Оомициттер - Oomycetes класының өкілі


Жалпы түсінік
Оомициттер - Oomycetes класының өкілі - картоп фитофторасы - Phytophthora infeatans өсімдікте «картоп зілі» деп аталатын ауру туғызады. Бұл аурумен зақымданған картоп гүлденгеннен кейін жапырақтары солып, қарая бастайды. Саңырауқұлақтың жіпшумағы жапырақтың ұлпасына ұлғаяды, ал жапырақ тақтасының төменгі жағындағы лептесіктері арқылы конидий сабақтары шығып тұрады, онда конидиялар дамиды. Конидиялар шашылып, зақымданбаған жапырақтарды зақымдайды. Ауа райы өте ылғалды болғанда, конидийлер зооспорангия сияқты өседі де, одан екі талшығы бар 6-12 зооспоралар сыртқа шығады. Олар су тамшылары арқылы басқа жапырақтарға түсіп, қабықпен қапталып жаңа жіпшелер түзеді. Сөйтіп жапырақтың бетінде жаңа дақтар пайда болады. Жаңбыр қатты жауғанда зооспоралар мен конидийлер сумен шайылып, топырақтағы түйінге түседі. Картопты қоймада сақтағанда барлық картопты шірітіп жіберуі мүмкін. Картоп шірігенде жыныс үрдісінің нәтижесінде ооспора түзіледі. ООспора қыс бойы сақталып, келесі жылы сол ауруды қайтадан таратады.
Бұлармен күрестің басты шарты - картоп егісіне улы бордосс сұйығын бүркеді. Картопты қоймада сақтау алдында қойманы дизенфекциялап, картопты мұқият сұрыптап, 4-5- тан аспайтын температурада сақтау керек.
Зигомициттер - Zygomycetes класының өкілі - Mykor mycedo саңырауқұлағы - көп ядролы перделерге бөлінбеген, жан-жаққа тармақталып бұтақталған жіпшелерден тұрады. Жіпшелерден жоғары қарай шар пішінді спорангийлер көтеріледі. Спорангий ішіндегі протопластар бірнеше ядросы бар көптеген майда бөлшектерге бөлінеді де, кейіннен қабыққа оралып, спораға айналады. Спорангия қабығы жыртылып, одан споралар шығады да, ауаның ағынымен таралады. Бұл жыныссыз көбеюі. Жынысты жолмен көбеюі сирек кездеседі. Мұнда сыртқы құрылысы жағынан ешқандай айырмашылығы жоқ, тек физиологиялық жағынан ғана айырмашылығы бар көрші жатқан жіпшумақтардан бұтақшалар өседі. Бұл бұтақшалар әр түрлі жіпшумақтарға жататындықтан мукорлар гетеротальды болып есептеледі. Бір-біріне қарай бағытталған осы бұтақшалардың ұшы түйіседі де, осы кезде негізгі жіпшелерден олар пердалермен бөлінеді. Түйіскен жіпшелердің қабықшасы еріп, жасуша іштеріндегі көп ядролы заттар араласып зигота түзеді. Зигота ядросы редукциялы жолмен бөлініп, ұзақ уақыт тыныштықтан кейінгі қысқа жіпше өсіп шығады. Жіпше ұрыұтық спорангийлермен аяқталып, одан аталық және аналық споралар түзіледі, олардан жіпшенің аталық және аналық түрлері дамиды.
Фрагмобазидиомицеттер () немесе Телиобазидиомицеттер (Теliоbasidiomycetidae) класс тармағы.
Каракүйе саңырауқұлақтар катары.
Қара күйе саңырауқұлағы негiзінен паразиттiк тiршiлiк етiп, көптеген бағалы дақыл өсімдiктердi зақымдап, шаруашылыққа үлкен зиян тигiзедi.
Споралары ұсақ майда, өте көп, әрi тiршiлiгi ұзақ сақталады. Көпшiлiгi клетка ішілiк паразиттер. Бұлардың паразиттi тiршiлiкке бейiмделгелдiгi сондай, олардың активтi даму циклы дақыл өсiмдiктерiнiң қоректiк заттар мол жинайтын кезеңi - гүлдеп дән байлау фазасы мен тұтас, қатар жүреді.
Нағыз облигатты паразитгер қатарына жатып, дамуының алғашқы кезеңiнде егіске онша зиян келтiрмейдi. Тiршiлiгін көбiнесе спора күйiнде өткiзедi. Мицелийлер, жемiстi денелер кұрамайды.
Бұлардың іштiнде практикалық маңызды түрлерiлiң бiрiне сұлының, бидайдың және арпаның тозаңды қара күйесі жатады.
Фрагмобазидиомицеттер () класс тармағы.
Тат саңырауқұлақтары (Uredinales) қатары
Жалпы түсінік
Раушангүлділер тұқымдастардың көпшілігі- пайдалы жеміс ағаштары. Бұлар - қосжарнақтылар жататын ағаш, бұта, көп жылдық, кейде екі немесе бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Олардың жеміс - жидек дақылдары халық шаруашылығында кеңінен қолданылады.
Раушан гүлділер тұқымдасына тән ерекшелік - гинецей және гүл табанының құрылысы. Гинецейі көп бөлікті апокарптан, бір бөлікті пенокарпты түріне дейін өзгерген. Гүл табаны табақша, бокал тәрізді болады да, оның жиегіне тостағаншаның түп жағы, күлтелері, аталықтары бірігіп өсіп тұрады, мұндай гүл табанды гипантий деп атайды. Жемістері піскен кезде гүл табаны ашық түсті болып, етті және шырынды болып келеді де жемісінің, тұқымының таралуына себепші болады.
Раушангүлділер тұқымдасының төрт тұқымдас тармағы бар:
1. Тобылғы (спирейлер) - Spiraeoideae. Бұталар. Жапырақты май, бөбе жапырағы болмайды. Гүлдері жалпақ немесе табақша тәрізді гүл табанында, аналықтың астынғы жағында немесе маңында өседі. Тостағаншасы 5, күлтесі 5, аталықтары көп. Гипантий ортасындағы көп бөлікті апокарпты гинецейі 5 аналықтан тұрады, үстіңгі жатын.
2. Розалар немесе итмұрындар - Rosoideae тұқымдас тармағы. Бұталар және шөптесін түрінде кездеседі. Жапырақтары күрделі, сирек жай, бөбе жапырағы болмайды. Гүлдері аталықтың астында, үстінде, маңында да өседі. Гипантий конус және бакал тәрізді болып келеді. Тостағаншаларының тостағанша асты жапырақшалары болады. Гинецейі көп бөлікті, апокарпты, сирек бір бөлікті.
Гүл формалары: (бүлдірген, қазтабан туыстары) - итмұрын туысы, кейде ауытқулар болады, мысалы: тіқ қазтабан немесе манжетка туысы. Жемістері: бір тұқымды тұқымша, бір тұқымды жаңғақ, бір тұқымды сүйек.
3. Алмалар- Pomoideae тұқымдас тармағы. Ағаштар және бұталар. Жапырақтары жай және күрделі, бөбе жапырағы ерте түсіп қалады. Гүлдері аналық астында өседі. Гүл табына сай. Жеміс жапырақшасы көбінесе бесеу, кейде екі- үш, біреу де болады. Гинецейі синкарпты. Төменгі жатын.
Жемісі алма тәрізді- алма. Жемісінің үстінгі жағында тостағаншаның қалдығы болады. Алмалар туысына; алма, алмұрт, долана, шетен т. б. жатады.
4. Қараөрік - Prunoideae тұқымдас тармағы. Ағаштар және бұталар. Жапырақтары жай, бөбе жапырағы ерте түсіп қалады. Гүлдері аналық астында өседі. Гүл табаны ойыс, аналық тыңмен бірігіп өспейді. Жеміс жапырақшасы біреу.
Жемісі - шырынды сүйекті немесе құрғақ. Мынандай туыстары бар: қараөрік, шие, өрік, шабдалы, мойыл және т. б.
Бұл тұқымдасты анықтағанда: гүлдері мен жапырақтарының құрылыстарына көңіл аудару керек.
Раушангүлділер тұқымдасының өкілі ретінде күмісті қазтабанды- Potentilla argentea алып қарастырамыз. Бұл құрғақ төбелерде, солардың баурайында, жол майайында және т. б. жерлерде өседі.
Көпжылдық шөптесін өсімдік, биіктігі 15-30 см. Тамыр сабағы ағаштанған, бұтақтанған. Тамыры қосалқы тамырлар. Сабағы тік немесе көтеріңкі өседі, сыртында ақ түктері болады. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, екі ланцет тәрізді бөбе жапырақ болады, жай, жоғары жапырақтары жасыл түсті, жалаңаш немесе қысқа тік түктері болады. Жапырақтарының төменгі жағы ақ, киізденген тәрізді болады. Төменгі жапырақтары сағақты, жоғарғысы - қондырмалы.
Гүлшоғыры - спыртқы тәрізді. Гүл табаны гүлденнен кейін тік немесе бір жағына қарай бұрылған болады. Гүлдері ұсақ, сарыт үсті. Гипантийі табақша тәрізді. Тостағаншасы немесе тостағанша асты жапырақшалары бес бөлікті. Күлтесі бірікпеген бес күлтежапырақшадан табанының үстінде өседі, жатыны үстіңгі.
Жемісі көп тұқымды жаңғақ.
Қайталау сұрақтары
1. Раушангүлділер тұқымдас өсімдіктердің ерекшеліктері қандай?
2. Гипантий дегеніміз не?
3. Раушангүлділер тұқымдасының қандай тұқымдас тармақтары бар? Олар қандай белгілерімен сипатталады?
4. Күмісті қазтабанның гүлінің құрылысы қандай?
5. Күмісті қазтабанның вегетативті мүшелеріне сипаттама беріңдер?
6. Күмісті қазтабаның жемісі қандай және гүл формасын жазып көрсетіңдер?
7. Жергілікті жерде раушангүлділер тұқымдас өсімдіктердің қандай түрлері кездеседі?
8. Раушангүлділер тұқымдас өсімдіктердің халық шаруашылығында қандай маңызы бар?
Тапсырма : Бұршақ тұқымдасы - Fabaceae.
Жалпы түсінік
Бұршақ тұқымдас өсімдіктер тіршілік формасына қарай ағаш, бұта, лиана, шала бұта, көпжылдық және бір жылдық шөптесін болып келеді. Бұл тұқымдас өсімдіктердің шаруашылық мәні зор. Бағалы азық-түлік және жемшөптік дақыл ретінде өсіріледі. Қазақстанда егістік және көкөністік мәдени бұршақ тұқымдас өсімдіктерден асбұршақ, үрмебұршақ, соя, жамбас бұршақ өсіріледі. Кейбір бұршақ тұқымдас өсімдіктер әсемдік үшін өсіріледі. Кейбір бұршақ тұқымдас өсімдіктер әсемдік үшін өсіріледі. Оларға сары қараған, ақ қараған және жұпар бұршақтарды атауға болады.
Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің бір тобының сабағы мықты емес, жер бауырлап өседі. Ал екінші бір тобының сабағы мықты, тік өседі. Енді бірінің сабағы мұртшаға айналып, өрмелеп өсуге бейімделген.
Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің жапырағы бірнеше кішкене жапырақтардан құралатын қауырсын тәрізді, күрделі жапырақ; қатар салалы, үшқұлақты, саусақ салалы болып келеді.
Гүлі дұрыс құрылмаған - зигоморфты, гүл қоршауы, күлтежапырақшасының мөлшері, пішіні де бірдей емес. Гүлсерігі қосарланған, біріккен тостағанша жапырақтардан - 5 тостағанша, күлтежапырақшадан - 5 күлте түзіледі. Күлтежапырақшалардың пішініне қарай аттары бар. Ең ірі жоғарғы күлтежапырақша - желкен, бүйіріндегісі - ескек, төменгі біріккен екі күлте жапырақша - қайықша деп аталады.
Қайықша күлтесінің ішінде 10 аталық, бір аналық болады. Аналықтың бір ғана ұялы түйіні және бірнеше тұқым бүрлері болады. Андроцейіндегі аталық құрылысы туыстарында әртүрлі болады. Ақмия (софора), тентекмия (термопсис) туыстарында андроцейдегі 10 аталығы да бірікпеген бос болады, ал бөрібұршақ (люпин), бекіш (дрок) туыстарында андроцейдегі 10 аталықтары да аталық жіпшелері арқылы бірігіп кетеді. Бұршақ, жоңышқа, сиыржоңышқа (вика), әйкен (чина) туыстарының түрлерінде 10 аталықтың 9 бірігіп, 1 бос болады. Күлтенің түсі әр түрлі: ақ түстен қызыл және күлгін түске дейін өзгереді. Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің гүл шоғырлары шашақ гүл, шатыршагүл және жұмыргүл т. б. болады. Жемісі - бұршаққап.
Бұршақтың дәні екі қабыршақ болып ашылады және ішінде бірнеше ұрық болады. Ұрықтарының түсі, пішіні және мөлшері әр түрлі болып келеді. Дәнінің негізгі ерекшелігі - оларда ақуыздың көп болуында.
Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тамыр жүйесі кіндік тамырлы болады. Топыраққа терең бойлап жататын негізгі тамырдан жіңішке тамырлар тарайды, бұл жіңішке тамырлардың көпшілігі топырақ бетінен 20-25 см тереңдікте жатқан қабатқа таралады. Барлық бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тамырынан жуандаған жерін, яғни тамыр түйнектерін көруге болады, бұл жерлерге ауадағы бос азотты бойына сіңіретін бактериялар жиналады. Оны түйнек бактериялары деп атайды.
Түйнек бактерияларымен бұлар селбесіп (симбиоздық) тіршілік етеді. Түйнек бактериялары ауадағы бос азотты сіңіріп, оны ақуыз заттарына айналдырады. өсімдік тамыры қурағаннан кейін осы ақуызды заттардың есебінен топырақ азотты қосылыстарға байиды.
Бұршақ тұқымдасына жататын егістік жоңышқаны - Medicago sativa алып қарайтын болсақ (94 сурет), биіктігі 30-90 см болатын, көпжылдық шөптесін өсімдік. Тамыры кіндік тамыр, тамырында тамыр түйнектері болады. Сабағы бұтақтанған, тік, көлденең кесіндісінде дөңгелек-қырлы, жапырақтары кезектесіп орналасқан, үшқұлақты, жапырақ серігі болады, шеттері ара тісті болып келеді.
Гүлдері шашақ гүл шоғырына жиналған, симметриясы зигоморфты. Гүлсерігі қосарланған: біріккен 5 тостағаншасы, пішіні әр түрлі жоғарыда сипатталғандай 5 күлтесі болады, күлтесінің түсі көк. Андроцейі 10 аталықтан тұрады. Аналығы біреу, үстіңгі жатын, бір ұялы, бірнеше тұқым бүрлері болады. Гүл формуласы:
↑ Са (5) Со 1+2+(2) А (81+1) G 1
Жемісі - спираль тәрізді бұратылған бұршақ қап.
Жалпы түсінік
Алабота тұқымдасына - бүкіл жер шарына тараған бір жылдық немесе көпжылдық, сортаң топыраққа төзімді, шөптесін, бұта, ағаш түрінде кездесетін өсімдіктер жатады.
Бұлардың көпшілігінің сабағы бунақты, жапырақтары кезектесіп немесе қарама-қарсы орналасады. Гүлдері түссіз, ұсақ гүлшоғырына жиналып, масақ құрайды. Гүлсерігі қарапайым, жасыл, кейде болмауы да мүмкін. Гүлдері дара, кейде қос жынысты болады. Андроцейінде бес аталық, кейде қос жынысты болады. Гинецейі көп бөлікті, ценокарпты, 2-3, кейде 4-5 жеміс жапырағынан тұрады немесе апокарпты. Жемісі - жаңғақша немесе тұқымша.
Алабота тұқымдасының екі түрін қарастырамыз.
Ақ алабота - Chenopodium album бұл кәдімгі арам шөп; жол жиегінде, егістіктерде кездеседі. Қазақстанның биік таулы жерлерінен басқа барлық аудандарда өседі, сондықтан космополит деп те атайды.
Бұл бір жылдық шөптесін өсімдік. Ақ алабота тік сабақты, көлденең кесіндісінде бес қырлы, жапырақтары өте жиі тармақталған; сабаққа кезектесіп, кейбіреулерінде қарама-қарсы орналасады, жапырақтарының пішіні әр түрлі. Жапырақ беттерінде ақшыл дақтары болады. Бұлар бір үйлі, қосжынысты гүлді өсімдіктер. Кейбіреулері екі үйлі. Көріксіз майда гүлдері шоқ-шоқ болып топтанып, масақ тәрізді гүл шоғырын құрайды. Гүлсерігі бес тостағанша жапырақшадан тұрады, андроцейінде бес аталығы, гинецейінде екі аналығы болады. Тұқымы тығыз қабықты, бозғылт қара түсті, жылтыр болып келеді. Бозғылт тұқымдары - ерте, түсі қарасы - кеш піседі. Жемісі - тұқымша.
Гүл формуласы: *Р (5) А (2) G ( 2 )
Жылтырауық көкпек - Atriplex nitens шала бұта өсімдік, биіктігі 20-25 смедәуір қалың сопақша келген жапырақтары сүректенген өркендерінде кезектесіп орналасады, сабағының түп жағы тармақты, кейбір бұтағы жерге тиіп жатады. Өсімдіктің негізгі сүректенген бөлігін сұрғылт қоңыр қабық қаптайды. Оның бір жылдық өркендерінің ұзындығы 15-30 см жылтыр түгі болады. Гүлдері даражынысты: 5 күлтежапырақшалы гүлсерігі және 5 аталығы бар. Аналықтарының екі жеміс жапырақшасы болады, гинецейі ценокарпты. Аталық гүлдерінде жай гүлсерігі болады да, ал аналық гүлде гүлсерігі болмайды.
Гүл формуласы: *Р (5) А 5 G 0 ; Р 0 А 0 G ( 2 ) .
Жемісі мен тұқымы екі түрлі: гүлінде гүл серігі жоқтарында үлкен, диаметрі 3-4 мм, гүлінде гүл серігі барларында ұсақ, диаметрі 1-1, 5 мм болады.
Жалпы түсінік
Алқа тұқымдастардың көпшілігі - жабайы өсетін біржылдық немесе көпжылдық шөптесін немесе шала бұталы өсімдіктер. Олар бұта, ағаш түрінде сирек кездеседі. Алқа тұқымдастардың жапырағы көбінесе сопақша өркен бойына кезектесіп орналасқан бөбе жапырақтары болмайды, гүл шоғырлары шатырша немесе шашақталған қалқан тәрізді бұйра, гүлдері дұрыс пішінді, яғни актиноморфты, сирек зигоморфты болып келеді. Гүлдері қос жынысты, бірігіп өскен 5 тостағаншасы және бірігіп өскен жұлдыз тәрізді жалпақ күлтесі болады. Күлте жапырақшаларының түп жағы қысқа түтікше түзеді. Гүлде андроцейі 5 аналықтан, ал гинецейі бір аналықтан болады. Үстіңгі жатын жемісі - жидек немесе қауашақ.
Алқа тұқымдас өсімдіктер негізінен 3 мақсатта өсіріледі:
1) Тағамдық: картоп, баклажан, қызғанақ, бұрыш, т. б.
2) Дәрілік: итжидек, сасық меңдуана, қара алқа, т. б.
3) Сәндік: жұпар иісті темекі, петуния, т. б.
Өсімдіктерді анықтағанда жапырақ, гүлдерінің, жемістерінің ерекшеліктеріне қарайды.
Алқа тұқымдас өсімдіктерге мысал ретінде қызғанақты - Lycopersicum esculentum (помидорды) алып қарайтын болсақ: мәдени түрінде кең таралған, табиғи түрі тек Перуде өседі.
Биіктігі 60 см болатын бір жылдық, өткір иісті, шөптесін өсімдік. Тамыр жүйесі кіндік тамыр. Сабағы тік, бұтақталған. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, тілімделген, бөбе жапырақтары болмайды.
Гүлдері майда, сары түсті шашақ гүлшоғырына жиналған, симметриясы актиноморфты. Гүлсерігі қосарланған. Тостағаншасы жасыл, түбінен бірігіп өскен 5-10 тостағанша жапырақшадан тұрады, күлтесі түп жағынан бірігіп өскен, жоғарғы жағынан иілген 5-10 үшкір күлте жапырақшалардан тұрады. Андроцейі 5-10 аталықтан тұрады, аталықтары бір-біріне жанаса өсіп, түтік тәрізді көрінеді. Гинецейі синкарпты, 2-10 жеміс жапырақшадан тұрады. Үстіңгі жатын, екі немесе көп ұялы, көптеген тұқым бүрлері болады, аналық мойны ұзын, аналық аузы екіге айрылған. Гүл формуласы:
*Са (5-10) Со (5-10) А 5-10 G ( 2-10 )
Жемісі - қызыл немесе сары түсті етті шырынды жидек.
Жалпы түсінік
Күрделі гүлділер өздерінің өсетін ортасына, табиғи ерекшеліктеріне қарай әртүрлі пішінді болады. Бұлар қоңыржай аймақта шөптесін өсімдік, шала бұта түрінде өсетін бір, екі немесе көп жылдық өсімдік деп есептелінеді. Бұлардың жапырақтары жай, өркен бойына әдетте кезектесіп, кейде қарама-қарсы орналасқан, пішіндері де әр түрлі, бүтін немесе тілімді болып келеді, бөбе жапырақшасы болмайды, ұсақ гүлдері себет гүлшоғырына топтанады. Себетгүлдің барлық гүлін әдетте жасыл жапырақшалар орамы қоршап тұрады. Майда гүлі өте көп, бір гүл тәрізді жұмырлана топтанған түрі де кездеседі. Мысалы: оны бақбақтан байқауға болады.
Гүл шоғыры - себетгүлдің болуы нағыз күрделі гүлділер тұқымдас өсімдіктерге тән белгі. Әдетте гүлшоғырында толып жатқан ұсақ гүлдер болады, олар гүлшоғырының табанына орналасқан. Көпшілік гүлдері актиноморфты немесе зигоморфты, гүлі көпшілігінде қос жынысты, кейде сирек те болса да жынысты, тіпті жыныссыз түрлері де болады. Олардың гүлінің қосарланған гүлсерігі болады, бірақ тостағаншасы жойылып кеткен немесе жетілмей қалған, адаршалы немесе оның орнында қауырсын тәрізді түкшелі желайдары болады, кейде мүлде болмайды.
Күрделі гүлділердің гүлі бірнеше түрге бөлінеді:
1) Түтікшелі гүлдер - қос жынысты, актиноморфты, күлтесінің жоғарғы жағы бес тілікті болады. Гүл формуласы: *Са (5) -рар-0 Со (5) А (5) G 2
2) Жалған тілшелі гүлдер - 3 күлтесі болады, олар бір-бірімен бірігіп өскен болады да, жоғарғы жағы үш тілікті болып келеді. Гүлі зигоморфты, көбіне бір ғана аналығы болады. Жалған тілшелі гүлдер себетгүлдің шет жағына қарай өседі де, ортасында түтікшелі гүлдер болады. Түстері ашық түсті болып бунақ денелерді өзіне тартады. Мысалы: күнбағыс. Гүл формуласы: ↑ Са (5) -рар-0 Со (3) А 0 G (2)
3) Тілшелі гүлдер - гүлдің күлте жапырақшалары төменгі жағында түтікшеге бірігіп өскен болады да, жоғарғы бөлігі ұзын тілшеге ұқсайды. Тілшенің ұшынан бес тілше жақсы байқалады. Бұдан күрделі гүлділердің арғы тегінде бес күлтежапырақшаларының бірікпей, кейін біріккенін байқауға болады. Тілшелі гүлдер қос жынысты, зигоморфты. Гүл формуласы: ↑ Са (5) -рар-0 Со (5) А (5) G (2)
4) Воронка тәрізді гүлдер - пішіні воронка тәрізді, күлтенің жоғарғы жағы әртүрлі тілікті бесеу болады. Гүлі зигоморфты, гүлінде аталықта, аналықта болмайды. Мұндай гүлдер гүлшоғырдың шетінде өсіп тұрады, ортасында түтікшелі гүлдер өседі. Гүл формуласы:
↑ Са (5) -рар-0 Со (5-7) А 0 G 0
Күрделі гүлділер тұқымдасына мысал ретінде бақбақ - Taraxacum officinale өсімдігін қарастырамыз. Биіктігі жарты метрге жуық, кіндік тамырлы біржылдық шөптесін өсімдік, сирек екіжылдық түрлері де кездеседі. Қысқарған сабақты, жиегі терең тілімделген, жебе пішінді жапырағы тамырға жақын орналасқан. Тілшелі гүлдері себетгүл шоғырына жиналған, тілшесінің түсі сары. Жемісі - айдаршалы тұқымша. Сабақтан жуандау кіндік тамыры төмен қарай тік өседі. Ол топыраққа терең бойлап, өсімдікке қажетті суды топырақтың терең қабатынан алады. Гүл формуласы жоғарыла көрсетілген тілшелі гүлдің формуласы.
Жалпы түсінік
Лалагүл тұқымдастары - біржылдық, екіжылдық, көпжылдық шөптесін даражарнақты өсімдіктер. Бұл тұқымдас өсімдіктердің ішінде эндемді түрлері және туыстары көп, үлкен тұқымдас, барлық континенттерде кездеседі, әдемі гүлдейтін өсімдіктер. Қазақстанда 21 туысы белгілі. Дәм татымдық зат есебінде пияз, сарымсақ, қояншөп тамаққа пайдаланылады. Медицинада дәрі-дәрмек алуда алоэ, інжугүлдің мәні өте зор. әсемдік үшін лалагүл, қызғалдақ, сүмбіл, т. б. қолдан өсіріледі. Кейбір түрлері бөлмеде өсіріледі (мысалы, аспидистра, аспарагус, кірпі шөп, амариллис, т. б. ) .
Лалагүл тұқымдастарының жапырақтары тамырға жақын жерден шығады, қатарлас (параллель) және доға жүйкелі болады. Жапырақ тақтасы тегіс жиекті немесе тіс-тісті болып келеді, бәрінде де тамырсабақтары және пиязшығы болады. Қоңырау тәрізді гүлдері ірі, ашық түсті, қос жынысты, актиноморфты, сирек зигоморфты. Гүлдері шашақгүл, сыпыртқыгүл және шатырша гүл шоғырларын құрайды, кейде бір ғана гүл болады. Гүл жапырағы екі қатар шеңбер бойына орналасқан, бірікпеген, сирек біріккен 6 күлтесі бар, тостағаншасы кейде болмайды. Андроцейі 6 аталықтан, екі шеңбер бойына орналасады, гинецейі 3 аналықтан, үш ұялы, үстіңгі жатын. Жемісі қауашақ кейде жидек болып келеді, тұқымы эндоспермді.
Лалагүл өсімдіктерінің пиязшығы түрі өзгерген өркен болып саналады. Оның түбіртегі түрі өзгерген сабақ болса, етженді қабықшалары шығу тегі жағынан жапырақ. Түбіртектің төменгі төменгі жағынан жер астына тамыр шығады, ал жоғарғы жағы дөңестеу болып келеді де, одан тармақтанбайтын біржылдық өркенін жер бетіне шығарады.
Пиязшығы жер бетіне сабағының шығуынан бұрын жетіле бастайды. Бұл кезде пиязшықта өткен күздегі жаңа бүршік әрі қарай дамиды және қабықшалары қалыптасады. Осыдан кейін ғана жапырақтар мен сабақ шығады. Жаз бойы пиязшықтың қабықшалары қоректік заттар жинақтайды. Гүлдеп бітіп тұқым бергеннен кейін лалагүлдің жер үстіндегі сабақтарымен жапырақтары өледі де, пиязшығы қыста тыныштық күйге көшеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz