Индия Ұлы Моғолдар билігі кезінде
1. Оңтүстік Индияға еуропалықтардың келуі .
2. Виджаянагар мемлекеті, оның экономикасы.
3. Жерге феодалдық иелік.
4. Солтүстік Индияда Моғолдар билігінің орнауы.
5. Моғолдар державасының экономикалық дамуы.
6. Антифеодалдық қозғалыстар.
7. Акбардың реформалары .
8. Моғолдық үнді мәдениеті.

Еуропа отаршыларының ең алғашқы тобы 1498 жылғы 20 мамырда Васко да Гаманың (1469-1524) басшылығымен Индияның Каликут қаласына келіп түсті. (Ол жергілікті раджамен тіл табысып, алдап-сулап біраз қонақ болып, қымбат азық-түлік, алтын-күмістерін көк тиынға айырбастап алып, 1499 жылы Лиссабонға қайтып барған болатын. Ал 1502 жылы 20 кемемен қайтып келіп, өздеріне керек-жарақ тауарларын зорлық-зомбылықпен тартып алып кеткен болатын. 1524 жылы Португалияның Үндістандағы вице королі болып тағайындалды. Сол жылы өзінің соңғы, үшінші жлоығына аттанып, Үндістанда қайтыс болды.) 1498 жылы экспедиция Сомалидегі Малинди гаванына жетті. Сол жерде Васко да Гама араб теңізшісі Ахмед ибн Маджидті жол бастаушылыққа жалдады. Ол экспедицияны Үндістанға бастап келді. Келесі жылы экспедицияның 55 мүшесі ғана қайтып оралды. Қалғандары жолда әртүрлі аурулардан қайтыс болды.
Еуропалықтар мұнда араб және басқа да мұсылман елдерінің көпестерімен бақталастыққа түсті. Олар Индияға Египеттен, Қытайдан, т.б. елдерден тауар әкеліп тұратын. Индиядан Египетке түскен тауарларды Венеция мен Генуя көпестері Батысқа қарай жөнелтетін.
Индияға баратын жолды ашқаннан кейін португалдықтар бұл елмен саудаға өз үстемдігін орнатуға кірісті. Индияның ішіндегі алауыздықты және өздерінің әскери күштерін пайдалана отырып, португалдықтар екі арадағы жолда көптеген бекіністер сала бастады. Малабар жағалауындағы Гоа португал вице-королінің мекеніне айналды. (астанасы – Панаджи қаласы, Үндістанның батысында). Ормузды басып алып, португалдықтар парсы шығанағындағы бай саудаға өз бақылауын орнатты.
Еуропалықтар мұнда араб және басқа да мұсылман елдерінің көпестерімен бақталастыққа түсті. Олар Индияға Египеттен, Қытайдан, т.б. елдерден тауар әкеліп тұратын. Индиядан Египетке түскен тауарларды Венеция мен Генуя көпестері Батысқа қарай жөнелтетін.
Индияға баратын жолды ашқаннан кейін португалдықтар бұл елмен саудаға өз үстемдігін орнатуға кірісті. Индияның ішіндегі алауыздықты және өздерінің әскери күштерін пайдалана отырып, португалдықтар екі арадағы жолда көптеген бекіністер сала бастады. Малабар жағалауындағы Гоа португал вице-королінің мекеніне айналды. (астанасы – Панаджи қаласы, Үндістанның батысында). Ормузды басып алып, португалдықтар парсы шығанағындағы бай саудаға өз бақылауын орнатты.
Индия Ұлы Моғолдар билігі кезінде
1. Оңтүстік Индияға еуропалықтардың келуі .
2. Виджаянагар мемлекеті, оның экономикасы.
3. Жерге феодалдық иелік.
4. Солтүстік Индияда Моғолдар билігінің орнауы.
5. Моғолдар державасының экономикалық дамуы.
6. Антифеодалдық қозғалыстар.
7. Акбардың реформалары .
8. Моғолдық үнді мәдениеті.
Еуропадағы а) өндіріс құрал-жабдықтарының, б) сауданың жетілуі, в) алтынға
деген құштарлық, г) осман түріктерінің еуропалықтардың шығыспен сауда
жасауын қиындатуы – ұлы географиялық ашылымдардың басты себебі болды. Ұлы
географиялық ашылымдар оқ дәрімен атылатын мылтықпен, зеңбірекпен
қаруланған Еуропаның аш қасқырдай жалақтаған рыцарьларының даму жағынан
артта қалған елдерді отарға айналдырудың бастамасы болды.
Еуропа отаршыларының ең алғашқы тобы 1498 жылғы 20 мамырда Васко да
Гаманың (1469-1524) басшылығымен Индияның Каликут қаласына келіп түсті.
(Ол жергілікті раджамен тіл табысып, алдап-сулап біраз қонақ болып, қымбат
азық-түлік, алтын-күмістерін көк тиынға айырбастап алып, 1499 жылы
Лиссабонға қайтып барған болатын. Ал 1502 жылы 20 кемемен қайтып келіп,
өздеріне керек-жарақ тауарларын зорлық-зомбылықпен тартып алып кеткен
болатын. 1524 жылы Португалияның Үндістандағы вице королі болып
тағайындалды. Сол жылы өзінің соңғы, үшінші жлоығына аттанып, Үндістанда
қайтыс болды.) 1498 жылы экспедиция Сомалидегі Малинди гаванына жетті. Сол
жерде Васко да Гама араб теңізшісі Ахмед ибн Маджидті жол бастаушылыққа
жалдады. Ол экспедицияны Үндістанға бастап келді. Келесі жылы
экспедицияның 55 мүшесі ғана қайтып оралды. Қалғандары жолда әртүрлі
аурулардан қайтыс болды.
Еуропалықтар мұнда араб және басқа да мұсылман елдерінің көпестерімен
бақталастыққа түсті. Олар Индияға Египеттен, Қытайдан, т.б. елдерден тауар
әкеліп тұратын. Индиядан Египетке түскен тауарларды Венеция мен Генуя
көпестері Батысқа қарай жөнелтетін.
Индияға баратын жолды ашқаннан кейін португалдықтар бұл елмен саудаға өз
үстемдігін орнатуға кірісті. Индияның ішіндегі алауыздықты және өздерінің
әскери күштерін пайдалана отырып, португалдықтар екі арадағы жолда
көптеген бекіністер сала бастады. Малабар жағалауындағы Гоа португал вице-
королінің мекеніне айналды. (астанасы – Панаджи қаласы, Үндістанның
батысында). Ормузды басып алып, португалдықтар парсы шығанағындағы бай
саудаға өз бақылауын орнатты.
1511 жылы Албукерки Сингапур бұғазындағы маңызды порт Малакканы басып
алды. Сөйтіп, Үнді мұхитына шығыстан да жол ашылды. Енді португалдықтардың
қол астына Үнді мұхитының батысы да , шығысы даа қарады.
1517 жылы португалдықтар Цейлонмен сауда қатынасын орнатудан бастап, бірте-
бірте оны өзіне бағындырып алды.(1653 жылы оларды голландтар қуып шықты.)
Португалдықтар басып алған жерлерінде шаруашылықпен аз айналысты, көбінесе
дайын азық-түлік т.б. өнімдерді өте арзан бағаға сатып алып, Еуропада 10
есе қымбатқа өткізді. Олар басып алған жерлерінде көп дегенде 10 мыңдай
ғана әскер ұстады. Португалдықтар әскері аз болғандықтан Азиядағы отарларын
көбейте алмай, негізінен теңіздегі қарақшылықпен айналысты.
ХVI ғасырдың аяғында – XVII ғасырдың басында португалдықтардың Индиядағы
және оңтүстік – шығыс Азиядағы үстемдігін ағылшындар мен голландтар тартып
ала бастады.
Индия XVI ғасырдың басында өзара қақтығысып, қырқысып жататын бірнеше
дербес князьдықтарға бөлінген, бытыраңқы ел болды. Үндістанда Кашмир,
Синд, Мултан, Гуджарат, Джайпур, Мальва, Бенгалия , Бихар дербес
мемлекеттер болды. Солтүстік Индиядағы үлкен мемлекеттердің бірі Дели
сұлтанатының билігі астаналық округтен аса алмады.
Бұл сұлтанаттың басында афгандық Лоди әулеттері тұрды. Оңтүстік Индиядағы
XVI ғасырдың басындағы ірі мемлекеттер Хандеш, Виджаянгар (1336-1565)
болды. Олар мұсылмандардың билігінде еді. Екі сарай төңкерсінен кейін
Кришна Рай (1509-1529) империяның бытырап кеткен облыстарын қайта жинап
алып, бір мемлкетке біріктірді. Ол армияны , қаражатты тәртіпке келтірді,
жерді, одан түсетін салықты реттеді. Малабарды басып алып, солтүстікке
бірнеше жорықтар жасады. Кришна Райдың әскери табыстары Виджаянагар
империясының құлдырауын тоқтата алмады. Империя шағын княздықтарға бөлініп
кетіп отырды.
Жаңа раджаларды мемлекет палайякарлар (қорғаушылар) ретінде тағайындап,
бірнеше деревнядан тұратын палайямадан (иеліктен) шағын салық жинап алуға
рұқсат етті. Бұл үшін раджа өкімет салығын жинап беруге, өз аумағындағы
тәртіпті бақылауға қажетті әскер ұстауға міндетті болды. Кейбір қуатты
палайякарлар вассалды князьдарға айналып отырды. Майсур, Келади т.б.
княздықтар осылай құрылды. Кришна Райдың інісі Айсьюта Рай (1529-1541)
шығыстағы бірсыпыра облыстарынан айрылып, Райчурды ғана ұстап қалды. Ал іс
жүзіндегі билік Аравид деген феодал әулетінің өкілі Рама Раджаның қолына
көшті.
1510 жылы португалдықтар Гаоны басып алып, Виджаянагармен келісімге келу
жолын қарастырған болатын. 1547 жылы келісім бойынша португалдықтар Иран
мен араб елдерінен жылқы, қару, қытай жібегі мен мыс, сынап тағы басқа
тауарлар әкелетін болды. Ал Виджаянагар португалдықтарға селитра мен үнді
матасын беретін болды. Португалдықтар қолдауына сүйене отырып, әрі ішкі
алаауыздықтарды шебер пайдаланып, Рама Раджа өз иелігінің шеңберін
солтүстікке қарай кеңейте түсті.
Виджаянагар тарапынан төнген қауіп алдында Ахмеднагар Биджапур, Бидар және
Голконда басшылары ала ауыздықтарын ұмытып, бірлесе түсуге мәжбүр болды.
Олардың біріккен қарулы күштері 1565 жылы шайқастарда Виджаянагар әскеріне
қатты соққылар берді. Рама Раджа қаза тапты. Оның ағайындары астананы
тастап қашты. Астана (Виджаянагар қаласы) талқандалды. Кейін қайтып оралып,
махараджа болған Тирумала оны қайта қалпына келтіруге тырыспай, Пенуконда
қаласын астанаға айналдырды. І-Венката (1586-1614) империяны бұрынғы
қалпына келтірді. Бірақ І-Венката өлісімен өзара қырқысулар қайта басталып,
империяны әлсіретті. Империядан бірінен соң бірі : Майсур, Мадура, Иккери,
Танджур княздықтары бөлініп кетті.
Үнді жағалауының қалалары көптеген бері таяу және қиыр шығыс елдерімен
теңіз саудасын кеңінен жүргізіп келе жатты. Сол себепті оңтүстік қалалары
өз дамуында солтүстіктегі қалалардан әлде қайда озып кетті. Көпестер бұл
қалалардың құрметті сословиесі болды. Сыртқы сауданың, әсіресе күшті
дамыған ауданы Малабар болды. Оның халқы кокос, келімдәрі, т.б. тағамға
қажетті көөкөністер, жемістер өсірумен шұғылданды. Бұл тауарлар тек шет
елдерде ғана емес, елдің ішінде де үлкен сұранысқа ие болды. Мұнда астыққа
қажеттілік сұраныс зор болды. Малабардың өз астығы болмады.
Индияның барлық жеріндегідей, оңтүстіктегі үндістер де қауымға бірігіп
тұрды. Бірақ мұндағы қауым XIV-XV ғасырларда біртіндеп ыдырай бастады. Азия
мен Африкадағы үнді матасына деген зор сұраныс шаруалардың көпшілігін мата
тоқумен айналысуға итермеледі. Тоқымашылар поселкесі пайда болып жатты.
Қауымнан бірте-бірте ұсталар, қыш құмыраларының шеберлері, түптеушілер
сияқты қолөнершілер де бөлініп шыға бастады. Барлық қалалар мен көптеген
селоларда әр апта сайын базар өткізіліп тұрды. Тауарды бүкіл елге таратып
тұратын кезбе касталар (коматтар, ламбадалар) сауданың дамуында айтарлықтай
рөл атқарды.
Рынокқа еңбек ететін қолөнершілер біртіндеп қауым ықпалынан босай бастады.
Олар үстемші - саудагерлерден қарыз ақша алып, өтеуге шамасы келмегенде
қауымдағы жерін бере салатын. Қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуы қауымның
онан әрі ыдырауына түрткі болды. Қауым мүшелерінің үлестерінің теңдігі –
өткен заманының белгісі ғана болып қалды, яғни жойылды. Қауым басшылығында
шаруалардың неғұрлым бай топтары тұрды. Олардың кейбіреулері өз көршілерін
қанайтын феодалдарға айнала бастады.
Шаруалардың көпшілігі өз үлестерінен айрылып, тақыр кедейлерге айналды.
Қауым басшылары мен индус храмдарының жерлерінде жалгерліктің
сыбайластық деген түрі қалыптасып, дами түсті. Бұл процестер Оңтүстік
Индияда , әсіресе Виджаянагар (1336-1365) империясының соңғы жылдарында
өте тез қарқынмен дамыды.
Малабар жағалауында қаумның ыдырағандығы сонша , онда қауымдық үкімет те,
қолөнершілер де қалмады. Шаруалар үлкен отбасылармен өзіне тән ерекшелігі
бар хуторларда тұрып, еңбек етті. Жақындауға болмайтын каста мүшелерінің
жалдамалы еңбегін пайдаланды. Қауымдық құлдар мен басыбайлы шаруалар жеке
меншіктікке айналған Малабардан басқа Оңтүстік Индияда араласуға болмайтын
касталық басыбайлы шаруалар бүкіл қауымға ортақ болып қала берді. Бұл
жағдай қауымды ұжымдық қанаушы ретінде топтастыра , біріктіре түсті.
Қауымдардың ағылшындар келуіне дейінгі сақталып қалуының бір себебі осы
болды. Жерге феодалдық меншіктің бірнеше түрі болды:
1. Махараджа әулетінің иелігі, сондай-ақ иен жерлер, джунгли мен
айдалмаған (өңделмеген) жерлер мемлекет басшысының домені болды.
Олардан түскен табыс сарайдың мұқтажына жұмсалды;
2. Сонымен қатар Махараджа кәмпіск, жаулап алушылық кезінде мемлекет
меншігіне айналған, әскери лендер ретінде тарату үшін ұстап отырған
елдің түкпір-түкпіріндегі барлық жерлерді тек өз қалауы бойынша
пайдаланды. Бірақ ол жерлерді храмдар мен брахмандарға діни сыйлық
ретінде таратуға болмайтын еді;
3. Әскери лендер амарам деп аталды. Олар тақсыр үшін белгілі бір
әскери контингенттің басында қызмет атқарып, тиісті салығын төлеп
тұрғанда өмір биқилыққа берілетін. Бұл салық жылдық азық-түлік
табысының 1 6-ін құрайтын. Одан аз болуы мүмкін болды, бірақ ешқашан
көп болған жоқ. Амарам иесінің өз қарауындағы шаруалардан салық
жинауына үкімет араласпады. Салық мөлшері, оны жинау мерзімі мен
жинаушылар құрамын амаранайяк (амарам иесі) өзі белгілеп отырды. Оның
өз жерін басқа біреуге сатуға, сыйлауға, жәй беруіне құқы болды.
Амаранайяктар ірі феодалдардың марқасқаларын құрады. Олардың саны 200-
ден аспады;
4. Амаранайяктардың вассалдарын, кішігірім отряд командирлеріне берілген
умбали деген жер сыйлығы. Феодалдық жер иеленушіліктің бұл түрі тек
әскери қызмет атқарғаны үшін берілді;
5. Оңтүстіктің ірі феодалдары храмдар болды. Бүкіл елдің аумағының 15-і
сол храмдардың қарамағында болды. Храмдарды үкімет тағайындайтын басты
абыз бен брахмандар кеңесі басқарды. Орталық үкімет храмдардың байып,
нығая түсуіне көмектесіп отырды;
6. Инабатты феодалдар өз жерлерінің біраз бөлігін оқымысты брахмандарға
сыйға тартып тұратын. Император сарайында, оның вассалдары мен әскер
бастықтарының маңында жер мен наградалар сұрап қора-қора брахмандар
жүретін. Оншақты брахмандар отбасына бір деревня берілетін. Онан
түскен табысты бәрі бөлісіп алатын. Императорлар князьдар арасындағы
ала ауыздықтар мен қырқысуларды өз билігін нығайту үшін пайдаланып
отырды. Сонау 1350 жылы І-Харихара (1336-1556) барлық салықты ақшамен
жинауға бұйрық берген болатын. Ақшалай рента Виджаянагар әулеті
билік құрған кезде мызғымай қала берді. Натуралды оброк та сақталып
қалды, бірақ оның мөлшері өте аз болды.
Араласуға болмайтын каста мен қарызға белшесінен бастқан қауым мүшелері –
мирасдарлардың қожайындарынан кетуге құқы болмады. Олар жалға алған жерлері
үшін өнімдерінің 78-ін қожайынға беруге немесе өз жерімен қоса қожайынның
жерінде де жұмыс істеуге тиіс болды. Барщиналық еңбекті, әсіресе храмдар
жиі пайдаланды. Брахмандар мен храмдардың жерлеріндегі мұндай шектен тыс
қанаушылыққа шыдамаған шаруалар басқа феодалдарға қашып кетіп отырды.
Олардың көпшілігі салық мөлшері азайтылған соң ғана қайтатын. Кейде
шарулар қашпай-ақ рентамен алым-салық мөлшерін төмендеткізе алды. Бұл
мақсатқа жеті үшін бүткіл бір аудан еңбекшілерінің барлық касталары мен
топтары өзара келісіп алып, қожайындарға өздері әділетті деп санайтын
салық мөлшерін ұсынатын. Келісімді бұзған каста мүшелері қатты
жазаланатын, кейде өлім жазасына да кесілетін.
Халық бұқарасын кеңінен қамтыған көтерілістер 1480 жылы Танжурда, 1546
жылы Баркуда (Мангалор маңы) болды. Әскери, азаматтық істердегі барлық
билік махараджаның қолында болды, бірақ әкімшіліктегі басты фигура үлкен,
бірінші министр-махапрадхан болды. Ол қаражат жағын басқарды, басқа
министрлерді – прадхандарды басқарды. Әскери қолбасшы далада –адхисари
деп аталды.
Мемлекет басында губернаторлар тұратын бірнеше провинцияға бөлінді.
Губернатор жеке өз басының пайдасына майда салықтар жинап отырды. Оның
әрбір қадамын орталық үкімет тыңшылар арқылы өте мұқият қадағалап отырды.
Шамамен әрбір 2-3 жылда губернаторлар ауыстырылып отырды. Провинциялар
бірнеше шағын әкімшіліктерге бөлінді. Олардың әкімдері ірілі-ұсақ жер
иелері болды. Әкім қызметі әкеден балаға мұра ретінде қала беретін болды.
Солтүстік Индиядағы саяси бытыраңқылық және феодалдық өзара қырқысулар
сауданың, ауыл шаруашылығының дамуына кедергі жасады. Күйзеліске
ұшырататын феодалдық соғыстарды тоқтатуға шаруалар да, қала тұрғыдары да
мүдделң болды.
ХV ғасырдың аяғы мен XVI ғасырдың басындағы португалдықтардың Үнді
мұхитындағы үстемдік құруы Индияның Батыспен, Шығыспен теңіз саудасын
тежеді, ол саудаға ең көп пайда табушы араб көпестерін тақырға отырғызды.
Португалдықтар Үнді мұхитындағы кез келген кемелерді қиратып, тонап,
Индияға жолатпауға тырысты. Бұл әрекет Индияның сыртқы саудасын құрғаққа
ығыстырды. XVI ғасырда индиялық маталар мен бояулар, тәтті тағамдар
Еуропаға Ауғаныстан, Персия , Түркия арқылы шығарлып, ескі керуен жолы
жандана түсті. Бірақ бұл жандану ХVІІ ғасырда қайта басылып қалды. Оған
себеп – ағылшындар мен голландтардың Үнді мұхитындағы португалдықтардың
жеке дара билігін жоюы болды.
Сондай-ақ солтүстік Индиядағы феодалдар арасындағы бір орталыққа бағынған
мемлекет құруға ұмытушылықтың бір себебі – мұсылмандар мен индустар
арақатынасындағы өзгерістер болды. Түрік, тәжік, ауған басқыншылықтары
кезінде Индияда ислам діні басым болды. Ал жергілікті индус дінін ұстанатын
халық жерінен, байлығынан айрала бастады. Темір шапқыншылығынан кейін және
Дели сұлтанаты құлаған соң индус феодалдары қайтадан бас көтерді. 1452
жылы Делиді Жайпур раджасы қоршап алды. Бұл шабуыл 26 жылға созылды
(К.Маркс)
Мұсылман феодалдары ала ауыздықтарын жоғалтатынын ұқты. Сондықтан олар бір
орталыққа бағынған күшті мемлекет құруға мүдделі болды. Бұл жағдайды Орта
Азиядан шыққан Қабул әмірі , сұлтан Бабыр пайдаланып қалды. Ол 1526 жылы
Индияға басып кірді. Ол Темірдің шөбересі, 12 жасында әкесінің Ферғана
тағын мұраланды. 1504 жылы көшпелі өзбектер оны қуып шықты. Сол жылы ол
Қабулды басып алды. 1512 жылға дейін Бұхара мен Самарқандты басып алмақ
болды, бірақ ол мақсатына жете алмады.
1525 жылы Пенжабтың наместнигі Дәулет-хан Бабырды Делиде билік құрып тұрған
сұлтан Ыбырайым Лодиге қарсы бірге күресуге шақырды. Бабыр 12 мың әскермен
Пенджабқа кіріп, Дәулет ханды орнынан алды. Бабырдың сұлтан Ыбырайым
Лодидің 40 мыңдық әскерімен шешуші шайқасы Пенджаб пен Делидің арасындағы
Панипат алқабында 1526 жылғы сәуірде болды. Бабыр әскері зеңбірегінің
басымдаығының арқасында жеңіске жетті. Оған Делиге жол ашылды. Бірақ енді
Бабырға қарсы шайқасқа Раджпуттық князьдар әскерімен Рана Санграм Сингх
шықты.
1527 жылғы наурызда Кхнау маңындағы шайқаста Бабыр тағы да жеңіске жетті.
Бабыр орнатқан мемлекет Ұлы Моғолдар державасы деп аталып кетті. Бабырдың
қайтыс болуына қарай бұл держава батысында Кабулмен, Шығысында Бенгалиямен
шектесіп жатқан ұланғайыр мемлекет болды. Бірақ ондағы салық – әкімшілік
жүйесі нашар болды. 200 жылдан астам уақытқа (1526-1761) дейін өмір сүрген
бұл мемлекеттің негізін қалаған Бабыр өте көрнекті қолбасшы әрі саяси
қайраткер болды. Ол өте сезімтал, дарынды ақын да болған. Өзбек, тәжік,
ауған, үнді тілдерінде емін-еркін сөйлеген. Үнді елінің салт-дәстүрін
сақтап, әдет-ғұрпымен танысып, құрмет көрсетіп отырған.
1530 жылы таққа Бабырдың баласы Хумаюн отырған соң орталық өкімет билігі
біраз әлсіреді. Өз інілеріне енші-иеліктерін бөліп беруі моғолдық билеуші
топ арасындағы қырқысуларға әкеп соқты. Бұл қақтығыстар саудаға кесірін
тигізіп, елдің экономикасын әлсіретті. 1532 жылы Ұлы Моғол елшілігі
орыстың ұлы князі Василий ІІІ-ң сарайына келіп қайтқан. Бұл кездесу екі
елдің тарихында елеулі із қалдырған жоқ.
1537 жылы Хумаюнға қарсы көтерілісті бихарлық ұсақ феодал Фарид басқарды.
Ол ауғандық сур тайпасының өкілі болатын. Өз інілерінен ешбір көмек ала
алмаған Хумаюн Фаридтен жеңіліп, 1542 жылы Персияға қашты. Шер-шах деген
атпен тәж киіп (1539-1545), Фарид қоғам талабына сай өзгерістер енгізді.
Жан-жағына ағаштар отырғызылып, 1700 керуен-сараймен қамтылған төрт сауда
жолы салынды. Ол жол астана Аграны Бенгалиямен, Раджпутанамен, Аттокпен
және Мултанмен қосты. Бүкіл ел кішігірім әкімшілік-паргандарға бөлінді. Ол-
орталықтың бақылауын күшейтті. Феодалдардың жерін тартып алуға батпай, жаңа
жер иеліктерін үлестіруден шах үкіметі аулақ болды.
Шер-шах феодалдардың әскер жасақтауларына бақылауды күшейтті, жылқыларды
таңбалауды енгізді. Ол жаңалықтар салықты еспке алуды жетілдіруге , сөйтіп,
қазынаға түсетін кірісті көбейтуге, сондай-ақ ол салықты төлеушілердің
жағдайын жақсартуға бағытталды. Енді салықты заттай немесе ақшалай төлеуге
ерік берілді. Үндістер дініне тіл тигізу қатаң жазаланатын болды. Бірнеше
үндістер мемлкетті басқару ісіне тартылды.
1545 жылы Шер-шах өлді. Хумаюн сол жылы Кабулды, Кандағарды басып алды.
1554 жылы Индияға басып кіріп, Пенджабты бағындырды, бір жылдан соң Дели
мен Аграны да бағындырды. Хумаюн 1556 жылы қаңтарда өз астрономиялық
обсерваториясындағы мәрмар баспалдақтарында тайып жығылып, қайтыс болды.
Шах деп оның 13 жасар баласы (1355-1605) Әкбар жарияланды. Оған қарсы Хаму
деген үндіс қолбасшысы көтеріліске шықты. 1556 жылғы Панипаттағы шайқаста
үндістер жеңілді.
Онан кейінгі 20 жыл ішінде көптеген басқыншылық соғыстардың нәтижесінде
Шығыс Ауғаныстан, Пенджаб пен Дели Агра өңірін қамтыған кішкентай Солтүстік
Индия мемлекетінен Моғолдар державасы ұланғайыр империяға айналды. Ол
солтүстігінде Гималай тауларынан, оңтүстігінде Годавари өзеніне дейін,
шығысында – Бенгал шығанағынан, батысында Гуджарат жағалауларына дейінгі
жерлерді алып жетті. Бұл шапқыншылықтардың табысты болуы тек моғолдардың
күш жағынан басымдығына ғана байланысты емес еді. Моғолдар ішкі саясатында
падишах билігінің әлеуметтік тірегін, жаңа құрылған феодалдық мемлекетті
нығайтуға бағыт ұстаған болатын.
Акбар таққа отырғанда оның тірегі Индияға Бабырмен және Хумаюнмен келген
орта азиялық, ауғандық және персиялық феодалдардың шағын ғана тобы болды.
Осы топтың шексіз билікке деген ұмтылысын шектеп қана шах үкіметі Индияға
атам заманнан бері келіп қоныстанған, жергілікті үндістерден дінінен басқа
ешбір айырмашылығы қалмаған мұсылмандарды өз жағына тарта алды. Индияның
түкпір-түкпірін жаулап алған кезде Акбар жергілікті феодалдарға зорлық-
зомбылық көрсеткен жоқ. Қарсылық көрсетпеген феодалдарға сыйлық пен билік
беріп отырды.
Акбар таққа отырған алғашқы жылдары эмир лауазымы бар 200 ірі феодалдардың
70 проценті Индияға Бабырмен, онан кейін келген орта азиялық, ауғандық
феодалдары болды. 1532 жылғы мәлімет бойынша эмирлердің 40 проценті
жергілікті, үнділік мұсылмандар болды. Ал үндіс феодалдар эмирлердің 20
процентін құрады. Сөйтіп, шах билігі жергілікті, индус және мұсылман
феодалдарының қолдаушылығына сүйенді.
Үндіс ақсүйектерімен жақындасу саясаты өмір талабынан туып еді.
Раджпутандағы соғыс кезінде моғолдар Бабырдың жауы Удай Синхтың қатты
қарсылығына тап болды. Бұл елді жаулап ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz