ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт-азаттық қозғалысы


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт-азаттық қозғалысы.

Жоспары:

  1. Ұлт-азаттық қозғалысының кезеңдері және ерекшеліктері. Проблемаға жаңа көзқарас.

2. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарған қазақтар көтірілісі.

3. Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалысы: мақсаты және негізгі кезеңдері. Кенесары хан болып сайлануы. Қозғалыстың тарихи маңызы.

Лекцияның мақсаты: Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы, Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтерілістің тарихи маңыздылығы, себебі мен нәтижелерін түсіндіру.

Лекция мәтіні: 1. Ұлт-азаттық қозғалысының кезеңдері және ерекшеліктері. Проблемаға жаңа көзқарас.

2. 1836-1838 жылы Бөкей ордасында болған ұлт-азаттық қозғалысты рубасы Исатай Тайманов пен дарынды ақын Махамбет Өтемісов басқарды. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы көтерілісі: 1836-1838 жылы Бөкей ордасында болған ұлт-азаттық қозғалысты рубасы Исатай Тайманов пен ақын Махамбет Өтемiсов басқарды. Көтерiлiстiң негiзгi себебi патша үкiметiнiң отаршылдық әрекетi едi. Патша үкiметi Каспий теңiзiнiң шаруашылық жүргiзуге қолайлы солтүстiк жағалауын Ресей помеùиктерiнiң қолына бердi. Олар осы жерден балық аулау, тұз алу, егiн егу, мал-жаю кәсiпкерлiгiмен шұғылданбақшы болған халықты қатал қанады. Бұл көтерiлiстiң негiзгi себебi едi.

Сонымен бiрге көтерiлiсшiлер Жәңгiр хан мен оның туыстарының қарапайым халыққа жасаған қиянатына қарсы шықты. Исатай мен Махамбет қол жинап Ресейдiң отаршылдық әрекетiн жүрiгiзiп отырған сұлтандар мен билердiң ауылдарына шабуыл жасаудан көтерiлiстi бастады. 1837 жылы 5 мыңға жеткен көтерiлiсшiлер Жәңгiр ханның ордасын қоршады. Жәңгiр ханның өтiнiшi бойынша Орынбор генерал-губернаторы көтерiлiстi басу үшiн жазалаушы отряд жұмсайды.

Көтерiлiсшiлер мен жазалаушы отярдтың арасында 1937 жылы 15 қарашада Тастөбе деген жерде қысқа, бiрақ кескiлескен шайқас болады. Көтерiлiсшiлер 100-дей адамынан айрылып ұсақ топтарға бөлiнiп жан-жаққа тарап кетедi.

Исатай мен Махамбет көтерiлiсшiлерден шағын отряд құрып жазалаушыларға кенеттен шабуыл жасап үлкен шығынға ұшыратып кетiп отырады. Олар патша әскерлерiне қарсы күрестi жалғастыру үшiн Жайық сыртына өтiп Кiшi жүз халқын көтерелiске жұмылдыруды көздейдi. Осы мақсатпен олар неғұрлым табанды, сенiмдi сарбаздарды бастап 1937 жылы желтоқсанда Жайықтан өтедi. Көтерiлiс басшылары Кiшi жүз халқынан сарбаз жинап бiрсыпыра күшейедi. 1838 жылы шiлде айында жазалаушы отярдпен көтерiлiсшiлер арасында шешушi шайқас болады. Көтерiлiс жеңiлiп, Исатай қаза табады.

Көтерiлiске қатысушылар мен оларға ниеттес болған бейбiт ауылдар аяусыз қуғын-сүргiнге ұшырайды. Көтерiлiс жеңiлген соң Махамбет қырда бой тасалап патшаға, ханға қарсы үгiт жүргiзуге кiрiседi. Ұзамай отаршылдар оны да өлтiртедi.

Сөйтiп Исатай, Махамбет бастаған көтерiлiс жеңiлiске ұшырайды. Бұл көтерiлiс Қазақстан тарихындағы бұқаралық және ұлт-азаттық сипаттағы қозғалыстың бiрi болды. Бұл қозғалыс патша үкiметiнiң отаршылдық саясаты мен үстем тап өкiлдерiнiң сатқындығын әшкерелеп бердi. Көтерiлiс қазақ халқының ұлт-азаттығы үшiн күресiнiң алдағы уақытта да жалғаса беруiне әсер еттi

3. Кеңесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс 1837-1847 жылдарды қамтып он жылға созылды. Кеңесары Ресейдiң отаршылдығына қарсы күресте аты шыққан әулеттiң ұрпағы. Оның әкесi Қасым, ағалары Саржан, Есенкелдi, баласы Садық өз өмiрлерiн Ресейдiң отаршылдығыныа қарсы күреске арнаған қайраткерлер.

Ресейдiң отаршылдығына қарсы бағытталған қозғалыстармен салыстырғанда Кеңесары қозғалысының бiрнеше ерекшелiгi, артықшылығы болды. Бұл көтерiлiс Қазақстан тарихындағы хан басқарған бiрден бiр көтерiлiс. Бұл қозғалыстың бұқаралық сипаты болды. Көтерiлiске үш жүздiң халқы қатысты, көтерiлiсшiлер қатарында өзбек, орыс, поляк, қырғыз және басқа халықтардан өкiлi болды. Көтерiлiске атышулы батырлар қатысты. Кеңесары бастаған қозғалыс ұзаққа созылған тегеурiндi қозғалыс болды. Патша үкiметiнiң жазалаушы отряды 10 жыл бойы Кеңесарының соңына түскенiмен ауыз толтырып айтарлықтай табысқа жете алмады. Кеңесары қазақ халқының саяси тәуелсiздiгiнiң белгiсi болған хан үкiметiн қалпына келтiру үшiн күрестi.

Кенесары Қасымұлы тарих сахнасына Абылай ханның ісін жалғастырушы ірі тұлға ретінде қадам басты. Ал ол кездегі жағдайға келсек, патша әскерлерінің бастырмалатқан әрекеттер салдарынан, Сібір Және Орынбор қазақтары туралы 1822-1824 жж. уставтар қабылданғанына қарамай, саяси оқшауланушылығын әлі де сақтап келе жатқан Қазақстан аудандарының тәуелсіздігіне қатер төнген болатын. Сондықтан көтеріліс шығарушы сұлтанның басты мақсаты Қазақстанның Абылай хан тұсындағы территориялық шеттерінің тұтастығын қалпына келтіруге, «жинақтарды» жоюға (оның хаттарында XIX ғ. 20-30 жылдарында Қазақстанда құрылған округгердің көрсетілгендей), Ресей құрамына кірмеген жерлердің толық дербестігін сақтауға құрылды.

«Епті, өзіндік ерекшелігі бар саясатшы» Кенесары Қасымұлы сұлтан Ресей сияқты аса қуатты ірі мемлекетпен күресу қазақтың үш жүзінің күштерін біріктіруді, едәуір құрбандықтарды, тек әскери ғана емес, сонымен бірге дипломатиялық күш-жігерді де талап ететінін ой таразынан өткерді. Ол халық қозғалысынан бөлектенген жекеленген сұлтандардың, ағамандардың, билердің өз еркімен кетушілігін қатал басып-жаншыды. Ресей саясатын қолдаушыларды аяусыз жазалады, бірақ сонда да патша үкіметімен арадағы түсініспеушілікті бейбіт жолмен шешудің жақтаушысы күйінде қалды. Соғыс тұтқындарына, соның ішінде кейбіреулері өзінде қызмет еткен орыстарға қиянат жасамай, шыдамдылықпен қарады. Ресей елші уәкілдерін әдепті қабылдады. Тіпті оның мінезінен қырғыздармен қарсыластық кезеңінде көрінгені болмаса оншалықты қаталдық байқалмаған. Ал көтеріліс мүддесіне сатқындық жасап, әскери тәртіпті бұзғандарға ашуызасының буырқануы аз болмағанды. Мұны, атап айтқанда осы қозғалысқа белене қатысқан ақын, сарбаз Нысанбайдың «Кенесары-Наурызбай» дастаны дәлелдейді.

Бірақ қалай дегенде де Кенесары Қасымұлы өзінің туы астына үш жүздегі қазақ руларының едәуір белігін топтастыра алды. Кей кездері оның сарбаздарының саны 20 мың адамға дейін жетті. Арасында Орта жүз өкілдері басым болған қазақ сұлтандарының үлкен бөлігі көтеріліске қосылды. Омск облыстық басқармасына қарасты сот-жазалау мекемелері жинастырған мәліметтер бойынша тек Құсмұрын, Көкшетау, Ақмола, Қарқаралы және Баянауыл округтерінде ғана көтерілісшілерді 80-нен астам сұлтандар, билер, ағамандар қолдаған. Жасы 23-ке келген шағынан бастап азаттық қозғалысына белсенділікпен қатыса жүріп, ағалары мен әкесін қазаға ұшыраттырған бекініс желілерінің апаттылығана көзі жеткен Кенесары Сырдария сағасы қазақтарын ығыстыра қыспаққа алған Қоқандтың Күшбегімен келіссөз жүргізуден бас тартты. Сөйте тұра кейде өзін оқ-дәрімен, қару-жарақпен жабдықтаған Бұхар әмірімен достық қарым-қатынаста болды.

Қазақтардың бұл көтерілісі бастапқы кезінен-ақ кең құлаш жайған қарқын алды. Бұл XVIII ғ. соңы мен XIX ғ. -дағы азаттық жолындағы қозғалыстар тарихындағы Орта жүздің ру-тайпалық бірлестігінен басқа қазақ руларына тараған, барлық негізгі аудандарды қамтыған бірден-бір көтеріліс еді. Оған Кіші жүздеғі шекті, тама, табын, алшын, шөмекей, жаппас және басқа, Ұлы жүзден - үйсін, Дулат және басқа рулар қатысты.

Көтерілістің қозғаушы күші қазақ шаруалары болды. Саяси тәуелсіздікті қалпына келтіру жолындағы күреске қатардағы егінші де, ағамандар да, сұлтандар да ат салысты. Қазақ жерін әскери отарлауға, Қоқанд бектерінің озбырлығына қарсы жалпы халықтық күрес бұл қозғалысқа азаттық жолындағы күрес сипатын берді. Рас, Кенесарыны қолдауда билердің, ағамандардъщ, сұлтандардың бәрі бірдей бір мақсатты болғаи жоқ: орын ауыстыруға, негізгі күштердің өзге аудандарға өтуіне байланысты руластық белгілері бойынша құралған кейбір жасақтар кетерілісшілерден бөлініп қалып отырды. Жасақтардың жетекшілері Ағыбай, Иман (Амангелді Имановтың атасы), Басығара, Аңғал, Жанайдар, Жеке, Сұраншы, Бәйсейіт, Жоламан Тіленшиев, Бұқарбай және басқалар сияқты әйгілі халық батырлары болды. Көтеріліске қатысқандар арасынан орыстар, өзбектер, қырғыздар, поляктер және басқа ұлт өкілдері кездесті. Кенесары соғыс қимылдарын 1838 ж. көктемінде Ақмола бекінісін қоршап, өртеуден бастады. Бекіністің коменданты, әскер старшинасы Қарбышев пен Ақмола округінің аға сұлтаны, полковник Қоңырқұлжа Құдаймендин өртелген бекіністен әрең дегенде қашып шыға алды. Көп кешікпей көтерілісшілер Торғай ауданына қарай ойысты. Орынбор шенеуніктеріне жазған хаттарында Кенесары өзінің бұл қадамын Орынборға жақынырақ келіп қоныстап, келіссөздер жүргізуімді жеңілдету үшін жасадым деп түсіндіреді. Ал іс жүзінде сұлтан көтерілісті Ресейми тікелей жанасып жатқан 1836-1838 жж. Исатай Таймановтың басшылығымы көтеріліс болған Кіші жүз жеріне таратуды мақсат тұтты. Жоламан Тіленшиев батыр бастаған төртқаралықтар, шөмекейлер, табындықтар және басқа рулар көтерілісшілерге келіп қосылды. Сөйтіп, қозғалыс Кіші жүзді де қамтыды. Күткендегідей, келіссөздерден ешқандай нәтиже шықпады.

1841 ж. қазақтардың үш жүзінің өкілдері Кенесары Қасымұлын хан сайлады. Қазақ хандығы қалпына келтірілді. 1841 ж. тамызында көтерілісшілер қоқандықтардың едәуір күштері орналастырылған Созақ, Жаңақорған, Ақмешіт, Жүлек бекшістерін қоршауға алды. Қоқандықтардың бірнеше бекіністеріне басып кіру көтерілісшілерді жігерлендіре түсті. Көтерілістің негізгі ошақтарынан шалғайда көшіп-қонып жүрген төртқаралықтар мш шектілердің өздері Кенесарыны бүкіл қазақтық хан деп мойындайтындықтары туралы хабарлады.

Төртқаралықтар мен шектіліктердің Кенесары Қасымұлы жағында белсенді әрекет жасағандығы туралы айта отырьш, олардың ХІХғ-дың 30-жылдарының соңы мен 40-жылдарының бас кезінде әрекет-қимылдарын ширықтыра түскен қозғаушы факторларға назар аударғанымыз жөн. Біз бұл арада осы аймақтағы қазақ руларының қазақ жерлерінің оңашалануы тек Ресей империясы тарапынан; төніп келе жатқан отар етіп басып алушылық қатерінен сақтап қалу ғана емес, сонымен бірге қоқандтық бектердің зорлық-зомбылығынан құтылу мақсатындағы ортақ іске өз үлестерін қосуға талпыныс жасағандарын еске салмақпыз. Кенесары мен Қоқанд хандығы қарым-қатынастарының шиеленісуі қазақ сұлтанының жеке өзіне байланысты себептерден де туды. Қоқанд басқарушыларының 1836 ж. патша өкіметінің отарлық саясатына қарсы қазақтар көтерілісі басшыларының бірі, ағасы Саржан сұлтанды опасыздық-пен өлтіруі, 1840 ж. Қасым төрені, туған ағалары Есенгелді, Әлжан сұлтандарды, Абылай қанынан тараған тағы басқаларды қындықпен дарға асуы қозғалыс жетекшісінің қоқандықтарға қарсы позициясын қатуландырып жіберді. Бұл жөнінде, жекелеп айтсақ, Кенесары өз хаттарының бірінде Орынбор губернаторына жазды. Азаттық жолындағы күрестің ең басынан бастап қаза тапқанына дейін Кенесары Қоқанд хандығы жөнінде нақты мақсат-қоқанд басқарушыларының өзгісінен босану мақсатын ұстанды. Қазақ ханының Бұхар әмірімен және Хиуа хандығымен қарым-қатынасындағы саясаты біршама өзгешелеу болды. Кенесары олармен өзара толық сенімділік қатынас орнатты. Хиуа басқарушысы кейде казақ жасақтарын зеңбіректермен, оқ-дәрімен жабдықтап отырды. Әскери тарихшы В. Поттоның пікірі бойынша бұл мемлекеттер Кенесарымен өзара тиімді одақ құруға дайын тұрды.

Осы жағдайдың бәрі белгілі бір дәрежеде Кенесарының көрші елдерге байланысты саясатының сипатын алдын-ала анықтады, бұл оның хандығының әкімшілік басқару құрылымына ықпал жасады. Кенесары хан құрған мемлекет феодалдық мемлекет болды. Ол өзінің билігін империяның отаршылдық билігі орныққан Ертіс, Есіл. Жайық бекініс желілері бейындағы аудандардан басқа Қазақстанның бүкіл территориясына таратты. Салықтар жинау тәртіпке келтірілді: малшылар үшін - зекет , егіншілер үшін - ұшыр салығы қолданылды. Патша әскерлерімта соғасудың жалғасуы материалдық және басқа шығын - қаражаттарды талап етті, мұның өзі, әрине, салық; ауыртпалығының арта түсуіне әкеп соқты.

Кенесары мемлекеті қазақтардың егіншілікпен айналысуын қалады. Басқа жағдайлармен бірге бұл патша әкімшілігі тарапынан сауда керуендеріне бақылау жасау қатты күшейген жағдайда көтеріліске шыққан ауылдарды астықпен қамтамасыз ету қажеттігінен туды. Кетерілісшілерге арналған астық конфискеленіп отырды, оларға тәуекелдікпен астық жеткізуші саудагерлер қатаң жауапкершілікке тартылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы мен зерттелуі
Қазақ халқының тарихында Сырым батыр қозғалысының негізгі өшпейтін маңызы міне осында
Қазақстан жаңа заман тарихы
Ресейдің қазақ жерлерін басып көшуі
ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы ұлт-азаттық қозғалыс белестері
ХІХ ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай
Абылай хан, әбілмансұр (1711-1781)
XIX ғасыр поэзиясындағы өнер, білім, ғылым тақырыбы
«Қазақстанның жаңа заман тарихы» пәнінен
Патша үкіметіне қарсы Сыр бойындағы ұлт-азаттық көтерілістер тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz