Ахроматикалық композиция


Ахроматикалық композиция
Түстану түс туралы ғылым. Түстер хроматикалы және ахроматикалық болып бөлінеді. Хроматикалық түстерге, түрлі-түсті түстер жүйесі кіреді.
Ахроматикалық түстерге түссіз түстер: ақ, сұр, қара түстерінің реңдері жатады Хроматикалық түстерге - түрлі түстердің бәрі жатады. Контраст түстер яғни қарама-қарсы түстер. Мысалы: қара-ақ; қара-сары; қара-қызыл; көк-ақ; көк-сары т. б.
Ахроматикалық түстерге ақ және қара түстер жатады. Барлық хроматикалық түс үш параметрмен - ашықтылықпен, түстік өңмен және қанықтылықпен сипатталады. Ахроматикалық түстер бір-бірінен тек бір белгісі бойынша - ашықтығы (ашық сүрғылт немесе қара сүрғылт) бойынша ерекшеленеді. Түстік өң бұл «қызыл», «сары» және т. б. сөздермен анықталады. Мысалы қызыл, таза қызыл немесе сұрғылт қызыл. Бұл қызылға қосылған сұрғылт қоспа түстің өңін өзгертпейді, қызыл түс қызыл болып қалады. Ахроматикалық қоспадан, хроматикалық түстің қанықтығы азаяды. Мұндай қоспада ахроматикалық түс неғұрлым аз болған сайын оның қанықтығы арта түседі.
Хроматикалық түстер шартты түрде жалпы түстер суық түстер болып бөлінеді.
Жылы түске түс спектірінің сары-қызыл бөлігі, ал суық түске көк-көгілдір бөлігі жатады. Жылы түстерді күн мен оттың түсімен, суық түстерді аспан, су мен мүздың түсімен сипаттауға болады. Күлгін және жасыл түстер аралық жағдайға ие болады. Басқа түстермен қатынасына байланысты бірде жылы, бірде суық түске жатқызуға болады.
Түстік шеңбер-бірге қатар қойылған түстерден құралған шеңбер. Бұл шеңбер, сары, сарғыш қызыл, қызғыш қоңыр, жасыл көк, көк күлгін, көк, болып жалғасып отырады. Негізгі түстер Сары, қызыл және көк түстер контраст бір-біріне қарама-қарсы түстер.
Контраст түстер - бір біріне қарама-қарсы түстер. Ақ түске, қара түстер қарсы ақ пен қызыл, ақ пен көк, қарамен қызыл т. б түстер контраст түстер сипатын береді.
Сурет салу негізінде біз нұсқаны бақылап қана, оның сыртқы формасын көшіріп салумен шектеліп қоймаймыз, сонымен қатар оның ішкі құрылымын түсінуге талпынамыз, заттың ішкі құрылымының скелеті көзге көрінбегенімен, ол заттың сыртқы формасын бейнелеу үшін өте маңызды. Мысалы, сурет салушы кубтың оның қабырғаларымен шектесіп жатқан қырларын және оның формасын елестетеді, куб құрылымының конструктивтік схемасын елестетеді, сонан соң барып, кубтың суретін салуға кіріседі. Біз кімге кубтың суретін сал десек те, олардың бірі жақсы бірі жаман қылып оның суретін салып береді, бірақ мүның себебі олардың зат формасы мен сипаты туралы анық елестетудің - зат құрылымы туралы білімінің болуына байланысты болып табылады.
Егер біз сурет салатын адамдарға, ол ешбір уақытта көрмеген заттың суретін салыңдар десек, олардың көпшілігі, логикалық құрылымы бар бейненің көрінісін бере алмайды. Себебі олардың саналарына ешқандай оның образы жоқ.
Бұл сурет салу кезінде, сурет салушының зат туралы дұрыс елестетуі және түсініктері пайда болады, немесе әрбір сурет салушы өз суретінде өмір шындығының елестерін білдіреді. Басқаша айтқанда өзінің санасында қалыптасқан зат образын бейнелейді. Сондықтан да үлы суреткер Микеланджело «Суретті қолмен емес, оймен салу керек» деп көрсеткен. Сонымен адам сурет сала отырып, қоршаған әлемді талдайды. Өмір шындығын тану үрдісі өнер мен ғылым арқылы тану негізі форманы шағылыстыру формаларына байланысты әр түрлі болып бөлінеді: ғылым өмір шындығын түсініп, ойлау және қорытындысын шығару формалары арқылы жүзеге асыратын болса, өнер өмір шындығын образдық түрде бейнелейді.
Түстердің қасиеттерін зерттеу бізге түстердің психологиялық физикалық қасиетін, этнокөркемдік атауларын анықтауға мүмкіндік береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz