Жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастыруда ақпараттық технологияларды қолданудың педагогикалық шарттары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 139 бет
Таңдаулыға:   

жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастыруда ақпараттық технологияларды қолданудың педагогикалық шарттары

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 4

1 Жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастырудың теориялық негіздері. . . . 12

1. 1 «Жаңа тұрпатты мұғалім» ұғымының мәні . . . 12

1. 2 Мемлекеттік білім беру стандарты - жаңа тұрпатты мұғалімді

қалыптастырудың теориялық негізі . . . 43

1. 3 Жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастыруда ақпараттық

технологияларды қолданудың педагогикалық шарттары . . . 53

2 Ақпараттық технологиялар арқылы жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастыру бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс . . . 76

2. 1 Білімгерлердің ақпараттық технологиялар пайдалану жайы және оны

жақсарту жолдары . . . 76

2. 2 Жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастырудағы ақпараттық

технологияларды пайдаланудың мазмұны . . . 88

2. 3 Тәжірибе-эксперименттік жұмыстың нәтижелері . . . 113

Қорытынды . . . 122

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 125

Қосымшалар . . . 135


Диссертациялық жұмыста қолданылған нормативті құжаттар

1. МЖБМС ҚР 050117 - Қазақ тілі мен әдебиеті (бакалавриат) мамандығының ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Енгізу күні 09. 01. 06. Астана : . . . , 2006. - 27 б.

2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. -Астана, Ақорда, 2007 жылғы шілденің 27-сі, №319-ІІІ ҚРЗ.

3. Конценпция высшего педагогического образования Республика Казахстан. Проект. //Казахстанская правда. -2005. -18 августа. С. 5.

4. Қазақстан Республикасында жаңа тұрпатты мұғалім дайындаудың үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы. Жоба. //Казахстанская правда. -2005. -18 августа. С. 7.

5. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

6. Мамандықтың типтік және жұмысшы оқу жоспарлары.

Диссертацияда қолданылған қысқартылған сөздер

ЭЕМ - электронды есептеу машинасы

ЖОО - жоғары оқу орны

КТ - компьютерлік технологиялар

ОПТ - оқу-педагогикалық тапсырма

ЖКБ МББС - Жоғары кәсіптік білім берудің мемлекеттік білім беру стандарты

ЭО - электронды оқулық

КЛ - компьютерлік лингвистика


КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі . 2004 жылғы жолдауда ел Президенті: « . . . реформалаудың нәтижелерінің бірі жаңа сатыдағы педагогтың өмірге келуі болуға тиіс» деп, ал 2005 жылғы жолдауында: «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз.

Қазақстан жоғары оқу орындарының міндеті - әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру», - деген еді. Сонымен бірге 2004 жылы 12 қазанда білім беру қызметкерлерінің ІІІ съезінде елбасы жаңа тұрпатты мұғалім дайындау мәселесін қоғамдық қажеттілік деп атап көрсеткен еді: «Структурные преобразования должны быть обеспечены опережающим развитием системы подготовки кадров учителей. Нужен педагог новой формации». Осыған байланысты жаңа тұрпатты мұғалім дайындау мәселесі жан-жақты талдау, талқылау нысанына алынды [1; 2] .

Қоғамның жаңа сападағы педагог мамандарына деген сұранысын орындау мақсатында 2007 жылғы жаңа білім заңында «Білім беру жүйесінің міндеттері» атты 11-баптың 9-бөлімінде «оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану» көрсетілді [3] .

Жалпы, қоғам өмірінде болып жатқан өзгерістер білім беру ісіне тәуелді болатыны белгілі. Сондықтан мемлекеттің басым бағыты ретінде, бәсекелестікке қабілеттікті қалыптастыратын басты құрал ретінде білім берудің орын алуы заңды. Қайта құру кезіндегі өзгерістер, тәуелсіздік алғаннан кейінгі өзгерістер мұғалім профессиограммасына да өзінің ықпалын тигізіп отырды. Қоғамның дамуымен бірге білім беруді ақпараттандыру мәселесінің өзектілігі артып отырғаны соңғы жылдары анық байқалады. Өркениеттің постиндустриалды кезеңіне ұйымдастыру, іс-әрекеттік және ақпараттық технологиялар маңызының арта түсуі тән.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы [4] бойынша білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілетіні, шаралардың жоспарланған кешенін іске асыру нәтижесінде жалпы орта білім беру саласында электрондық оқулықтарды енгізу, білім беру процесіне қазіргі заманғы ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды, 2008 жылға қарай оқушылардың компьютермен қамтамасыз етілу арақатынасын 20 оқушыға 1 компьютерге дейін жеткізу, ал жоғары кәсіптік білім беру саласында білім беру бағдарламаларын әртараптандыру және икемді ету көрсетілді.

Білім беруді ақпараттандыру мәселелері педагогикалық, психологиялық ғылыми зерттеулерде қарастырылды. Өткен ғасырдың сексенінші-тоқсаныншы жылдары ресейлік Б. С. Гершунский [5], П. М. Лапчик [6], В. М. Монахов [7] т. б. компьютерлендірудің педагогикалық, психологиялық негіздерін қарастырды. Б. С. Гершунский білім беруді ақпараттандырудың проблемалары мен перспективаларын қарастыра отырып, компьютерлік техниканы білім беру мен ғылыми-педагогикалық қызметте, педагогикалық болжалдау мен басқару жүйесінде тиімді қолдану жағын, компьютерді оқу объектісі мен құралы ретінде пайдаланудың философиялық, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және психологиялық-педагогикалық алғышарттарына тоқталды [5] .

П. М. Лапчик білім беруді ақпараттандырудың психологиялық-педагогикалық мәселелерін зерттеді [6] .

Қазақстандық Ж. А. Қараев оқушылардың танымдық қызметін оқытудың компьютерлік технологиясын пайдалана отырып белсендендіру мәселесін зерттеді [8] .

Д. М. Жүсібалиева қашықтықтан оқыту кезінде студенттердің мәдениетін қалыптастыру мәселесін [9], М. С. Мәлібекова оқыту процесінде пәнаралық байланыс арқылы дербес компьютерді қолданудың теориялық негізін қарастырды [10] .

К. М. Беркімбаев болашақ экология мамандарын кәсіби даярлаудағы информатикалық пәндерді оқыту үрдісінің педагогикалық жүйесін [11], А. Т. Аймұқатов политехникалық колледжде информатиканы оқыту әдістемесінен [12], Л. П. Әбішева компьютер көмегімен оқу іс-әрекетін дараландыруды [13], Г. К. Ізтілеуова қашықтықтан оқыту әдістемсін [14], Қ. З. Халықова оқушыны компьютер көмегімен дербес оқытудың педагогикалық мүмкіндіктерін [15], С. А. Омарова информатиканы оқытудағы жаттығулар мен есептер қолдануды [16], А. Л. Муховиков интернеттің қазақстандық сегментін пайдалана отырып ақпарат мазмұнымен жұмыс істеу әдістемесін [17] қарастырған.

Г. Е. Санай мектепте инновациялық білім беру технологияларын жүзеге асыруға мұғалімдердің дайындығын қалыптастыруды теориялық негіздесе [18], М. М. Көккөз рейтингтік оқыту арқылы қашықтықтан оқыту барысында студенттердің танымдық белсенбілігін қалыптастыруды [19], Е. Ы. Бидайбеков білім беруді ақпараттандыруды [20], М. В. Семенова ЖОО-да болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттарын [21], В. А. Криворучко информатика мұғалімдерін қайта дайындаудың инновациялық технологияларын [22], А. З. Турсынбаев оқушылардың жемісті еңбек етуі үшін болашақ мұғалімдерді компьютерлік технологияларды қолдануға дайындығын қалыптастыру ерекшеліктерін [23], С. М. Кеңесбаев жоғары педагогикалық білім беруде болашақ мұғалімдерді жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана білуге даярлаудың педагогикалық негіздерін [24], М. Б. Есбосынов орта мектепте қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың дидактикалық шарттарын [25], Н. Е. Исабек студенттерді компьютерлік графиканы кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлауды [26], А. К. Илеуова оқытудың ақпараттық технологияларын қолдану жағдайында жалпы орта білім беру жүйесін басқарудағы педагогикалық мониторингті [27] қарастырды.

Кредиттік оқу жүйесіне ауысу қашықтықтан оқытудың алғышарты ретінде әдістемелік жұмысқа үлкен мән беріп, ақпараттық технологияны кеңінен қолдануға қажеттілік тудырды. Елімізде білім беруді ақпараттандыру 1997 жылы орта білім беретін мектептердің барлығын компьютерлендіруден басталды. Арада он шақты жыл өткенмен, жоғары оқу орнының әрбір түлегі ақпараттық технологияны әлі де болса жеткілікті меңгерді дей алмаймыз. Оның бірнеше объективті және субъективті себебі бар.

2005 жылы 18 тамызда жарияланған « Қазақстан Республикасындағы жаңа тұрпатты мұғалім даярлаудың үзіліссіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы» [1] және « Қазақстан Республикасында жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасының» [2] екі жобаның біріншісінде жаңа тұрпатты мұғалімге - рухани жетілген, шығармашылық қабілеті жоғары, өзіне сын көзбен қарай алатын, кәсіби дағдылары, педагогикалық дарыны бар, жаңашылдыққа ұмтылатын тұлға ретінде анықтама берілген. Мұғалім идеалы - білімнің құндылығын айқын түсінетін, «мәдениеті жоғары адам», өз пәнінің жетік шебері, педагогика мен психологияны терең меңгерген, жеке тұлғаға бағытталған педагогикалық әдістерді қолдана алатын, өзін жеке тұлға ретінде дамытып, рухани өсуге деген қажеттілігі мол болуы тиіс делінеді [1] .

Кәсіпқой мұғалім өз пәнін жетік біліп қана қоймай, әрбір қатынасушының педагогикалық үрдістегі орнын білуі керек. Оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыра алуға қабілетті болып, оның нәтижелерін алдын-ала болжалдап көре білуге тиіс, болуы мүмкін ауытқушылықтарды дер кезінде түзете алуы, яғни құзыретті тұлға болуы керектігіне назар аударылады.

Бірінші жобада жаңа тұрпаты мұғалім үш түрлі құзыретілікке ие болуы тиіс деп есептелінеді: әдіснамалық, жалпымәдени, пәндік-бағыттылық. Педагогикалық қызметтің шығармашылық бағытталуы, біріншіден, мұғалімге мамандығы үшін мәні бар күшті және әлсіз жақтарын (өзін-өзі тануын, эмоционалдық қалпын, коммуникативтік және дидактикалық қабілеттерін және т. б. ) бағалай алуы; екіншіден, зияткерлік мәдениетін (ойлау, ес, қабылдау, зейін), мінез-құлық, қарым-қатынас, соның ішінде педагогикалық қарым-қатынасты меңгеру; үшіншіден, қазіргі интеграциялық үрдістер, әлемдік білім берудің даму тенденцияларын бағдарлай алуы сияқты мәселелерді қарастырумен байланысты. Дегенмен, мазмұны әлі де ашылмаған бірқатар сұрақтар туындайды. Жаңа тұрпатты мұғалім ұғымы теориялық еңбектерде қарастырылды ма? Айтылған мәселелерді жүзеге асыру үшін жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастыруда ақпараттық технологияларды қолданудың педагогикалық шарттары қандай? Ақпараттық технологияларды қолдану мазмұны нені қамтуы керек? Мемлекеттік білім стандарттарында теориялық тұрғыда бұл мәселенің шешілуі қаншалықты деңгейде жүзеге асқан? Бұл сұрақтар зерттеуіміздің өзектілігін көрсетеді.

Сонымен бірге ақпараттық технологияларды тиімді қолдануды негіздеу үшін мынадай негізгі сұрақтарға жауап беруге тырысайық:

1. Оқу-тәрбие үрдісінде компьютерге қандай нақты педагогикалық функцияларды жүктеуге болады?

2. Педагог пен білім алушының қарым-қатынасы, сонымен бірге білім алушылардың бір-бірімен қарым-қатынасы оқытуды компьютерлендіру жағдайларында қалай өзгереді, түрленеді?

3. Үйретуші бағдарламалар мен электронды оқулықтарды құрастырғанда және пайдаланғанда қандай талаптарды басшылыққа алу керек?

4. Шет елдерде компьютерлік оқыту теориясы мен практикасы қалай дамып жатыр? Қазақ мектебін ақпараттандырғанда, олардың қандай жетістіктерін ескерген жөн?

Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес республика мектептері жүз пайыз компьютерлендірілген. Орта білім беру ұйымдарына арналған электронды оқу басылымдары мектеп пәндерінің 25 пайызын қамтыды. Республиканың алты облысының 717 мектебі (8, 7 %) қашықтықтан оқыту желісіне қосылды [28] . Сонда да білім беру мекемелерінде мұғалімдердің ақпараттық технологияларды қолдану деңгейі қажеттіліктен төмен.

Қазақстанда 43 орта мектеп оқушысына 1 компьютерден келеді (Ресейде 59) . Салыстырсақ, 2004 жылдың басында Ұлыбритания орта мектептерінде 1 компьютерге 5 оқушы, АҚШ-та 4 оқушыдан келіп отырған [28] .

Қазіргі кезде Қазақстан мектептерінің 44 пайызы ғана Интернет желісіне қосылған. 2000 жылдың өзінде-ақ Эстония мектептері 80 пайыз, Экономикалық бірлестік пен даму ұйымы елдері бойынша орта есеппен 52 пайыздық көрсеткішті көрсеткен [28] .

Жоғары білікті, бәсекеге қабілетті маман дайындау тілдік, ақпараттық, экологиялық, экономикалық дайындықтың жоғары болуын керек етеді. Білім беруді дамытудың 2010 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы бойынша бакалавриаттың халықаралық бағдарламаларымен құрылымы мен мазмұны үйлескен білім беру бағдарламалары жасалып, оқытудың кредиттік және қашықтықтан оқыту технологиялары жүзеге асады. Білім берудегі осындай өзгерістерге сәйкес жаңа тұрпатты мұғалім дәстүрлі оқыту формаларын ақпараттық-коммуникациялық, басқа да жаңашыл технологиялармен үйлестіріп жүргізе алуға қабілетті болуы керек деп есептейміз.

«Ведь учитель новой формации - специалист, владеющий системой средств и методов, необходимых для того, чтобы подготовить учащихся к жизни в обществе, где, можно сказать, «правит» информация. И одна из задач при подготовке учителя - научить его современным технологиям поиска, хранения и обработки информации. Такими технологиями должен владеть любой учитель-предметник» [29] .

Жаңа типті маман дайындау жүйесінің негізіне төменгі курстарда іргелі жаратылыстану-ғылыми дайындық, ал жоғары курстарда тәжірибе міндеттерін шешуге бағытталған алдыңғы қатарлы ғылыми орталықтардағы арнайы мақсатты дайындық; білім беру жүйесінде өндірістік инновацияларды, атап айтқанда жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды, оқытудың жаңа әдістері мен тәсілдерін енгізу ұстанымдары алынуы керек [28, 4] .

Қазіргі білім беру жүйесіндегі педагогикалық мамандық түлектері мен жалпы білім беретін мектеп қажеттілігі арасындағы үйлестіктің жеткіліксіз болуы, мұғалімдердің оқушыларды оқыту, тәрбиелеу үрдісінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалануға дайындығының төмен болуы сияқты қайшылықтар осы проблемаға байланысты зерттеу жұмысының тақырыбын «Жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастыруда ақпараттық технологияларды қолданудың педагогикалық шарттары» деп алуға негіз болды.

Зерттеу мақсаты : Қазақстан Республикасы жоғары педагогикалық білім беру жүйесінің жаңару кезеңіндегі жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтау.

Зерттеу нысанасы : жоғары оқу орнының оқу-тәрбие үрдісі.

Зерттеу пәні: жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастыруда қолданылатын ақпараттық технологияларды пайдаланудың педагогикалық шарттар жүйесі.

Зерттеу міндеттері :

- «жаңа тұрпатты мұғалім» ұғымының мәнін айқындау;

- жаңа тұрпатты мұғалім қалыптастырудың педагогикалық негіздерін теориялық тұрғыда анықтау;

- ақпараттық технологиялар негізінде жаңа тұрпатты мұғалім қалыптастырудың мүмкіндіктері мен жолдарын айқындау;

- жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастыруда ақпараттық технологияларды пайдаланудың педагогикалық шарттарын анықтау;

- тәжірибе-эксперименттік жұмыстар жүргізіп, тиімділігін бағалау, қажетті ұсыныстар дайындау.

Зерттеу болжамы . Егер «жаңа тұрпатты мұғалім» ұғымының мәнін айқындап, мемлекеттік білім беру стандарттарына қажетті өзгерістер ұсынып, ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жаңа тұрпатты мұғалім қалыптастырудың педагогикалық шарттары анықталса, онда оқыту технологияларының тиімді жақтары жоғары оқу орнының оқу-тәрбие үрдісін жақсартумен қатар, жаңа тұрпатты мұғалімдерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Зерттеудің жетекші идеясы . Жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастыруда ақпараттық технологияларды қолданудың белгілі бір педагогикалық шарттар жүйесі орындалуы керек. Ол мұғалімдерге арналған арнайы семинарды, студенттерге арналған арнайы курстарды қамтумен қатар, оқыту технологиясына өзгеріс енгізуді, атап айтсақ пәндер мазмұнына толықтырулар енгізе отырып, барлық пәндерде ақпараттық-дидактикалық кешенді белгілі бір жүйе бойынша белсенді технологиялар көмегімен қолдануды керексінеді. Оқыту технологиясы электронды оқулық және пәндер бойынша оқу-педагогикалық тапсырмалар кешенімен толықтырылып, автоматты оқыту элементтерін пайдалану оқытушының студентпен жүргізетін жеке жұмысына уақытты көбірек бөлуіне мүмкіндік береді.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері : тұлға дамуының жалпы диалектикалық теориясы; таным теориясы; біртұтас педагогикалық үдеріс теориясы; аксиологиялық және жүйелілік көзқарас теориясы; зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық-педагогикалық ілімдер, педагогикалық технология, педагогикалық эксперимент жүргізу және математикалық статистика тұжырымдамалары.

Зерттеу көздері : зерттеу проблемасы бойынша философтардың, педагогтардың, психологтардың еңбектері, ресми құжаттар: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы, «Қазақстан - 2030» даму стратегиясы, 050117- Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, мамандықтың типтік және жұмыс оқу жоспарлары, ҚР жоғары педагогтік білім беру тұжырымдамасының жобасы, ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, оқулықтар, сөздіктер, проблемаға қатысты ғылыми-зерттеу жұмыстар (диссертациялар, монографиялар, авторефераттар) .

Зерттеу әдістері : педагогикалық жоғары білім беру және білім беру мәселелері бойынша нормативті құжаттарды зерттеу, психологиялық- педагогикалық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді теориялық талдау, бақылау, мұғалімдермен, оқытушылармен және студенттермен әңгімелесу, олардың орындаған жұмыстарын талдау, сауалнама жүргізу, тестілеу, ақпараттық технологиялар саласында халықаралық зерттеулердің статистикалық мәліметтерін салыстыру, нобайлау, сынақ тәжірибесін талдау және жалпылау, математикалық статистика әдістері.

Зерттеу кезеңдері:

Бірінші кезеңде (1998 - 2001 ж. ж. ) - зерттеудің теориялық негізін анықтау, ақпараттық және компьютерлік технологияларға байланысты психологиялық-педагогикалық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді зерттеу, теориялық тұрғыда талдау, зерттеудің ғылыми аппаратын анықтау жүзеге асырылды.

Екінші кезеңде (2002 - 2006 ж. ж. ) - оқу жоспарлары, бағдарламалары, педагогикалық, оқу-әдістемелік құралдар талданды, зерттелініп отырған проблема сұрақтары нақтыланды, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс мазмұны негізделді, жоғары оқу орнындағы қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының «Нормативті қазақ тілі», «Орфография және пунктуация» пәндері және «Қазақ тілін оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану» арнайы курсы бойынша жасалған бағдарламалар, электронды оқулықтар құрастырылды. Ұсынылып отырған ақпараттық технологиялар негізінде жаңа тұрпатты мұғалім қалыптастырудың педагогикалық шарттарының тиімділігін анықтау мақсатында тәжірибе-эксперименттік жұмыс жүргізілді.

Үшінші кезеңде (2007 - 2008 ж. ж. ) - тәжірибе-эксперименттік жұмыс нәтижелерін қорытындыланды.

Зерттеудің тәжірибе-эксперименталдық базасы ретінде М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз мемлекеттік педагогикалық институты алынды. Экспериментке 488 білімгер қатысты.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі :

- «жаңа тұрпатты мұғалім» семантикасы айқындалып, анықтама берілді;

- жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастыруда ақпараттық технологияларды пайдалану көрсеткіштері, пән мұғаліміне тән ақпараттық құзырлылық деңгейлері айқындалды;

- жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастыруда ақпараттық технологияларды қолданудың педагогикалық шарттар жүйесі құрастырылып негізделді;

- ақпараттық технологияларды қолдануға оқытушылардың дайындығын қалыптастыруға қажетті әдістеме жасалды;

- студенттердің ақпараттық құзырлығын қалыптастыруға қажетті арнайы курстар мазмұны, әдістемелік ұсыныстар жасалды.

Зерттеудің практикалық мәнділігі:

1) оқытушыларға арналған «Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы қазақ тілін оқытуды ұйымдастыру» атты арнайы семинар ұйымдастырылды;

2) қазақ тілін оқыту әдістемесіне, педагогика, философия пәндеріне қосымша тақырыптар ұсынылды;

3) «Қазақ тілін оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану» арнайы курсы, сонымен бірге «Компьютерлік лингвистика» таңдау курсы енгізілді;

4) «Орфография және пунктуация» электронды оқулығы (қосымша А), қазақ тілін оқыту әдістемесіне қатысты ақпараттық-дидактикалық кешен жасалды.

Біз ұсынып отырған жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастыруда ақпараттық технологияларды қолдану әдістемесі жоғары оқу орнында ғана емес, мектеп мұғалімдерінің біліктілігін жоғарылату жүйесінде де тиімді қолданыла алады. Қазақ тілін оқыту әдістемесінен «Қазақ тілін оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану» арнайы курсының (қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенттері үшін) практикалық мәні бар.

Қорғауға ұсынылатын қағидалар :

- жаңа тұрпатты мұғалім ұғымының семантикасы;

- жаңа тұрпатты мұғалім құзыреттілігінің мотивациялық, танымдық, процессуалдық құрамдастарының байланысы ақпараттық құзыреттілігін айқындауға негіз болуы;

- жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастыруда ақпараттық технологияны қолдану әдістемесі белсенді, шығармашылық әрекетке негізделген педагогикалық технологиялар арқылы жүргізілетіні;

- жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастыруда ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігін арттыру үшін компьютерлік технологияларды пайдалану жолдарын оқытушыларға үйрету мақсатында арнайы семинар ұйымдастырылуы керек, пәндер электронды оқулықтармен қамтамасыз етіліп, сол арқылы аудиторияда да, аудиториядан тыс жұмыс кезінде де ақпараттық технологияларды қолдануға мүмкіндік жасалу қажеттігі;

- пәндердің ақпараттық-дидактикалық кешендері, сонымен бірге автоматтандырылған оқыту бағдарламасы курстың тарауы немесе белгілі бір тақырыбын қамтып, білімгер жұмысын даралауға ықпал етіп отыруға тиіс екендігі;

- педагогика, философия және қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосымша тақырыптар.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі зерттеу мәселесін талдаудағы әдіснамалық көзқарас, зерттеу пәні мен міндеттеріне сәйкес келетін кешенді әдістемені жүзеге асыру арқылы, сынақ-тәжірибелік жұмыстардың жақсы нәтиже беруімен қамтамасыз етілді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа тұрпатты бастауыш сынып мұғалімдерінің базалық құзыреттілігін қалыптастыру әдістері
Жаңа білім беру жүйесіне көшуде жаңа тұрпатты мұғалімдерді даярлаудың ғылыми - теориялық негіздері
Оқу үрдісін жүргізуде MS Excel бағдарламасын қолданудың тиімділігі
Білім беру кеңістігіндегі педагог тұлғасы
Мұғалім мамандығының ерекшелігі мен оның даму жолдары
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге байланысты құзырлықтарын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Мұғалімнің кәсіби мамандығына қойылатын негізгі талаптар арқылы өзінің мамандығына деген жауапкершілікті күшейту
Жаңа тұрпатты бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудағы құзырлық қатынасты қалыптастырудың әдістемелік негіздері
Білім берудің құрылымы
Бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық - технологиялық әлеуетін қалыптастырудың педагогикалық алғышарттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz