем береді.
Дидактикалық ойынның негізі оның құрылымдық элементтерін құраушы танымдық мазмұннан тұрады. Танымдық мазмұн ойынмен қойылған оқу проблемасын шешуге қолданылатын білім мен іскерліктерді меңгерумен бекітіледі. Дидактикалық ойынның жабдықталуына сабақтың жабдығы жатады. Бұл оқытудың техникалық құралдарының, диапозитивтердің, диафильмдердің және кодопозитивтердің бар болуы. Сонымен қатар көрнекіліктердің әртүрі, кестелер, үлгілер, дидактикалық таратылатын материалдар, жеңуші топтарды марапаттайтын кішкене жалаулар да кіреді.
Дидактикалық ойынның аяқталуымен анықталатын айқын нәтижесі бар. Ол бәрінен бұрын қойылған оқу міндетінің шешімі түрінде және балаларды моральдық және ой тұрғысынан қанағаттандырады. Тәрбиеші үшін ойынның нәтижесі білімді меңгерудегі, оларды қолданудағы балалардың жетістігінің, деңгейінің көрсеткіші болып табылады.
Дидактикалық ойындардың мазмұны мыналарды қамтуы тиіс.Олар:
-дидактикалық ойындар нақты, қысқа, қызықты, тартымды болуы міндетті;
- дидактикалық ойыңдарға тапсырмалардың біртіндеп күрделенуі және ол ақыл-ой іс-әрекетінің тәсілдерін меңгеруге ықпал ету қажет;
- ойындардағы тапсырмалардың әр түрлі тәсілдермен орындалуын қадағалау және оқытудың тәрбиелік ықпалын күшейтуге ықпал етуі керек;
- дидактикалық ойын тәрбиеленушінің жас ерекшелігіне сай, бағдарламадағы материалдарға, оның ішіңде нақты сабақтың мазмұнына сай болып, тапсырманың мәнін ашу керек;
- дидактикалық ойындарда қолданылатын материалдар мен көрнекіліктер қарапайым болып, олардың жасалуы мен дайыңдалуы тез әрі жеңіл болуы шарт.
Тәжірибеден байқағанымыздай, дидактикалық ойындарда балалардың сөйлеу, ойлау, есте сақтау қабілеті дамиды. Бұл ойындар алған білімді бекітуге ықпал жасайды. Дидақтикалық ойындарға "Лото", "Домино", "Қуыршақты киіндір" т.б. Арнайы таңдалып алынған ойындар ("Не жоқ?", "Тал", "Жоғары-төмен", "Сиқырлы сандық", "Ғажайып қоржын" т.б.). Ойын түрлері баланың сабақта тапсырманы орындау кезінде қызығушылығын туғызып, белсенділігін арттырады.

Дидактикалық ойынның барлық құрылымдық элементтері өзара байланысты және олардың кейбір элементтерінің болмауы ойынды бұзады. Ойындық ниетсіз және ойындық әрекеттерсіз, ойынды ұйымдастырушысыз дидактикалық ойын мүмкін емес немесе өзінің арнайы түрін жоғалтып, нұсқаулар мен жаттығуларды орындауға айналады. Сондықтан дидактикалық ойынды енгізетін сабаққа дайындалу кезінде ойынның жүруі (сценарий)туралы қысқаша сипаттама құрып алу қажет, ойынның уақыт шегін көрсету керек, оқушылардың жас ерекшелігіне және білім деңгейін ескерілуі тиіс, пәнаралық байланысын жүзеге асыру қажет.
Ойынның барлық элементтерінің үйлесімділігі және олардың өзара әрекеттестігі ойынның ұйымшылдығын, оның нәтижелілігін жоғарылатады, межелеген нәтижеге жеткізеді.
Балалардың ойындағы белсенділігі олардың ойынға қызығуларының артуымен тығыз байланысты. Әсіресе, дидактикалық ойындар балалардың көшбасшылық кабілеттерін жетілдіріп, өз пікірін дәлелдеуге, топтарымен еркін пікірлесуге ықпалын тигізеді. Дидактикалық ойындар балаларды тілдік материалдарға қызықтыруымен қатар тіл білімінен алған білімдерін бекіту, тереңдету үшін де тиімді. Өйткені, дидактикалық ойындар балалардың танымын кеңейтіп, оның ойлау қабілетін, ізденімпаздығын, еңбекқорлығын жетілдіруде, олардың жеке тұлғалық қабілеттерін тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады. Балалардың ойындағы белсенділігі олардың ойынға қызығуларының артуымен тығыз байланысты. Әсіресе, дидактикалық ойындар балалардың көшбасшылық кабілеттерін жетілдіріп, өз пікірін дәлелдеуге, топтарымен еркін пікірлесуге ықпалын тигізеді. Дидактикалық ойындар балаларды тілдік материалдарға қызықтыруымен қатар тіл білімінен алған білімдерін бекіту, тереңдету үшін де тиімді. Өйткені, дидактикалық ойындар балалардың танымын кеңейтіп, оның ойлау қабілетін, ізденімпаздығын, еңбекқорлығын жетілдіруде, олардың жеке тұлғалық қабілеттерін тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.Дидактикалық ойындарды оқыту үрдісінде қолдану тарихы әріден басталады. Ойын сөзі мағынасының түп-төркіні қуанышқа, әзілге сәйкес келеді.
Қазіргі жаңа оқыту технологияларының лайықты түрлерін іріктеп, оқу-тәрбие үрдісіне енгізіп, балалардың таным белсенділігі мен болашақтағы оқу әрекетіне деген ынтасын арттыруға зор көңіл бөлуіміз тиіс. Жас ұрпақтың жеке басының дамуын интеллектік байытуға, дарындылығын дамытуға аса назар аударып, әсіресе баланы мектепке сапалы даярлау кезінде жан-жақты дамыту үшін олардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыра білген жағдайда ғана үлкен жетістіктерге жетеміз.
Дидактикалық ойындардағы негізгі міндет баланың ақыл-ойын дамыту, білімін байыту болса, қимылды ойындардағы негізгі міндет қимыл-қозғалыс белсенділігін дамыту, жетілдіру. Бірақ бұл екеуін мүлдем екі бағытта деп есептеуге болмайды. Біріншіде - ойлау, сөйлеу, ес, қиял, ерік дамытылса, екіншіде - қимыл-қозғалыс мәселесімен қатар адамгершілік қасиеттері қалыптастырылады. Екеуінің де мақсаты - баланың жеке басын дамыту. Сонымен дидактикалық ойын - баланың ақыл-ойын дамытып, таным-түйсіктерді ажыратудағы әдістердің бірі. Дидактикалық міндеттің болуы ойынның оқыту сипатын, оның мазмұны балалардың танымдық іс-әрекетін дамытуға бағытталады. Егер баланың ойлауы образды, эмоциялық әсерде болса, ол соғұрлым жақсы нәтиже береді, сондай-ақ білім қызығулықты әрекетпен байланысты болса, баланың іс-әрекетімен іштей қабысып жатса, ондай білімді бала дұрыс меңгереді. Дидактикалық ойынның зор маңызы балалардың дербестігін және ойлау мен сөйлеу белсенділігін дамытатындығында. Ал дидактикалық ойынның мәні мынада:
1. Дидактикалық ойын баланың қоршаған дүние туралы түсінігін кеңейтіп және оны бекітіп нақтылай түседі.Бала бақылау, оқыған кітап, естіген ертегі арқылы айналасын таниды. Олардың түсінігі алғашқы кезде айқын болмайды. Тәрбиеші баланың түсінігін дидактикалық ойындар арқылы нақтылап, дамытып саналы түрде түсінуін өрістетеді. Мысалы: Бір заттың түсін атаңдар? Бояудың қандай түрін білесіңдер? Үй жануарларынан үшеуін атаңдар. Бала дидактикалық ойын арқылы әр затқа байланысты жаңа білімді меңгеріп, түсінігін тиянақтайды.
2.Әрбір дидактикалық ойын ойлай білуге баулып, сөздік қорын өсіреді, ақыл-ой қызметін қалыптастырады. Ойынның шартын орындау баланың сақ отыруын, өзінің еркін меңгеруін, қабылдауын, өзінше талдауын, салыстыруын, тиісті қорытынды, тұжырым жасай білуін керек етеді. Дидактикалық ойын баланың пікірін сөзбен жеткізуін талап етеді.
Біздің еліміздің ғалымдары бастауыш сыныптағы дамытушы компьютерлік ойындардың дидактикалық мүмкіндіктерін зерттей келе, дамытушы компьютерлік ойындарға қойылатын дидактикалық талаптарды анықтаған. Ойында пайдаланылатын кубиктердің аналогін компьютерде толық келтіруге болады, тіпті оның мүмкіндігі аталған кітапта келтірілген ойындардың санын көбейтуге мүмкіндік береді. Сондықтан қорыта келе, мынадай тұжырым жасалады:
1. Ойыншықпен ойналатын ойындар. Мұнда баланың өзі ойнап отырған затты дұрыс қабылдай білуімен байланысты сол заттың (дұрыс) нақты өзі алынады. Ойыншықпен ойналатын және әр түрлі заттармен ойналатын дидактикалық ойындар балалар үшін өте қызықты, тартымды болып табылады. Бұл көрнекілік принципіне негізделеді және затты тікелей қабылдаумен байланысты. Сол себепті баланың ойын үстінде ұмтылып ізденуі, сол затпен қарым-қатынасы арқылы, ойын арқылы жан-жақты танысып оны терең білуіне мүмкіндік береді.
2. Стол басында ойналатын баспаға басылған ойындар көрнекілік принципіне негізделген, бірақ бұл ойында балаға сол заттың өзі емес, оның бейнесі, суреті беріледі. Ойынның мазмұнына кейде лото, кейде сурет түріндегі қатарласып келген екі заттың айырмашылығы, сапасы, қасиеті, үлкен-кішілігі т.б. (ыдыс-аяқ, құстар, жемістер, бақша өсімдіктері, хайуанаттар) болады.
3. Сөз ойындары қиын және күрделі. Өйткені сөз арқылы айтылады да, образды түрде бейнемен елестетеді. Мұндай ойындар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану
Бастауыш сыныпта математика сабағында дидакикалық ойындарды пайдаланудың әдістемелік жүйесі
Баланың бірінші әрекеті - ойын
Дидактикалық ойындардың педагогикалық негізі
Дидактикалық ойындарды ойластыру
Дидактикалық ойындар-кiшi мектеп жасындағы оқушылардың бiлiмдерiн арттыру құралы
Мектеп жасындағы балалардың ойлауын дамытуда дидактикалық ойындарды қолдану әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды пайдаланудың педагогикалық мәселелері
Бастауыш сыныптың оқыту процесі
Балаларды қадағалау
Пәндер