Үйсіндер



І ҮЙСІНДЕРДІҢ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕН ТҰРМЫСЫ
1 Үйсіндердің мал шаруашылығы.
2. Егіншілік пен отырықшылық
3. Түрлі кәсіпшілік
4. Үйсіндердің салт.дәстүрі мен діни нанымдары
ІІ ҮЙСІНДЕР МЕН ҒҰНДАРДЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ
МӘДЕНИЕТІ
2.1 Жерлеу құрылыстары мен олардың хронологиясы
Үйсіндердің мал шаруашылығы. Үйсіндердің тұрмысында мал шаруашылығының маңызы зор болды. Жетісудың табиғаты оларға көп мал ұстауға мүмкіндік берді. Әсіресе, Мойынқұм мен Балқаш өңірлеріндегі қыстаудан шыққан мал жаз басталысымен тау басындағы шөбі шүйгін шалғынды жайлауларға бет алатын. Бұл аймақта жайлау мен қыстау аралары онша қашық емес, 20-100 шақырым шамасында болған. Сол себепті
үйсіндер ұзақ уақыт қыстаулары мен жайлауларында, әсіресе көктемгі, күзгі жайылымдарында отырып қалатын. Сол арадан тұрақты үйлер салып, оның қасына егін егіп, бау-бақша салған. Үйсіндер қой, жылқы, сиыр, қос өркешті түйе, ешкі өсірген. Үйсіндер далалы аймақтан тау бөктеріне көшіп жүрген.
Қытай жазбаларында үйсіндер «егіншілікпен де, бау-бақша өсірумен де айналыспайды, тек оты мол, суы мол жерлерге мал-жанымен бірге көшеді де жүреді» делінді. Ал негізінде үйсіндердің бір бөлігі көшпелі өмір сүрді әрі егіншілікпен шұғылданды. Дәнді дақылдардан арпа, тары өсірген. Үйсіндер суармалы егіншілікпен де, тәлімді егіншілікпен де айналысқан. Олардың егіншілікпен айналысқандығын қазба жұмысы кезінде тас кетпендер, орақтар мен дәнүккіштердің табылуы дәлелдей түседі.
2. Егіншілік пен отырықшылық. Археологиялық қазба кезінде табылған деректерге қарағанда, үйсіндерде егіншілік те дамыған. Мәселен, Актас қыстау қонысының төңірегінде қарапайым егіншіліктің болғанын дәлелдейтін деректер кездесті. Мұнда аумағы 60 шаршы метрден 150 шаршы метрге дейін өңделген шағын егіс танабының орны анықталды. Бұл жерде шамасы дәнді дақылдар өсірілген болуы керек. Қазба жұмысы кезінде егіншілікте пайдаланылатын түрлі құрал-саймандар, тас кетпен, қола орақтар, тастан жасалған дәнүккіштер табылды. Дәнүккіштер ұзак пайдаланылғандықтан әбден тозған, жұқарған.
Үйсіндер егіс алқабын өзен бойларына салған. Егісті суаруға арық суларын да қолданған. Ертедегі деректердің мәлімдеуінше, үйсіндер «ағаш егіп», «қалалар мен елді мекендер салған». Суармалы егіс-тіктер, суландыру жүйесі, бау-бақшалар үйсіндердің астанасы Чигу қаласының айналасында орналасты. Шу мен Кеген өзендерінің жағалауларында қазбалар жүргізген ғалымдар бірнеше көне қаланын орнын тапты.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҮЙСІНДЕРДІҢ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕН ТҰРМЫСЫ

Үйсіндердің мал шаруашылығы. Үйсіндердің тұрмысында мал шаруашылығының
маңызы зор болды. Жетісудың табиғаты оларға көп мал ұстауға мүмкіндік
берді. Әсіресе, Мойынқұм мен Балқаш өңірлеріндегі қыстаудан шыққан мал жаз
басталысымен тау басындағы шөбі шүйгін шалғынды жайлауларға бет алатын. Бұл
аймақта жайлау мен қыстау аралары онша қашық емес, 20-100 шақырым шамасында
болған. Сол себепті
үйсіндер ұзақ уақыт қыстаулары мен жайлауларында, әсіресе көктемгі, күзгі
жайылымдарында отырып қалатын. Сол арадан тұрақты үйлер салып, оның қасына
егін егіп, бау-бақша салған. Үйсіндер қой, жылқы, сиыр, қос өркешті түйе,
ешкі өсірген. Үйсіндер далалы аймақтан тау бөктеріне көшіп жүрген.
Қытай жазбаларында үйсіндер егіншілікпен де, бау-бақша өсірумен де
айналыспайды, тек оты мол, суы мол жерлерге мал-жанымен бірге көшеді де
жүреді делінді. Ал негізінде үйсіндердің бір бөлігі көшпелі өмір сүрді әрі
егіншілікпен шұғылданды. Дәнді дақылдардан арпа, тары өсірген. Үйсіндер
суармалы егіншілікпен де, тәлімді егіншілікпен де айналысқан. Олардың
егіншілікпен айналысқандығын қазба жұмысы кезінде тас кетпендер, орақтар
мен дәнүккіштердің табылуы дәлелдей түседі.
2. Егіншілік пен отырықшылық. Археологиялық қазба кезінде табылған
деректерге қарағанда, үйсіндерде егіншілік те дамыған. Мәселен, Актас
қыстау қонысының төңірегінде қарапайым егіншіліктің болғанын дәлелдейтін
деректер кездесті. Мұнда аумағы 60 шаршы метрден 150 шаршы метрге дейін
өңделген шағын егіс танабының орны анықталды. Бұл жерде шамасы дәнді
дақылдар өсірілген болуы керек. Қазба жұмысы кезінде егіншілікте
пайдаланылатын түрлі құрал-саймандар, тас кетпен, қола орақтар, тастан
жасалған дәнүккіштер табылды. Дәнүккіштер ұзак пайдаланылғандықтан әбден
тозған, жұқарған.
Үйсіндер егіс алқабын өзен бойларына салған. Егісті суаруға арық
суларын да қолданған. Ертедегі деректердің мәлімдеуінше, үйсіндер ағаш
егіп, қалалар мен елді мекендер салған. Суармалы егіс-тіктер, суландыру
жүйесі, бау-бақшалар үйсіндердің астанасы Чигу қаласының айналасында
орналасты. Шу мен Кеген өзендерінің жағалауларында қазбалар жүргізген
ғалымдар бірнеше көне қаланын орнын тапты.
Тау бөктерлерінде үйсіндер тұрақты үйлерде тұрған. Олардың қысқы
үйлері шикі кірпіштен және тақтатастан балшық лай құйылып қаланды. Үйдің
үлкен бөлмесі және ұсақ қосалқы жайы, мал қамайтын қорасы болған. Үйдің
едендері балшықпен сыланды және қақ ортасына жер ошақ салынды, онымен үй
жылытылды. 4-5 үй бір ауылды күрады. Қонысқа жақын жерлерде ру және
әулеттің зираты орналасты.
3. Түрлі кәсіпшілік. Қолөнершілер былғарыны пайдаланып, одан сұйық
тағамға арналған ыдыстар жасады. Сүйектен түйме, түйреуіш пен ілгектер
әзірледі. Үйсін шеберлері темірден балта, орақ, пышақ, ыдыс дайындады.
Қолөнер мен үй кәсіпшілігі мал өнімдерін өңдеумен байланысты болды.
Далалықтар былғары мен киізді шеберлікпен өңдеп, түрлі түске бояды.
Мұнымен, көбінесе, әйелдер айналысты. Еркектер қару-жарақ заттарын, жүген,
ер, арба жасады, үй салды, өздеріне және әйелдерге етік тікті, аң аулады.
Олардың басты міндеті отбасын және мал-мүлікті қорғау болды. Қорғандардан
табылған бұйымдарға карап үйсіндер темір балқыта алды деген қорытынды жасай
аламыз. Олар темірден пышақ, қанжар, семсер, жебе ұштарын жасады. Сонымен
бірге үйсіндер мыс, қорғасын, калайы мен алтын кеніштерінен кен өндірген.
Археологтар шебер жасалған зергерлік бұйымдарды да кездестірген. Үйсін
шеберлері бағалы металдар мен асыл тастардан моншақ, сақина-сырға, білезік,
айна, киімдерге тағатын әр түрлі қапсырмалар, әшекейлер мен сәндік бұйымдар
жасады. Оларды көрікті ету үшін ак, көгілдір, қызыл түсті тастарды
пайдаланды. Алтын бұйымдар ұсак түйіршіктермен, түрлі түсті тастармен
әшекейленген.
Үйсіндерде тері өңдеу кәсібі жақсы дамыған. Одан күнделікті тұрмысқа
қажетті бұйымдар, ыдыстар жасап, аяқ киім, тері шалбар, бешпент, киім-
кешектер тікті. Сүйектен де өздеріне керекті көптеген бұйымдар дайындаған.
Ыдыстарды әйелдер саз балшықтан жасаған. Оларды арнайы ұршықшамен, сондай-
ақ құм толтырылған мата қалыпқа қолдан жапсыру арқылы да жасай білген. Ағаш
ұсталары қайыңнан астау, табақ, тостағандар мен ожауларды ойып жасаған.
Бұлардың арасында азық-түлік сақтайтын, су таситын, сүт құятын ағаш ыдыстар
да кездеседі.
Үйсін қоғамында тоқыма, жіп иіру, тері илеу, тастан, сүйектен кажетті
бұйымдар жасау ісі де дамыған. Жіп иіру мен тоқымашылық өнері арқасында
күнделікті тіршілікке қажетті киіз басу, жүннен киім тоқу, тігін тігу ісі
де өрістеген. Мата тоқу үшін карапайым, кәдімгі өрмекке ұқсас тоқыма
көрмесі қолданылған.
Тастан еңбек құралдары - кетпен, диірмен, келі; тұрмыс заттары —
ұршықбас, қайрақ тас; түрлі түсті асыл тастан -моншақтар жасалды. Сүйектен
жұмырлағыштар, жебелердің ұштары істелді, түймелер мен басқа бұйымдар
күнделікті тұрмыста пайдаланылды.
Балқыту арқылы темірден, мыс пен қоладан балта, орақ, пышақ, біз,
шеге, қазандар, құрбандық ыдыстары, қару-жарақ жасаған.
Зергерлік бұйымдарға түрлі асыл тастардан көз салу өнері өркендеді.
Өнердің мұндай ескерткіштерінің тамаша үлгілері Ақтас қорымынан табылып
отыр. Ақык, гауһар, жақұт сияқты асыл, бағалы тастар моншақ жасауға
пайдаланылды.
4. Үйсіндердің салт-дәстүрі мен діни нанымдары. Үйсіндердің салт-дәстүрі
туралы ғылыми деректер аз. Археологтар қазба жұмыстарын жүргізіп, жерлеу
дәстүрі туралы біраз мәліметтер жинақтады. Үйсін обаларының ең үлкенінің
диаметрі 20 метр, ал биіктігі 2 метрге жуық бо-лып келеді.
Үйсін обаларының құрылымы мынадай. Әдетте, олар топырақ үйіндісі
сияқты болып жатады. Кейде үйіндінің етегі не болмаса төбесіне жуық тұсы
айнала кішігірім қазандай тастармен көмкеріліп қойылады. Обаның үстіндегі
топырақты ашқанда, жер бетіне жақын шеңбер тәріздес тас құрылыс шығады. Тас
кұрылыс әдетте көлемі шәугімдей, кеседей өзеннің малта тастарынан қаланған.
Қоршаудың ортасындағы ашық жерде қабір шұңқыры орналасқан.
Үйсіндер өлген адамды қабірде жерлеген. Жетісу үйсіндері мәйітті шалқасынан
жатқызып, басын батысқа қаратып қойған. Ертедегі үйсіндердің түсінігінше,
өлген адам тіріледі деп есептеген. Сондықтан да адамды жерлегенде оған о
дүниеде керек болады-ау деген заттардың бәрін қоса көмген. Ғалымдар казып,
зерттеген зираттар көлемі жөнінен де, ішіне койылған заттар жөнінен де әр
түрлі. Егер жерленген адам бай, аукатты болса, оған ең қымбат киімдер
кигізіліп, бағалы заттар қойылған. Тірі кезінде пайдаланып жүрген заттарын
жанына қоса қойған. Көптеген бейіттерді қазғанда табылған заттар осыны
дәлелдейді. Тамақ ішетін ыдыс-аяқтар, тұрмысқа керекті басқа да сауыт-
сайманы, қару-жарағы: садақ жебе, қанжар, найза, қамшы, пышақ секілді
заттар қойылған.
Ертедегі үйсіндер жаратушы күшке сенген. Олар сол жаратушы күшке арнап
құрбандықтар шалып отырған. Бұны олардың пайдаланған заттары, салған
суреттері дәлелдейді. Археологтар арнайы шырақ жағатын табақ, кұрбандық
ыдыстарды тапқан. Қыш заттар мен ыдыстарға күннің суреті салынған.

ҮЙСІНДЕР МЕН ҒҰНДАРДЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ
МӘДЕНИЕТІ.
Ежелгі үйсіндердің материалдық мәдениеті жеткілікті дәрежеде толық
зерттелген. Жетісудағы, негізінен алғанда Іле аңғарындағы қоныстар мен
қорымдарды қазу айқын да әсерлі материалдар берді, олар үйсіндердің тұрғын
жайларының сипатын, олардың ішкі көрінісін елестетуге, керамиканың
эволюциясы мен негізгі үлгілерін зерделеуге, үйсін тайпаларының еңбек
кұралдары мен қаруларын білуге мүмкіндік туғызды.

Жерлеу құрылыстары мен олардың хронологиясы
Ертедегі үйсіндердің қоныстанған бүкіл кең-байтақ аумактағы қабірлерге
орнатылған есксрткіштері екі үлгідегі: үйілген обалар және жалпақ қоршаулар
құрылыстар болып табылады. Әдетте, құрылыстардың екі үлгісі де бір
корымның құрамынан кездеседі. Кейде қорымшылар жеке қорым құрайды, бірақ
мұндай реттер біршама аз. Тек бір ғана орнаулардан тұратын оқшауланған
қорымдарды оп-оңай санап шығуға болады. Шығыс Жетісуда бұлар: Калқан-1,
Үңгірқора-2, Бесшатыр-4, шоқы-3, Ақтасты-5 (Кеген өзенінің аңғары), Өсек-2
(Өсек өзенінің аңғары). Батыс Жетісу мен солтүстік Ферғанада Шығыс
Жетісумен салыстырғанда мұндай қорымдар әзірше белгісіз
сыртқы түріне айырмашылық олардың этникалық және мәдени тегіндегі
айырмашылықты білдірмейді. Керісінше, жерлеу ғұрпы мен қоса құрал –
саймандар жөнінен олардың бір-бірінен еш бір айырмашылығы жоқ. Әдетте,
үйіндісіз қоршаулар неғұрлым ертедегі дәуірлердің сарқыншақтарымен
байланыстырылады, сондықтан олардағы хронологиялық белгілср айқын
ажыратылады. Алайда біздің байқауларымызда олай тұжырымдарды дұрыс деуге
салмақты дәлелдер жок.
Сонымни, үйінді обалардан тұратын қорымдар үйсіндердің жерлеу кұрылыстарын
сипаттайтын ескерткіштердің негізгі үлгілері болып табылады. Обалар
зираттың төңірегіндегі жергілікті материалдан үйілгсн. Обалар жазык далалар
да — топырақтан, өзен аңғарларында — сары топырақтан не-месе өзеннің малта
тастарынан, тау етектерінде тас араластырылған топырақтан, қиыршақ
тастардан тұрғызылған. Үйінділердің көлемі мейлінше әр түрлі: диаметрі 80
метрден 100 метрге, биіктігі 10 метрден 12 метрге дейін жететін жер бетінен
сәл көтеріліп жатқан үйіндісіз шағын обаларға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үйсіндер мемлекеті
Үйсіндердің шығу тегі
Үйсін мемлекеті Қазақстан территориясындағы бастапқы мемлекеттіліктің үлгісі
Жетісудағы Тиграхауд - сақтар жерін мұра етіп алған үйсін тайпалары
Үйсіндер шаруашылығы
Үйсін тайпаларының зерттелуі және материалдық мәдениеті
Үйсіндер, қоныстану аймағы, әскери-саяси құрылымы, шаруашылығы, археологиялық ескерткіштері
Қаңлылар мен үйсін тайпаларының бірлестігі
Үйсін және қаңлы тайпаларының тарихы
Ғұндардың арғы атасы
Пәндер