Өзін-өзі тану пәнінің мазмұны, мақсаттары және оқыту әдістері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

«Өзін-өзі тану» пәні

«Өзін-өзі тану» пәні рухани адамгершілік білім беру, жалпыадамзаттық құндылықтарға тәрбиелеу. «Өзін - өзі тану» рухани-адамгершілік білім бағдарламасы ізгілік педагогикасы бойынша, білім беруде жеке тұлғаны ең жоғары құндылық деп тану, оның еркіндігі мен жан-жақты дамуын қамтамасыз ету, оқу-тәрбие процесінде жеке тұлғаның танымдық және рухани қажеттіктерін қанағаттандыру, мектептегі білім беру міндеттерінің негізгілерінің бірі - оқушыны шынайы әлем жағдайындағы өмірге дайындау.
Адамның өмірлік өзін-өзі тану мәдениеті. Өмірлік өзіндік таным - өте кең ұғым. Өзін-өзі анықтау мәдениеті адамды өз бақытының және өз өмірінің, өзіне-өзі үйлесімді болуы сөз, іс, ой бірлігі арқылы оның кәсіптік, азаматтық және адамгершілік танымы арқылы қалыптасады.
Өзін-өзі тану білімдік бағдарлама ретінде тәрбиенің құндылықтық және компетенттілік бағытын интеграциялай отырып, балалар мен жастарға жалпыадамзаттық құндылықтарды оқытуды жүзеге асырады.
«Өзін-өзі тану» пәнін енгізу келешекте өз ісіне мығым, рухани жан дүниесі бай, жұртшылықпен араласқанда жеке басындағы жағымды қасиеттерін байқата алатын, мінез- құлықтың теріс жақтарын саналы түрде тежей алатын тұлғаны тәрбиелеуді талап етеді. Жеке тұлғаның рухын тәрбиелеуге, адамның адамгершілік болмысының қалыптастыруына бұл пәннің қосар үлесі мол .

Өзін-өзі тану пәнін оқытудың ерекшеліктері

Өзін-өзі танудың негізі-әдебиеттен, тарихтан, өмірден алынатыны сөзсіз. Бірақ ол-әдебиетте емес, тарихта емес, әдеби шығарма, тарихи оқиға обьект болады, сол арқылы балаға не беруіміз керек, сол мақсатқа жету үшін жұмыс жүргізіледі. Сабақта міндетті түрде орындалатын сабақтың әдіс-тәсілдері бар. Ол: Шаттық шеңбері, сабақтың дәйексөзі, жүректен-жүрекке.

Сабақтың басталуының өзі ерекше жағдайда 1-ден оқушы қысылып, қымтырылмай, өзін өзін еркін ұстауға үйренеді, пікірің қате, дұрыс емес деген сөз айтылмайды, барлық пікір қабылданады, құрметтеледі. Мәтінді талдау арқылы көздеген мақсатқа жету-ол көптеген әдіс-тәсіл арқылы жүзеге асырылады.

«Өзін-өзі тану» пәнінің Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беру мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты

«Өзін-өзі тану» пәнінің басты мақсаты:

Рухани адамгершілік білім беру, дамыту арқылы адамның төмендегі түйінді құзіреттілікте үйлесімді қалыптасуына ықпал ету:

  • өзінің өмірлік позициясын анықтау;
  • әр түрлі мәселелерді адамгершілік нормаларға сәйкес сындарлы шешу;
  • өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау;
  • адамдарға қолдан келгенше көмек беру, туыстарына және жақындарына қамқорлық көрсету;
  • өзімен өзі үндестікте өмір сүру; ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы болу;
  • жасампаздық белсенділік, азаматтық және отансүйгіштік және толеранттық таныту;
  • адамгершілік тұрғысынан таңдауға даярлығын таныту және өз ойы, сөзі мен ісіне жауапты болу;
  • қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.

«Өзін-өзі тану» пәнінің басты міндеттері:

  • оқушылардың өзін-өзі тануда және өзін-өзі іске асыруда шығармашылық қажеттілігін дамыту;
  • жалпы азаматтық құндылықтардың негізін түсінуде әлемдік үйлесімділік көрнісін қалыптастыруға әсер ету;
  • білім беруде және өмірдегі жағдаяттарда адамгершілік мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру;

«Өзін-өзі тану» пәнінің зерттеу нысаны. Субъектінің рухани тәжірибені және адам болмысының құндылықтарын тануға қатынасы.

«Өзін-өзі тану» пәні адам өмірінің құндылықтың мәнін және оның қоршаған ортадағы орнын түсінуге бағытталған.

«Өзін-өзі тану» үрдісінде адамның дүниетанымдық және мінез-құлықтың бағдарларын анықтауға:

  1. адамның өзін, өзгелерді, әлемді, адамзаттың рухани тәжірибесін тануға мүмкіндік беретін жалпы адамзаттық құндылықтар жүйесі;
  2. Өзіне, өзге адамдарға, қоршаған әлемге, адамзаттың рухани тәжірибесіне қатысты тұлғаның жеке қасиеті негіз бола алады.

«Өзін-өзі тану» пәні мазмұнының даму болашағы

«Өзін -өзі тану» пәні мазмұнының даму болашағы әр бір жас кезеңінде өз ерекшеліктері мен заңдылықтары болатын адамның өзін-өзі жүзеге асыруының үздіксіз үрдісімен байланысты.

«Өзін-өзі тану» пәнінің базистік оқу жоспарындағы орны.

Базистік оқу жоспарында өзін-өзі тану білімінің «Адам және қоғам» саласындағы міндетті пән ретінде бастауыш, негізгі орта, жалпы білім беру деңгейлерінде оқыту көрсетілген.

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу бағдарламаларының түрлері.

«Өзін-өзі тану» оқу пәні шеңберінде негізгі оқу бағдарламасы жүзеге асырылады. Рухани-адамгершілік білім беруді жүзеге асыру бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлеріндегі міндетті оқу пәндерінің мазмұнын өзін-өзітанудың негізгі идеяларымен байытуды көздейді.

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі мен бөлінуі

Өзін - өзі тану пәні оқу жүктемесінің көлемі:

Негізгі орта білім беру деңгейінде-аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.

Жалпы білім беру деңгейінде- аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.

«Өзін - өзі тану» пәні бойынша базалық білім мазмұны

«Өзін-өзі тану» пәнінің базалық мазмұны рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға, жеке тұлғаның өзін-өзі тануына, өзін-өзі анықтауына және өзін-өзі барынша жүзеге асыруына ықпал етеді.

Оқу бағдарламаларында базалық мазмұны-бала дамуының жас ерекшеліктерін есепке алу арқылы нақтыланады. «Өзін-өзі тану» пәнінің базалық білім беру мазмұны төрт негізгі бөлімді құрайды.

  1. Адамның өзін-өзі тануы
  2. Адам және қоғам
  3. Адам және қоршаған орта
  4. Адамзаттың рухани тәжірибесі.

«Өзін-өзі тану» пәні: қазіргі жағдайы мен келешегі

Жоспар

Кіріспе . . . 3

1 тарау. «Өзін-өзі тану» пәні: қазіргі жағдайы мен келешегі . . . 4
1. 1 «Өзін-өзі тану» бағдарламасының рухани - адамгершілік тәрбие жүиесіндегі маңыздылығы . . . 10
1. 2 «Өзін-өзі тану» мен өзін-өзі тәрбиелеудің психологиялық мәні . . . 12
1 тарау бойынша қорытынды . . . 15

2 тарау «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ерекшеліктері . . . 16
2. 1 «Өзін-өзі тану» пәнінің басқа пәндерден ерекшелігі . . . 17
2. 2 «Өзін-өзі тану» пәнінің мақсаты мен міндеті, принциптері . . . 20
2. 3 «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың әдіс-тәсілдері, формалары . . . 21
2. 4 Зертеу нәтижелері мен оларға талдау жасау . . . 24
2. 5 «Мейірілімдік - асыл қасиет» үлгі сабақ жоспары . . . 27

Қорытынды . . . 29

Әдебиеттер тізімі . . . 30

5. Ата-аналармен жұмыс

Ата-аналармен жұмыс жоспары

Мақсаты: Баланы қорғау-сауықтыру, бақылау іс-әрекеттерін жүзеге асыру және жүйелі тәрбие беру барысында бестік одақтың жұмысын ұйымдастыру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өзін-өзі тану пәнінің мақсаты, мазмұны және күтілетін нәтижелері
Өзін-өзі тану пәнінің мазмұны мен рухани-адамгершілік тәрбиедегі рөлі
2-сыныпқа арналған Өзін-өзі тану пәнінің оқу-әдістемелік кешені: мақсаттары, мазмұны және әдістемелік тәсілдері
Өзін-өзі тану пәнінің ғылыми негіздері
Өзін-өзі тану пәнінің теориялық негіздері, оқыту түрлері мен әдістемесі
Өзін-өзі тану пәнінің тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруындағы маңызы
Жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктері және өзін-өзі тану пәнінің тәрбиелік-оқыту рөлі
Өзін-өзі тану пәнінің бағалау ерекшеліктері мен әдістемелік негіздері
Өзін-өзі тану пәнінің оқу-әдістемелік негіздері, әдістері, бағалау және кабинеттік талаптары
Өзін-өзі тану пәні: мақсаттары, мазмұны және 7-сыныптағы қарым-қатынас тарауының әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz