Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерін дамытуда ауыз әдебиетінің маңызы


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерін дамытуда ауыз әдебиетінің маңызы

Ауыз әдебиеті - халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы. Қазақ халқының ерте заманда жасаған мұрасының бірі халық ауыз әдебиеті. Жазу-сызу өнері болмаған ерте кезде-ақ қазақ халқы өзінің тұрмыс тіршілігі, қоғамдық өмірі, шаруашылығы мен кәсіюі, қуанышы мен күйініші. Дүниетанудағы көзқарасы жайында неше түрлі өлең-жырлар, ертегі-әңгімелер, мақал-мәтелдер, аңыздар ойлап шығарған және оларды ауызекі күйінде тудырған. Қазақ халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған. Сонымен бірге ғылым мен мәдениетте “халық шығармашылығы”, “халық поэзиясы”, “халықтың ауызша сөз өнері” дейтін атаулар да осыған жақын мағынада қолданылады.
Қазақ халқының ауыз әдебиеті өзінің көркемдік-идеялық нәрімен, эстетикалық қуат-тегеурінімен, түрі мен жанрларының молдығымен, тақырыптық және сюжеттік байлығымен, қоғамдық-әлеуметтік және тәрбиелік терең мән-мазмұнымен ерекшеленеді.
Қазақ ауыз әдебиеті - талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас бай асыл қазына. Одан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз.
Қазақтың мақал-мәтелдері болсын, жұмбақ-жаңылтпаштары мен ертегілері болсын - бәрі де балаларды Отанын сүюге, ерлікке, елін қорғауға үндейтіні белгілі.
Балалар бақшасының тәрбиеленушілерін ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстырып, олардың өмірін байыта түсу тәрбиешілердің міндеті болып саналады.
Қиял дүниесінен туған ғажайып оқиғалы ертегілер, батырлар жыры, өмір тәжірибесінің қысқаша қорытындысы - мақал-мәтелдер, ойға түрткі салатын сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған тақпақ жаңылтпаштар - бәрі де балалар бақшасында кең пайдаланылатын дүниелер.
Қазақ халқының тұрмыс-салтын, арман үмітін, өткен өмірін кеңінен танытатын ауыз әдебиеті үлгілерінің көлемді саласының бірі - ертегілер. Ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу-сызу болмаған кездің өзінде-ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан - ұрпаққа ауызша жеткізіп келеді.
Халық ауыз әдебиетінің басқа түрлері сияқты ертегілер де адам баласының еңбекке, тұрмыс-тіршілік жағдайына байланысты туған.
Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың неліктен болатынын толық түсінбеген ертедегі адамдар әр нәрсені қиял еткен, өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған.
Қазақ ауыз әдебиеті нұсқалары жас бөбектердің ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтеді. Оларды адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа, туған өлкеге сүйіспеншілік сезімге баулу ісінде шешуші орын алады.

Тақырыптың өзектілігі:

Балабақшамызда тәрбиеленушілерге ауыз әдебиеттінің үлгілерін үйретуге баса назар аудардық. Онда ертегілер оқу, әңгіме мазмұнын жүйелі байланыстырып, әңгімелеуге үйрету, ертегі-әңгімеде кездескен кейіпкерлердің іс-әрекетіне сай образды сөздер мен диологтарды, кейбір өлең шумақтарын бұлжытпай жатқа айта білу, екі адамның диалогында кездесетін сұрақ, талап-тілектерді білдіретін сөздерге дауыс екпінін дұрыс қою, мәнерлі айта білуге тәрбиелеу талап етілді.
Сәбилердің ой-өрісін дамытуға, қиялын шарықтатуға, тіл байлығын молайтуға ауыз әдебиеті үлгілері - ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, халық ойындары арқылы жүзеге асырылуда.
Ауыз әдебиетінің асыл үлгілеріндегі өзекті идея өз ұрпақтарын Отанын, елін, жерін жаудан қорғауға, бостандықты, азаттық үшін күресе білуге, париотизмге баулу болды. Халық тәрбиесін құндақта жатқан күннен бастап, ат жалын тартып азамат болғанға дейін естіп өскен есті ұрпақ бабалар өсиетін ғасырлар бойы мүлтіксіз іске асыратын болады.

Жұмыстың мақсаты:

Қазақ ауыз әдебиеті нұсқалары жас бөбектердің ой-өрісін дамытуға, қиялын шарықтатуға, тіл байлығын молайтуға, дүниетанымын кеңейтуге, балаларды адамгершілікке, тапқырлыққа, еңбекке баулу.

Жұмыстың міндеттері:

  1. Балалардың санасына туған тіліне, халқына деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімін ұялату.
  2. Туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттыру.
  3. Қиялдарын қанаттандыру.
  4. Ұлттық рухты бойларына сіңіру.

Халық ауыз әдебиетінің мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудегі бағыттары:

  1. Денсаулық
  2. Еңбек пен мамандық
  3. Өнер
  4. Имандылық пен адамгершілік
  5. Патриоттық
  6. Эстетикалық
  7. Табиғатқа деген сүйіспеншілік

Педагог міндеті:

  1. Халық ауыз әдебиетіне қызықтыру арқылы балалардың тілдік қорларын дамыту. .
  2. Жеке тұлға дамуында заманауи инновациялық әдістерді қолдану.
  3. Халық ауыз әдебиеті арқылы адамгершілікке, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Ауыз әдебиетінің түрлері:

  1. Ертегілер
  2. Жұмбақтар
  3. Жаңылтпаштар
  4. Аңыз-әңгімелер
  5. Мақал-мәтелдер
  6. Тыйым сөздер

Жалпы мектепке дейінгі мекемелерде балалардың ой-өрісін, санасына туған тіліне, халқына деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімін ұялатып, қиялдарын қанаттандыру, ұлттық рухты бойларына сіңіру, ана тілі мен Отанына, тарихы мен мәдениетіне деген сезімдерін қалыптастыруда қазақ халқының ауыз әдебиетінің орны ерекше. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан халқымыздың ауыз әдебиеті - мектепке дейінгі жастағы балалардың ой өрістерін дамытуға, қиялын шарықтатуға, тіл байлығын молайтуға тигізетін пайдасы ұшан-теңіз . . .
Халық ауыз әдебиеті - халық шежіресі. М. Горький «Халық ауыз әдебиетін білмейінше, еңбекші халықтың нағыз тарихын білу мүмкін емес» деген. Ауыз әдебиеті де, жазба әдебиеті де көркем туынды.
Сәбилердің ой-өрісін дамытуға, қиялын шарықтатып, тіл байлығын молайтуға ауыз әдебиет үлгілері - ертегілер, жұмбақ, жаңылтпаштардың, халық ойындарының тигізетін пайдасы ұшан-теңіз. Әрине, ауыз әдебиеті үлгілерімен балаларды таныстыру үшін алдымен оқытылатын материалдың көлемін, мазмұнын анықтап алу керек. Материал мәтіннің мазмұны балаларды қызықтыратындай, жалықтырып жібермейтіндей шағын болу керек.
Ертегінің өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшелігі бар. Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиғаның желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі. Әсіресе адам өміріне байланысты іс-әрекет өткір сықақ-мысқылмен беріліп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді. Бала жағымсыз кейіпкердің жексұрын әрекетінен бой тартып жақсылыққа құмартады. Ертегінің әр жақты сырын қызықты, тартымды, бала санасына лайықтай жеткізу айтушының шынайы шеберлігіне тікелей байланысты.
Бақшада ертегі оқу сабақта және сабақтан тыс уақыттарда өтіледі. Оқу жұмысы баланың жас ерекшелігіне орай жоспарланады. Сәбилер тобында ауызша әңгімелеп беру тәсілі қолданылады.
Сәбилер тобында оқығанды тыңдату және әңгімелеп беру қатар жүргізіледі. Мұндай мақсат - ертегіні ауызекі әңгімелеуге төсілдіре отырып оқылғанды шыдамдылықпен тыңдай білуге үйрету.
Сын тұрғысынан ойлаудың даму жолдары:
Кезеңдері:

  1. Қызығушылықты ояту
  2. Мағынаны ашу (ажырату)
  3. Ой толғаныс

Әдістері:

  1. Топтастыру
  2. Ассоциация
  3. Ой қозғау
  4. Джик-Со
  5. Инсерт
  6. Венн диаграммасы
  7. Кубизм
  8. Бес жолды өлең
  9. Ой толғау

Ой қозғау әдісі:

  • дамытушы;
  • сұрақтар арқылы ой салу;
  • жауап талап ету.

Топтастыру әдісі:

  • тақырыпқа қатысты барлық мағлұматты топтсатыру.

Ассоциация әдісі:

  • зат жайлы жалпы мәсілемт жинау.

Инсерт әдісі:

  • сөздің көп мағынасын ашу;
  • синонимдер;
  • антонимдік сөздік қорларын кеңейту;
  • сөзді дұрыс қолдануларын қалыптастыру.

Венн диаграммасы әдісі:

  • екі затты салыстыру;
  • ортақ белгісін табу;
  • берілген тақырыпты қорытындылау, нақтылау.

Кубизм әдісі:

  • балалардың білімдерін салыстырып, дәлелдеу;
  • ерекшелік;
  • мен үйрендім;
  • суреттер;
  • қолдан сұрақтар арқылы айқындау.

Бес жол өлең:

  • балалардың шығармашылығын тұрақтандыру;
  • Не? Қандай? Не істейді?
  • Түйінді сөз.

Күтілетін нәтиже:

Сын тұрғысынан ойлау

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бала тілін дамытуда көркем әдебиеттің маңызы
Баланың тілін дамытуда көркем әдеби шығарманың алатын орны
Мектеп жасына дейінгі баланың тілін жаңылтпаштар айтуда тілін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалар
Мектепке дейінгі қазақ тілін оқыту үрдісінде тиімді әдіс-тәсілдер арқылы балаларды сөйлеуге үйрету
БАЛАЛАРДЫҢ БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУ ТІЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету жолдары
Тіл дамыту жұмыстарында фольклорлық шығармалар арқылы эстетикалық тәрбие беру
Балалар театрының түрлері
Тіл дамыту әдістемесі ғылыми зерттеу әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz