Қазақ әңгімелеріндегі заман шындығы



І Кіріспе бөлім
ІІ Негізгі бөлім
1 Қазақ әңгімелері туралы жалпы шолу
2 Б.Майлин әңгімелерінің ерекшеліктері
3 С.Сейфуллин, М.Әуезов әңгімелері
4 Б.Майлин әңгімелерінің көркемдігі және танымдық сипаты
ІІІ Қорытынды
Революцияға дейінгі әдебиетімізде әңгіме әлі балаң еді.Әңгіме жанры қазақ совеи әдебиетінде көрініп, сан-сала болып өсе бастады. Қырық әңгімесі дегенде алдымен Б.Майлин есімі тілге оралады. Туып-өскен жері — қазіргі Қостанай облысының Таран ауданы. Бір жасқа толмай жатып әкесінен, алтыға шығарда шешесінен айрылған. Жетімдік зардабын шегіп, байларға жалданады.Алғаш ауыл молдасынан оқып сауат ашқан. 1911-1915 жылдар аралығында Троицк қаласындағы Уәзифа медресесінде, Қостанайдағы орысша қазақша мектепте, Уфадағы Медресе Ғалияда оқып білім алған.1916-1919 жылдары мұғалім болады, жазу¬шылықпен шұ¬ғылдана бас¬тай¬ды. «Қа¬зақ», «Ауыл» газеттері мен «Ай¬қап», «Садақ» журнал¬дарына жа¬зып тұрады.Б.Майлин «Еңбекшіл қа¬заққа» «Еңбек туы» болып тұрған кезде-ақ атсалыса бастаған. Алғаш мақалала¬рымен қатысқан ол әдеби қызметкер, бөлім меңге¬рушісі, хатшысы да болған, редакторлыққа дейін өскен. Бірақ көп істемеген.1920-1922 жылдары газетті жасауға алғаш шығарушылар алқасы басшылық жасап, кейін жекелеген тұлғалар келе бастаған тұста басылымға Б.Май¬лин секілді жеті-се¬гіз адам жетекшілік ет¬кені мәлім.Содан соң, «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде қызмет істеп (1922-1923), Қостанайдағы губерниялық «Ауыл» газетінде шығарды (1925). 1925-1928 жылдары қайтадан «Еңбекші қазақ» газетінде қызмет істеп, Қазақтың пролетар жазушылары ассоцияциясын (ҚазАПП) ұйымдастыруға қатысты (1928-1932).Мұнан кейінгі 30-шы жылдарында «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, «Ауыл тілі», «Қазақ әдебиеті» басы¬лымдарының бас редак¬торы болып істейді.
1 1.Б.Майлин. Таңдамалы повестер және әңгімелер 1977ж. 2.М.Қаратаев, Т.Нұртазин, С.Қирабаев. Қазақ совет әдебиеті 3.З.Қабдоллов .Әуезов А.1977ж. 4.Әуезов М. Шығармаларының елу томдық жинағы. Т.10. –Алматы: Ғылым, 2003. -456 б.
5. Әбдіғазиев Б. Асыл арна. – Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 128 б. 6. Қазақ әдебиеті. Энциклопедия. – Алматы: Бірлік, 1999. – 752 б. 7.Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы: Санат, 1994. – 312 8. Бисенғалиев З. ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасы. – Алматы, Мектеп, 1989. – 136 б. 9. Смирнова Н. Фольклор және әдебиет. // Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы: Жазушы, 1968. – 560 б. 10. Е.Әбен, Е.Дуйсенбайұлы, И.Тасмағанбетов “Дала даналары” А., 2001ж

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

І Кіріспе бөлім
ІІ Негізгі бөлім 1
Қазақ әңгімелері туралы жалпы шолу 2
Б.Майлин әңгімелерінің ерекшеліктері 3
С.Сейфуллин, М.Әуезов әңгімелері 4
Б.Майлин әңгімелерінің көркемдігі және танымдық сипаты ІІІ
Қорытынды

Революцияға дейінгі әдебиетімізде әңгіме әлі балаң еді.Әңгіме жанры
қазақ совеи әдебиетінде көрініп, сан-сала болып өсе бастады. Қырық әңгімесі
дегенде алдымен Б.Майлин есімі тілге оралады. Туып-өскен
жері — қазіргі Қостанай облысының Таран ауданы. Бір жасқа толмай жатып
әкесінен, алтыға шығарда шешесінен айрылған. Жетімдік зардабын шегіп,
байларға жалданады.Алғаш ауыл молдасынан оқып сауат ашқан. 1911-1915 жылдар
аралығында Троицк қаласындағы Уәзифа медресесінде, Қостанайдағы орысша
қазақша мектепте, Уфадағы Медресе Ғалияда оқып білім алған.1916-1919
жылдары мұғалім болады, жазушылықпен шұғылдана бастайды. Қазақ, Ауыл
газеттері мен Айқап, Садақ журналдарына жазып тұрады.Б.Майлин Еңбекшіл
қазаққа Еңбек туы болып тұрған кезде-ақ атсалыса бастаған. Алғаш
мақалаларымен қатысқан ол әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, хатшысы да
болған, редакторлыққа дейін өскен. Бірақ көп істемеген.1920-1922 жылдары
газетті жасауға алғаш шығарушылар алқасы басшылық жасап, кейін жекелеген
тұлғалар келе бастаған тұста басылымға Б.Майлин секілді жеті-сегіз адам
жетекшілік еткені мәлім.Содан соң, Еңбекші қазақ (қазіргі Егемен
Қазақстан) газетінде қызмет істеп (1922-1923), Қостанайдағы губерниялық
Ауыл газетінде шығарды (1925). 1925-1928 жылдары қайтадан Еңбекші қазақ
газетінде қызмет істеп, Қазақтың пролетар жазушылары ассоцияциясын (ҚазАПП)
ұйымдастыруға қатысты (1928-1932).Мұнан кейінгі 30-шы жылдарында
Социалистік Қазақстан (қазіргі Егемен Қазақстан) газетінде бөлім
меңгерушісі, редактордың орынбасары, Ауыл тілі, Қазақ әдебиеті
басылымдарының бас редакторы болып істейді.
1938 жылы жазықсыз тұтқындалып, қызыл қырғын саяси репрессияның құрбаны
болды.
Бейімбет – поэзия, проза, драма саласында бірдей өнімді еңбек еткен
қаламгер. Ол Садақ қолжазба журналында, Айқап журналында, Қазақ
газетінде жарияланған алғашқы өлеңдерінен бастап-ақ ел өмірінің сан-сала
көкейкесті мәселелеріне ден қояды. Сахара жұртының мұң-мұқтажын, арман-
аңсарын, әсіресе азаттық-теңдік тақырыбын тілге тиек етеді. Бейімбеттің
поэзиялық шығармаларындағы Мырқымбай – типтік кейіпкер деңгейіне көтерілген
жиынтық бейне. Мырқымбай бейнесі арқылы Бейімбет сол кездегі қазақ
кедейлерінің болмыс-бітімін, уақыт, қоғам аясындағы тіршілік-тынысын
суреткерлік шыншылдықпен бедерлей алған.
Бейімбет қазақ поэзиясында поэма жанрының өрісін ұзартып, өресін биіктетуге
қомақты үлес қосқан. Оның Байдың қызы, Рәзия қыз, Қашқын келіншек,
Маржан, Өтірікке бәйге, Кемпірдің ертегісі, Хан күйеуі, Мырқымбай
поэмалары тақырыбының әр алуандығымен, оқиғалық тартымдылығымен, өзіндік
тіл-стилімен қазақ поэзиясының көрнекті үлгілерінің бірі болып табылады.
Бейімбет Майлин дарыны оның прозалық шығармаларында айрықша
жарқырап көрінген. Әсіресе, қазақ прозасында әңгіме жанры Бейімбет
шығармалары арқылы кемелдене түсті. Оның әңгімелері өмір шындығын дөп басып
көрсететін реалистік тегеурінімен, көркемдік биік өресімен, тақырыбының әр
алуандығымен дараланады. Ол – көркем әңгімелері арқылы өзі өмір сүрген
заман тынысы мен қоғам өмірін энциклопедиялық кемелдікпен сомдай алған ұлы
суреткер.
Бейімбет – он беске тарта повесть, бұған қоса Азамат Азаматович атты
роман жазған қаламгер. Оның Қызыл жалау, Қоңсылар атты романдары
аяқталмай қалған. Мұның сыртында ол – ірілі-ұсақты 25 пьеса, либретто,
сценарийлердің авторы.Бейімбет Майлин шығармалары қазақ әдебиетін барлық
салада байытқан рухани асыл қазына ретінде халқымен мәңгі бірге жасайтын
болады.Ол орыс әдебиетінен, әсіресе орыс прозасынан шығармашылық жолмен кең
үйренді, тыныс алды, өзіне басшы, үлгі қылып ұстады.Қаламгер жазушы өлеңмен
бастап, бірақ прозаны қатарластыра қамтып отырады.
С.Мұқанов Бейімбеттің шығармашылығын социалистік ұлы
дәуіріміздің күнделік жазбалары секілді деп айтады.
Жазушының әңгімелерін шартты түрде төмендегідей тақырыптарға топтауға
болады. Олар: кедейлер өмірі, мемлекет жұмысы, әйелдер өмірі және семья мен
махаббат, алашорда мен оның сұрқиялық әрекеті, әдет-ғұрып, салт, халық
ағарту және мәдениет, 1916 ж. революция, азамат соғысы, байлар мен совет
тұсында дін және атеизм, ауылды колхоздастыру, жаңа адамдар, өнеркәсіп пен
техника адамдары. Б.Майлиннің әңгімелерінде бірінші және басты тақырып –
кедейлер өмірі. 1922
жылы жазылған Кедей теңдігі әңгімесінде бай үйінде адам деп танылмай,
үнемі салпақтап жүрген Бұқабай батырақты көреміз. Қауқымбай бай әлі ырысы
шайқалмаған адам. Әйтсе де ол біреудің жерінде отырған, Кеңес еліне өзін
кірме адамдай сезінеді. Әңгіме шебер жазылған. Әдемілеу, оқиғаны
немесе сөзді ойнақшытып оқушыны қатты қызықтыру ниеті жоқ. Сабырмен, сараң
сөзбен оқиға өмірде жоқ болғандай баяндалады. Қаламгер жасаған сюжет жобасы
деп ойламайсың, өзің сол оқиғаның айғағы болғандай сезінесің.
Шапайдың хаты
(1928) деген әңгімеде алыпс бес жылдық өмірінің елу жылын байдың есігінде
жалщшылықта өткізіп, қартайып, ауруға шалдыққан соң жұмыстиан қалған Шапай
қарттық хат түрінде жазған сыры баяндалады. Шапай Совет өкіметінің
қолдауымен Тоқберлі байдан елу жылғы еңбегінің есесін алады.
Шапайдың хаты - психологиялық әңгіме. Мұнда өмір бойы бай иелігінде
езіліп, жерқорқақ боп қалған малайдың санасы біртіндеп оянуы,
жасқаншықтықтан азаптануы суреттеледі. Бай үйіне нашар киінген жігіт
келеді. Тоқберлі Шапайға Малай емеспін, еншілеспін, - деп айтады,
еншілеспін деп айтуға батылы бармайды. Содан кейін еншілес деген сөз
Шапайдың есінен кетпей-ақ қояды. Қыс. Үскірік аяз. Отын
сұрауға кемпірін жіберсе, бәйбіше қуып шығыпты. Қайратқа мінген Шапай
байдың үйген тезегінің бір жағын құлатады. Құшақтауға келгенде тайғақтай
бердім, кемпірім жаққан құрлы жаны шығып болды, - дейді Шапай. Шапайдың
рухани дүниесін жазушы шыжылдап, салмақпен бірітіндеп суреттейді.
Шапайдың жан әлеміндегі өзгеріске қалтықсыз наласың, соған жаның
ұййды, өзің елігесің. Тіл
шеберлігі де айтарлықтай.Шапай. Отында менің де еншім бар, құшақтап әкел
де жоқ! - деп кемпірім ақырды. Енші деген сезге
кемпірім түсіне қойсын ба, әрі бәйбішенің ызғары өтіп қалған ғой,
беттемеді, - дейді. Бір артық сөз жоқ, бәрі нысанаға қапысыз дарып тұр.
Қаламгердің алғашқы әңгімелерінің
бірі – Айранбай. Бұл жасалу шеберлігі жағынан, мұқтаждық құрсауында
отырған кедейдің рухани серпіліске ұшырап, таптық санасы оянуын нәзік ашуы
жағынан үлігілі шығарма. Әңгімеде қимылды, құблысты оқиға, сюжет жоқ
сияқты. Сюжет басты герой айранбайдң жан құбылысына негіделіп құрылған.
Автор оқиғаның арпалысты ортасына оқушыны тікелей душар етеді. Ескерте кету
керек, арпалыс Айранбайдың жан әлемінде. Бұл жүйедегі жақсы
әңгімелердің бірі – Жол үстінде. Басында фельетон деген анықтамамен
жарияланған. Автор шығармаларының табиғаты әңгімеге тән екенін көріп,
өзінің әңгімелер жинағына да, фельетондар жинағында енгізіледі. Бұл шебер
жазылған сатиралық әңгіме. Автор мағыналары мас болып, қарапайым
еңбекшілердің шағымына құлақ қоймайтын Мертайды шебер әшкерелеп, қатты
сызақтайды.Төртбақ, көз, шалбар бет қараны көрсең, бұл Арыстанбайдың Мұқышы
екен де қой. Мұқыш екенін сездіруге өзі де құмар. Қызмет басындағы адамды
көрсе, шырғалып соның маңынан шықпайды деп басталатын бұл әңгімеден
Бейімбет Майлиннің сол кездегі қараңғы қазақ халқының санасын ояту үшін
осындай астарлы, ащы шындықтан халыққа аса бір мәнермен, сықақ, күлкілі
ретінде жеткізгенін байқаймыз. Б.Майлин
аса дарынды, еңбекті құнығып істейтін, қаламы құнарлы, қазақ совет
әдебиетінің туу, өсу, дамуына үлкен роль атқарып көлемді де маңызды үлес
қосқан қайраткер. Шығармашылық, идеялық , саяси көзқарасы жағынан бетін
анықтап, бағытын айқын бағдарлап үлгермеген Б.Майлин азамат соғысы
жылдарында қателеседі, қайшылыққа ұшырайды. Ол ел жуандарын,
алашордашыларды сынайтын Қарынға, Съезд, Садақбай, Сексен сом,
Құла жорға секілді шығармаларымен қатар, алашшыларға қарсы идеялық
тұрғыда біраз өлеңдер жазады. Қаламын құрғатпай төгілте
жазған Б.Майлин сан-сала жанрда: лирикада, поэмада, әңгімеде, повесте,
очеркте, фельетонда, драматургияда озық қаламгердің сапында болады. 20-
жылдары Б.Майлин ең көп жазған, ең шебер жазған, жаңарып жатқан советтік
өмірдің қат-қабат сырын аша, сынын келістіре, поэзиясын әсемдеп мәнерлей
жазған маәйталмандардың алғы тобында. Әдебиеттің басты салаларында жаңадан
жол тартушы, сол жанрдың туып, дамуына, көркеюіне шешуші үлес қосушы, өмір
құбылыстарын, көркейе дамыған күнделіктегі кейіпкерлер характерін шебер,
жатық, ұтымды, өр реалистікпен бейнелеп, дәстүр құрушы.
Майлин – 20-жылдары әңгімені сан, көлем жағынан ең көп жазған
жазушы; тым ықшам, кейде екі-үш беттік әңгімелерге өмірдің түйінді
мәселелерін тербеп ұялатушы, содырлардың, шарапаттылардың игілі әрекеттерін
оқушы өзі қолма-қол араласып отырғанындай ситуация жасап, зор талантпн
әсерлендіре суреттеуші. Әңгіме жанрында Майлин –қазақ әдебиетінің соның
ішінде қазақ совет әдебиетінің көш бастары.
1923 жылы Ауыл газетінде жарияланған
айранбай әңгімесі өзгеріссіз осы күнге дейін сан рет басылып келеді.
Әңгімедегі басты кейіпкер айранбай ешкім адам деп санамаған, мұқтаждыққа
маталып 20 жыл өмірін дәулетті ағайыны Кемелбайдың есігінде өткізген,
ұнатпай қалған Кемелбай мұның бір десте жеріне 20 сом салық салдырып
сорлатқан бейшара. Жалаңаш етіне жамау-жамау шәркесін желбегей жамылып,
жалаң аяқ, жыртық шәркесін жамауға Кемелбайдікінен екі елі қайыс сұрауға
мәжбүр Айранбайдың таптық сезімі ояну процесін автор өткірдің жүзіне
ілінбес нәзіктікпен шебер де көңілге қонымды етіп реавлистік түрде
суреттейді. Күдерін үзген айранбай Кемелбайдың есігін
қайтып ашпақ емес, оның ендігі сенетіні – коммунистер. Жұпыны сөзге нарға
жүк болар мағына ұялатып дағдыланған. Майлин әрқашан бояуды да, теңеуді де,
сөзді де сараң қолданады. Өйткенмен ол үсітнде күпіден басқа лыпасы жоқ
Айранбайды жүйрік қиялды етіп суреттейді. Сөйтсе де жазушы сабырлы
реалистікпен алшақтамайды: санасы ояна бастап, Кемелбайдан ат құйрығын
кесісуге бекінген Айранбай коммунистерге солар аштан өлтірмейді деп
сенеді. Ауылдың реалды көріністері,
реалды жағдайдағы адамдардың сөзі, қимылы, құмарлығы, неден безіп, нені
құптайтыны Айранбай және сол секілді көптеген әңгімелерде ашылған.
Б.Майлиннің 20-жылдардағы әңгімелері мен повестері
біздің бағытқа жаттардың: Пролетариат әдебиеті болмайды, мақтанып
жүргендердің – ескі ауыл елесі дегені кенеусіз сөз сауу екенін көрсетті.
Қаламгердің әңгімелері мен повестері сол кездегі қазақ жағдайындағы, қазақ
әдебиетіндегі ең өмірлік, ең күрделі, ең маңызды, идеялық-эстетикалық
салмағы зор іргелі мәселелерді көтерді, тербеді, реалистікпен бейнеленеді;
соның барысында әдебиетіміз идеялық-шығармашылық принципиалдық
мәселелерін өзінің туындыларымен іс жүзінде шешті.
Алғашқы пьесаларын 1917-1918 жылдары
сауыққойлар сахнасында қойған Б.Майлиннің драмалық шығармалары 20-жыдарда
театр төрінен орын алып, сахна өнеріміздің тууында, қалыптасып өсуінде
көрнекті роль атқарды. 20-жылдар жазушының сатиралық дарынының өркештеніп
өскен кезеңі болды. Қаламгердің газет-журнал беттерінде жарияланған
көптеген сатиралық туындыларымен қатар, екі фельетон кітабы шықты; жазушы
– әдебиетімізде сатира, юмор жанрларының алғаш іргесін қалағандардың бірі.
Бейімбет қаламынан мақалалар, календарь, оқулықтар туып жатты.
Б. Майлиннің Мырқымбайы жұрттың аузынан түспейтін есімге
айналды. Біреулер күліп, біреулер кекетіп, біреулер сүйсініп атады.
Бейімбет айтқандай ... ., Бейімбеттің ана кейіпкеріндей ... деген сөз
саптаулар жиі естілетін болды. Бұл фактілер жазушы шығармаларының халықтық
мәнге, жарасымға ие болып, көптің көңіліне мекендегенін көрсетеді.
Б.Майлин газет, журналдарда істеп
журналистика өнерінің қалыптасып, көркейе дамуына зор да бағалы үлес қосты.
Жаңа әдебиетіміздің іргесін қаласқан қайраткерлердің бірі
– І.Жансүгіров. Талантты да батыл қаламгер азамат соғысы жылдарында және
онан кейінгі біраз мезгілде ағат қадам жасап, қателікке ұшырай отырып
(Тілек, Сарыарқаға, Бұл қалай?, Не күйде?, Тәңір-ау, неге болам
мәз?!) ілгері басты, жаңа заманды түсінуге, сырын ажыратуға жігерлене
қимылдады. 1920жылы жазылған Арыным деген өлең І.Жансүгіровтың советтік
идеяның, саяси бағытты берік құптап, көңілі дауалағанын дәлелдейді. Ақын
өмірді қайта құрып, жатқан еңбек қауымын, олардың жеңісті ұмтылыстарын жыр
ете бастады. Арынымда әлемді дір еткен революциялық күштің құдіретті
демі, алып екпіні бар.
Дарынды жазушымыз М. Әуезов те марқая дамырлық әдебиетмізге зор үлес қосты.
Ол әдебиеттің бірнеше саласында (прозада -әңгіме, повесть, очерк,
драматургияда, сында, әдебиеттануда, публицистика) қалам тартты. Оның сан
тақырыпқа жазған әңгімелерінде қоғам ішіндегі жауыздықтар, әділетсіздіктер
сыналады.
Қаламгер Қараш-Қараш повесінде таптық қайшылықтарды тереңдеген, аса
шиеленіскен ситуацияда бейнелейді. Кедейдің ең қайтпас қайраттысы, ең
ептісі Бақтұғұлдай-ақ болар. Бірақ күн сайын арбалып, күн сайын құбылған
жуандардың бабын ол да таба алмай шерменде болады. Повесть: Жан баққан
жалаңқайларға ауыл үстемдері күш бермек емес? - деген тұжырым ұсынады.
Азамат соғысы кезінде революцияшыл күрескерлігімен
танылдғандардың бірі – Сабыр Шәріпов. С.Шәріпов революцияға дейін
жазушылықпен шұғылданбаған Алты басар повесінің алғашқы нұсқасын 1917-
1919 жылдары жазғанын айтады. 20 жылдары С.Шәріповтың қаламынан Алты
басар повесімен бірнеше әңгімелер (Заң зәбірі, Ерзел батыр, Қала
шыққанда) туады.30-жылдары Иран өмірін суреттейтін Рузи Иран, Ләйлә
атты очерк повестер, азамат соғысы тақырыбынан Бекболат повесін бірсыпыра
әңгіме, очерктер жазады.
М.Әуезовтың әңгімелері де саны, көркемдігі жағынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Д. Исабеков прозасындағы замандас бейнесі
Көркем әдебиеттегі ұлттық сипат мәселесі
Ғабит Мүсіреповтың өмірбаяны
М.Әуезов өмірінің шығармашылығына әсері
Жүсіпбек Аймауытов прозасының көркемдігі
М. Әуезов әңгімелеріндегі тақырып пен идея
Қазақ прозасындағы әңгіме жанры, зерттелуі
Қазақ әңгімелерінің дамуы мен психологизмі. Қазіргі қазақ әңгімелеріндегі жанрлық-көркемдік ізденістер
Кеңес дәуірі әдебиетіндегі әңгіме жанры
Жазушы шығармашылығы және жариялануы
Пәндер