Тұлғаны қалыптастырудағы адамгершілік тәрбиесінің маңызы


Тұлғаны қалыптастырудағы адамгершілік тәрбиесінің маңызы
Тұлғаны қалыптастырудағы адамгершілік тәрбиесінің маңызы
МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ3
1 Адамгершiлiк мӘдениетi ұғымының ғылыми-теориялық негіздері
1. 1 Тұлғаның дүниетанымын қалыптастырудағы адамгершілік тәрбиесінің теориялық сипаты9
1. 2 Адамгершiлiк мәдениетi мен құқықтық - адамгершілік тәрбие мәдениеті мәселесiнiң педагогикалық - психологиялық әдебиеттерде зерттелуі 21
1. 3 Бастауыш мектепте жүргізілетін пәндер арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу жолдары 2-ден36
2 ОҚУШЫЛАРДЫҢ АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ХАЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІН ПАЙДАЛАНУ
2. 1 Бастауыш сыныпта адамгершілік тәрбие беруде халықтық салт-дәстүрлерді пайдаланудың қазіргі жайы мен жүргізілетін пәндердің мазмұнына талдау45
2. 2 Пән сабақтарында бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие беруде халықтық салт-дәстүрлерді пайдалану64
3-ден 2. 3 Тәжірибелік-эксперименттік жұмысты ұйымдастыру және оның нәтижелері78
ҚОРЫТЫНДЫ 99
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ100
КIРIСПЕ
Қазақстан Республикасының Конституциясында Қазақстан халқының дүниежүзілік қоғамдастықтың ажырамас бөлігі екендігін, адам құқы мен бостандығын танитындығын, демократиялық қоғам мен құқықты мемлекет құруға бекем бел байлағандығын, азаматтық татулық пен ұлтаралық келісімді қамтамасыз ететіндігі көрсетілген. Қазіргі жаңалық кезеңінде біздің қоғамымыздың ілгерілеу процесіндегі адам факторын және оны жандандыру, өмірінің барлық жақтарын жаңарту жағдайында бала тәрбиесінің мәні мен оның проблемаларын күрделендіріп отыр [1] .
Егемендi елiмiздiң болашағы жас жеткiншектердiң бiлiм дәрежесiнiң тереңдiгiмен өлшенедi. Қазiргi заманғы бiлiм беру әлеуметтiк құрылымның маңызды элементтерiнiң бiрiне айналды. Адамның жеке басын қалыптастыру негiзi бастауышта қаланатыны бәрiмiзге белгiлi. Бастауыш мектептен бастап оқушыларға бiлiмнiң қыры мен сырын жетiк таныту, қабiлеттерiн шыңдау, адамгершiлiк қасиеттерiн дарытып, Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа лайық болатындай етiп тәрбиелеу - бiздiң мiндетiмiз болмақ. Сондықтан да бастауыш мектептен бастап оқушының жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасуына басты назар аударылуы керек.
Жас ұрпаққа адамдар арасындағы қарым-қатынас, адамгершілік, ізеттілік, сыпайлық, еңбек, дене, эстетикалық, сондай-ақ экономикалық, құқықтық, кәсіби және діни тәрбие беру бір-бірімен тығыз байланыста және өзара тәуелділікте жүзеге асырылуы тиіс.
Тәрбие берудің бұл түрлерінің әр қайсысының өзіндік мазмұны, өзіндік бағдары, өзіне тән қызметі бар.
Бүгінгі күнде болашақ ұрпақ тәрбиесі ұлттық мұраттар мен дүниежүзілік рухани бай қазынадан нәр алумен ұштастырылып жүргізілуі талап етіледі. Біздің қоғамның тәлім-тәрбие тәжірибесі көп жылдар бойы бір жақтылықпен жүргізіліп келді. Жалпы азаматтың құнды ұлттық сана-сезімнің дамуына, рухани, мәдени байлықты, ұлттық тәрбие мен бай мұрасын игеруге көңіл бөлінбеді. Мұның өзі жас ұрпақтың басым көпшілігінің өз халқының тарихын, тілін, дінін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, ұлттық дәстүрлерін жете білмеуіне әкеліп соқты. Сондықтан соңғы жылдары әлемдік, отандық, ұлттық негізінде білім, тәрбие беру міндетіне сай республикамызда ондаған жаңа концепциялар, тұжырымдар және заң қабылданды.
Қазақстан Республикасының Білім беру туралы заңында: “үйелмен қалыптасып келе жатқан жеке адамның үйлесімді дамуы, оның қоғамға сай болуы, ұлттық және азаматтық қазыналардан нәр алуы үшін жауапты болады” деген [2] .
Оқушының жан-жақты дамуына бағыт-бағдар берушi - мұғалiм. Бастауыш бiлiмнiң мемлекеттiк стандартында оқушыларды ғылымдар негiзiмен таныстырып қою емес, баланың жалпы ойын дамыту, қажеттi тәрбие берiп, оны тәжiрибеде қолдана бiлу үшiн өздiгiнен жұмыс iстеуге, қажетті тәрбие беріп, адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру талап етiледi. Бүгiнгi заманның педагогикалық, психологиялық зерттеулерiнiң анықтауы бойынша мектептiң бастауыш сыныбындағы кезеңi баланың қай жағынан болсын ең қарқынды дамитын кезеңi.
Ғалым-педагог Л. В. Занков: “Оқыту - оқушының жалпы рухани дамуын қамтамасыз етуi қажет”- дейдi [3] .
Көрнектi психолог Л. С. Выготский: “Жақсы оқыту - баланың дамуын iлгерілететiн, дамудың алдында жүретiн оқыту”- деп тұжырымдайды [4; 5] . Ал, оқыту мұғалiм арқылы iске асатын процесс болғандықтан педагогтар мен ұстаздар қауымына үлкен жауапкершiлiк жүктейдi.
Қоғамның негiзгi бағыты бiлiмдi де дарынды оқушылар даярлау болса, ал мектептiң негiзгi көкейкестi мәселелерiнiң бiрi бiлiммен қатар тәрбие беру, яғни адамгершiлiк тәрбиесiн қалыптастыру, бастауыш сыныптан бастап адамгершiлiк мәдениетi жоғары деңгейдегi тұлғаны тәрбиелеу. Жас ұрпақ бойына батылдық, әдiлдiк, мейiрiм мен қайырымдылық, iзеттiлiк пен қамқорлық сезiмдерiн сiңiрудi әр ұстаз, әр пәнде сабақпен ұштастыра жүргiзуі қажет. Осы тақырып төңiрегiнде көптеген ғұлама ғалымдар пiкiрлер айтып, зерттеулер жазған. Адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастырудың тиiмдi тәсiлдерiне ұлттық педагогика элементтерi де жатады. Қазiргi таңдағы қазақ педагогикасының мiндетi - адам бойындағы жақсы қасиеттердi жас ұрпаққа үйрету, ұлтжанды, отансүйгiш, әдептiлiк, ар-намысы биiк оқушылар тәрбиелеу.
Тәрбиеге комплексті қарау педагогика ғылымында біршама зерттелген және оны мектептің оқу-тәрбие процесінде қолдану мәселесі әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілгенімен, тәрбие түрлерінің бірін-бірі толықтыру мүмкіндіктері мен атқаратын тәрбиелік функцияларын кіріктіре қарастыру Қазақстанда жеткіліксіз зерттелуде, әрине оқу-тәрбие процесінде қолданысқа енгізілмеген. 12-жылдық оқыту жүйесінде оқушы мен мұғалім арасында қалыптасуға тиісті басты қарым-қатынас «субъект-субъект» негізінде болуы қажеттігіне байланысты тәрбиеге комплексті қарау қолға алынғаны дұрыс деп табылуда. Соған сәйкес білім беру саласына 12 жылдық оқыту жүйесінің де енуі бастауыш мектеп алдына үлкен мәселелер тудыруда. Өйткені мектеп оқушыларының тәрбиесі қоғамдық және азаматтық тәрбие сапаларын қалыптастыруда басты сынақ нүктесі ретінде алынады, яғни тәрбиеге көзқарас пен оның басты бағыттары мен бағдарларын дұрыс анықтау саясаты шешуші роль атқарады.
Біздің мемлекет отбасында қарым-қатынас дұрыс жолға қойылуына, ерекше көңіл бөледі. Адамгершілігі мол, берік ұйымдасқан жанұя тәрбие жұмысында жақсы нәтиже шығарады. Ана мен баланы қорғау жұмысын күшейту туралы шыққан заң отбасындағы тәрбиенің жақсаруын бұрынғыдан гөрі күшейтеді. Тәрбиенің бастапқы әліппесін бала отбасында алады, адамдар арасындағы қарым-қатынас жайында, айналадағы дүниеден қарапайым түрде мәлімет беріледі.
Сондықтан да тәрбиенің бастауы отбасы болса, негізі бастауыш сыныпта болатындығы ешкімге құпия емес. Мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршінге мектепте білім нәрін себе отырып, жақсы адамгершілік қасиетке баулып, саналы азамат болуға жол сілтеу әрбір ұзстаз міндеті. Сол себептен бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың жолын қарастыруды арнайы зерттеуді ұйғардық. Әрине, біз зерттеу барысында осы уақытқа дейінгі зерттеу жұмыстары мен ғылыми әдебиеттерге ретроспективті талдау жасап, Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, В. Сухомлинский, Т. Н. Петрова, И. Левченко [6; 7; 8; 9] секілді Кеңестік педагогтардың жұмыстарының тиімді тұстарына тоқталамыз. Сол сияқты қазақ халқының ағартушы-демократтары мен педагог-ғалымдарының оқушы тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау туралы ой-пікірлері мен зерттеу жұмыстарына, ғылыми еңбектеріне (Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердиев, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, Қ. Бөлеев, К. Қожахметова, С. Ұзақбаева, Ж. Наурызбай, М. Балтабаев, т. б. сынды) сүйенеміз [10; -21] .
Сонымен бірге, бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік, эстетикалық және т. б. тәрбие мәселесі бойынша зерттеу жасаған ғалым-әдіскерлер Р. Төлеубекова, Ә. Қамақ, Р. Дүйсембинова, Т. Қышқашбаев, Р. Рахымжанова, Ә. Әшірова, К. Карбозовалардың еңбектері де мұқият талданып, зерттеу мәселесі бойынша ғылыми тұжырым жасауға негіз болды [22; 23] . Онда, бастауыш мектеп оқушылары өздерінің психикалық даму ерекшеліктері бойынша әлі сенсизитивті кезеңде болатыны, сол себепті тәрбие жұмыстары бала тәрбиесінде өте әсерлі, сезім деңгейінде қабылдауға барынша жақын болу қажеттігі көрсетілді.
Бүгінгі күні елімізде бастауыш мектептердегі тәрбие жұмыстарын осы зерттеу тақырыбына сәйкес сараптау барысында барлық мектептерде оқыту-тәрбие процесі жүйелі жүргізіліп жатқанмен де оқушының жеке басының қасиеттерін ашу, адамгершілік, имандылық, жылы жүрек, сезімтал, адамшыл, адал азамат тәрбиелеу мәселесі кейінге қалып отырылғаны анықталды.
Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетi басым. Жас бала - жас шыбық тәрiздi қалай исең солай майысады. Сондықтан да бiлiм негiзi бастауыш мектепте қалыптасады деп айтылады, яғни осы кезеңнен бастап, балаға тиiстi көңiл бөлу керек екенiн заман талабы, тәрбие кепiлi деп түсiнуiмiз керек.
Қазiргi қоғамдағы әлеуметтiк, психологиялық және рухани-адамгершiлiк ахуалдың оң өзгерiске бет бұруы қуантарлық жағдай. Бүгiнде Қазақстанның бiлiм беру жүйесi дүниетанымдық адасудан арылуда.
Бiрiншi кезекте, әрбiр адамның, тұлғаның, азаматтың, оқушының жанын, рухын, санасын сауықтыруға мемлекет, әрине мүдделi, сондықтан бұл мәселенi бiлiм берудiң барлық деңгейлерiнде шешудi көздейдi. Осыған байланысты төмендегiдей түйiндi сөздердiң мәнi мен мағынасын қайта қарап, айқындау қажеттiгi туады. Бiлiм беру тұжырымдамасының оқытудың рухани адамгершiлiк мәдениетiнiң тұрғысынан алғандағы iзгiлiктiлiгi, функциялылығы және табиғилығы:
Ізгiлiктiлiк бала ретiнде индивидтiң адамгершiлiк белгiлерiн, оқушы ретiнде даралықтың моральдық белгiлерiн бойына сiңiрген белсендi әрi шығармашыл тұлғаның дамуы үшiн тұрақты жағдай тудыру мiндеттерiн назарда ұстайды;
Оқыту мәдениетiнiң функциялылығы педагогтердiң де, оқушылардың да адамгершiлiк-әдептiлiк бiлiктiлiгiн қалыптастыруға бағытталады. Оқыту мәдениетiнiң рухани-адамгершiлiк негiздерiн қалыптастырудың функциялық мәндiлiгi мынаған бағдарланған:
бiлiм беру үрдiсi субъектiлерiнiң тұлғааралық қатынастарын рухани өрлеу тұрғысынан жаңарту;
оқу әрекетiнiң психологиялық-педагогикалық қана емес, адамгершiлiк негiздерiн де анықтау.
Қазақстан Республикасы бiлiм беру жүйесiнiң даму динамикасы, оның iшiнде бастауыш мектеп жасындағы балаларға адамгершiлiк - рухани бiлiм бiлiм беруде бастапқы идеал құндылықтарды, ұстаным мен мақсаттарды қалыптастыруды талап етедi.
Алайда оқыту мәдениетi барлық тарихи және мәдени өзгертуде болсын, ол қашанда оқытудың қандай да бiр педагогикалық үлгiсi, тәрбиенiң адамгершiлiк эталоны болып қала бередi. Жалпы алғанда тұлғаны қалыптастыруда адамгершілік тәрбиесінің маңыздылығы және тәрбиеге колмплексті түрде қарау педагогикалық процестің негізгі, ажырамас бөлігі ретінде саналып, болашақ азаматтарды адамгершілікке баулу, олардың адамгершілік мәдениетін бастауыш сыныптардан бастап қалыптастыру көкейкесті мәселе.
Осы айтылғандардың барлығы алынып отырған тақырыптың күрделiлiгiнiң, ғылыми және тәрбиелiк жағынан маңыздылығының, көкейтестiлiгiнiң дәлелi бола алады. Сондықтан біз зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Тұлғаны қалыптастырудағы адамгершілік тәрбиесінің маңызы» деп таңдауымызға мүмкіндік берді.
Зерттеу мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының тұлғасын адамгершілік тәрбиесі арқылы қалыптастырудың тиiмдi жолдарын iздестiру.
Зерттеу нысанасы: Бастауыш сыныптарда жүргізілетін пәндер арқылы оқушылардың дүниетанымын, адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыруды ұйымдастыру процесі.
Зерттеу пәнi: Пән сабақтарында бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие беруде халықтық салт-дәстүрлерді пайдаланудың тиімді әдіс-тәсілдерін анықтау процесіндегі оқушылар мен мұғалiмнiң iс-әрекеттер жүйесi.
Зерттеу мiндеттерi:
Адамгершілік тәрбиесінің тұлға қалыптастырудағы маңыздылығын теориялық тұрғыдан сипаттау;
Адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастырудағы педагогикалық- психологиялық, әдiстемелiк ой-пікірлерге, еңбектерге шолу жасау;
“Адамгершiлiк мәдениетi”, “Құқықтық мәдениетi”, “Адамгершiлiк тәрбиесі” ұғымына берілген анықтамаларға талдау жасау, түсініктеме беру, оның ерекшелiктерiн қарастыру;
Бастауыш сыныпта жүргізілетін пәндерге, бағдарламалар мен оқулықтарға талдау жасау;
Қазақтың ағартушы ғалым-педагогтарының еңбектеріндегі тәрбие мәселелері және олардың мазмұнының этнопедагогикалық бағытының мазмұнына шолу жасалынды;
Халықтық салт-дәстүрлерді пайдалану арқылы бастауыш сыныпта жүргізілетін пәндер арқылы оқушының біліктілігін, икемділігін, машықтығын, дағдысын жетілдіру, оның адамгершілік тәрбиесі мен талғамын дамыту;
Пән сабақтарында бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие беруде халықтық салт-дәстүрлерді пайдаланудың қазіргі жайы мен жүргізілетін пәндердің мазмұнынына талдау жасау;
Бастауыш сыныпта жүргізілетін пәндер арқылы оқушылардың адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру жолдарын, әдiс-тәсiлдерін анықтап, педагогикалық эксперимент арқылы тиімділігін тесеру.
Зерттеудің жетекші идеясы: Бастауыш мектеп мұғалімдерінің қазақ ұлттық салт-дәстүрлерін оқушылардың адамгершілік тәрбиесіне пайдалануға даярлықтарының жеткіліксіздігі мен бірізділікпен берілген әдістемелік жүйенің жоқтығы осы процесс бойынша бастауыш мектепте зерттеу жұмыстарын жүргізу қажеттігін тудырды
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: Адамгершілік тәрбиені қабылдау мен түсіне білуін қамтамасыз ететін мақсатты да мазмұнды бірлігі - тұлғаның халықтық салт-дәстүрлер туралы түсініктерінің кеңеюіне, соның негізінде ұлттық талғамның қалыптасуына тиімді ықпал жасайды. Халықтық салт-дәстүрлер арқылы сабақта оқушыларға адамгершілік тәрбие беруде олардың өзіне тән ерекшелігі мен қолданылатын орнына қарай оқу халықтық салт-дәстүрге деген ықыласын, қызығушылық қатынасын, халықтық салт-дәстүрді өз іс-әрекеттерінде пайдалануға деген шығармашылық белсенділігін ұлттық талғам дәрежесіне көтеруде әрі бекітуде әсерлі ықпал ететін тәлімгерлік мәні зор өнер екенін айқындай түсті. Халықтық салт-дәстүрлерді пайдалану арқылы бастауыш сынып сабақтарында оқушының біліктілігін, икемділігін, машықтығын, дағдысын жетілдіру оның адамгершілік тәрбиесі мен талғамын дамытып қана қоймай, сонымен бірге жалпы адамзаттық мұраны ұғуға, елжандылық қасиеттің артуына және жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасуына мол мүмкіндіктер жасайтыны сөзсіз.
Зерттеу көздері: Педагогика ғылымының мазмұндық және әдістемелік жүйелеріндегі ғылыми еңбектерге шолу және талдау жасау. Жеке тұлғаны қалыптастыру теориясы туралы философиялық, ғылыми психологиялық және педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау. Сонымен қатар, әртүрлі статистикалық жинақтар, мектеп құжаттары, ғылыми педагогикалық еңбектер мен диссертациялық жұмыстар талданып, пайдаланылды.
Зерттеу болжамы: Егер, бастауыш сыныпта жүргізілетін пәндерде оқушылардың адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру үшін халық педагогикасының әдiс-тәсiлдерi тиімді қолданылса, онда халық педагогикасы оқушылардың адамгершілік мәдениетін қалыптастырудың бір құралына айналып, дүниетанымдары кеңейгенімен қатар, тәрбие деңгейлері де артар еді, яғни жеке тұлғаның қалыптасуына қалыпты деңгейде әсер ету мүмкіншілігі артар еді.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі: Зерттеу нәтижелерінің дәйектілігі автордың екі ғылыми мақаласында баяндалып, ғылыми жинақтарда жарық көрген. Зерттеу барысында алынған ғылыми тұжырымдар мен мәліметтер теориялық және практикалық тұрғыдан негізделген. Қол жеткізген нәтижелердің педагогика ғылымының зерттеу бағыттарына сәйкестігі толық расталған.
Зерттеу әдiстерi:
Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерге, оқулықтарға, әдiстемелiк материалдарға талдау.
Педагогикалық бақылау.
Озат ұстаздар тәжiрибесiн талдау.
Сұрақ-жауап, салыстыру әдiстерi.
Педагогикалық эксперимент.
Талдау және жинақтау әдістері.
Математикалық және статистикалық әдістер.
Зерттеу кезеңдері:
1-ші кезеңде (2009-2010жж. ) - зерттеу тақырыбының өзектілігі ашылып, ғылыми-теориялық ұстанымдар мен тұжырымдар негізінде жетекші идея анықталды. Тұлғаны қалыптастырудағы адамгершілік тәрбиесінің ғылыми аппараты мен оның құрылымдық мазмұны зерттелінді. Тұлғаның дүниетанымын қалыптастырудағы адамгершілік тәрбиесі теориялық тұрғыдан сипатталады. Адамгершілік тәрбиесі мен адамгершілік әдеттерге түсініктеме берілді. Адамгершілік тәрбиесінің халықтық педагогикамен байланыстылығы және оның түрлері көрсетілді. Балалардың өзара қатынасы бастауыш мектептегі жүргізілетін математика, қазақ тілі, дүниетану сабақтарында қалыптасатындығы және сол сабақтарда қолданылатын әдіс-тәсілдер қарастырылды.
2-ші кезеңде (2010-2011жж. ) - Қазақтың ағартушы ғалым-педагогтарының еңбектеріндегі тәрбие мәселелері және олардың мазмұнының этнопедагогикалық бағытының мазмұнына шолу жасалынды. Халықтық педагогика, қазақ халқының салт-дәстүрлері жайлы жан-жақты зерттеулер жүргізіп, ол жайлы тың ой-пікір білдірген ғалымдар еңбектері талданды. Адамгершілік қасиеттерінің көріністеріне сәйкес бастауыш сыныпта жүргізілетін кейбір пәндер мен оқулықтарға талдау жасалынды. Аталған еңбектердің зерттеу әдістерін негізге ала отырып, қазақ салт-дәстүрлерін оқушылар тәрбиесіне пайдаланудың мазмұнын айқындау мақсатында, мектеп мұғалімдерінің халықтық салт-дәстүрлер арқылы оқушыларға тәрбие берудің теориясы мен практикасын меңгеру деңгейі зерттелді. Мектеп мұғалімдерінің қазақ ұлттық салт-дәстүрлері саласынан білімдерін тереңдету мақсатында әлеуметтік-гуманитарлық пәндерінің мүмкіндіктері пайдаланылып, эксперимент арқылы тексерілді, зерттеу нәтижелері жинақталып, өңделді және қорытынды тұжырымдама дайындалды.
Зерттеу базасы: Экспериментік зерттеу жұмыстары Тараз қаласындағы №47 орта мектеп, №42 орта мектеп, №49 қазақ орта мектептерінде өткізілді. Салыстырмалы бақылау №47 орта мектепте жүргізілді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы мынада:
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар: Біздің зерттеу мәселеміз бойынша халықтық салт-дәстүрлер арқылы адамгершілік тәрбие беруде оқушы тұлғасының қалыптасуын жүзеге асыруда бастауыш сынып сабақтарының құрылымы мына мәселелерден тұруы керек деп есептейміз:
халықтық салт-дәстүрді оқытуда шығармашылық дәстүрлі технологияны сақтау, дамыту;
халықтық салт-дәстүрдегі мәдени тәрбие қажеттіліктерін айқындау;
базалық білім беру жүйесінде халықтық салт-дәстүрлерді оқыту мен адамгершілік тәрбиенің бірлестігін байыту;
оқыту әдістемелерінің дидактикалық материалдарының тиімділігі;
қабылдау сабақтарында оқушыларға таныстыруға пайдаланылған халықтық салт-дәстүрлердің адамгершілік тәрбие берудегі ықпалды әсер ету мүмкіндігін, оқушылар танымын ұлттық сезіміне сәйкес тексеру.
Тәжiрибелiк маңыздылығы:
Бұл жұмысты студенттер мен бастауыш сынып мұғалiмдерi әдiстемелiк жинақ ретiнде күнделiктi жұмысында қолдана алады.
Диссертацияның құрылымы: кiрiспеден, екi тараудан, қорытынды және әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.
1 Адамгершiлiк мӘдениетi ұғымының ғылыми-теориялық негіздері
1. 1 Тұлғаның дүниетанымын қалыптастырудағы адамгершілік тәрбиесінің теориялық сипаты
Жеке адамның дүниеге көзқарасының ұтымдылығы және тиімділігі сол көзқарастың өмірдегі қайшылықтарынан туындайды. Дүниеге көзқарас, дүниетаным қайшылықтары арқылы айқындалады. Дүниетанымдық сана баланың сезіміне, еркіне ықпал жасайды, ал сезім сананы бекітеді, ерікке дем береді. Ерік сана арқылы сезімді басқарады. Тұлғаның санасы ғылымды меңгерудің нәтижесінде қалыптасып, көзқарасы, сенімі бекиді. Сенім дүниеге қатынасын, көңіл-күйін білдіретін болмыстың мида ерекше бейнелеу түрі. Сезім күрделі құбылыстардың бірі. Сезім сұлулық, әдемілікке, адамгершілік, өнер арқылы тәрбиелеу барысында қалыптасады.
Мектепте дүниеге көзқарас, дүниетаным оқу-тәрбие барысында қалыптасады. Түрлі пәндер жүйесі, ақпарат құралдары, әдебиеттер т. б. дүниетанымның қалыптасуының басты құралдары. Ғылыми дүниетанымды қалыптастыру үшін оқулықтар мен оқу құралдарының мазмұнына табиғат пен қоғамның заңдарын ашатын және дәлелдейтін көп мүмкіншіліктердің негізі салынған.
Оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудағы, өнегелі эстетикалық, адамгершілік сезімдерді тәрбиелеуде сурет, ән, әдебиет сабақтарының орны ерекше. Сабақтан тыс уақытта түрлі үйірмелерге, секцияларға қатысып оқушылар музыка, көркемсурет, кино, театр, би, спорт, еңбек арқылы тәлім-тәрбие алып өз сезімдерін бекітеді.
Мектептен, сыныптан тыс ұйымдастырылған түрлі тәрбие жұмыстары оқушылардың ғылыми-материалистік дүниетанымын дамытудың қажетті құралы болып есептеледі. Мұндай тәрбие жұмыстары арқылы оқушылардың қоғамдық өмірге ынтасын тәрбиелейді, саяси және мәдени ой-өрісін кеңейтеді, олардың еңбекке, мамандықты таңдап алуға көзқарасын қалыптастырады, қоғамдық қатынастар тәжірибесін игереді, сенімі мен сезімі дамиды, ерікті меңгереді.
Сонымен дүниеге көзқарасты қалыптастырудың маңызды негізі адамды қоршап тұрған табиғат, әлуметтік орта туралы ғылыми материалистік білімдердің негізін игеру, талдау жасауға үйрету, дүниетанымдылықты қалыптастыру.
Білімді жинақтауға оқу барысында шәкірттерді түрлі факті, терминологияны, белгілерді т. б. сабақ үстінде үйрету. Әрине ол үшін шәкірттің білімге деген құштарлығы керек. Шәкірт алған білімін талдап, жіктеп, салыстырып, топтап үйренуі қажет. Ол үшін оларды оқуға, тыңдауға, өз ойын айтуға үйрету қажет.
Жер шарындағы негізгі саналы тіршілік иелігі өзінің бүкіл даму барысында жинақталған білім, тәжірибе, үздік ойлар, атадан қалған асыл сөздер түйіні, тұжырымдамалар, өзін-өзі тануға әрекет етуі, тасқа ойып жазуы, сондай-ақ өзара қарым-қатынас жасауы, бірінен-бірінің үйрену дамудың мәнін байқатады. Сондықтан да «Адам» өміріндегі ең басты тұлға, бүкіл жасампаз, тарихты жасаушы, өмірдің басты тірегі, дана ой-пікірлерді туындатушы, философия, психология, педагогика, тарихты, т. б. дамытушы күш. Әлемнің, табиғаттың, жаратылыстың жұмбағы, тылсымның танушы, зерттеуші, зерделеуші, сынақ-тәжірибе жасаушы, салыстырушы ұлы - Адам.
Ізгі қоғам үлгісін, дана ойларды танытушы ұлы ойшылдар Әл-Фараби, Абай, Шоқан, Асанқайғы, Ыбырай, Мағжан, Дулати, Ахмет, Олжас, Мұхтар сынды әлемдік деңгейдегі ұлы тұлғалардың дүниетанымы, құндылықтары мәдени мұра етіп жастарға жеткізулері тиіс.
Аристотель адамгершілікті дианоэтикалық және этикалық деп бөліп қарастырады. Шынайы адамгершілік мінез-құлықтың ақыл-ой сезімінен үйлесім табуы дианоэтикалық және этикалық ізгіліктердің бірлігі болып есептелінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz