Жапонияның Корей халқына үстемдік жүргізуі


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар :

  1. Кореяның Жапония протекторатына айналуы.
  2. Корея халқының Жапонияның отарлау саясатына қарсы күресі. (1903-1910 жж. )
  3. Бірінші дүние жүзілік соғыс жылдарындағы Кореяны отарлық қанаудың күшеюі.
  4. 1923-1929 жж Кореяның экономикалық жағдайы.

1910 жылы Кореяны аннексиялаған Жапония қатаң террорлық режим орнатып, корей халқының еңсесін түсіре алмады. Отарлық режим корей халқының онсыз да төмен жағдайын нашарлатып жіберді. Жердің көбі жапон үкіметіне немесе жапон банкі мен арнайы құрылған, монополистік компанияларға берілді. Соның ішіңцегі ірісі Шығыс отарлық қоғамы (1908жыл) әсіресе, шаруаларға ауыр тигені жапон үкіметінің жер санағын жүргізгені болып табылады. Көптеген шаруалар қажетті қужаггарды дер кезінде тауып көрсете алмады, салықтан қорқып егілетін жердің келемін азайтып көрсетті, осы негізде өз жерлерінен айрылды.

90 мың корей және жапон помещиктері барлық айдалатын жердің жартысынан астамын иемденді, ол кезде 2, 5 млн шаруа шаруашылығы қайыршылықта өмір сүрді. Село қожаларының 4/3 бөлігі помещиктерден жерді арендаға алды. Аренда үшін өнімнің 50-60, кейде 70-80 пайызын берді. 52 түрлі алым-салық алынды. Шаруалар қайыршыланды, Эмиграцияға кетті. Үйсіз пауперлерді толықтырды. Оларды хвачжонминдер -немесе соғыс майданьшың адамдары деп атады. Олар адам қоныстанбаған ормандарда, тауларда емір сүрді, бүталарды отын ретінде пайдаланды.

Корей жүмысшыларына да отарлық режим оңай тимеді. Жүмыс күні 17-18 сағатқа созылды. Қақтығыс басталды. 1914 жыл 1 ереуіл, 1915 жыл

50 ереуіл, 1916 жыл 86 ереуіл болды, қатысушылар саны да өсті. 1919 жылы еңбек қақтығысына корей еңбекшілерінің 20 пайызы қатысты.

Жапон үстемдігіне Корей ұлттық буржуазиясы да наразы болды. Барлық ірі және орта өнеркәсіпттің көпшілігі банк, сыртқы сауда жапондықтардың қолында болды. 1910 жылы жапон үкіметі корей капиталистеріне өздерінің, сауда-өнеркәсіптік акционерлік қоғамын қүруға тиым салды. Капиталдың 8 пайызы ғана корейліктер үлесіне тиді. Оның үстіне ұлттық буржуазия қолында үсақ кустарлық, жартылай кустарлық кәсіпшілік болды.

Интеллигенцияға тең емес көзқараспен қарады, Корей ғалымдары, педагогтары, дәрігерлері, адвокаттары, мәдениет қызметкерлері жоғарғы қызметке тағайындалмадьі. Қызмет етуші корей жапонға қарағанда 2-3 рет кем жалақы алды. Кореяның бүкіл әкімшілік аппараты жапондықтарға бағынды. Корей халқына ұрып-соғу жазасы қолданыдцы. Осындай жазамен 1913-1918 жылдары 300 мыңдай адам жазаланған. Жапондықтар корей халқының тарихын, әдебиетін отқа жақты. Корей халқының мақтанышына айналған ескерткіштерді. қиратты. Корей тілі де қудаланды. Ол шет тілі болып жарияланды да, жапон тілі өз тілі болып есептелінді.

Қазан революциясы. корей халқына үлкен ықпал етгі. Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталған^а дейін-ақ Ресеймен шекаралас аудандарда партизан отрядтары құрылды. Олар жапон гарнизондарына шабуыл жасады. Оған қайыршыланған шаруалар қосылды. Елде антиимпериалистік қозғалыс жанданды.

Пролетариаттың әлсіздігі басшылықты үлтшыл буржуазия қолына берді. Діні секта Чхондоге (Учение небееного пути) ролі есті. (1906 жылы құрылған) Оның таптық сүйеніші ауқатты шаруалар ал басшылары либеральдық кеңіл күйдегі помещиктер мен буржуазия өкілдері. Онда 1919 жылы-130 мындай адам болды. Секта басшысы Сон Бен Хижапон милитаристерімен байланысГгы болды, бірақ халықтың қысымымен ол антижапондьіқ қозғалысқа қатысты.

Жапон милитаристері 1907 жылы тақтан түсірген бұрынғы Корей императоры Ли Хидің өлімі көтерілісті бастауға түрткі болды. Ол күтпеген жерден өлді, Бірақ елде жапон үкіметінің бүйрығы бойынша оны улап өлтірді деген лақап тарәды. Сеулге тәуелсіз Кореяның соңғы императорына табынушылар көптеп жинала бастады. Чхондоге басшылары хальіқтың бұл жиналуын пайдаланып 1919 жылы ақпанда тәуелсіздік декларациясын жасауға шешім қабылдап, петиция кампаниясы мен демонстрация өткізді.

Тәуелсіздік декларациясына ұлт өкілдерінің отыз үші қол қойды. Оның талаптары ымырашыл еді Париж бітім конференциясынан көмек күтуге шақырды. Жапон үкіметі ез еркімен қүқық пен шындықтың әділетті принциптеріне келеді. Буржуазиялық-ұлтшылдық лидерлер Жапониямен компромиске баруға тырысты. Сондықтан декларация авторлары халықты күш көрсетуден тоқтатты.

1 наурыз 1919 жылы Сеулдің Пагода паркінде кепшілік митингісінде декларация жарияланды. Сол күні астананың кешелерінде 300 мыңдай адам демонстрацияға шықты. Елдің басқа қалапарындә да демонстрацияға шықты. Демонстрациядан іле шала Сеул жұмысшылары ереуілдерге шықты. Ұлт өкілдерінің отыз үші барған да жоқ, банкет ұйымдастырып, тәуелсіздік үшін бокал көтерді, сол мезетте жапон полициясына Демонстрация мен ереуіл туралы хабарлады, 5 наурыздан бастап демонстрация қарулы көтеріліске ұласты. Көтерілісшілер полиция учаскелерін, жапон үкіметінің мекемелерін, жапон шенеуініктері мен байларының үйлерін талқандады.

Наурыздың екінші жартысынан бастап көтеріліс бүкіл елге жайылды-2 млн адам қатысқан кейбір аудандарда жүмысшылар ереуіл жариялап, жапон әскері мен жандармериясымен қарулы үрысқа көшті. Ауылдық жерлерде шаруалар помещик усадьбаларына шабуыл жасады. Қарулы қақтығыс екі ай бойы тоқтамады. Жапон үкіметі көтерілісшілерге үлкен әскери күш жұмылдырды. Барлық жерде тұтқындау, жазалау, қудалау орын алды. 8 мыңдай адам өлді, 16 мың адам жараланды, 53 мың адам тұтқындалды. Жапон империалистері 1919 жылдың сәуір айының соңына қарай кетерілісті басады.

Осыған қарамастан- буржуазиялық лидерлер АҚШ-тан кемек күтті. 1919 жылы сәуірде корея эмйграңттарының бір тобы Шанхайда кореялық Уақытша-Үкімет қүрды, олар өз өкілдерін Париж бітім конференциясына жіберді. Американ империалистері бүл кезде соғыстан кейінгі пайданы бөлуге байланысты Жапония және тағы басқа өзінің қарсыластарымен келіссөз жүргізіп жатқан болатын. Корея делегациясы Парижге келген кезде конференция басшылары оған Вильсон жариялаған принциптер Европа ұлттарына ғана байланысты. Ал Корея мәселесін Париж конференциясында талқылау қажет емес, өйткені ол үлы державалар арасындағы қарым-кдтынасты шиеленістірді.

Корея халк, ының үлт- азаттық қозғалысы тоқтаған жоқ. Жүмысшы қозғалыс күші де 1919 жылы сәуір-тамызда Пусан жүк тасушыларының, Сеулде шілде-қазанда трамвайшылардың, баспахана жүмысшыларының, металисгердің көтерілісі болды. Корея халқының үлт-азаттық қозғалысының дамуынан сескенген жапон үкіметі 1919 жылы жазда Кореяда әскери басқару аяқталды, енді мәдени басқару заманы басталады деп даурықты. Кореяны басқаратын генерал-губернатор ауысты. Либерал деп аталатын жаңа генерал-губернатор Сайто Макатоға жапон үкіметі отарлық езгіні әлсірететін түр көрсететін реформалар жүргізуді тапсырды. Ол Жапония жағына ұлттык, буржуазияны тартып, азатғық күресі майданын ажыратуға тиіс болатын.

Шын мәнінде жапон үкіметінің уәдесі Мен реформалары алдау еді. Жапон милитаристерінің қанауы күшейді. 1919 жылғы оқиғадан кейін ұлт-азаттық қозғалыстың жаңа кезеңі басталды, күрестің апдынғы қатарына пролетариат шықты. 1920 жылы Сеулде корея жұмысшыларының өзара көмек Қоғамы ұйымдасты. Бұл Кореядағы түнғыш революциялық кәсіподақ ұйымы еді. 1922 жылы бұл ұйым басшылардың реформистік қызметі нәтижесінде қүлады. Бірақ жаңа жұмысшы үйымдары қүрылды. Корея жұмысшы одағы, Еңбек конгресі т. б. Алғашқы шаруа одағы құрылды, Корея жұмысшы-шаруа одағы және Оңтүстік Корея жұмысшы-шаруа' федерациясы қүрылды. Алайда жұмысшы-шаруа ұйымдары әлі де әлсіз еді, нақты революциялық басшылық болған емес. Ресейде түрған корей революциялық-эмигранітары марксизм-ленинизм идеясын таратты. 1920 жылы Токиода оқып жатқан корей студенттерінің арасында марксизмді оқып үйрену үйірмелері пайда болды. Корея эмигранттары Иркутски мен Шанхайда коммунистік топтар құрды. Эмигранттық коммунистік үйымдар Кореяға маркстік әдебиеттер жіберді өз өкілдерін халық-арасына жұмсады. Кореяның өзінде де коммунистік топтар құрылды. Осының негізінде 1925 жылы Корея коммунистік партиясы қалыптасты.

1925 жылы қалыптасқан Коммунистік партия елдегі ұлт-азаттық қозғалысқа үлкен ықпал етті. Коммунистердің басшылығымен демонстрациялар ұйымдасгырылып, шаруалар кетерілістері болды, кәсіподақ үйымдары пайда болды. Өкімет барлық күшін жас коммунистік партияға қарсы жүмсады. Жаппай тұтқындау оңы әлсіретті. Оның үстіне партияның ішінде фракционерлер араңцатушылық әрекет-жүргізді. Фракционерлермен күрестің тоқтамауы және жапон империалистерінің қатаң жазалауының 1928 жылы Корея Коммунистік партиясы өмір сүруін тоқтатты. Алайда, елдің өнеркәсіптік аудандарында жасырын коммунистік ұйымдар құрылды. Коммунистер халықпен байланыс орнатты. 1928 жылы Вонсандағы мұнай айдау заводында ереуіл басталып, жаппай көтеріліске үласты. Ол 3 айға созылды. Пхеньянда, Хамкинде тілектес ереуідцер болды. Жұмысшылар көтерілісшілерге көмек көрсету фондыларын ұйымдастырды. Отын, күріш жіберді. Корей пролетариаты күресін КСРО, Қытай, Жапония, Франция және басқа елдердің жұмысшылары қолдады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлы державалардың Қиыр Шығысқа шабуылдары
Жапония мен Қытайдың тарихы мен саясаты
Жапонияның сыртқы саясатындағы территориялық (РФ, ҚХР, Оңтүстік Кореямен) мәселелердің орны мен маңызы
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Қиыр Шығыстығы халықаралық жағдай
Жапонияның ҚХР-мен қарым-қатынастары
Қытайға Жапониядан капитал шығару
1950-1953 жылдардағы Корей соғысы: себептері, барысы, нәтижелері
Азия-Тынық мұхиты аймағындағы Жапонияның ролі
Қазақстан Азия-тынық мұхиты аймағындағы мемлекеттермен қарым-қатынастары
XIX ғасырдың аяғы - XX ғасырдың басындағы халықаралық қатынастар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz