Ақшаның қызметтерін, түрлерін және айналыс әдістерін талдау



Мазмұны

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

I. Ақшаның теориялық негіздері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
1. 1. Ақшаның пайда болуы және оның тауарлы жаратылысы . . . . . .
1. 2. Ақшаның қажеттілігі мен экономикалық мәні . . . . . . . . . . . .

II. Ақшаның қызметтерін, түрлерін және айналыс әдістерін талдау . . . .
2. 1. Ақшаның қызметтері және түрлері . . . . . . . . . . . . . . . . . .
2. 2.Ақша жүйесі туралы түсінік, оның элементтері және негізгі типтері.
2. 3. Ақшаның айналымы және айналыс әдістерін талдау . . . . . . . . .

III. Қазақстан Республикасының ақша реформасы, оның қалыптасуы
және теңгені тұрақтандырудың мәселелері . . . . . . . . . . . . . . .

Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Кіріспе
Қазақстан егемендік алғаннан кейін мемлекеттік тілдің қоғам дамуының әр түрлі салаларында – сыртқы дипломатиялық, ішкі әлеуметтік- экономикалық, педагогикалық, кәсіпкерлік және басқа көптеген бағыттарда бірлікті мамандарды даярлау ісінде кеңінен қолдану және тереңдете меңгерудің алғы шарттарын іргелі түрде жүргізу бүгінгі таңда кезек күттірмес мәселелердің бірі болды. Ақша – қазіргі өркениеттіліктің өзінен ажырағысыз белгілері. Олардың қызметі қоғамдық өнімді өндіруді, бөлуді, айырбастауды және тұтынуды бір- бірінен бөлінбейтін үздіксіз процеске айналдырады. Оларды пайдаланбай ешбір шаруашылық субъектісінің ісі тынбайды, ал кез-кезген адам үнемі немесе анда-санда банк қызметін пайдаланады. Банктер уақытша қолданылмаған ақша қаражатын жинақтап, оларды салалар мен аймақтар, кәсіпорындар мен халықтар арасында қайта болумен қатар, экономиканы қосымша капиталмен қамтамасыз етіп, сайып келгенде қоғамдық байлықты көбейтуге негіз қалайды.
«Ақша,несие, банктер» курсы жоғары және орта экономикалық оқу орындары студенттерінің ақша,несие және банктер туралы теориялық білімін қалыптастыратын пән.
Ақша теориясында – ақша жүйесін, ақша айналымын, қолма- қол ақша және қолма-қол емес ақшасыз айналысты ұйымдастыру ережелеріне сай қарастырылған. Бұнда инфляция материалдық өндіріс пен ақша айналысы заңдарының бұзылуының салдары ретінде қаралып, ақша реформасының механизмі, оны жүргізудің алғы шаралары тәртібі мен нәтижесі көрсетілген. Сонымен қатар ақша және несиенің теориялық мәселелері, олардың нарықтық қатынастар жағдайында қызмет етуінің заңдылықтары мен ағымы, сондай ақ экономиканың нарықтық тұрғыдан түрлендірілуіндегі, қаржы-несие институттарының алатын орны мен рөлі, халықаралық валюталық қатынастар мен дүниежүзілік валюталық жүйелердің даму кезеңдерін қамтиды.
Қазіргі Қазақстан экономикасы, соның ішінде несие ақша және қаржы шаруашылығы: ақша-несие жүйесін реформалау қатаң инфляция жағдайында бізде бұрын-соңды болмаған жаңа ақша-несие қатынастары; несие-қаржы институттарының жаңа түрлерінің пайда болуы; нарық экономикасымен және меншіктің көп түрлі формасына бейімделген екі буынды банктік жүйенің қалыптасуы; жоғары дәрежеде монополияланған мемлекеттік банктік құрылымдардың әкімшілік- әміршілдік басқару жүйесінен пайда табуға, коммерциялық жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған жеке және ұйымдық меншікке негізделген несиелік мекемелерге өту тәрізді бірқатар маңызды өзгерістерді жүзеге асыруда.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Көшенова Б. А. «Ақша. Несие. Банктер. Валюта қатынастары.» Оқу құралы/ – Алматы: Экономика, 2000 жыл.
2. Мақыш С. Б. «Ақша айналысы және несие» Оқу құралы/ – Алматы: Қазақ университеті, 2000 жыл.
3. Сейтқасымов А. С. «Ақша. Несие. Банктер.» Оқулық/ – Алматы: Экономика, 2001 жыл.
4. Абдрамова М. А., Александрова Л. С. «Финансы, денежное обращение и кредит» Учебное пособие/ – Москва: Институт международного права и экономики, 1996 жыл.
5. Эдвин Дж.долан «Деньги, банки и денежно-кредитная политика». Санкт-Петербург «Санкт-Петербург Оркестр», 1994 жыл.
6. «Деньги и кредит» 12/1995 жыл. Изд. "Финансы и статистика".
7. «Деньги, кредит, банки». Справочное пособие. Под редакцией Г. И. Кравцовой, 1994 жыл.
8. Общая теория денег и кредита. Под редакцией Е.Ф. Жукова/ – Москва «Банки и биржа», 1995жыл.
9. Антонов А. Г., Пессель М. А. «Денежное обращение, кридиты, банки»
– Москва: Финстатинформ, 1995 жыл.
10. Гринберг И. «Рубль, черновец, тенге» – Алматы: Қаржы- қаражат, 1997 ж.
11. Лаврушина О. И. «Деньги. Кредит. Банки.» Учебник/ Под редак. Издание-2, перевод и дополнение. Москва: Финансы и статистика, 1999 жыл.
12. Саниев М. С. «Деньги. Кредит. Банки» – Алматы: Алматинский коммерческий институт, 2000 жыл.
13. Бункина М. К. «Деньги. Банки. Валюта» Учебное пособие/ – Москва: Дис, 1994 жыл.
14. Балабанов И. Т. «Финансовый менеджмент» Учебник/ – Москва: Финансы и статистика, 1994 жыл.
15. Қазақстан Республикасының ақша жүйесі туралы Қазақстан Республикасының заңы/ 13 желтоқсан 1993 жыл.
16. Қазақстан Республикасының Президентінің заң күші бар жарлығы: «Қазақстан Республикасында ұлттық валютаны енгізу туралы»/ 12 қараша 1995 жыл.
17. Любимов Л.Л., Липсиц И.В. «Основы экономики», Москва «Просвещение», 1994 жыл.
18. Максимова В.Ф., Шишов А.Л. «Теория рыночной экономики» т.1. ч.2. – Москва: Соминтэк, 1992жыл.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_ _ _
I. Ақшаның теориялық негіздері _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_
1. 1. Ақшаның пайда болуы және оның тауарлы жаратылысы _ _ _ _ _ _
1. 2. Ақшаның қажеттілігі мен экономикалық мәні _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
II. Ақшаның қызметтерін, түрлерін және айналыс әдістерін талдау _ _ _ _
2. 1. Ақшаның қызметтері және түрлері _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_
2. 2.Ақша жүйесі туралы түсінік, оның элементтері және негізгі типтері_
2. 3. Ақшаның айналымы және айналыс әдістерін талдау _ _ _ _ _ _ _ _ _
III. Қазақстан Республикасының ақша реформасы, оның қалыптасуы
және теңгені тұрақтандырудың мәселелері _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_
Қорытынды _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_ _
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

Кіріспе
Қазақстан егемендік алғаннан кейін мемлекеттік тілдің қоғам дамуының
әр түрлі салаларында – сыртқы дипломатиялық, ішкі әлеуметтік- экономикалық,
педагогикалық, кәсіпкерлік және басқа көптеген бағыттарда бірлікті
мамандарды даярлау ісінде кеңінен қолдану және тереңдете меңгерудің алғы
шарттарын іргелі түрде жүргізу бүгінгі таңда кезек күттірмес мәселелердің
бірі болды. Ақша – қазіргі өркениеттіліктің өзінен ажырағысыз белгілері.
Олардың қызметі қоғамдық өнімді өндіруді, бөлуді, айырбастауды және
тұтынуды бір- бірінен бөлінбейтін үздіксіз процеске айналдырады. Оларды
пайдаланбай ешбір шаруашылық субъектісінің ісі тынбайды, ал кез-кезген адам
үнемі немесе анда-санда банк қызметін пайдаланады. Банктер уақытша
қолданылмаған ақша қаражатын жинақтап, оларды салалар мен аймақтар,
кәсіпорындар мен халықтар арасында қайта болумен қатар, экономиканы қосымша
капиталмен қамтамасыз етіп, сайып келгенде қоғамдық байлықты көбейтуге
негіз қалайды.
Ақша,несие, банктер курсы жоғары және орта экономикалық оқу
орындары студенттерінің ақша,несие және банктер туралы теориялық білімін
қалыптастыратын пән.
Ақша теориясында – ақша жүйесін, ақша айналымын, қолма- қол ақша және
қолма-қол емес ақшасыз айналысты ұйымдастыру ережелеріне сай қарастырылған.
Бұнда инфляция материалдық өндіріс пен ақша айналысы заңдарының бұзылуының
салдары ретінде қаралып, ақша реформасының механизмі, оны жүргізудің алғы
шаралары тәртібі мен нәтижесі көрсетілген. Сонымен қатар ақша және несиенің
теориялық мәселелері, олардың нарықтық қатынастар жағдайында қызмет
етуінің заңдылықтары мен ағымы, сондай ақ экономиканың нарықтық тұрғыдан
түрлендірілуіндегі, қаржы-несие институттарының алатын орны мен рөлі,
халықаралық валюталық қатынастар мен дүниежүзілік валюталық жүйелердің даму
кезеңдерін қамтиды.
Қазіргі Қазақстан экономикасы, соның ішінде несие ақша және қаржы
шаруашылығы: ақша-несие жүйесін реформалау қатаң инфляция жағдайында бізде
бұрын-соңды болмаған жаңа ақша-несие қатынастары; несие-қаржы
институттарының жаңа түрлерінің пайда болуы; нарық экономикасымен және
меншіктің көп түрлі формасына бейімделген екі буынды банктік жүйенің
қалыптасуы; жоғары дәрежеде монополияланған мемлекеттік банктік
құрылымдардың әкімшілік- әміршілдік басқару жүйесінен пайда табуға,
коммерциялық жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған жеке және ұйымдық
меншікке негізделген несиелік мекемелерге өту тәрізді бірқатар маңызды
өзгерістерді жүзеге асыруда.

I. Ақшаның теориялық негіздері
1. 1. Ақшаның пайда болуы және оның тауарлы жаратылысы
Ақша – өндіру мен бөлу процестерінде адамдар арасындағы белгілі бір
экономикалық қарым-қатынастарды көрсететін, тарихи даму үстіндегі
экономикалық категория болып табылады.
Ақша адамдарға ежелден таныс. Бірақ оның қалай пайда болғандығы
туралы құпия сыры және қоғам өміріндегі мәні көп уақытқа дейін беймәлім
болды. Бұл сұрақтарға қоғам өмірін зерттей келіп, оқымыстылар ақшаның
тауар айналымында атқаратын маңызын жан-жақты ашып, жауап берді.
Ақша – тауарлы өндірістің өнімі. Сонда өнім мен тауардың айырмашылығы
неде? Тауардың ақшаның пайда болуына, оның қолдануының өрістеуіне әсер ету
жағдайларын тарихи тұрғыдан қарап өтелік.
Қоғамдық дамудың алғашқы қауымдық құрылысы жағдайында бір қауым өз
тұтынуынан ауысқан өзінің қандай да болсын еңбек өнімін анда-санда
кездейсоқ кездескенде басқа бір қауымның өніміне айырбастайды. Сонда, адам
еңбегінің нәтижесі – өнім (зат). Ал оны өндірушілердің белгілі бір қоғамдық
қатынастарын, яғни өнімді сату–сатып алу қатынастарын дәлелдейтін түрі-
тауар. Тауар дегеніміз сату–сатып алу жолымен айырбасқа түскен еңбек өнімі,
немесе тауар – еңбек өнімінің айырбасқа арналған формасы. Тауар ең алдымен
өндірушінің басқа өнімдерге айырбастау мақсатымен жасалған еңбек өнімі
түрінде айырбас кезінде, яки нарықта көрінеді. Егер өнім өндірушінің
өзінің тұтынуы үшін жұмсалса, ондай еңбек өнімі тауар сипатын алмайды.
Мәселен, етікші өзі тіккен етікті өзі пайдаланса, онда ол тауар емес,
тұтыну заты.
Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер нақты еңбектің нәтижесі-
тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса, қоғам оны мойындамағаны, онда оны
жасауға жұмсалған уақыт босқа кеткен уақыт болғаны да, зат тауар түріне ие
боламағаны, себебі ол қоғамға керексіз зат. Тауардың басқа адамдардың
қажетін қанағаттандыратын қасиеті тауардың тұтыну құны болады, яғни
тауардың қоғамдық тұтыну құны болып табылады. Тұтыну құны тауарды
өндірушінің өз қажетін емес, басқа өндірушінің тауарына айырбастау арқылы
басқа адамдардың қажетін өтейді. Тауардың басқа тауарға айырбастау қасиетін
оның айырбас құны деп атайды. Айырбас құнын тауарлар сатылғанда ғана ілесе
жүретін бағалық көрсеткіш айқын көрсетеді. Сонымен тауардың тұтыну құны
басқа адамдардың қажетін қанағаттандыру қасиетінен шығады да, ал басқа
тауарларға айырбасталу қасиетінен айырбас құны шығады. Әрбір тауар өзінің
өндірушісіне айырбас құны ретінде тұтыну құнын алатын құрал болады. Айырбас
құны, яғни тұтыну құндары айырбасталуының пропорциясы, ол- құнның айырбас
актісіндегі сыртқы көрінісі.
Айта кететін жәйт, кез келген пайдалы зат құн бола алмайды. Себебі
адам еңбегі жұмсалмаған заттардың құны жоқ. Құн дегеніміз – тауар
өндіргенде жұмсалатын еңбек жиынтығы. Қоғам дамуының негізі – еңбек.
Сондықтан, тауарға сіңген қоғамдық еңбек тауардың құны болады. Бұл бір
жағынан, ал екінші жағынан еңбек шығындары өздігінен өнімді құн ете
алмайды. Өнімнің құны болуы үшін белгілі- бір қоғамдық жағдай болуы қажет-
ол тауар өндірісі, яғни өндірістік қатынастар, оның ішінде айырбас
қатынастары болуы шарт. Ол тек тауар өндірушілердің ғана қатынастары.
Айырбас кезінде олардың белгілі бір тауарды басқа тауарларға теңестірулері
кезінде, яғни айырбас құны арқылы көрінеді. Тауарлардың құнын қоғамдық
сипатта – нарықта, айырбас кезінде байқауға болады. Сөйтіп құн деген заттың
қоғамдық қасиеті.
Құн – тарихи категория. Құнның негізі – адам еңбегі. Құн – еңбектің
нәтижесі, еңбек жемісі. Құн деген идея адамзат тарихында көптен бар.
Адамзат қоғамының даму сатыларында айырбас қатынастары да дамып, одан
әрі жетіліп, нарықта тауарлар тек натуралды зат ретінде ғана бір-біріне
айырбасталып қоймай, бүкіл тауарлар дүниесінен ерекше бір тауар, яғни
тауар-ақша пайда болды. К.Маркстың сөзімен айтқанда: Айырбас құны,
тауарлардан бөлініп және сол тауарлармен қатар дербес тауар ретінде жүретін
тауар, ол -ақша. Әрбір жеке тауар тұтыну ретінде көрінеді. Оның құны
белгісіз, ол тек тауарды ақшаға теңгергенде ғана анықталады. Тауар мен ақша
айырбас процесінде бірін-бірі алмастырады және біріне- бірі теңгеріледі.

Алғашқы қауымдық құрылыстың өрістеген шағында, яғни бір қауым өзінің
тұтынуынан артылған кез келген өнімін анда-санда, кездейсоқ кездескенде
басқа қауымның өніміне айырбастағанда құнның алғашқы формасы- құнның
қарапайым, жеке немесе кездейсок формасы көрінеді. Мысалы, 1 өлшем астық
1 қойға және т.б. айырбасталды немесе Т=Т. Бұл теңдікте бір тауардың құны
екінші тауарға айырбасталғанда көрінеді. Тосынан қарағанда айырбасталатын
екі тауардың ролі бірдей сияқты. Ал шын мәнінде екінші тауар (қой) бірінші
тауар (астық) құнының көрінісі, яғни ол бірінші тауардың құнын материалдың
ролін атқарады. Өз құнын басқа тауармен көрсететін тауар құнның
салыстырмалы относительді формасында болады. Ал екінші тауардың құнын
білдіретін тауар құнның баламалы эквивалентті формасында болып, оның
эквиваленті, яғни баламасы болып есептеледі. Құнның бұл формасы, аты айтып
тұрғандай айырбас процессін алғаш пайда болған кезіне, оның көп тарамай
кездейсоқ сипатта болған кезіне сай келеді. Бұл кезеңде эквивалент ролін
кез келген әр түрлі тауарлар атқарды.
Тауар өндірісі дамыған сайын кездейсоқ айырбас тұрақты процеске, ал
айырбас құнының қарапайым түрі толық немесе дамыған түріне
айналды.Егіншіліктен мал шаруашылығының бөлінуі, яғни алғашқы ірі қоғамдық
еңбек бөлінісі нәтижесінде мал кездейсоқ емес, қайта басқа тауарларға мол
айырбасталатын болды. Енді басқа тауарлар малға айырбасталғанда кездейсоқ
тауарлар емес, қайта айрықша эквиваленттер ретінде жүрді. Айырбас дамуының
жаңа сатысын білдіретін формасы құнның толық намесе кеңейтілген формасы деп
аталды.
Құнның екінші формасы тауарлы өндірістің ұлғайып, одан әрі нығаюын,
өндірістік байланыстардың өрістеуін сипаттайды. Бұл сәтте өнім
өндірушілер тауарлар арасындағы сандық арақатынастардың дәлдігіне айырықша
мән беретін болды, өйткені, айырбас процесі тауарларды өндіруге
жұмсалған еңбекті өтеуде барған сайын зор роль атқарады.
Тауар өндірісінің өсуі, айырбастың жиілігі мен жүйелілігі барлық
тауарлар арасынан бір тауардың бөлініп шығуына әкеп соқтырды. Бұл
тауарға басқа тауарлар көбірек, әрі жиі алмастырылып, ол қалған тауарлар
көбірек, әрі жиі алмастырылып, ол қалған тауарлар үшін эквивалент, яғни
жалпыға ортақ балама тауар болды. Сөйтіп, құнның кеңейтілген формасы
біртіндеп құнның жалпыға ортақ формасына айналды. Оның формуласы мына
сипатқа ие болды:
4 қап астық+ 1 балта+ 1құмыра және т.б.= 1 қой
Жалпыға ортақ эквивалент ролін атқарартын тауар үшін әр түрлі
халықтарда және сол бір халықтың өзінің тарихының әр түрлі даму
кезеңдерінде жалпыға бірдей құн эквивалентін әр түрлі өнімдер атқарды.
Қорыта айтқанда, өндіргіш күштерінің жетілуі айырбас процесін
үздіксіз құбылысқа айналдырып, тауар айырбасталуының өмірлік мәнге ие
болуы жалпыға ортақ құн эквивалентінің қажеттілігін туғызды. Бірақ ондай
роль көп уақытқа дейін тек бір тауарға ғана бекітілген жоқ.
Уақыт өте келе және тауар өндірісінің өрістеуі айырбасты ұлғайтып,
оның жергілікті нарықтың шегінен шығуына әкеп соқтырды. Бұл кезде құнның
жалпыға ортақ эквивалент қызметін белгілі бір тауар атқара бастады. Ол
тауар – ақша. Нәтижесінде құнның жалпыға ортақ формасы құнның ақшалай
формасына ауысып, айырбас процесіне нақты орнықты. Оның формуласы:
1қой+4 қап астық+1 балта+1 құмыра және т.б= 1 ақша көлемі. Сөйтіп,
ақша пайда болды. Ақша деген тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған
түрі, құнның эквиваленттік формасымен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше
тауар. Немесе ақша деген тауар өндіру мен оны айырбастау процессінде
басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айырықша қызметі –
барлық тауарларға ортақ балама (эквивалент) ролін атқару.
Ақша кез келген тауар құнын білдіретін ерекше тауар ролін атқарады.
Ол мынадан айқын көрінеді:
Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық
еңбектің нәтижесі екенін анықтауға болады. Мысалы, ақшаның тауарлар
айырбасында делдалдық етуі арқылы қоғамдық еңбектің сапалық деңгейі
айқындалып, сандық есебі жүргізіледі.
Екіншіден, әр адамның еңбектегі, яғни қоғамдық өнімдегі үлесін де
ақша арқылы анықтауға болады. Себебі, адамның қоғамдық еңбектегі үлесін
жалақы ретінде алғанда ақша төлем құралы қызметін атқарғаны.
Үшіншіден, айырбас процесінде ақшаның делдалдық етуімен тауардың
ішкі қайшылықтары да шешіледі. Тек ақшаның пайда болуына байланысты бүкіл
тауарлар тұтыну құндары түрінде айырбас қатынасының бір жағында тұрады да,
ал екінші жағында бүкіл тауарларға қарсы құнның тұлғасы ретінде ақша қарсы
тұрады.
Тауарлар дүниесінің тауар және ақша болып екіге бөлінуі оның тұтыну
құнымен құнының, яғни тауардың ішкі қарама-қарсы жақтарының қайшылығын
шешуге жол салады. Өйткені, егер тауар сатылса, оның тұтыну құнының
біреудің қажетін өтеуге керек болғандығы. Бұл бір жағынан, ал екінші
жағынан оның құнының бар екендігі дәлелденгені. Сатылған құн енді ақша
түрінде тауар өндірушінің қолына түседі. Сөйтіп, тауар өндірушіге түскен
ақшаның мөлшеріне қарай өз өндірісіне басқа кез келген қажетті тұтыну құнын
алуға мүмкіндік туады.
Қорыта айтқанда, құнның ақшалай формасының пайда болуы, яғни ақша –
тауардың жалпы эквиваленті болуы тауар өндірісінің ұлғайып, айырбас
қатынастарының алғашқы кездейсоқ жағдайдан нақтылы және үнемі қайталанатын
процеске айналып, кең көлемде өсуіне жол ашты.

1. 2. Ақшаның қажеттілігі мен экономикалық мәні
Ақшаның объективті қажеттілігі тауар өндірісі және одан туындайтын
тауар айналысына байланысты. Ақша кез келген тауар айналысының
құрамдас бөлігі және оның нәтижесі. Тауар және ақша бір-бірінен
ажырамайды, себебі ақша айналымынсыз тауар айналымы болмайды,
болуы да мүмкін емес.
Әйтсе де адам өміріне ақшаның қажеттілігі туралы әр
уақытта әр түрлі ойлар айтылуда. Рационалистік концепцияны (ақыл-
ой талабына ғана негізделген көзқарас) жақтаушылар ақша
адамдар арсындағы келісім құралы, ол айырбас кезінде құндардың
қозғалысына қажетті арнаулы құрал деп түсіндірді.
Ал, эволюциялық концепцияны (өрістеу, бірте-бірте даму
көзқарасын) жақтаушылар бұл жұмбақты басқаша шешуде. Бұл
концепция қоғамдық тауар өндірісін зерттей келіп, ақша
адамдардың еркінсіз айырбастың ұзақ дамуының нәтижесінде бүкіл
тауарлар әлемінен бөлініп шыққан ерекше тауар екенін
дәлелдейді.
Басқа тауарлардың құн мөлшерін өз құны бар тауар ғана
көрсете алады. Тарихи ондай тауар ретінде қымбат бағалы
металдар, әсіресе алтын жүрген. К.Маркстың айтуынша, табиғат
ақша шығармайды, ал алтынға ол қасиетті қоғам берген. Себебі:
– біріншіден, оның өте жақсы табиғи сапасы бар(бертектілігі,оңай
бөлінуі, әдемі түрі, тотықтанбауы, бұзылмай сақталуы)
– екіншіден, бұл ең бастысы, алтынның бір шама жоғары құны бар
және алтын ақша құнсызданбайды.
Алтынның қоры шектеусіз еместігінен, оны шығаруға зор еңбек
жұмсалады. Бұл бір жағынан. Екінші жағынан оның құнсызданбауы
туралы, егер толық құнды алтын ақшаның айналымдағы мөлшері оның
нақты қажеттілігінен көп болса, онда олар айналымнан шығып, байлық
қорына түседі. Керісінше айналымға қолма-қол ақшаның қажеттілігі
өссе, онда алтын ақша ешбір кедергісіз байлық қорынан айналысқа
кері оралады.
Қазіргі кезде, алтын дүниежүзілік ақша ретінде қолданбауы
жағдайында, орталық банктерде шоғырланған алтын қоры мемлекеттің
алтын валюта қорын құруға пайдаланылады.
Сонымен бірге алтын қорын сақтау алтын фетишіне (бірдемеге
сөзсіз иелену, бас ию) де байланысты. Мысалы, Орта ғасырда меркантелистер
экономикалық саясаттың негізі елде жиналған асыл металдар деп дәлелдейді.
Алтын фетиші жеке адамдар санасында әлі күнге дейін сақталуда, олар
алтынға жинақтарын сақтаудың сенімді кепілі деп қарайды. Одан басқа, алтын
қоры халықаралық төлемде қолданылатын ұлттық валютаға сенімін арттырады.
Дегенмен алтын ақшаға бірсіпыра кемшіліктер тән. Атап айтқанда:

– алтын ақшаны қолданудың өте қымбаттығы, оған кеткен шығын
қағаздан жасалған ақша белгілерінен әлдеқайда көп. Алтын өндіру –
ең көп еңбек сіңіруді және қаржы жұмсауды қажет ететін іс. Мысалы, 1 кг
алтын алу үшін 3000 м тереңдікті 100 т тау қыртыстарын өңдеу қажет екен.
– ақша айналымының қажеттілігін алтын ақшамен қамтамасыз ету мүмкін
еместігінен, себебі алтын шығаруды ұлғайтудан гөрі ақша қажеттілігі шапшаң
өседі. Әлемде алтын өндіру құлдырауда.
Осы және басқа да бірсыпыра себептерге байланысты әлемде біртіндеп
алтынды ақша материалы ретінде қолдану тоқтатылды.
Әйтсе де шаруашылықта алтынды қолдану үнемі ұлғаюда. Ол әр түрлі
салаларда – электроникадан бастап, зергерлік іске дейін - біресе микрондық
қалыңдықпен, біресе тоғандау үшін құйма түрінде қолданылады.
Ақша – зат емес, ол қоғамдық қатынастар жиынтығы. Шын мәнінде бұл
афоризм, егер адам қоғамнан бөлініп кетсе, оған ақшаның қажеті жоқ деген
мағынаны білдіреді.
Ақша – тарихи дамыған экономикалық категория (санат). Ол қоғам
дамуының әрбір сатысында өндіріс және айырбас процесінде адамдар арасында
қалыптасатын экономикалық қатынастарды көрсетеді. Қоғам экономиканың әр
түрлі үлгісіне өткенде ақшаның маңызы арта түседі. Орталықтанған- жоспарлы
экономикада ақшаның мәні шектеулі болды. Ақша, негізінен, есеп жүргізу және
бақылау құралы ретінде қосалқы қызмет атқарды. Жоғарғы басқару органдары
әрбір кәсіпорынның шығаратын өніміне натуралды және құн көрсеткіштері
түрінде өнімнің көлеміне және түріне жоспар бекітті. Сол сияқты өнім
бағасын да орталық органдар бекітті.
Нарықтық экономикада ақшаның маңызы зор. Себебі әр түрлі меншік
жағдайында (мемлекеттік, кооперативтік, жеке) жұмыс істейтін тауар
өндірушілер өндіретін және сататын өнімнің көлемін, түрін және бағасын
бекітуге дербестік алды. Шаруашылықты жаңа анрықтық жағдайда жүргізуде
төлем қабілетті сұранысқа бағдар жасалуда, яғни сұраныс ескеріліп, өнімнің
шығару көлемі, түрі, бағасы тағайындалды.
Сонымен қатар, қазіргі кезде кәсіпорындарды жекеменшіктендіру де,
мемлекеттік бюджеттің кірісін қалыптастыру да, әр түрлі өндірістік және
өндірістік емес шығындарды қаржыландыру да, Ұлттық банктің несие
ресурстарын басқа банктерге сату да, инфляцияға қарсы күрес те және т.б.
жүргізіліп жатқан іс- шараларда ақшаның маңызы арта түсуде.
Ақшаның нарықтық экономикада ақша – несиелік реттеуде айналыстағы
ақша массасының өсуін тежеу, инфляциялық процестерді жеңу және ұлттық
жалпы өнімді ынталандыру бағытында қолданылуда.

II. Ақшаның қызметтерін, түрлерін және айналыс әдістерін талдау
2. 1. Ақшаның қызметтері және түрлері
Ақшаның кез келген тауарларға теңгерілуі (эквивалентболуы) неліктен?
Ол ақшаның тауар өндірісі жағдайында құн өлшемі қызметін атқаруынан. Бұл
ақшаның алғашқы қызметі. Ақша қоғамда ең алдымен өндірілген барлық
тауарлардың құнын өлшейтін құрал, яғни ол тауарлардың бағасын
белгілегенде айырбас құралы қызметін атқарады. Себебі әр түрлі
тауарлардың құны бір- бірімен теңгермелі, ал сан жағынан салыстырмалы.
Бірақ тауарда болатын ішкі қарама-қарсылық өндіріс кезінде тікелей
құнның көрінуіне мүмкіндік бермейді. Тауардың құны тек айырбас процесінде
ақшаның делдалдық етуімен ғана көрінеді. Алайда тауарларды бір-біріне
теңестіретін ақша емес, керісінше толыққұнды ақшаны (алтынды) қоса
алғанда бүкіл тауарларды өндіруге жұмсалатын қоғамдық еңбек қана
айырбаста тауарларды теңгермелі етеді. Тауарлар құнының алтынмен
өлшенетін себебі оны өндіруге өнімнің құнын құрайтын көп қоғамдық
еңбек жұмсалады. Тек өз құны бар тауар ғана құн өлшемі бола алады. Ақша
еңбектің табиғи өлшемін (жұмыс уақытын) емес, осы еңбекпен құралатын
құнын көрсетеді.
Сонымен ақшаның бірінші атқаратын қызметі – ол өндірілген өнімнің
құнын өлшеуші құрал. Тауар құнын өлшеу үшін алтын ақшаның қолда
болуының қажеті жоқ. Ақша құн өлшемі қызметін қолдағы ақша емес,
қиялдағы, яғни ойдағы ақша ретінде орындайды. Себебі тауардың құнын
өлшеу оны ақшаға айырбастаудан бұрын өтеді, ал құнның тауарлы
формасын ақшалай формасына айналдыру үшін тауардың бағасын белгілеу
жеткілікті. Тауардың бағасын белгілеу үшін қолда ақша ұстап тұрудың
қажеті жоқ, себебі еңбек өнімі ойда бағаланады. Сондықтан тауарларды
біріне-бірін теңгеретін ақша емес, ақшаның көмегімен барлық тауарлар
өзара теңгермелі. Себебі ақша сияқты басқа тауарлар- адам еңбегінің
өнімі, ол өнімдерді біріне –бірін теңестірудің біріңғай негізі-
абстрактылы еңбек.
Тауардың ақша болып көрінентін құны-тауар бағасы. Баға деген құнның
ақшалай көрінетін бейнесі. Енді өндірілген өнімнің құнын ақшамен
анықтау керек делік, яғни оны айырбасқа түсіру үшін бағасын белгілеу
керек. Ол үшін баға масштабын қолдану керек. Баға масштабы деп ақша
өлшемі ретінде мемлекет белгілеген белгілі бір металлдың (алтын, күміс,
мыс) мөлшері мен массасын айтады. Алғашқы монета (шақа) соғылған кезде
баға масштабы оның салмағына тең келді. Бұл ресми баға масштабы еді.
Ақша түрлерінің өзгеруіне байланысты баға масштабы ақшаның салмағына
сай келмейді.
Ақшаның құн өлшемі ретіндегі қызметі мен баға масштабының
арсында айтарлықтай өзгешеліктер бар. Құн өлшемі- ол ақшаның
экономикалық қызметі, яғни құн өнімді шығаруға жұмсалған еңбек шығынын
анықтайды. Ал баға масштабы тауардың құнын анықтау үшін емес, оның
бағасын белгілеу үшін мемлекет заңды түрде бекіткен- құқықтық
сипаттағы техникалық құрал.
Тауардың мемлекет бекіткен бағасының өз құнынан ауытқуы
салдарынан металл (алтын,күміс) ақша айналымы кезінде бекітілген
ресми баға масштабы өзінің экономикалық маңызын жоятынын айта кеткен
жөн. Қазір әр мемлекеттің өзінің нарықтық бағаға негізделіп жасалған
іс жүзіндегі баға масштабы бар. Соның негізінде ақшаның құн өлшемі
қызметі жүзеге асады.
Ақшаның тауар айналысында атқаратын екінші қызметі – айналыс
құралы. Басқаша айтқанда, тауарлар бір-бірімен айырбасталғанда ақша
делдалдық қызмет атқарады. Ақша пайда болғаннан кейін тікелей тауар
айырбастау (Т-Т) тауар айналысы (Т-А-Т) формасына айналды. Бұнда екі акт
бар: біріншісі Т-А- ол тауарды сату немесе тауарды ақшаға айырбастау,
ал екіншісі А-Т- ақшаға басқа қажетті тауарды сатып алу немесе ақшаны
тауарға айырбастауды бейнелейді. Ақшаның бұл қызметі тауар айналымына
сапалық өзгерістер енгізді. Атап айтқанда:
Біріншіден, Т-А- процесі өнім өндірушінің өнім дайындауға жұмсаған
еңбегін қоғам таныды деген мағынаны білдіреді.
Екіншіден, бір нарықта тауарды сатып, басқа бір нарықта керек
тауарды сатып алуға мүмкіндік туады.
Үшіншіден, тауарды ақшаға айналдырып (Т-А), керек тауарды сатып
алуды кейінге қалдыруға болады. Ақша айналыс құралы ретінде сансыз
сатып алу-сату процестеріне қызмет көрсетіп, үнемі айналыста жүреді.
Ақшаның айналыс құралы қызметінің ерекшеліктері:
а) тауар мен ақшаның біріне-бірі қарсы қозғалысы;
б) бұл қызметті ойдағы ақша емес, қолма-қол ақшаның орындауы;
в) бұл қызметін ақша тауарлар айырбасталғанда оларға ілесе жүріп,
ілезде шапшаң орындайтындықтан, айырбаста нақты ақша материалы
(алтын) емес, оның орнына қолданылатын ақша белгілерінің жүруі.
Демек, ақшаның айналыс құралы қызметін аз ғана уақыт атқаруы
және тауар- ақша айналымының шапшаңдығы толық құнды металл
ақшалардың орнына жүретін кембағалы монеталар, кейін қағаз ақшаларды
қолдануға мүмкіндік туғызды. Ол үшін нақты ақша- алтынның
символы ретінде кембағалы монеталар мен қағаз, несие ақшаларының
тауар айырбасында қолдануына қоғам кепілдік беріп, адамдар
мойындауына қажет. Соның нәтижесінде әр мемлекеттің ерекше
белгілерімен куәландырылған ұлттық ақшалары мен майда монеталары
дүниеге келді.
Тауар айналысы дамыған сайын тауарды сату уақыты оған ақша төлеу
уақытымен сәйкес келе бермейді. Төлемді кешіктіре отырып, сатылған
тауарларға ақы төлегенде ақша төлем құралы қызметін атқарады. Сатып алушы
тауар үшін ақшаны төлем мерзімі басталған кезде ғана төлейді.
Демек, бұл- тауар несиеге сатылды деген ұғым. Тауар несиеге сатылғанда
сатушы- несие беруші (кредитор), ал сатып алушы борышкер (қарыздар)
деп аталады. Сатып алушы ақшаның орнына сатушыға қарыз
міндеттемесін жазып береді. Қарыз өтелгенде ақша төлем құралы
қызметін атқарады.
Ақшаның төлем құралы қызметі тек тауар айналысын қамтумен
шектеліп қоймай, сонымен бірге ақша қаржылық және несиелік
қатынастарға да қызмет көрсетеді. Барлық төлемдерді төмендегідей
түрде топтастыруға болады:
а) тауарларға және көрсетілген қызметтерге ақы төлеу;
ә) еңбекақы, зейнетақы, шәкіртақы, жәрдемақы төлеу;
б) мемлекеттік қаржы міндеттемелерін өтеу;
в) банктік, мемлекеттік, тұтыну несиелері бойынша қарызды өтеу;
г) сақтандыру міндеттемелерін өтеу;
д) құқықтық- сто сипатындағы ақыларды төлеу және т.б.
Ақшаның төлем құралы қызметінің айналыс құралы қызметінен
өзгешіліктері бұл қызметінде ақша сатып алу-сату процестерін
аяқтайды және қолма- қол ақшамен қатар несие ақшалары да
жүреді. Ақшаның төлем құралы қызметі несие қатынастары мен несие
жүйесін дамытты. Ол- алтын ақшаны айналыстан ығыстырудың тағы бір
айғағы.
Ақшаның келесі қызметі-қор жинау және байлық құру құралы. Ақшаның
айналыс және төлем құралдары қызметін орындауы үшін қажетті мөлшерде
белгілі бір уақытқа ақша қорын жинау керек. Әр түрлі жағдайларға
байланысты тауар айналысы (Т – А – Т ) тоқтап (Т – А) қалуы мүмкін.
Осының нәтижесінде ақша айналысы да тоқтап, белгілі бір
тауарларды сатқаннан соң ақша жиналып қалады. Әрине ақша қорын
жинау әр түрлі нақты себептерге байланысты.
Тауар айналымының үзіліссіз бірқалыпта жүруі үшін қажетті
ақша мөлшері өзгеріп отырады. Сондықтан бір кезде айналысқа
қосымша ақша мөлшерін қосып, кейде, керісінше, ондағы ақшаны
шығаруға қажет болады.
Айналым құралдарын және тұтыну заттарын сатып алуға қағаз
немесе несие ақшалары қолданылады. Ақша қорын жинау ұйымдардың
жинақтары және адамдардың жеке жинақтары түрінде болады.
Бұлардың біріншісіне: кәсіпорындардың, ұйымдардың банктердегі есеп
және депозиттік щоттарындағы ақша қаражаттарының қалдығы түріндегі
жинақтар, ал екіншісінде: халықтың банктердегі, мемлекеттік
олбигациялардағы және т.б. салымдары түріндегі жинақтары жатады.
Несие механизмі арқылы ұйымдар мен халықтың жинақ қаражаттары
банктік несие түрінде қайтадан айналымға түседі. Сөйтіп, елдің
ішкі қажеттілігін өтеуде толық құны жоқ ақша, яғни қолма-қол ақша
және несие ақша қорлары қызмет көрсетеді.
Халықаралық еңбек бөлінісінің дамуы, шаруашылық байланыстарының
интернационалдануы тауар және ақша айналысының ұлттық шеберден шығып,
әлемдік нарықтың пайда болуына әсер етті. Бұл экономикалық қатынастар –
ақшаның дүниежүзілік қызметінің алғы-шарты. Сондықтан ақша халықаралық
сауда- саттыққа қызмет көрсетеді. Ақшаның бұл қызметі қоғамның
капитализмге дейінге сатыларында пайда болып, әлемдік нарық тұсында
кең өрістеуде. 1867 ж. Париж келісімі ақша қызметін тек алтынға
бекітті. Сол кезден алтын дүниежүзілік ақша ретінде танылып, үш
түрлі бағытта қолданылды. Атап айтқанда:
– бүкіл елдерде ортақ төлем құралы, яғни халықаралық төлем
құралы ретінде ақша халықаралық төлем балансы бойынша есеп
айырысуда қолданылады;
– бүкіл елдерге ортақ сатып алу құралы, яғни халықаралық сатып
алу құралы ретінде шетелдерден қолма-қол ақшаға тікелей тауар
сатып алғанға жүреді.
– қоғамдық байлықта материаландыру құралы ретінде ақша ұлттық
байлықты бір елден басқа елге көшіргенде, яғни контрибуция (соғыста
жеңілген мемлекеттің жеңіп шыққан мемлекетке төлейтін соғыс
салығы) салығын төлегенде, репарация (жеңілген елдің женген
мемлекетке соғыс зиянын түгел, ия жартылай төлеуі) зиянын
төлегенде немесе қарыз бергенде қолданылады.
Кейбір елдердің ұлттық ақша белгілерінің дүниежүзілік ақша ретінде
қолданылуының себептері:
Біріншіден, бұл елдердің дүниежүзілік сауда мен несие қатынастарында
жоғары үлесті салмағы бар.
Екіншіден, бұл елдердің басқа елдерге айтарлықтай несие беруге
мүмкіндігі бар.
Бір сөзбен айтылғанда, экономикасы дамыған және әлемдік нарықтағы
тауарларының үлес салмағы қомақты мемлекеттерден ұлттық валютасы
дүниежүзілік ақша ретінде жүреді. Бұған қоса, белгілі бір ұлттық
валютамен бірге алтын орнына жүретін есеп айырысудың әр түрлі
құралдары пайда болуда. Дүниежүзілік ақша ретінде тек алтын
танылғасын халықаралық есеп айырысу құралдары алтынға еркін
айырбасталуы тиіс. Бұл қасиеттің болмауы дүниежүзілік төлем
қатынастарының дағдарысын көрсетеді.
Сонымен, төмендегі кестеде ақшаның атқаратын негізгі қызметтері
көрсетілген.

2. 2. Ақша жүйесі туралы түсінік, оның элементтері және
негізгі типтері
Ақша жүйесі – ол тарихи қалыптасқан және мемлекеттің ұлттық
заңдарымен бекітілген біртұтас ақша айналымы. Жалпы мемлекеттік заңдармен
реттелген елдегі ақша айналысын ұйымдастыру ақша жүйесі болып табылады.
Әрбір мемлекеттің өзінің ұлттық ақша жүйесі бар.
Алғашқы ақша жүйесі XVI-XYII ғғ капиталистік өндіріс әдісі қалыптаса
бастағанда пайда болды. Бірақ оның кейбір жекелеген элементтері одан да
бұрын айналымда жүре бастаған. Капиталистік өндірістің және тауар-ақша
айналысының қарқынды дамуы ақша жүйесіне өзгеріс енгізді.
Ақша жүйесінің типі: ақша – ерекше тауар ретінде жүруіне, яғни
жалпыға ортақ эквивалент болуына немесе ақша – құн өлшемі қызметін
атқаруына байланысты қалыптасады. Сондықтан әлем тарихында ақша жүйесінің
төмендегідей типтері кездеседі:
– металл ақша айналысы, бұл жүйеде ақша тауары, яғни толық құнды ақша
айналыста жүреді және ол ақшаның барлық қызметтерін орындайды. Ал несие
ақшалары металға айырбасталады;
– несие ақшалары және қағаз ақша айналысы, бұл жүйеде атына сай,
айналыстан толық құнды ақша, яғни алтын біржолата ығыстырылып, айналыста
тек ақша белгілері жүреді.
Әрбір мемлекетте жалпыға ортақ құн эквиваленті ретінде қабылданған
металға байланысты металл ақша жүйесі: биметаллизм және монометаллизм болып
бөлінеді.
Алғашқы капитал жинау кезінде (XVI-XVII ғ.ғ.) биметализм ақша жүйесі
пайда болып, одан әрі дамыды. Онда ақша айналысын толық құнды ақшалар
қамтамасыз етті.
Биметаллизм – ол мемлекет заңды түрде жалпыға ортақ эквивалент рөлін
алтын мен күміске бекіткен ақша жүйесі. Бұл жүйеде алтын мен күміс тең
құқықты ақша – қос металды валюта, онда екі металдан да кең көлемде
монеталар соғылып, айналыста шектеусіз қатар жүрген.
Биметаллизмнің үш түрі болған:
1. Қатар жүретін валюта жүйесі – онда алтын мен күміс монеталардың
арақатынасы стихиялы түрде металдың нарықтық бағасына байланысты
бекітілген.
2. Қос валюталы жүйе – онда металдардың сандық арақатынасын мемлекет
бекітіп, алтын мен күміс монеталар сол қатынаспен соғылды.
3. Қосалқы валюта жүйесі – онда алтын мен күміс монталар заңды
төлем құралы деп саналғанымен, іс жүзінде күміс монета алтынның белгісі
ретінде жүрді.
Биметаллизм жүйесі Батыс Еуропа мемлекеттерінің XVI-XVII ғ.ғ. пайда
болып, тіпті XIX ғасырдың аяғына дейін қолданылды. Ақша ретінде екі металды
қолдану ақшаның жалпыға ортақ эквивалент қасиетіне қайшы келді. Алтын мен
күмістің арақатынасын айқындағанда да қиындықтар кездесті.
Биметализм жүйесі өскелең капиталистік шаруашылықтың талабын
қанағаттандыра алмады, себебі құн өлшемі ретінде екі металды қатар қолдану
ақшаның бұл қызметіне қайшы келді. Жалпыға бірдей құн өлшемі ретінде тек
бір ғана тауар жүреді. Ондай тауар не алтын не күміс. Оған қоса XIX ғ. аяқ
шенінде күміс шығарудың арзандауына байланысты күмістің құны кеми бастады.
Бұл кезде алтын мен күмістің нарықтық арақатынасы 1:20, 1:22 тең болды. Ал
заң жүзінде алтын мен күмістің арақатынасы бұдан әлдеқайда төмен
болғандықтан алтын монеталар айналыстан шығып, қазына қорына айналды.
Алтын ақшаның айналыстан шығуы Коперник – Грешем заңында айтылған жаман
ақша жақсы ақшаны айналыстан ығыстырды деген қадиғаның өмірдегі
көрінісі.
Капиталистік тауарлы өндірістің қарқынды дамуы тұрақты ақшаны, яғни
жалпыға бірдей бір эквивалентті қажет етті. Сондықтан биметаллизмнің орнына
монометаллизм ақша жүйесі өмірге келді.
Монометаллизм – ол жалпы эквивалент ретінде тек бір ғана металл (не
алтын, не күміс) қолданылатын ақша жүйесі. Айналыстағы құн белгілері мен
монеталар алтынға немесе күміске айырбасталады. Күміс монометаллизм
Үндістанда 1852-1893 жж., Голландияда 1847-1875 жж., Ресейде 1843-1852 жж.
қолданылды.
Патшалық Ресейде күміс монометаллизм 1839-1843жж. жүргізілген ақша
реформасының нәтижесінде енгізіліп, ақша өлшемі болып құрамында таза
күмістің 4 мысқалы (золотник=4,25 гр) 21 бөлігі бар күміс рубль есептелді.
Сонымен қатар айналысқа күміске еркін айырбасталатын несие ақшалары да
шығарылды. Дегенмен күміс ақша елдің күйзеліске ұшыраған ақша айналысын
түбегейлі ретке келтіре алмады. Себебі бұл кезде басыбайлы шаруашылық
(крепостничество) ыдырап, мемлекет бюджеті мен сыртқы сауда балансының
тапшылығы елде жүргізілген ақша реформасын нәтижелі ете алмады. Оған қоса,
1853-1856 жж. болған Қырым соғысының шығындарын өтеу мақсатында айналысқа
қосымша несие ақшалары шығарылды, іс-жүзінде олар қағаз ақшаға айналды.
Сөйтіп Ресейде күміс монометаллизмнің орнына алтын монометаллизмі келді.
Алғашқыда алтын монометаллизм ақша жүйесі ретінде XVIII ғ. аяғында
Ұлыбританияда қалыптасып, ол 1816 ж. заң жүзінде бекітілді. Ал басқа
мемлекеттердің көпшілігінде XIXғ. Соңғы үштігінде; яғни Германияда 1871-
1873 жж., Скандинавия мемлекеттерінде (Швеция, Норвегия, Дания)-1873 ж.,
Францияда – 1876-1878 жж, Австрияда – 1892ж., Ресей және Жапонияда –
1897ж., АҚШ-та – 1900ж. енгізілді.
Құн белгілерінің алтынға айырбасталу ерекшеліктеріне байланысты алтын
монометаллизмнің үш түрі болады.
Алтын монеталы стандарт(үлгі) – оған негізгі төмендегі белгілер тән:
– елдің ішкі айналымында алтын монеталар жүреді және ол ақшаның барлық
қызметтерін атқарады;
– алтын монеталарды еркін соғу рұқсат етілген;
– айналымдағы несие ақшалары (банкнота, майда металл монеталар)
көрсетілген құнымен еркін және шектеусіз алтын монеталарға айырбаталады;
– алтынды, шетел валютасын елден еркін алып шығу және елге әкелуге, сондай
ақ алтын нарығының еркін жұмыс істеуіне рұқсат берілген.
Алтын монеталы стандарт капитализмнің алғашқы сатысы – еркін бәсеке
кезінде пайда болып, өндірістің несие жүйесінің, әлемдік сауданың
өркендеуіне және капиталды шетелге шығаруға жол ашты. Атын елдің ішінде де
сыртқы саудада да еркін жүруі үшін мемлекеттік эмиссиялық банкіде алтынның
сақтаудағы (резерв) қоры болуы шарт.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде банкнотаны алтынға айырбастау
тоқталып, алтынды шетелге шығаруға тиым салынды. Алтын монета айналыстан
шығып қор жинау және байлық құру құралына айналды. Алтын монеталы
стандарттың орнына алтын құймалы стандарт айналымға түсті.
Алтын құймалы стандарт – оның алтын монеталы стандарттан
айырмашылығы бұнда алтын монета айналыстары болмайды және оны еркін соғу
жойылды. Алтын құймалы стандартта банкнотаның белгілі бір сомасы алтын
құймасының белгілі бір салмағына айырбасталды.
Алтын девизді (алтын валюталы) стандарт – ол банкнотаның девиздерге
(яғни, белгілі бір шетел валютасына) айырбасталатын ақша жүйесі. Бұл жүйе
Австрияда, Германияда, Данияда, Норвегияда және басқа да елдерде жүрді. Бұл
кезде алтын монетаның еркін соғылуы жойылып, ол айналыстан да алынып
тасталды. Міне тек осындай қосалқы жолмен ғана алтын девизді ақша жүретін
елдердің алтынмен байланысы сақталды. Ұлттық валютаның тұрақтылығын бір
қалыпта сақтау девиздік саясат әдісімен, яғни ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық банктің ақша айналысын басқаруы
АҚША АЙНАЛЫМЫНЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ
Ақша қаражаттары
Инфляция. Қазақстандағы инфляция деңгеіне баға беру және талдау
Инфляция. Ақша айналысы және ақша жүйесi
Ақша несие банк
Ақша айналысын реттеудегі Ұлттық банктің рөлі
Ақша айналысы және оның дамуы
Ақшаның шығу тегі қажеттілігі және экономикалық мәні
Нарықтық экономикада ақшаның экономикалық маңызы
Пәндер