Созылмалы пневмония кезіндегі емдік дене шынықтыру (оқу әдістемелік құрал)



1. Шартты қысқартулар тізімі
2. Кіріспе
3. Емдік дене шынықтыруды қолданудың клинико. физиологиялық негізі
4. Пневмония кезіндегі емдік дене шынықтырудың міндеттері
5. ЕДШ ның әдістерімен түрлері
6. ЕДШ әдістерімен түрлерін қолдануға көрсеткіштермен қарсы көрсеткіштер
7. ЕДШ әдістерін қолдану ерекшеліктері
8. Тыныс алу ағзаларының ауруларында ЕДШ негізгі әдістері
9. Респираторлы гимнастика кешені
10. Тесттік бақылау сұрақтары
11. Әдебиеттер
Тыныс алу аурулары қазіргі кезде тұрғындарының өлімінің негізгі себептерінде төртінші орында және тұрғындардың еңбекке жарамдылығының төмендетуі мен мүгедектендіруде одан да маңызы зор.
Бронхөкпелік жүйенің қабынулық ауруларына қазіргі кезде жиі созылмалы ағым мен аллергиялық асқынулардың ерте қосылуы тән болып отыр. Антибактериальды терапияны негіздеп тағайындағанның өзінде-ақ олар тыныс алу жүйесінің функционалдық мүмкіншіліктерін толық қалпына келтіре алмайды және coзылмалы өкпе ауруларымен ауыратын науқастардың санының көбеюіне себеп болады.
Өкпе ауруларының ішіндегі ең қауіптісі пневмония болып есептеледі.
Пневмония термині этиологиясы, патогенезі және морфологиялық сипаты бойынша ерекшеленетін және өкпенің жиі респираторлық бөлімдерін зақымдаумен, альвеола ішілік эксудаттың жиналуымен сипатталатын әртүрлі аурулар тобын біріктіреді. Пневмонияны қазіргі кездегі белгілі барлық инфекциялық агенттер шақыра алады.
Қалпына келтіруші емнің оң нәтижесін қамтамасыз ететіндерге аурудың ерте әрі толық диагностикасы, сыртқы тыныс алу аппаратының және жүрек тамыр жүйесінің функционалдық мүмкіндіктері мен науқастың индивидуалды ерекшеліктерін анықтау болып табылады. Бұл реабилитация жоспарын дұрыс құруды қамтамасыз етеді.
Реабилитацияның негізгі әдістеріне емдік дене шынықтырудың жағдайлары мен түрлері жатады. ЕДШ – бұл аурулармен немесе олардың асқынуларымен шақырылған морфологиялық немесе функционалдық бұзылыстарды қалпына келтіру мақсатында әр түрлі мүшелер мен жүйелерге немесе жалпы ағзаға дене жаттығулары көмегімен әсер ету.
Пульмонологиялық науқастардың медициналық реабилитациясының негізгі принциптеріне ерте бастау, қалпына келтіруші іс шаралардың кешенділігі мен ұтымды қолданылуы, үздіксіздігі, аурудың клиникалық көрінісін тіркеп отыру, реабилитацияның нәтижесін болжап отыру жатады.
1. Дубровский В. И. Лечебная физическая культура и врачебный контроль: Учебник для медвузов. – М.: Мединформагенство, 2006. – 598 с.
2. Дубровский В. И. Лечебная физическая культура: Учебник для вузов. – 3-е изд., испр. и доп. – М.: ГИЦ ВЛАДОС, 2004. – 624 с.
3. Епифанов В. А. Лечебная физическая культура: Учеб. пособие для вузов/В.А.Епифанов. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2004. – 560 с.
4. Климов А. В. Средства и методы организации учебных и самостоятельных занятий физической культурой студентов медицинских вузов: Учеб.-метод. пособие. – Караганда, 2007. – 160 с.
5. Хрущев С. В. Физическая культура детей с заболеваниями органов дыхания: Учеб. пос. для медвузов /С. В. Хрущев, О. И. Симонова. – М.: Академия, 2006. – 304 с.
6. Физическая реабилитация: Учебник для вузов /Под ред. С. Н. Попова. – Изд. 3- е, перераб. и доп. – Ростов н/Д.: Феникс, 2005. – 604 с.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Т. Б. Турумбетова, Т. С. Ракова

СОЗЫЛМАЛЫ ПНЕВМОНИЯ КЕЗІНДЕГІ ЕМДІК ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ

(Оқу әдістемелік құрал)

Қарағанды 2010ж
ӘОЖ 615.825: 616.24-002
КБЖ 53.54
Т 86

Пікір білдірушілер:
Н. И. Шевелева - клиникалық биохимия курсымен медициналық реабитология,
спорттық медицина кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор
А. В. Котлеров, ЕДШ және физиотерапия курсымен,ӘДХ N2 бар хирургиялық
аурылар кафедрасының доцентті м.ғ.к
Б. К. Тусупова - физиотерапевт высшей категории, ассистент курса
медицинской реабилитологии кафедры питания и прфилактической медицины

Т 86 Т. Турумбетова Т. Б, Ракова Т. С. – Созылмалы пневмония кезіндегі
емдік дене шынықтыру – Оқу әдістемелік құрал. – Қарағанды, 2010 – 24 бет

Берілген оқу әдістемелік құрал Созылмалы пневмониядағы емдік дене
шынықтыру әдістерін емдік мақсатта қолданудың қазіргі кездегі жаңа
көзқарастарын қалыптастыруға және тыныс алу жаттығуларының қолдану
әдістерін игеруге көмектеседі.
Оқу әдістемелік құрал медициналық жоғарғы оқу орындарының
студенттеріне, медициналық реабилитология және қалпына келтіруші медицина
мамандығының дәрігерлеріне және жалпы тәжірибе дәрігерлеріне арналған.

ӘОЖ 615.825: 616.24-002
КБЖ 53.54

ҚММУ Әдістемелік кеңесіндегі талқыланды және ұсынылған
№9 хаттамасы 12 05 2010 ж

ҚММУ ғылыми кеңесіндегі талқыланды және ұсынылған
№ 10 хаттамасы 27 мая 2010 ж

© Т. Б. Турумбетова., Т. С.
Ракова, 2010
Мазмұны

Шартты қысқартулар
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 4
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
Емдік дене шынықтыруды қолданудың клинико- физиологиялық
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
Пневмония кезіндегі емдік дене шынықтырудың
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ..9
ЕДШ ның әдістерімен
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .9
ЕДШ әдістерімен түрлерін қолдануға көрсеткіштермен қарсы
көрсеткіштер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
ЕДШ әдістерін қолдану
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
10
Тыныс алу ағзаларының ауруларында ЕДШ негізгі
әдістері ... ... ... ... ... ... ... 13
Респираторлы гимнастика
кешені ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.15
Тесттік бақылау
сұрақтары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...17
Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
ШАРТТЫ ҚЫСҚАРТУЛАР ТІЗІМІ

АҚ – артериялық қысым
ДЖ – тыныс жаттығулары
ЖЖЖ – жүректің жиырылу жиілігі
ЖИА – жүректің ишемиялық ауруы
ЕДШ – емдік дене шынықтыру
ОЖЖ – орталық жүйке жүйесі
ӨЗА – өкпенің созылмалы аурулары
ӨМВ – өкпенің минуттық вентиляциясы
ӨӨС – өкпенің өмірлік сыйымдылығы
ТА – тыныс алу мүшелері
ЭКГ – электрокардиограмма

КІРІСПЕ

Тыныс алу аурулары қазіргі кезде тұрғындарының өлімінің негізгі
себептерінде төртінші орында және тұрғындардың еңбекке жарамдылығының
төмендетуі мен мүгедектендіруде одан да маңызы зор.
Бронхөкпелік жүйенің қабынулық ауруларына қазіргі кезде жиі созылмалы
ағым мен аллергиялық асқынулардың ерте қосылуы тән болып отыр.
Антибактериальды терапияны негіздеп тағайындағанның өзінде-ақ олар тыныс
алу жүйесінің функционалдық мүмкіншіліктерін толық қалпына келтіре алмайды
және coзылмалы өкпе ауруларымен ауыратын науқастардың санының көбеюіне
себеп болады.
Өкпе ауруларының ішіндегі ең қауіптісі пневмония болып есептеледі.
Пневмония термині этиологиясы, патогенезі және морфологиялық сипаты
бойынша ерекшеленетін және өкпенің жиі респираторлық бөлімдерін
зақымдаумен, альвеола ішілік эксудаттың жиналуымен сипатталатын әртүрлі
аурулар тобын біріктіреді. Пневмонияны қазіргі кездегі белгілі барлық
инфекциялық агенттер шақыра алады.
Қалпына келтіруші емнің оң нәтижесін қамтамасыз ететіндерге аурудың
ерте әрі толық диагностикасы, сыртқы тыныс алу аппаратының және жүрек тамыр
жүйесінің функционалдық мүмкіндіктері мен науқастың индивидуалды
ерекшеліктерін анықтау болып табылады. Бұл реабилитация жоспарын дұрыс
құруды қамтамасыз етеді.
Реабилитацияның негізгі әдістеріне емдік дене шынықтырудың жағдайлары
мен түрлері жатады. ЕДШ – бұл аурулармен немесе олардың асқынуларымен
шақырылған морфологиялық немесе функционалдық бұзылыстарды қалпына келтіру
мақсатында әр түрлі мүшелер мен жүйелерге немесе жалпы ағзаға дене
жаттығулары көмегімен әсер ету.
Пульмонологиялық науқастардың медициналық реабилитациясының негізгі
принциптеріне ерте бастау, қалпына келтіруші іс шаралардың кешенділігі мен
ұтымды қолданылуы, үздіксіздігі, аурудың клиникалық көрінісін тіркеп отыру,
реабилитацияның нәтижесін болжап отыру жатады.

ЕМДІК ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ
КЛИНИКО- ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

Тыныс алу мүшелері термині шартты болып есептеледі. Тыныс алу кең
мағынада өкпе қызметі ғана емес, ұлпалар мен оттегіні пайдаланып, ағзадан
көмірқышқыл газын шығаратын үрдістер жиынтығы болып табылады. Тыныс алуды
кескін түрінде келесі этаптарға бөлуге болады:
Өкпе вентиляциясы – сыртқы ортамен өкпе альвоеласының арасындағы газ
алмасу.
1. Өкпелік диффузия-альвеолярлы ауа мен өкпе капиллярларының арасындағы
газ алмасу.
2. Оттегі мен көмірқышқыл газының қанмен тасымалдануы.
3. Ұлпалық диффузия – үлкен қан айналым капиллярларының қаны мен ұлпа
арасындағы газ алмасу.
4. Жасуша ішілік немесе ұлпалық тыныс алу.
Тыныс алу мүшелерінің негізгі құрам бөліктеріне тыныс алу жолдары, өкпе
және тыныс алу бұлшықеттері жатады. Атмосфералық ауа мұрын,ауыз, көмей,
трахея арқылы ірі бронхтарға түседі.Әрбір бронх екі бронхқа бөлінеді де,
бронхиалді ағаш түзеді. Ересек адамның бронхтары шамамен 23рет бөлінеді.
Алғашқы 16 бөлінуде қанмен газ алмасу болмайды және өлі кеңістікті түзеді.
Оның көлемі 150мл. Ұсақ бронхиолалар альвеолалармен аяқталады.
Альвеолалардың диаметрі 300мкм-ге жетеді. Ересек адамның өкпесінде 300млн-
ға жуық альвеола бар. Жаңа туған нәресте бронхтары 17рет бөлінеді. Жаңа
туған нәрестенің альвеолалар саны ересек адаммен салыстырғанда 10 есе
төмен. Әрбір альвеола капиллярлар торымен қоршалған.
Көмейдің қабырғасында эластикалық элементтер және бұлшықет талшықтары
бар. Бұлшықет талшықтары жиырылғанда трахеяның көлемі де, ұзындығы да
өзгереді. Трахеяның және негізгі бронхтардың мембранозды қабатында
циркулярлық бұлшықет талшықтары орналасқан. Олардың жиырылуы трахея мен ірі
бронхтардың жиырылуына әкеледі. Бронхиальді қабырғаның мұндай құрылымы
шынығу кезінде сыртқы тыныс алу аппаратының дене жаттығулары жасағанда
тарылуына, ұзаруына, кеңеюіне және қысқаруына әкеледі.
Көмірқышқыл газын тасымалдау механизмі яғни зат алмасудың соңғы өнімі
дәл осылайша тек кері бағытта жүреді.
Көмірқышқыл газы ағзадан өкпе арқылы шығады. Азот ағзада қолданылмайды.

Диффузия нәтижесінде альвеолярлы ауаның құрамы үнемі өзгеріп тұра-ды:
оттегі концентарциясы төмендеп, көмірқышқыл газы жоғарылайды. Тыныс алу
үрдісін үнемі қалыпта ұстау үшін оны жаңартып отыру керек. Ол үшін өкпенің
вентиляциясы қажет. Диафрагма және тыныс алу бұлшықет-терінің жұмысы
нәтижесінде атмосфералық ауа мен кеуде қуысының арасындағы қысым
айырмашылығы түзіледі. Бұл өкпедегі үнемі ауа алма-суын қамтамасыз етеді.
Сау адамдарда бұлшықет жиырылу нәтижесінде кеу-де қуысы тыныс алу мен тыныс
шығаруда ырғақты және кезеңді өзгеріп оты-рады. Бұл өкпе көлемінің және
өкпелік вентиляцияның жоғарылауымен тө-мендеуін қамтамасыз етіп отырады.
Тыныштық жағдайда адам өкпенің ты-ныс алу беткейінің тек 20-25%-ын ғана
қолданатыны белгілі, ал қалған 75-80%-ы ағзаға шектен тыс жүктеме кезінде
қосылады. Бұл тыныс алу аппара-тының үлкен мүмкіншіліктерін көрсетеді. Бұл
мүмкіншіліктер паталогиялық жағдайларда өкпенің бөлігінің немесе толық
өкпенің қабынулық процеспен, эмфиземамен және пневмослерозбен шақырылған
бұзылыстарды компенса-циялау үшін қолданылады. Бұлшықет ұлпасын үнемі
физикалық жаттығулар-мен шынықтыру бұлшықет күшінің жоғарылауын, оның
паталогиялық үрдіс аймағындағы эластикалық қасиеттерінің қалпына келуін
туғызады.
Пневмонияның анықтамасы мен жүктелуі
Пневмония – бұл этиологиясы,патогенезі, морфологиялық сипаты бойынша әр
түрлі жедел инфекциялық аурулар тобы. Пневмония кезінде микроорганизмдерден
стерильді респираторлы тракт өрімдеріне микроорганизмдердің енуімен
пролиферациясының жауап ретінде дамитын эксудациямен паренхима жасушасының
инфильтрациясымен сипат алатын өзгерістер жүреді. Тыныс алу трактысының
респираторлы бөлімінің қабынуы туралы ең алғаш антикалық кезеңде Гипократ
симптоматикасымен жазған болатын. Пневмонияның клиникалық
классаификациясының негізі ретінде ең алғаш анатомиялық принцип (Гриззоль
Б. 1861ж). Қолданған болатын. Ол бойынша пневмониялар лобарлық
(круппоздық), ошақтық және интерстициалдық болып жіктеледі. Морфологиямен
сәулелі диагностика дамыған сайын жіктелу ары қарай толықтырып отырды.
Осылайша өкпенің сегменттік жіктелуі пайда болды.
Пневмониялардың жіктелу (МКБ-10)
1. Нозалогиясы бойынша
- ауруханадан тыс пневмония
- ауруханалық пневмония
2. Этиологиясы бойынша
- бактериалды
- вирустық
- басқа инфекциялық қоздырғыштармен шақырылған
- этиологиясы анықталмаған
3. Патогенезі бойынша
- біріншілік
- екіншілік
4. Клиника-рентгенологиялық белгісі бойынша
- бөліктік (плевропневмония)
- ошақтық бронхопневмония
- сегментарлық (полисегментарлық)
- интерстициялдық
5. Орналасуы бойынша
6. Ауырлық дәрежесі бойынша
- жеңіл
- орта
- ауыр
- өте ауыр
Пневмония кезіндегі ауырлық дәрежесінің критерийлері:
А) Науқастың есі (цианоз, сандырақтау, естің бұзылуы, гиперпирексия 39,0
градустан жоғары)
Б) Тыныс алу жеткіліксіздігі (тыныс алу жиілігі минутына 30 реттен көп,
Pa0260мм рт.ст., РаСО250 мм рт.ст.);
В) артериалдық гипотензия (Систолалық АҚ100 мм. с. б. Немесе диастолалық
АҚ60мм. с.б.);
Г) Тахикардия (120мин)
Д) Гиперлейкоцитоз (25,0x109л) немесе лейкопения (4,0x109л)
Е) Жайылған мультилобарлы пневмониялық инфильтрация
Ж) Көлемдік плевралық түсу
З) Өкпе ұлпасының ыдырау кеңістігі
И) гиперкреатининимия (1,2мгдл)
К) екіншілік бактерияэмия, гематогенді ошақтардың болуы
7. Ағымы бойынша
- типтік
- созылмалы
- атиптік
8. Асқынулары
- өкпе жанындағы
- жүрек- қан тамыр маңындағы
- жүйке жүйесі маңындағы
- әр түрлі асқынулар
Пневмония асқынуларға жатады:
А) плевралдық түсу
Б) өкпе тінінің деструкциясы (абсцесс)
В) плевра эмпиемасы
Г) ересектердің респираторлық дистресс синдромы
Д) жедел тыныс алу жеткіліксіздігі
Е) инфекциялық токсикалық шок
Ж) екінщілік бактериэмия, сепсис, гематогендік ошақтар
З) перикардит, миокардит
9. Кезеңдері, соңы
- - клиникалық рентгенологиялық жақсару
- сауығу
- реконволесценция
Клиникалық көрінісі
Типті жағдайларда пневмония жедел немесе күрт пайда болатын
қалтыраумен, температураның 38градустан жоғары көтерілуімен, кеуденің
бітелу сезімімен, ентігумен және кейде кеуде клеткасындағы ауырсынумен
сипатталады. Қан анализінде лейкоцитоз (10000мкм) немесе 10%ке дейін
таяқша ядролық ығысу. Интоксикация біртіндеп жоғарылайды. Бірінші тәуліктің
соңында қақырық пен жөтел пайда болады. Кейбір науқастарда өкпеден тыс
көріністер басым болады, мысалы, есеңгіреу немесе дезорентация, бірақ
кейде, әсіресе қарттарда және алкоголизммен немесе нейропениямен ауратын
науқастарда өкпелік симптоматика болмайды. Анамнез жинаған кезде
продромалдық кезең аурудың басталуы жайында мағлұматтар, науқаспен
байланыста болған жанұя мүшелерінің немесе басқа адамдардың ұсақ
көріністері, жануарлар мен контактілері, жақында болған іс сапары жөнінде
анықтау керек.

ПНЕВМОНИЯ КЕЗІНДЕГІ ЕМДІК ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУДЫҢ МІНДЕТТЕРІ

Жалпы міндеттер өкпенің қалпына келуші өзгерістерінің регрессиясы мен
қайтымсыз өзгерістердің тұрақтылығын қамтамасыз ету. Сыртқы тыныс алумен
жүрек тамыр жүйесінің қызметін қалпына келтіру және жақсарту, психологиялық
статуспен еңбекке қабілеттілікті қалпына келтіру.
Пневмония кезіндегі ЕДШ ның жеке міндеттері:
- зақымдалған бөлік немесе сегменттің қан айналымымен вентиляциясын
қалпына келтіру
- қақырықтың бөлінуін жақсарту әсіресе жақсарту
- плевралық жабысулардың қалыптасуының алдын алу
- бронхиальді өткізгішті жақсарту
- еңбекке қабілеттілікті қалпына келтіру және сауығуды жылдамдату
- ағзаның интоксикациясын жою үшін ұлпалық газ алмасуды қалпына келтіру

ЕДШ НЫҢ ӘДІСТЕРІМЕН ТҮРЛЕРІ

ЕДШ ның әдістері (физикалық жаттығулар, жүру, жүзу, шынығу жаттығулары,
тренажордағы жаттығулар, массаж және жаттығулар) рефлекторлы және
гумаральды тыныс алу орталығын қоздыра отырып, газ алмасумен вентиляцияны
жақсартады. Емдік гимнастика жасау кезінде жалпы тонус жоғарылайды
науқастың психологиялық жағдайы жақсарады, ОЖЖ нің функциясы, үлкен ми
жарты шарларының қыртысты және қыртыс асты нервтік үрдістер жақсарады.
Ағзаның қорғаныс күштері белсенеді, барлық емдік факторларын қолдану үшін
оптимальді фон құрылады. Физикалық жаттығулар өкпемен плевра қуысында
дамитын бірқатар асқынулардың алдын алады (жабысулар, абсцесстер, эмфизема,
слероз) және кеуде клеткасының екіншілік дефармациясын болғызбайды.
Физикалық жаттығулардың трофикалық әсерінің нәтижесі ретінде өкпенің
қозғалмалы-лығымен жылжымалығының қалпына келуі болып табылады. Тыныс алу
жаттығуларын орындау кезінде қанның оксигенациясының жақсаруы мүшелер мен
қлпалардың алмасу үрдістерін жақсартады.

ЕДШ ӘДІСТЕРІМЕН ТҮРЛЕРІН ҚОЛДАНУҒА КӨРСЕТКІШТЕРМЕН ҚАРСЫ КӨРСЕТКІШТЕР

Пневмония кезіндегі ЕДШ-ға қарсы көрсеткіштер науқастың жалпы жағдайына
тәуелді.
ЕДШ- ға қарсы көрсеткіштер:
1. Аурудың паталогиялық симптомдардың өршуімен сипатталатын жедел кезең
немесе созылмалы паталогияның декомпенсация сатысы.
2. Жоғары температура
3. Ауыр қосымша аурулар
4. Жедел тыныс алу жеткіліксіздігі, жүрек-тамыр жеткіліксіздігінің үдеуі.
5. Қан кету, қан түкіру қаупі.
6. Электрокардиограммада жүректің оң жақ бөлігінің шамадан тыс зорығуының
айқын белгілері.
7. Дене жаттығулардын орындау барысында шыдамсыз ауырсыну.
8. Қатерлі ісіктерде

ЕДШ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қозғалыс режимінің үш түрі қолданылады: аяушылық, аяушы
шынықтырушылық,аса шынықтырушылық
I кезеңде (төсек режимі, аяушы қозғалыс режимі) жаттығуларды бастапқы
қалпы арқасында жатып орындайды. Жалпы дамутушы жаттығулар қолданылады.
Олар кеуде клеткасының әр түрлі бағыттағы кеуде клеткасының қозғалуын
қамтамасыз етеді. Құрсақ пресіне және тыныс алу жаттығулары жатады.
Бастапқыда қолмен аяққа арналған элементарлы гимнастикалық жаттығулар
кіші амплитудамен дене жаттығулары және жатқан қалыпта ұсынылады. Науқасқа
сау бүйіріне күніне үш төрт рет жату ұсынылады. Мұндай қалып зақымдалған
нүктенің аэрациясын жақсартады. Диафрагмалдық қабырғалық бұрышта
жабысулардың алдын алу үшін сау бүйіріне валик қойып жату пайдаланылады.
Арқада жату диафрагмалдық плевралық және алдыңғы, артқы кеуде қабырғасының
араларындағы жабысуларды болдырмайды.
Аяушы қозғалыс режимі
Қозғалыс режимін сипаттау.
Толық өзін өзі күту. Түскі астан кейінгі және физикалық жүктемеден
кейінгі демалу міндетті болып табылады.
ЕДШ міндеттері:
- науқастың функционалдық мүмкіншіліктерімен нерв психикалық статусының
тұрақтылығын қамтамасыз ету. Қозғалыс актының механизмін жақсарту
бронхтарды дренаждау, сыртқы тыныс алу көрсеткіштерін жақсарту.
- Жүрек тамыр жүйесінің қосымша резервін жоғарылату, физикалық еңбекке
қабілеттілікті жоғарылату.
- Нейроматорлық аппараттың функционалдық жағдайымен трофикасын жақсарту.
- Науқастың күшімен эмоционалдық тонусын қалпына келтіру.
ЕДШ әдістерімен формалары:
- аутотренинг және самомассаж элементтері бар танертеңгілік
гимнастика.(20 мин)
- Залдағы емдік гимнастика Барлық бұлшықет топтарына жаттығулар,
статикалық және динамикалық тыныс алу жаттығулары.
- Көрсеткіштер бойынша массаж.
Бастапқы қалып кез келген
Темп орташа және жылдам тыныс алу жаттығуларымен жалпы дамытушы
жаттығулардың қатынасы 1:2, белсенді бұлшықет релоксация элементтері
сақталады. Бронхоэктаздар бар болған жағдайда ошақтың орналасқан жеріне
байланысты арнайы жаттығулар жасалады. Жаттығулар арасында дем алу мен
қақырық бөліну үшін үзілістер кірістіріледі. Үздіксіз 20 сианстан артық
жасауға болмайды.
Функциональды бақылау әдістері
Науқастың жалпы жағдайын бағалау, физикалық мәліметтерді тыныс алу
жиілігін, ЖЖЖ, АҚ, динамикалық спирография, спирометрия, штанге және генче
сынамалары ЕДШ, массаж және жүруге дейін және кейін анықталады.
Велоэргометрияға көрсеткіштер болмаған жағдайларда физикалық жүктемеге
толеранттылықты анықтау. ЖИА науқастардың ЭКГ н бақылау.
II кезеңде (жартылай төсектік режим, аяушы шынықтырушы қозғалыс режимі)
жаттығуларды бастапқы қалпы отырған не тұрған күйде орындайды.
Аяушы шынықтырушы қозғалыс режимі
Қозғалыс режимін сипаттау.
ЕДШ міндеттері:
- сыртқы тыныс алу аппаратының және жүрек тамыр жүйесінің резервтік
мүмкіндіктерін
- физикалық еңбекке қабілеттілікті сақтау және жоғарылату
- тыныс алу жаттығулары кезінде тыныс алуды реттеу.
- Кеуде клеткасының омыртқа бағанасының жылжымалылығын жоғарылату тыныс
алу бұлшықеттерін қатайту.
- Физикалық жүктемеге толеранттлықты жоғарылату, тыныс алу аппаратының
үнемді жұмысын жоғарылату.
- Ағзаның қолайсыз факторларға тұрақтылығын жоғарылату
- Науқастың физикоэмоционалдық жағдайын тұрақтандыру.
ЕДШ әдістерімен формалары:
- аутотренинг және самомассаж элементтері бар танертеңгілік
гимнастика.(20 мин)
- Залдағы емдік гимнастика Барлық бұлшықет топтарына жаттығулар,
статикалық және динамикалық тыныс алу жаттығулары. Құралдармен
тринажорларды қолданып гимнастика (велоэргометр, жүгіруші жол,
эспандер) бұлшықеттің күші мен керілуін жоғарылататын жаттығулар.
- Бассеиндегі ЕДШ (20 мин)
- Терренкур (көтеру бұрышы 5-10 градус)
- велосеруендеу
- Көрсеткіштер бойынша массаж.
Бастапқы қалып кез келген темп орташа және тез. Амплитуда толық.
Қайталау саны 10-12 рет. Қозғалыс және дамытушы жаттығулардың қатынасы
13ке.
Судағы жаттығулар қол бұлшықеттерін, иық бас, кеуде арқа іш
бұлшықеттерін қатайтады.Кеуде клеткасымен омыртқа жотасының жылжымалылығын
жоғарылатады. Жаттығудан кейін босаңсыту жаттығулары жүргізіледі.
Жүру жылдамдығы 4,5-5км сағатына ауыспалы үдеп отырады. Баспалдақпен
көтерілуде жылдамдық еркін. Таза ауада серуендеу тек жақ ауа райында және
желсіз күні жүргізіледі.
Функциональді бақылау әдістері.
Аяушы режим + ЖИА қосарланған жағдайда бассеиндегі, сыртқы тыныс алу
және орталық гемодинамика қызметін бассиенге дейін және кейін зерттеу.
III кезеңде (шынықтырушы қозғалыс режимі) жаттығулар әр түрлі бастапқы
қалыпта, құралдармен немесе құралдарсыз гимнастикалық қабырғада, жүру
барысында орын алады.
Шынықтырушы қозғалыс режимі
Қозғалыс режимінің сипаты.
Жазық аймақта кез келген ауа райында серуендеу. Өндіріс орнындағы
гимнастика шынықтырушы шаралар.
ЕДШ міндеттері:
- сыртқы тыныс алу қызметін газ алмасуды кіші қан айналым шеңберінде қан
айналымын жақсарту және әрі қарай шынықтыру
- шынықтыру
- бейімделушілік механизмдерді қатайту, ағза резистенттілігін
жоғарылату, метиолабильділікті төмендету
- жағдайды толық тұрақтандыру ремиссия ұзақтығын жоғарылату.
ЕДШ әдістері мен формалары:
- таңертеңгілік гигиеналық гимнастика (25-30 мин)
- залдағы ЕДШ. Жаттығулар қарсы тұру жаттығулармен толықтырылады.
- Бассендегі ЕДШ
- Тегіс аймақта жүру тәулігіне 3-4 км ге дейін.
- Жыл мезгіліне байланысты велосеруендеу немесе шанамен жүру, қозғалыс
ойындары, бадминтон үлкен және кіші теннис
- Кеуде клеткасының және иық белдігінің көрсеткіштер бойынша массаж
Бастапқы қалып кезкелген. Тыныс жаттығуларын орындағанда және босаңсыту
жаттығуларында баяу, ал жалпы дамытушы жаттығуларға орташа және тез.
Олардың қатынасы 1:4 ке. Әр түрлі снарядтар мен тринажерларды кең
қолданады.
Жүру жылдамдығы 5 км сағатына ауыспалы үдеп отырады. Денелік жүктемені
келесі кескін бойынша жүргізуге болады: жүру-дене жаттығуы- жүру-жүгіру 10-
150 мге екі- үш рет жүгіру.
Шаңғымен жаттығулары 3-20 градус температура диапазонында жүргізіледі.
Функционалды бақылау әдістері аяушы шынықтырушу режимдегідей. Дренаждық
қызметті жақсарту үшін арнайы дренаждық жаттығулар жүргізілді.

ТЫНЫС АЛУ АҒЗАЛАРЫНДАҒЫ ЕДШ НЫҢ НЕГІЗГІ ӘДІСТЕРІ

ЕДШ ның негізгі әдістерін сипаттамай тұрып, мыналарды ескеру керек:
- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пневмонияға шалдыққан науқастарға жүргізілетін оңалту шаралары
Тыныс алу мүшелерінің анатомиясы және физиологиясы
МЕДИЦИНАЛЫҚ ТАҚЫРЫПТАР БОЙЫНША МӘТІНДЕР ТОПТАМАСЫ
Баланың нормадағы қан көрсеткіштері
Инсульттан кейінгі науқастарды оңалту әдістері
Балалардағы тынысалу жүйесінің ерекшеліктері
Қан айналымы аурулары
Нәрлендірудің созылмалы бұзылыстары – дистрофия
Жедел және созылмалы бронхит
Ішкі аурулар пәнінен дәрістер жиынтығы
Пәндер