Қазақстанда азық – түлік кластерін дамыту мәселелері


Қазақ ұлттық аграрлық университеті
ӘӨЖ 631. 155. 1 Қолжазба құқығында
Еркимбекулы Рауан
Қазақстанда азық - түлік кластерін дамыту мәселелері
6D050600-Экономика
Экономика ғылымдарының философия (PhD) докторы
ғылыми дәрежесін алу үшін ұсынылған диссертация
Ғылыми жетекшілер: ҚР ҰҒА академигі Есполов Т. И.
prof. dr. hab Henryk Runowski
Казақстан Республикасы
Алматы, 2011
Мазмұны
Нормативтік сілтемелер 3
Белгілер мен қысқартулар 4
Қысқартулар
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арналған жолдауында (2010ж. ) атап көрсеткендей, экономиканы таяудағы онжылдықта тұрлаулы да теңдестірілген дамуы жедел диверсификациялау және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебінен қамтамасыз етілетін болады. Себебі, Қазақстан экономикасының қазіргі даму кезеңінде өндірісті диверсификациялау үрдістері өндірістерде инновациялық прогресс жетістіктерін қолдануға, өндіріс техникасы мен технологиясын жетілдіруге, экономиканың шикізаттық бағытын өзгертуге мүмкіндік береді.
Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігі маңызды мәселе болып отыр. Оны шешуде еліміздің агроөнеркәсіптік кешені маңызды роль атқарады. Ол халықтың азық-түлікпен қамтамасыз ету деңгейі, сондай-ақ оның азық-түлік тәуелсіздігі өндірілетін өнімнің саны мен сапасына тікелей байланысты болады.
Агроөнеркәсіптік кешеннің (АӨК) кәсіпорындарында жүргізілген мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру үдерістері ауыл шаруашылығын дағдарысқа алып келді: ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі мен жалпы түсімі төмендеді, мал шаруашылығындағы мал саны мен олардың өнімділігі қысқарды, барлық агроқұрылымдардың жалпы санындағы ұсақ шаруашылықтардың үлесі артты, шикізат өндірушілер мен қайта өңдеушілердің арасындағы байланыстар мен қатынастар үзілді, олардың нәтижелері тамақ өнімдерін тұтынудың құрамы мен мөлшеріне шапшаң әсер етті. Қазақстанда реформаға дейінгі кезеңнің соңғы жылдарымен салыстырғанда нанның және картоптың тұтынылуы шамамен бір жарым есеге ұлғайды, ал ет және сүт өнімдерінің, жұмыртқа, жеміс және басқада өнімдер қатарының тұтынылуы тұтынудың бекітілген ең төменгі мөлшерінен төмен болып отыр.
Қазіргі таңда Республикадағы тамақ өнімдерін тұтыну жағдайы ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлу нәтижесінде біршама тұрақтандыруға қол жеткізілді. Бірақ ауыл шаруашылығы шикізатының үлкен бөлігі өңдеуші кәсіпорындардың өндірістік қуаттарының төмендігінен немесе жеткіліксіз қолданылуынан қайта өңдеуден өткізілмеуде. Мемлекеттің азық-түлік нарығында тамақ өнімдеріне экономикалық қол жетімділіктің біраз төмендегеніне қарамастан, табиғи қол жетімділігі қамтамасыз етіліп жатыр.
Қазақстан нарығындағы терең өңдеуден өткен азық-түлік тауарларының тапшылығы импорттық өніммен өтелуде, оның үлес салмағы тұтынудың жалпы көлемінде азық-түлік қауіпсіздігінің белгіленген деңгейінен 37 %-ға жоғары. Импорттық өнімді тұтынудың ғылыми ұсынылған шекті деңгейі 20, 0 %, ал оның 60, 0 %-дық мәнінде салалар толық бұзылады, және азық-түліктің әлемдік нарығына толық импорттық тәуелділік пайда болады. Міне сондықтан импорттық өнімдерді отандық өндірістің өнімдерімен алмастыру арқылы, оны қысқарту мақсатына бағытталған саясатты жүргізу қажет. Әрі азық-түлік тауарларымен өзін-өзі қамтамасыз ету тұтынудың жалпы көлемінің 80, 0 %-нан кем болмауы керек. Осыған байланысты азық-түлік қауіпсіздігін реттеудің тиімді тәсілдерін іздеу ерекше маңызға ие болады.
Осыған байланысты отандық өнімдердің бәсекелестік қабілетін арттырудың, ұлттық бәсекелестік артықшылықтарының ең тиімді формаларының бірі аумақтық-салалық кластерлерді қалыптастыру болып табылады. Ұлттық шаруашылықтың экономикалық тиімділігін артырудағы мұндай көзқарас жаңа міндеттер қояды. Ең алдымен, экономиканың бәсекеге қабілетті үлгілерін, басым салаларын, бәсекелестік қабілеттің экономикалық әлуетін арттыра алатын, бәсекелестік қатынастарды дамыту дәрежесіне әсер ететін және сыртқы экономикалық бәсекелестік қабілет механизмдері арқылы факторлар мен элементтерін анықтай алатын таңдай білу керек.
Осы және басқа да мәселелерді шешу оларды зерттеудің тек Қазақстанда ғана емес, ТМД елдерінде де жеткілікті зерделенбеген. Бәсекелестік қабілетті қалыптастыру туралы және бәсекеге қабілеттілікті дамыту проблемаларын шешуге теориялық көзқарастардың жаңа дайындамаларына қажеттілік көптен бері туындап отыр және осы бағытта әлемдік тәжірибені зерделеуді талап етеді.
Бәсекелестік қабілетті дамытудың көптеген теориялары бар. Дегенмен, экономикалық дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, экономикалық өсудің ең тиімді формасы болып кластерлік механизм теориясы саналады. Оның негізіне «кластер» түсінігі алынған - экономикалық қызметтің ең тиімді және өзара байланысқан түрлері шоғырландырылған, яғни өзара іс-әрекеттескен топтардың, ойдағыдай бәсекелесе алатын кәсіпорындар жиынтығы.
Бүгінгі таңда Қазақстанда 7 болашағы бар пилоттық кластерлер туризм, тамақ өнеркәсібі, мұнай газ машина жасау, тоқыма өнеркәсібінде, көлік-логистикалық қызметтер, металлургия, құрылыс материалдары салаларында анықталған, 20-дан астам кластерлік кездесулер мен 20 жұмысшы топтарының отырыстары өткізілген. Оларда сала үшін қажетті өткір проблемалар анықталып, оларды шешу жоспарлары және стратегиялық мүмкіндіктерді іске асыру мәселелері дайындалған.
Өндіріс көлемдері қысқаруымен төлем қабілеті бар сұраныстың төмендеуімен, бәсекелестік күрестің шиеленісуімен сипатталатын қаржылық-экономикалық дағдарыс жағдайында қаражаттарды және АӨК-і экономикасының субъектілерін біріктіру мүмкін болмай қалды.
Әлемдік тәжірибе кластерлер АӨК салаларының арасында өзара толықтыруды қамтамасыз ететінін көрсетіп отыр, соның арқасында оның кәсіпорындарының бәсекелестік қабілеттерін арттырады.
Бірақ аумақтық-салалық кластерді дамыту тұжырымдамасы, кәсіпорындардың өзара іс-әрекет жүйесі туралы оларды құру тәжірибесінің болмауы осы жұмыстың тақырыбын, оның өзектілігін және халық шаруашылығындағы мәнін таңдауды анықтап отыр.
Тұтыну сұранысы жағынан кері байланыстың болмауы азық-түлік өндірудегі ынталандырудың нашарлауына және оның нақты құлдырауына алып келді.
Отандық рынокқа арзан шетелдік азық-түліктердің белсенді келуі ұлттық шаруашылықтың осы секторындағы дәстүрлі технологияның қирауына алып келді.
Осы процестердің арқасында ұлттық шаруашылықтың біртұтастығы бұзылуда және азық-түлік кешенінің тиімді жұмыс жүргізуі бәсеңдеуде, ал ол елдің азық-түлік қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп отыр.
Мұндай жағдайда тек қана ұлттық шаруашылықтағы азық-түлік секторының қазіргі ахуалын жай түсіндіре салу мүмкін емес, оның себептерін түсіне салу оңай емес. Оның нақты бағыттарын құрастыруға мүмкіндік беретін, одан шығуды ұсынатын мәселелер өзекті болып отыр. Ұлттық экономикамыздың азық-түлік кешенінің тиімді жұмыс жасау механизмін қалыптастыру, онда бәсекелестік технологиялар құру бағытындағы зерттеу жұмыстары ерекше өзектілікке ие.
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Азық-түлік нарығы мәселелерін экономикалық ілім классиктерінің еңбектерінде қарастырылған. А. Смит, Ф. Кэне, Т. Мальтус, К. Менгер, К. Маркс және басқалары өздерінің еңбектерінде азық-түлікті өндіру мен тұтынудың маңыздылығын көрсетті.
Азық-түлік секторы мәселесінің әртүрлі аспектілері шет елдің көптеген ғалымдарының зерттеулерінде, соның ішінде В. Г. Агаевтың, В. Ю. Багановтың, П. Т. Бурдуковтың, В. Р. Боевтың, Р. Гумеровтың, А. П. Зинченконың, С. Ковалевтың, Р. З. Саетгалиевтың, А. Сенның, В. И. Писларьдың, Д. В. Шаховтың, Ю. С. Хромовтың және т. б. еңбектерінде қарастырылған.
Отандық ғалымдардың Т. И. Есполовтың, Қ. М. Белгібаевтың, Л. А. Әбділдинаның, Ж. Ж. Сүлейменовтың, Ғ. Ү. Әкімбекованың, Р. А. Алшановтың, В. В. Григоруктың, Т. А. Есіркеповтың, Г. А. Қалиевтың, К. А. Сағадиевтың, А. А. Сатыбалдинның, А. Б. Молдашевтың, және көптеген басқалардың жұмыстарында азық-түлігі нарығының теориялық, әдістемелік және тәжірибелік аспектілері қарастырылған.
Республиканың азық-түлік нарығын қамтамасыз ету механизмі негізінен алғанда оның аймақтағы жағдайымен анықталады. Өз кезегінде әрбір аймақ өзіне тән ерекше табиғи-климаттық жағдайларынан бастап әлеуметтік-экономикалық жағдайларына дейін ие болады. Бұл жағдайлар үнемі өзгеріп тұрады: халықтың қажеттіліктері көбейеді, ресурстық мүмкіндіктер азаяды, ал ол әрбір кезеңде азық-түлік нарығын қамтамасыз ету механизмін жетілдіруді талап етеді.
Зерттеу нысаны мен объектісі. Зерттеу объектісі болып шаруашылық субъектілерінің азық-түлік және аумақтық-салалық кластарлері саналады. Зерттеу нысаны ретінде республика азық-түлік секторын кластеризациялауды басқару процесі алынды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты - халықты тамақ өнімдерімен, отандық өндірісті шикізаттармен қамтамасыз ететін азық-түлік кластерін қалыптастыру бойынша ғылыми-әдіснамалық ережелер мен ұсыныстар дайындау.
Мақсат мына төмендегідей міндеттерді қойып оларды шешуді анықтады:
- бірнеше экономикалық деңгейлерде өндірісті ұйымдастырудың кластерлік формасы беретін артықшылықтардың табиғатын ашып көрсету;
- кластердің оң және теріс сипаттамаларын құрастыру, кластерлік саясатқа сәйкес екеніне ұзақ мерзімге отандық азық-түлік өнімдерінің бәсекелестік қабілетін арттыру мақсатында оның тұрақтылығын арттыру;
- азық-түлік рыногының қазіргі жағдайын зерттеу және кластерлік технология негізінде азық-түлік секторын қайта құрылымдау тұжырымдамасын дайындау;
- азық-түлікпен қамтамасыз етуге талдау беру, оның ел азық-түлік қауіпсіздігімен өзара байланысын анықтау және ел азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету механизмін дайындау;
- Қазақстан азық-түлік кешенінің жағдайы мен дамуындағы негізгі үрдістерді анықтау;
- Қазақстан Республикасының АӨК-дегі аумақтық-салалық кластерлерінің даму басымдықтарын анықтау.
Ғылыми жаңалығы. Зерттеуден алынған нәтижелердің ғылыми жаңалығы келесілерден тұрады:
- кластердің жоғары макроэкономикалық тиімділігі анықталды;
- еліміздің аймақтарындағы кластерлерді идентификациялау әдістері ұсынылды;
- азық-түлікпен қамту концепцияларының негізгі ережелері және азық-түлік қауіпсіздігінің негізгі көрсеткіштерінің айырмашылықтары көрсетілді;
- кластердің аймақтық-салалық және азық-түлікті қалыптастырудың әдістері жасалды;
- Қазақстан экономикасының азық-түлік секторын кластерлеу әдісін дәлелдеу болып табылады.
Қорғауға ұсынылған диссертация тұжырымдары:
- кластердің жоғары макроэкономикалық тиімділігі анықталып экономикалық қатынастардың тиімділігін байқау;
- кластердің серпінді мүмкіндіктерін анықтау;
- АӨК құрылымы саласындағы аймақтық кластерлерді идентификациялау әдістерін ұсыну;
- азық-түлікпен қамту концепцияларының негізгі ережелері және азық-түлік қауіпсіздігінің негізгі көрсеткіштерінің айырмашылықтары анықталып көрсетіледі;
- кластердің аймақтық-салалық және азық-түлікті қалыптастырудың әдістерінің жасалуы;
- Қазақстан экономикасының азық-түлік секторын кластерлеу әдісін дәлелденуі.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негізіне ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары, ҚР нормативтік-құқықтық, заңнамалық актілері, сондай-ақ эволюциялық теория, шет елдердің тәжірибесі, экономикалық үдерістерді талдау мен үлгілеудің әдістері, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша отандық және шетел ғалымдарының классикалық және қазіргі замаңғы еңбектерінде баяндалған зерттеу нәтижелері алынды.
Зерттеудің ақпараттық базасының негізіне ҚР статистика Агенттігінің ресми статистикалық ақпаратының және Қызылорда, ОҚО, Жамбыл және Алматы облыстары әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметтері пайдаланды.
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттеріне байланысты аймақтың азық-түлік нарығын зерттеуден алынған нәтижелерінің жеткілікті салыстырылуы мен дұрыстығын, сондай-ақ, есептеу әдістер арқылы қажетті ақпарат тәуелділіктерін алуды қамтамасыз ету.
Диссертациялық жұмыстың ғылыми-зерттеулердің жоспарымен байланысы. Диссертациялық жұмыс Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ғылыми-зерттеушілік жұмыстарының «Нарық қатынастырының дамуы жағдайында агроөнеркәсіптік өндірісінің ұйымдық - экономикалық механизмін жасау» атты кешендік тақырыбына (мемлекеттік тіркеу нөмірі 01. 02 НГР 0196 ҚР 00509) сәйкес орындалды.
Зерттеу нәтижелерін апробациялау. Диссертациялық жұмыста берілген ғылыми ережелер, қорытындылар мен ұсыныстар автордың жарияланған жұмыстарында мазмұндалған және халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндалған:
Жарияланған жұмыстар . Диссертациялық зерттеу нәтижелері ___ ғылыми жұмыста, соның ішінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау жөніндегі комитетпен ұсынылған басылымдарында жарияланған мақалада, халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциялардың материалдарындағы ___ баяндамада, тезисте көрініс тапты, жалпы көлемі б. т.
Диссертациялық жұмыстың көлемі мен құрылымы. Диссертация кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, әдебиет тізімінен тұрады.
1 Нарықтық экономикадағы кластерлік теорияның дамуы
1. 1 Кластерлердің қазіргі тұжырымдамасы: маңызы және тиімділігі
Кластерлік теорияның негізін қалаушы деп Гарвард университетінің профессоры Майкл Портер саналады, ол бәсекелестік қабілет стратегиясы тұжырымдамасының бірден-бір жетекші авторы.
Өзінің «Бәсеке» деген кітабында ол тұрақты даму стратегиясының болуы кластерді ойдағыдай дамытудың ең маңызды факторы деп атап көрсетеді.
Майкл Портердің пікірінше: «Кластерлер мүдделі жақтардың іс-әрекеттерін біріктіретін ұйымдық форма болып табылады, ол постиндустриалдық экономика жағдайында бәсекелестік артықшылықтарға жетуге бағытталған» [1] .
Кластерлер экономиканың жаһандану жағдайында мүдделі жақтардың іс-әрекеттерін біріктіретін ұйымдық форма, ол бәсекелестік артықшылықтарға қол жеткізуге бағытталады. Ең бастысы кластерлер - бизнес үшін мүміндіктер және өңірлерге екпінді дамуға бағыттайтын күш. Бизнес үшін кластер - болашақта өзіне бәсекеге қабілеттікті қамтамасыз ету, яғни кәсіпорындардың 5-10 жылға ұзақ мерзімді даму стратегиясын құру. Кластерлер экономиканың белгілі бір секторында мамандандырылған кәсіпорындардан тұрады.
Кластерлік даму теориясының негізін қалаушы М. Портер, бұл проблеманы әртүрлі елдердің 100-ден астам салаларында бәсекелестік ұстанымдарды зерттеу арқылы халықаралық ауқымда бір саланың фирмалары ең жоғары бәсекелестігі болады деген қорытындыға келген, әдетте олар әртүрлі дамыған мемлекеттер бойынша жүйесіз шашыраңқы орналаспайды, керісінше бір елде шоғырланады, кейде тіпті елдің бір ғана өңірінде орналасады. Бұл кездейсоқ мәселе емес.
Бір немесе бірнеше фирмалар әлемдік рынокта бәсекелестік қабілетке жете отырып, өзі жақын айналасындағыларға да әсер ете бастайды: жеткізіп берушілерге, тұтынушыларға және бәсекелестерге.
Өз кезегінде, айналасындағы жетістіктер осы компанияның бәсекелестік қабілетінің әрі қарай өсуіне оң әсер етеді. Сонымен «кластер» қалыптасады - тығыз байланысқан салалардың фирмалардың қоғамдастығы, біріне-бірі бәсекелестік қабілеттерінің өсуіне жағдай туғызады.
Жалпы алғанда кластерлердің 3 кең анықтамалары бар, олардың әрқайсысы жұмыс жасауының, бағытының негізгі шегін көрсетеді:
- туыстық секторлар ішіндегі өңірлік шектелген экономикалық белсенділіктің формасы, әдетте олар қандай да бір ғылыми мекемелерге (ҒЗИ, университеттер және т. б. ) байланысқан болады;
- сатылас өндірістік тізбектер: белгілі бір тар секторлар, олардағы өндірістік процестің сыбайлас кезеңдері кластердің ядросын құрады (мысалы, «жеткізіп беруші - өндіруші - өткізуші - клиент» тізбегі) . Осы категорияға бас фирмалардың айналасында құрылатын тізбектер де жатқызылады;
- өнеркәсіптік салалар, олар агрегацияланудың (бірігудің) жоғары деңгейімен анықталады (мысалы, «химиялық кластер») немесе онан да жоғары агрегациялану деңгейі бар секторлардың жиынтығы («агроөнеркәсіптік кластер») .
Кластерлер туралы сөз қозғағанда бірін-бірі толықтыра түсетін 2 стратегияны бөліп көрсетуге болады:
- жұмыс істеп тұрған кластерлерде білімді пайдалануды арттыруға бағытталған стратегиялар;
- кластердің ішінде ынтымақтастықтың жаңа тізбектерін құруға бағытталған стратегиялар.
Кластердің арғы жағында қандай көрініс бар? Бұл көрініс мынадай жауаппен байланыстырылып қарастырылуы керек: кластерлік-ұйымдасқан бір «шоқ» (төбе) түріндегі өндірістік жүйелерін құра отырып, біз неге қол жеткізуіміз керек, мұндай «төбені» құру қандай практикалық қажеттілікпен байланысты? «Біздің ойымызша бұл «төбені» ұйымдастыру» стратегиялық процесс және кем дегенде мына төмендегі төрт жағдайлармен байланысты болуы мүмкін:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz