1986 ж. желтоқсан оқиғасы



Жастардың Алматы қаласындағы және басқа да аймақтардағы Желтоқсан шеру-көтерілісіне қатысушыларға күш қолданылды, олар соққыға жығылды, қанды жазаға душар болды. Қаза тапқандары да кездесті, жүздеген жас әртүрлі дәрежеде жарақат алды. Алайда, оларға дер кезінде әрі сапалы медициналық жәрдем көрсетілген жоқ. Көтерілісшілерді әрбір отбасы өз үйлерінде жасырып ұстады. Өйткені, бәрімізді топ-тобымызбен, отбасы мүшелерімізбен бірге қуғын-сүргінге ұшырататын шығар деп қорықты. Республикада жүгенсіз кеткен империялық оспадарсыз әрекеттердің ауыр ахуалы қалыптасты. Билік орындарының алдындағы үрей күшейе түсті.
1986 жылғы желтоқсанның екінші жартысы мен 1987-1988 жылдары кең көлемді қуғын-сүргін науқаны жүргізілді. Ол 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісін ұйымдастырушыларды, оны бастап берушілерді, көтерілісшілерге қолдау көрсетушілерді және жалпы арандатушыларды іздестіру мен жазалау ұранымен өткізіліп жатты. Мекемелерді, ұйымдарды көтерілісшілерге бүйректері бұратындардан, сондай-ақ күдікті деген сенімсіз адамдардан тазарту қатар қолға алынды. Ресми түрде жарияланған деректердің өзі бойынша ғана, “шеруге қатысты” деген күдікпен Алматы қаласындағы ішкі істер органдарына 2366 адам жеткізілген. Ал қалалық партия комитетінің 24 желтоқсан күнгі мәліметі бойынша: “Ұлтшылдық пиғылдағы арандатушы элементтер ұйымдастырған тәртіпсіздіктерге қатысты деген күдікпен 2335 адам ұсталды... 30 коммунистің дербес ісі қаралды, олардың 25-і СОКП қатарынан аласталды. Сондай-ақ 591 БЛКЖО мүшесінің дербес ісі қаралып, 245 жас комсомол мүшесі қатарынан қуылды” деп атап көрсетілді.
Көтеріліске шыққан жастарға қолдау көрсетті, тіпті көтерілісті ұйымдастыруға өзі де қатысты деген күдік СОКП Орталық Комитеті Саяси Бросының бұрынғы мүшесі, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бұрынғы бірінші хатшысы Д.А.Қонаевқа да келтірілді. Сол бір сұрапыл оқиғалар кезінде “Правда” газетіне берген бір сұхбатында Г.В.Колбин Д.А.Қонаевты былай деп айыптауға дейін барды: “Алматыдағы оқиғалар үшін ол көп жағдайда ар-намысымен жауапты” (Дәйексөз Мырза Акуевтің “Біріншімен бірге” деген кітабынан алынды. Алматы, 2004, 72-бет). Мәскеу тергеушілерінің белсене қатысуымен Д.А.Қонаевқа қарсы қолданылып, оның беделін түсіретін материалдарды іздестіру және жинастыру барысында оған жақын жүрген бірқатар адамның үйлеріне тінту жүргізілді, өздері тергеуге алынды, түрмеге қамалды. Солардың қатарында Д.А.Қонаевтың көмекшісі Д.Бекежанов та, Орталық Комитеттің Іс басқарушысы А.Г.Статенин де, республика Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысына ере жүретін арнаулы қорғаушы дивизион тобының бастығы М.И.Акуев те бар болып шықты. Бұлардың бәрі де қамауға алынды және сотталды. Оларға көтеріліс жасау туралы бастама көтерушілердің қатарында болыпты-мыс деген жала жабылды. Кейіннен Д.А.Қонаев өзінің “Өтті дәурен осылай” деген өмірбаяндық кітабында Республика Компартиясы Орталық Комитетінің тапсыруы бойынша әрекет жасаған жазалаушы органдар

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
1986 ж. желтоқсан оқиғасы
Жастардың Алматы қаласындағы және басқа да аймақтардағы Желтоқсан шеру-
көтерілісіне қатысушыларға күш қолданылды, олар соққыға жығылды, қанды
жазаға душар болды. Қаза тапқандары да кездесті, жүздеген жас әртүрлі
дәрежеде жарақат алды. Алайда, оларға дер кезінде әрі сапалы медициналық
жәрдем көрсетілген жоқ. Көтерілісшілерді әрбір отбасы өз үйлерінде жасырып
ұстады. Өйткені, бәрімізді топ-тобымызбен, отбасы мүшелерімізбен бірге
қуғын-сүргінге ұшырататын шығар деп қорықты. Республикада жүгенсіз кеткен
империялық оспадарсыз әрекеттердің ауыр ахуалы қалыптасты. Билік
орындарының алдындағы үрей күшейе түсті.
1986 жылғы желтоқсанның екінші жартысы мен 1987-1988 жылдары кең көлемді
қуғын-сүргін науқаны жүргізілді. Ол 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісін
ұйымдастырушыларды, оны бастап берушілерді, көтерілісшілерге қолдау
көрсетушілерді және жалпы арандатушыларды іздестіру мен жазалау ұранымен
өткізіліп жатты. Мекемелерді, ұйымдарды көтерілісшілерге бүйректері
бұратындардан, сондай-ақ күдікті деген сенімсіз адамдардан тазарту қатар
қолға алынды. Ресми түрде жарияланған деректердің өзі бойынша ғана, “шеруге
қатысты” деген күдікпен Алматы қаласындағы ішкі істер органдарына 2366 адам
жеткізілген. Ал қалалық партия комитетінің 24 желтоқсан күнгі мәліметі
бойынша: “Ұлтшылдық пиғылдағы арандатушы элементтер ұйымдастырған
тәртіпсіздіктерге қатысты деген күдікпен 2335 адам ұсталды... 30
коммунистің дербес ісі қаралды, олардың 25-і СОКП қатарынан аласталды.
Сондай-ақ 591 БЛКЖО мүшесінің дербес ісі қаралып, 245 жас комсомол мүшесі
қатарынан қуылды” деп атап көрсетілді.
Көтеріліске шыққан жастарға қолдау көрсетті, тіпті көтерілісті
ұйымдастыруға өзі де қатысты деген күдік СОКП Орталық Комитеті Саяси
Бросының бұрынғы мүшесі, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бұрынғы
бірінші хатшысы Д.А.Қонаевқа да келтірілді. Сол бір сұрапыл оқиғалар
кезінде “Правда” газетіне берген бір сұхбатында Г.В.Колбин Д.А.Қонаевты
былай деп айыптауға дейін барды: “Алматыдағы оқиғалар үшін ол көп жағдайда
ар-намысымен жауапты” (Дәйексөз Мырза Акуевтің “Біріншімен бірге” деген
кітабынан алынды. Алматы, 2004, 72-бет). Мәскеу тергеушілерінің белсене
қатысуымен Д.А.Қонаевқа қарсы қолданылып, оның беделін түсіретін
материалдарды іздестіру және жинастыру барысында оған жақын жүрген бірқатар
адамның үйлеріне тінту жүргізілді, өздері тергеуге алынды, түрмеге қамалды.
Солардың қатарында Д.А.Қонаевтың көмекшісі Д.Бекежанов та, Орталық
Комитеттің Іс басқарушысы А.Г.Статенин де, республика Компартиясы Орталық
Комитетінің бірінші хатшысына ере жүретін арнаулы қорғаушы дивизион тобының
бастығы М.И.Акуев те бар болып шықты. Бұлардың бәрі де қамауға алынды және
сотталды. Оларға көтеріліс жасау туралы бастама көтерушілердің қатарында
болыпты-мыс деген жала жабылды. Кейіннен Д.А.Қонаев өзінің “Өтті дәурен
осылай” деген өмірбаяндық кітабында Республика Компартиясы Орталық
Комитетінің тапсыруы бойынша әрекет жасаған жазалаушы органдар “қамауға
алынғандардан мені қаралап, айыптайтын жауап ала алмады”, деп жазды.
Төменде менің 1988 жылғы 31 қазанда Г.В.Колбиннің атына жазған хатымның
толық мәтіні келтіріліп отыр. Онда мен М.И.Акуевтің заңсыз қамауға алынып,
4 жыл бойы қатаң тәртіп жағдайында түрмеде отыруға сотталғаны туралы
айттым. Бұл кез партияның сара жолынан “тайғандарды” қудалаудың өрттей
өршіп тұрған кезі болғанын айта кеткім келеді.
Хат мәтіні мынау:
“Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің
Бірінші хатшысы Г.В.Колбин жолдасқа
Аса құрметті Геннадий Васильевич!
Өзіңізге жолданып отырған осы хат ең алдымен Сіздің жоғары мәртебелі
беделіңізге және зиялы ақыл-парасатыңызға деген сенімді үмітке негізделіп
жазған шағым-арыз болып табылады. Мақсат – аяққа басылған әділеттілік пен
заңдылықты қалпына келтіруге Сіздің жеке өзіңіздің тікелей араласуыңызды
өтініп сұрау. Менің кәміл көз жеткізген және мені шағым-арыз жолдауға
мәжбүр етіп отырған жағдай мынау: құқық қорғау органдарының қасиетті
құқықтарды аяқасты етуге әбден әдеттеніп алып, жүгенсіздік танытқан іс-
әрекетінің, басқа да бірқатар жағдайлардың салдарынан Қазақ КСР Ішкі істер
министрлігінің арнаулы дивизионының бұрынғы командирі, Қазақстан
Компартиясы Орталық Комитетінің бұрынғы бірінші хатшысы Д.А.Қонаевқа ере
жүріп, оны кездейсоқ қауіп-қатерден қорғауға адал қызмет еткен офицер
М.И.Акуев ешқандай кінәсі болмаса да соттың әділетсіз үкімімен ауыр
жағдайда 4 жыл бойы түрмеде отыру жазасына кесілді. Соттың бұл үкімі заң
тұрғысынан да, адамгершілік тұрғысынан да әділеттілікке жатпайды. Менің
жоғары деңгейдегі сот орындарына шағымданбай, Сіздің тікелей өзіңізге хат
жолдап отыруымның себебі бар: Акуевтің ісіне о бастан-ақ республика партия
органдары, жұмсарта айтқанда, арсыздықпен орынсыз араласты. Сондықтан да
әділдік орнатпақ болған өзге каналдардың бәрінің де жолдары іс жүзінде
мықтап жабылып қалды. Бүгінгі таңда мұның өзі нағыз масқара, жексұрын нәрсе
саналады. Бірақ, бұл – шындық. Ал шындықтан қашып құтылу мүмкін емес.
М.И.Акуев 1987 жылы сәуір айында Қазақ КСР Қылмыстық істер кодексінің 144-
бабының ІІ бөлімі бойынша, яғни, өзінің қызмет бабындағы билігін күш
қолдана отырып асыра пайдаланғаны үшін деп сотталды. Ал оның қылмысты ісі
деп саналып отырған оқиға содан 6 жыл бұрын орын алған еді. Акуев ол
оқиғаға тікелей емес, жанама түрде қатысты болғаны үшін кезінде партиялық
және әкімшілік жолмен тиісті жазасын алған болатын. Сонымен іс біржола
бітіп кеткен еді.
Ал ол оқиға былай болған. Осыдан 6 жыл бұрын капитан М.И.Акуев пен арнаулы
дивизион құрамында болған, қызмет бабында Акуевке тікелей бағынатын жол-
патруль қызметінің инспекторы Төребаев өздерінің әдеттегі кезекшілік
қызметін атқару барысында Алматының орталық көшелерінің бірінде жол
қозғалысы ережесінің “Волга” автомәшинесінің жүргізушісі Телғараевтың
тарапынан өрескел бұзылғанын байқап қалады. Ереже бұзушы бұлардың жарықпен
және дауысты күшейткіш құралмен бірнеше рет берген белгілері мен
ескертулеріне құлақ аспай, тоқтамаған бойы кете берген. Ал оның соңына
түскен қуғыншылар “Волга” автомәшинесін жолдың тас қаланған бордюрлі
жиегіне тықсыра түсіп, әзер дегенде тоқтатқан. Бірақ мәшиненің жүргізушісі
бұларға сонда да бағынғысы келмей, мәшинеден өз еркімен шықпай, қасарыса
отырып алған. Телғараевты қалалық милицияның кезекшісіне табыс ету үшін осы
кезде көмекке жетіп үлгерген қалалық әскери комендатура жауынгерлерінің
араласуымен бұлардың ереже бұзушыны сыртқа күшпен сүйреп шығаруына тура
келген. Осы кезде қасарыса қарсылық көрсеткен Телғараевқа инспектор
Төребаев қол жұмсаған, жүргізушінің мұрны қанап қалған. Болған қолайсыз
оқиғаны қалалық милиция бөлімі бастығының кезекшілік қызметте отырған
орынбасары подполковник Балабаевтың бөлмесіндегі талдау барысында
жәбірленген жүргізуші Телғараев Акуевке ешқандай да кінә тақпаған. Қайта
бір-бірінен кешірім сұрасып, қол алысып қоштасқан.
Алайда, сол күннің ертеңіне бұл іс мүлде басқаша сипат алып, ушыға
шиеленісіп кеткен. Алматы облыстық партия комитетінің кезекші қызметкері
обком мәшинесін МАИ қызметкерлерінің ұстағанын білгеннен кейін бұл туралы
обкомның қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі Майлыбаевқа хабарлаған.
Ұсталған мәшине соған қызмет етеді екен. Болған оқиғаға объективті тұрғыдан
талдау жасау, міне, сол сағаттан бастап командалық-әкімгершілік билікке жол
босатады. Обкомның “беделін түсіруге, оның қызметкеріне қол жұмсауға”
батылы барған милиционерлердің сазайын тарттырып, сыбағасын беруге
ұмтылғандар бұл жұмысқа барлық ынты-шынтымен белсене араласқан. Айып
тағудың бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі тәсілдері мен дайын тұрған тетіктері
жедел түрде іске қосылған. Істің мән-жайына байыпты қарамаудың салдарынан
Акуев кезекшілік кезіндегі жетекші ретінде жауапты деп саналып, СОКП
мүшелігінен шығарылады және оның үстінен қылмысты іс қозғалады. Соның
артынша жалған сот-медицина сараптамасы дүниеге келе қалады. Онда Акуев пен
Төребаевтың Телғараевты соққыға жығуы салдарынан оның “бас сүйегі мен миына
зақым келген, миы шайқалған” деп көрсетіледі.
Сонымен, 1982 жылғы 11 ақпан күні Алматы қаласының Совет аудандық соты
Төребаевты Қазақ КСР Қылмыстық істер кодексінің 144-бабы бойынша 3 жылға
шартты жазамен соттап, халық шаруашылығы саласында жұмыс істеуге үкім
шығарады. Ал Акуевтің қылмыстық ісі ешқандай қылмыс құрамы жоқ болғанына
байланысты тергеу барысында-ақ қысқартылған болатын. Соңынан оның партия
мүшелігі қайтадан қалпына келтірілді – оған партиялық сөгіс берумен
шектелді.
Ал содан бері арада 6 жыл өткеннен кейін, жаңадан ашылған ешқандай тың
деректердің жоқтығына қарамастан, Акуевтің “қылмысты ісі” қайтадан еске
алынды. Ол істің қысқартылып кеткені туралы сот шешімі біреулердің ықпалды
ерік-жігерімен бұзылып шыға келді. Сөйтіп Акуев 1987 жылғы сәуірде осыдан 6
жыл бұрынғы аталмыш оқиға кезіндегі іс-әрекеті үшін қайта сотталды.
Арада 6 жыл өткеннен кейін Акуевтің әбден ескірген, тіптен ұмыт болған
дерлік, оның үстіне бәлендей мән беруге де тұрмайтын болмашы “қылмысты
ісінің” қайта көтерілуінің себебі неде? Менің кәміл сенімім бойынша, бұл
істі шектен тыс даурықтыра дабырайтып көрсетіп, Акуевті соншалықты қатаң
жазаға кесу – ауыр жағдайда еңбекпен түзеу колониясына 4 жылға бас
бостандығынан айыру – әлдебір ықпалды біреулердің арсыздықпен араласуы
арқылы ғана әбден мүмкін болатын нәрсе. Мұндай жазаның шектен тыс
сәйкессіздігі бұл ретте бастама көтеріп, ынта-жігер танытқан мүдделі
біреулердің беттерін тым болмаса бүлк еткізбегені таңғалдырады. Немесе
негізгі кінәлі Төребаев оқиғаның кезек күттірместей неғұрлым маңызды
кезінде 3 жылға шартты жазаға сотталғанын, ал қылмысты ісі қысқарып кеткен
соң, оның үстіне, кезінде тиісті партиялық және әкімшілік жазасын алған
Акуевтің енді арада 6 жыл өткеннен кейін мынадай қатаң жазаға кесілуінде
өзара салыстыруға келерлік ешқандай сәйкестік жоқ. Оның үстіне, Акуев соңғы
алты жылда бұрынғы кезіндегідей, өзінің қызметін үлгілі атқарғаны, өзін тек
жақсы жағынан көрсетіп, әрқашан белсенді, бастамашыл, өз ісіне шын берілген
адал қызметкер ретінде танытқаны ескерілмеген.
Сонда бұл сұмдықтың сыры неде? Мұның “сыры” мынада: 1986 жылғы Желтоқсан
оқиғасы бойынша іле-шала басталған жазалау отрядының одан әрі жалғаса
түскен күресі барысында Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бұрынғы
бірінші хатшысы Д.А.Қонаевтың бұрынғы көмекшісі Д.Бекежановты жауапқа тарту
керек болды. Ал Д.Бекежановтың жасаған қиянат істеріне қатысты тізімге
Акуев те ілігіп кетті. Сөйтсе, Бекежанов Акуевті 1981 жылы қылмысты
жауапкершілікке тартылатын жерінен құтқарып жіберіпті-міс. Бұл деректің
шындыққа қаншалықты жанасатынын мен білмеймін. Егер ондай жағдайда
Бекежанов өзінің тікелей бастығының атынан әрекет еткен болса, оныкі шын
мәніне келгенде дұрыс қой. Республиканың бұрынғы басшысы берген
нұсқаулардың, қызмет бабында орын алған қайшылықтардың барлығын бірдей
жіпке тізіп, оның тек “бұрынғы басшы” болғандығы үшін ғана дұрыс емес дей
салуға болмайды. Мен осылай деп білемін. Ал істің шынтуайтына келсек, ол
кезде Акуев Бекежановпен таныс та емес еді, онымен ешқандай туыстық немесе
жерлестік қарым-қатынасы да жоқ болатын. Ол кезде, 1981 жылы, шынында да
Акуевке ара түскен, сөйтіп оған байланысты әділ шешімнің қабылдануына қол
жеткізген адам Қазақ КСР Ішкі істер министрі А.Г.Платаев еді. Мен және
басқа да адамдар оның Акуев туралы: “Ол біздің ең жақсы офицеріміз, аузына
арақ алмайды, темекі де тартпайды. Мен оны соттатып жібере алмаймын” (Бұл
сөзді ол 1982 жылғы ғылыми-практикалық конференция кезінде айтқан болатын)
дегенін өз құлағымызбен естіп, куә болғанбыз.
Мәселенің мән-жайына түсінбей жатып, Қазақстан Компартиясы Орталық
Комитетінің Әкімшілік бөлімі Акуевтің ісін Бекежановтың ісіне қосақтай
салуға кең жол ашып берді. Бұл жерде Акуевтің болашақ тағдырының қандай
болатыны мен жеке басының мүдделері мүлде ескерілмеді.

Сол бір негізсіз айыптауда Сіздің 1987 жылғы 9 наурызда “Правда” газетінде
жарияланған жауабыңыз шешуші рөл атқарды. Онда Сіз, атап айтқанда, былай
деп жазған болатынсыз: “Кезінде Бекежановтың қанатының астында қамқор
қорғаушылыққа бөленгендер қатарында кеңшарлардың бірінің бұрынғы қызметкері
Д.Туровтың, жазушы Т.Есімжановтың, “Қазақфильм” студиясының бұрынғы
директоры К.Ахметовтің, Ішкі істер министрлігі жүйесінің қызметкері
М.Акуевтің, бұрынғы бірқатар шаруашылық басшылары А.Смыковтың,
Д.Ковиньконың және басқалардың болғаны рас. Қазір Статенин мен Акуев
қамауда отыр. Олардың істері сотқа тапсырылды”. Міне, мұндай жағдайда
бұрыннан қалыптасқан дағдылы әдеті бойынша Орталық Комитеттің Әкімшілік
бөлімі істі жалма-жан “қатаң бақылауға” ала қойды. Ал сол бақылаудың
астында жұмыс істеген тергеу орындары, прокуратура мен сот органдары Сізді
“ұятқа қалдырмау үшін” барлық күш-жігерлерін аямай жұмсады, Республика
Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысының сөзі дұрыс екенін қайтсе
де дәлелдеп шығуға тырысып бақты. Мен Сіздің жеке басыңыз бұл істің тап
осылай ушығуына әлдебір мүдделілік таныта қойған шығар деп тіпті де
ойламаймын. Алайда бұған дейін ондаған жылдар бойы осындай “партиялық
тәртіп рухында” тәрбиеленіп келген құқық қорғау органдарының тап осы
бағытта тағы да “мінсіз жұмыс істегеніне” кәміл сенемін. Солай болды да.
Әрине, ондай жағдайда заңдылықтың және бұра тартпайтын турашылдықтың,
тергеуді және сот ісін жан-жақты да толық көлемінде жүргізудің, әділеттілік
қағидаларының, сондай-ақ кінәсіздік жорамалының қайдағы бір дерексіз, мән-
мағынасын жоғалтқан бос сөздерге айналатыны белгілі.
Тергеу және сот ісі біржақты бұрмалаумен жүргізілді. Социалистік
заңдылықтың нормалары мен қағидаттары алдын ала көзделген қиянатты
мақсатпен аяқ басқан сайын қасақана бұрмаланумен, бұзылумен болды. Солардың
кейбіреулері мынадай:
1. Көше қозғалысы ережесін бұзушыны – жүргізуші Телғараевты қалалық ішкі
істер басқармасының кезекші қызметкері отыратын бөлмесіне алып келген және
қалалық басқарма бастығының орынбасары А. Балабаевтың, облыстық партия
комитетінің сол күнгі кезекші қызметкері Ұмбаевтың қатысуымен істің ізін
суытпай, жедел түрде жүргізілген талдау барысында ол жәбірленуші ретінде
өзінің Акуевке тағатын ешқандай кінәсі жоқ екенін, оның ұрып-соғуға
қатыспағанын, өзіне екі рет жұдырық жұмсаған Акуев емес, инспектор Төребаев
екенін ашық айтқан. Мұны Балабаев та, төрт әскери қызметші де растайды.
Алайда аса маңызды бұл дерек алдын ала тергеу және 1987 жылғы сот ісінің
барысында “ұмыт қалып” кеткен.
2.1981 жылы болған жол жүру ережесінің бұзылу оқиғасына байланысты облыстық
партия комитетінің қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, ол кезде өзін
“қолынан бәрі де келетін аса мықты адам” санайтын Е.Майлыбаевтың тас-талқан
болып ашуланған шамшылдық әрекеттері, сөйтіп Акуевтің ісіне қисынсыз
араласқаны сияқты бірінші дәрежелі маңызы бар деректердің назарға ілікпей,
мүлде тексерусіз қалғаны кімнің де болса көзіне бадырая көрініп тұр.
Телғараев “құдіретті басшы” Майлыбаевтың ауызекі берген бұйрығы бойынша
ауруханаға жатқызылады. Оған “миы шайқалған” деген диагноз қойғызылады.
Тіпті, оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Желтоқсан оқиғасының тарихтағы орны
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы жайлы
Желтоқсан көтерілісінің құрбандары
Желтоқсан оқиғасы қарсаңындағы көтерлістің қозғаушы күші
1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қазақ жастарының қатысуы және оның тарихи маңызы
Қайта құру кезеңіндегі Республиканың қоғамдық-саяси өмірі
Қайта құру кезеңіндегі республиканың қоғамдық-саяси өміріндегі өзгерістер
Желтоқсан көтерілісі. Көтеріліс хронологиясы
Қазақ әдебиетіндегі желтоқсан тақырыбы
Қазақстанның қалаларында болған демократиялық сипаттағы қазақ жастарының шерулерінің Желтоқсан көтерілісі
Пәндер