Экономикалық өсу процесіндегі мемлекеттің қаржы саясатының жағдайы



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.4

І тарау. Мемлекеттің қаржы саясатының жалпы сипаттамасы.
1.1 Әлеуметтік.экономикалық процестердегі қаржы саясатының мәні мен маңызы ... ... ... ... ... ... ... 5.11

1.2. Қаржы саясатының мазмұны мен міндеттері қаржы саясатының мақсаттары және қағидаттары ... ... ... ...11.19

1.3. Қаржы саясатының негізгі формалары ... ... ... 19.22

ІІ тарау Экономикалық өсу процесіндегі мемлекеттің қаржы саясатының жағдайы.
2.1.Мемлекеттің қаржы саясатының әлеуметтік жағдайға әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23.29

2.2. Экономикалық өсу процесіндегі фискалды салықтық қатынастардың аспектілері ... ... ... ... ... ... ... .29.32

2.3. Мемлекеттің оңтайлы фискалдық жүйесі ұлттық экономиканы дамытудың негізгі ретінде ... ... ... ... 32.38

2.4. Қазақстан Республикасында толық фискалды механизмді жетілдірудің жолдары және шет елдік тәжірибе
(АҚШ.пен салыстыру) ... ... ... ... ... ... ... .38.40

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... .41.42

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ..43
КІРІСПЕ
Саясат мемлекет қызметінің барлық бағыттарын қамтиды. Саяси ықпал жасаудың элементі болып табылатын қоғамдық қатынастардың сферасына қарай экономикалық немесе әлеуметтік, мәдени немесе техникалық, қаржы немесе кредит, ішкі немесе сыртқы саясат туралы айтады.
Бұдан бұрын айтылғандай, кез келген қоғамда мемлекет қаржыны өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін, белгілі бір мақсаттарға жету үшін пайдаланады. Қойылған мақсаттарды іске асыруда қаржы саясаты маңызды рөл атқарады. Оны жасап, жүзеге асыру процесінде қоғам алдында тұрған міндеттерді орындаудың шарттары қамтамасыз етіледі; ол экономикалық мүдделерге ықпал жасаудың белгілі құралы балып табылады.
Қаржы саясаты – бұл қоғамның элеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі міндеттерді шешу үшін қаржыны пайдалану жөніндегі мемлекеттің нысаналы қызметі, қаржыны басқарудың түпкілікті мақсаты, оның нақтылы нәтижесі. Ол мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бөлігі болып табылады.
Материалистік диалектика жүйесінде түрлі басқа саясат сияқты қаржы саясаты қондырмаға жатады, ал қаржы саясатында білінетін және өндірістік қатынастардың, белгілі бір экономикалық формацияның бір бөлігі ретінде көрінетін қаржы қатынастары базистік болып табылады. Қаржы саясатын жасау процесінде елдің алдына қойылған міндеттердің орындалуы үшін материалдық жағдайлар қамтамасыз етіледі. Сондықтан тап қаржы саясаты экономика мен әлеуметтік сфераға ықпал жасаудың белсенді тетігі болып табылады.
Демек, қаржы саясаты қаржы ресурстарын іздестіру, шоғырландыру және жинақтау және экономикалық саясат жасайтын дамудың бағыттары бойынша оларды бөлудің міндеттерін шешеді.
Қаржы саясаты өзіне бюджет, салық, ақша, кредит, баға және кеден саясатын қамтиды. Өз кезегінде мемлекеттің қаржы саясаты тек оның экономикалық және әлеуметтік саясатын жүзеге асырудың құралы болып келеді, яғни қосалқы рөлді орындайды. Мемлекеттік саясаттың басқа да бағыттарын – ұлттық, геосаясатты, әскери саясаттарды да ұмытуға болмайды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Савицкая Г.В. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың шаруашылық қазметін талдау. Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық: 1996 ж.

2. Снитко Х.Ф. Өнеркәсіптік кәсіпорында негізгі қорлар есебі, конспект шолуы. – Минск: Экаунт, 1993 ж.

3. Құрылыс экономикасы. Под. ред. И.С. Степанова, - М., 1998 ж.

4. Кәсіпорын экономикасы. Под. ред. В.М. Семенова, - М., 1998 ж.

5. Ашимбаев Т. Қазақстанның нарық жолындағы экономикасы, Қазақстан, 1994 ж.

6. Шмолен Г. Кәсіпорын экономикасының негіздері және проблемалары – М., 1996 ж.

7. Окаев О., Дюкова Е.М. Нарық жағдайындағы өнеркәсіптік кәсіпорын экономикасы. Алматы, 1994 ж.

8. Хамзин С.К. Құрылыс өндірісінің экономикасы. Алматы: «Баспа», 2002 ж.

9. Бухгалтерлік есептің Қазақстандық үлгілері және оларға методикаалық ұсыныстар. Бөлім 1. Журнал. Алматы: «Бико», 2002 ж.

10. Статистикалық есептеме, форма 11 «Кәсіпорын негізгі қорларының қозғалысы және бар болуы» 2000-2001 ж.ж.

11. Кәсіпорынның жылдық жиынтық табысының декларациясы, форма 100.

12. Кәсіпорынның 2000 жылғы негізгі қорлар амортизациясының журналы.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе____________________________ _______________ 3-4

І тарау. Мемлекеттің қаржы саясатының жалпы сипаттамасы.
1. Әлеуметтік-экономикалық процестердегі қаржы саясатының мәні мен
маңызы.___________________________5 -11

1.2. Қаржы саясатының мазмұны мен міндеттері қаржы саясатының
мақсаттары және қағидаттары_______________11-19

1.3. Қаржы саясатының негізгі формалары____________ 19-22

ІІ тарау Экономикалық өсу процесіндегі мемлекеттің қаржы саясатының
жағдайы.
2.1.Мемлекеттің қаржы саясатының әлеуметтік жағдайға
әсері._____________________________ __________________23-29

2.2. Экономикалық өсу процесіндегі фискалды салықтық қатынастардың
аспектілері._______________________ _____29-32

2.3. Мемлекеттің оңтайлы фискалдық жүйесі ұлттық экономиканы
дамытудың негізгі ретінде._______________ 32-38

2.4. Қазақстан Республикасында толық фискалды механизмді
жетілдірудің жолдары және шет елдік тәжірибе
(АҚШ-пен салыстыру)_________________________ ____38-40

Қорытынды__________________________ ___________41-42

Пайдаланылған әдебиеттер_________________________ _43

КІРІСПЕ
Саясат мемлекет қызметінің барлық бағыттарын қамтиды. Саяси ықпал
жасаудың элементі болып табылатын қоғамдық қатынастардың сферасына қарай
экономикалық немесе әлеуметтік, мәдени немесе техникалық, қаржы немесе
кредит, ішкі немесе сыртқы саясат туралы айтады.
Бұдан бұрын айтылғандай, кез келген қоғамда мемлекет қаржыны өзінің
функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін, белгілі бір мақсаттарға жету
үшін пайдаланады. Қойылған мақсаттарды іске асыруда қаржы саясаты маңызды
рөл атқарады. Оны жасап, жүзеге асыру процесінде қоғам алдында тұрған
міндеттерді орындаудың шарттары қамтамасыз етіледі; ол экономикалық
мүдделерге ықпал жасаудың белгілі құралы балып табылады.
Қаржы саясаты – бұл қоғамның элеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі
міндеттерді шешу үшін қаржыны пайдалану жөніндегі мемлекеттің нысаналы
қызметі, қаржыны басқарудың түпкілікті мақсаты, оның нақтылы нәтижесі. Ол
мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бөлігі болып табылады.
Материалистік диалектика жүйесінде түрлі басқа саясат сияқты қаржы
саясаты қондырмаға жатады, ал қаржы саясатында білінетін және өндірістік
қатынастардың, белгілі бір экономикалық формацияның бір бөлігі ретінде
көрінетін қаржы қатынастары базистік болып табылады. Қаржы саясатын жасау
процесінде елдің алдына қойылған міндеттердің орындалуы үшін материалдық
жағдайлар қамтамасыз етіледі. Сондықтан тап қаржы саясаты экономика мен
әлеуметтік сфераға ықпал жасаудың белсенді тетігі болып табылады.
Демек, қаржы саясаты қаржы ресурстарын іздестіру, шоғырландыру және
жинақтау және экономикалық саясат жасайтын дамудың бағыттары бойынша оларды
бөлудің міндеттерін шешеді.
Қаржы саясаты өзіне бюджет, салық, ақша, кредит, баға және кеден
саясатын қамтиды. Өз кезегінде мемлекеттің қаржы саясаты тек оның
экономикалық және әлеуметтік саясатын жүзеге асырудың құралы болып келеді,
яғни қосалқы рөлді орындайды. Мемлекеттік саясаттың басқа да бағыттарын –
ұлттық, геосаясатты, әскери саясаттарды да ұмытуға болмайды.
І тарау. Мемлекеттің қаржы саясатының жалпы сипаттамасы.
1.1. Әлеуметтік-экономикалық процестердегі қаржы саясатының мәні мен
маңызы.

Қоғамдық - экономикалық фармацияның базистік және қондырмалық
жүйесіндегі қаржы

ҚОНДЫРМА

Қаржы органдары

Қаржы саясаты
Қаржы механизмі

ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫ

ҰДАЙЫ ӨНДІРІС

Экономикалық категориялар

Экономикалық заңдар
Өндірістік Өндіргіш
қатынастар күштер

БАЗИС

Осы бес бағыттың жиынтығы мемлекеттік саясатты жүргізудің негізгі
құралы болып табылатын қаржы саясатын анықтайды.
Қаржыны басқарудың бүкіл жүйесі мемлекеттің қаржы саясатына
негізделеді. Қаржы саясатын жасауға биліктің заңнамалық және атқарушы
тармақтары қатысады. Қазақстан Республикасында оның конституциялық
ерекшеліктеріне қарай жалпы экономикалық саясат сияқты қаржы саясатын
жасаудағы басымдық Қазақстан Республикасының Президентіне жатады, ол жыл
сайынғы Жолдауында ағымдағы жылға және перспективаға арналған қаржы
саясатының басты бағыттарын анықтайды. Үекімет экономиканы дамытудың басты
бағыттарын жүзеге асыру және қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз
ету мақсатымен осы Жолдаудың шеңберінде іс-қимыл жасауы тиіс. Осыған орай
биліктің атқарушы тармағының бір бөлігі ретінде Үкімет қаржы саясатын іске
асыруға қажетті заңдардың жобаларын жасайды және оларды қарап, қабылдау
үшін Президентке тапсырады.
Мезгілінің ұзақтылығына және шешілетін мәселелердің сипатына қарай
қаржы саясаты қаржы стратегиясы мен қаржы тактикасы болып бөлінеді.
Қаржы стратегиясы экономикалық және әлеуметтік стратегия мен
анықталып, перспективаға есептелген және ірі ауқымды міндеттерді шешуді
қарастыратын қаржы саясатының ұзақ мерзімді курсы. Ол макроэкономикалық
процестер дамуының ұзақ кезеңіне бағытталған, ал оның шеңберіндегі
күнделікті міндеттер басты стратегиялық мақсатқа жетудің кезеңдері ретінде
жүзеге асырылып отырады. Сөйтіп, қаржы саясатының мазмұны экономикалық
жүйеде қаржыны пайдаланудың стратегиялық бағыттылығымен үнемі анықталып
отырады.
Қаржы стратегиясын мемлекет қоғам дамуының ірі тарихи кезеңдеріне
үлестіре отырып жасайды. Оны жасау процесінде қаржыны дамытудың негізгі
тенденциялары болжанады, оны пайдаланудың тұжырымдары қалыптасады, қаржы
қатынастардың ұйымдастырудың қағидаттары белгіленеді. Ұзақ мерзімді
мақсаттарды таңдап алу және қаржы саясатында мақсатты бағдарламаларды жасау
қаржы ресурстарын экономикалық және әлеуметтік дамудың басты бағыттарында
шоғырландыруды қажет етеді.
Қаржы тактикасы қаржы байланыстарын ұйымдастыруды дер кезінде өзгертіп
отыру, қаржы ресурстарын қайта топтастыру арқылы қоғамды дамытудың нақтылы
кезеңінің мәселелерін шешуге бағытталған. Ол назарды кезек күттірмейтін
міндеттерді шешуге, пайда болған үйлесімсіздіктерді қаржылар жағы және
елдің, аумақтың саланың экономикасындағы ауытқушылықтарды жоюға
шоғырландыра отырып, стратегиялық нұсқаманы нақтылайды. Қаржы
стратегиясының біршама тұрақтылығы кезінде қаржы тактикасы орамдылығымен
икемділігімен ерекшеленуі тиіс, ол экономикалық жағдайлардың, әлеуметтік
факторлардың және басқалардың ширақтылығымен алдын ала анықталады.
Қаржы саясатының стратегиясы мен тактикасы өзара байланысты. Стратегия
тактикалық есептерді шешу үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Экономика мен
әлеуметтік сала дамуының шешуші учаскелері мен басты проблемаларын анықтай
отырып, тактика әдістерді өзгерту, қаржы байланыстарын ұйымдастырудың
нысандары арқылы неғұрлым қысқа мерзім ішінде ысырап пен шығындарды ең аз
жұмсап, қаржы стратегиясы белгіленген міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.
Қаржы саясатын экономикалық қатынастар тудырады, өйткені қоғам қаржы
саясатын жасауда ерікті емес, ол өзінің мүмкіндіктеріне, объективті
шындықтың шарттарына сүйенеді. Қаржы қатынастары дамуының өзінің
айрықшалықты заңдары болады. Қаржының логикасы дамуға өзара кері ықпал
жасай алады: экономиканы тездетеді немесе оған кедергі жасайды.
Қаржы саясаты қаржы ресурстарын шоғырландыруға және зәру міндеттерді
шешуге бағытталған, тап осы мемлекеттің қоғамдық өндіріске ықпал етуіне
мүмкіндік жасайды. Экономика мен қоғамның әлеуметтік дамуына қаржы
саясатының ғылыми негізделген теориясы негізінде жүзеге асуын талап етеді.
Тек ғылыми көзқарас, саясатты анықтайтын барлық факторларды біліп, зерделеу
оның салыстырмалы дербестігінің объективті экономикалық қатынастар
тәуелділігіне ұласпауының кепілі. Экономикалық дамудың тәжірибесі қаржы
саясатының экономикадан қол үзуінің қатаң экономикалық қиыншылықтарға
ұрындыратынын, қоғамдық дамудың міндеттерін іске асыруды сөзсіз
тоқтататынын дәлелдейді.
Қаржы саясаты ғылыми зерттемелерге негізделсе және ғылыми тәсілдеме
қаржы саясатының нақтылы қаржы қатынастарынан үзілмейтіндігіне қызмет етсе,
онда қаржы саясаты прогрессивті болуы мүмкін.
Қаржы саясаты қазіргі кезеңде қарама-қайшылықты міндеттерді шешеді,
демек қаржы саясаты баланстандырылған болуы тиіс.
Қазіргі жағдайда қаржы саясатының негізгі бағыттары мыналар болып
табылады:
1. шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының сферасында нарықтық
қатынастарды нығайту жөнінде шаралар жүргізу;
2. дағдарысты жай-күйді жою және қаржы жүйесін сауықтандыру;
3. халықты әлеуметтік қорғау жөнінде шаралар кешенін жүргізу;
Нарықтық экономика жағдайында ұзақ мерзімді ғылыми қаржы болжамдарына
негізделген және қаржы реттеуіштерінің жүйесіне сүйеніп әрекет ететін
тиісті қаржы саясаты материалдық-заттай, ақша ағындарының күнделікті әрі
перспективалық тепе-теңдігіне жетудің, соның негізінде қоғамның үдемелі
экономикалық өсуін қамтамасыз етудің негізгі өркенниетті әдісі болып
табылады. Ол бірінші кезектегі міндеттерді – мемлекеттік бюджеттің
тапшылығы мен ішкі және сыртқы борыштың мөлшерін, қаржы рыногын дамыту,
қолданыстағы салық жүйесін жетілдіру, инфляцияның қарқынын төмендету және
т.б. шешу үшін пайдаланылады. Сонымен бірге қаржы реттеуіштерінің жүйесімен
айла-шарғы жасау арқылы белгілі бір түрде мемлекет пайдаланатын қаржы
айналымында жүрген нақты ресурстар тиісті қаржы саясатына жетудің негізгі
құралдары бола бастайды.
Қаржы саясатын нақты тарихи жағдайларға байланыстыра отырып жасау
қажет. Олар қоғам дамуының әрбір кезеңінің өзгешелігін, ішкі, сол сияқты
халықаралық жағдайдың да ерекшеліктерін, мемлекеттің нақты экономикалық
және қаржылық мүмкіндіктерін ескеруі тиіс. Қаржы ресурстарының көлеміне
белгіленген және жұмсалған шығындардың тікелей тәуелділігі жай ғана қаржы
саналылығының айғағы болып табылады және шаруашылық жүргізудің барлық
деңгейлерінде қолдап отырылуы тиіс. Бұл маңызды талапты сақтамау бюджет
тапшылығының, мемлекеттік борыштың пайда болып, көбеюіне инфляциялық
процестерге ұрындырады.
Кезең ерекшелігін есепке алу оның алдыңғы шаруашылық және қаржы
құрылысының тәжірибесін, жаңа тенденциялар мен прогресивті құбылыстарды,
дүниежүзілік тәжірибені мұқият зерделеуді де қажет етеді. Ағымдағы кезеңнің
ерекшеліктерін, экономикалық дамудың толғағы жеткен қажеттіліктерін есепке
алу негізінде қаржы саясатын дер кезінде өзгертіп отыру алдыда тұрған
мәселелерді неғұрлым қысқа уақытта және ең аз шығындармен шешуге мүмкіндік
береді.
Қаржы саясатын жасаған кезде оның бірнеше нұсқалары дайындалады.
Олардың барлығы сараптық бағалаудан өткізіледі, неғұрлым оңтайлы нұсқасы
Үкіметке жіберіледі. Көп нұсқалы жоба матеметикалық үлгілеу мен жобалауды
пайдалануды талап етеді. Мұнымен бірге үнемі өсіп отыратын қаржы
ресурстарының босалқы қорын жасау қажет, сондай-ақ мемлекеттің шаруашылық
жүргізуші субъектілерінің табыстарын алудың неғұрлым оңтайлы үлестерін
анықтау қажет. Қаржы саясатын жасаған кезде қаржы ресурстарын бөлуге және
оларды негізгі бағыттарға шоғырландыруға үлкен маңыз беріледі.
Елдің қаржы жағдайы бірқатар көрсеткіштермен сипатталады:
жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыс;
инвестициялаудың ауқымы;
негізгі қорларды капиталдарды жаңартудың қарқындары;
еңбек өнімділігінің өсуі;
халықтың тұрмыс деңгейі;
мемлекет бюджетінің тапшылығы.
Соңғы жылдардағы Қазақстанның қаржы жүйесі мемлекет бюджетіне
төленбеген төлемдермен сипатталады. Жүйелі төлем қабілетсіздігінің
салдарынан мемлекеттің борышын арттыруға тура еледі.
Тұрақтандырудың қаржы саясаты өзіне мына міндеттерді кіріктіреді:
инфляцияны тоқтату;
бюджет тапшылығын ЖІӨ-нің 2 дейін төмендету;
мемлекет борышының ЖІӨ-нің 48 дейін жеткізу.
Қаржы саясатына ақша-кредит саясаты қосылады. Қаржы саясаты
жетістіктерінің бірі – Ұлттық банк кредиттерін беру эмиссия жолымен
мемлекеттік борышты жабудан заңнамалық түрде бас тарту.
Қаржылық тұрақтандырудың міндеттеріне мыналар кіреді:
тұрақты бағалар инфляция нөлге жуық. Алайда инфляция жылына шамамен 1.8 тең
болатын дамыған елдерде де болады;
бюджет тапшылығы ЖІӨ-нің аспайды;
мемлекет борышы аз соманы құрауы тиіс және тек ЖҰӨ-нің өсуімен өсуі тиіс.
Қаржы саясатына қойылатын маңызда талап қаржы саясатын жүргізгенде,
яғни дамудың белгілі бір кезеңінің негізгі міндеттерін орындауға шаралар
бағыттау жолымен қаржы жүйесінің барлық буындарында жүргізілетін шараларды
келіскенде кешенді көзқарасты сақтау, сондай-ақ экномикалық саясаттың
құрамды бөліктері арасында қаржы, кредит, баға, белгілеу, жалақы салалары
саясатында тығыз өзара байланысты қамтамасыз ету болып табылады.
Қаржы саясатының бағыттары фискалдық және экономикалық саясат болып
табылады. Фискалдық саясат ең маңыздысы мемлекеттік бюджет болып табылатын
орталықтандырылған мемлекеттік қорларды толықтырумен, экономикалық саясат,
экономикалық процестерді реттеумен байланысты, фискалдық саясат салық
төлемдерін алу, қоғамдық тауарларды өндіру кезінде
ресурстарды орналастыру, оларды бөлу, ақша қаражаттарының трансферттік
ағындарының қозғалысы жөніндегі бөлу және қайта бөлу әрекеттерін, үкімет
пен жергілікті органдардың экономикалық және әлеуметтік сфераларда қаржыны
пайдалану жөніндегі басқа іс-қимылдарын қамтиды.
Фискалдық саясат дискредициялық саясат ретінде, яғни ұлттық өндірістің
нақты көлемін, жұмыс пен қамтылуды жұмыстылықты өзгерту, инфляцияны
бақылау, экономикалық өсуді тездету мақсатымен мемлекеттің салықтарымен
және шығыстарымен саналы айла-шарғы жасау ретінде жүргізіледі. Экономикалық
циклдің сипатына қарай ынталандырушы немесе тежеуші фискалдық саясат
жүргізілуі мүмкін. Икемсіз дискредициялық емес фмскалдық саясат
экономикалық циклдің түрлі фазаларындағы - өрлеу немесе құлдырау
фазаларындағы ұлттық өнім көлеміне теңбе-тең түрде мемлекет шығындарының
және салық алудың түрленуі ұғынылатын автоматты немесе кіріктірме
тұрақтандырғыштың кіріктірме тұрақтылықтың іс-әрекетін қажет етеді.
Сондай-ақ бюджет тапшылығына қатысты фискалдық саясатты ажыратады.

1.2. Қаржы саясатының мазмұны мен міндеттері қаржы саясатының мақсаттары
және қағидаттары.
Экономикалық дағдарыстан шығу және одан әрі серпінді даму мемлекеттің
сындарлы және негізгі саясаты арқылы болуы мүмкін. Жүргізіліп отырған қаржы
саясатының басты субъектісі мемлекет болып табылады. Ол қоғамның ұзақ
перспективаға арналған қаржысын дамытудың басты бағыттарының стратегиясын
жасайды және алдағы кезеңге арналған міндеттерді, қаражаттарды және оған
жетудің жолдарын анықтайды.
Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны экономикалық заңдардың іс-әрекетін
ескере отырып және қоғамның даму міндеттеріне сәйкес қаржыны жоспарлы
ұйымдастыру болып табылады. Қоғамдық дамудың әрбір кезеңінде қаржы
саясатының өзіне тән белгілері болады, ол экономиканың жай-күйін, қоғамның
материалдық және мәдени өмірінің толғағы жеткен қажеттіліктерін және басқа
факторларды ескере отырып, түрлі міндеттерді шешеді.
Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны айтарлықтай күрделі, өйткені ол
шаралардың ауқымды кешенін, оны дәйекті жүзеге асыру стадияларын қамтиды,
олар:
1. экономикалық заңдардың әрекеті, экономиканың жай-күйі, қоғамның
әлеуметтік-экономикалық дамуының перспективалары негізінде елдегі
қаржының ғылыми негізделген тұжырымдамасын әзірлеу;
2. экономикалық саясаттың тиісті мақсаттары мен міндеттерін негіздей
отырып, қаржы саясатының стратегиялық және тактикалық шараларын
тұжырымдау;
3. белгіленген іс-әрекеттерді қаржы механизмі арқылы экономикалық қайта
құрудың түбегейлігіне қарай оны жаңғырта және түзете отырып іс жүзінде
жүзеге асыру.
Осы негізгі үш буынның бірлігі қаржы саясатының мазмұнын анықтайды.
Демек, экономикалық іс-әрекетін есепке ала отырып, қоғамды дамытудың
міндеттеріне байланысты қаржыны ұйымдастыру мен пайдалану мемлекеттің қаржы
саясатының мазмұны болып табылады.
Қазіргі кезеңде қаржы саясатының көмегімен шешілетін басты міндеттердің
қатарына мыналарды жатқызуға болады:
А. елдің дамуының әрбір нақты кезеңінің ерекшеліктері негізінде қаржы
ресурстарының неғұрлым мүмкін болатын көлемін жасаудың жағдайларын
қамтамасыз ету;
В. Қаржы ресурстарын қоғамдық өндірістің сфералары арасында, ұлттық
шаруашылық секторлары арасында ұтымды бөлу және пайдалану, ресурстарды
белгілі бір мақсаттарға бағыттау;
Б. экономикалық дамудың белгіленген бағыттарын орындау үшін тиісті
қаржы механизмін жасап, оны үнемі жетілдіріп отыру.
Сондықтан Қазақстан жағдайында қаржы саясатының міндеті экономиканы
экономикалық өсудің траекториясына көшіру, ұлттық шаруашылықтың құрылымын
одан әрі жетілдіру негізінде шаруашылық өмірді тұрақтандыру, кәсіпкерлік
қызметті дамыту, мемлекеттік бөліктің үлесін оңтайландыра отырып, меншікті
реформалау, сыртқы экономикалық қызметті ұлғайтып, жандандыру, әлеуметтік
бағдарламаларды қаржыландыру жөнінде шаралар жасап, оларды қаржы механизмі
арқылы іске асыру болып табылады.
Елдегі жүргізіліп жатқан реформаларға сәйкес мемлекеттің қаржы саясаты
мен қаржы жүйесінің қызметі нарық жағдайында қажетті қаржы ресурстарын
жұмылдыруға, оларды бюджетке толық және дер кезінде түсіріп отыруға,
әлеуметтік-экономикалық дамудың мемлекеттік бағдарламаларында қаралған
шараларды үздіксіз қаржыландыруға және материал, еңбек және ақша
ресурстарын мақсатты әрі ұтымды пайдалануға бақылауды күшейтуге
бағытталған. Бұл мақсаттар Қазақстан Республикасының әлеуметтік және
экономикалық дамуының, қоғамдық өмірдің барлық салаларын қайта құрудың
стратегиясын қаржымен қамтамасыз ету қажеттігінен туындайды.
Қаржы сясатының мақсаты – қоғам дамуының аса маңызды қажеттіліктерін
қанағаттандыруға қажет қаржы ресурстарын толық жұмылдыру. Осыған байланысты
қаржы саясаты кәсіпкерлік қызметті жандандыра түсуге қолайлы жағдайлар
жасауға шақырады. Мемлекет пайдасына кәсіпорындардың табысын алудың ұтымды
нысандарын, сондай-ақ қаржы ресурстарын қалыптастыруға халықтың қатысу
үлесін анықтауға көп көңіл бөлінеді. Қоғамдық өндіріс салалары арасында
қаржы ресурстарын бөлу жолымен оларды пайдаланудың тиімділігін арттыруға,
сондай-ақ оларды экономикалық және әлеуметтік дамудың басты бағыттарына
шоғырландыруға үлкен маңыз беріледі.
Таяудағы мақсат ретінде – мемлекеттік бюджет теңгерімділігіне жету және
экономиканы тұрақтандырудың негізінде ұлттық шаруашылықтың қаржы жағдайын
сауықтыру проблемасын шешу.
Қаржы саясатын жүзеге асырудың негізіне жалпы және жеке өзгеше
қағидаттардың толып жатқан қатары қойылуы тиіс.
Қаржы саяатын жүргізгенде оның мына қағидаттарын жүзеге асырудың зор
маңызы бар:
• қолда бар нақты қаржы ресурстарын негіздей отырып, бюджеттерді
жасау, бекіту және атқару кезінде қоғамдық өндірістің барлық
қатысушыларының, әлуметтік, ұлттық және кәсіби топтардың
мүдделерін сақтау;
• қаржы қатынастарының жоспарлы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;
• қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындарында кірістер мен
шығыстардың теңгерімділігі;
• қаржы резервтерін жасау бюджет жүйесінде кірістердің шығыстардан
және алалық қаржыларда қаржы резервтерінің асып түсуі;
• мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасында қаржы
ресурстарын оңтайлы бөлу.
Қаржы саясатының тиімділігін қамтамасыз ететін жалпы қағидаттарға
мыналар жатады:
➢ объективті әкономикалық заңдардың іс-әрекетін есепке алу;
➢ нақты тарихи жағдайларды есепке алу;
➢ өткен жалдардың өзіндік тәжірибесін және дүниежүзілік тәжірибені
есепке алу.
Жеке өзгеше қағидаттарға мыналарды жатқызуға болады:
▪ қоғамда қаржы жүйесінің ұтымды құрлымын, қаржы
қатынастарын жоспарлы ұйымдастыруды және қаржы
механизмінің дұрыс құрылуын қамтамасыз ету;
▪ қаржы жүйесінің барлық салалары мен буындарындағы
кірістер мен шығыстардың тепе-теңдігі;
▪ бюджеттегі кірістердің шығыстардан асып үсетін қаржы
резервтерін жасау;
▪ салық жүйесін ұтымды құру арқылы экономикалық және
әлеуметтік дамудың маңызды бағыттарына қаржы
ресурстарын шоғырландыру;
▪ негізгі қаржы ресурстарын мемлекет қарамағына
жұмылдыру, оларды мемлекет пен шаруашылық жүргізуші
субъектілер арасында тиімді бөлу;
▪ қаржы және кредит-ақша саясатының тепе-теңдігі.
Қаржы теориясында Кейнстің қағидалары үлкен рөл атқарады. Оның қаржы
қағидалары келесі жағдайлардан тұрады:
1. Реттеу – мемлекет экономиканы бар күшімен реттеу керек. Негізгі құралы
бюджеттік саясатты ұстады.
2. Ұдайы - өндіріс ресурстарының ұсыныс тарапынан емес, сұраныс жағынан
қарастыру керек.
3. Қаржы саясатын экономикалық саясаттың ажырамас бөлігі ретінде қарастыру
керек
4. Мемлекеттік шығындардың өсуі жұмыссыздықтың жоюлуына әкеледі. Соның
нәтижесінде мемлекеттік бюджеттің түсімдері де жоғарылайды.
1940-1970 жылдар аралығында барлық дамыған мемлекеттер кейнс тұжырымын
енгізді. Бірақ сол жылдарының . Сондықтан Кейнстің заңдары жоққа шығарылды.
А. Смиттің, М. Фридманның тұжырымдары енгізілді.
Кейнстің мектебі 2 бағытта дамыды.
Бағытты ұстаушылар. Жаңа классикалық теорияны қалыптастырды.
Кейнст теориясындағы кемшіліктер және қайшылықтар консерваторлық теорияны
қалады.
Консерваторлық теорияда салықтарға ерекше көңіл бөлінді. Мектеп
өкілдерінің пікірінше салық саясаты ұзақ мерзімді жоспарда экономикалық
өсуді ынталандыруға бағыттауы тиіс. Сөйтіп Лаффердің салық қағидасы пайда
болды.
Салықтар саласындағы фискалыдқ саясат олардың ықпал етунің екі бағытын
қарастыраы: сұранымға (кейнстік үлгі), ұсынымға (ұсыным теориясы). Бірінші
жағдайда салықтар төмендеген кезде жиынтық сұранымы артады. Бұл ұлттық
өнімнің көлемін және бағалардың деңгейін көбейтеді, яғни инфляцияның
қарқыны тездейді.
Екінші, жағдайда салықтардың төмендеуі жиынтық ұсынымды көбейтеді,
өйткені халықтары табыстары мен жинақ ақшалары, ал кәсіпкерлердің өндірісті
инвестициялауы өседі. Қызмткерлердің аз табыс салығы жалақыны көбейтіп,
еңбекке деген ынталандырмаларды күшейтеді, мұның өзі өндірітің ұлғаюына
жеткізеді, бұл ұлттық өнімнің өсуін, бағалардың төмендеуін білдіреді.
Салықтардың инвестициялық қызметке ықпал етуінің теориялық дәлелдемесі
ретінде американ оқымыстылары – “ұсыным экономикасының” өкілдері А.Лаффэр
және басқалары әзірлеген салық салудың үдемелілігімен бюджет кірістері
арасындағы тәуелділік қызмет атқарады.
Лаффэрдің ойы бойынша, бюджетке салық түрінде кәсіпкерлер мен халықтың
табыстарының бүкіл сомасының 30%-ынан артық алуға болмайды. Егер табыстың
40-50% алынатын болса, онда бұл жинақ ақшаны, сонымен бірге экономиканың
жеке секторындағы инвестицияны да қысқартады.
Американ ғалымдарының пікірлері бойынша, егер салықтардың мөлшерлемесі
бойынша белгілі бір, айтарлықтай жоғары деңгейге жететін болса, онда
өндірісті ұлғайтуға, кәсіпкерлік бастамаға арналған ынталандырмалар
қысқарады, пайда азаяды және тиісінше, бюджетке түсетін салық түсімдері
төмендейді.
Сөйтіп, қисық сызық салықтар мөлшерлемелерінің шамасы мен олардың
есебінен мемлекеттік бюджетке қаражаттардың түсуі арасындағы өзара
байланысты қамтып көрсетеді. Салықтың мөлшерлемесі артқан кезде мемлекеттің
кірістері салықтар есебінен алғашқыда көбейеді. Егер салық мөлшерлемесі бір
шекарадан – Т’ нүктесінен асып кетсе, онда салық түсімдерінен түсетін
кірістер азая бастайды. Жоғары салықтар өндірістің ынталандырмаларын
төмендетеді және олардың есебінен мемлекеттің кірістерін азайтады және
керісінше. Салықтардың төмендеуі мұндай жағдайда мемлекет қаржысының жай-
күйін жақсартады.
Лаффэрдің қисық сызығына сәйкес салықтық түсімдер тым жоғары мөлшерлеме
кезінде Т нүктесінде, және тым төмен мөлшерлеме кезінде Т’ нүктесінде
бірдей болады. Бірақ, егер Т нүктесінде салықтардың мөлшерлемесі сұранымды
ынталандырмайтын болса, онда Т’ нүктесінде салықтардың мөлшерлемесі
өндірісті ұлғайтуды және ұлттық табысты көбейтуді ынталандыра отырып,
жұмысқа, жинақ ақшаға және инвестицияға ынталандырмалар жасайды.

Лаффэрдің қисық сызығы.
E=0
E=1

T’ 100 % Т
0

шәкілдің шәкілдің тиым
қалыпты салынатын
аймағы аймағы

D
D max
Жеке табыс салығын салу, фискалдық мағынасынан басқа, маңызды
әлеуметтік функция орындайды – халықтың түрлі әлеуметтік топтарының
табыстарын теңестіруді қамтамасыз етеді. Нақ осы функцияны әлеуметтік
бағдарламалыр бойынша бюджеттік шығыстар да орындайды, соның нәтижесінде
табыстары төмен адамдар табыстары жоғарырақ топқа ауысады, сөйтіп
әлеуметтік теңсіздік біршама қысқарады.
Бұл жағдаятты Лоренцтің қисық сызығы сипаттайды. Деңгейлес білікте
отбасыларының пайызы, ал сатылыста табыс пайызы салынған. Биссектриса
сызбада табыстардағы абсолюттік теңдікті, Лоренцтің сызығы теңсіздікті,
бірақ қисық сызық 1 салықты төленгенге дейінгі, қисық сызық 2 оларды
төленгеннен кейінгі, ал қисық сызық 3 мемлекеттік бюджеттен төленетін
трансферттік төлеуден кейнгіні қамтып көрсетеді. f нүктесі абсолюттік
теңсіздіктің жағдаятын білдіреді. Сызбаның штрихталынған бөлігі салықтарды
төленгеннен кейінгі табыстардың және мемлекеттік бюджеттен төленетін
трансферттік төлемдердің теңсіздік дәрежесін қамтып көрсетеді.
Мөлшерлемелердің шамасымен және тиісінше салықтық алымдардың
шамасымен байланысты болатын салықтық реттеудің маңызды аспектісі ішкі
қорланымдарды ұстаудың және шетелдік инвестицияларды тартудың мүмкіндігі
болып табылады. Жоғары салықтар капиталдарды қолданудан алынатын табыстарға
салықтардың аз мөлшерлемелерімен салық салынуы мүмкін, неғұрлым жайлы салық
климаты бар елдерге капиталдардың безінуін тудырады.
Бұл факторға сондай-ақ салық салу деңгейі төмен немесе тіпті ол
болмайтын “оффшорлық аймақтардың” бар болуы жағдай жасайды. Басқа жағынан,
жоғары салық мөлшерлемелері елге шетелдік капиталдың деңдеп енуіне кедергі
жасайды, мұның өзі ішкі қорланымдардың жетіспеуі кезінде экономиканың
дамуын тежейді.

1.3. Қаржы саясатының негізгі формалары
1. Салық бюджет саясаты (фискалды)
2. Мониторлық саясат (ақша-несие)
Бұл формалары бойынша әр түрлі экономистердің пікірлері сәйкес
келмейді. Кейбір экономистер қаржы теориясын тек фискалды саясаты деп, ал
ақша теориясын монитарлы саясаттың нәтижелері тек мемлекеттегі ақша
заңдылықтарына әсер етіп қана қоймай сонымен қатар басқа да экономиканың
әлеуметтік жағдайының мақсаттарына әкеледі.
Фискалды саясат бұл – мемлекеттік түсімдер, шығындар арқылы экономиканы
реттеу мақсатындағы шаралар жиынтығы.
Фискалды саясаттың 2 бағыты бар:
Ынталандырушы фискалды саясат
Шектеуші фискалды саясат.
Құралдары:

Ынталандырушы 1. Салықтың кедендік Шектеуші
фискалды саясат ставкалары
саясат
2. Мемлекеттік жәрдем
ақылар
3. Субсидиялар
4. Салықтық жеңілдіктер

Тікелей қаржылық реттеудің процесін жүргізе отырып, ұлттық табыстарға
кәсіпорындардың, аймақтардың үлесін көбейту немесе азайту арқылы мемлекет
олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп отырады. Бюджттік қаржыға аса зерек
өндірістік емес сфераның жай-күйі де осындай тәртіппен реттеледі. Құлдырау
кезінде ынталандырушы фискалдық саясат жүргізіледі, ол мыналарды
қарастырады:
мемлекет шығыстарының көбеюі;
салықтардың төмендеуі;
мемлекеттің шығыстары артуының үлкен нәтижесін ескере отырып фискалдық
саясаттың бұл бағыттарының үйлесуі.
Тежеушілік фискалдық саясат бюджет артығына жетуге бағдарлануы тиіс.
Артық сұраныммен және инфляция бойынша тежеушілік фискалдық саясат кері
бағыттарды қамтиды:
мемлекет шығыстарының азаюы;
салықтардың көбеюі;
бұл бағыттардың үйлесуі.
Дискредициялық емес фискалдық саясат акценті нарықтық зін-өзі реттеуге
қоя отырып, мемлекеттің қаржы процестеріне аз араласуын қажет етеді.
Дискредициялық емес фискалдық саясат автоматты, яғни кіріктірме
тұрақтандырғыштардың механизмі негізінде іс-әрекет етеді. Бұл жағдайда
экономикалық циклдің түрлі фазаларында салық алынымдарының сомасы ұлттық
өнімнің мөлшеріне тепе-тең түрінде түрленеді: өрлеу кезінде сұранымды
шектей отырып, салық түсімдері өседі және автоматты түрде экономикалық
өсуді тежейді, құлдырау кезінде керісінше, ұлттық өндірістің азаюын
жеңілдете отырып, салық түсімдері төмендейді.

T

тапшылық артық
G

O
Q1 Q2 Q3

Автоматты тұрақтандырғыштардың іс-әрекетінің маңызды ерекшелігі бюджет
тапшылықтары мен артығын реттеу болып табылады: бюджет тапшылығы өрлеу
фазасында қысқарады, онан кейін жоғалады және бюджет артығы пайда болады,
бұл инфляцияны тежеуге жәрдемдеседі, өйткені ұлттық өнімнің жоғары деңгейі
инфляциямен жалғасады; құлдырау фазасында құлдырауды жоюға ынталандыратын
бюджет тапшылығы біртіндеп өсе бастайды.
Мониторлы саясат бұл – ақша айналысының, қарыз капиталының, қолма
қолсыз есеп айырысудың көрсеткіштері арқылы шаруашылық канииктураны реттеу
мақсатындағы шаралар жиынтығы.
Құралдары:

Қымбат ақша 1.Ұлттық Банктің есеп Арзан
ақша саясаты саясаты немесе ставкасы
немесе рестрикция
экспансия саясаты 2. Резервтің нормалары
саясаты
ақылар
3. Ашық нарықтағы
операциялар
Қазақстан республикасының фискалды саясатын жүргізу органы – Қаржы
министрігі.
Мониторлық саясатты жүргізу органы – Ұлттық Банк.
ІІ тарау Экономикалық өсу процесіндегі мемлекеттің қаржы саясатының
жағдайы.
2.1. Мемлекеттің қаржы саясатының әлеуметтік жағдайға әсері.
Елдің әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында қолданылған экономикалық
саясаты макроэкономикалық зерттеудің негізгі бөлігі болып табылады.
Экономикалық саясат ретінде қарастырылатын қаржы инструменттері: салық салу
немесе ақша эмиссиясы, басқаша айтқанда ақша басып шығару тәсілі. Яғни,
аталмыш қаржы инструменттерінің мемлекеттің негізгі макроэкономикалық
көрсеткіштеріне әсерін анықтау маңызды. Атап айтқанда капитал ағымының,
жұмыс орындарының, сондай-ақ өндірістің артуына монетарлық (ақша шығару)
және фискалды саясаттың (салық салу) қаншалықты әсер етеді? Қазақстанның
қазіргі экономикалық жағдайында осы екі саясаттың қайсысы қоғамға зиян-
зардаптары анағұрлым аз болады? Зерттеуді бастамас бұрын бұл мәселе жөнінде
жасалған еңбектерді қысқаша шолу жасаған жөн. Эмпирикалық зерттеулер
бойынша екі инструменттің де зиян-зардап келтірілетін жағдайлар
қарастырылады. Есептеулер негізінде Қазақстандағы мәліметтер жасалған
теорияларға сәйкес келеді, басқаша айтқанда егер инфляция мөлшері 12%-ден
10%-ке азаятын қоғамдағы ЖҰӨ-нің көлемі 0,22%-артады, ал осының нәтижесінде
азайған мемлекеттің бюджеттік кірісі ЖҰӨ артуына байланысты салықтың да өсу
салдарынан компенсацияланады.
Мәселеге байланысты жазылған еңбектердің басым бөлігі инфляция шығыны
төңірегінде қозғалған. Атап айтқанда Дж. Дриффилдың Монетарлық экономика
анатомиясы, сондай-ақ Лукастың Эконометрика деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет - Өте ұшқыр
Мемлекеттің қаржы жоспары
Фискалдық саясаттың нұсқалары
Бағаның инфляциядағы рөлі
Мемлекет шығындарын шектеудің аса маңызды критерийлері
Қысқа мерзімді қаржы саясаты кәсіпорын қаржысын жедел басқару негізі ретінде
Нарық жүйесіндегі қаржы
Кәсіпорынның айналым капиталының мазмұнының теориялық аспектілері
Инфляция. Қазақстандағы инфляция деңгеіне баға беру және талдау
Мемлекет кірістерінің сыныптамасы
Пәндер