Кекештік кезіндегі ауызша сөйлеудің темпо – ритмикалық ұйымын қалыптастыру технологиясы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Кекештік кезіндегі ауызша сөйлеудің темпо - ритмикалық ұйымын қалыптастыру технологиясы

Шілде 27, 2011 - defektolog

Сөйлеудегі дем алуды, әртүрлі дауыс ырғағын және дауыс кірісін қалыптастыру.
Сөйлеудің қалыпты жағын дамыту.
Кекештіктің темпі мен ритмін түзету жолдары.
Түзету жұмыстарының негізгі принциптері.

Сөйлеудегі дем алуды, әртүрлі дауыс ырғағын және дауыс кірісін қалыптастыру.

Қазіргі кезде тұтығу пайда болған уақытта бірден түзету шараларын қолдану керектігі көпшілікке мәлім. Әдетте бұл кемістік бастапқы сатысынада жеңіл түрде болады, бірақ жеңіл де әрең байқалатын тұтығуы бірте-бірте күшейе түсуі мүмкін. Тұтығуды басталған мерзімінен көп уақыт өткен сайын, баланың мінез-құлқының өзгеруіне себепкер болатын ауыр да, тұрақты кемістікке айналады. Сонымен қатар ол баланы қалыпты қарым-қатынастан айырады және жақсы оқуына жиі кедергі жасайды. Сондықтан аталған сөйлеу кемістігін баланың мектепке келмей тұрған кезінде түзету керек. Бірақ бұндай көзқарас жақын арада ғана қалыптаса бастады. 1930-шы жылға дейін СССР - де логопедиялық көмек тек жеткіншектер мен үлкендерге ғана көрсетілір келген. Балалар психиатры мен педиатр баланың жас кезінде тұтығуға көңіл аударудың қажеті жоқ, тек емдеу, сақтандыру шараларын баланы балалар коллективінен бөлу /жүргізу ғана қажет деп келді/. 1930 жылдардағы бұл көзқарас бекреге шығарылды. Тұтығуды мектепке дейінгі кезеңде түзетудің алғаш рет негізін алып, дамытқан Б. А. Гиляровский болды. Ол тұтығудан айықтыру жұмыстарын жүргізетін арнайы балалар мекемелері, балалар алаңы немесе жартылай стационар болуы керек деп пайымдаған. 1931 жылы Москвада тұтығатын балалар үшін бала-бақша ашылды. Онда Е. Ф. Роу логопедиялық жұмыстар жүргізуді және Н. А. Власова жұмыс істеді. 1932 жылы Санкт-Петербургте ұзартылған күн топтары ұйымдастырылды. Онда М. Ф. Брунс жас балалардың тұтығуын түзетумен айналысты. 2. Сөйлеудің қалыпты жағын дамыту. Тұтығумен күресте комплексті әдістерді қолдану жағдайында ғана үлкен жетістіктерге жетуге болатындығын теория мен практикада /іс жүзінде/ дәлелденіп отыр. Тұтығуға комплексті әсер ету мынандай бағыттардан тұрады: 1. Медициналық әсер ету. ол баланың нерв системасының функциясын қалыпты жағдайда болуына мүмкіндік жасайды және психотерапия мен логопедиялық жұмыстар үшін қолайлы жағдайлар жасайды. 2. Психотерапиялық әсер ету барлық логопедиялық жұмыс кезінде жүргізіледі. Ол баланы тұтығусыз сөйлей алатынына сендіру. Бұл бағыттағы жетістіктерге құрбыларын, тәрбиешілерін немесе ата-анасын қатыстыра отырып, баланың көңіл аударуын бөлу, белгілеу /жазып алу/. 3. Логопедиялық әсер ету. Бұл ұзақ уақыт бойына /8-9 ай/, жүйелі түрде жүргізілетін системалық сабақтар курсы. Бұл сабақтың негізгі мақсаты өмірдің кез-келген жағдайында тұтығудың жеңіл түрінен бастап, күрделі, қиын түрлеріне дейін балаларды дұрысм және еркін сөйлеуге дағдыландыру болып табылады. 4. Логопедиялық ритмика. /ырғақ/. Ол әртүрлі жаттығулар мен ырғақтар немесе балалардың сөйлеуіне байланысты қозғалыс ойындарынан тұрады. Мұндай жаттығулар мен ойындар жалпы және сөйлеу моторикасының дамуына ықпал етеді, сигнал бойынша әрекет жасауға, өзін-өзі меңгере білуге, ырғақты сезінуге тәрбиелейді, қозғалыс координациясын дамытады. 5. Тұтығатын баланың жеке басына қоршаған ортасының әсер етуі. Бұл түзету - тәрбие жұмыстарының барлық кезеңдерінде жүзеге асырылады. Педагогтар, тәрбиешілер, ата-аналар баланы өзіне-өзінің сөйлеу кемістігін түсініп, одан құтылу жолдарын ойлауға тәрбиелеу қажет, сабақтарды әрбір кезеңдеріндегі қол жеткен жетістіктерді сезінуіне қолдау жасап, түбінде толық болатын, яғни тұтығудан біржола айырылып, дұрыс сөйлей алатынына көз жеткізу керек. Тұтығудан айыру үшін баланың араласатын ортасының дұрыс сөйлеуінің үлкен маңызы бар. /балалар мекмелер мен жанұясында баланың жақындары/. Балалар баяу, асықпайтын, бірқалыпты сөйлеуді естулері керек. Сонда олар өздері де осылай сөйлегу дағдыланады. Баламен бірқалыпта қарым-қатынаста болған жөн. Кішкентай ғана жетістігін сол кезекте мадақтап отыру қажет. Сол сяиқты жалпы сөйлеу режимінің, дұрыс тамақтанудың, міндетті түрде күндізгі ұйқының, таза ауада демалу мен шынығудың тәртібін сақтау маңызды роль атқарады. 3. Кекештіктің темпі мен ритмін түзету жолдары. Қазіргі кезде балалардың тұтығуын түзету үшін логпедиялық іс-әрекеттердің бірнеше әдістері бар. Бірақ оны бәрі-бір ғана мақсатқа бағынады: ол балаларды тұтығусыз еркін, дұрыс сөйлей білуге тәрбиелеу. Бұл міндеттерді іске асыру үшін сабақтың алғашқы күндерінен бастап, оқудың соңына дейін тұтыөпа еркін сөйлей алатын жағдайға жеткізу үшін жүйелі жаттығулар системасы қажет. Сабақты бірте-бірте күрделендіре отырып, балалардың дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыруға болады. Сонымен, тұтығуды жою үшін барлық сабақтар негізгі дидактикалық принциптің кезектілігііне және жүйелілігіне бағынуға тиіс. Тұтығатын баланың мүдірмей сөйлеуін қамтамасыз ететін сабақтардың кезектілігі неден тұрады. Баланың күннен-күнге тұтықпай, еркін сөйлеуіне жағдай туғызатын сабақтың жүйелілігі қалай жүзеге асырылады? 1958 жылы Р. Е. Левина тұтығатын балаларда сөйлеудің қатынас қызметін дамыту идеясын ұсынады және жаттанды сөйлеудің тиімсіздігін дәлелдейді. Н. А. Чевелева 8-9 ай ішінде балаларды мүдірмей еркін сөйлету үшін сөйлеудің жеңіл /ситуативтік/ түрінен контексті сөйлеуге дейін тәрбиелей алатын сабақтар системасын жасады. Тұтығатын балалардың сөйлеу тілінің дамуы осындай жүйелілікпен жүруі тиіс. Ол үшін заттардың немесе іс-әрекеттердің, көрнекілігі міндетті түрде қажет. Өйткені балалар көз алдындағы заттарды атап, әректтерді айтып беруге қиналмайды. Қажетті сөзді таба алмай қиналған жағдайда сілтеу есімдіктерін қолданады. /Мысалы, бұл, анау, сондай т. б. /. Мұнда тұтығу байқалмайды. Көрнекілікті бірте-бірте азайта отыры, балалардың сөйлеуін күрделендіруге болады. Сөйтіп көрнекіліксіз - ақ контексті сөйлеуді қолдану қабілетін дамытуға болады. Тұтығатын балалардың өз бетімен байланыстырып сөйлеуінің даму жүйелері қарапайымнан күрделіліге қарай құрылуы тиіс. Алғашқы сабақтардан бастап-балалар логопедтің сұрақтарына жай және қысқа сөз тіркестермен жауап береді. Ойыншықты түрлі заттардығ геометриялық формалары, олардың үлкендігі түсі; әртүрлі іс- әрекеттері аталады. Мысалы, мынау, машина т. б. Одан соң балалар заттар мен орындалған іс-әрекеттің көрнекілігі бойынша кең таралған жай сөйлемдермен жауап береді. Мысалы, соңында балалар балалар логопедтің қиын сұрақтарына жауап бере отырып, тұтықпай сөйлей алатын қабілетке ие болады. Мектепке дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу дамуының мұндай кезектілігі мен жүйелілігі баланың қажеттігі сөздерін оңай және жылдам табуына, ойын құруына, мүдірмей сөйлеуіне жағдай туғызады. Бұл жүйелілік принципі басқа да көптеген әдістерді пайдалан отырып сабақ жүргізгенде ескеріледі. Логопедиялық сабақтар «Бала-бақшадағы тәрбие мен оқытудың бағдарламасымен және жалпы күн тәртібіндегі жағдайлармен /процестермен/ байланысты болу керек. » Жоғарыда айтылғандай, балалардың өз бетімен байланыстырып сөйлеуін дамыту үшін мынандай жағдайлар жасау қажет. Алдымен көрнекілікті кеңінен пайдаланып, кейінірек оларды бірте-бірте азайтуға мүмкіндік беру және мектепке дейінгі нақты көрнекіліксіз -ақ ойын анық жеткізуге дағдыландыру қажет. Мұндай қолайлы жағдайларды барлық балабақшаға арналған бағдарламаның негізгі бөлімдерін оқыту кезінде жасауға болады. / «Сөйлеудің даму», «Айналамен танысу» т. б. /. Бейнелеу әректі кезінде /қағаздан, картоннан және басқа материалдардан құрау, дайын қиындылардан аппликация жасау, саз балшық пен пластилиннен жасау, қарындашпен, бояумен сурет салу/ балалар заттарды көреді. Заттарды өз қолымен жасауға қатысады; сосын сол туралы осы жүйелікпен әңгімелейді. Сондықтан бейнелеу сабақтарының бағдарламасын логопедиялық сабақтардың алғашқы кезеңінен бастап толық және ешқандай өзгеріссіз ретімен қолдануға болады. Тұтығуды түзету үшін арнайы сабақтармен қатар күн тәртібіне қатысты-сабаққа дайындық, топтағы кезекшілік, серуенге шығуға дайындық т. б. кезеңдерді пайдалануға болады. Түзету жұмыстарының негізгі принциптері. Балалардағы тұтығуды жоюда көбінесе ата-аналар мен тәрбиешілердің көмегінің арқасында көп жетістікке жетуге болады. өйткені, олар логопедтің жетекшілігімен баланың жалпы сөйлеу /режимін/ тәртібін ұйымдастырады, жаттығулар, шынықтыру әрекеттерін жасатады, сонымен бірге логопедтің кеңесі мен тапсырмасын орындайды. Тұтығатын балалар өте тынымсыз, ашуланшақ келеді. Оларды түнде 10-11 сағат, күндіз кемінде 2 сағат ұйықтау керек. Ұйықтаған баланың нерв жүйесі демалады, сабақта жұмыс істеу қабілеті артады. Сабақ кезінде балалар логопедтің көмегімен тоқталмай мүдіріссіз айта алады. Ал, басқа уақытта ата-аналар, тәрбиешілер осы дағдысын сақтап, қолдау жасап, сөйлеуін қадағалап отырулары тиіс. Балаға шектен тыс сұрақ қойып, артық әңгімелетуге де болмайды. Бала әңгімесінде тұтыға бастаған мезетте-ақ сөзін немесе сөз тіркесін аяқтауға көмектесу керек. Балабақша мен үйдегі сабақтардың алғашқы айы «үндемеу тәртібімен» өтеді. Бұл уақыт баланы сабақтан тыс уақытта көп сөйлеуге болмайтын жауапты да қиын кезең болып табылады. Сөйлеуді бұлай шектеу алдымен тұтығудың патологиялық рефлексін жою үшін қажет, одан басқа егер балалардың үндемеуін, көп сөйлеуін дұрыс ұйымдастыратын болса, олардың нерв жүйесінің тынығуына, демалуына мүмкіндік береді. Соңында логопедиялық сабақтарда балалар мүдірмей сөйлеуіне қарай «үндемеу тәртібі» тоқталады, оларда дұрыс сөйлеудің тұрақты рефлексі қалыптасады. Баланың көзінше, оның кемшілігін басқаларға айтуға болмайды. Ата-аналар мен тәрбиешілер баланы асықпй, ақырын анық сөйлеуге үйрету керек. Үйде бал үшін тыныш жағдай жасау қажет. Ұзапқ уақытқа дейін баланы қонаққа апаруға немесе баланы қатынастырып қонақ күтуге болмайды. Тұтығуы жойылған соң баланы бірнеше айға дейін тыныш жерге әкеткен жөн. Уақытының көпшілігі үлкендердің біреумен тыныш өткізген абзал. Осы уақытта өзінен кіші, мінез-құлқы ұқсас баламен ойнағаны жөн. Күнге қыздырынуға болмайды. Осы жағдаларды дұрыс сақтағанда ғана дұрыс сөйлеу дағдарысын қалыптастыруға қол жетеді. Баланы тұтығудан сақтау үшін отбасындағы, балабақшадағы ортасы мен үлкендер тарапынан үлкен профилактикалық /болдармау шаралары/ жұмыстар жүргізілуі қажет. Баланың ерте жасынан-ақ үлкентер /ересектердің/ сөйлеуіне еліктеушілік байқала бастайды. Сондықтан баланың айналасындағылар асықпай, анқы және дұрыс сөйлегендері жөн. Баладан да солай сөйлеуді талап ету керек. Жылдам сөйлеуге жол бермеу қажет. Өйткені бала жас кезінде ойын, көргенін тез жеткізуге тырысады. Онық ақыры тұтығуға әкеп соғуы мүмкін. Тұтығу еліктеуден де пайда болуы мұмкін. Сондықтан тұтығатын адамдардан аулақ ұстауға тырысу керек. Сөйлеудің дұрыс қалыпты дамуы нерв жүйесі жағдайының маңызы зор /жақсы болуының/. Сондықтан бала алғашқы күннен бастап, ерекше көңіл аударады қажет етеді. Баланы психикалық, физфикалық жарақаттанудан, соғылудан қорғау керек. Жанұядағы жағымсыз жағдайлар да баланың сөйлеуіне әсерін тигізбей қоймайды. Үлкендер арасындағы жанжал «ұрыс-керіс, баланы қорқыту, қатал жазалаусияқты жағдайлар». Баланы мөлшерден тыс көп сөйлеуге де болмайды. Өйткені мектепке дейінгі жастағы баланың сөйлеу мүмкіндігі шектеулі. Оның сөздік қоры аз, сөйлеу дәрежесі жеткілікті дамымаған, тілдің грамматикалық формаларын жеткілікті меңгермеген. Ал ересектер балалардан күрделі сөз тіркесін түсініксіз, таныс емес сөздерді талап етеді, мазмұны мен формасы жағынан қиын, көп тақпақтар жаттауды тапсырады. Баланы 4 жастан кейін ғана артикуляциялық аппараты бекіп, сөйлеудегі дыбыстарды толық айта алатынын естен шығармаған жөн. Жанұяда балаға кітап оқып бермеу, оқығанын айтып бермеу, онымен тақпақ жаттамау, аз сөйлеу, дұрыс сөйлемеген жерінде түзетпеу де үлкен зиян келтіреді. Мұндай жағдайда баланың сөйлеу

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балаларды интонациялық мәнерлілікке тәрбиелеу
Ақыл-ой кемтарлығына ұшыраған балалардың психикалық дамуының ерекшеліктері
Ауызша сөйлеу тілін қалыптастыруда есту қабілеті зақымданған балаларға қазақ тіліне тән дыбыстарды қалыптастыру мүмкіндігі
Өнер тарихынан режиссердің театр ұжымындағы кәсіби қызметі мен рөлін таныту
Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру жолдары
Мектепке дейінгі тұтықпасы бар балалардың сөйлеу тілі дамуының ғылыми - теориялық негізі
Жалпы тіл кемістіктері бар балалармен жүргізілетін логопедиялық жұмыстың ерекшеліктері туралы ақпарат
Шетел тілдеріне оқытудың құралдары
Мектепке дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамуының ғылыми - теориялық негізі
Бастауыш сынып оқушыларының көркем жазу дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz